Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

К і р і с п е

Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдыққа аяқ басу барысында өткен тарихи-мәдини жолды зерделеп, болашақты болжау заңды. ұлттықсана мен тарихи жады үшін өткен кезеңдердің маңызы мен мәні өте зор, Өйткені өткенді сана талқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-экономиялық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Осы орайда Гегельдің "рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады" деген ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы, тарихи жады. Империялық отарлық саясат халықты осы жадыдан айырып, өзіндік санасынуландырып келді. Еркін ойды алқымынан алып, тұншықтырып келген тоталитарлық жүйе ыдыраған соң, жанөжағымызға қарап, оң солымызды аңғарып, ұмытқанымызды еске алып, жоғалтқанымызды табуға ұмтылып, тарих қойнауларына үңілу уақыт талабы, тарихи қажеттілік. Тоталитарлық саяси жүйенің ауыр зардаптарының бірі - халықты мәдени тұрасынан айыпу, оны мәңгүрт, алып механизмнің тетігіне айналдыру болды. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің сарқыншағы саналып, одан арылу - болашақтың даңғыл жолына түсудің бірден бір жолы деп табылып, ескіден арылу қажеттілігі ұранға айналды. Бұл халықтың өзіндік санасына, көне мәдени мұрасына шабылған балта болды. Өзінің саяси-идеологиялық, рухани үстемдігін орнықтыру мақсатында кеңестік тоталитарлық жүйе қазан төңкерісіне дейін көшпенді халықта жазу-сызу деген болмаған, олар ұлы, алдынғы қатарлы халық мәдениетімен араласу барысында көзін ашты деп келді. Сөйтіп, көшпенді халықтар туралы жаңсақ пікірлер мен тұжырымдар орын алып, олар бұқара халық санасына сіңірілді.

Көшпенділердің мәдени мұрасын қарастыруда культуртрегерлік және аккультурациялық идеялар басым болды, Дәстүрлі халықтың мәдениетті батыстық үлгі тұрғысынан бағалау, оның даму заңдылықтарының ерекшеліктерін, өзіндік сипатын терең тануға бөгет жасады. XIX ғасырда қалыптасқан еуроорталықтық көзқарас кеңестік ғылымда да көрініс тапты. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда көшпенділер тіршілік ету ортасына енжар бейімделушілер, олардың тұрмыс-тіршілігі жоғарғы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Барлық мәдени мұраны олар өздерінің мәдениетті көршілерінен қабылдаған. Халықтың тарихын, мәдениетін зертеудегі бұрмалаулар, объективтілікке қарағанда терістеу, теріске шығарудың басым болуы мәдени бастауларды таныпөбілуге зор кедергі келтірді. Мұның өзі мәдени мұраның азып-тозуына, рухани өмірдің жұтандануына алып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра, адамгершілік қасиеттер халыққа қатыссыз идеалдармен алмастырылды.

Кейінгі уақытта-бұрынғы кеңес одағына кірген республикалардың тәуелсіздік алуына және ұлттық сананың өсуіне байланысты-кері процесс әрбір халықтың өзінің түп-тамырларын, мәдени бастауларын танып-білуге деген ұмтылысы байқалады. Бұл заңдылық қазақ халқын да қамтып отыр.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады және көптеген тарихи қабаттардан тұрады, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын танудың маңызы артып отыр. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң халықымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас артып отыр. Бұл талапты қанағаттандыру үшін өткен дәуірлердің рухани мұрасын тарихи-философиялық тұрғыдан байыптау қажет. Осы орайда белгілі философ А. Х. Қасымжанов: "Қайта жаңару уақыты туды. Ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай, іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну - өткенге құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсу, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы. Халықтың тарихи мұрасының өрлеуі ұлттық сана-сезімінің өсу процесінің негізгі бөлімі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз болып қала бермек", - дейді . Сөйтіп, өткен дәуір рухани бастаулары бүгінгі күн мен болашақтың өзегіне айналып отыр.

  1. Авестаның құрамы мен негізгі зерттелу кезеңдері.

Зороастризмді және оның киелі кітабы - Авестаны зерттеуге жетелейтін көптеген себептердің бірі - оның ежелгі шығыстың және адамзаттың мәдени құндылықтарының ішінде алатын ерекше орны. Зороастризм мәселері 18-ғасырлар-ақ еуропа ғалымдарының назарын аударған еді. Олардың ішінде Х. Бартоломэнің, Дж. Дамстетердің, А. Дюперроның, Э. Уэсттің, М. Хаугтың есімдерін атап өткен жөн. Бұл ғалымдар зороастризм мен Авестаны зерттеуді ғылыми жолға қойды.

Айта кетуді қажет ететін бір мәселе зороастризм мен Авестаны тарихи-филологиялық, лингвистикалық тұрғыдан зерттеу басым болды. Тарихшылар Авеста деректерін көне иран қоғамының саяси-әлеметтік картинасын қалпына келтіру мақсатында қолданса, лингвистер оны үнді-еуропалық халықтардың тілдік байланыстарын, құрылымын айқындау мақсатында зерттеді. Бұл бағытта Авеста мен Ведаларды салыстырып зерттеу басым болды.

Кеңестік дәуірде зороаcтризмді зерттеуде Е. Э. Бертельс, И. С. Брагинский, В. И. Абаев, Э. А. Грантовский, И. М. Стеблин-Каменский, С. П. Толстов, ВУ. В Струве сияқты ғалымдардың еңбектерінің айырықша үлес қосқан.

Революцияға дейін жарық көрген еңбектердің ішінде А. Л. Погодиннің "Религия Зороастра" және оның орыс тіліне аударған проф. Джаксонның "Жизнь Зороастра" еңбектерін атап өтуге болады. А. Л. Полодин зороастризмді діни жүйе ретінде қарастыра отырып, оның тарихи-мәдени бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін деректерге сүйеніп, оның өмірбаянын қалпына келтіруді мақсат етеді.

Зороастризмді жан-жақты қарастыруға бағытталған соңғы жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде ағылшын ғалымы М. Бойстың "Зороастрийцы. Верования и обычай" атты монографиясы, Л. А. Лелековтың "Авеста в современной науке" атты диссертациялық зерттеуі айрықша орын алды. Ағылшын ориенталисі зороастризмнің пайда болуынан бастап қазіргі күндерге дейінгі даму кезеңдерін қарастырады.

Авеста бізге негізінен екі редакциясында келіп жетті. Алғашқысы авесталық деп аталатын тілде және ерекше авесталық әліпбиде жазылған дұғалар жиынтығы болып табылады. Бұл дұғаларды зороастрлықтар (парсылар) қазірде құдайға табынушылық кезінде оқиды. Бұл дұғалар жиынтығының оның негізгі құрамдас бөліктерімен аттас - парсы тілінде «Вендидад- Садэ» («Таза Вендидад») деп аталатын, яғни түсіндірмелер берілмеген бөлігі бар. Сонымен қатар оның құрамына «Висперед» пен «Ясна» кіреді. Барлық үш бөлік аралас, канондалған тәртіпте орналасқан.

Екінші редакциясы да негізінен осы бөліктерді қамтиды. Бірақ олар бірінші редакциямен салыстырғанда басқаша тәртіпте орналасқан және құдайға құлшылық ету кезінде оқу үшін емес, жүйелі түрде зерттеуге арналған. Авестаның бұл мәтіні орта парсылық аударма мен түсіндірмелерді де қамтиды. Аударма мен түсіндірме авесталық емес, пехлевилік әліпбиде жазылған және «Зенд» деп аталады. Сондықтан Авестаның екінші редакциясы «Авеста және Зенд» немесе «Зенд Авеста» деп аталады.

Авестаның екінші редакциясына төмендегідей бөліктер кіреді.

1 . «Вендидад» - авесталық «Ви даэво датэм», яғни «дэвтерге қарсы кодекс» дегенді білдіреді. Зұлым күштерден бас тартып, әділетті Аша жолын орнатуға бағытталған заңдар мен жарғылықтарды бейнелейді. Негізінен Ахура-Мазда мен Заратуштра арасындағы диалогтар ретінде өрбиді, ритуалды тазалық пен күнәдан арылу туралы және тағы да басқа нұсқаулар мен жарғылықтарды қамтиды. 22 тараудан тұрады.

2 . Висперед -авесталық Виспе ратаво- «барлық әміршілер», яғни ізгі мәндердің даналығы дегенді білдіреді. Негізінен құдайға немесе құдайларға құлшылық ететін өлең-дұғалардан тұрады, мазмұны жағынан «Яснаға» жақын. 24 тараудан тұрады, бірақ тараулар саны түрлі қолжазбаларда өзгеріп отырады.

3 . «Ясна»- авесталық йаз- табыну, құрметтеу, йашт- жалбарыну, ритуал дегенді білдіреді. Құрбандық шалу мен құдайға құлшылық ету кезіндегі дұғаларды, құдайларға арналған мадақтауларды қамтиды. 72 тараудан, соның ішінде авестаның ең көне бөліктері саналатын гаттардың 17 тарауын қамтиды. Алайда кейбір яшттар мазмұны жағынан гаттардан да ертерек пайда болуы мүмкін.

4 . Яшт- авесталық йаз- табыну, зороастризмдегі әртүрлі құдайларға арналған мадақтарды, 22 өлең-дұғаларды және көптеген мифологиялық элементтерді қамтиды.

5. Кіші Авеста- орта парсылық тілдегі бірнеше қысқса дұғалар мәтінін, Күнге, Айға, Ардвисураға және Варахран отына арналған дұғаларды және т. б. қамтиды.

Парсылық дәстүрге сай Авеста б. з. б. 1-ші мыңжылдықта пайда болған. Алайда Александр Македонский жорықтары барысында оның бір экземплярын гректер өртеп жіберген, ал екіншісін өз тілдеріне аударған. Артахшер Папакан тұсында аман қалған Авестаның бөліктері жинақталып, оларды бас абыз Тансар қайтадан қалпына келтіреді. Артахшердің ұлы Шапур (б. з. 243-273 жж. ) канондалған Авестаға кірмей қалған астрологиялық, медициналық, математикалық, философиялық мазмұндағы үзінділерді қосып, түзетілген мәтінді Шиздегі кітапханада сақтауға бұйрық береді. Бұдан кейінде Авеста мәтініне түзетулер енгізіледі.

Араб жорықтары кезінде де басқа да исламдық емес кітаптар сияқты Авеста қолжазбалары өртеліп кетті, бұл туралы Бируни және тағы басқа авторлар мәлімдейді. Бізге келіп жеткен Авеста қолжазбасы 1278 жылмен, яғни Авестаның пайда болуының дәстүрлі уақытынан екі мың жыл кейін белгіленген. Міне осы жағдайлардың бәрі Авестаны зерттеушілер тарапынан қызу пікір-таластар тудырды.

Еуропаға Авеста туралы (дәліріек айтсақ оның кейбір бөліктерінің қолжазбалары туралы) деректер XYII ғасырдан бастап белгілі бола бастайды. Авестаның алғашқы манускриптері Оксфорд колледжінің кітапханасына жеткізіледі, алайда оны ешкім оқып шыға алмайды.

2. 1 Авестаны зерттеудің бірінші кезеңі.

1723 жылы ағылшын Дж. Боучье Үндістаннан Авестаның «Вендидад-садэ» деп аталатын құнды манускриптін Еуропаға алып келеді. Бірақ француздың жас ғалымы Анкетиль Дюпперон (1731-1805) Авестамен кездейсоқ танысқанша ол оқылмаған күйінде қалады. Ол қайткен күнде де осы кітапты оқып шығамын деп өз алдына мақсат қояды. Сөйтіп, парсылардан авестаны оқып-түсіну үшін 1754 жылы Үндістанға аттанады. Ол парсылардың көмегімен авестаны оқып-үйреніп, толықтай аударып, 1771жылы жарыққа шығарады.

Бұл оқиға Авестаны зерттеудің бірінші кезеңінің бастамасы болды және ол 1826 жылға дейін жалғасты. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Риттер, Гёте, Гегель сынды ойшылдардың ежелгі иран діні мен философиясы туралы ой - пікірлері дәл осы Анкетиль Дюпперонның түсіндірмелеріннен бастау алады.

2. 2 Авестаны зерттеудің екінші кезеңі.

Авестаны зерттеудің екінші кезеңі 1833-1880 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең француз ғалымы Э. Бюрнуф еңбектерінен басталады. Ол Авеста мәтінінің «мәнін ашудың» ғылыми филологиялық тәсілін қалыптастырады және Дюпперон сияқты тұтастан жекеге қарай емес, жеке сөздерден тұтастыққа қарай біртіндеп көтерілу тәсілін басшылыққа алады. Грамматикалық және лексикологиялық талдаудың негізінде Авеста тілін санскритпен салыстыра отырып, әртүрлі манускриптерді бір-бірімен салыстырған ол мәтінді сынауды қолға алды, сөзден сөзге жылжи отырып оның мағынасын ашты. Бірақ Бюрнуф пехлевийлік аударманы емес, Нерйосангтың пехлевий тілінен аударған санскрит аудармасына сүйенді. Бюрнуф «Яснаның» тоғызыншы тарауының мәтінін аударып, оған қысқаша түсіндірмелер берді.

Екі бағыттың да ғылыми жетістіктерін және ғылыми-тарихи зерттеу принциптерін иран тілдерінің дамуының барлық сатыларына қатысты қолданған Х. Бартоломе еңбектері XIX-XX ғғ. аралығында қалыптасқан Авестаны зерттеудің үшінші кезеңінің басталғандығын сипаттайды.

2. 3 Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі.

Бұл кезеңдегі маңызды еңбектер қатарына М. Хаугтың, Э. Уесттің, К. Гёльднердің, Дж. Дармстетердің шығармаларын жатқызуға болады. Дж. Дармстетердің Авеста гностицизм мен иудаизмнің ықпалында болған зороастрлық абыздардың кейінгі фальсификациясы деген пікірін авестологтардың баым көпшілігі мойындамағанымен, ол Авестаны зерттеудегі тарихи тәсілді қалыптастыруға зор еңбек сіңірді, көптеген ұғымдарды дұрыс түсіндірді. XX ғасырдың 30- жылдарына дейін созылған Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі негізгі екі бағыттың - Х. Бартоломені жақтаушылар («гейдельберг мектебі») мен Андреас пен Вакернагельді қолдаушылар («геттинген мектебі») арасындағы пікір-таласпен сипатталады.

Андреас авесталық әліпбе салыстырмалы түрде кейін пайда болған деген жорамалды негіздеп, Авеста архетипін қайта қалпына келтіру туралы мәселені алға тартады.

2. 4 Авестаны зерттеудің төртінші, қазіргі кезеңі.

XX ғасырдың 20-30- жылдарынан басталады. Бірқатар таласты мәселелер бойынша ғалымдар қазірде ортақ пікірге келген.

Мысалы, Заратуштра мен оның қолдашысы Виштаспа тарихта болған тұлғалар деп саналады. Алайда Авестадағы ерекше сөздер мен сөз тіркестерін, сондай-ақ «терминдерді» түсіндіру әлі де болса күрделі әрі талас тудыратын мәселе болып қалып отыр.

Қазіргі авестологияның жетістіктері И. Гершевичтің «Ежелгі Иран әдебиеті» атты еңбегінде салыстырмалы түрде толық баяндалған. «Зороастрдың өз үлесі» атты мақаласында ол зороастризмнің діни нанымдарының дамуындағы үш кезеңді: Заратуштраның өзіне тиесілі, гаттарда көрініс тапқан ерте кезең («заратуштранизм») ; иран тайпаларының көне политеистік түсініктерін қамтыған және «Кіші Авестада», мысалы «Яшттарда» көрініс тапқан кезең («заратуштрицизм») және Сасанидтер әулеті кезінде мемлекеттік дін ретінде канондалған кезеңді («зороастрианизмді») атап көрсетеді.

3. Зороастризм діни - мәдени жүйе.

3. 1 Зороастризмнің мәдени бастаулары.

Адамдардың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі-зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарады. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму зандылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезендерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ діни жүйелелдің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты көрсетеді. Көне мәдениет белгілері мәдени архетип ретінде халықтық рәсім-рәміздерде, салтөдәстүрлерде сақталады. Адам этностық, этноаралық мәдениет сұхбаты аймағында тұрған, мәдени қарым-қатынасиың субъектісі ретінде қалыптасады. Сондықтан, адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған ұлы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда Заратуштра ілімін жан-жақты, толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ.

Ғалымдардың басым көпшілігінің пікіріне сәйкес, Заратуштра жаңа діни жүйені ойлап тапқан жоқ, ол ескі наным-сенімдерді қайта қарап түбегейлі өзгерткен адам. Авеса мен зороастризмнің пайда болуы жөнінде ғылымда негізінен екі түрлі көзқарас қалыптасқан.

Бірінші бағытты барынша жинақтап тұжырымдасақ, негізгі деген мына пікірді аңғарар едік: Зороастризм Батыс Иранда, негізінен Мидияда пайда болған, мидиялықтардан зороастризмді парсылар қабылдаған, ал парсылар арқылы зороастризмшығысқа тараған. Бұл Авеста мен зороастризмнің пайда болуының Мидиялық немесе батыстық теориясы деп аталады. Оның көрнекті өкілдері А. Дюпперон, Дж. Дармстетер және т. б. болды. Олардың қатарына қазіргі шығыстанушылардың ішінен А. Мейе мен Э. Герцфельдты жатқызуға болады.

Бұған қарама-қарсы екінші бағыт - зороастризм мен Авестаның пайда болуының шығыстық немесе Бактриялық теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар этимологиялық мектептің өкілдері, сонымен қатар Х. Бартоломэ, кейінгі уақыттарда Х. С. Нюберг. Бұл теорияны соңғы кездерде бірқатар бұрынғы кеңес ғалымдары да қабылдаған соңғы кездерде бірқатар бұрынғы кеңес ғалымдары да қабылдаған (В. В. Струве, Е. Э. Бертельс, М. М. Дьяконов және т. б. )

Сонғы кездердегі зерттеулер, тарих, діни-мифологиялық көзқарастар оның Орталық Азияда дүниеге енлгенін айқындайды. И. С. Брагинский Авестада басты ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгінің жоқ екендігін және лингвистикалық деректердің Авеста тілінің солтүстік-шығыстық сипатта болғандығын атап көрсетеді

Авестада, Видевдаттың бірінші бөлімінде Ахура-Мазда жаратқан он алты елі аталады. Ахура-Мазда: "Мен жаратқан елдердің ішіндегі ең алғашқысы Вахави-Датия өзінінің бойындағы Арианам-Вайджа болды" дейді. Арианам-Вайджа-арийлер елі дегенді білдіреді. Арианам-Вайджа Ранга мен Варви өзендерінің арасына орналасқан кең байтақ ел. Мұндағы Ранганы зерттеушілер Еділ (Волга) өзенімен теңестіреді . Басқа деректерде жоғарыда аталған өзендер Ардви және Датья деп те аталады. С. Т. Кляшторный мен Т. И. Сұлтанов Ардви өзенін Каспийге келіп құятын Амудариямен, ал Датьяны Сырдариямен ткңестіреді. Ворукаша-Каспий теңізі, Чайчаста-Арал теңізі ме деген болжам айтылады . Кеңес зерттеушілерінің көпшілігінің пікірінше Яштар мен Гаттар б. э. д. III-VII ғасырлардағы Шығыс Иранның бақташы-егінші тайпаларының және Орта Азия халықтарының өмір салты мен идеологиясын бейнелейді . Жоғарыда аталған авторлардың пікірінше, Яшттар-андронов дәуірінің, арийлердің және арийлер мен бірге аталатын тайпалардың-тұрлар, хьондар, сайримдер, сайндар мен дахтардың эпосы мен мифтері. Алайда Авестаның контексіне қарағанда, арийлердің қоғамына қарсы қойылатые: Қазақстан мен Орта Азияның шығыс ирандық көшпелі тайпаларының бәрі "тұрлар" деген жинақталған атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тұр халқын ежелгі грек деректемелері бойынша массагеттер деген атпен белгілі тайпалардың нақты тобымен байланыстырады.

В. В: Бартольд: ""арийлер елі" деген термин этнографиялық мағынада емес, тек саяси мағынада қолданылса керек. Аршакидтер династиясының үстемдігімен біріктірген ел осылай аталған", - деген пікір айтады. Зерттеушілер ежелгі арий, тұр, хьон тайпаларының наным-сенімдерінң ұқсас болғандығын, олардың бірдей құдайларға табынып, құрбандық шалғандығын атап көрсетеді. Ал олардың арасындағы тайпааралық қақтығыстары Амудария мен Сырдария, Каспий мен Арал теңізі, Еділ өзені жағалауларында орын алса керек. Бұл қақтығыс негізінен тұрғылықты тұр тайпалары мен осы жерлерге қоныс аударған арийлік тайпалар арасында өрбіген деп топшылауға болады.

Яшт-жеке құдайларға арналған дұға.

Гаттар-Заратуштра пайғамбардың өлең түрінде жазылған діни уағыздары.

Бұл тайпалар барлық көне халықтар тәрізді табтғаттың тылсым күштерінде құдіреттілік бар деп түсініп, соларға табынған. Олардың ішінде су мен от ерекше орын алған, қысы суық, жазы құрғақ аймақтағы далалық өмір салты үшін бұл стихиялардың маңызы зор болды. Жауынсыз жаз, қарсыз қыс айлары халыққа өте ауыр тиген. Ондай жылды жұт деп атаған. Ерте көктемде бір қауым мүшелері өзен немесе бұлақ басына барып, су иесіне құрбандық шалып табынған, әсіресе, үлкен өзен, көлдерді ерекше қадір тұтқан. Сөйтіп су құдретіне бас иіп, сумен шайыну рәсімін жасаған. Суға шайыну авеста тілінде заотра деп аталған. Суға тассаттық беру үш элементтен, атап айтқанда сүттен және екі өсімдіктің жапырақтары мен шырынынан тұрған. Бұл жер шұрайлы, мал өнімді болсын деген ниетпен байланысты болса керек. Су мен өнімділік құдайына бесінші Яшт, "Ардвисур-Яшт" арналады.

Ахура-мазда аян берді,

Спитама Заратуштраға

Табын оған о, Спитама

Оған, мол сулы Ардвиге .

Суға тасаттық берумен қатар, таңсәріде қауым мүшелері сумен шайыну (исламдағы дәрет алу рәсімін еске түсіреді) рәсімін жасаған. Бұл судың тазартушылық, емдік қасиеті бар деген түсінікке негізделген болса керек. Су тек тәндік қана емес, сондай-ақ рухани тазарудың кепілі (қазақ халқында әлі күнге дейін сақталған сумен үшкіру, славяндардағы суда шоқыну және т. б. еске түсірелік) . Суға шайыну (кезінде отбасындағы жасы үлкен адам дұға оқыған және суға шайыну рәсімін жасаған) дінбасылардың жасайтын рәсімінің маңызды құрамдас бөлігі болған деп жорамалдауға болады.

От-табынудың тағы бір маңызды объектісі. Отқа табыну барлық халықтарда кең таралған, еуразиялықтайпаларда да бұл құбылыс жиі кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
Зороастризм тарихы
Ислам дінінің таралуы
Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері
«Авеста» шығармасы түркілер мекендеген хорезм аймағында жасалған мұра
Діннің шығуы және алғашқы түрлері
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ
Мәдениет морфологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz