Банктер


Мазмұны
1. Банктер: туындау - тарихи даму кезеңдері, түрлері.
2. Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі.
3. Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде.
4. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық жағдайы.
Қолданылған әдебиет тізімі
- Банктер: туындау - тарихи даму кезеңдері, түрлері.
Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғанд
ықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемелкеттің қаржы, ақша-несие, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақстаында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.
Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «банк» сөзінің, банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар. Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері олардың банктік істері мен қызметі коммерциялық бағдарлы сипатымен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде із қалдырғаны белгілі.
Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген. Осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII - XXVII ғ. ғ. Мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын, сондай-ақ қаша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көзделгенін дәлелдейді.
Дегенмен де аталған банктік операциялар толық мәнінде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілетін несиелік операциялар қалаған. Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ертінде айырбасшылар мен өсімқорлар ғана көрініс тапқан. «Банк» сөзі итальян тілінде «вансо» - ақшалы стол, айырбас жүргізілетін орын деген мағынада түсіндірілген. Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап, дамыған банктер әр даму кезеңінде банко, трапезид, аргираймос, довейстаидеп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 жылы мамандандырылған несиелік-есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын. Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; коопреативтік банк; муниципалдық банк; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді.
Банктер негізгі аспектілеріне қарай ақша сақтайтын орын, несиелік мекеме, ұйым, коммерциялық ұйым, экономикалық басқару органы, дилерлік-делдал ұйым, биржалық агент, несиелік кәсіпорын, заңды тұлға деп және т. б. сипаттала алуы мүмкін.
1987-1988 жылдары реформалауға ұшыраған банктер егемен Қазақстанда 1991 жылы жаңадан құрылып, қалыптасқан болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұрынғы «Мемлекеттік банк»), акционерлік-коммерциялық банк Тұран банкі (бұрынғы «Өнеркәсіп-құрылыс банкі»), акциоенрлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкі (бұрынғы «Агроөнеркәсіп банкі»), акциоенрлік-коммерциялық банк Әлем банк (бұрынғы сыртқы сауда банкі), акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкі (бұрынғы «Жинақ банкі», кейіннен «Халықтық банк» деп аталды) жұмыс істей бастады.
1993 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарынының қабылдануына сәйкес барлық акционерлік-коммерциялық банктер акционерлік банктер ретінде қайтаданы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы шілденің 16-сындағы және қыркүйектің 6-сындағы Жарлығына орай «Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк», «Мемлекеттік Даму банкі», сондай-ақ 1996 жылғы наурыздың 29-ғы Жарлығы бойынша «Мемлекеттік медетші банк»құрылды.
- Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі.
Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызмет аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік - экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.
Қазіргі уақыттағы банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, несиелік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қаматамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етгуе бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер көрініс тауып отыр.
Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға- банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.
Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конститутциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік- рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.
Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзіретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.
Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты несиелік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.
3. Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде.
Банктің құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-несие саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған құқықтық реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық акілерде бекітілген ереже-қағидаларына, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауыпт отыр.
Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.
Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іс епн банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейді.
Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық актінемесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.
Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азамттық, валюталық№ кедендік және т. б. қатынастар сипатында көрініс табады. Оыс орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.
Банктік құқықтың кешенді реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік қатынастарды реттейді. Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым болып табылады.
Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік - корпоративтік шаруашылық субъектілерінің несиелік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік-тікелей мемлекеттің басқару ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктіқ құқық қағидалары мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады.
4. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық жағдайы.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметтін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көп деген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық өнімдерінің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәскелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бірн қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтық қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиентерінің шарушылық қызметтеріне қызмет көрсетуімен байланысты несіиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларын барлық түрлерімен айналысады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі - базалық қызметті. Бұл банкттің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%- ын құрайды. Басқа кәсіп орындар мен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталын төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалды ретінде басқа кәсіп орындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қәуіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіп орындардың материалдық обьектілерде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. 1
Басқа кәсіп орындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасына өз міндеттерінжүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін басқару үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операиялардыдамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрлымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін Респуликамызда депозиттер басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелер алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшерімен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қйылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінң өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойыншанесиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық- обылыстық кеңселер бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пасивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептергет байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірбиесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдарының үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады.
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек; 2
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік перациялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірбиеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарыесептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олар әр-түрлі формаларда - қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азаяды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттардың иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, есеп айырыусылар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағындағы шоттарын қаражатарды үнемі алып және оны бірнеше күнен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сиппатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебіенен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорентік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасынла айырмашылықтар бар. Дипозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болу мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай ол белгілі бір уақытта несие алуы мүмкін. 3
Алайда, тәжірбиде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансокациялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өнімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерде көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тиым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу ұсынады, ол бір жағынан өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айыру үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуға қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануға мүмкін есеп айырысу тратысы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу траталарын беруге болатын депозиттік шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етіледі.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айда жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табу мен қандайда бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ол осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері - 1 айдан 3-айға дейін, 3 айдан 6-айға дейін, 6 айдан 12-айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланыста сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көпнесе тәжірбиеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозитердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнытты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқада коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, силыққа, жастарға мақсатты т. б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т. б. ) ұсынулары мен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz