Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер



Kipicпe
І . Қазақстан Республикасындағы миграциялық үрдістердің теориялық және құқықтық аспектілері
1.1 Kөші.қон үрдістерінің теориялық анықтамасы
1.2 Қазақстандағы көші.қонның құқықтық қамсыздандырылуы
ІІ Kөші.қонның негізгі факторлары мен тенденциялары
2.1 Kөші.қон динамикасының әлеуметтік.экономикалық және
саяси факторлары
2.2 Егемен Қазақстан жағдайындағы көші.қонның жаңа түрлері

Қорытынды
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда демографиялық жағдайдың қауырт нашарлауы, туудың азаюы мен өлімнщ артуы нәтижесінде табиғи өciм қарқынының төмендеуі, республикадан ел-жұрттың белсенді қоныс аударуы заманымыздың нақты көрінісі болып алды. Нәтижесінде, соңғы 10 жылда, Қазақстан халқының саны 1 миллионнан астам адамға азайды. Қауіпті "депопуляция" термині ғылыми және көпшілік әдебиетте берік орнықты, бұқаралық сана дағдысына айналды.
Қолайсыз демографиялық процестер ішінде славян ел-жұрты көші-қоны ерекше орын алады. Эмиграция (шетке кету) нәтижесінде Қазақстан Республикасы халкының табиғи өсімінің 1990 ж. 55, 8, 1991 ж. - 22,2, 1992 ж. - 89, 3 пайызын жоғалтты, 1993 және 1994 жылдары көші-қондық жоғалтулар ел-жұрттың табиғи өciмін толықтай жұтып қана қоймай, оны тиісінше 1,4 және 2,8 есе көбейтіп: 1999 шарықтау жылы сыртқы көші-қонның үдемелі коэффициенттері: ел-жұрттың 1000 адамына шаққанда эмиграция -29; көші-қон шығыны - 25; эмиграция, иммиграциядан 7 есе дерлік көп болды. 1995 ж. эмиграцияның иммиграцияға қарағанда 4,4 есе, 1996 ж. - 4,3, 1997 ж. - 7,9 есе артуы байқалды. /1/
Ел-жұрт азаюы өзінің көлемі немесе этникалық жөнінен ғана емес, сондай-ақ елден, әcipece экономиканың аса маңызды салаларынан мамандардың - өнеркәсіп жұмысшыларының инженер-техник, мұғалімдердің, дәрігерлердің, орта басқару буынының шетке кетуінен көрінді. Бұдан басқа, республикадан кеткен эмигранттар білім дәрежесі жөнінен жартысына жуығы (46%) жоғары, толық емес жоғары және орта білімді адамдар болған еді. Интеллектуалды, творчестволық потенциалдың көптеп кетуі Қазакстанға елеулі түрде экономикалық және моральдық нұқсан келтіреді, соның ішінде негізінен еңбекке қабілетті - 20-49 жас аралығындағы адамдар кетіп калды. Ғалымдардың, инженер-техник кызметкерлердің, маман жұмысшылардың кетіп қалуы елге қыруар экономикалық шығын әкеледі. Түрлі кәсіби мамандарды әзірлеу орта есеппен елге 5 мың АҚШ долларына түседі 1 миллион қазақстандықтардың кетіп қалуы мемлекетттің білімге жұмсаған шығыны бойынша 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде экономикалық зиян келтірді. Бұл Қазақстан алған несиелер сомасынан елеулі түрде көп.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э.Назарбаев халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздікке тepic әcep ететін қолайсыз демографиялық факторлар туралы айта келіп, ендігі мақсат біздің жас мемлекетіміздің қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосуда екендігіне баса көңіл аударуы да кездейсоқ емес /2/
Демек, бұл проблеманы зерттеу улкен теориялық және практикалық кажеттілік туғызуда. Kөші-қон процестерінің салдарлары, олардың тутасынан алғанда мемлекет дамуына ықпал eтyi, ел-жұрттың еңбекпен қамтылуын
жұмыссыздық деңгейіне, жұмыс күші сапасына, демографиялық құрылымға, әр түрлі аймақтардағы және басқа халыққа әлеуметтік өмір қажеттілігінің артуына әcepi бар.
1. Итоги миграции населения в Республике Казахстан за 1997 г. - Алматы:
Комитет по статистике и анализу, 1998. — З б.
2. Назарбаев Н.Ә. "Қазақстан - 2030. Президенттің Қазақстан халқына
жолдауы". -Егемен Қазақстан. - 1997. - 11 қазан.
3. Горюшкин Л.М., Миненко Н.А. Историография Сибири
дооктябрьского периода. Новосибирск; Галиев А.Б. К истории
миграций населения Казахстана. // Вестник АН КазССР. - 1979, № 5,
„54-56 б. ; Моисеенко В.М. Территориальное движение населения. -
М.,1985; МижуренкоА.В. Досоветская историография переселенческой
политики царского правительства в Сибири периода капитализма.
//Аграрная политика царизма в Сибири. - Омск, 1989. - 74-88б.;
Ноздрин Г.А. Историографические и теоретические аспекты проблем
миграций населения Сибири в период капитализма.// Хозяйственное
освоение Сибири в период капитализма. Новосибирск, 1988. 243-251б.;
4. Переведенцев В.И. Методы изучения миграции населения. М.: Наука,
1975, -210 б.; Староверов В.И. Социальные факторы и особенности
миграции населения СССР. - М.: Наука, 1981. - 189 б.; Моисеенко В.М.
Территориальное движение населения. -М. : Мысль, 1985.- 203 б..
5. Нурмагамбетова A.M. Рынок труда: правовые проблемы и
перспективы. Алматы, 1998
6. Садовская Е.Ю. Миграции в Казахстане на рубеже XXI века: новые
тенденции и перспективы, Алматы, Галым, 2001. - 236 б.; Трудовая
миграция как средство адаптации к экономическому кризису в
Казахстане. Алматы, Галым, 2001.-216 б..
7. Мусин Н.Р., Манохина О.В. Миграционные проблемы: анализ,
тенденции, прогнозы. / Евразийское сообщество, № 1, 1998. - 168-
173б.; Аймагамбетова Г.Т. Социально-политическая ситуация в
Казахстане: демографические и миграционные факторы. // Саясат, № 3,
1999, 48-51б.; Куандыков А. Феномен миграции: кто и почему уезжает
из Казахстана . Евразийское сообщество, № 6-7, 1995. - 136-142б.;
Бекжанова Т. Миграция и демографический состав населения. / Поиск,
№ 6, 1997, 171-174б.; Аужанов Н. Как избежать демографического
взрыва. Миграционные потоки населения и его рассредоточение. /
Мысль, № 11, 1998, 30-35б.; Абсаттаров Р. Миграционные процессы в
Евразии: проблемы и суждения. / Саясат, № 2, 1996.
8. Тезисы докладов и сообщений Всесоюзной научной конференции
«Демографические процессы на Урале, в Сибири, Средней Азии и
Казахстане XIX-XX вв.» Целиноград, 9-11 июля 1991 г.
9. Татимов М.Б. Проблемы демографического развития Казахстана.
//Методологические проблемы изучения народонаселения в
социалистическом обществе. Материалы Всесоюзной конференции. -
Киев, 1973. - 471-473б.;

10. Социальная обусловленность демографических процессов. - Алма-Ата:
Наука, 1989. -128 б..
11. Гладышева Е.Н. Особенности формирования населения и основные
проблемы использования трудовых ресурсов Казахстана. - В кн.
Развитие географических наук в Казахстане - Алма-Ата: Наука, 1967.
74-79б.; О взаимовлиянии миграции и национального состава
населения (на материалах Казахстана). - В кн. Статистика миграций
населения. -М.: Статистика, 1973.- 218-237 б.
12. Москвина Г.Д, Мельдаханова М. К. Территориальная подвижность
населения и процессы урбанизации в Казахстане // Население и
трудовые ресурсы Казахстана. А-Ата: Наука, 1999, 91б.
13. Базанова Ф.Н. Формирование этнического состава населения
дореволюционного Казахстана. //Вестник АН КазССР. А-Ата,1977, №
7, 58-66б.; Формирование и развитие структуры населения КазССР.
Алма-Ата: Наука, 1987.-190 б.
14. Асылбеков М.Х, Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в
Казахстане (1917-1980гг.). Алматы: Гылым, 1991. - 210 б.
15. Асылбеков М.Х. Об изменениях в национальном составе и социальном
составе населения Казахстана . //Вестник АН
КазССРД991. №4, 36-45б.; Галиев А.Б. К этнодемографической
характеристике Казахской АССР (по материалам переписи 1926 г.).
//Известия АН КазССР, 1978. №3, 42-48б.; Галиев А.Б. Развитие
историко-демографических исследований в Казахстане. // Вопросы
историографии в Казахстане. - Алма-Ата: Наука, 1983,152-161б.б.
16. Асылбеков М.Х, Козина В .В. Демографические процессы
современного Казахстана. Алматы: Атамура 1995; Казахи:
(демографические тенденции 80- 90-х гг.), - Алматы: Оркениет, 2000.
17. Козина В.В. Население Центрального Казахстана кн. вторая. — Алматы: Оркениет, 2001 . — 184 б.
18. Моисеенко В.М. Миграция населения. // Энциклопед. демограф,
словарь.-М., 1985. 251б.
19. Казахстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан,
1998.
20. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Егемен қазақстан, 14 желтоқсан, 1997 жылдардағы.
21. «Көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен
Қазақстан, 1 маусым, 1992 жылдардағы.
22. Международное трудовое право. Учебник. Алматы: Данекер, 2000.
23. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 мая
1994 г. «Об утверждении правил об условиях труда работников
Республики Казахстан за границей».
24. Постановление Правительства № 1346 «О концепции миграционной
политики Республики Казахстан» от 5 сентября 2000 г. Алматы. 2000.
25. КР Президентінің 8 желтоқсан 1997 жылғы «Kөші-қон және
демография Агенттігін құру туралы» жарғысы.// Егемен Қазақстан, 9
желтоқсан, 1997 жыл.

26. Садовская Е.Ю. Трудовая миграция как средство адаптации к
экономическому кризису в Казахстане. – 127 б.
27. 3айончковская Ж.А. Прогноз миграции населения // Социологический журнал,1995.-№3. 13 б.
28. Кантарбаева А., Боханов А. О состоянии рынка труда в Республике Казахстан /Труд в Казахстане. - 1999. - № 10.
29. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже
XXI века. Алматы:Казахстан, 1997. - 20 б.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер

Тексерген: Кунапина Қ.
Орындаған: Жақыпова С.
ІІ
курс магистранты

Алматы 2007
М А 3 M ҰН Ы

Kipicпe

І . Қазақстан Республикасындағы миграциялық үрдістердің теориялық және
құқықтық аспектілері
1. Kөші-қон үрдістерінің теориялық анықтамасы
2. Қазақстандағы көші-қонның құқықтық қамсыздандырылуы

ІІ Kөші-қонның негізгі факторлары мен тенденциялары
2.1 Kөші-қон динамикасының әлеуметтік-экономикалық және
саяси факторлары
2.2 Егемен Қазақстан жағдайындағы көші-қонның жаңа түрлері

Қорытынды

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда
демографиялық жағдайдың қауырт нашарлауы, туудың азаюы мен өлімнщ артуы
нәтижесінде табиғи өciм қарқынының төмендеуі, республикадан ел-жұрттың
белсенді қоныс аударуы заманымыздың нақты көрінісі болып алды. Нәтижесінде,
соңғы 10 жылда, Қазақстан халқының саны 1 миллионнан астам адамға азайды.
Қауіпті "депопуляция" термині ғылыми және көпшілік әдебиетте берік
орнықты, бұқаралық сана дағдысына айналды.
Қолайсыз демографиялық процестер ішінде славян ел-жұрты көші-қоны
ерекше орын алады. Эмиграция (шетке кету) нәтижесінде Қазақстан
Республикасы халкының табиғи өсімінің 1990 ж. 55, 8, 1991 ж. - 22,2, 1992
ж. - 89, 3 пайызын жоғалтты, 1993 және 1994 жылдары көші-қондық жоғалтулар
ел-жұрттың табиғи өciмін толықтай жұтып қана қоймай, оны тиісінше 1,4 және
2,8 есе көбейтіп: 1999 шарықтау жылы сыртқы көші-қонның үдемелі
коэффициенттері: ел-жұрттың 1000 адамына шаққанда эмиграция -29; көші-қон
шығыны - 25; эмиграция, иммиграциядан 7 есе дерлік көп болды. 1995 ж.
эмиграцияның иммиграцияға қарағанда 4,4 есе, 1996 ж. - 4,3, 1997 ж. - 7,9
есе артуы байқалды. 1
Ел-жұрт азаюы өзінің көлемі немесе этникалық жөнінен ғана емес, сондай-
ақ елден, әcipece экономиканың аса маңызды салаларынан мамандардың -
өнеркәсіп жұмысшыларының инженер-техник, мұғалімдердің, дәрігерлердің, орта
басқару буынының шетке кетуінен көрінді. Бұдан басқа, республикадан кеткен
эмигранттар білім дәрежесі жөнінен жартысына жуығы (46%) жоғары, толық емес
жоғары және орта білімді адамдар болған еді. Интеллектуалды, творчестволық
потенциалдың көптеп кетуі Қазакстанға елеулі түрде экономикалық және
моральдық нұқсан келтіреді, соның ішінде негізінен еңбекке қабілетті - 20-
49 жас аралығындағы адамдар кетіп калды. Ғалымдардың, инженер-техник
кызметкерлердің, маман жұмысшылардың кетіп қалуы елге қыруар экономикалық
шығын әкеледі. Түрлі кәсіби мамандарды әзірлеу орта есеппен елге 5 мың АҚШ
долларына түседі 1 миллион қазақстандықтардың кетіп қалуы мемлекетттің
білімге жұмсаған шығыны бойынша 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде
экономикалық зиян келтірді. Бұл Қазақстан алған несиелер сомасынан елеулі
түрде көп.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э.Назарбаев халыққа жолдауында
ұлттық қауіпсіздікке тepic әcep ететін қолайсыз демографиялық факторлар
туралы айта келіп, ендігі мақсат біздің жас мемлекетіміздің қуатты көші-қон
саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосуда екендігіне баса көңіл
аударуы да кездейсоқ емес 2
Демек, бұл проблеманы зерттеу улкен теориялық және практикалық
кажеттілік туғызуда. Kөші-қон процестерінің салдарлары, олардың тутасынан
алғанда мемлекет дамуына ықпал eтyi, ел-жұрттың еңбекпен қамтылуын
жұмыссыздық деңгейіне, жұмыс күші сапасына, демографиялық құрылымға, әр
түрлі аймақтардағы және басқа халыққа әлеуметтік өмір қажеттілігінің
артуына әcepi бар. Бұларды ұқыпты түрде зерттеу мен талдау күн тәртібінде
тұр. Сонымен 6ipгe көші-қон проблемаларын және оның Қазақстан халқы дамуына
ықпалын зерттеу тұтасынан алғанда қоғам дамуының дәрежесі туралы айтуға,
оның проблемалық мәселелерін айқындауға және одан әpi даму перспективаларын
белгілеуге мүмкіндік береді.
Міне, сондықтан Қазақстандағы көші-қон процестерінің кейінгі 30 жылдан
астам тарихы өзектілігі мен практикалық маңызы зор тақырып екені күмән
тyғызбaйды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстандағы көші-қон процестерінің
тарихына қатысты зерттеулерді мазмұны мен ой тужырымдарына қарай шартты
түрде үш топқа жіктеуге болады:
* Бірінші топқа көші-қонның алуан түрлі қырларын, соның 6іpi оның
теориясы мен методологиясы мәселелерін зерделеген еңбектерді
жатқызамыз.
* Екінші топ көші-қон процестерінің құқықтық экономикалық және
әлеуметтік-саяси мәселелерін баяндайтын еңбектер мен мақалалар.
* Yшінші топ біздің тақырыбымызға неғұрлым жақын келетін
Қазакстандағы демографиялық ахуалды сипаттап, ондағы көкейтесті
мәселелерді дәл көрсете алған зерттеулер.
Әрине, Қазақстандағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихына қатысы
бар ойлар мен тұжырымдар басқа да мазмұндағы зерттеулерде кездесе 6epeтiнi
ақиқат. Бірақ олардағы деректер мен ой-тұжырымдар зерттеліп отырған
такырыптың тарихнамасына айтулы үлес коса алмағаны әбден түсінікті.
Қоныс аударудың алуан түрлі қырларын карастырған бірінші топтың
өкілдері мәселенің тарихнамасын зерделеуде біраз істерді тындырғанын атап
өтеміз. 197О жылдары көші-қон қозғалысы проблемалары бойынша көптеген
жұмыстар пайда болды, алайда көпшілігінде олар тарихи тұрғыдан емес, қайта
қоғамдық-саяси тұрғыдан және негізінен кеңестік дәуірді қарастырған
еңбектер болды.
Kөші-қонның алуан түрлі аспектілерін, сондай-ақ аграрлық көші-
қондарды талдаумен Л.М.Горюшкин, А.Б.Галиев, В.М.Моисеенко, А.В.Минжуренко,
Г.А.Ноздрин, О.И.Сергеев, Д.К.Шелестов, М.В.Шиловский, Е.А.Якименко және
басқалар айналысты3.
Халықтың сан және сапа құрамы елеулі мөлшерде көші-қон процестерімен
тікелей байланысты. Сондықтан көші-қондар процестері туралы әдебиет
демографиялық зерттеулер арасында кең көлемді болып табылады. Осы
әдебиеттер ішінде В.И.Переведенцев, В.И.Староверов жене В.М.Моисеенко
еңбектері ерекше көзге түседі; оларда көші-қон процестерін зерттеудің
теориясы мен методологиясы мәселелері қарастырылған 4
Өзіміз екінші топ өкілдері ретінде көрсеткен көші-қон үрдісінің коғамның
әртүрлі салаларындағы орны мен маңызы жөнінде жазылған еңбектер де
мәселенің тарихнамасын толықтыра түседі. Қазіргі заманғы көші-қон үрдістері
– көпжақты да күрделі құбылыс. Ол алуан түрлі демографиялық этнографиялық,
экономикалық, әлеуметтік аспектілерде зерттелуде. Өздерін қызықтыратын
аспектіні аша отырып, зерттеушілер проблемалардың белгілі 6ip қырын
қарастырады, бұл құбылысқа өзіндік келуді қолданады. Мысалы, заң ғылымының
кандидаты А.М.Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарқының
құқықтық проблемаларына арналған жұмысында осы заманғы iшкі көші-қон
проблемалары, атап айтқанда еңбек көші-қоны және оның Қазақстандағы еңбек
нарқының жай-күйіне ықпалы қарастырылады5. Автор орналасу себептерін,
алдымен олардың ешқашан белгіленбеген себептерін қарастырады, құқықтық
қорғалуы тұрғысындағы экономикалық босқындар деп аталатын - ерекше
әлеуметтік топты және тағы сондайларды бөліп көрсетеді.
Е.Ю.Садовскаяның монографиясын бөліп көрсетуге тура келеді, ce6e6i,
онда Қазақстандағы қазіргі көші-қон процестерінің терең саясаттану таңдауы
жүзеге асырылған, кеңестік кезеңнен кейінгі көші-қондардың жаңа формалары
мен түрлері қарастырылған 6
Қазақстандық тарихшы ғалымдардың келесі 6ip тобы Кеңес дәyipi мен
қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерделеді.
Ел-жұрттың өcyi проблемаларымен, соның ішінде көші-қон
мәселелерімен М.Б.Тәтімов шұғылданды . Автор өз еңбектерінде көші-қон
проблемаларын, оның Қазақстанның ұлттық құрылым
калыптасуындағы рөлін, ұзақ тарихи кезеңдегі көші-қон тасқындарының негізгі
бағыттарын айқындай отырып, сөз етеді 9.
Ғалымдар қазақтардың демографиялық және көші-қон мәселесі мінез —
құлқының өзгеруіне ерекше әсер етендігіне назар аударатындығы қызғылықты
болып отыр. Қазақстан халқы қалыптасуының аспектілері, ел-жұрт пен ұлттық
құрамының өзара байланысы Е.Гладышева мақалаларында зерттеліп жүр 11.
Республика ел-жұртының көші-қон мәселелеріне Г.Москвина мен
М.Мельдаханова мақаласы арналған 12. Мақалада ел-жұрттың аумақтық жылжуы
Қазақстандағы халықтың қалаға шоғырлану процестерімен байланысты
зерттеледі.
Концептуалды тұрғыдан алғанда М.Х.Асылбековтың жұмыстары айрықша
назар аударуды қажет етеді. Автор Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі
демографиялық процестердің біртұтас тарихи келбеті дамуын сәтті жасап
шығарған. Сондай-ақ біздіңше, ғалым ұсынған КСРО-ның Орталық Еуропа
аудандарынан Қазақстанға көші-қон қозғалысын кезеңдерге бөлуі сондай
маңызды.
М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның "Демографические процессы современного
Казахстана" монографиясында 1980-1990 жылдар басындағы демографиялық
процестер: ел-жұрттың саны, динамикасы, оның сапалық сипатындағы
демографиялық өзгерістер, сондай-ақ жыныс-жас құрамы, ұлттық құрамы және
басқалар талданады 16. Жұмыста, сондай-ақ ел-жұрттың жұмыссыздығы мен
жұмысқа тартылуы мәселелері көтерілді; ал бұлар ел-жұрттың көші-қонына
елеулі ықпал етеді. Авторлар қазіргі көші-қон процестерін, олардың қолайсыз
салдарларын, Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық хал-ахуалы нашарлауына
және оның болашақтағы экономикасына әcepiн көрсете тұрғанымен табиғи
құбылыс ретінде қарастырады.
В.В.Козинаның "Население центрального Казахстана (40-е года - конец XX
в.)" енбегін ерекше атап өтеміз, онда аумақтық әлеуметтік-экономикалық және
саяси шынайы көріністердегі ел-журтының саны мен аумаққа орналасу, көш-қон
процестері; ұлттық құрамы, жыныс-жас және әлеуметтік құрылымы, динамикасы
талданады 17.
Сонымен, ғылыми әдебиеттің елеулі түрдегі жеткілікті сан мөлшері
болуына қарамастан объективті зерттеудің концептуалдық көзкарас тұрғысынан
алғанда көші-қон үрдістерінің көптеген мәселелері әлі жеткілікті
іздестірілмеген. Мәселен, Қазақстандағы жылдардағы көші-қон жөніндегі жан-
жақты талданған тарихи еңбектер әлі жоқ. Біздіңше, осы жылдардағы көші-қон
процестерінің негізгі факторларын республиканың әлеуметтік-экономикалық
және саяси дамуы тұрғысында зерттеу мен талдау қажеттігі, көші-қон
тасқындарының бағыттары мен түрлерін, Қазақстандағы осы көлемді құбылыстың
демографиялық салдарларын: халық санының динамикасы, сапалық сипаттамасы,
соның ішінде ұлттық құрамы, жыныс-жас құрылымы өзгерісін көрсету қажеттігі
пісіп жетілді.
Көші-қон процестері ьқпалымен коғамның әлеуметтік құрылымыньң
өзгеруі, атап айтқанда халықтың білім және мәдени деңгейінің, кәсіби
құрамының өзгеруі мәселелері, көші-қонның әлеуметтік проблемалары кешенді
зерттеулерді кажет етеді. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген мәселелер
6iзгe қолға алған жұмыстың зерттеу негізі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстың
мақсаты 1989-1999 жылдар кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон үрдістерін
кешенді де жан-жақты зерттеу болып табылады. Осыған байланысты 6iз мына
төмендегідей нақты міндеттерді шешуге тырыстық:
* "көші-қонның" теориялық ұғымын, олардың негізгі түрлері мен типтерін
айқындау;
* Қазақстандағы көші-қонның заңдылық базасының жай-күйі мен
проблемаларын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
* қарастырылып отырған кезеңдегі көші-қон процестерінің аймақтық
ерекшеліктерін көрсету;
* көші-қон үрдістері динамикасының негізгі факторларын ашып
көрсету;
* көші-қондардың халықтың әлеуметтік-кәсіби құрамына тигізген әcepiн
анықтау;
* көші-қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгepicтepiн және
қазіргі кезеңдегі көші-қондардың жаңа түрлерін талдап беру;
* шет елдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз кол
жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен
келеңсіздіктерді зерделеу;
Зерттеудің деректік негізі. Қарастырып отырған мәселенің маңыздылығы
жұмыстың деректер бұлағының сипатын анықтады. Мұның өзін бірнеше топқа
бөліп алып қарастыруымызға болады. Біз алдымен құжаттың материалды
талдағанда деректік дәлме-дәл және талас туғызбайтын фактылардың күллі
кешенін қатыстыру кажеттігін, сондай-ақ оларға сыни тұрғыдан караудың да
кажеттігін негізге алдық.
Бұл жұмыста Казакстанда орын алған демографиялық өзгерістерді
талдау . Қазакстан Республикасында жүргізілген халық санағының
материалдарын зерттеу негізінде жүргізілді. Бұл жерде ел-жұрт туралы
мәліметтердің негізгі деректері санақтар материалдары болып табылатындығы
ескерілді.
Деректердің келесі 6ip тобын санақ аралық кезеңдегі ел-жұрт
өзгерістерін талдау үшін пайдаланылған ағымдағы статистика материалдары
құрады. "Народное хозяйство Казахстана" статистикалык, әржылдығы болып
табылады. "Народное хозяйство Казахстана" әржылдығы 1957 жылдан бастап
шыққан еді.
Тұтасынан алғанда "Народное хозяйство Казахстана" статистикалық
әржылдығында ел-жұрт дамуының көптеген мәселелері бойынша мәліметтер бар.
Зерттеу дерегінің бұл түрінің артықшылығы, ондағы келтірілген мәліметтердің
салыстырмалы болып табылатындығында. Сонымен, деректердің жоғарыдағы тобы,
санақтар және ағымдағы статистика материалдарын пайдалану халықтың
демографиялық процестерін, сондай-ақ олардың динамикасын да неғұрлым толық
көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыста дерек көзі болып табылған құжаттардың бірі көші-қон және
демография жөніндегі Aгенттіктің ағымдағы мұражайынан алынған. Мұнда
қазақтардың әлемнің басқа елдерінен өзінің тарихи Отанына оралуы жөніндегі
кызметі туралы құнды материалдар сақталған. Еңбек және әлеуметтік қорғау
министрлігінің ағымдағы мұражайында соңғы он жылдықтағы еңбек көші-қоны
туралы құжаттардың үлкен көлемі сақтаулы.
Сонымен жұмыста өзара бірін-6ipi толықтыратын, әpi нактыландыратын
зерттеу деректердің кең көлемді де алуан түрлі материалдары қатыстырылды.

Әдістері. Сабақтың әр түрлі типтерін ұйымдастыруға болады.
Мысалы: лекция, семинар, конференция, консультация т.б. Сабақтың
дәстүрлі емес түрлері: пікір сайыс, түрлендірілген, топқа бөліп
жарыстыру, кіріктірілген т.б.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап
әңгімелеу, түсіндіру, деректермен өзіндік жұмыс ұйымдастыру, оқушының
жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, берілген
сұрақ бойынша басқа оқушының ойын тапқызу, туған өлке тарихының
материалын пайдалану т.б.
Иллюстрациялап түсіндіру әдісін қолданғанда тақырыпты ауызша
баяндап, әңгімелегенде оқулық пен техникалық, көрнекті құралдарды
пайдалану керек. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер
тақырыбын түсіндірген кезде Қазақстанның картасын, оқулықты пайдалану. Бұл
әдісті қолдану барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Сабақты дәріс түрінде өткізуге болады. Дәрістің мақсаты – тыңдау,
талдау, басты мәселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту. Жаңа
тақырыпты түсіндірудің алдында түсінікті және жазбаларының бірізді болуы
үшін қысқаша жоспарды айтып жаздыру керек:
І . Қазақстан Республикасындағы миграциялық үрдістердің теориялық және
құқықтық аспектілері
1.1 Kөші-қон үрдістерінің теориялық анықтамасы
1.2 Қазақстандағы көші-қонның құқықтық қамсыздандырылуы
ІІ Kөші-қонның негізгі факторлары мен тенденциялары
2.1 Kөші-қон динамикасының әлеуметтік-экономикалық және
саяси факторлары
2. Егемен Қазақстан жағдайындағы көші-қонның жаңа түрлері
Материалды баяндаған кезде оқушылардың қатысуымен негізгі ойды айқындап,
жаздыру керек. Сонымен қатар материалды баяндау барысында оқушылардың
жазу жылдамдығын қадағалау қажет. Оқушылардың қалай жазып отырғанын да әр
кез қадағалау орынды, тіпті жазу барысында қандай сөздерді қысқартуға
болатындығы ескеріледі.
Репродуктивті әдіс – оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды
көздейді. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен
ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет және әртүрлі жағдайда
еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады. Мысалы, бүгін
өтілетін тақырыпты бұрын оқытылып кеткен ұқсас тақырыппен салыстырып,
ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал бойынша жоспар
жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді.
Проблемалық оқыту әдісі – мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты
баяндар алдында немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге
кіріскенде оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми
болжам жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады.
Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын
қадағалайды, шығарылған қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын,
дәлелділігін аңғарады. Мысалы, біздің тақырыпта көші-қон үрдістеріне
анықтама бере отырып, оның себептері мен әсер ететін факторларына талдау
жасау арқылы оқушылардың алдына проблема қойылады.
Проблемалық баяндау әдісін қолдану үшін төмендегілерді ескеру
керек:
Алдымен проблеманы дұрыс таңдай білу керек. Оқушылардың алдына
қойылатын проблема осы сыныптың шамасына лайық, яғни оқушылар оны дұрыс
түсінетіндей және оларды қызықтыратындай болғаны дұрыс.
Екіншіден, берілген проблеманы шешуге оқушылар белсене қатысуы
үшін немесе шешілу жолдарын толық аңғаруы үшін төмендегідей білім
негіздерімен қамтамасыз етілуі керек: а) проблеманы шешуге қажетті
фактілер мен білімдер; ә) проблеманы шешуге қатысы бар жалпы қағидалар; б)
проблеманы шешетін тәсілдерді меңгерту немесе оқушылардың сол тәсілдерді
өздігінше табуына жағдай жасау;
Үшіншіден, проблеманың шешілуін тексеруге, оның негізділігін,
логикалық дұрыстығын анықтауға немесе оның дұрыс шешілгендігін талдап
дәлелдеуге, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге оқушыларды белсене
қатыстыру.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс – оқушыларды бірте-бірте
белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді
көздейді, осыған қажетті біліктерді қалыптастырады. Мысалы, көші-қон
үрдістерінің негізгі факторлары мен тенденциялары мәселесіне байланысты
сұрақ қоя отырып, проблеманы шешуге үйретеді, естіген фактілері бойынша
қорытынды жасауды немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады.
Оқытудың эвристикалық түрі. Ойталастың алдында оқушыларды оны
жүргізудің тәртібімен таныстыру керек. Ол тәртіптің негізгілері мынандай:
ең бастысы нені дәлелдейтініңді біл, ең мықты дәлел нақты дерек, қисынды
және сабақтастықпен сөйле, өзің жақсы білетініңді ғана айт, өзіңе дейінгі
айтылғандарды қайталама. Пікірталасқа оқушылар үйде алдын ала
дайындалады. Мынандай мәселелер бөлініп беріледі: көші-қон үрдістеріне
анықтама беру, көші-қон динамикасына әсер ететін факторлар, қазақ
диаспорасы, Егемен Қазақстан жағдайындағы көші-қонның түрлері,
Қазақстандағы көші-қонның құқықтық қамсыздандырылуы, қазіргі кезеңдегі көші-
қон үрдістерінің ерекшеліктері. Олар теориялық тұжырымды қалай теріске
шығаруды немесе белгілі бір ұстанымын қалай қорғауды ойластырады.
Пікірталасты ұйымдастыру кезінде оны бағыттап, өз пікірін күштеп таңбай,
оқушылардың еркін пікір айтып, қорытынды жасауына жағдай туғызу керек.
Пікір сайыс әдістемелер оқушылардың оқуға ынтасын, ал ұстаздардың
шығармашылық қабілетін арттырады. Екі жақты позицияда оқушылардың сөз
жарысымдарына қатыстыру барысында олар объективтілік, пікір алуындағы
патриоттық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Сонымен қатар сабақты конференция түрінде өткізуге болады.
Оқушыларға мынадай мәселелерді: көші-қон үрдістеріне анықтама беру, көші-
қон динамикасына әсер ететін факторлар, қазақ диаспорасы, Егемен Қазақстан
жағдайындағы көші-қонның түрлері, Қазақстандағы көші-қонның құқықтық
қамсыздандырылуы, қазіргі кезеңдегі көші-қон үрдістерінің ерекшеліктері
бөліп беріп, бағыт беру керек. Олар сол мәселе бойынша баяндама, реферат
дайындап әкеледі. Сабақ барысында әрбір оқушыға 5-7 мин. уақыт беріледі.
Осындай жағдайда баяндамашылар тобының жұмысқа ортақ қызығушылығы артады
және ол баяндамалар сынып оқушылары арасында белсенді түрде талқыланады.
Алған білім бойынша қорытынды жасауға, жауаптылыққа, өз бетінше еңбектенуге
баулу уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелейді.
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
оқушылардың өз тарихи ойларын жинақтап, пайдалануға, тарихи даталарды
естерінде ұзақ сақтауға тәрбиелейді.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізілетін
жұмыстар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Ойындар пәннің мәніне,
тақырыпқа логикалық байланысты болуы керек; берілген тапсырмалар, ойын
сұрақтары оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге – рөлдік ойындар,
конкурстар, жарыстар т.б. Мысалы, Жас деректанушы тағылымдық ойыны.
Өтіліп жатқан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі оқиғаларды жазушы
жылнамашылар атынан кез-келген тарих пәнін сүйетін оқушы мәлімет жазып,
оларды өз көзқарасы шеңберінде жеткізеді, өзінше сипат береді.
Деректанушы болып отырған оқушы нақты фактілерге айқын сипаттама беруге
үйренеді. Мысалы, оқушылар еңбектерден, баспасөз беттерінен жинаған
мәліметтерін береді.
Проблемалық полемика ой талқысы. Оның мәні өтілетін
материалдағы болып өткен тарихи оқиға, саяси тұлғалардың жеке басы, іс-
әрекеттеріне оң және теріс дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-
келген мағлұматтарды объективті түрде баға беруге үйретеді.
Жаңашыл, әдіскер педагог С.Ф. Занько Сабақты ойын түрінде
түрлендіріп өткізу оқуды еңбекпен ұштастыратын арнаулы концепция деген
болатын.
Сабақта қолданылып жүрген оқу танымдылық ойындарда әр түрлі
көңіл көтерерлік элементтер арқылы білім беріледі. Оның тиімділігі оқушы
оқу материалын қиналмай өзінің көңіл-күйі арқылы қабылдайды.
Ойын ешқашан білімнің мазмұны мен құнын төмендетпейді, қайта
мазмұнын толықтыра түседі, өйткені ойын барысында оқушылар бір-бірінен
асып түсуге тырысады.
Сондықтан ойын түрінде өткен сабақ қарапайым, оңай есе
сақталатын болады, материал өте жылдам екпінмен беріледі.

Тәрбиелік мәні. Тарих пәнінің тәрбиеленушілік мүмкіндігі өте мол.
Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін
баяндайды. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды,
құбылыстарды, жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы
Урбанизация туралы
Халықтар миграциясы және оның географиясы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Пәндер