ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатнастар факультеті

Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

МҰҚАШЕВ ОЛЖАС АСҚАРҰЛЫ

ҚР МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ Ғ. СОҢЫ - ХХІ Ғ БАСЫ)

(Бітіру жұмысы)

Ғылыми жетекші: т. ғ. к., доцент Ж. Қ. Идрышева

Нормабақылаушы: т. ғ. к., доцент А. Р. Әліпбаев

Қорғауға жіберілді:

Халықаралық қатынастар және ҚР

сыртқы саясаты кафедрасының

меңгерушісі, т. ғ. к. доцент Е. С. Чукубаев

Алматы 2011 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙМЕН ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ . . . 9

  1. ТМД елдеріндегі қазақ диаспорасы тарихы мен қазіргі жағдайы . . . 9
  2. Қазақстан - Ресей екі жақты ынтымақтастығы және екі ел арасындағы диаспора мәселесіне қатысты құқықтық базаның қалыптасуы . . . 16
  3. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың дамуындағы ресейдегі қазақ диаспоралардың рөлі . . . 26

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ . . . . . . 37

2. 1 Қазақстанның ОА елдерімен қатынастарындағы қазақ диаспорасы мәселесі . . . 37

2. 2 ҚР-ның Әзірбайжан, Украина елдерімен қатынастары: қазақ диаспорасы мәселесі . . . 49

2. 3 Беларусь, Армения және Малдова елдерімен Қазақстан қарым-қатынасы . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралмандар болып келуі, Қазақстанның ТМД елдерімен қатынасында өте маңызды. 40-тан астам елдерде 4, 5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Бүгінде ТМД елдерінде тұратын қазақ диаспорасының басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, оралмандардың елге қайтып келуіне себепкер болуы әбден орынды әрі дүниежүзілік қауымдастық басшылыққа алып отырған халықаралық құқық қағидаттары мен нормалырына толық сәйкес келеді.

"Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа" - деп айтқан еді Елбасы Н. Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында. Бұл орайда Үкімет бекіткен 2001-2010 жылдарға арналған ҚР көші-қон саясатының салалық бағдарламасын айта кеткен де жөн. Онда қазақ диаспорасының елге көшіп келуіне, олардың бейімделуіне, және қазіргі тіршілігінде қолдау білдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әрине жыл сайын белгіленетін квотаның оралмандардың басым көпшілігін қамтымауы бәрімізді алаңдатады. Бірақ, мемлекет тарапынан қазақ диаспорасы үшін жасалып жатқан игі істерді сол мемлекеттің дәулеттілігіне және сыртқы саясатына қарап бағалаған дұрыс [1] .

1996 жылғы желтоқсанда “Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Арада дәл бір жыл өткен кезде “Халықтың көші-қоны туралы” заң күшіне енді. Осы заң бойынша жыл сайын квоталар бөлінетін болды. Мысалы, 2004 жылға репатрианттардың 10 мың отбасына квота белгіленді. 2015 жылға дейін жыл сайын квота 15 мың отбасына өсіп отырады. Миграцияға және оралмандардың азаматтығын белгілеу мақсатында бірнеше ТМД елдерімен, атап айтсақ Ресеймен, Беларусьпен, Украинамен екі жақты және Қырғызстанмен, Ресеймен, Беларусьпен көп жақты келісімдер жасалды. Мұндай келісімдерді Өзбекстанмен және Түрікстанмен де жасалмақ. ҚР Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан визалық мәселелер шешуді мұқият бақылап отыр. 2003 жылғы “Виза беру тәртібі туралы” нұсқаулығына сәйкес әрбір отандастың ешбір шақырусыз үш айға жарамды визаны жылына екі рет алуға және виза алу кезінде төлем төлемеуге мүмкіндігі бар.

2002 жылғы наурызда Министр Қасымжомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның бас директоры Бронсон Маккинлимен және ұйым өкілдігінің басшысы Майкл Чанцпен кездескен еді. Байқаушы болған Қазақстан сол жылы осы ұйымға толық мүше ретінде кіруге ынта білдірді. Бұл ұйым оралмандардың бейімделуіне қолдау білдіруді мақсат тұта отырып, тұрақты түрде қаржылық көмек көрсетеді. Мәселен, 2001 жылы қазақстандық жобалар 750 мың доллардан жоғары көлемде қаржыландырылды. Шағын грант беру, арнайы семинарлар өткізу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру - осының барлығы да тәрізді ынтымақтастықтың жемісі [2] .

2002 жылғы 24 қыркүйекте Қ. Тоқаев БҰҰ босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасы Өкiлдiгiнiң Басшысы Абдул Карим Гульды Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай қабылдаған болатын. Әңгiме барысында арадағы ынтымақтастық мәселелерiнiң кешенi, босқындарды қорғау, көшi-қон заңнамасын жетiлдiру тілге тиек етіліп, оралмандар мәселелерiн шешу перспективалары қаралды. Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасының аясында да дипломаттардың істеген қадамдары аз емес. Мәселен, 2001 жылы Түрікменстанда орта мектеп бітірген қазақ жастары үшін Қазақстанның жоғарғы оку орыңдарының дайындық курстарына мемлекет есебінен бөлінетін орынның саны 25 болатын. 2001 жылы 25 орынға бағын сынаған 103 талапкер болса, 2002 жылы Қазақстандағы жоғарғы оку орындарының дайындық курстарында білім алуға 167 адам ниет білдірді. 2002/2003 оку жылындағы дайындық курстарында түрікмен казақ жастарын оқыту үшін 50 орын берілді. Қазақстанға барып сынаққа қатысуға тұрмыстық жағдайларының көтермейтіндігін айтып арызданған Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өкілдеріне жергілікті жерде сынақтан өту мүкіндігі ұйымдастырылды [3] .

Жалпы әлемнің 40 елінде тұратын қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы қазақ халқының алдында тұрған күрделі бір мәселе әліпби бірлігі, өйткені әліпби біркелкі болмағандықтан бұл да қиындық туғызады. Ауызекі сөйлеуінде ешқандай айырмашылық болмаса да, жазу мәселесіндегі жағдай олай емес. 40 елде тұратын қазақтар бір бірінің жазуын түсінбейді. Қытай қазағы төте жазуды пайдаланса, Қазақстан, Моңғолия және Ресей қазақтары кириллицадан бас тарта алмай жүр. Өзбекстан мен Түркіменстан латын әрпіне көшіп те үлгерді.

Тәуелсіздік жылдарының бедерінде Канададан бастап Австралияның арасын жалғап жатқан 40 шақты мемлекеттегі қазақ этносымен байланыс құрып үлгердік. 32 елде қазақ ұлттық мәдени орталықтары құрылып, бізбен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. [4-5]

Әлемде өз диаспорасымен жоспарлы түрде айналысып жатқан ел саусақпен санарлық. Бұл бастамада Израиль мен Германияны мысал етіп, олардың қатарына Қазақстанды да қоюға болады. Көші-қон мәселесіне келсек, бастапқыда бұл мәселемен қауымдастық айналысқан. Жинақталған тәжірибе негізінде кейін мемлекеттік орган құрылды. Көші-қон агенттігі жасақталды, одан кейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы Көші-қон комитеті осы іспен айналыса бастады. Тек соңғы он жылдың аясында Қазақстанға миллионға жуық қазақ көшіп келді. Бұл - аса салмақты көрсеткіш. Мұндай ісімен бүкіл ТМД елдерінің бірі де, тіпті Ресей де мақтана алмайды.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ басы ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелерін қамтиды.

Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері. ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ басы ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелерін жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

  • Қазақстанның ТМД елдеріндегі диаспорасын анықтау;
  • Қазақстан - Ресей екі жақты ынтымақтастығы және екі ел арасындағы диаспора мәселесіне қатысты құқықтық базаның қалыптасуы мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуындағы Ресейдегі қазақ диаспоралардың рөлін зерттеу;
  • Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қатынастарындағы қазақ диаспорасы мәселесін ашып көрсету;
  • ҚР-ның Әзірбайжан, Украина, Беларусь, Армения және Молдова елдерімен қатынастарындағы қазақ диаспорасы мәселесін толық зерттеп ашып көрсету.

Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысының алдына қойған мақсатын орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды алты топқа болуге болады.

Деректердің бірінші тобына ТМД елдерінің мемлекеттік деңгейдегі заң актілері мен қаулылары жатады. Зерттеу жұмысында автор Қазақстан Республикасының Ата заңын, Ресей Федерациясының Конституциясын, Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңын, Қазақстан Республикасының білім туралы заңын, осы заңдардың негізінде мемлекеттердің ұстанып отырған ресми саясаттарын анықтайды [6-9] .

Деректердің екінші тобы дипломатиялық құжаттардан тұрады. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған екіжақты және көпжақты қарым-қатынастардың құқықтық негізін құрайтын келісім шарттар, хаттамалар, конвенциялар, декларациялар мен меморандумдар жатады [10-12] .

Деректердің үшінші тобына Дипломатиялық мұрағат материалдарына Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ағымдағы мұрағат және Қазақстанның ТМД елдеріндегі елшілігінің, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның Қазақстандағы елшілігінің ағымдағы мұрағат дерек көздерін жатқыздық. Бұл материалдар жинағы Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы барлық саланы, атап айтқанда екіжақты экономикалық, саяси, әскери-техникалық, диаспора мәселесіне қатысты, гуманитарлық салалар бойынша мемлекетаралық қатынастардағы бекітілген барлық құжаттарды жинақтап, еуразиялық өркениетті жаңғыртудағы Қазақстанның ТМД елдерімен ынтымақтастығының даму барысын жан-жақты қарастырған [13-18] .

Деректердің төртінші тобына мемлекет және үкімет басшыларының, мемлекет қайраткерлерінің және көрнекті дипломаттардың еңбектері, сөздері, сұхбаттары жатады.

Егемендігін алған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бағыттарын анықтап, белгілеп беруде және қазақ дипломатиясының алғашқы қадамдарының беталысын айқындауда ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері өзінің құндылығымен ерекше [19-21] .

Ресей Федерациясының тұңғыш Президенті Б. Н. Ельциннің "Президент жазбалары" атты еңбегіндегі Ресейдің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып даму барысындағы кездескен киыншылықтары мен жетістіктері туралы көзқарастары мен ойлары қамтылды және ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастықтың артуына баспасөз беттерінде жарияланған материалдар ерекше орын алады [22] .

Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің екі мемлекет Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдіктері басшыларының еліміздің сол елдерге қатысты ұстанып отырған сыртқы саясатының мақсаттары және қарым-қатынастардағы туындап отырған мәселелерге байланысты берген дәйекті болжам, бағалары. Мұндай зерттеулердің қатарына екі мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының әр жылдары берген сұхбаттарын, мақалаларын жатқыздық.

Қазақстан Республикасының әлем елдерімен өзара достық қарым-қатынастарының калыптасуының алғы шарттарын, сонымен бірге егеменді еліміздің сыртқы саясатының бағыттарының стратегиясын және оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі ТМД елдеріндегі қазақ диаспорасының алатын орны мен атқаратын рөліне баға берген ҚР экс-Сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаевтың бірқатар еңбектері құнды болып табылады [31-34] . Бұл еңбектердегі деректік фактілер екіжақтық байланыстың екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы мен кедергілерін түсінуге, талдауға мүмкіндік береді [23-24] .

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі болған И. С. Иванов өз еңбегінде Ресейдің қазіргі кездегі сыртқы саясатының және сыртқы саяси басымдылығындағы ұлттық мүдделерінің қалыптасуын қарастырады [25] .

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тең құкықты ынтымақтастықтың өркендеуіне ат салысып, екіжақты қарым-қатынастардағы барлық салаларға зерттеу жүргізген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған Т. А. Мансұровтың еңбектерінің де берері мол [26-27] .

Бітіру жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобына - зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады [28-33] .

Пайдаланылған деректердің алтыншы тобына статистикалық жинақтар мен анықтамаларды жатқызуға болады. Олар Қазақстанның шет елдермен, оның ішінде Ресей Федерациясымен мәдени ынтымақтастығы жөнінде нақты және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер береді [34-37] .

Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары бітіру жұмысты жазу үшін деректік негіз болды. Оларды сұрыптап, саралап зерттеу жұмысына қолдану жұмыстың алдына қойған мәселесін жан-жақты зерттеуге, мақсаты мен міндеттерін ашуға мүмкіндік берді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Шет елдерде және Ресейде тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының қалыптасуына арналған зерттеулер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жарыққа шығуда.

Шетелдік 3. Бжезинский [38] сияқты саясаттанушылар өз еңбектерінде Еуразия континентінің үлкен бөлігіндегі интеграциялық үрдістерге баға береді.

Халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістерде диаспора мәселесімаңызды факторлардың бірі болып табылады. Интеграциялық үрдістердің дамуындағы әртүрлі факторларды қарастырғанда диаспора мәселесіне да ерекше көңіл бөлінеді. Еуропадағы интеграциялық үрдістердің дамуын, жетістіктері мен қиыншылықтарын жан-жақты түсінуде көрнекті ғалым Ж. У. Ибрашевтың ғылыми еңбектерінің алар орны ерекше [39] .

Бітіру жұмысының теориялық және әдістемелік негізі: Бітіру жұмысының теориялық негізіне қазіргі халықаралық қатынастардағы диаспораларға негізделген ынтымақтастықтың рөліне, диаспораны интеграцияның қалыптасуындағы бір фактор ретінде қарастырған көрнекті ғалымдардың еңбектері жатады. Интеграцияның теориясы мен тәжірибесін зерттеуші ғалымдар диаспора мәселесіне бірқалыпты дамитын құбылыс ретінде үлкен мән беріп отыр.

Зерттеліп отырған тақырыптың теориялық негізін қалыптастыруда ресейлік және қазақстандық ғалымдардың халықаралық қатынастардың теориялық аспектісі және ғаламдану жағдайындағы диаспора рөлі туралы пікірлері қолданыс тапты.

Бітіру жұмысының негізгі әдістемелік кағидалары Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы орнаған халықаралық қатынастардың жаңа ережелері мен қағидаларына негізделген мемлекеттер арасындағы қалыптасып, дамып отырған ынтымақтастықты зерттеуге талпыныс жасаған тарихи ұстаным қағидасына жатады. Бұл кағида қазіргі геосаясатта саяси және экономикалық қатынастармен қатар орын алатын Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы қазақ диаспорасына байланысты дамуынан туатын мәселелердің себебін зерттеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастыкты зерттеуде негізінен деректік сипат алатын мемлекет және үкімет басшыларының, қоғам қайраткерлерінің сөздері, әр түрлі деңгейдегі кездесу кезінде берілген сұхбаттардың, түрлі келісім-шарттардың, хаттамалардың, коммюникелердің мазмұндарын саралады. Халықаралық қатынастар теориясында жиі кездесетін және пайдаланылатын контент-анализ әдісі қолданылды.

Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы ынтымактастықтың даму динамикасын зерттеуде осы саланың негізгі бағытын зерттеуде статистикалық әдіс қолданылды

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан жалпы көлемі 81 беттен тұрады.

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙМЕН ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ

1. 1 Қазақстанның ТМД елдеріндегі диаспорасы тарихы мен қазіргі жағдайы

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.

Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтардың басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалар мен рулық бірлестіктерді өзара туыстастырып жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап құрмет тұтудан басталған.

Өткен тарихымыздың демографиялық зардаптары мен қазіргі демографиялық процестер мен үрдістер арқылы бұрынғы бұзылған тепе-теңдікті жарым жартылай болса да қалпына келтіруге табиғи талпынысымызды салыстыра зерттеуміз қажет.

Бұл тарихи ұзақ ағым алғашқыда «ақтабан шұбырынды» кезіндегі күшті жаугершілікпен басталды. Солтүстік шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылдан бастап шегінген көшпенді шұбырындылар өңтүстік батысқа қарай шегіне, сөйтіп қазіргі Орта Азия жеріне көп санымен тереңдеп енуге мәжбүр болды.

Шапқыншылықтан қатты күйзеліп кеткен қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру тайпалары Ташкент маңындағы құрамалар сияқты қайта құрылып, сол аймақтарда біржола қалып қойғандары да баршылық. Тамды аймағында, Мырзашөлде және Шыршық бойында қазақтар ежелден - ақ тұрып келген. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғаннан кейін қазақтар өзінің ежелгі шығыстағы жеріне 150 жылдан соң қайта орала бастады. Бұл көшу 1754 жылдан бастап, дүркін-дүркін әр қилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана, отыз жыл ойраннан соң аяқталды [1, 9б] .

Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жаугершіліктен басқа отаршылдық та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертістің өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді бабаларымыз Солтүстік батыстан Оңтүстік шығысқа қарай, бұл жолы қырылмаса да жөңкіле көшіп, бірітіндеп осылайша «төгіліп түскен». Ғасырларға созылған қазақ жоңғар тайталасы нәтижесінде біздің халық әбден әлсіреп, еселеп дами бастаған адамзат тарихы көшіне ілесе алмайтындай күйде қалған еді.

Абылай хан: «Оңтүстік шығыс пен шығыстан қытай мен жоңғардан төнген қатердің бетін қалай қайтарсам» деп жүргенде солтүстік пен батыста Ресей башқұрт пен қалмақты алдына айдап салып, өзі даламен шекаралас шұрайлы аймақты жайлауға әбден кірісіп кеткен болатын. Оның дәлелі ретінде мынандай мысалдарды келтіруге болады. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Астрахань губерниясында негізінен қалмақтар (І ревизияның қорытындысы бойынша олар бұл жердегі халықтың 93, 9%, ал орыстар бар болғаны 5, 2% ғана құраған; ІІ ревизияның қорытындысы бойынша қалмақтар 89, 1%, орыстар 9, 3 %) тұрған. ІІІ ревизияның қорытындысы бойынша Астрахань губерниясы халқының саны 233, 5 мыңға жетті. Және де оның ұлттық құрамындағы орыстардың үлесі бірнеше есе өсті де қалмақтардың үлесі кеми берді.

ХVІІІ ғасырдың аяғында жан жағынан қоршауға алынған сахарада қамауда қалған, осы уақытқа дейін шекара деген не екендігін білмей келген түркі көшпенділерінің саны тіпті де аз емес болатын. Әсіресе қазіргі Батыс Қазақстанның территориясында өте көп адам жиналып қалғанды. Қазақтардың осы кезеңде өз жерлеріне сыймай кеткені туралы орысша құжаттарда көп айтылған. Кіші жүздің рубасылары, елбасылары және билері Ресей патшасының аймақтағы ресми өкіліне қайта-қайта хат жазып, Жайықтың тіпті Еділдің арғы жағына мал-жанымен өтуге, онда көшіп-қонуға рұқсат сұрайды.

ХІХ ғасырдың басынан оның 80-жылдарына дейінгі аралықта қазақ халқы колонизациялау процесінің басталып, ұдайы дами беруіне қарамастан бір көбейген сияқты.

1897 жылы орыс санағына қазақтардың біршама бөлігі ілінбей қалған деген тұжырым айтуға себептің көп екені анық. Дегенмен, халқымыз, ол кезде 3, 7 млн. емес одан әлдеқайда көп болған сияқты. Мұны тіпті бүгінгі халқымыздың орналасуын көрсететін жағрафиялық картадан да жақсы байқауға болады. Содан бері ғасырлар өтседе тым ұзаққа созылған отаршылдықтан болған сарытабан үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан басталып, 1916 жылғы көтеріліске дейін жалғасып келген. Ол тым ұзаққа, шамамен екі-үш ғасырға созылған баяу процесс болғандықтан, ол байқалмаған [2, 2 б] .

1926 жылы Қазан революциясы мен азамат соғысы өтіп, Орта Азия халықтары ұлттық - территориялық жағынан бөлініп, бір жаққа шыққанда, Кеңес Одағында бірінші санақ жүргізілді. Қазақтардың саны 3 млн. 968 мың болды.

1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады.

1926-1937 ж. ж. аралығында қазақтар 3, 627, 6 мыңнан 2, 181, 5 мыңға дейін, украиндар - 860, 2 мыңнан 549, 6 мыңға дейін, ұйғырлар 63, 4 мыңнан 33, 4 мыңға дейін, өзбектер 129, 4 мыңнан 110, 0 мыңға дейін кеміп кетті.

1926 ж. мен 1939 ж. халық санағының аралығында орыстар - 1, 275, 1 мыңнан 2, 449, 1 мыңға дейін, немістер - 51, 1мыңнан 92, 4 мыңға дейін, татарлар - 79, 4 мыңнан 106, 9 мыңға дейін, кәрістер - 0, 1 мыңнан 95, 5 мыңға дейін өскен. Салыстырып байқағанымыздай бір халықтар күрт кеміген, оға керісінше бір халықтар өсе түскен [1, 10 б] .

1931-1933 ж. ж. қызыл қырғыннан барлық шығын 2 млн. 300 мың адам және қызылдардың қысымынан 1 900 мың адам шетке қарай біржолата үдере көшкен.

1939 ж. ІІ Кеңес санағы жүргізілді. Бұл жолы қазақтардың саны 3 млн. 99 мың, яғни 869 мыңға немесе 21, 9% кеміген болып шықты. Оның негізгі себебі 30 жылдардың басындағы аштық болып табылады. Қазір бұл жойқынның қанша адамның басын жұтқаны туралы әр түрлі пікірлер айтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Экономикалық интеграция туралы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz