Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектлері


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕПң

«ҚАРЖЫң КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ОРТА ЖӘНЕ КІШІ БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ САЛЫҚТЫҚ АСПЕКТЛЕРІ

«Салық және салық салуң

мамандандыру сырттай

оқу бөлімінің 2-курс

студенті Төлепбергенов Т.

Ғылыми жетекшісі:

Аға оқытушы Базарбаев А. О.

Рецензент:

«Жұмыс қорғауға жіберілдің

«Қаржың кафедрасының меңгерушісі

С. Ж. Интыкбаева

Алматы, 2006ж

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . ……3

І Тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің

даму бағыттары . . . 7

  1. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық

алғы шарттары . . . 7

  1. Қазақстан Республикасы орта және кіші

бизнес субъектілерінің дамуы . . . 20

  1. Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік

реттеудің негізі ретінде . . . 28

ІІ Тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы

орта және кіші бизнес субъектілеріне салық

салу механизмі . . . 43

  1. Орта және кіші бизнес субъектлеріне салық салуды

Есептеу мен төлеу принциптері . . . 43

  1. Орта және кіші бизнес субъектілерінен түсетін

салықтық түсімдердің бюджет кірістерінің

құрылуындағы рөлі . . . 50

ІІІ Тарау. Орта және кіші бизнес субъектілеріне салық

салуды жетілдіру бағыттары . . . 61

Қортынды . . . …. . 68

Пайдаланылған әдебиттер . . . …. 70

Кіріспе

Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын

жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден, орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.

Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары - салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі-салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент.

Қазіргі кездігі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны Жалпы Ұлттық Өнімнің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қорлану процесіне айтарлықтай әсер етеді.

Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқыла мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрлым объектілерін салуға және тағы басқалары арқылы айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвеститцияны қолдап, товарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазіргі кезде нарықтық экономиканың белсенді құрылысшылары- кәсіпкерлер, іскер адамдар немесе бизнесмендер.

Кәсіпкерлік туралы көзқарас мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, Ғылыми-техникалық прогресстің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды камтидыю Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.

Кәсіпкерлік қызметтің мәні-өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері деген актуалды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуын қарастыру, қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмін қарастыру және салық салуды жетілдіру бағыттарын талдау, мемлекет тарапынан қолдау жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылады:

  • Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары;
  • Қ. Р шағын және кіші бизнес субъектілерінің дамуы;
  • Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу. Мемлекеттік реттеудің негізі ретінде.
  • Шағын және кіші бизнеске салық салуды есептеу және төлеу принциптері;
  • Қ. Р-ғы шағын және кіші бизнес субъектілерінен түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірістерінің құрылуындағы рөлі;
  • Шағын және кіші бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары.

І- тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік

қызметтің даму бағыттары

  1. Кәсіпкерлікті дамуының әлеуметтік-экономикалық

алғы шарттары

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау- оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда “кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер”-француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылады-түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVІІІ ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, А. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж. Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминының атасы-белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVІІ ғасырдың басы) . Ол “кәсіпкер” деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке-дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Сонғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі- ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі-әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және тағы басқалар. Жеке-дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер іріә көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлкете кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектсі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады: мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы рөліне байланысты), ұжымдық жеке-дара.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілірін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.

Номиналдыққа кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқықы. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы-шарттары бар, ең бастысы-капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.

Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік -жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалaну, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне шығу. былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялай.

Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі-шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамассыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әр бір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты-барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ған іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып турады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді, Жаңалық процесінің мұраты пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс, үнемдейтін, эканомикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фрима оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құнынан жоғары бағамен сатады міне осы қабілет-әдеттегіден ерекше шешім қабылдау іскерілік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.

Кәсіпкерілікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.

Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен конъюнктура жайсыз болғаны.

Өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықты анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен. Жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын анықтайды.

Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал -жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдай процесі капитал иесіне түгелдей тәуелді. алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерге айналады-өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарынынң пайда болуы мен байланныстарды күшейтеді, . Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып, ұйымдастыру, техникалывқ басқару меншік иесінен оның толық қанды өкілі-мнеджерге ауысумен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдығын меншік тенуші болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде оларды иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ. Кәсіпкерлікті өркендетудің шарттары: меншік (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігімен, шешім қабылдау мүмкіндігінің, өнімдер мен табыстар жөнінде де осындай мүліктердің берілуі, қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен таурлардың капиталдың, информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамның, муның ішінде заң шығаратын, орындаушы- сот өкіметінің құрылуы және меншікті иесімен кәсіпкерлер құқығын қорғау.

Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі жетілген немесе жетілідірілмеген болуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетідің жағдайларын жасауда бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу-бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып ол бәсекелік күреске әзір болуы, нарықтың қоғамдық қажеттілікке сай келмейтінінің “артығын” қиып түсетіндігіне әзір болуы керек. Кез келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де) прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі (соның ішінде жекеменшікте) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке жол ашса.

Күшті нарықтық экономикасы бар елдер тәжіребесі көрсеткендей, еркін бәсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемелкетсіз жұмыс істей алмайды, өткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіілктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарықтық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.

Нарықтық экономика үш түрлі күрделі “ауруға” бірден қарсы тура алмайды- манополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы туруы қиын. Егер мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның зардаптарына тиісінше көңіл бөлмегенінен 70 жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күшөқұаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекеттік реттеудің формалау, 80 жылдардағы консерваторлардың күшті “дәрілері” қажет болды.

Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы реттеу шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауын тоқтататын қысқа мерізімді саясатсыз мүмкін емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға аралысуының басты белгілері осындай. Бұл шеңбер рыноктық механизммен мемлекеттік реттеудің қисынды симбиозасына, қазіргі қоғамның әлеуметтік -экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.

Егер мемлекеттік ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұраттарды басшылыққа алсада, рыноктық процестердің, бұзылуы өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Ерте ме кешпе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің белсенді араласуынан шығуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде төрт компоненттен тұрады:

  • шаруашылықты басқаруды бюракраттанудан құтқару;
  • мемлекеттік кәсіпкер қызметті шектеу;
  • жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындыға әкеледі: жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жәй бір ісі деп қарап оны шаралардың барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп ия ерте) шаруашылық түбірлі өзгертүдің тиімді құралы бола алмайды.

Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңызы зор. Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып жеке меншікке беру. Кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін “жаулап алу”, немесе жаңа мемлккеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру кіреді.

70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды 80 жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі-Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малазияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлы Британия елінің мысалы айтарлықтай 1979 жылы Маргерт Тейчер үкіметті жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен онжылдықта жеке капилға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді, ол шаруашылық жұмысының көрсеткіштеріне игі әсер етті. Мысалы, “Бритиш Стил”мемлекеттік бола отырып жылына 1 млн. Стерлинг шығыныға ушырады, ал кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққанна соң тұрақты пайда келтіреді бірақ Англия жекешелендіруде біраз ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.

Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады мұндай ерекшеліктер жекешеліндіруді жүргізудің қосымша шаралар мен де байланысты.

Национализациялануға қарағанда жекешелендіру процеі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік иесін ауыстырудың құқықық жақтарын анықтайтын бірінші саты.

Ал тағыда кемінде екі сатыдан туру керек: меншік иесінің құқығын нақты жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық, әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең сңында, меншік иелерімен басқарушылар арасында комерциялық жұмыстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның мемлекетте жүргізу мүмкін, бірақ одан кейінгі қарқыны әр түрлі-орындаушылармен әрекет етушілерге байланысты және олардан басқа обьективті фактілерге де қатысты болады.

Жекешелендірудің түрі көп, әр бір ел өзінің қайталанбас жекшелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекешліктерінің көптігіне қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды еселеген жөн. Одан басқалары-өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққы жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын дұрыс шешу; халықты жекешелендіруге қызықтыру жағдайларын жасау, он үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау, әсірісе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек. Жекешелендірудің кестесі мынандай.

Жекешелендіру және оның қырлары:

Алынған қаржылардыПайдалану бағыттары:

Алынған қаржыларды

Пайдалану бағыттары

Объектілер: Объектілер
Субъектілер: Субъектілер
Құралдары: Құралдары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес субъектілерінің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне баға беру
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Мемлекет пен бизнес
Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz