Латын америкасы мемлекеттерінің құрылтайшы биліктік тәжірибесі
Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлудің классикалық теориясы осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын жасалғаны белгілі. Осы уақыт ішінде адамзат пен қоғамның саналуандылығына байланысты мемлекеттік билік аясында жаңа институттар мен тетіктер қалыптасты. Бұл теориядан тысқары мемлекеттік биліктің жаңа тармақтары да пайда болды. Мемлекет атынан әрекет ету құқығы жаңа мемлекеттік билік және өзге органдарға, құқрылымдарға берілді немесе олар оны өз табиғатына орай иемденді. Мысалы, құқық пен мемлекеттік билікті зерттеуші мамандардың пікірінше кейбір мемлекеттерде конституцияландырылған үш билік тармақтары органдарына қоса президенттік билік [1, 32], прокурорлық не қадағалаушы билік [2, 8-15.] танылады. Билік институты мен мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктеріне орай қазіргі таңда институцияландырылған органдармен қатар кейбір мемлекеттік органдардың биліктік табиғаты әлі күнге дейін нақтыланбай келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары – Конституциялық кеңестің, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биліктік мәртебесі, тиесілігі айқындалмаған. Кейбір зерттеушілер оларды мемлекеттік биліктің жеке тармағы деп те көрсетеді [3]. Биліктік жағынан мәселелілер қатарына Қазақстан Республикасының өзге де органдарын жатқызуға болады. Мұндай тәжірибе Россияда да орын алып отыр. Осы мемлекеттің зерттеушілерінің пікірінше экс-президент, қазіргі Үкімет Төрағасы В.В. Путиннің ұсынысымен құрылған Мемлекеттік кеңес, Федералдық округтер және олардағы президент өкілдері, Россия Үкіметінің Төралқасы сынды органдар құқықтық реттеуді талап етеді.
Зерттеу нысаны болып отырған Латын Америкасы мемлекеттерінің тәжірибесіне келсек, оларда мемлекеттік билік тармақтарының ауқымы кеңірек. Ол мемлекеттерде азаматтық билік, партисапаторлық билік (қатысушылық билік), сайлаушылық билік және т.б. биліктер танылады. Олар тек теория жүзінде ғана емес, заңнамалық түрде бекітілген. Мысалы, Боливарлық Венесуэла Республикасының жаңа конституциясының 4 тарауында азаматтық билік (273-291 баптар), ал 5 тарауында (292-298 баптар) сайлаушылық билік реттелген [4]. Яғни көрсетілген билік түрлері классикалық биліктерден едәуір басым.
Қазіргі кезде мемлекеттік құрылыста орын алып отырған басым биліктердің қатарына құрылтайшы билікті де кіргізуге болады. Құрылтайшы биліктің құқықтық және саяси тетіктері мен процестері өз кезегінде институцияланған. Құрылтайшы биліктің негізгі құрылымдық-ұйымдастырушылық нысаны – ассамблея. Оны шақыру тек заң арқылы жүзеге асырылады. Мысалы былтыр Боливияның мемлекеттік құрылысына елеулі өзгерістер енгізген Құрылтайшы ассамблея қалыптасқан тәртіп бойынша шақырылды [5].

1 Омирали Ж. Взаимодействие президента и судебной власти в Республике
Казахстан // Заң және заман – Закон и время. 2006. № 2. С. 30-32.
2 Чиркин В.Е. О публичной власти (Постановка проблемы) // Государство
и право. 2003. № 10.
3 Чиркин В.Е. Контрольная власть // Государство и право. 1993. № 4.
4 Constitucion de la Republica Bolivariana de Venezuela // www.
Cervantesvirtual.com. /portal/constituciones/pais.formato? = Venezuela =
constituciones. (25.4.2009)
5 Ley de convocatoria a refendum nacional vinculante a la Asamblea
constityuente para las autonomias departamentales. Ley 3365 – 6 de marzo de
2006 // bcb.gov.bo. (25.4.2009)
6 Государственное управление: основы теории и практики / Под ред.
Козбаненко В.А. М.: Статут, 2002. Т. 1.
7 ABC de la accion de tutela. Bogota, 1993. P. 93 // www.bibliotecasvirtuales.com/
constituciones/Colombiana. (10.2.2000)
8 www.ensayistas.org/contenido/contenido/const/es/1978. (12.01.2009)
9 Чиркин В.Е. Конституционные проблемы власти народа // Государство
и право. 2003. № 9. С. 5-12.
10 Carrillo Flórez F. El déficit de la democratización en América Latina //
www.derecons.es. (13.03.2009)
11 Примашев Н.М. Новый этап реформирования конституции в странах
Латинской Америки // Россия: цивилизация, патриотизм, культура /
Материалы пятой всероссийской научно-практической конференции
студентов, аспирантов и молодых ученых. Москва, 25 апреля 2003г.
М., 2003. С. 175-179.
12 Примашев Н.М. Конституционная реформа 1994 года в Аргентине //
Вестник Российского университета дружбы народов. Серия:
Юридические науки. М.: Изд-во РУДН. 2000. № 1. С. 102-106.
13 Asambleas Constituyentes Argentinas. Buenos-Aires, 1937-1939. T. I-VI.
14 Конституция Российской Федерации. Комментарий. М. : АКАЛИС,
1997.
15 Колиушко И., Кириченко Ю. Конституционная ассамблея – путь к
новой Конституции Украины // www.dialogs.org.ua. (11.02.2009)

Н.М. Примашев
ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫ БИЛІКТІК ТӘЖІРИБЕСІ
Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлудің классикалық теориясы осыдан
200 жылдан астам уақыт бұрын жасалғаны белгілі. Осы уақыт ішінде адамзат
пен қоғамның саналуандылығына байланысты мемлекеттік билік аясында жаңа
институттар мен тетіктер қалыптасты. Бұл теориядан тысқары мемлекеттік
биліктің жаңа тармақтары да пайда болды. Мемлекет атынан әрекет ету құқығы
жаңа мемлекеттік билік және өзге органдарға, құқрылымдарға берілді немесе
олар оны өз табиғатына орай иемденді. Мысалы, құқық пен мемлекеттік билікті
зерттеуші мамандардың пікірінше кейбір мемлекеттерде конституцияландырылған
үш билік тармақтары органдарына қоса президенттік билік [1, 32],
прокурорлық не қадағалаушы билік [2, 8-15.] танылады. Билік институты мен
мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктеріне орай қазіргі таңда
институцияландырылған органдармен қатар кейбір мемлекеттік органдардың
биліктік табиғаты әлі күнге дейін нақтыланбай келеді. Мысалы, Қазақстан
Республикасының арнайы мемлекеттік органдары – Конституциялық кеңестің,
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биліктік мәртебесі, тиесілігі
айқындалмаған. Кейбір зерттеушілер оларды мемлекеттік биліктің жеке
тармағы деп те көрсетеді [3]. Биліктік жағынан мәселелілер қатарына
Қазақстан Республикасының өзге де органдарын жатқызуға болады. Мұндай
тәжірибе Россияда да орын алып отыр. Осы мемлекеттің зерттеушілерінің
пікірінше экс-президент, қазіргі Үкімет Төрағасы В.В. Путиннің ұсынысымен
құрылған Мемлекеттік кеңес, Федералдық округтер және олардағы президент
өкілдері, Россия Үкіметінің Төралқасы сынды органдар құқықтық реттеуді
талап етеді.
Зерттеу нысаны болып отырған Латын Америкасы мемлекеттерінің
тәжірибесіне келсек, оларда мемлекеттік билік тармақтарының ауқымы кеңірек.
Ол мемлекеттерде азаматтық билік, партисапаторлық билік (қатысушылық
билік), сайлаушылық билік және т.б. биліктер танылады. Олар тек теория
жүзінде ғана емес, заңнамалық түрде бекітілген. Мысалы, Боливарлық
Венесуэла Республикасының жаңа конституциясының 4 тарауында азаматтық билік
(273-291 баптар), ал 5 тарауында (292-298 баптар) сайлаушылық билік
реттелген [4]. Яғни көрсетілген билік түрлері классикалық биліктерден
едәуір басым.
Қазіргі кезде мемлекеттік құрылыста орын алып отырған басым
биліктердің қатарына құрылтайшы билікті де кіргізуге болады. Құрылтайшы
биліктің құқықтық және саяси тетіктері мен процестері өз кезегінде
институцияланған. Құрылтайшы биліктің негізгі құрылымдық-ұйымдастырушылық
нысаны – ассамблея. Оны шақыру тек заң арқылы жүзеге асырылады. Мысалы
былтыр Боливияның мемлекеттік құрылысына елеулі өзгерістер енгізген
Құрылтайшы ассамблея қалыптасқан тәртіп бойынша шақырылды [5].
Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде орын алып отырған мемлекеттік
билік дағдарыстарына байланысты құрылтайшы биліктің маңызы артып отыр.
Латын Америкасы елдері конституциялық құрылыста үлкен тәжірибеге ие.
Осындай тәжірибенің бірі – конституция қабылдау, өзгерістер мен
толықтырулар енгізу рәсімінде қалыптасқан. Өткен ғасырдың 90-жылдарында
аталған елдерде жаңа конституция қабылдау кезеңі өтті (бұл процесс қазір
де жалғасуда). Жаңа конституциялардың басым көпшілігі арнайы құрылған
Құрылтайшы ассамблеялармен қабылданды. Мұндай органдардың табиғаты халық
билігінде, сондықтан ол оқу-зерттеу нысанына айналып отырғаны өзекті.
Мақала объектісінің теориялық негіздеріне келетін болсақ, құрылтайшы
биліктің кейбір тұстары мен элементтерін ерте заман ойшылдарының
еңбектерінен кездестіруге болады. Қолдағы бар зерттеу материалдарынан
құрылтайшы биліктің теориялық негіздері мен құрылтайшы жиылыстың нақтылық
істері жайлы ғылыми еңбектер өткен ғасырдың басында Россияда жарық
көргенін білуге болады. Сол кездегі билік құрылымындағы жаңа институт –
Құрылтайшы Жиылысқа негіз болған еңбектердің қатарына Б.А. Кистяковский,
Н.И. Лазаревский, Э.Э. Понтович, А.А. Рождественский, Б.Н. Чичерин сынды
орыстың мемлекеттік құқық саласының ірі мамандарының шығармаларын жатқызуға
болады[1]. Мысалы, Э.Э. Понтовичтің ойынша құрылтайшы билік тұлғаның
құқықтарын мемлекеттік биліктен қорғаудың ең пәрменді құралы болып
табылады [5, 334]. Сонымен қатар оны адамдардың билікті шектеуге
бағытталған іс-әрекеттерінің нәтижесі деп те қарастыруға болады. Екінші
жағынан бұл билік сол кездегі билікті шектеумен ғана емес, жаңа билікті
құруға бағытталған жағдайлардың пайда болуымен де байланыстырылады.
Россиялық мамандармен қатар батыс ғалымдары да биліктің бұл түрін
зерттеген. Бірақ, жалпы бұл мәселеге арналған, қазіргі заманғы ғылым
тұрғысындағыларды айтпағанда, еңбектер көп емес[2]. Бірақ, соңғы кезде ТМД
елдерінде конституцияға өзгерістер енгізудің динамикасы мен тәжірибесі
құрылтайшы билікке деген ғылыми қызығушылықтың арта түсуіне себепкер
болғанын атап өту керек.
Құрылтайшы билік конституцияны қабылдау, толықтырулар мен өзгертулер
енгізу құқығына тек халық ие екенінің айғағы, сондықтан ол тек қана халыққа
тиесілі. Осыған байланысты халықтың құқығын иемдену – қай биліктің болса
да ең ауыр құқық бұзушылығы болып табылады. Қай мемлекетке де болмасын
құрылтайшы билік өте қажет. Оған әлем елдерінде орын алып жатқан әртүрлі
биліктік дағдарыстар куә. Ондай дағдарыстарды еңсеруге тек қана елбасының
шамасы жетпейді. Сондықтан қосымша күш көзі – өз тетігі бар құрылтайшы
билік болуы қажет. Олар биліктің қызметтері негізінде жасалады. Мамандардың
пікірі бойынша құрылтайшы биліктің мынадай: конституцияның жобасын жасау
әрі қабылдау, оған өзгерістер енгізу, конституцияның жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету; жаңа биліктің қажеттілігі туралы шешім қабылдау; жаңа
билікті құруды ұйымдастыру; мерзімді жаңа билікті құру (жоғары лауазымды
тұлғаларды сайлауды ұйымдастыру және халықтын еркін білдіруіне бақылау
жасау); адам құқықтарының дамуы мен оны қамтамасыз етуіне жоғарғы бақылау
жасау және т.с.с. қызметтері бар. Сондықтан мемлекеттік және конституциялық
құрылыстағы: конституция қабылдау, референдум туралы, депуттардың мәртебесі
және оларды кері қайтару тәртібі, сайланбалы лауазымдық тұлғалар,
мемлекеттің нысаны, өкілетті органдардың мәртебелері және құзыреттері,
адамдардың негізгі бостандықтары мен құқықтары сияқты ең маңызды
мәселелерді реттейтін құқықтық нормативтік актілерді халық қабылдауы тиіс.
Ал халық қабылдаған құжатты тек қана халықтың өзі өзгертуі тиіс. Халық қана
билік бастауы деген қағиданы толық ұстану барлық биліктерге міндет болуы
қажет. Мысалы Колумбияның 1991 жылы Конституциялық ассамблея қабылдаған
Конституциясы бойынша бекітілген адам құқықтары ешқандай да жағдайларға
тәуелсіз деп табылады [6]. Яғни барлық билік оларды бұлжытпай сақтауы
және жүзеге асыруы қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей құрылтайшы биліктің негізгі қызметінің бірі –
конституцияға өзгерістер енгізу. Бұл тәжірибе XX ғасырдың соңғы
онжылдығында кең қолданыс тапты. Мұның әсіресе Латын Америкасы елдерінде
кең қолдау табуын әртүрлі себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, менің
ойымша, мұндай тәжірибе сол елдердің тарихи дамуына байланысты.
Қарастырылып отырған өңірдің испан тілді мемлекеттері өткен жолдарына,
тәуелсіздік алғанына қарамастан бұрынғы метрополиямен тығыз байланыста.
Оларда соның бір айғағы іспетті құқықтық саясат пен тәжірибенің кейбір
ортақ тұстары бар. Мысалы, құрылтайшы билікке қатысты ережелерді Испанияның
1978 жылғы Конституциясынан табуға болады. Онда бұл мәселелер бойынша қатаң
ережелер бекітілген. Конституцияның 168-бабының 1 тармағы бойынша
конституцияны толық не жекелеген бөлімдерін өзгерту үшін Бас кортестер
(Испанияның қоспалаталы парламенті) палаталарының үштен екі дауысы қажет.
Қажетті шешім шығарылған соң Бас кортестер таратылады. Жобаны жаңадан
сайланған парламент депутаттарының үштен екісі қолдаса, ол ұлттық
референдумға шығарылады. Конституцияны халықпен өзгертудің тағы бір
тетігі – оны ішінара өзгерту қай палатаның болса да депутаттарының 10
пайызының қолдауы арқылы жүзеге асырылады. Яғни екі тәсіл де халықтың
қатысуымен жүзеге асырылады [7]. Екіншіден, аталған елдердің динамикасы,
тұрақсыздығы, экономикалық, идеологиялық алуандылықтарға байланысты.
Сонымен қатар бұл елдерде солшыл ағым терең жайлаған, содан болар соңғы
уақытта осы бағытты ұстанған көшбасшылар президенттік сайлауларда жеңіске
жетіп келеді. Бұған мысал есебінде Венесуэладағы – Уго Чавес, Боливиядағы –
Эво Моралес, Никарагуадағы – Даниель Ортега және басқа мемлекеттердің
социал-демократиялық бағыттағы президенттерді келтіруге болады. Кезінде
тегіннен-тегін бұл материкті жалынды деп атамаған болар.
Құрылтайшы билік арқылы конституцияны қабылдау, әсіресе өзгерістер мен
толықтырулар енгізу посткеңестік мемлекеттерге белгісіз. Сондықтан бұл
елдердің биліктерінің, оның ішінде жекеленген билік өкілдерінің
конституцияны қабылдау, өзгертудің тәжірибесіне мемлекеттік биліктің
бастауын халықтықтан бастау тәсілі маңызсызға айналды, ал шындығында билік
халықтан алшақ және ол өзімен-өзі дағдарысып жатады деп қобалжулы пікір
айтқан россиялық белгілі заңгер В.Е. Чиркинді қолдаймын [8]. Сондықтан
латынамерикалық елдердің конституциялық ассамблеялары тәжірибесін оқып-
үйренудің зор ғылыми-практикалық маңызы бар. Осы тәжірибеге арналған
еңбектер құрылтайшы билік құрылтайшы жиылыспен ұштастырылатынын көрсетеді.
Соған байланысты тәжірибе жүзінде бұл билік басты мақсаты жаңа конституция
қабылдаумен түсіндіріледі.
Латын Америкасы мемлекеттері конституционализмі конституциялық дамудың
бай тәжірибесі бар екендігін көрсетеді. Қабылданған конституциялар саны
бойынша бұл мемлекеттер әлем бойынша бірінші орынды алады. Латын Америкасы
мемлекеттері қабылдаған 300-ге жуық (себептері мен салдарларын қарастыру
мақала шеңберінен тыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz