Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары



Кріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық.экономикалық тетіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030ң стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
1. 2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы, 2002, №30.
2. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2001 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2001.
3. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік, саяси даму жолындаң, «Егемен Қазақстанң 2005, 18 ақпан.
4. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа заман – Жаңа экономикаң //, «Егемен Қазақстанң 2004, 16 желтоқсан.
5. «Стандарттау мен сертификаттау туралың ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстанң // 1993, 17 ақпан.
6. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысың, «Экономикаң 2004, №3, 72-76 беттер.
7. Айманбетов Н.Е. «Агрономияң 2000, «Алматың, 46-69 беттер.
8. Тағы да миллиард пұт астық // «Казахстанская правдаң 2004, №6, 22 қаңтар.
9. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.
10. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха - маркетинг (100 вопросов – 100 ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке. – 2-е изд., перераб. и доп. –М.: Международные отношения, 2001.
11. Исаева М.Г., Жихарева В.И., Баймагамбетов Г.А. Продовольствен-ный комплекс: формирование и развитие.- М.: Агропромиздат. – 1998.
12. Маркетинг: Учебник /А.Н.Романов, Ю.Ю.Корлюгов, С.А.Красильников и др.; под ред. А.Н.Романова - М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 2000.
13. Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.
14. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 1987.
15. Стефанюк А.И. Реконструкция и техническое перевооружение предприятий пищевой промышленности.- М.: Агропромиздат, 1999.

Мазмұны

Кріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .9
3. Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...22

КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері Қазақстан-2030ң стратегиясында
көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана
бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін,
инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина
жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті
өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері
қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң
бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа
бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз
бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына
қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей
қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз
өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып
отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-
сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның
сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары
дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және
Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи
тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, дық жұмысымның мақсаты ретінде
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін
ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым.

Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін
анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын
бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен
өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты
мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері
қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін
заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі
сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына
кіру алдындағы өнімнің сапасын арттырудың мәні анықталады. Өнім сапасына
әсер ететін факторлар анықталып, олардың өндірілетін өнімнің сапасындағы
атқаратын қызметі, сондай-ақ олардың түрлері, олардың түрлерінің сапаның
атқаратын ортасына қарай топталып, жіктелуіне толық сипаттама беріледі.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған
жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама
беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын
өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары
қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің
бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.

ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
Көп салалы экономика жағдайында жергілікті агроөнеркәсіп кешенін
дамытудағы ұйымдастыру-экономикалық тетіктерін басқару аспектілері толық
жетілмеген болды.
Ауылдық жерлердегі барлық ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық
түрлерінің дамуына әсер ететін негізгі фактор, салааралық қатынастарды
мемлекеттік реттеу тетігінің қалыптасу тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы
өндірушілер мен өнеркәсіптік қор өндіруші салалар арасындағы өнім
айырбасының баламалылығы, сонымен қатар инновациялық кәсіпкерлікті
ынталандыру болып табылады.
Қазіргі жағдайда, ішкі ортаның тез өзгеру қарқынына байланысты
өткеннен келешеккең принципі негізінде шешім қабылдау, басқару шаралары
мен қалыптасып қалған өндірістік-экономикалық жағдайлардың сәйкес
келмеуіне әкелуі мүмкін, ал бұл мәселе өз кезегінде күрделі негативті
нәтижелерге алып келуі мүмкін. Оперативті басқарудың концептуалды негізі
болып келешектен осы шаққаң принципі бойынша шешім қабылдау идеясы қызмет
етеді, бұның методологиялық негізі ретінде жүйелі талдау саналады. Бұл
жерде эвристикалық әдістер қолданылады, бұл дегеніміз келешек жағдайлар
сценарийін жасауды жетілдіру, эксперттік бағалауларды қолдану, сонымен
бірге стохастикалық программалау және имитациялық моделдеу, түрлі
мөлшердегі және типтегі ақпараттық жүйелерді де пайдалану.
Жүргізілген реформалар барысындағы жағымсыз аспектілердің бірі
ретінде ауыл шаруашылық өндірушілері сатып алатын материалды-техникалық
ресурстарға және өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспоритеті
болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту перспективасы
көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін
сақтау және өткізуге байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде өткір
проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта-
жігерін интеграциялау саналады. Қатнастар өзара экономикалық және моральдік
қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құрылады.
Сондықтан да нарықтық жағдайда шаруашылық етудің экономикалық
тетігінің бір элементі ретінде аграрлық өндірісті бағдарламалау, өндірісті
қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу және өткізу болып
табылады.
Ауыл шаруашылығының маңызды артықшылығы ретінде негізгі өндіріс
құралы болып жер, табиғи ресурс және ұлттық байлық ретінде пайдаланылуы жер
өңдеудің ғылыми – негізделген жүйесі есебінде іске асырылуы тиіс.
Кері жағдайда топырақтың құнарлылығы төмендеп, оның өнімділігі
азайып, соңғы кезекте еңбек өнімділігі, материалдық және қаржылық қорларды
негізсіз жұмсау болып табылады.
Жоспарлау ауыл шаруашылығында белгілі бір принциптер негізінде жүзеге
асырылады. Олар кез-келген әлеуметтік-экономикалық қатнастарда қолданылуы
мүмкін, ал басқалары бұл қатнастардың қайта қалыптасуы болып
табылатындықтан аграрлық саясаттың өзгеруіне байланысты өз қызметін
тоқтатады. Жоспарлау мемлекеттік реттеу әдісі ретінде, нарықтық экономикасы
дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мақсатқа бағытталған жоспарлауға жататын сілтеме ретінде мыналарды
атауға болады: Оның құрылымындағы көпжақтылықтың қалыптасуы мен жеке меншік
формаларының өзара қарым-қатнасы; АӨК-гі экономикалық қатнастардың қайта
қалыптасуы, АӨК-нің өзінің халық шаруашылығының басқа да салаларымен қарым-
қатнасы, АӨК және мемлекет арасындағы қарым-қатнастар. Басқаша айтқанда
әңгіме негізінен салааралық қатнастар жөнінде болып отыр, ауыл шаруашылығы
мен өнеркәсіп арасындағы өзара алмасу эквиваленттілігі және т. с. с.
Жоспарлаудағы басты мәселені салалық аспектіге бұруға тура келеді.
Бұл шаруашылық қызметпен тікелей байланысты, жеке өнім түрлерін (астық,
сүт, киім, т.с.с.) өндірумен айналысатын өндірісті дамыту, қолдау, ішкі
нарықты қорғау, экспортты немесе импортты ынталандыру сияқты экономикалық
шаралар жүйесін анықтау. Ауыл шаруашылық өндірісінде, мысалға, жоспарлауға
өзіндік тәсіл керек, бұл оның өндірісі балансына негізделген, қолдану
(тұтыну), өсудің болжамды мүмкіншіліктерін бағалау, өндіріс көлемін
қысқарту қажеттілігі, мақсаттар мен міндеттерге адекватты шаралар жүйесін
анықтау.
Дәнді дақыл өндірісіндегі және оны өткізудегі қалыптасқан жағдайлар
оның сыртқы және ішкі нарықтардағы өткізілуін қажет етеді. Мұндай бағалау
ауыл шаруашылық өнімдерін сұраныс және ұсыныс нарықтарындағы өзін-өзі
реттеуді толықтырып отыратын экономикалық шаралардың дамытылуына қажет
етіледі. Нарықтық қатнастар жоспарлаудың нысандары мен әдістеріне, сондай-
ақ,оның негізін құраушы принциптеріне әсер етеді.
Дәнді дақылдарды өндірудегі жоспарлауда төрт кезекті этапты ескерген
жөн: нарықтағы қызмет бағдарламасының негізділігі; өнімді және шикізатты
өндірушілердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау; өндірістің дамуын жүзеге
асыру; нарықтағы тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысын қанағаттандыратын
өнімді және шикізатты өндіру есебінен табысты анықтау.
Кәсіпорын жоспары жоспар-бағдар (болжау) болып табылады, оның жүзеге
асырылуы бәрінен бұрын коллектив жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-
жігерін ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл болжамдар мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын,
ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму тенденцияларын (өндірістің даму
қарқыны, өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің, құрылымдық
сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.б.)
айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың
стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі
реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату,
шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын-мемлекеттік және
басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.
Егін шаруашылығы саласының дамуына мемлекеттік әсер ету механизмін 5-
6 жылға құру қажет, бұл уақыт аралығында ол қайта қаралмауы керек. Бұл
қарастырылып отырған саланың барлық субьектілерінің өндірістік-шаруашылық
қызметін тұрақты жүргізуін тұрақтылыққа ие болуына және де ұйымдастырушылық-
экономикалық іс-шараларды өз кезегінде жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Егін шаруашылығындағы экономикалық жағдайларды талдау нәтижелерін
қарастыра отырып мынадай тұжырым жасауға болады: агронарықтың тұрақтанып
одан әрі дамуына бағытталған, егін шаруашылығымен айналысатын субьектілерді
қолдап олардың экономикалық қызығушылықтарын қорғайтын мемлекттік реттеу
моделі керек. Бәрінен бұрын астық өндірісін ең қолайлы табиғи-экономикалық
жағдайлары бар ауыл шаруашылық аудандарға орналастырылуын қадағалау керек,
бұл өз кезегінде негізгі ресурстар мен капиталдың экономикалық серпілісін
жоғарылатуға, экономиканың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылық емес
функцияларын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Астық өндірістік
қайта ұйымдастыру тұтыныс пен тепе-теңдікке алып келіп сонымен қатар егін
шаруашылығы саласының нарықтық бәсеке қабілеттілігін айқындауы керек.

2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын
жетілдіру жолдары
Жоғары сапалы астық өндіру мәселесінің кең қанат жаюымен қатар, оны
Қазақстанда өндіру, өңдеу және өткізудің экономикалық өзара қарым-
қатынастардың прогрессивті формаларын іздестіру қажеттілігін алдын-ала
айқындайды.
Ауыл шауашылығы саласындағы осындай өзара қарым-қатынастарды зерттеп,
тәжірибе жүргізу бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы, ауыл шаруашылығы
өнім өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар, сауда ұйымдары, аралас сала
кәсіпорындары арасында интеграция үрдістері жылдамырақ жүретін
кооперацияларды дамыту болып табылады.
Осыған байланысты АӨК-гі кооперациялар келесі бағыттар бойынша дамуы
тиіс: ауылшаруашылық, өндірістік кооперациялар, ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдейтін кооперациялар, жабдықтау-өткізу және де несиелік, сақтандыру
формалары және т.т.б.
Кооперациялар тиімділігі көбінесе оның қалыптасу сатысындағы дамуын
реттейтін және кең қатынастар жүйесі қалыптасатын салааралық кооперацияның
қызметі арасында экономикалық қатынастардың қаншалықты негізделгеніне
тәуелді болады. Ол халықшаруашылығы экономикасының аралас салалы ауыл
шаруашылығының барлық формаларын және бірінші кезекте агроөнеркәсіптік
өндірістің жалпы құрамын қамтиды.
Агроөнеркәсіптік кооперация тек қана тік типтегі қатынастарды
қамтиды және тік интеграция формасы болып табылады. Ол ауылшауашылық өнімін
өндіруге қолайлы жағдай жасау мен оны тұтынушыға жеткізуге дейін бір
техникалық сатыда бір-бірінен кейін жүретін салалардың жинақталуы (астық
өндіретін шаруашылықтар, астық тазалау кешендері (элеваторлар) және жеңіл
және тамақ өнеркәсібі үшін астық және астық өнімдерін өткізу).
Атап өтетін бір жәйт, өндірістің капиталистік тәсілі жаңа, жоғарғы
синтез – жер өңдеу кеңесі және оларға қарама-қарсы дамитын формалар
негізіндегі өнеркәсіптің материалды алғышарттарын шығарады.
Агроөнеркәсіптік кооперацияның обьективті негізі болып өндіргіш
күштердің даму деңгейі, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы, ауыл
шаруашылығының экономиканың басқа да салаларымен өзара қарым-қатынастарының
кеңейуі табылады. Бір-бірімен тәуелділіктері арта түседі, ал жалпы соңғы
нәтиже агроөнеркәсіптік интеграцияның барлық тізбектерінің бірқалыпты
дамуына (кластерлік даму) тәуелді болады.
Итеграция формалары олардың қаралу дәрежесіне тәуелді: аудан, облыс
және республика, сонымен қатар біріктірілетін салалардың технологиялық және
ұйымдастырушылық бірлігі дәрежесіне (егін шаруашылығы) де байланысты.
Кооперация - өндірісті ұйымдастырудың бірнеше шаруашылық етуші
субьектілердің жалпы өндірістік-экономикалық мақсаттарға жету үшін өз
еріктерімен ұйымдасуын түсіндіретін арнайы формасын анықтайды.

1 сурет - Өнім өндіру сатысындағы тізбекті құрылым
Арнайы ұйымдастырушылық форма ретінде кооперацияның бірқатар өзіне
тән белгілері бар, солардың негізгілері болып мыналар табылады :
- шаруашылық етуші субьектінің бірігудің тиімділігі мен ортақ
мақсаттылықты терең эканомикалық түсіну негізінде кооперация өз еркімен
қосылуы;
- кооперативті ұйымның өз бетімен шаруашылық етушілігі мен өзін өзі
басқарушылығы;
- өз есебінен өзінің қауіп-қатеріне және тәуекеліне байланысты қызмет етуі
(жалпы қор, мүлік, өзін өзі қаржыландыру, құрамындағылардың материалдық
жауапкершілігі және т.с.с.).
Ауыл шауашылық кооперация аграрлы өндірістің, дамуына негізгі
бағыттардың бірі болып табылады. Кооперацияның дамуы экономикалық
обьективті заңдар негізіндегі заңды үрдіс.
Нарыққа өту жағдайында бұл саладағы интеграция мен кооперацияны
кеңейту қажеттілігі бірқатар артықшылықтармен түсіндіріледі : меншік
формасының ауысуы, өндірістік, жерлік қатынастардың өзгеруі, аграрлық
секторда шаруашылық қызметті басқару жүйесі. Бұндағы тауар өндірушілер мен
өңдеушілер және агросервистік кәсіпорындар арасында туындайтын өзара
түсінбеушіліктер тәжірибе көрсеткендей, кооперация және интеграция
принциптері бойынша көп нұсқалы бірігулері себебінен тез шешімін тауып
отырады.
Аграрлық нарықты қазіргі кездегі реформалауға байланысты біріктіру
үрдісі жүйелі қатынас түрінде жүреді. Сондықтан ауылшаруашылық өндірісінің
нарықтық жағдайларға бейімделуінде олардың кооперация және интеграциялануы
негізінде шаруашылық етуі меншіктің концептуалды формасының құрылуы өте
маңызды болып табылады. АӨК-гі акционерлеу тиімділігі көбінесе
кооперациялау және интеграция негізіндегі негізделген және біркелкі,
тұрақты салалар арасындағы қатынастар мен салалық және салааралық өндіріс
деңгейінде қалыптасқан қатынастардың ерекшеліктерімен анықталады.
Егін егумен айналысатын шаруашылықтар мен астық өңдеу зауыттары
арасындағы біріктірулер шаруашылық етудің неғұрлым жеңіл жүйесі болып
табылады. Ол кәсіпорындар арасында еңбек нәтижелерін, қорлар мен табысты
әділ бөлуге мүмкіндік тудырады.
Келешекте егін шаруашылығындағы экономикада өндірістің кооперация
және интеграциясының екі формасы дамуы керек : көлденең (горизонталды),
шауашылық ету формасы әртүрлі дәнді дақыл өсірумен айналысатын
кәсіпорындармен ұсынылған: тік (вертикалды), егін егетін шаруашылықтардың
бірігуі түрінде, олардың бөлімшелерінің астық өңдеу зауыттарымен. өндіріс
кооперациясы мен интеграциясының осы аталған екі формасының ішінде
анықтаушы рөлге, өндіріс ауқымы мен номенклатурасын, өндірістік қызмет
нысанын, өндіріс мерзімін және т.с.с. анықтайтындықтан дәнді дақыл өсіруші
шаруашылықтар ие.
Экономикалық қатнастардың барлық жүйесін қаржылық, ақпараттық және
тауарлы ағымдар төмендетеді, олардың бірлесіп және нақты өзара әсерлесуінен
шаруашылық ету нәтижесі тәуелді болады.
Тік кооперацияның құрылу механизмі дәнді дақыл өндірушілерді, астық
өңдеу зауыттарын, олардың ұйымдастыру-шаруашылық құрылымын, шаруашылық ету
механизмін жасауды анықтауы керек. Ол үшін бизнес-жоспар құрылады, онда
астық өндірушілер мен астық өңдеу зауытының коллетивтерінің өзара
экономикалық қарым-қатнастарын құру қарастырылады.
Айта кететін бір жәйт, жекешелендірудің нәтижесінде астық өңдеу
зауыттары жекеменшік кәсіпорындарына айналды. Сондықтан ауыл шаруашылық
өнім өндірушілері астық өңдеу зауыттардың экономикалық қатынастарын
реттеудің нақты құқықтарға ие бола алған жоқ. Осыған байланысты ашылған
зауыттардың кейбіреуі астық өнімдерін оптималды өңдеу принципі бойынша
айтарлықтай шығындар шегуде.
Сондықтан осы жағдайдың себебі экономикалық қатынастардың
жетілмегендігі, астық өндірушілер мен астық өңдеу зауыттарының арасындағы
айырбас үрдісінің эквиваленттілігінің бұзылуы болып табылады. Олардың
астықты өткізуден алынатын тиімділікте ортақ мақсаттары жоқ : өнім өндіруші
алынған астықты астық өңдеу зауытына өткізеді, өңдеуден кейін өзі тауарлы
биржа арқылы сатып алушыға сатады. Бұл жағдайда зауыт коллективі өңделген
өнім сапасына ең алдымен астық дәнінің сапасына ешқандай жауапкершілік
артпайды.
Астықты өңдеу, астық өңдеу зауытының шығындарын жабуы мүмкін
болатындай, келісімді, өзара тиімді есепті бағамен жүруі тиіс. Өзара
есептесу ретімен формасы келісім шартқа сәйкес : астықтың түрлі
сұрыптарымен жүргізілуі керек.
Бұл өзара қарым-қатынастағы мұндай әдіс келісім шарттағы,
жеткізілетін астықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
Пәндер