Инфляция теориясы. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ..5
1.1 Инфляция түсiнiгi және оған әсер етушi факторлар ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Ұлттық экономикадағы инфляциялық көріністер және инфляция деңгейі, оған қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Осындай экономика дамуы үшiн жағымсыз ортаны қалыптастыратын инфляцияны шешудiң бiрден-бiр жолы оның қарқынының өсуiнiң себептерiн айқындау арқылы алдын алу болып табылады. Ал ол үшiн ең алдымен инфляция теориясын, оның пайда болуына әсер ететiн факторларды, инфляцияның түрлерiн және оның ерекшелiктерiн сондай-ақ әр формадағы инфляцияның қоғамға, әлеуметтiк-экономикалық салаға тигiзер әсерлерiнiң деңгейiн бiлу қажет болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Инфляция теориясы. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс” деп алынды. Бұл тақырыптың өзектiлiгi инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, ұлттық экономикада инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы тигізер салдарын, оның пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң экономикасының тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны реттеу саясаттарын қарастыру болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму жоспарымызға орай келесiдей мiндеттер қарастырылады:
• Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып көрсету;
• Инфляцияның елдiң әлеуметтiк-экономикалық салаларға тигiзер әсерлерiн, одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын;
• Жұмыссыздық, инвестиция, жұмысбасты халық, экономикалық активтi халық, кәсiпкерлiктiң дамуы сияқты экономикалық көрсеткiштермен инфляцияның арасындағы өзара байланысты қарастыру;

1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
5. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
6. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
7. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
8. Д.А.Федотов “Причины инфляции и пути борьбы с ней” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1, - 2004 г.
9. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
10. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №8,9 - 2007 г. 2-3 стр.
11. Р.Е.Джаншанло “Инфляция и обменный курс вэкономике Казахстана” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3, - 2006 г.
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007. – 487 б.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ..5
1. Инфляция түсiнiгi және оған әсер етушi факторлар
... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк-
экономикалық салдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..9
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ТУРАЛЫ

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және ерекшелiктерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...13
2. Ұлттық экономикадағы инфляциялық көріністер және инфляция
деңгейі, оған қарсы саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
7
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк
жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi
экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы,
кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны,
халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және
экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей
байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның
даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн
айтуға болады.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге
болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы
және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның
өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде
қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның
шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Осындай экономика дамуы үшiн жағымсыз ортаны қалыптастыратын
инфляцияны шешудiң бiрден-бiр жолы оның қарқынының өсуiнiң себептерiн
айқындау арқылы алдын алу болып табылады. Ал ол үшiн ең алдымен инфляция
теориясын, оның пайда болуына әсер ететiн факторларды, инфляцияның түрлерiн
және оның ерекшелiктерiн сондай-ақ әр формадағы инфляцияның қоғамға,
әлеуметтiк-экономикалық салаға тигiзер әсерлерiнiң деңгейiн бiлу қажет
болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Инфляция теориясы. Қазақстан
Республикасындағы инфляциялық процесс” деп алынды. Бұл тақырыптың
өзектiлiгi инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып,
ұлттық экономикада инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы тигізер
салдарын, оның пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң экономикасының
тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн инфляциялық
процессетрдiң алдын алу және оны реттеу саясаттарын қарастыру болып
табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi
жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму
жоспарымызға орай келесiдей мiндеттер қарастырылады:
• Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды
қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып
көрсету;
• Инфляцияның елдiң әлеуметтiк-экономикалық салаларға тигiзер әсерлерiн,
одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу
шараларын;
• Жұмыссыздық, инвестиция, жұмысбасты халық, экономикалық активтi халық,
кәсiпкерлiктiң дамуы сияқты экономикалық көрсеткiштермен инфляцияның
арасындағы өзара байланысты қарастыру;
• Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың
пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын
қарастыру;
• 2005-2007 жылдардағы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету
қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер
салдарларын қарастыру мен талдау;
• Бүгiнде елiмiз экономикасының қаржы саласы және мемлекеттiк деңгейде
инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын, олардың iшiнде
ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты тиiмдiлерiн ұсыну;
Ендi осы мiндеттердi орындау үшiн нақты жұмысқа кiрiсiп, инфляция
жаратылысы туралы тереңiрек мағлұмат алайық.
I ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi.
Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция терминi ( латынның. Inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда
болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляия ұғымы
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл
бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып
алу қабiлетiнiң төмендеуi.
Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады. 1, 227 б
Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны
жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы
несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар
– ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi:
M = P * Y V
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепшi болады:
• айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• қолайсыз төлем балансы;
• үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. Әлi
де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды.
Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi. 2, 149 б
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей:
• тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу қабiлетiнiң
құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу
сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-
қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi – ұлттық
шаруашылықтың түрлi салаларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар екенi белгiлi.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының
артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық
саясатына, оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. 3, 239 б
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды
бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң
бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының
дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы
нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көпфакторлы процесс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы
алшақтықтың көрiнiсi.
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелiгiне байланысты инфляцияның
екi түрi болады: сұраныс және шығын ( ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық
болып қалады;
• мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
• несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiнiң коммерциялық
банктер мен үкiметкенесие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын
сипаттайды;
• ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн
мынадай факторлардың болуымен сипатталады: 4, 83 б
• еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;
• көрсетiлетiн қызметтiн маңызының артуы;
• бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе
жалақының өсуi;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар келесi құн формаларына қатысты
құнсызданады:
• алтын мен күмiске;
• тауарларға;
• шетел валютасына.
Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны
артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. Үшiншi жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
1) Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
• ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергi болмайды, оның еркiн
өсуi байқалады;
• жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
• инфляциялық шок, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.
2) Таралу орнына қарай:
• локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
• дүниежүзiлiк инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
3) Бағаның өсу қарқынына байланысты:
• баяу инфляция – баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ға өседi;
• орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейiн өседi,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
• ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Инфляцияның бұл түрi ақша жүйсiнiң құлдырауына әкелiп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуiне қарай қазiргi кезде бiрiншi
түрiне жатады. Елiмiздiң 1992-1993 жылдардағы ұшқыр инфляциядан соңғы
жылдардан бастап баяу инфляцияға өтуi қажырлы еңбектiң жемiсi болып
табылады.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткiш – тұтыну бағаларының индексi
көмегiмен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексi тауарлар мен қызметтердiң түрлерiн қамтитын
тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады. Оны есептеуде келесi формула
қолданылады: 5, 211 б
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлемiз Базалық жылдағы
тұтыну қоржынының бағасы, одан шыққан санды 100-ге көбейтемiз
Тұтыну бағаларының индексiнiң үш сандық мәнi болуы мүмкiн:
• баға индексi 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
• баға индексi 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданды;
• баға индексi 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы
бағабазалыққа қарағанда 20%-ға
Осымен бірінші бөлімде инфляцияның экономикалық табиғаты мен
маңыздылығын, оның көріну нысандарын, оған әсер етуші факторларды және
инфляцияның түрлері бойынша жіктелуді қарастырып өттік. Ал ендігі екінші
бөлімде инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарларына тоқталып өтейік.
1.2 Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк-
экономикалық салдары
Бiрiншiден, ифляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлi
топтарымен, экономикалық және әлеуметтiк институттар арасында қалай болса
солай және болжамсыз қайта бөлiнуiне мәжбүр етедi.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлiнедi. Инфляция
факторының бiреуi болып табылатын мемлект бюджетiнiң тапшылығы, инфляциялық
салықпен өтеледi. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары
төлейдi. Ол өзiмен-өзi автоматты түрде төленедi, өйткенi инфляция кезiнде
ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының
төмендегенiн көрсетедi.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудiң келесi жолы, ол – ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттiң басып шығарған
ақша үшiн алатын нақты ресурстарының санына тең болады.
Белгiленген табыстары бар (зейнеткерлер, мемлекеттiк қызметкерлер,
жәрдемақы алушылар) адамдар инфляция нәтижесiнде нақты табыстарының
төмендеуiнен шығынға ұшырайды. Ндексацияланған табыс алушы топтар
табыстарды индексациялау жүйесi оларға нақты жалақыны сақтап қалуға
мүмкiндiк бергенше инфляциядан қорғана алады. Ал нарықта жұмыс берушiлер
және монополистер инфляция жағдайында белгiлi бiр ұтысқа кеңеледi.
Экономикада нақты активтер иелерiнiң (қозғалмайтын мүлiктiң,
антикварианттың, өнер туындыларының, асыл заттардың) инфляцияның қорғанысы
мықтырақ болады, өйткенi осы тауарлар бағасының өсуi елдегi инфляцияның
жалпы дәрежесiнен артық болып отырады.
Пайыз қойылымы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның
нәтижесiнде несиелеушi тұлғалар ұтылысқа ұшырайды, ал бұл өз кезегiнде
инвесторлар мен экономиканы несиелеушiлердiң ынтасын төмендетiп, жалпы
өндiрiс құлдырайды. Сондай-ақ инфляция кезiнде қарыз алушылар ұтысқа
кеңеледi. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер пайыз қойылымын жоғарылатады.
Ал пайыздық қойылымның өсуi өндiрiске салынатын iшкi және шетелдiк
инвестициялардың көлемiнiң төмендеуiне алып келедi. Бұл жағдай өз кезегiнде
мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн азайтады және оның үстiне инфляцияны одан әрi
жандандыра түседi. 1, 276 б
Екiншiден, инфляцияның жоғарғы деңгейi және баға құрылымының күрт
өзгеруi кәсiпорындар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседi.
Нәтижесiнде бизнес жүргiзуде болжамсыздық пен қатер-қауiп өсе түседi.
Осының төлемi ретiнде пайыз қойылымы мен пайда өсе бастайды. Ал
инвестициялар қысқа мерзiмдiк сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы
көлемiнде күрделi құрылыстың, маңызды өнеркәсiп салаларының үлес салмағы
төмендейдi және спекулятивтiк операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.
Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын , әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын
төмендетедi;
Үшiншiден, қоғамның саяси тұратылығы төмендейдi, әлеуметтiк шиеленiс
өседi. Яғни, елде ұрлық-қарлық, тонаушылық, адамдарға сенiмсiздiк және т.б.
келеңсiз әлеуметтiк жағдайлар орын алады.
Төртiншiден, экономиканың “ашық” секторындағы бағаның өсуiнiң шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелiк қабiлетiн төмендетедi.
Бұның нәтижесiнде импорт өседi, экспорт төмендейдi, жұмыссыздық көбейедi
және тауар өндiрушiлер банкротқа ұшырай бастайды.
Бесiншiден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өсеi. Осыдан
барып ұлттық капиталдың шетелге кетуi өседi, валюта нарығында спекуляция
үдей бастайды. Осылар қосылып бағаның одан әрi өсуiн жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейдi,
нақты активтерге сұраныс өседi. Бұның нәтижесiнде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесiнiң өзгеруiнен шапшаң өсiп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруi экномикадағы сұраныстың өсуiне дем бередi, ақшадан “қашуға”
себеп болады. Фирмалар мен үй шаруашылығы инфляцияға төтеп беру мақсатында
нақты активтердi сатып алу үшiн ұосымша шығындарға ұшырайды.
Жетiншiден, мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы өзгередi және оның нақты
табыстары төмендейдi. Мемлекеттiң экспансионистiк фискалдық және
монетарлық саясат жүргiзуге мүмкiндiгi шектеледi. Бюджеттiк тапшылық және
мемлекеттiң қарыздары өседi.
Сегiзiншiден, жұмыспен толық қамтамасыз етiлмеген жағдайда қызмет
ететiн экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетiп, халықтың көбiрек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуiн талап
етедi. Нәтижесiнде жылжымалы инфляция бiр мезгiлде экономикалық өсудiң
төлемi және оның стимулы болып та табылады. Дефляция, керiсiнше, жұмыспен
қамтуды және өндiрiстiк қуаттарын пайдалануын төмендетедi.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесi үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулi инфлиция жұмыспен қамтуды өсiруге мүмкiндiк
бермейдi. Бiрақ, инфляциямен бiр жақтан өндiрiс көлемi және жұмыссыздықтың,
екiншi жақтан, арасында тiкелей өзара байланыс болмайды. 1, 239 б
Онынщшыдан, әр түрлi тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндiрiсiнiң көлемi ұқсас емес бағытта жылжып отырады. Ұзақ мерзiмдi уақыт
интервалында “инфляцияның шапшаңдауы” теориясы бойынша, жылдан-жылға
инфляцияның қарқынының өсуi, өндiрiстiң нақты көлемiн, оның өзiнiң табиғи
дәрежесiнен жоғары ұстап отыруға көмек бередi.
Инфляция өз кезегiнде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әср етедi.
1958 жылы ағылшын экономисi А.Филлипс оның ықпалын көрсететiн “сұраныс
инфляция” деген үлгiнi ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының
арасында тәуелдiлiк бар екенiне назар аударған. Оның қорытындысы бойынша,
жұмыссыздықтың кейбiр дәрежесiне (6-7%) жалақының дәрежесi тұрақты және
оның өсiмi нөлге тең болады. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса,
онда жалақының өсiмi шапшаңдайды және керiсiнше. Соңынан жалақы мен бағаның
өсуiнiң өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық
жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта
өзгертiлдi. Филипстiң қисық сызығын келесi суреттен көре аламыз:
W, P
W2
W1
U1 U2 U
Сурет-1 – Филипс қисық сызығы
Мұндағы,
W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
Р – инфляция дәрежесi;
U – жұмыссыздық дәрежесi, %; 6, 323 б
Суреттен көрiп отырғанымыздай филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керiсiнше байланыс бар
екенiн көрсетедi. Осыны кейнсшiлердiң инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы
ғана дәрежесiнде жоғары болуы мүмкiн және керiсiнше деген де дәлелдейдi.
Экономикада практика жүзiнде бағаларды өсiрмейтiн жұмыспен қамту дәрежесi
болады.
XX ғаысрдың 50-60 жылдардағы дамыған елдердiң статистикалық
көрсеткiштерiн зерттеудiң қорытындысы Филипс қисық сызығын толық растады.
Сол жылары көптеген елдердiң экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге
асырылды. Өндiрiстi одан әрi өсiруге және жұмыссыздықты қысқартуға
мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуiн шапшандатты және керiсiнше
– инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түстi.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керiсiнше байланыс неше түрлi
сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағай еңбек рыногының бейiмдiлiгiмен
дәлелденедi. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары,
ораласқан орны т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген жекелеген
рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледi: еңбек рыногының кейбiр
сегментiнде экономика бiрте-бiрте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда,
жұмыссыздық практика жүзiнде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының
басқа сегменттерiнде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда
шығындардың көбеюiне және бағаның өсуiне әкелетiн жалақының өсуi жалғаса
бередi. Осы процестiң макроэкономикалық нәтижесi – инфляцияның қарқынының
өсуiмен сипатталады.
Филипс қисық сызығының басқа да дәлелi бойынша, өндiрушiлер мен
еңбекшiлерге экономиканың өсу кезеңiнде баға мен жалақының өсуiн талап ету
жеңiл түседi. Жоғары дәрежедегi жұмыссыздық жалданып жұмыс iстеушiлердi
төмен жалақыға келiсуге мәжбүр етедi. Бұл инфляцияның “жалақы-баға”
шеңберiн бұзады. Бұдан басқа экономикалық тиiмсiз конъюктура өндiрушiлердiң
бағаны көтеруiне кедергi келтiредi. Керiсiнше жағдайда, жұмыспен толық
қамтуға жақындаған сайын өндiрiстiң қосымша факторларына сұраныс өсе
түседi. Осының нәтижесiнде жалақы өседi және оның өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң
өсу қарқынынан артық болып отырады. 6, 331 б
Филипс қисық сызығына көзқарастың екi бағыты қалыптасқан. Бiрiншi
баығтта бұл сызық экономикалық заң деп қаралады. Бұл күштi инфляция мен
жоғары жұмыссыздық бiр мерзiмде болмайды дегендi айтады. Мемлекеттiң
реттеуiнiң құралдарының әр түрлi қолданудың көмегiмен, қисық сызықтың әр
қилы нүктелерiне сай келетiн, инфляция мен жұмыссыздықтың ұштасуының
қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтiп, қисық сызықтың бойымен жоғары
және төмен жылжуға болады.
Екiншi бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының
тұрақтылығын және үзiлмейтiндiгiн жоққа шығарады. Экономикада орынды
қарқыны берiлген инфляция жағдайында, жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейiне
жетуге болады.
Экономикада дағдарыстар кезiнде баға және жұмыссыздық бiрдей
қосарласып өседi. Осындай экономикалық қолайсыз жағдай стагфляция
(инфляциямен бiр мезгiлде келетiн экономикалық тоқырау) деп аталады. Осы
кездегi инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екi
қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi: Филипстiң қисық сызығы оңға қарай
жоғары жылжиды да, ол инфляция дәрежесiнiң әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен
дәрежесi сәйкес келедi немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.
Сонымен екінші бөлім мен бірінші тарауды қорытындылай келе,
инфляцияның экономикалық сипаты мен оның әлеуметтік-экономикалық
салдарларының экономикаға және халықтың тұрмысына кері, жағымсыз әсер
ететіндігін көрдік. Осыған орай инфляцияның тұрақты, әрі төмеңгі деңгейін
ұстап тұру үшін жүргізілетін инфляцияға қарсы саясаттардың маңызы зор болып
табылады. Сондықтан жұмыстың екінші тарауында инфляцияға қарсы саясаттың
іске асуы мен оның Қазақстандағы жүргізілу барысына тоқталмақшымын.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ТУРАЛЫ
2.1 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және ерекшелiктерi
Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол
қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция
экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты
мәселелердiң бiрi болып келдi. Өйткенi елiмiздiң 1991 жылы өз егемендiгiн
алуымен байланысты ұлттық экономикамыз бiрден дағдарысқа ұшырай бастады.
Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық
жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң
тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк
рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада
өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып
кеттi.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы
орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар
орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы
күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992
жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы
маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000
купюралары шығарылды. Алайда өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк
бюджеттiң тапшылығының өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа үшырауы
инфлицияны одан сайын үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция гиперинфляцияға
айналды, нақтырақ айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Осыған
байланысты бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрыс жасауы
ортақ валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз екендiгiн мойындады. 7, 42 б
Осыған байланысты 1992 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz