Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1. Кәмелетке толмағандарға тағайыңдалатын жаза түрлері ... ... ... ... ... ... 5
2. Кәмелетке толмағандарды кылмыстык жауаптылықтан және жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
4. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік жөне ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардын жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды.
Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады.
Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады». Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның Қылмыстық кодексінде— 13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа Зеландияда — 10, Ирландия құқығында—7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жас өспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта калуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіңдегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық кәлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапка тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14,16 жас) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-нің 17-бабы, 1, 2-бөліктері).
1. Астемиров З.А. Уголовная ответственность и наказание не совершеннолетних. М., 1970.
2. БабаевМ.М. Индивидуальные наказания несовершеннолетних. М., 1968.
3. Куфаев В.И. Педагогические меры борьбы с правонарушениями несовершеннолетних. М., 1971.
4. Лейкина Н.С., Грабовская Н.П Возврат и его влияние на уголовную ответственность / Курс советского уголовного права. Частьобщая. Л., 1968.Т.1.
5. ЛазаревА.М. Субъект преступления. М., 1981.
6. ОрловВ.С. Субъект преступления. М., 1958.
7. Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. М., 1961.
8. СкрябинМ.А. Общие начала назначения наказания и их применения к несовершеннолетним. Казань, 1988.
9 . ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
10. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
11. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж.
12. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж.
13. Табанов С.А.,2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1. Кәмелетке толмағандарға тағайыңдалатын жаза
түрлері ... ... ... ... ... ... 5
2. Кәмелетке толмағандарды кылмыстык жауаптылықтан және жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
4. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27

Кіріспе
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік жөне ізгілік принциптерін
басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардын жас жағынан және ақыл-ойы
жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа
алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке
толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды.
Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық
жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына
жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады.
Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып
табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды
белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес Кәмелетке
толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он
сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
ең төменгі жас 14-ке толу.
Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да
осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Францияның Қылмыстық кодексінде— 13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жаңа
Зеландияда — 10, Ирландия құқығында—7 жас деп көрсетілген. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық
жауаптылыққа тартылмайды. 14-ке толмаған жас өспірімдер өзінің істеген іс-
әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-
әрекетін басқара алмайды.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа
толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы
жағынан артта калуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты
жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіңдегі сипаты
мен қоғамдық қауіптілігін толық кәлемінде түсіне алмаса не оған ие бола
алмаса, қылмыстық жауапка тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі).
Егер кәмелетке толмаған адамның (14,16 жас) есінің дұрыстығын жоққа
шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,
бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай
ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-нің 17-бабы, 1, 2-
бөліктері).
Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кәмелетке толмаған деген
атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына
сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға
жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше
жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе
емдеу, тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды коспағанда, осы бәлімнін
ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-
әрекеттің мәні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты
және психикалық жете дамымауынан болуы қажет.

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1. Кәмелетке толмағандарға тағайыңдалатын жаза түрлері
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған
кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі
қаулысының 8-тармағында:
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесін қараған кезде
соттар қылмыстық жазаның тек ҚК-нің 79-бабында көрсетілген түрлері ғана
қолданылатындығына және олардың мерзімдері мен мөлшері сол бапта
белгіленген шеңберден аспайтындығына назар аударуы керек. Сондай-ақ КК-нің
80 және 81 -баптарында көрсетілген жағдайларды да қосымша ескере отырып
және әрі нақты жағдайда істің және кәмелетке толмаған сот-талушының жеке
басының жағдайларын талқылап, оларға КК-нің 82-бабында көрсетілген
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру
қажет, - деп ескертілген.
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне
байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге карағанда жеңіл
болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім
жазасы, өмір бойы бас бостаңдығынан айыру жазалары) тағайындалмайды.
Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға
белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас
бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар
тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а) айыппұл;
б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) бас бостандығын шектеу;
д) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе
өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.
Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі
аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құкығынан
айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдык жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі
мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін
жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан
бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін
орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен
кәмелетке толмаған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын,
ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың
жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі
өлтіргені үшін — он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он
төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он
алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас
бостандығъшан айыру тағайындалмайды.
7. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:[1]
а) бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты
кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар — жалпы
режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты
кәмелетке толмағандар — күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында
өтейді.
8. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне кінәлі адамның жеке
басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешімнің себебін
көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас
бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін
тағайындауы мүмкін.
9. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен
қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру
туралы нұсқау беруі мүмкін.
Мұндай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық
өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі,
белгілі бір мамандықка баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-
бабы жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін екіншісімен
ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы толмағандарға мұндай
ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық кодекстің 40,42,43-баптарына
сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындаудың
ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында көзделген.

Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезіңде осы Кодекстің 52-
бабында кезделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағ-
дайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері,
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.
Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі.
Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ
жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны
айтамыз.

2. Кәмелетке толмағандарды кылмыстык жауаптылықтан
және жазадан босату
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
жалпы және арнаулы қылмыстық-құқылық нормалар арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кәмелетке толмағандар шын өкінуіне
байланысты (65-бап); қажетті қорғану шегінен асқан кезде (66-бап),
жәбірленушімен татуласуына байланысты (67-бап), жағдайдың өзгеруіне
байланысты (68-бап), ескіру мерзімінің өтуіне байла-нысты (69-бап)
қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық кодекстің 89-бабына сөйкес
Қылмыстық кодекстің 69 және 75-баптарында козделген ескіру мерзімі
кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуден
босату кезінде тең жартысына қыскартылады.
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес жасаған қылмысы үшін
осы Кодекс бойынша өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімі
туралы мәселені сот шешеді. Бұл норма жасы кәмелетке толмағандарға
қолданылмайды, әйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір
бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің 69-
бабының 5-бөлігі жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жасы
кәмелетке толмағандар жауапқа тартылмайды. Жасы кәмелетке толмағандар
жөніңдегі Қылмыстық кодекстің 85-бабында көрсетілген қысқартылған ескіру
мерзімдері Қылмыстық кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздер бойынша 18
бен 20 жас аралығындағы адамдарға да қолданылады. Он сегіз бен жиырма жас
аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінін сипатын және жеке
басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кәмелетке толмағандарға
арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды
қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады (ҚК-нің 87-бабы). Жасы
кәмелетке толмағандар қылмыстық жазадан жалпы қылмыстық құқытық норманың
негізінде шартты түрде соттау (63, 64-баптар); жазаны өтеуден мерзімінен
бұрын шартты түрде босату (70-бап), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым
женіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап) ауруға шалдығуына байланысты жазадан
босату (73-бап), жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жаза
өтеуін кейінге калдыру (72-бап) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне
байланысты жазаны өтеуден босатылады. Қылмыстық кодекстің 84-бабы кәмелетке
толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың
тәртібін белгілеген.[2]
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке
толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету
жұмыстарына соттаған адамдарға:
а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған
жаза мерзімінін кемінде төрттен бірін;
б) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен
бірін;
в) адам өміріне кол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот
тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
г) адам өміріне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшін сотта
тағайындаған жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы
мүмкін.
Кәмелетке толмағандарды жалпы тәртіппен қылмыстық жа- уаптылықтан және
жазадан босатудың негіздерімен бірге олар жайында қылмыстық заңда мынадай
арнаулы негіздер де бар:
1) кәмелетке толмағандарға мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы
қылмыстық жауаптылықтан босату (81-бап, 1-бөлігі).
2) тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан
босату (81-бап, 2-бөлігі).
Кәмелетке жасы толмағандарды арнаулы тәрбие немесе емдеу- тәрбиелеу
мекемесіне орналастыру арқылы жазадан босату (83-бап, 6-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 81-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кішігірім
ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған кәмелекетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа
тартпай-ақ түзетуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан
босатуы мүмкін.
Бұл ретте оған Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік мәні
бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін бірінші рет
сотталған кәмелекетке толмаған адамды, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің
82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін.
Бұл баптың нормасын қолдану үшін:
1) кәмелетке толмаған адамның кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмысты істеуі; 2) осы қылмыстарды істегені үшін кәмелетке толмағандардың
сотталуы; 3) олардың түзелуі үшін Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары жеткілікті деп танылса ғана жол
беріледі. Мұндай ретте 82-бапты қолданған дұрыс болады.
1. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай
мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не
мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;
г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына
ерекше талаптар белгілеу;
д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.
2. Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше
тәрбиелеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 83-бабының 1—4-бөліктеріне сәйкес тәрбиелік әсері
бар осы шаралардың мазмұны төмендегідей:
1. Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекеті мен келтірілген
зиянды түсіндіруден және осы Кодексте кезделген қылмыстарды қайталап
жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.
2. Кадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға
не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік
әсер ету және оның мінез-құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.
3. Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған
адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала
отырып жүктеледі.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-
тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос
уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын
басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі
бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік
органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі
мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын
жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен
жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін.
Осы тізбе толық болып табылмайды. Қылмыстық кодекстің 83-бабының
бесінші бөлігіне сәйкес алты айдан 2 жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие
немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай
қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін
делінген.
83-баптың 5-бәлігін қолдану үшін біріншіден кәмелетке тол-маған адам
қасакана (абайсызда емес) орташа ауырлықтағы қылмысты істесе, ауыр, аса
ауыр қылмыстар істесе бұл бап оларға қолданылмайды. Екіншіден, сол қылмысы
үшін сотталған болса, үшіншіден, мұндай кәмелетке толмағандар алты айдан
екі жылға дейінгі арнаулы тәрбие (арнаулы мектеп, техникалық училище)
немесе емдеу-тәрбиелеу (ақыл-есінің, денсаулығының кемістігі барларға)
орналастырылады.
Аталған мекемелерде кәмелетке толмағандар жасы кәмелетке толғанға
дейін болады. Сондай-ақтүзелуді қамтамасыз етуші мамандандырылған
мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам [3]

өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген
қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Заңда кәмелетке жасы толмағандардың арнаулы тәрбие немесе емдеу-
тәрбиелеу мекемесінде болуы Қылмыстық кодекстің 83-бабының 5-бөлігінде
көзделген (Алты айдан екі жылға дейін). Осы мерзім біткеннен кейін ұзартуға
тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік
даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол
кәмелетке (18-ге) толғанға дейінгіден аспауы керекдеп белгіленген
(Қылмыстық кодекстің 83-бабы, 6-бөлігі). Кәмелетке толмаған адамнын арнаулы
тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының, оларды ауыстырудың
тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленген.

3. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және түрлері
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында:
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-нің 65—68- баптарында көрсетілген
негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.
Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге
болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық, және объективті түрде
зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге
негізделуі қажет, — деп атап көрсетілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір
реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық
жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты
өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату,
өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы
да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты
белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге
ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен
пайдаланудында зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану
қылмыстық құқықтағы жауаптылықтын сөзсіз бо-луы принциптерін аяққа басады.
Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді
болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе
жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың негіздері қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінін өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен
ауыстыру.
4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру.
5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру.
6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі етуіне байланысты жазаны өтеуден
босату.
7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы) істелген қылмыстың. коғамға қауіптілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Пәндер