Ұлттық наным-сенімдер және олардың қоғамда алатын орны


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 тарау. ҰЛТТЫҚ НАНЫМ-СЕНІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Ұлттық наным-сенімдер және әдебиет 8

1. 2 Қытай наным-сенімдерінің қоғамдағы ролі және олардың маңызы 11

2 тарау. ҚЫТАЙ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ КӨРІНІСІ

2. 1 Қытай мифологиясындығы наным-сенімдердің әдебиеттегі көрінісі 18

2. 2 Әдеби шығармалардағы табиғат құбылыстарына қатысты наным-сенімдердің көрінісі 27

2. 3 Қытай және қазақ халықтарының әдебиеті және дүниетанымдарындағы наным-сенімдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері 38

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ПАЙДАНАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

ҚОСЫМШАЛАР 53

КІРІСПЕ

Адамдар жақсы және жаман ырым-тыйымдарға сенеді. Кейде түстерге де, анда-санда тіпті балгерлерге барып, өздерінің болашақтары жайлы біліп жатады. Ал қазіргі заманда ондай заттар туралы айтқанның өзі ыңғайсыз сияқты. Жолымызды кесіп өткен мысықты көріп, көңіл-күйіміз түсіп, жаман түс көрсек, ондай түс неге кірді екен деп ойланамыз. Кенеттен айна шағылса, бізде бірден жаман ойлар пайда болады. Үйлерімізде, не болмаса көліктерімізде, біздің сеніміз бойынша, бізді әр түрлі жамандықтардан немесе келеңсіз жағдайлардан қорғайтын, сәттілік алып келетін тұмарлар ілулі тұрады. Таныстарымызды көріп қалсақ, табалдырықта тұрып амандаспаймыз, ал біреу түшкірсе оған денінің саулығын тілейміз.

Адам кішкентай кезінен өткен кезеңдердің қиыншылықтарымен, уайымдарымен кезігеді де, соларға әбден үйренгендіктен тіпті сол ырым-жырымдарға сену керек пе әлде жоқ па деген сұраққа мүлдем ойланбайды. Бұл көбіне күнделікті тұрмыстық наным-сенімдерге қатысты. Ата-бабларымыздан келген бұл сенімдер қазіргі кезде біз үшін мистикалық байланысы жоқ және олардан біз аттап кете алмайтын, жай ғана әдетке айналған. Біздің ғасырға күлкілі және бір қызық бұл сенімдер адамдардың біліміне сіңіп, уақытпен қатар келеді.

Бірақ наным-сенім ол қашан да наным-сенім болып қала береді. Сенімдер бүкіл әлемге тараған бір «аурудың вирусы» секілді. Өйткені әр халықта, әр мәдениетте өзіне тән наным-сенімі, ырым-тыйымдары болады. Адам қиялында сансыз, шынайы табиғаттың көрінісінен алыс мұндай нанымдар өте көп болғаны сонша, олар біздің әр бір қадамымызда кездеседі. Әр түрлі ырымдарға сенетін адамдарды күнделікті өмірдің күмәндарынан, үрейлерінен тек олардың барлық ырымдарға сенбейтіндігі ғана құтқарады.

Ұлттық наным-сенімдер - халықтың рухани мәдениетіне жататын ерекше құбылыс. Оның тіл мен жазу, әдебиет пен өнер, дүниетаным мен философиялық көзқарастар, тағы сол сияқты рухани өмірдің басқа саласына тікелей ықпал жасайтыны белгілі.

Сан ғасырлық тарихы бар, қазіргі кезде ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын ұлы Қытай халқының мәдениетінде, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпында, тіпті халықтың әдебиетінде де наным-сенімдердің көріністерін көптеп кездестіреміз.

Қытай әдебиеті - әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б. з. д. 1 ғ. ) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны - өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі.

Қытай халқының ұлттық наным-сенім тарихы оның ең алғашқы ру-тайпалық дәуірінен қазірге дейінгі ұзақ дәуірді қамтиды. Әрине, осы барыста оның өзгеріске түскені, белгілі ықпалдарға ұшырағаны, кейбірінің ұмыт болғаны сөзсіз.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытай мәдениетінде алғашқы ру-тайпалардан бастап, қазірге дейінгі түрлі діндердің элементтері, оларға қатысты ұлттық наным-сенімдер көптеп сақталған және олардың тіпті қытай әдебиетінен орын тапқан көріністерін көреміз. Олар әдебиеттің жеке сюжеттерінде, образдық бейнелерінде, соның ішінде қытай мифологиясында, ежелгі дәуірде жазылған шығармаларда көптеп кездеседі. Алайда біз бұлардың діни негіздерін, жасалу мотивтерін біле бермейміз, тек тілдегі қалыптасқан дайын факт ретінде білеміз. Бітіру жұмысымыздың өзектілігі - қытайлықтардың ертедегі ұлттық наным-сенімдері мен дүниетанымына, салт-дәстүрлеріне қатысты құнды деректер мен мәліметтерді, яғни соның ішінде қытай мифологиясындағы және қытай халқының діни табыну дәстүрлеріндегі наным-сенімдерді айқындап, олардың қазақ халқындағы ырым-тыйымдармен салыстыра отырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айырып, бара-бара адам өмірінің нақты көріністерін суреттеуін саралау.

Зерттеу объектілері. Бітіру жұмысына қажетті материалдарды негізінен қытай әдебиетінің бай бұлақтарынан (Ахметбекқызы Г., Зинин С. В., Чжоу Цюй-Фэй, Алексеев В. М., т. б. ), сондай-ақ қытай және қазақ тілдеріндегі энциклопедиялар мен сөздіктерден жинастырдық. Сонымен қатар қытай халқының наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне байланысты (Даулетова Ф., Васильев Л. С., Белов А., Никоненко С., Баранов И. Г., т. б. ) және қазақ халқының наным-сенімдері мен дүниетанымына байланысты (Ғабитханұлы Қ., Қоңыратбаев Ә., Кеңесбаев І., т. б. ) бүгінгі ғалымдардың еңбектерін пайдаландық. Бұдан тыс бүкіл әлемдік компьютерлік жүйе - интернет беттерінен де біршама мәліметтер алдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қытай әдебиетіндегі наным-сенімдерге байланысты көріністерді қарастыра отырып, олардың қалыптасуын және мағынасын, тұлға жағынан дамуын, әдебиеттегі қолданысын, сондай-ақ тәрбиелік мәнін айқындау. Осы мақсатқа орай, жұмыс алдында төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Ұлттық наным-сенімдердің қытай қоғамындағы алатын орнын және олардың маңыздылығын айқындау;
  • Қытай әдебиетіндегі ұлттық наным-сенімдердің көрінісін әр алуан бұлақтардан жинап, оларды мазмұнына және қолданылуына байланысты, бірнеше тақырыптарға топтастыру;
  • Қытай және қазақ халықтарының наным-сенімдерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыстың құрылымын атап өтсек, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ А және Ә қосымшаларынан тұрады. Кіріспеде берілген бітіру жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті атап өтіліп, әр қайсысына жеке тоқталынады. Бірінші тарауда ұлттық наным-сенім және әдебиет ұғымдарына анықтама беріліп, олардың қытай қоғамындағы көрінісі мен маңыздылығы туралы айтылады. Екінші тарауда қытай әдебиетіндегі наным-сенімдердің көрінісі, соның ішінде қытай мифологиясындағы және табиғат құбылыстарына байланысты қодданылған наным-сенімдер түрлері айтылады. Сонымен қатар, қазақ және қытай халықтарының әдебиеті мен дүниетанымындағы ұлттық наным-сенімдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері де қарастырылады. Қорытынды бөлімінде зерттеу тақырыбында жасалған жұмыстар сараланып, қорытынды, тоқ етер ой айтылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде жұмыстың орындалу барысында көмек болып қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі. А және Ә қосымшаларында жұмыс мәнін толықтыратын графикалық суреттер көрсетіледі.

ҰЛТТЫҚ НАНЫМ - СЕНІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ

  1. Ұлттық наным-сенімдер және әдебиет

Өмір әр түрлі наным-сенімдер мен ырым-жырымдарға толы және ең қызығы сол ырымдардың кейде тіпті адам сенгіссізінің өзі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жоғалып кетпей берілуінде.

Адамдар табалдырықта тұрып амандасуға немесе сөйлесіп, зат алмасуға болмайды дейді. Бұрынғы кезде, адамдар өмірден өткен туыстарының аруақтарына табынып, олардың адам өміріне араласатындықтарына: көмектеседі, не жамандық әкеледі деп сенген. Сондықтан олар аруақ денесін табалдырық астына көмген, сөйтіп сол жерде сөйлеспеуге тырысқан: олар аруақтар өкпелеп қалып, үй қожайынын келген қонақпен ұрыстырып қоюы мүмкін деп ойлаған. Бұл нанымның негізі осындай, ал қазіргі кезде қарасақ бұл күнделікті әдет-ғұрыпқа айналып кеткен: табалдырықта сөйлесіп, амандасқан әдептілікке жатпайды. Көптеген адамдар олардың мән-мағынасын дұрыс біліп алмай, тек жай ғана қолданып жүр. Бұл жерде әдет-ғұрыптың, дәстүрдің маңызы үлкен роль атқарады.

Бүгінгі күні белгілі бір әлеуметтік қоғамда пайда болған наным-сенімдер, қоғам мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған. Осы негізде наным-сенімдер адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптасқан. Олар негізінен, мәдени тағылымдарға үйретіп, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізеді.

Наным - дүниедегі көзқарастың құрамдас бөлігі. Наным объектілері табиғи және әлеуметтік өмір шындығының фактілері, құбылыстары мен даму үрдістері субьектіге сезімдік жағынан берілмеген және мүмкіндік түрінде ғана көрініс табады.

Наным - дүниені, өмірді, адамдар қатынасын танып талдап және ой елегінен өткізіп, игеруден туатын тұжырым түйін. Нанымсыз дүниеге көзқарас жүрекке жетпеген, санаға сіңбеген, көңілге қонбаған абстрактылы түсінік болып қалады. Нанымға айналған білім түсінік адамды ешқашан немқұрайлы қалдырмайды, іс қимылға бастайды, адамның тұлғалық ұстанымына айналады. Сондай-ақ, оған ие болған адамды өзгертіп, көзін ашады, бойындағы қабілеттерді оятып, жігерлендіреді, өмірге келеңсіз құбылыстарға қарсы тұрғызады. Наным адамға сыртқы күшпен, үгіт насихатпен таңылмайды. Оған адам ойланып, толғанып өз еркімен жетеді. Адам өз нанымынан оп-оңай бас тартпайды, керісінше, оны табандылықпен қорғайды. [21, VII, 14 б. ]

Сенім - діндегі басты дүниетанымдық ұстаным және белгілі бір қағидаларды қалтқысыз қабылдауға және соларға сай өмір сүруге бағыттайтын психологиялық нұсқама. Бұл қағидалардың қатарына: 1) құдайдың барлығына және жансыз екендігіне немесе дүниедегі барлық құбылыстардың және оқиғалардың түпкі себебі құдай екендігіне сену; 2) құдайды жаратушы деп тану; 3) құдайға берілу және құдайға құл болып қызмет ету жөніндегі түсініктер жатады. Сенімді тек діни ұғым аясында қарастырмай, кеңірек пайымдауға болады. Адам өмірде құдайдан басқа ата-анасы, ұстаздарына, көпті көрген ғұлама даналарға, саяси қайраткерлерге, ғылыми тұжырымдарға сенеді. Сенім сонымен бірге адамның дүниетанымдық ұстанымдарын анықтауға септігін тигізетін философиялық ұғым болып табылады.

Ғылым мен мәдениет, техника мен технология қарыштап дамыған біздің заманымызда сенім басты құндылықтардың бірінен саналады және адам болмысына ерекше ықпал ететін үш таған: сенім, үміт, махаббат аксиологиялық формуланы құрайды. И. Кант, Г. Достоевский, Л. Н. Толстой сияқты ойшылдар Еуропада радионализм өріс алған кезде пайда болған «ғылым дамыған сайын адам санасынан ығыстырылып шығарылады, бара бара жойылады» деген көзқарасты теріске шығарып, сенім адамгершіліктің кепілі деп білді.

Сенім білім мен зерденің әлтипаты емес, солармен қатар адам болмысын анықтайтын дүниеге көзқарастың құрамдас бөлігі. Сенім болмаса көзқарас та болмайды. Сенімнің адам санасынан ығыстырылып шығарылмайтыны аруақты, пірді, қыдырды ғылыми дәлелмен танып, түсіну мүмкін емес. Орта ғасырларда Еуропада «сенемін, себебі ақылға сыймайды» формуласы тараған. Адамның «түбі ізгілік жеңеді», «аққа құдай жақ» деп құдайға сеніп, үміттенуі өмір сүрудің кепілі. [21, VII, 658 б. ]

Ұлт дегеніміз - адамдардың тарихта қалыптасқан тілінің, территориясының, экономикалық тұрмысының және мәдениет тұтастығынан көрінген психикалық пішіннің тұтастығы негізінде қалыптасқан, тұрақты, ортақ тұлға. Бұл төрт негізгі ерекшеліктің ішіндегі «мәдениет тұтастығынан көрінген психикалық пішіннің тұтастығы» рулық, тайпалық мәдениетті, ұлттық салт-сана, дүниетаным, философия, дәстүрлі рухани мәдениет сияқтыларды өз ішіне алады. Ұлттық наным-сенімдер де оның құрамдас бөлігі. Алайда, қазірге дейінгі оқу, зерттеу орындарында ұлттық наным-сенімдер туралы толық мағлұматтар алуға және оны ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінуге, зерттеуге жағдай болмады.

Қазіргі қоғамда адамдар ұлттық наным-сенімдерді тек ескінің қалдығы, көнеден қалған қалдық деп ат-тондарын ала қашады. Ал егер наным-сенімдерді ұстанбай, олардан аулақ жүрген қоғамды алып қарайтын болсақ, көз алдымызға тәлім-тәрбие, ғылыми зерттеу мәселесін тек қана атеистік негізінде жүргізіп, ғасырлар бойы жалғасып, жиналып жалпы халықтың рухани қазынасына айналған, рухани тұрмысындағы бүкілдей қабысқан ұлттық наным-сенімдерді, әсіресе, оның жалпы адамгершілік нормалармен біте қайнасқан құндылықтарын бүкілдей теріске шығарған, адамдар арасындағы қамқоршылық, мейірбандылық, кешірімділік, қарапайымдылық, инабаттылық, жанашырлық, тазалық, имандылық, ар-ұят, тағы да басқа толып жатқан игі қасиеттерден айрылып қалған мәдениетсіз қоғамды елестетудің өзі қорқынышты.

Қазіргі үлкен діндердің түп-төркіні алғашқы діндер, яғни тотемизм, ата аруағына табыну, фетишизм, анимизм, магия, аспан денелері мен отқа табыну сияқты адамдардың ертедегі дүниетанымы мен түрлі наным-сенімдерден басталған. Себебі дүлей табиғат ортасында, алғашқы қоғамдағы адамдардың өмір сүруінің өзі оңай болған жоқ. Табиғат дүниесі мен құбылыстарын тылсым санап, одан үрейлену, оған үміт артудан адамдардың табиғатқа, құбылыстарға, жан иесіне табыну, оған жалбарынуы келіп шыққан. Табиғат заттары мен құбылыстарының бәрінің жаны, иесі бар, рухы мәңгілік, ол адамдарға әсер етеді деп сену алғашқы діндердің идеялық негізі болып саналады. Жерлеу дәстүрінің ұлттық наным-сенімдік түс алатындығы белгілі, көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесі діндер осыдан он мыңдаған жылдар бұрын пайда болғандығын дәлелдейді. Осыған қарап адамзаттың рухани мәдениетті тарихының, оның ішіндегі ұлттық наным-сенімдердің қай кезден басталғандығын мөлшерлеуге болады.

Қоғамдық құбылыстардың барлығы да өзгереді және оның өзгерісіне түрткі күш болады, наным-сенімдер де солай. Ол мәдени құбылыс ретінде адамзат қоғамы мен бірге жасаған, оның өзгерісі адамзат қоғамымен, адамның таным қуатымен, адамзаттың ғылыми мәдениетімен және оның өзгерісімен тікелей байланысты.

Егер біз адамдардың сөздеріне көңіл бөліп, оның ар жағына ой жүгіртетін болсақ, қазіргі заманғы халықтардың бәрінің дерлік тілдерінде, мәдениеттерінде, одан қалса әдебиеттерінде ескі заманның «қалдықтары» - түрлі наным-сенімдер, дүниетанымдар, салт-дәстүрлер сақталғанын көреміз.

Осылардың ішінде наным-сенімдердің қытай қоғамында және әдебиетінде алатын орны зор екенін аңғарамыз.

Әдебиет - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем өнер тарихы. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі - өмірдің, өмір құбылысының бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау. Алғашқы түрі - халық ауыз әдебиеті, яғни фольклор. Ол адам баласының ой-санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебиетінің жақсы үлгілерінен біз айтайын деген ой-сезімін сурет арқылы беретіндігін көреміз. Жазудың шығуымен байланысты ауыз әдебиетінің орнын жазба әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады. Бірақ ол аз уақыт ішінде бола қоймайды. Мәдениеттен кенже қалған кейбір қалған кейбір халықтың жазба әдебиеті мен ауыз әдебиеті алғашқы кезде қатар дамуы да мүмкін.

Әдебиет (араб тілінен аударғанда - асыл сөз деген мағынаны білдіреді) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынов оған «әр нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері», «сөз өнері» деген мағына берген.

Әдебиет - жалпы өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттеп көрсетеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман түсініп сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан-дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «өнердің ең жоғарғы түрі» (В. Белинский) болатыны да осыдан. Қазақта - өнер алды қызыл деп тегін айтпаған. [21, I, 627-628 б. ]

Қытай халқы басқа халықтарға қарағанда рухани және материалды мәдениеттің, қоғамдық өмірдің, сондай-ақ мемлекеттік құрылымның дамуына біршама ерте уақытта қол жеткізді. Соның ішінде қытай ғалымдарының ынтасымен бірнеше томнан тұратын әйгілі энциклопедиялар: Саньтүн (VIII - XIII ғасырлар шамасы), Өңле дадянь (XIV ғасыр шамасы), Тушу цзииэн (XVIII ғасыр шамасы) құрылды. Бес мың жылдай тарихы бар қытай халқы керемет тарихи ескерткіштер мен тарихи туындыларға бай.

Қытай әдебиетінің бір орында тұрып, дамымай қалған кездері болған емес. Ол әр қашан да дамудың қайнар көзі болып, сол уақытта әлсізденген, не құрып бара жатқан әдебиеттерге күш қуат беріп отырған. Осының арқасында қытай әдебиеті негізі ежелгі қытай фольклорында жатқан «Өлең кітабы» поэзиясымен байы түсті.

Қытай әдебиеті, басқа халықтардың әдебиеті сияқты өз бастамасын халықтық фольклордан алады. Бұл өнердің негізі халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігінде жатыр. Сондықтан да қытай әдебиетіндегі ежелгі шығармалардың авторлары жоқ. Ежелгі фольклорлық қытай әдебиетінде мифтер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты әдеби жанрлар қалыптасқан. Ежелгі қытай әдебиетінде мифология үлкен орын алады. Қытай мифологиясын біліп алмай, ежелгі қытай прозасы мен поэзиясының табиғи сипатын ғана емес, сонымен қатар орта ғасырлық қытай әдебиетін түсіну өте қиын.

Ежелгі тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелде қытай халқының оның әдебиетіне, рухани өмірінің дамуына әсер еткен бай мифологиялық мұралардың бар болғанын анық байқауға болады. Алғашқы әдеби образдары осы ежелгі қытай мифологиясынан көруге болады. Мифтерді зерттеу арқасында біз қытай халқының ойлау қабілетінің дәрежесін байқаймыз. Қытай мифтері - қытай халқының ертеден-ақ бай фантазиясының болғанына дәлел. Ежелгі қытай мифтері Чүй-Юан, Чжуан-цзы, Хан Фэй-зы сияқты ұлы ақындар мен ойшылдардың өнеріне көптеген әсерін тигізді.

  1. Қытай наным-сенімдерінің қоғамдағы ролі және олардың маңызы

Қытайдың үйінде қонақта болған шетел адамы, үй қожайынының үйіндегі әр түрлі символдық мәні бар заттардың көп екенін байқайды. Ол жібек жіптен тоқылған немесе фарфордан жасалған, әлде ағаштан ойылып жасалған балықтың бейнесі болуы мүмкін. Ол бақыт, байлық, жеңіс және тағы да басқа мағынаны білдіретін әр түрлі иероглифтер, не болмаса құдайлар мүсіндері болуы мүмкін. Бір классиктің айтқаны бойынша, бұл өмірдегі барлық заттардың себебі бар. Тіпті бүгінгі күні біздің де күнделікті қолданысымызға енген әр түрлі қытайлық бақыт, байлық, жақсылық шақыратын тұмарлары да ерекше емес.

Қытайлықтардың әрбір дүкендерінің немесе мейрамханаларының ішінде, оңтүстік-шығыс жағында байлық құдайының бейнесі бар сурет не мүсіні тұрады, одан қалса, қызыл жіппен байланған үлкен-үлкен тиындар міндетті түрде кездеседі. Бұның бәрі қожайынның жағдайын жақсартатын іс-әрекеттер. Мейрамхананың дәрежесіне және қожайынның жағдайына байланысты тұмарлар әр түрлі болуы мүмкін: қымбат не арзан, бірақ олар міндетті түрде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Тілдік бірліктердің сақталуы
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Қазақтың ежелгі наным - сенімдері
Ежелгі Қазақстандағы діни – философиялық аспектідегі негізгі ілімдер
Діннің әлеуметтік мәні
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Сақ мәдениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеттесуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz