Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КӘСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... 12

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис»АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорынның ақшалай құралдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 «Кедентранссервис» АҚ.ның бағалы қағаздар өтімділігін талдау ... ... ..21

3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру.
Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың ролін және оларды басқару әдістерін анықтау;
- «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорында ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;
- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық цикл ұзақтығын анықтау;
- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В. Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2010ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2010ж
2. Жүйриков К.К.: Финансы предприятий в условиях рынка.-Алматы, 2002, 64-65б.
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. –Алматы: Экономика. 2001– 230 б.
4. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами: Пер. с англ. /Гл. ред. серии Я.В. Соколов. - М.: Финансы и статистика, 1997.- 800 б.
5. Верещака В.В. Привлечение оборотных средств // Главбух. - 1998. - N 21. - б.19-26.
6. Ефимова О. В. Анализ оборотных активов организации. // Бухгалтерский учет – 2000г. - №10 – б.47-53.
7. Ефимова О.В. Финансовый анализ.- М.: Бух. учет, 1996 -208б.
8. Козлова Е.П., Галинина Е.Н. Финансовый анализ и аудит. –М.: Финансы и статистика, 2008.– 432б.
9. www.astanatradeinternational.kz
10. Литвин.И.И Как определять плановую потребность предприятия в оборотных средствах // Финансы. - 1997. - N 10. - б.10-13.
11. Нестеров В.О. , Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.-М.: Финансы и статистика, 2009.- 180б
12. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Анализ отчетности.-М.: Финансы и статистика, 2007.– б34 - 38.
13. Павлова Л.Н. Финансовый менеджмент в предприятиях и коммерческих организациях. Управление денежным оборотом. - М.: ИНФРА-М, 2002. – 392б
14. Парамонов А. В. Учет и анализ предпринимательского капитала // Аудит и финансовый анализ. – 2001г. - №1 –б 88.
15. Рубченко М., Агеев С. и др. Искусство управлять деньгами // Эксперт. - 2001г - N6 - б 17 - 29.
16. Стоянова Е.С., Быков Е.В., Бланк А.И. Управление оборотным капиталом. - М.: Изд-во "Перспектива", 2007. - 128с.
17. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент. -М.: Перспектива, 2002 – 193б
18. Уткин Э.А. Финансовое управление. - М.: Финансы и статистика, 2004. – 307б
19. Фащевский В.М. Об анализе оборотных средств //Бухгалтерский учет. - 2003г - N2 – б 80 - 81.
20. Финансы в управлении предприятием /Под ред. Ковалевой - М.: Финансы и статистика, 2006 – 160б

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық
негіздері

1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... 12

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ (КедентранссервисАҚ
мысалында)

2.1 Кәсіпорынның ақшалай құралдарын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Кедентранссервис АҚ-ның бағалы қағаздар өтімділігін талдау
... ... ..21

3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары
экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар
біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы
халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен
бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін
байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің
нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикада бизнесті басқару
көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық
ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар
қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау
белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы
тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды
анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады.
Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды
жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие.
Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың
эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі
қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың
қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы
себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны
басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару
стратегиясын жетілдіру.
Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей
міндеттерді шешу көзделеді:
- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың ролін және
оларды басқару әдістерін анықтау;
- КедентранссервисАҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорында
ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;
- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық
цикл ұзақтығын анықтау;
- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық
менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барысында
Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В.
Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік
арқау ретінде көрініс тапты.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс 3 негізгі бөлімнен,
кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен
құралған, жалпы беттер саны- .
Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым капиталын
басқарудағы ақшалай қаражаттарды басқарудың маңызы, ақшалай қаржаттарды
тиімді басқарудың қаржылық жағдайға әсері, ақшалай қаражттарды басқарудың
әдістері анықталған. Екінші бөлімде КедентранссервисАҚ Атырау қаласындағы
филиалы мысалында кәсіпорындағы ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау
жүргізілген, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы,
қаржылық цикл ұзақтығы анықталған. Үшінші бөлімде ақшалай ағымдарды
басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық стратегияның әр
нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың
кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің
болжамды мәндері есептелген, қаржылық менеджменттің стратегиясын жетілдіру
жолдары ұсынылған.

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық
негіздері

1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің
негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың
жаңа жағдайларын анықтайды.
Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды
айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа
қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге
мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі
өндірістік қорлар табылады. Қызмет көрсету процесі барысында еңбек өнімдері
мен еңбек құралдары әрқалай және әртүрлі дәрежеде өндірілетін өнім құнына
өз құнын тасымалдайды. Осының арқасында өндірістік қорлардың негізгі және
айналыс қорларына бөлінуі дәлелденеді. Айналымдағы өндірістік қорлар
өндіріс саласына қызмет етеді және бір өндірістік цикл процесінде бастапқы
түрін өзгертіп, дайын өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Өз айналымында
айналым қорлары кезек-кезек ақшалай, өндіргіштік және тауарлық форманы
иеленеді, бұл олардың өндірістік қорлар мен айналыстағы қорларға бөлінуіне
сәйкес келеді. 1
Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қажетті шикізат қорлары, негізгі
және қосымша материалдар, стаып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша
өнімдер, жағармай, жөндеу жұмыстары үшін керекті бөлшектер, аз құнды және
тез тозатын бұйымдар, аяқталмаған өндіріс ретінде болады. 2
Айналым қорларына мыналар кіреді: дайын өнім, ақшалай қаражаттар және
дебиторлық қарыздар.
Әрдайым қозғалыста бола тұра, айналымдағы өндірістік қорлар мен
айналыстағы қорлар қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар қорларының айналымы шикізаттарды, материалдарды, жағармайды
және басқа да өндіріс құралдарын алуға ақша түрінде құнның авансталуынан
басталады- бұл айналымның бірінші кезеңі. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар,
айналыс сферасынан өндіріс сферасына көшуді көрсете отырып, өндірістік
қорлардың түрін иеленеді. Сонымен қатар бұл жерде құн шығындалмайды,
авансталады, өйткені айналым соңында ол қайтадан қалпына келеді. Айналымның
екінші кезеңі өндіріс процесінде жүзеге асырылады, яғни еңбек күші,
құрамында тасымалданған және жаңа қалыптасқан құны бар жаңа өнімді жасап,
өндіріс құралдарын өндірістік тұтынуды жүзеге асырады. Авансталған құн
қайтадан өзінің түрін өзгертеді - өндірістіктен тауарлыққа ауысады.
Айналымның үшінші кезеңінде өндірілген дайын өнімді (жұмысты, қызметті)
өткізіледі және ақшалай қаражаттар алынады. Бұл кезеңде айналым қаражаттары
қайта өндіріс сферасынан айналым сферасына көшеді. Үзілген тауарлық айналым
жаңғыртылады, құн тауарлық түрден ақшалай түрге айналады. Өнімді
жұмыстарды, қызметтерді) дайындау мен өткізуге кеткен және өндірілген
өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан алынған ақшалай
қаражаттар соммасының айырмасы кәсіпорынның ақшалай жинақтарына теңеледі.
Бір айналымды жүзеге асырып болған соң, айналым қаражаттары жаңасына
көшеді. Айналым қаражаттарының тұрақты қозғалысы өндіріс пен айналымның
үздіксіз процесінің негізі болып табылады. Бұл айналыс қаражаттарының ең
маңызды қызметтері болып табылады- өндірістік.
Айналым қаражаттарына талдау жасау барысында айналым қаражаттарының
айналым жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларды атап өту қажет.
Олардың негізгі факторлары 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1. Айналым қаражаттарының айналымына факторлар әсері

Айналым қаражаттары өндіріс саласына, айналым саласына, халық
шарушылығындағы есеп жағдайларына, соныменен мемлекеттегі ақша айналысына
маңызды әсерін тигізетін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып
табылады, олар екінші қызметті атқарады – есеп-төлемдік.2
Жасалатын айналымдағы өндірістік қорлардың және айналыстағы қорларының
қорларына ақшалай қаражаттардың авансталуы ретіндегі айналым қаражаттарының
анықтамасы бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Бұнда
айтылмаған жағдай: ақшалай қаражаттардың белгілі бір соммасын аванстаумен
бірге өндіріс процесінде жасалатын қосымша өнім құнын бұл қорларға аванстау
процесі жүзеге асады. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлардың
айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттарының соммасы
алынған табыстың белгілі бір соммасына ұлғаяды. Табыстылығы төмен
кәсіпорындарды айналым қаражаттарының сомасы қорлардың айналымы
аяқталғаннан кейін шығындарға байланысты кемиді.
Соныменен, айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларды
және есептерді уақытылы орындауды жүзеге асыратын қажетті минималды
көлемдегі айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларының жоспарлы
түзілуі үшін ақшалай түрдще авансталатын құн болып табылады. Айналым
қаражаттары ақшалай және материалдық ресурстарды қамтитындықтан, олардың
ұйымдастырылуы мен пайдалану тиімділігінен материалдық өндіріс процесі ғана
емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. 2
Айналым қаражаттарын ұйымдастыру олардың тиімділігін жоғарлату мәселелері
кешенінде басты болып табылады. Айналым қаражаттарын ұйымдастыру мыналарды
қарастырады:
• Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамын ұйымдастыру;
• Айналым қаражаттарына деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау;
• Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
• Айналым қаражаттарын пайдалану мен олармен айла-әрекеттер жасау;
• Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ақталуына
жауапкершілік. 3
Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен
айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.
Айналым қаражаттарының элементтері болып мыналар табылады: шикізат,
негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша
материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-
саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын
нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар,
алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай
қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.
Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі
ерекшеліктер бойынша сыныпталады:
1) Өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты – айналыстық
өндірістік қорлар және айналым қорлары;
2) Бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты – қалыпқа
келетін және қалыпқа келмейтін айналым қаражаттары;
3) Айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты – меншікті
капитал және қарыздық айналым капитал;
4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына) байланысты –
жоғары өтімді қаражаттар, тез өтімді айналым қаражаттары және баяу
өткізілетін айналым қаражаттары;
5) Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты – салымдардың
минималды тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың аз тәуекелі бар
айналым қаражаттары, салымдардың орташа тәуекелі бар айналым қаражаттары,
салымдардың жоғары тәуекелі бар айналым қаражаттары;
6) Есеп стандарттары мен кәсіпорын балансында көрсетілуіне байланысты –
қорлардағы айналым қаражаттары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;
7) Материалдық-заттай мазмұнына байланысты – еңбек құралдары, дайын өнім
мен тауарлар, ақшалай қаражаттар, шоттардағы қаражаттар. 4
Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым қаражаттарының жалпы
соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды.2
Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі
салаларында бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және
ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.
Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты негізгі ерекшелік олардың
айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен
дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады.5
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып
нормалау табылады. Бұл қағиданы жүзеге асыру меншікті айналым
қаражаттарының қажетті көлемін экономикалық дәлдікпен анықтауға және соның
арқасында өндірістік және төлем-есептік қызметтерді табысты орындау үшін
қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді. Айналым қаражаттарын
нормалаудан бас тарту болып табылатын жағымсыз қате тәжірибе – төлем –
есептік тәртіптің дағдарыстық жағдайының себептерінің бірі.
Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң
мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану болып табылады. Шығындарды,
шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік
пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік
айналыстан авансталған айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың
бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері
бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы,
жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы
қарыздардың өсуіне әкелді.
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидасы олардың сақталуын
қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып
табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру статистикалық
мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия
арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.
Көптеген кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына деген жеткіліксіздік
себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты болмауы болып табылады.
Бұл шикізатты тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып
алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым
қаражаттар қажет.6
Төлемсіздік мәселесі мерзімі өткен кредиторлық қарыздардың мерзімдері
бойынша, қазіргі кезде кімге төлеу қажет екеніне, кім күте алатынына, кімге
төлемдерді жүзеге асырмау мүмкін болатынына байланысты өздерінің
кредиторларын сыныптауды қажет етеді. Бұл кезекте бірінші орында
коммерциялық банктерге несие мен пайыздар және республикалық бюджетке
салықтар бойынша төлемдер тұрады. Мерзімінде жүзеге асырылмаған төлемдер
кәсіпорынды банкроттыққа әкелу мүмкін деңгейге дейін жоғары мөлшердегі
санкциялық өтемақыларға айналады. Қазақстандық шаруашылық тәжірибеде
осындай қауіп салыстырмалы шартты болып келетінін атап өту қажет. Қазіргі
кезде банкроттық мүмкіндік кәсіпорын көлеміне кері пропорционалды, соның
ішінде бұрын мемлекеттік болған кәсіпорындарға бұл кері тәуелділік одан әрі
көрініс табады.7
Кәсіпорынға өндірістік және өткізу әрекеттерімен байланысты шығыстарды
жүзеге асыруға, шикізат пен жұмыс күшін өтеуге мүмкіндік беретін жеткілікті
айналым капиталын қамтамасыз ету тәжірибеде бірнеше күрделі мәселелерді
шешу қажеттілігіне әкеп соғады.
Кәсіпорынның айналым капиталын мәнді толықтыруға мүмкіндік беретін
шешімдердің бірі – қорларды басқару. Қаржы менеджментінің батыс оқу-
құралдарының дәлелдемелері негізінде айналым капиталының толықтылығы
көзқарасы бойынша тауарлық қорлардың айналым жылдамдығынан басқа ешбір
фактор маңызды болып табылмайды. 8
Қазақстанды бұл фактордың әсерін анықтау үшін қорлардың бар болуы туралы
нақты ақпаратты алу және оларды қолдану нормативтерін есептеу қажет. Яғни
барлығы бухгалтерлік есеп мәселесінен басталады. Кәсіпорындар
қоймаларындағы есептік жүйелердің жетілдіру қажеттігіне күмән жоқ.
Кәсіпорын жиі бір шикізат түрін әртүрлі бағамен сатып алады. Қоймашыларда
барлық шикізат әртүрлі карточкаларда жазылып тұрады ( өйткені әртүрлі
бағаны иеленеді ). Бухгалтерия бұл шикізаттарды белгілі бір бағамен
шығынға жазу міндетті, бірақ олар әртүрлі карточкалардан шығынға
жазылатындықтан, шығынға жазудың жаңа әдісі – жорамалдап орындау орын
алады. Бұл мәліметтер негізінде қаржыны басқару, әрине, мүмкін емес.9
Біздің мемлекетімізде қазіргі кезеңге дейін дайындамалардың нақты өзіндік
құны бойынша қорларды бағалау әдісі болған. Бірақ оны қолдану кезінде
көптеген кәсіпорындарға тән қорларды ұзақ уақыт сақтау жағдайында,
біріншіден, өнімнің өзіндік құны төмендейді, екіншіден, материал
қалдықтарының құны салыстырмалы төмендейді, яғни олардың айналымы жасанды
жолмен ұлғаяды.
Кәсіпорын айналым қаражаттарын талдау жүйесінде негізгі орынды олардың
ағымдық жағдайын және пайдалану интенсивтілігі мен экстенсивтілік
көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.
Жүргізу кезінде әсіресе талдаудың баланстық әдістерін қолдану тиімді
болады, олар баланс статьяларының қатынасын кәсіпорынның бухгалтерлік
балансының құрамдас бөліктері мен берілген қатынастың сандық көрсеткіштерін
анықтау арасындағы байланыстардың салыстырмалы көрсеткіштерін есептеу мен
теңдеулерді пайдалану жолымен зерттеуге мүмкіндік туғызады. Кәсіпорын
балансының бұл талдау әдістерін кейде қаржылық деп атайды.14

Сурет 2. Кешенді экономикалық талдау жүйесінің схемасы

Сурет 3. Айналым капиталын талдау

Капитал жағдайын, қозғалысын және оның қызметінің нәтижелігін бейнелейтін
коэффиенттерді есептеу кезінде қолданылатын баланстық әдістер қаржылық
бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделеді. Бұл жағдай ақпаратты
қолданудың нақтылығы жағынан маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның
бухгалтерлік есебінде оның мүліктік, қаржылық жағдайы мен қызметінің
ақшалай көрінісіндегі нәтижелері бойынша мәліметтер құқықтық және шоттық
позициясынан жүйелі және нақты көрініс табады.
Кәсіпорын қызметінің шаруашылығында ағымдық активтердің барлығы
тұтынылмайды. Ақшалай қаражаттар кәсіпорынмен тікелей тұтынылмайды, ал
орнына тауарлар мен қызметтер алуға болады. Қысқа мерзімді қаржы салымдары
қаржы нарықтарында айналатын және кәсіпорын қызметінің барысында
тұтынылмайтын еркін ақшалай қаражаттар болып табылады. Сондықтан оларды
басқару операциялық менеджментке жатқызылмайды, бірақ ақшалай қаражаттарды
басқаруға қатысты болады. Ағымдық активтерді ақшалай қаражаттар мен қысқа
мерзімді қаржы салымдарының соммасына азайтып, операциялық менеджмент
компетенциясына жататын активтер бөлігін көрсететін таза ағымдық активтерді
аламыз. Сонда ағымдық пассивтерді (АП) қысқа мерзімді несиелер мен
қарыздар (ҚҚ) мөлшеріне азайтады және таза ағымдық пассивтер немесе жұмыс
капиталы пайда болады.
АП – ҚҚ = ЖҰМЫС КАПИТАЛЫ ( 1 )
Ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді
несиелер мен қарыздар несие позициясында ескеріледі. Несиелік позиция –
кәсіпорын қызметін қаржыландыру үшін қолданылатын тартылған несиелердің
нақты соммасын көрсететін мөлшер.
Айналым қаражаттарының айналымын жылдамдату олардың өндірістік циклінің
барлық кезеңдерінде орналасқан уақытына байланысты болады. Айналымның
жылдамдауының маңызды резервтері қоймаларда іріктелетін өндірістік қорларды
сақтау кезеңінде жинақталған.
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы

Айналым қаражаттардың айналымдылығы жылдамдату үлкен шығыстарды талап
етпейді және өндіріс пен өнімді өткізу көлемдерінің өсуіне әкеледі. Бірақ
инфляция айналым қаражаттарын жылдам құнсыздандырады, олардың көп бөлігін
кәсіпорын шикізат пен отын-энергиялық ресурстарды сатып алуға жұмсайды,
сатып алушыларды төлемеуі қаражаттардың маңызды бөлігін айналымнан алып
тұрады.
Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады.
Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді
активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға
жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын
қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге
айналады.
Айналым капитал қажеттіліктеріне пайдаланылмайтын кез келген қорлар
пассивтерді төлеуге жұмсалады. Бұдан басқа, олар негізгі капитал сатып
алуға жұмсалуы немесе меншік иелеріне табыс ретінде төленілуі мүмкін.
Айналым капиталын үнемдеу әдістерінің бірі, яғни оның айналымдылығын
арттыру әдісі өндірістік қорларды басқаруды жетілдіру болып табылады.
Кәсіпорын өндірістік қорларды жасауға қаражаттар бөлетіндіктен, сақтау
шығындары тек қойма шығыстарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге
тауарлардың бүліну немесе ескіру тәуекелімен, капиталдың уақытша құнымен,
яғни тәуекелдің эквивалентті деңгейіндегі басқа инвестициялық мүмкіндіктер
нәтижесінде алынуы мүмкін табыс нормасымен байланысты.
Кез келген көлемде, белгілі бір түрде ағымдағы активтерді сақтаудың
экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері берілген актив
түрі үшін арнайы сипатқа ие. Дайын өнімнің үлкен қоры күтілмеген жоғары
сұраныс жағдайында өнім жеткіліксіздігі мүмкіндігін төмендетеді.
Шикізат пен материалдардың үлкен қоры кәсіпорынды өндіріс процесінің
тоқталуымен байланысты сәйкес запастардың күтілмеген жеткіліксіздігінен
және қымбат материал-ауыстырушыларды сатып алудан құтқарады. Шикізат пен
материалдарды сатып алуға тапсырыстың жоғары болуы үлкен қорлардың пайда
болуына әкелумен бірге, жабдықтаушылырдың бағасын төмендету мүмкіндігін де
береді. Сол себептер салдарынан кәсіпорын дайын өнімнің жеткілікті қорының
бар болуын қалайды, ол өндірісті экономды басқару мүмкіншілігін тудырады.
Осының нәтижесінде кәсіпорын өзі өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсына алады.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын жоғарылату қорларды сақтаумен
байланысты шығындар мен нәтижелердің анықталуына және қорлар мен
шығындардың дұрыс балансына әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымдылығын
жылдамдату үшін кәсіпорында келесілерді жасау қажет:
- қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
- қатаң өндірістік жүйелерді жүргізу;
- қазіргі кезеңгі қоймаларды пайдалану;
- сұранысты болжауды жетілдіру;
- шикізат пен материалдарды тез жеткізу.
Айналым капиталының айналымдылығын жылдамдатудың екінші жолы дебиторлар
шотын төмендетуге негізделеді.
Дебиторлық қарыз деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнім түрі,
нарық сыйымдылығы, нарықта берілген өнімнің тарау деңгейі, кәсіпорында
қабылданған есептесу жүйесі және т.б. Дебиторлық қарызды басқару ең алдымен
есептесулердегі қаражаттардың айналымдылығын бақылауды ұсынады. Динамикада
айналымдылықтың жылдамдауы жағымды беталыс ретінде қарастырылады.
Потенциалды сатып алушыларды таңдау мен келісімшартта қарастырылатын
тауарлар үшін төлемінің шарттарын анықтау маңызды мәнге ие.
Таңдау формальды критерийлер көмегімен жүргізіледі: өткен кезде төлем
тәртібін сақтау, сатып алушы сұрайтын тауар көлемі үшін төлем бойынша оның
болжамды қаржылық мүмкіндіктері, ағымдағы төлемқабілеттілік деңгейі,
қаржылық тұрақтылық деңгейі, сатушы кәсіпорынның экономикалық және қаржылық
жағдайы (тауарларының бар болуы, ақшалай қаражатқа қажеттілік деңгейі және
т.б.).
Тұрақты клиенттердің тауарлар үшін төлемі жиі несие бойынша жүргізіледі,
несие шарттары көптеген факторларға байланысты болады. Экономикалық дамыған
елдерде 210 толық 30 сызбасы кең тараған. Оның мәні:
- сатып алушы алынған тауар үшін несиелеу кезеңінің басынан он күн
ішінде төлем жүргізсе, екі пайыздық жеңілдік алады;
- несиелік кезеңнің 11-ші күнінен 30-шы күніне дейін төлем жүргізілсе,
сатып алушы тауардың толық құнын төлейді;
- бір ай ішінде тауар үшін төлем жүргізілмесе, сатып алушы қосымша
айыппұл төлеу тиіс болады, оның мөлшері төлем кезіне байланысты
өзгеруі мүмкін.
Қарызды өтеу мақсатымен дебиторларға әсер етудің ең қолданылмалы әдістері
хаттар жіберу, телефондық қоңыраулар, персоналды ресми сапарлар, арнайы
ұйымдарға қарыздарды сату (факторинг) болып табылады.
Айналым капиталының шығындарын төмендетудің үшінші жолы қолда бар ақшаны
жақсы қолдануға негізделеді. Экономиканы тануда шаруашылық субъектінің
қызметіндегі ақша ағындары мен қызметі қаржылық менджментте жаңа бағыт
болып табылады. Шетел кәсіпорындарында ақша қаражат ағындарын басқару бас
қаржылық менеджердің (қаржылық директордың) жұмысының басты бағыты болып
келеді.
Кәсіпорындағы қаражат қозғалысын жүйелі есепке алу, бақылау және
талдау жүргізу, алдағы периодта және ағымдағы қаржылық тұрақтылық пен төлем
қабілеттілік маңызды болып саналады.
Ақша ағындарын басқарудың негізгі мақсаты-келіп түскен және
төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы, фирманың қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін келесі көрсеткіштер
маңызды болып келеді:
- тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс;
- табыс;
- ақша қаражаттар ағыны.
Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның
белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне
байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда кәсіпорынның әр
түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді.
Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және
перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл
дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда
табу. Ал егер фирма пайда табатын болса, онда оның төлем қабілеттілігі
жоғары деңгейде болады.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын
түсініктерге мыналар жатады:
1. тауарды (өнімді, жұмысты, қызметті) сатудан түсетін табыс;
2. сатудан түсетін табыс;
3. әр түрлі қызыметтен түсетін қаражаттар: тауарды (өнімді, жұмысты,
қызыметті) және басқа мүлікті сатудан түсетін табыс; несие,
қарыздар және алынатын аванстар; қаржылық салымдар бойынша
дивидендтер, проценттер; мақсатты қаржыландыру.
4. ағымдағы және инвестициялық шығындарды жабуда пайда болатын
қаражаттар; мемлекеттік бюджеттік емес қорларға төлемдер; бағалы
қағаздар бойынша дивидендтер мен проценттер төлеу және т.б.
5. ақша қаражаттарының таза ағыны – барлық түскен және бөлінген
қаражаттардың арасындағы айырмашылық.
Ақша қаражат ағыны- бұл фирманың жоспарланған немесе есеп беру период
аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат көлемі болып
табылады.
Ақша қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:
- Қаражат қозғалысын есепке алу;
- Барлық қаражат ағынын талдау;
- Ақша қаражат қозғалысын бюджеттік құру;
- Ақша қаражат қозғалысын бюджетін қолдануға бақылау.
Қызмет жасап тұрған кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық
қызметтен құралады. Ағымдағы қызмет кәсіпорынның өндірістік- коммерциялық
қызметін орындауын қамтамасыз ететін, түсетін және қолданатын ақша
қаражатттарын өзіне қосады. Ағымдығы қызмет табыс алудың басты көзі
болғандықтан, ол негізгі ақша қаражат ағынын шығарады.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
(КедентранссервисАҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорынның ақшалай құралдарын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы
құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын
талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі
баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының баланс мәліметтері
бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі
7,8,9,10 аналитикалық кестелері құрылады.

Кесте 7.
Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының
активтерінің құрамы мен құрылымы, 2008 ж.

Көрсеткіштер 01.01.2008ж. 01.01.2009ж. Ауытқулар
Мың теңге% Мың теңге% (+,-) %
үлесі үле- мың үлесі
сі теңге
1.Ұзақ мерзімді активтер 37505 62,3 48628 31,8 +11123 129,7
2. Ағымдағы активтер 22669 37,7 103881 68,2 +81212 458,3
2.1.Ақша қаражаты және қаржы4678 7,7 147 0,1 -4531 3,1
инвестициялары
2.2.Дебиторлық қарыздар 12829 21,4 100892 66,2 +88063 786,4
2.3.Тауарлы-материалдық 5162 8,6 2842 1,9 -2320 55,1
қорлар
Барлық активтер 60174 100 152509 100 +92335 253,4

Ескертпе – 2008 жылдағы аралығында Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы
филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының 01.01.2009жылы 01.01.2008жылға қарағанда 92335 мың теңгеге
немесе 2,534 есе артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай
дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кесте 8.
Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының
активтерінің құрамы мен құрылымы, 2009 ж.
Көрсеткіштер 01.01.2009ж. 01.01.2010ж. Ауытқулар
Мың теңге%үлесМың теңге% (+,-) %
і үлесі мың үлесі
теңге
1.Ұзақ мерзімді активтер 48628 31,8 48186 68,5 -442 99,1
2. Ағымдағы активтер 103881 68,2 22207 31,5 -81674 21,4
2.1.Ақша қаражаты және қаржы147 0,1 3648 5,2 +3501 2481,6
инвестициялары
2.2.Дебиторлық қарыздар 100892 66,2 5843 8,3 -95049 5,8
2.3.Тауарлы-материалдық 2842 1,9 12716 18,0 +9874 447,4
қорлар
Барлық активтер 152509 100 70393 100 -15250946,2

Ескертпе – 2009 жылддағы Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы
филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

Кесте мәліметтерінен КедентранссервисАҚ Атырау қаласындағы флиалындағы
активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 01.01.2010 жылы
01.01.2009жылға қарағанда -152509мың теңгеге немесе 46,2 пайызға дейін
төмендегенін көреміз. Бұл кәсіпорынның ағымдағы активтерінің сомаының 21,4
пайызға төмендеуінен болған.

Кесте 9.
Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының
активтерінің құрамы мен құрылымы, 2010 ж.
Көрсеткіштер 01.01.2009ж. 01.01.2010ж. Ауытқулар
Мың теңге% Мың теңге% үле-(+,-) %
үлесі сі мың үлесі
теңге
1.Ұзақ мерзімді активтер 48186 68,5 79156 84,1 +30970 164,3
2. Ағымдағы активтер 22207 31,5 14941 15,9 -7266 67,3
2.1.Ақша қаражаты және қаржы3648 5,2 893 0,9 -2755 24,5
инвестициялары
2.2.Дебиторлық қарыздар 5843 8,3 9082 9,7 +3239 155,4
2.3.Тауарлы-материалдық 12716 18,0 4966 5,3 -7750 39,1
қорлар
Барлық активтер 70393 100 94097 100 +23704 133,7

Кесте мәліметтерінен Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы
филиалындағы активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының
01.01.2010жылы 01.01.2010 жылға қарағанда 23704 мың теңгеге немесе 1,337
есе артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын
көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кесте 10. - Кедентранссервис АҚ активтерінің Атырау қаласындағы
филиалының активтерінің құрамының 2008-2010 жылдардағы өзгерісі

Көрсеткіштер 2008ж 2009ж 2010ж. 2010 ж.
өзгерісі,
салыстыру,%
2008ж 2009ж
1.Ұзақ мерзімді активтер 48628 48186 79156 162,8 164,3
2. Ағымдағы активтер 103881 22207 14941 14,4 67,3
2.1.Ақша қаражаты және қаржы147 3648 893 607,5 24,5
инвестициялары
2.2.Дебиторлық қарыздар 100892 5843 9082 9,0 155,4
2.3.Тауарлы-материалдық 2842 12716 4966 174,7 39,1
қорлар
Барлық активтер 152509 70393 94097 61,7 133,7

Ескертпе – 2008-2010 жылдар аралығында Кедентранссервис АҚ Атырау
қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

Бұл кестеден Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалындағы
активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2008-2010 жылдар
аралығында активтердің құнының өзгерісін көреміз. 2010 жылы барлық активтер
құны 2008 жылғы қарағанда 58412 мың теңгеге төмендеген. Бұл төмендеу
ағымдағы активтердің сомасының 88940 мың теңгеге азаюы себебінен туындаған.
Ағымдағы актвитердің соңғы 2 жылдағы төмендеуі дебиторлық қарыздар
сомасының төмендеуінен пайда болған. Кәсіпорында активтердің сомасының
жалпы төмендеуіне қарамастан ұзақ мерзімді активтер сомасы 1,643 есе
жоғарылаған. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның
жұмысының оң нәтижесін сипаттайды және өндірістік потенциалының жоғарылауын
көрсетеді.
Сонымен кәсіпорынның балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ
мерзімді активтер үлесі жоғарылап, ағымдағы активтер сомасының төмендеуін
көреміз. Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының ағымдағы
активтерінің өсіміне әсер етуші факторлар келесі кестеден анықтауға болады.
2010 жылы Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының ағымдағы
активтерінің 7266 мың теңге сомасында төмендеуіне таза табыстың -28106 мың
теңгеге төмендеуі, амортизациялық аударымдар сомасының 3114 мың теңгеге
азаюы, негізгі құралдардардың сомасының 28022 мың теңгеге жоғарылауы кері
әсерін тигізген. 2009 жылы Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы
филиалының ағымдағы активтерінің 81674 мың теңге сомасында төмендеуіне таза
табыстың -60349 мың теңгеге төмендеуі, негізгі құралдардардың сомасының
3856 мың теңгеге жоғарылауы, несиелік қарзыдардың 21767 мың теңгеге
төмендеуі кері әсерін тигізген.

Кесте 11.
Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының ағымдағы активтерінің
өсіміне әсер етуші факторлар

Көрсеткіштер 2008ж. 2009ж 2010ж.
Мың теңге% Мың теңге% мың %
үлесі үлесі теңге үлесі
1 2 3 4 5 6 7
1.Таза табыс +54989 +67,7 -60349 -73,9 -28106 -386,8
2.Амортизациялық аударымдар-39318 -48,4 +4298 +5,3 -3114 -42,9
3.Несие бойынша - - - - - -
міндеттемелердің ұлғаюы
4.Меншікті капиталдың - - - - - -
өзгерісі
5.Күрделі салымдардың - - - - - -
өзгерісі
6.Несиелік қарыздар +37346 +45,9 -21767 -26,7 +5180 +713,1
7.Материалдық емес активтер+1246 +1,5 - - +166 -2,3
8.Негізгі құралдар +26036 +32,1 -3856 -4,7 -28022 -385,7
9.Өзге ұзақ мерзімді +913 +1,2 - - - -
активтер
10.Өзге пассивтер - - - - - -
11.Барлық өсім факторлары +12530 +148,4+4298 +5,3 51976 715,3
12.Барлық төмендетуші -39318 -48,4 -85972 -105,3-59242 -815,3
факторлар
13.Ағымдағы активтердің 81212 100 -81674 100 -7266 100
өсімі

Ескертпе – 2008-2010 жылдар аралығында Кедентранссервис АҚ Атырау
қаласындағы филиалының қаржылық есептемесінен алынды.

2008 жылы Кедентранссервис АҚ Атырау қаласындағы филиалының ағымдағы
активтерінің 81212 мың теңге сомасында жоғарылауына таза табыстың 54989
мың теңгеге жоғарылауы, несиелік қарыздар сомасының 37346 мың теңгеге
жоғарылауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Ақша қаражаттарын басқару
Өндірістік айналым қоры
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні
Айналым өндірістік қорлар
Ақшалай қаражат қорлардың экономикалық мазмұны
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Пәндер