Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: « Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны. »

2006-05-31

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы . . . 5

1. 2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі . . . 10

1. 3. Лизинг -инвестиция тартудың басты құралы . . . 14

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі . . . 16

2. 2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны . . . 25

2. 3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері . . . 27

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3. 1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. . 35

3. 2. Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы уақыттағы перспективалары . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 43

ҚОСЫМША

Кіріспе

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды -инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда.

Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1, 9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.

Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

  • лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг» түсінігінің тұжырымын нақтылау;
  • лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
  • инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау;
  • ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;
  • Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.

ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы лизингтік операциялардың дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі -лизинг. Лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.

Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға, өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

1 -тарау. Лизингтің экономикалық мазмұны

1. 1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарды және қызметті аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтудан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне кетеді. Лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада ХХІ ғасырда қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат саналатын теңіз кемесінің якорьлары сауда кемелерінің иесіне жалға берілген.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп. » атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. «Лизинг» термині

ағылшынның «Leasing» және «Lease» деген сөзінен шыққан, яғни «жалға

беру» және «жалға алу» деген мағынаны білдіреді. Лизинг негізінде ХХ ғасырдың ортасында көп тараған және дамыған. 50 жылдың соңы мен 60 жылдың басында АҚШ, Батыс Еуропа және Азия Тынық мұхиты аумағында, өзінің қызметі жағынан ерекше лизингтік компаниялар пайда бола бастады.

Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтің қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастырылған және оның әрбір кезеңіне сипаттамалар берілген (кесте 1) .

Кесте 1. Әлемдік нарықтағы лизингтің даму кезеңдері*

Кезеңдер
Кезеңдер: І. ХІХғ. соңы -ХХғ. басы
: Лизингтің қалыптасуының алғашқы кезеңі
Кезеңдер: ІІ. 1950-1960 жж.
: Американдық кезең
Кезеңдер: ІІІ. 1960-1970 жж.
: Лизингтің әлемге таралу кезеңі
Кезеңдер: ІV. 1970-1980 жж.
: Лизингтің «шу» кезеңі
Кезеңдер: V. 1980-қазіргі уақытқа дейін
: Әлемдік лизингтік одақтардың құрылу кезеңі

*Көзі: Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2005, 15б.

Лизинг біздің елде 1989 жылы банктер лизингтік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизингті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықтарды, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болды.

Еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама беру үшін, жұмыста 2003 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандағы лизинг: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы» деген тақырыпта болып өткен халықаралық «дөңгелек столда» болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік бизнестің 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы кесте құрастыра отырып талдаулар жасалынған (кесте 2) .

Кесте 2. Қазақстандағы лизингтің қалыптасу және даму кезеңдері*

Жылдар аралығы

Кезеңдердің

аты

Қысқаша сипаттама
Жылдар аралығы:

І-кезең

1989-1992

Кезеңдердіңаты:

Пайда болу

кезеңі

Қысқаша сипаттама:

Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды

және кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.

Жылдар аралығы:

ІІ-кезең

1992-1994

Кезеңдердіңаты:

Баяулау

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Қазақстанның ішкі нарығындағы экономикалық дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің қарқыны баяулай бастады.
Жылдар аралығы:

ІІІ-кезең

1995-2000

Кезеңдердіңаты:

Жандану, қайта даму

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Лизингті мемлекттік қолдау және ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл кезеңді «мемлекеттік лизинг» кезеңі деп те атауға болады.
Жылдар аралығы:

ІV-кезең

2000-2003

Кезеңдердіңаты:

«Банктік лизинг»

кезеңі

Қысқаша сипаттама: Банктік лизингтік компаниялардың құрылуымен байланысты лизинг коммерциялық секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.

*Кестені зерттелген әдебиеттер негізінде автор жасаған.

Осы кестеде көрсетілген кезеңдерді 2004 жыл және одан жоғары жылдар деп толықтыру ұсынылған. Себебі, 2004 жылдың қаңтар айында «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша есептелінген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылатындығы болып табылады. Яғни, штелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен дамуының V-кезеңі және «лизингтің қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі» деп атауды ұсынамыз.

Лизинг жөніндегі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру және заемды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүліктік арендалық келісім-шарт сипатымен анықталынады. Бұл келісім-шарттың жиынтығы лизингтің шынайы мәнін және оның формасының әр алуандығын білдіреді.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, техникаларды, өндірісте, сауда -саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен белгіленген мерзімде пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

2000 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес лизинг дегеніміз - лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Лизингке беруші-бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.

Лизингке алушы-лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.

Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілетін мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтық мәнін жоғарлатады.

Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған негізгі құралдың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер табылады.

«Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа да кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім - шарттың негізі болып санала алады.

Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды біріктіретін аялар деп қарастырады.

Лизингтің несиеден қарағанда өзіндік ерекшелігі бар, ол тиімді шарт ұсынады (қосымша 1) . Нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландырудың негізгі қаражатының жетіспеушілігіне байланысты клиенттерге қолайлы. Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарының инвестициялық қаржыландыруда лизинг арқылы қаржыландыру көбірек тиімді, бірақ меншік қаражатынан азырақ тиімді (қосымша 2)

Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні -ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық ең алдымен меншік қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше шегеріледі. Лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілетін төлемдер төленіп мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады.

Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизингке берушіге сақталынады, ал оны пайдалану құқығы лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіге алдын-ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.

Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.

Шартты мысал негізінде несиелік және лизингтік нұсқалар бойынша есептеулер кезінде алынған соңғы нәтижелерді бір кесте түрінде көрсету арқылы салыстырулар жүргізілген (кесте 3) .

Кесте 3. Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын салыстыру. *

Көрсеткіштердің аттары
Несиелік нұсқа
Лизингтік нұсқа
Көрсеткіштердің аттары:

1. Құрылғыны сатып алу шығындарының

дисконтталған құны PV төлемдер

Несиелік нұсқа: 1318, 8
Лизингтік нұсқа: 1057, 23
Көрсеткіштердің аттары: 2. Корпоративтік табыс салығы бойынша үнемділіктің дисконтталынған құны PV үнем
Несиелік нұсқа: 395, 2
Лизингтік нұсқа: 363, 64
Көрсеткіштердің аттары: 3. Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған құнының салық бойынша үнемділіктің дисконтталынған құнына азайтылуы (1 жол-2жол)
Несиелік нұсқа: 923, 6
Лизингтік нұсқа: 693, 59
Көрсеткіштердің аттары: 4. Салық бойынша үнемділік құнының құрылғының алғашқы құнына пайыз түріндегі қатынасы (2жол/ 1жол*100 пайыз)
Несиелік нұсқа: 29
Лизингтік нұсқа: 34

*Кесте автордың жүргізген есептеулері негізінде жасалынған.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай - ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелділіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешені. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып, сатып алу туралы келісім-шартта кіреді. Лизинг үшін осы келісім шарттардың күрделілігі тән. Және тағы бір ерекшелігі жалға беруде екі тарап қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Бұл жағдай негізделген, себебі лизинг беруші мүлікті лизинг алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алады. Сондай-ақ, міндеттердің бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының кепілі болып табылады.

Лизингтің бұл барлық тиімділіктері жиынтығында лизингтік мәмілелерді іске асыруда лизинг алушыға түрткі болатын себептер ретінде қызмет етеді. Бұл арқылы жалға алынған мүлік пайдаланылады. Мұндай мәмілеге лизинг берушілер де қызығады. Егер олар коммерциялық банктер болса, онда олардың тиімділігі банктік капиталды пайдалану саласын кеңейтуде, өздерінің қаражаттарын азғантай тәуекелмен орналастыруда, салықтық жеңілдіктер алуда және жабдықтарды өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнатуда көрінеді. Ал лизингтік компаниялардың тұлғасы ретінде лизинг беруші үшін тиімділік мүлікті өткізу шеңберін кеңейту және қолма-қол ақша алудан құралады. Лизингтік мәміленің негізіне мынандай элементтер жатады:

1. Мәміленің объектісіне-амортизацияға жататын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлік, сонымен қатар мүліктік құқықтар және акция пакеті жатады. Акция пакетінің лизингі республика Үкіметімен бекітілген және қағидамен белгіленеді. Нарықта еркін айналуға тыйым салынған мүліктер мәміленің объектісі болып табылады.

2. Лизинг субъектісі. Лизинг мәміленің субъектісі болып мәміле объектіге тікелей қатысы бар жақтар табылады. Сонда оларды тікелей және жанама қатысушыларға бөлуге болады.

Лизинг мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:

  • лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг берушілер мен лизинг алушылар) ;
  • өндірістік (өнеркәсіп және ауыл шаруашылық), сауда және көлік кәсіпорындары, халық (лизинг алушылар немесе лизинг берушілер) ;
  • мәміле объектілерін жабдықтаушылар-өндірістік және сауда компаниялар.

Лизинг мәміленің жанама қатысушыларына лизинг берушіні несиелейтін және мәмілелердің кепілдеуші болатын коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік және басқа да делдал фирмалар жатады.

3. Лизинг мерзімі (лиз мезгілі) . Лиз мезгілі дегеніміз лизинг келісім-шарттың қызмет ету мерзімі. Лизинг ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі болғандықтан, мәміленің объектілерінің қызмет ету ұзақ мерзімі мен жоғары құны лиз мезгілінің уақытылы шектеулерін анықтайды.

4. Лизинг құны. Лизингтік операциялардың жобасында ең қиыны -бұл лизинг берушіге тиісті лизинг төлемдер сомасын анықтау.

Лизинг -бұл тәуекелдің жоғары деңгейі бар банк операциясы. Лизинг бизнестің капитал көлемін көп қажет ететін түрі болып табылады және лизингтік компаниялар қарыз қаражаттарды кең түрде тартуға мүдделі. Сондықтан коммерциялық банктер үшін лизингтік операцияларда жанама түрде ғана емес (бөлімді, басқарманы ұйымдастырып), лизингтік компанияларды қалыптастыру арқылы, сонымен, лизингтің көлеміне, бағытына, нақты түрлеріне әсерін тигізіп, тікелей түрде қатысуы маңызды.

1. 2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығында лизинг көп түрлерге бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингтік операциялар жүзеге асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингтік операцияларды (сурет 1) қызмет көрсету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті түрде лизингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі.

Тек осындай жағдаймен лизингтік операциялар нақты белгіге ие болады. Бұл берілген мәміленің мәнін алдын ала анықтауда және лизинг алушы үшін оның потенциалды пайдасын сақтап қалуында маңызды рөл атқарады.

Лизингтің 10 шақты түрін жіктеу белгісіне сәйкес 2 негізгі түрге бөлуге болады:

- қаржылық лизинг-жалдау төлемін жалға алынған мерзім ішінде толық төлеу немесе өзін-өзі өтеуімен сиптталады;

- шұғыл лизинг-мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Лизингтің негізгі түрлері
Мәміленің объектілері
Лизингтік операциялар
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Қазақстан Республикасындағы лизинг операциясы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz