Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті несиелеу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА

БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН

МАЗМҰНЫ

1. 1 Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұны . . . 5

1. 2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің жолдарының ерекшелігі . . . 9

1. 3 Коммерциялық банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің

шетелдік тәжірибесі . . . 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ

БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СЕКТОРЫН

НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ ҚАРҚЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелеудің

даму қарқынын талдау . . . 19

2. 2 АҚ «БТА Банкінің» шағын және орта бизнесті несиелеу операцияларына

талдау жүргізу . . . 25

2. 3 ЕДБ - ң шағын және орта бизнесті несиелеуді мемлекеттік қолдау

шараларын бағалау . . . 35

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА

БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ

ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің шағын және орта

бизнесті несиелеуді дамытудың . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнест несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң келісімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын және орта бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту- нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады.

Диплом тақырыбының өзектілігі : соңғы жылдары шағын және орта бизнестіңҚазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2006 - 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1, 8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1, 4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен. Кәсіпкерлік қазақстандық қоғамның әлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткені көрініп тұр. Бұл дегеніміз, қазақстандық шағын және орта бизнестің әлеуметтік-демографиялық портретінен - халықтың әлеуметтік - демографиялық құрылымының да көрінісін айқындауға болатынын білдіреді. Шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен теңесті, алайда шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігі көрсеткіштері бойынша әлі де болса артта қалып отыр. Қазiргi таңдағы экономиканың құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте күрделi жүйе ретiнде сипатталады. Соның iшiнде бүкiл экономиканың дұрыс және тиiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз ететiн банк жүйесi ерекше орын алады. Кез-келген дамыған мемлекеттi бүгiнгi күнi тармақталған банк жүйесiнсiз елестете алмаймыз. Банктер қазiргi таңдағы экономиканың дамуына ықпал ететiн мемлекеттiң экономикалық құралдарының бiрi болып табылады.

Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатында көздейтін Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық- инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиелік капиталдың салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік айта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен несиені өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің басым көпшілігі Даму Қорының кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру-ұйымдастыру жөніндегі жоспарын жоғары бағалады. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ұсыныстары мен кеңестері, оны кәсіпкерлер салық және өзге мемлекеттік органдармен болуы мүмкін дауларда дәлел ретінде қолдана алатындай салмақты болулары тиіс деген ұсыныс жиі айтылуда. Сондықтан осы диплом жұмыстының өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.

Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мұмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Диплом жұмысының мақсаты : Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеудің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.

Диплом жұмысының міндеттері :

- Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың нұсқауларын зерттеу арқылы рөлін қарастыру;

- Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;

- Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.

Диплом жұмысының құрылымы : Бірінші бөлімінде, Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұнына, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің несиелік саясатына тоқталып өтеміз.

Екінші бөлімінде, АҚ «БТА Банкінің» шағын және орта бизнесті несиелеу операцияларына талдау жүргізу.

Үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытудың болашақтағы перспективалары.

Диплом жұмысынын құрамы : жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА

БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН

МАЗМҰНЫ

1. 1 Шағын және орта бизнестегі несиелеудің мәні мен мазмұны

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар ссуда алу үшiн банкке өтiнiш және басқа да қажеттi құжаттар тапсырады. Қысқа мерзiмдi ссудалар шикiзат, материал, жартылай дайын өнiм, құрал-жабдық сатып алуға және жалға алынатын мұлiк құнына 12 айға дейiн берiледi. Одан ұзағырақ мерзiмге (3 жылға дейiн) ссудалар кәсiпкерлiктiң өндiрiстегi бағытына қарай қымбат, кұрделi техника және басқа да мүлiк сатып алуға берiледi. Несие келiсiмi және кәсiпкермен заңды тұлға болып құрылуы немесе құрылмай арнайы форма бойынша жасалады. Ссудалар ссудалық шоттан тауарлы-материалдық құндылықтар, басқа да мүлiк құнын төлеуге берiледi. Нотариалды түрде рәсiмделген құжаттары болған жағдайда ссудалар кәсiпкерлерге азаматтардың салым шоттарына сатып алынатын тауарлар құнын төлеуге де берiледi. Кәсiпкерге нақты қолма-қол ақша шығыс кассалық ордерiмен де беруге болады, егер оны алу себебi негiзделген болса. Кәсiпкер алған ссудалар мерзiмдi мiндеттемелермен алған құннан бастап белгiлi бiр өтеу мерзiмдерiн банк пен клиенттiң келiсiмi бойынша белгiленедi. [1, 16б]

Мерзiмдi мiндеттемелерде тисiтi айдағы он күндiк ссуда өтелуге тиiс мерзiм көрсетiледi (мысалы, әр айдың 1-нан 10-на дейiн) . Ссудалар бойынша төлемдер мiндеттемелерге сәйкес есеп шоттары арқылы, банк кассалары арқылы қолма-қол ақшамен, сонымен бiрге байланыс орындарымен халық банкiлерi арқылы аударымдардың көмегiмен жүргiзiледi. Соңғы орындардың көмегiмен жүргiзiлген төлемдегi құжаттардың екiншi бетiндегi талонда қаржылар ссуданы және сыйақыны төлеуге арналады деген белгi болады. Қарыз алушылар сонымен бiрге қарызды өтеу үшiн өз қаржыларын банкте ашылған салымдар шотынан да аудара алады. Мерзiмдi мiндеттемелер бойынша 10 күн аралығында ссуда өтелмесе мерзiмi ұзартылған ссуда шотына ауыстырылады. Ссуданы мерзiмiнен бұрын өтеу қажеттiлiгi туындаған жағдайда банк қарыз алушыны, кепiлдiк берушiлердi хабардар етiп отырады. Банк белгiлеген мерзiм iшiнде аталғандардың бiрi суданы өтеуге өз қаржыларын аударуы тиiс.

Мерзiмiнде өтелмеген ссудаларды өндiрiп алу, сонымен бiрге ссуданы мерзiмiнен бұрын қайтарып алу сот шешiмi немесе нотариалдық атқару қағазы бойынша өндiрiп алынады.

Мерзiмi өтiп кеткен ссудалар:

  • нотариалдық кеңселердiң атқарушы қағаздарын қысқа жазба бойынша кепiл болушыдан даусыз тәртiпте өндiрiп алынады;
  • жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпте кепiлдiк берушiден;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келiсiм шартта белгiленген тәртiпте қарыз алушыдан кепiлге қойылған мүлiктi сату арқылы өндiрiп алынады.

Атқарушы қағаздағы белгiнi алу үшiн нотариалдық кеңсеге: несиелiк келiсiмнiң мерзiмдi мiндеттеменiң түпнұсқасы, кепiл болушы құжатының көшiрмесi, қарыз алушының жеке шотынан үзiндiсiнiң екi данасы берiледi. Оның бiр данасы атқарушы қағаздағы қысқа жазбасымен банкке берiледi, екiншiсi нотариалдық кеңсенiң iс қағаздарына тiркеледi. Кәсiпкердiң өнiмiне байланысты оның құқықтары мен мiндеттемелерi мұрагерге өтедi. Қаза болған кәсiпкердiң атына ашылған шот мұрагердiң атына қайта ашылады. Мұрагер, заң жүзiнде мұрагерлiк құқығына ие болған соң банкке: өз атына шотты қайта ашу туралы өтiнiш, мұрагерлiк құқығына ие болғаны туралы куәлiктiң нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшермесiн, мерзiмдi мiндеттеме және кепiл болушы құжатын тапсырады. Банк қарыз алушының қазасынан кейiнгi алты ай аралығында өзiнiң талаптарын мұрагерлерiне, аманатын орындаушыларға қойып немесе мұраға қалған мүлiкке деген талапты сотқа көрсетуi тиiс. [2]

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын және орта бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады. [29]

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады. Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және «шағын бизнес» бір - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзің - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері. Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде дағдарыс және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық дағдарысқа байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп. Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл шағын және орта бизестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі. Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды. [26, 192б]

1. 2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің жолдарының ерекшелігі

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль атқарады. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын және орта бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Шағын және орта бизнесті дамыту мен инвестициялық қолдаудың теориялық-әдістемелік негіздері
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнесті несиелеудің жүзеге асырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz