Интонация компаненттерінің қызметі


Тақырыбы: Интонация компаненттерінің қызметі
Мазмұны
Кіріспе
Интонацияның шығу жәйі.
І. Тарау
1. 1. Интонация туралы жалпы түсінік
ІІ. Тарау
2. 1 . Интонацияның компаненттері
2. 2. Интонация және оның компаненттерінің сөйлемдегі қызметі
2. 3. Интонация компаненттерінің дайындықсыз сөйлеу тіліндегі көрінісі
ІІІ. Тарау
3. 1. Жәй сөйлемнің құрылымдылық коммуникативитілік түрлерінің интонациясы
3. 2. Күрделенген сөйлеммен құрмалас сөйлемнің және күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық ерекшелігі
Қортынды
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, яғни сөйлемдердің, текстің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.
Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.
Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әрқилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын ролі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екені айтылады. Олар сол интонация өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.
Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі хайуанаттардың қарым-қатынасына қызмет еткен интонация еді деп топшылауға болатын тәрізді. Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағынасын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға бастайды, соған сай әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, иегін кемсеңдетіп жылай бастайды да, ал енді біреу жағымды дауыспен «агу-агу», «кіш-кіш» десе де, сол сияқты анасының еркелеткен сөздерінің мағынасын ұқпаса да көздерін жаутаңдатып, езу тартып күледі.
Интонация тонының (тональность) сөйлеу сөзінде де, адамдардың қарым-қатынасында да үлкен орын алатыны бәрімізге мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға айдан анық.
Сондықтан, интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек.
Интонацияның сөйлеу тіліндегі күрделі құбылыс ретінде атқаратын ролі айырықша. Ол сөйлемнің құрылуы мен жасалуына ғана қызмет атқарып қоймай, сонымен бірге оның коммуникативтік мағынасын, эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Оның үстіне интонацияның сөйлем мен сөйлемнің ара жігін ажыратуда да мәні зор.
Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардың айтуына қарағанда, бір тексті әркім әр түрлі мәнерде, әр түрлі интонациямен өзінше оқитын тәрізді. Сонда ол текстің міні де өзгереді дейді. Біздіңше, ондай өзгеріс яғни, бір тексті әркімнің әр түрлі оқуы, сол текстің мазмұнын жете түсінбеуінен болатын сияқты. Мұндай жағдайда ол текстің мазмұны да ауытқып кетуі әбден мүмкін. Бірақ бұған қарап интонацияны субъективтік құбылыс деп айтуға ешбір болмайды. Себебі онда интонацияның тілдегі объективтік, күрделі де көп қырлы функциясын жоққа шығарған болар едік. Сөйлемнің мағынасы мен интонациясының бір-бірімен тығыз байланыста болуының өзі интонацияның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып табылады. А. М. Пешковский: «Адам сезімін сөз арқылы жеткізу мүмкін емес, оны тек интонация арқылы беруге болады», - деп жазыпты. Л. В. Щерба интонацияның жазу тіліндегі мағынасы мен көрінісіне ерекше көңіл аударады. Оқуда да, жазуда да (тексте) интонация компоненттерінің маңызы зор. Сондықтан, тексті оқушы оның интонациясын дұрыс «оқып» шығуы керек. Онсыз текстің негізгі маңызын түсіну қиын.
Интонацияның компоненттері боылп саналатын пауза, қарқын, әуеннің жоғарылау, төмендеу сияқты түрлерін жазу тілінде белгілейтін - тыныс белгілері. Сондықтан, сөз түсінікті болу үшін тыныс белгілерін «жаза» да, «оқи» да білу керек. А. Б. Шапироның пікірі бойынша « . . . жазуда айтушының ойы, сезімі, пікірінің рең бояуы тек қана пунктуация арқылы беріледі, ал оқушы қойылған тыныс белгісін көреді де, сол айтушының ойындай етіп қабылдайды».
Интонация туралы жалпы түсінік
Интонацияны зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне дерекатер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ритм туралы алғашқы түсініктер берілген.
Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде кездестіруге болады. Ритм туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде көреміз. Онда автор ритмнің ерекшеліктерінде тоқталып қана қоймай, ны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне де тоқталады. Ежелгі трактаттарда «колон» және «период» деген ұғымдарға түсінік беріліп, олардың шешендер сөзінде, қалай, қай мөлшерде қолданылуы жөнінде де кепілдеме беріледі.
Қазіргі түсінікше: «колон» мөлшер жағынан «периодпен» салыстырғанда кішілеу, ықшамдау келеді де, пауза арқылы бөліанеді және оның мағына жағынан тиянақты болуы шарт емес.
Ал «период» логикалық жағынан тиянақты болуымен қатар, ол құрмалас не жай сөйлемдерден тұратын бір-бірімен ыңғайласқан көп мүшелі, құрылымы келісті, күрделі құрылым.
Фонетикалық жағынан қарағанда көңіл аударатын нәрсе, ол ежелгі трактаттардағы «колон» және «периодтарды» сөйлеу тілінің жалпы интонациясымен байланысты қарап, оның әуенін, қарқынын, паузамен байланысты бөлшектерін сөйлеу ағысының үзінділері деп санайтындығында. Демек, ежелгі трактаттарда «колон», «период» деген терминдер күрделі сөйлемнің интонациялық жиынтықтарының сипатына қарай берілген.
Сөйлеу тіліндегі интонацияны дұрыс қолдану жайында айтарлықтай пікірлерді М. В. Ломоносовтың «Краткое руководство к риторике» деген еңбегінде кездестіреміз. Онда шешендер өз сөздерін қандай интонациямен және қандай дауыспен айтулары керектігі жөнінде ғана емес, сонымен қатар оны қандай мәнерде, оған қандай көрік беріп айтуы керектігі жөнінде де түсінік беріледі.
Интонацияның сипаттамасын М. В. Ломоносов өзінің «Российская грамматика» деген кітабында береді. Онда Ломоносов интонацияның төрт қасиетін белгілейді: высота-(выходка), сила-(напряжение), длительность-(протяжение), тембр-(образование) . Осыларыдң әрқайсысын түсіндіріп, оларға жеке-жеке сипаттама береді.
Интонация қасиеттерінің сөйлеу тілінде адамдардың бір-бірімен түсінісуінде мәні зор екенін айтып қана қоймай, Ломоносов осы қасиеттер арқылы адамдардың бір-бірін көрмей-ақ дауысынан танитынына көңіл бөледі.
Интонацияның компоненттері болып есептелетін - қарқын, тембр, паузаның сөздегі (речь) адамдардың ойы мен эмоциясын білдірудегі орны мен зор мәні туралы пікірді Ломоносовттың тұстасы, XVIII ғасырдағы ағылшын оқымыстысы Х. Блэр да айтқан.
Өткен ғасырдың екінші жартысы мен біздің ғасырдың бірінші жартысында көптеген зерттеушілер шешендердің немесе сахна өнеріндегі актерлардың орындауындағы көркем сөздің интонациясын жан-жақты қарастыра бастады. Олар өз зерттеулерінде сахна өнерпаздарының, артисатердің, шешендердің сөздеріне, солардың сөйлеу мәнеріне сүйенеді. Соған қарап жазбаша текстерді мәнерлеп, интонацияны дұрыс, орынды етіп, сөздердің мағынасына сәйкестеп оқудың, дұрыс сөйлеудің, текстерді дұрыс оқудың заңдылығын табу жөнінде көп ізденді, оларыдң ережелерін іздеп тауып құрастырғысы келді. Онда олар текстердің, яғни жазу тілінің, өздеріне тән заңдылықтары болуы керек деген жорамалға келеді. Сондықтан ол заңдылықтардың өзіне лайық интонациясын, оның әуенін, қарқыны мен паузасын, синтагма шекараларын тыныс белгілері көрсететініне сенді. Ал логикалық екпін қай сөзге түсіп тұрғанын оның сөйлемдегі орнынан, қай сөз табынан жасалғанынан байқауға болады деп есептеген. Сөйлеудің заңдылық ережелері көптеген фактілерді зерттеу нәтижесінде жасалғандықтан, әрбір жазу текстіне тән интонация да, тілдерге тән заңдылықтар да бар деп сенген. Бірақ сөйлеудің заңдылық ережелерін жасаушылардың өздері бұл заңдылықтардың универсалды болмауы мүмкін екенін де мойындайды.
Себебі кейбір көркем сөздің шеберлері тексті өзінше оқып, оның сөздеріне басқаша мағына беріп, тыныс белгілерін орнынан жылжытып, паузаларды басқа жерде жасап, немесе сұраулы сөйлемді де жай хабарлы сөйлем етіп, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлем интонациясымен оқуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар тілдің лексико-грамматикалық құрылысы мен интонация қатынастарының өте күрделі болып заңды қалыптарға симай тұрғанын, кейде одан әлде қайда аумақты да терең екенін білдіреді.
Интонацияда жүйелілік заңдылыығы бар екенін неміс оқымыстысы Р. Бенедикс те айтқан. Ол интонацияның шартты арқауы ретінде төрт факторды келтіреді, олар интонацияның күші, қарқыны, биіктігі мен тембрі. Бірінші үшеуі Р. Бенедикстің айтуынша, интонацияның дұрыс айтылуын қамтамасыз етеді де, төртіншісі сөзге реңк береді. Сонымен бірге сөйлемде басты екі тон (тональность) бар делінген, оның біреуі қазіргі лингвистика сөзімен айтқанда сөйлемнің әуені, екіншісі - сөздің акценттелуі, яғни сөзге логикалық екпіннің түсуі. Р. Бенедикстің интонациялық жүйесі қазіргі тілшілердің интонациялық жүйесіндегі негізгі тонның жиілігі, ұзақтылық, интенсивтілік, спектр деген қағидалармен барабар.
Сонымен, жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келгенде, интонацияның шешендер сөзіндегі көріністері жайында нақты мәліметтері бар материалдар жиналған. Материалдарға теориялық талдау мен лингвистикалық анализ жасау әлі де жеткіліксіз.
Егерде біз жалпы тіл білімі тұрғысынан әр түрлі тілдердегі интонацияның лингвистиклық зерттелу жайына келетін болсақ, ол жұмыстарда (грамматикаларда) интонация туралы мәліметтерді оларыдң әр түрлі бөлімдерінен кездестіреміз. Жаңа бір тілмен танысып, оны зерттеу, не үйрену барысында оқушы не зерттеуші интонация жайындағы мәліметтерді еңбектің не «фонетика» не «синтаксис» бөлімінде кездестіреді.
Жалпы тіл біліміндегі күрделі проблемаларыдң бірі - тілдің бір көрінісі ретіндегі интонацияның тіл жүйесіндегі алатын орнын анықтау боылп табылады. «Интонация» деген ұғымның әр түрлі түсіндірілуі, оған ғалымдарыдң әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің көңілі не оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не функциясын ғана түскенінен болу керек. Бұлай болу себебі, интонацияның өте күрделі де құбылымалы болуына байланысты. Басқа фонетикалық құралдармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты да, сондай-ақ басқа синтаксистік тұрақты құбылыстарға қарағанда ол нақтысыз абстракт сияқты көрінеді.
Интонация туралы жарық көрген барлық еңбектерді шолғанда, оны екі дәуірге бөлуге боалды. Бірінші дәуірі ХІХ ғасырыдң соңы мен ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірдегі оқымыстылар зерттеу объектісін іздеп, анықтаумен қатар, оның зерттеу әдістемесін, тәсілін іздейді. Екінші дәуірі ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірде интонацияны зерттеу біршама дамыды. Бұны лингвистикалық теорияның және инструментальды фонетиканың пайда болып, дамуымен байланыстыруға болады.
Ағылшын оқымыстысы Д. Стилдің 1776 жылы шыққан «Prosodia Rationalis» деген еңбегінде ең алғашқы рет интонацияны ерекше символдар арқылы қағазға түсіру әрекеті жасалады. Оның әдістемесі интонацияның қарқынын, әуенінің жоғарылығын, созылыңқылығын, екпінді-екпінсіздігін, паузаны белгілей алған. Д. Стиль интонация әуенінің жоғары-төмен өзгеруі - сөйлеу сөзін өзгертпей-ақ оның мәнін басқаша беруге мумкіндігі бар екенін дәлелдейді. Д. Стилдің жұмысы лайықты бағасын өз уақытынан көп кейін алды. Мамандар оның еңбегін жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана түсіне бастады. Ол еңбек суперсегменттік фонетиканың дауындағы ең алғашқы әрекеттердің бірі болып есептеледі.
Біздің ғасырымыздың басында жазылған Д. Джоунздың «Ағылшын тілінің интонациясына анализ беру және белгілеу» деген еңбегі мазмұын жағынан Д. Стилдің еңбегіне өте жақын, яғни соның жалғасы, соны ары қарай дамытқан зерттеу сияқты сезіледі.
Интонация жөнінде біздің дәуірімізге мейлінше жақындап келетін түсінікті Ш. П. Жиро-Дювивьенің кітабынан кездестіреміз. Онда интонацияның көтерілу-бәсеңдеу, күшті-әлсіз, жылдамдық-баяулық сияқты қасиеттері белгіленеді. Бұл белгілер қазіргі тілмен айтқанда әуен, интенсивтілік, қарқынды бейнелейді.
ХІХ ғасырыдң аяғы мен ХХ ғасырыдң басында лингвистикада сөйлеу интонациясы әуен (мелодика) деп аталады. Себебі әуенге физикалық анализдер мен анықтаулар жасау қиынға соқпайды. Интонацияның пауза, интенсивтілік, қарқын деген компоненттері жаңағы физикалық анализдердің сыртында қалады. Алайда зерттеушілерідң әуенге көңіл қоюының себебін оның акустикалық белгілері мен өлшемдері ғана деп айтуға бомайды. Зерттеушілерідің түпкі мақсаты әуеннің функциялық зор маңызды екенін ашу, соны түсіну болып табылады.
Интонацияны зерттеу тарихы екі дәуірге бөлінетін болса, соның бірінші дәуіріне біздің ғасырдың 40-жылдарына дейінгі уақыт жатады. Бұл дәуірде интонацияны зерттеуде оның ырғағының өзгеруіне, қарқынына, негізгі тонның жиілігі (частота основного тона) мен созылыңқылығына т. б. көңіл аударылып, оларға лингвистикалық анализ жасау принциптері ізделген. Бұл дәуірдегі интонацияның суперсегменттік көрінісітерін зерттеген көрнекті оқымыстыларды атайтын болсақ олар: H. Sweet, 1892; D. Jones, 1909 ; B. A. Богородицкий, 1917; В. Н. Всеволодский - Гернгросс, 1922; Н. Реrnot, 1930; S. Karcevskij, 1931 ; M. Grammont, 1933; S. C. Boyanus, 1936; Л. В. Щерба, 1937 т. б.
Бұл дәуірдегі зерттеушілердің арасында интонацияның акустикалық өлшемдері мен оның функциялық қасиеттерін қорытындылауда үш түрлі көзқарас орын алады. Ол синтаксистік, фонетикалық және фонологиялық.
Синтаксистік көзқарасты қолдайтындар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керек деп санайды. Себебі аларыдң пікірінше, интонация - синтаксистік мағынаны, синтаксистік қатынастар мен байланыстарды қамтитын тәсілдердің біреуі. Интонацияны синтаксистік көлемдер зерттеудің ең бір көрнекті мысалы ретінде орыс оқымыстысы А. М. Пешковскийдің «Интонация и грамматика» (1928) деген еңбегін келтіруге болады. бұл еңбекте автор интонация мен синтаксистің тығыз байланысы жөнінде терең де қызықты пікірлер айтады. Пешковскийдің «принцип замены» деген қағидасында мынадай жәйттар бар. Егерде синтаксистік мазмұн неүұрлым мықты да таза грамматикалық тәсілдермен берілсе, онда соғұрлым оның интонация тәсілдерімен берілуі көмескі болады, егерде интонация тәсілдері мықты болса, оның грамматикалық тәсілдері көмескі болады, - дейді ол. Интонацияны синтаксистік аспектіден қараған алғашқы еңбектерідң олардан кейін пайда болған бірқатар жұмыстарға әсері болмай қалмады.
Фонетикалық көзқарас интонация сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оның сөйлемдерін, синтагма, фразаларың басқа да фонетикалық майда бөлшектерін қалыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне олардың бәрінің басын қосып, бөлшектерден тұратын әуенін шашыратпай бір күрделі интонациялық байламға келтіреді деп есептейді.
Фонологиялық көзқарас интонацияны «Система оппозиций» - қарама-қарсы жүйелер, басқа сөзбен айтқанда, айырмашылығы бар жүйелер тұрғысынан қарау керек деп есептейді. Егер сегменттік фонологияда фонемаларыдң «қарама-қарсылығы» олардағы бір қасиеттің не сипаттың бар не жоқ болуына негізделсе, суперсегменттік фонологияда қарама-қарсылықтың, яғни айырмашылықтың механизмі басқаша болады. Олар: жоғарылау-төмендеу, жылдамдық-баяулық, болымды-болымсыз, тағы сондайлар болып келеді. Фонологиялық көзқарастың көрнекті уәкілдерінің бірі - С. Карцевский.
Біз алға қойған мақсатымыз бен тақырыбымызға байланысты сөйлеу тілін зерттеу мәселелері жалпы тіл білімінде екі дәуірге бөлінетінін айттық. Жоғарыда баяндалған славян тілдері және басқа да шетел тілдері жайындағы зерттеулер сол екі дәуірдің біріншісіне, яғни біздің ғасырыдң 40-жылдарына дейінгісіне жатады.
Қазақтың төл тіл біліміндегі бірінші дәуірге жататын зерттеулер халқымыздың тұңғыш тіл маманы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады. Ғалымның «Тіл тағылымы» атты еңбегі қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктеріне құрылған тұңғыш оқулық болып табылады. А. Байтұрсынов қазақ тілінің фонетикасын орыс, поляк, француз, чех тілдерімен саыстырып зерттеген екен. Екпіннің табиғатын және функциясын зерттеп, ғалым тілдерді екі топқа бөлген: «екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер. «Екпін буыны аяғында келетін сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас» депті А. Байтұрсынов. Бірінші дәуірге жататын, біздің мәселемізге, яғни интонацияға тікелей қатысы бар еңбек - халқымыздың екінші ірі тіл маманы Құдайберген Жұбановтың «Қазақ тілінің грамматикасы» (1936) болып табылады. Бұл еңбекте ол сөйлем сазының - интонациясының сөйлеу тіліндегі функциясын өте терең талдап, оның маңызын айта келіп: «Адам көңілінің түрлі күйіне сөздің түрлі әні сәйкес келеді. Сондықтан, сөздің әнінің арқасында хабарыдң өзін ғана емес, сөйлеушінің көңіліне сол хабарыдң қалай тигенін, немесе қалай тиген етіп көрсеткісі келетінін білеміз. Адамның көңілі қобалжуының түрі көп; тіпті ұшы қиыры жоқ десек те болады. Бұларды білдіруге арналған амалдық - дауыс сазының да түрі көп» деген Қ. Жұбановтың интонация, яғни «дауыс сазы» туралы терең әрі тауып айтылған тұжырымдарын қазіргі тіл біліміндегі семантикасинтаксистік көзқарасқа жатқызуға болады. Қазақ тілінің басқа мамандарының еңбектері жоғарыда айтылған екі дәуірдің екіншісіне, яғни біздің ғасырдың 40-шы жылдарынан кейінгі дәуірге жатады.
Біздің ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап интонацияны зерттеу проблемасы жылдам үрдіс алып, бұл туралы көптеген еңбектер жазылды. Жеке сөйлемдердің интонациясы неше түрлі тәсілдер бойынша зерттеле бастады. Мысалы, физикалаық өлшемдер мен аудитивтік байқауларды айтуға болады. Сондай тәсілмен жиналған материалдар фонологиялық не синтаксистік әдістер арқылы қортындыланады. Мысалы, хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің интонациясы оның синтаксистік функциясына жатқызылады да, ал олардан басқа мағыналы синтаксистік функцияға жатқызуға келмейтіндері фонология тұрғысынан зерттеледі.
Қазақ тіл білімінде де басқа шетел, орыс, славян тілдеріндегі сияқты интонацияны зерттеудің екінші дәуірінің басынан-ақ интонация жайында оның қазақ тіліндегі мәні туралы тұжырымдар айтылған еңбектер шықты. 1940 жылы С. А. Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» жарық көрді. Онда: «қандай сөйлем болсын, мейлі ол екі сөзден, немесе бір сөзден құралған сөйлем болса да өзіне тән интонация болады» делінген. 1948 жылы Н. Т. Сауранбаевтың «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер» және 1953 жылы «Қазақ тілі» деген еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде интонацияның сөйлемдегі ролі қысқаша болса да айтылып кетеді. 1954 жылы жраық көрген «Қазіргі қазақ тілі» еңбегі, авторлар ұжымының тұңғыш ғылыми грамматикасы болып табылады. Онда грамматиканың басқа бөлімдерімен (морфология, синтаксис) қатар, фонетика да теориялық ғылыми дәрежесіне көтеріліп, интонацияның синтаксистегі рөліне көңіл аударылады.
1961 жылы М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың бірігіп жазған «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» жарық көрді. М. Балақаев аталған кітапта да, басқа еңбектерінде де интонацияны сөйлемнің басты белгілерінің бірі ретінде қарайды. Әрбір сөйлемнің өзіне тән интонациясы болатынын айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz