Қоныстандыру және көшіру



1. Қоныстандыру және көшіру
2. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері
3. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері
4. Көшіру шараларын жоспарлау
5. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі
6. Көшіру шараларын жүргізу
7. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру
Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шара¬лары ең ықтимая қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
- көшіру – Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қаласыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру. Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер
ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұиымдастырылады. (Үш сағаттан аспайды).
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, объектілерге жақын орналасқан аудандардың көшіру жатады.

ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРУ
Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан,
зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында,
тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше
жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде
қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.
Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын
өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар,
авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты
ерекшеленеді. Мысалы, ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы
бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимая
қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді
(көшіруді) қарастырады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
- көшіру – Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау
құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің
жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды
ұйымшылдықпен әкету.
- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын
жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы
мүшелерін) қаласыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.
Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер
ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа
орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып
ұиымдастырылады. (Үш сағаттан аспайды).
Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, объектілерге жақын
орналасқан аудандардың көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық
зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары
орналасқан щірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік
көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.
Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең
қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуы тиіс.
Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:
- көшірілуте тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;
- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша
жүргізу;
- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;
- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;
- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың
белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті
пайдалану;
- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және
қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын
тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын,
сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу
аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді.
Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектічеріне елеулі
залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде сондай-ақ табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан
Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар,
ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы
қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып,
орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.
Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз
аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері
бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.
Халықты көшіру сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық
түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті
беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі
төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен
халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс
кезеңіне жекеше жасалады.
Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте
істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары
оқу орындарының мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс
студенттері, колледждердің, лицейлердің, мектеп-интернаттардын оқушылары,
балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер,
мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, Әкімшілік пен олардың
отбасы мүшелерімен бірлесе отырып көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру
шаралары басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар
қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша
көшіру жүзеге асырылады.
Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті
аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып
саналады.
Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында
орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын
белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен және солардың шешімімен
(қаулысымен) бекітіледі.
Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның
көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.
Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін)
Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру
мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі
бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.
Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі
жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған
қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың
жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның
жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне
көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жұмсалуын (2-3
сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына
жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.
Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру
тізімі жасалады.
Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК)
бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді
алған уақытта нақтыланады. Жұмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және
қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс
істейтін орны бойынша тізімге алынады.
Көшіру тізімдері үш данада жасалады біреуі – ұйымда немесе пәтерлерді
иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі – көшіру шараларды жүргізуге
өкім алысымен жиналатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін),
үшіншісі – бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау
комиссиясына жіберіледі.
Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және
көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын және
жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.

Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді
тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ
бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-
қабылдау қомиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері
құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін
көлікке отырғызу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері
жабдықталады.
Көшіру комиссиялары (КК) республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық
аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведосмтволарда құрылады.
Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың
бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап
береді.
Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы
органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі
көшіру комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына
орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс
қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамысыз ету бөлімдерінің, әскери
комиссариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.
КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін хапықты қарсы алуды,
есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты
тұрмысқа қажеттілерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.
Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір обьекті негізінде құрылады. КЖП
әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың
бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады.
Құрылатын көшіру-жиналу пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері
бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықтың санын, көшіру
маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін пойыздар
мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру жиналу
пункттері әдетте халықты көшіру маршруттарына, теміржол станцияларына теңіз
және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру
маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен
уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.
Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық
жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп
жазылады. Көшіру-жиналу пункті қалалық, аудандық, объектілік көшіру
комиссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу
пункттерімен және көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.
Көшіру қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен
оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді.
КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен
және ПИК-термен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖП-ға
келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз
уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адамдарға
медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға
хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру.
Аралық көшіру пунктері (АЭП) елді меқендерге, байланыс жолдарына жақын,
ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік
тұрғыдан дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл дамылдауына,
оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға,
адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналған. Егер
қажет болса АКП-те киім аяқ-киім айырбасталады немесе тазартылады.
АКП-нің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу
және уақытша орналастыру аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты, көлік
қозғалысының кестесін келісу адамдарды соңгы баратын нүктеге жөнелтуді,
дәрігерлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу
жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен
оларды қауіпсіз жөнелту уақыты туралы баяндайды.
Көшіру-қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар халықты орналастыру
жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында
құрылады. КҚК селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысанындағы
ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарының шешімдерімен құрылады. Оларды
селолық аудандар, ауылшаруашылық кәсіпорындары бірінші басшыларының орың
басарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті атқару органдары мен АҚ
және ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға, орналастыру мен
қамсыздандыруға қатысатын өзгеде ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да
есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен
қамсыздандыру топтары қүрылады.
КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды,
оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру,
келгендердің саның, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы
байланыс жасау өз аумағындагы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және
химиялық ахуалды бағалау.
Көшіру-қабылдау пункттері (КҚП) келген халықты қабылдауға, есепке алу
мен орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру
нүктелеріне жақын орналасады. КҚП саны мен құрлымын КҚП басшысы анықтайды.
КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жөнелту және шығарып
салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі
медициналық нүкте бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді.
КҚП негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және
түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет
болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік
қызметімен бірлесе отырып тұрақты орналасу нүктесіне жөнелту, аудан КҚК-
ларына келгендердің саны оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп
сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды.
Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсыздандыру үшін халық арасынан жаяу
колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын,
көшіру поездарының, кемелердің бастықтары тағайындалады.
Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт
бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат
беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.

Көшіру шараларын жоспарлау

Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: рес-пүблика-облыс-кала,
аудан-кәсіпорын.
Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлайды жергілікті
атқару органдарының, азаматтық қорғаныстың азаматтық қорғаныс
қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру және көшіру қабылдау комиссиялары
жүргізеді.
Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық
кәсіпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты
қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.
Аудандарды көшіру-қабылдау комиссиялыры аталған органдар мен қызметтерінің
қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзімен
қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспарлау әскери
басқару органдарымен ықпалдастықта жүргізіледі. Бұл күшпен қаражат бөлу,
көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін
қамсыздандыру үшін әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті
пайдалану.
Көшіру жоспарлары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырылады және
экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, ҚР Қарулы Күштерін
орналастыру жоспарымен келісіледі.
ТЖ жөніндегі жоғары тұрған органдар төмендегілерге өздерінің көшіру
жоспарының көшірмесін жолдайды.
Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:
қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру Қағазы бар және Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;
қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмыс
істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін
көрсету;
- қауіпсіз аймақта өз қызметін ауыстыратын объектілер тізбесі, онда
жұмысшылар, қызметшілер және олар отбасы мүшелерін көрсету;
- студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен
қызмет көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу
орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім мектептердің,
мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар
мекемелерінің саны;
- ықтимал алатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны;
- бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыруға
тиым салынған аудандар мен пункттер;
бытыраңқы орналастырылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі
Халықты көшіру және қоныстандыру
ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШІРУ ТУРАЛЫ
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртіб
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Пәндер