Қазақстан Республикасының халықаралық сауда саясаты
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА САЯСАТЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Халықаралық сауда және оны макроэкономикалық талдау ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстан Республикасының халықаралық сауда қатынастарындағы
айырбас бағамы және төлем балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорты және
протекционизм саясатының жүргізілу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ.НА ЕНУІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ САУДА ЖАҒДАЙЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ
2.1 ҚР.ның БСҰ.на енудің мақсаты мен барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстанның БСҰ.на енуімен байланысты мәселелер ... ... ... ... ... ... ... 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ
3.1 Экпорттық және импорттық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2 ТМД мемлекеттерімен сыртқы сауда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы халықаралық сауда қатынастарына тән ерекшелігі негізінен ел экономикасының әлемдік экономикада дамушы ел ретінде танылып, ал халықаралық саудада шикізатты экспорттаушы ел болып табылады.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізаттық экономикалы елдер дүниежүзілік бәсекеге қабілетсіз болып қала береді және ол елдердің экономикасы шикізат бағасына тәуелді болып, тұрақсыз даму жолы болып табылады. Сондықтан Қазақстан үшін алдағы жылдарға басты стратегиясы экономиканы шикізаттық бағыттан алып шығатын индустриялы-инновациялы экономика құру болып табылады.
Қазір отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де тікелей байланысты болып табылады. Себебі, халықаралық сауда, халықаралық капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және тауардың халықаралық ағымдары, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты талдау бүгінгі тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасы халықаралық сауда қатынастарына тән ерекшеліктері” деп алдық.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Жұмысты орындаудағы негізгі мақсат халықаралық сауда қатынастарын және оның элементтерін макроэкономикалық талдау және ҚР-ның бүгінгі таңдағы халықаралық сауда жағдайы мен сауда баланстарына талдау жасау болып табылады.

1. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
2. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
3. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во Дис. - 1999. – 416с.
4. Байгiсиев Майдан-Әли / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
5. Мэнкью Н.Г. - Макроэкономика. – Москва. - 1994 г. – 630 с.
6. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.
7. Дорнбуш Р., Фишер С. - Макроэкономика. - Пер. с англ. – М.: Изд-во МГУ. - 1997. – 784 с.
8. Микро-макроэкономика. - Практикум. - Под общ. ред. Ю.А. Огибина. – СПб. - 1994 г. - 230 с.
9. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
10. Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
11. Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане// Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №5 2008 г.
12. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г. – 487 б.
13. Тауар өндіре алсаң ғана ДСҰ-ның қызығын көресің. АЙҚЫН газет. 30 наурыз 2006 ж. 7-бет.
14. ҚР және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері. 07.2008 ж.
15. ҚР әлеуметтік дамуы. 07.2008 ж.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА САЯСАТЫНДАҒЫ РӨЛІ
1. Халықаралық сауда және оны макроэкономикалық талдау
... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстан Республикасының халықаралық сауда қатынастарындағы
айырбас бағамы және төлем балансы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорты және
протекционизм саясатының жүргізілу барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ-на ЕНУі ұлттық экономиканың сауда жағдайын дамыту жолы
2.1 ҚР-ның БСҰ-на енудің мақсаты мен барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Қазақстанның БСҰ-на енуімен байланысты мәселелер
... ... ... ... ... ... ... 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ
3.1 Экпорттық және импорттық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2 ТМД мемлекеттерімен сыртқы
сауда ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 25 ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы халықаралық сауда
қатынастарына тән ерекшелігі негізінен ел экономикасының әлемдік
экономикада дамушы ел ретінде танылып, ал халықаралық саудада шикізатты
экспорттаушы ел болып табылады.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізаттық экономикалы елдер
дүниежүзілік бәсекеге қабілетсіз болып қала береді және ол елдердің
экономикасы шикізат бағасына тәуелді болып, тұрақсыз даму жолы болып
табылады. Сондықтан Қазақстан үшін алдағы жылдарға басты стратегиясы
экономиканы шикізаттық бағыттан алып шығатын индустриялы-инновациялы
экономика құру болып табылады.
Қазір отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни
өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі
шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының
салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге
қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi
әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы
өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет
етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық
бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі
саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де
тікелей байланысты болып табылады. Себебі, халықаралық сауда, халықаралық
капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және
тауардың халықаралық ағымдары, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерін жан-
жақты талдау бүгінгі тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасы халықаралық
сауда қатынастарына тән ерекшеліктері” деп алдық.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы
жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi
макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның
мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол
өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi
өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Жұмысты орындаудағы негізгі мақсат халықаралық сауда қатынастарын
және оның элементтерін макроэкономикалық талдау және ҚР-ның бүгінгі таңдағы
халықаралық сауда жағдайы мен сауда баланстарына талдау жасау болып
табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА САЯСАТЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Халықаралық сауда және оны макроэкономикалық талдау
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына халықаралық сауда жатады. Халықаралық сауда –еңбек бөлінісі
негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын
байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі. Сонымен
халықаралық сауда дегеніміз – дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық
тауар айналысы.
Халықаралық сауда мәселесі кез-келген мемлекет үшін маңызды болып
табылады. Өйткені, мемлекеттің экономикалық жетістігі негізінен елдің
сыртқы экономикалық байланыстары мен әлемдік экономикадағы орны арқылы
көрініс табады. Осыған байланысты барлық мемлекеттер халықаралық сауда
саясатын жүзеге асырады.
Халықаралық сауда бойынша макроэкономикалық талдауды жүргізген кезде
біз ең бірінші экономиканың ашық экономикалы болуы ескеріледі.
Ашық экономика проблемаларын талдау халықаралық сауданы қарастырудан
басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн
халықаралық сауда құрайды. Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта
экспорт пен импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер
етедi. Бұл көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн
тигiзедi.
Экспорттық салалардағы өндiрiстiң өсуi шет мемлекеттерде қарастырылып
отырған мемлекеттiң тауарларына сұраныстың өсуiн көрсетедi, бұл
қарастырылып отырған мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн өсiредi. Керiсiнше, импорттың
өсуi шет мемлекеттердiң тауарына сұранысты өсiредi, бұл жағдай ЖҰӨ көлемiн
кемiтедi. 1, 394 б.
Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы
макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады.
Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары.
Меркантелистердiң өздерi елдiң дамуы үшiн iшкi экономикалық
қызметтермен қатар сыртқы экономикалық сауданың орнының ерекше екенiн атап
көрсеткен. Қазiргi халықаралық экономикалық қатынастарда әр ел өзiнiң
экономикалық жағдайына байланысты әлемдiк шаруашылыққа әр түрлi әсер ете
алады. Республикамыз ендi ғана экономикасы жанданып келе жатқан тұста
әлемдiк экономикға әлi де өз әсерiн тигiзе алмайды. Сондықтан ол әлемдiк
стандарттар бойынша қызмет етедi, яғни экономикалық жағдайы әлемдiк
өзгерiстерге тәуелдi. Ал мұндай экономиканы макроэкономикада кiшi ашық
экономика деп атайды. Осы кiшi ашық экономкианың макроэкономикалық
талдауларын тиiмдi жүргiзiп, тиiмдi қолдана бiлсек елiмiздiң болашағы
жарқын болмақ.
Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:
Y = C + I + G + ( EX – IM )
(1)
Мұндағы:
Y - өнiм көлемi;
С – тауарлар мен қызметтердi тұтыну;
I – инвестициялар;
G – мемлекеттiк шығындар;
( EX – IM ) – экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза
экспорт N x-тi бередi. 2, 356 б.
N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол
мынаған тең деп белгiленедi:
NX = Y – ( C + I + G ) (2)
Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым
r* = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға
әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең
болу керек.
Бұл график бойынша әлемдiк пайыз қойылымы iшкi пайыз қойылымынан
жоғары болып тұр, яғни бiздiң инвестициялық сұранысымыз азаяды және ұлттық
инвесторлар сыртқа шыға бастайды. 6, 579 б.
Капитал қозғалысы шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер ететiн
факторлар немесе саясаттарына iшкi бюджеттiк салық саясат, шетелде
жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаттары және инвестиция сұраныстың өзгеруi
жатады.
1) Iшкi бюджеттiк-салық саясатының әсерi. Мысалы, G↑, T↓ деп алайық.
( Сурет-1) 6, 737 б.
r* S2 - I S1 - I
r1
r=r* I (r*)
I, S
I = S
Сурет-1 – Iшкi бюджеттiк-салық саясатының G↑, T↓ кездегi әсерi
а) G↑ өссе S↓, яғни I S онда N x терiс болып келедi.
ә) T↓ → ( Y – T )↑ → C↑ → S↓ жағдайлары орын алады.
G↑, T↓ - экспанция бюджеттiк салық саясаты, ал G↓, T↑ - рестрикция
бюджеттiк салық саясаты деп аталады. 2, 364 б.
2) Шетелде жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаты.
Шетелдiк саясаттар кiшi ашық экономика болғандықтан ұлттық экономикаға
өз әсерiн тигiзедi. Шетелдiк мемлекеттiк шығындар өссе G↑ онда олардың
жинақтары азаяды да, шетелдiк пайыз қойылымы өседi. Ұлттық инвесторлар
сыртқа шыға бастайды, соның есебiнен таза экспорт өседi.
3) Инвестиция сұраныстың өзгеруi. Мысалы, iшкi экономикада мемлекет
салық жеңiлдiктерiн енгiзедi деп есептейiк.
r* S
r1
I2 (r*)
r* I (r*)
I, S
I = S
Сурет-2 – Iшкi экономикада жеңiлдiктердiң енгiзiлуi
Мұндай жағдайда ұлттық экономикада инвестиция деген сұраныс артады,
iшкi пайыздық қойылым көтерiледi, шетелдерден инвестициялар келе бастайды,
жалпы таза экспорт көлемi азаяды. Яғни, I S, r↑, N x ↓. 3, 340 б.

Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу
түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-
ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық
валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде
дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-
күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда. 9
Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а)
еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық)
валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін
айырбасталатын валюта болып табылады.
Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде
және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті
тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа
халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып
табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.
Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал
дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға
немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды.
(мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).
70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға
көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын
сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен
анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi
көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның
қажеттігі:
- Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық
валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
- Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық
көрсеткіштерді салыстыру;
- Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық шектеу
резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және басқадай
валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе
әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу,
валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық шектеу
валюталық заңдылықтармен бекiтiледi . 12
Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :
- төлем балансын теңестiру;
- валюталық бағамды қолдау;
- ағымдағы және стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiң
қолында валюталық бағалықтардың шоғырлануы;
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :
- валюталық операцияларды Орталық және өкiлеттi банктерде
орталықтандыру;
- валюталық операциялар жасау үшiн рұқсат қағазының берiлуi ;
- валюталық шоттарды жартылай немесе толық жабу;
- валюталардың қайтарымдығын шектеу.
Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР
есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу
мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу.
1) Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
2) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;
3) Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы. Оларға
елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, валюталық бақылау ұйымдары және
т.б. жатады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты
елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық
өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен
мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және
түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар
1. төлем балансы;
2. есеп айырысу балансы;
3. халықаралық қарыз баланысы; 4, 29 б
Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында
мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен
соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем
балансы болады.
Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде
жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен
түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр
мерзiмнiң тқлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi.
белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен
тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық
қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын
бiлуге көмектеседi.
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы
активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы
пассивтi деп аталады.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары төмендегiей:
- төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер
кiредi;
- есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен
мiндеттемелерi кiредi;
- есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер
көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген
несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн
өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
- төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк
немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы
болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары
акивтiк болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы
операциялар бойынша пассивтiк болады;
- төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал
есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар
айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды. 3, 265 б
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк.
Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем
балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Төлем балансының құрылымы
1) “Ағымдағы операциялар балансы”
1. сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер
мен түсiмдер): 3, 264 б
а) экспорт
б) импорт
2. Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент
бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )
2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”
Кесте-1 - Қазақстан Республикасының төлем балансы
(млн.АҚШ доллары)
2004 2005 2006 2007
Ағымдағы есеп -1024,34 -272,6 454,9 -485,7
Сауда балансы 1987,14 3679,00 6785,55 10321,8
Экспорт 10026,91 13232,63 20603,14 28300,6
Импорт -8039,77 -9553,63 -13817,59 -17978,8
Қызмет балансы -1024,34 -272,6 454,9 -485,7
Экспорт 1540,42 1712,29 1999,1 2251,0
Импорт -3538,28 -3752,69 -5026,2 -7466,4
Табыстар балансы -1127,37 -1746,6 -2815,3 -5179,7
Несие және қарыз бойынша -213,07 -277,5 -410,0 -817,9
төлемдер
Тікелей инвесторлар табысы -1014,80 -1448,3 -2331,8 -4611,5
Резервтер бойынша сыйақы 127,70 123,6 140,21 228,2
Ұлттық қордың активтері бойынша 72,58 68,10 118,25 181,8
сыйақы
Тағы басқалары -99,77 -212,5 -331,8 -160,3
Ағымдағы трансферттер 113,74 -164,67 -488,16 -412,4
Жоғарыдағы кестеден көретініміз, ағымдағы есеп бойынша Қазақстан
Республикасының төлем балансы көбінесе теріс шамада болғандығын, ал сауда
балансының жылдан-жылға еселеп артып келе жатқандығын, экспорттын 2004
жылғы 10000 млн. доллар шамадан 2007 жылы 30000 млн. долларға жеткендігін,
импорттын да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Жалпы айтқанда елдің
экономикасының өсуімен қатар төлем балансының да құрамдық мөлшері жылдан-
жылға артып келе жатыр. 13
Бірақ еліміздің экспортының негізгі құрамын шикізаттық өнімдер
құрайды, ал импорттық заттар негізінен техника құралдары, дайын өнімдер
болып табылады.
Сауда балансы – экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша
төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса,
онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық
болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады
Көрсетiлген қызметтер балансы – ол формасы бойынша да және
экономикалық мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге
коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен
түсiмдер бiрiктiрiледi.
Капитал және несие қозғалысының балансы – ол жеке және
мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша , алынған және
берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсiмдердiң
арақатысы.
Халықаралық қарыз балансы - өркендеген және өркендеушi елдердiң
статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп
айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының
жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады. 9, 139
б
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi
және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға –
ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал
баланстандырушы тараулырға - валюталық резервтiк қозғалысы, ал
баланстандырушы тарауларға – валюталық резервтердiң қозғалысы , қысқа
мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi,
сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк ұйымдардың
несиелерi және т.б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi
жатады. Баланстың негiзгi және баланстандырушы тараулардың қорытынды
көрсеткiштерi бiрiн-бiрi өзара өтеу қажет, яғни баланс формальды
тепе-тең болуы қажет.
Төлем балансының тепе-теңдiкке әкелетiн ақырғы әдiс – мемлекеттiң
ресми алтын валюталарын қолдану. Халықаралық мiндеттемелердi өтеу
құралы – еркiн айырбасталатын шетел валютасын алу үшiн – ХВК – ның
бiр елдiң шотнан екiншi елдiң шотына валюта аудару арқылы – СДР
қолданыла бастады. Ал 1979 жылдан ЕВЖ-ге мүше елдер осы мақсатқа
ЭКЮ-да қолдана бастады. 4, 31 б
1.3 Қазақстан Республикасының экспорт пен импорты және протекционизм
саясатының жүргізілу барысы
Қазақстан Республикасының бүгiнгi әлемнiң экономикалық шаруашылығы
күннен-күнге күрделене түскен таңдағы мемлекет ретiндегi орны оның рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуы болып табылады. Рыноктық қатынастардың
дамуы ұлттық экономикамыздың елiмiз өз егемендiгiн алғаннан бастап осы
уақытқа дейiн даму үстiнде. Рыноктық қатынастардың тиiмдi қызмет етуi
барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердiң тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз
етiп отырады.
Сұраныс пен ұсынысты талдау баға тепе-теңдігін және экспорт пен
импорт көлемін анықтауға көмектеседі. Мемлекеттің тауар қызметін импорттау
және экспорттау көлеміне, дүниежүзілік қалыптасқан баға мен мемлекет
ішіндегі сол тауарға деген бағаның айырмашылығына байланысты. Дүниежүзілік
баға тепе-теңдігі ішкі сұраныс пен ұсыныстан пайда болаы, яғни бұл баға
халықаралық саудаға қатыспайтын жабық экономикалы елде қалыптасады.
Салыстырмалы артықшылық теориясына байланысты ұлттық бағалар
дүниежүзілік бағаларға сәйкес келе бермейді. Қазақстан Республикасы еркін
сауда аймағына жататындықтан экспортық жағынан тиімді болғанымен оған көп
бөгеттер қойылған. Оларға: 1, 411 б
- Импорт тауарына акциз салығы;
- Қазыналық баж салығы – мемлекет ішіндегі өндірілмеген тауарға
салынады.
- Импорттық квота – оның көмегімен белгілі бір уақыт ішінде
импортталатын тауардың ең жоғары шегін белгілейді. Халықаралық саудаға
салымдардан қарағанда импортық квота көп әсерін тигізеді.
- Тарифсіз бөгет – лицензиялық жүйе.
Сыртық саудадағы протекционизм кезінде еркін сауданы жақтаушылар көп,
бірақ мемлекет басшыларының жиналысында қолдампаздықты жақтаушылар көп.
Олардың еркін саудаға кедергі қою ұлттық маңызды себептерге байланысты: 4,
38 б
- Қорғаныс қажеттігін қанағаттандыру – бұл себептің маңызы экономикалық
емес, әскери саясат үшін маңызды. Қолдампаздық баж салымдары соғыс
жүргізу немесе қорғаныс үшін стратегиялық тауар мен материалдар шығару
үшін салынады.
- Мемлекеттегі жұмыс орнын көбейту – оның бастауы макроталдауға
байланысты. Ашық экономикада жиынтық шығын тұтыну шығынынан,
инвестициядан, мемлекеттік шығыннан, таза экспорттан құралады. Импорт
мөлшерін қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуі экономиканың дамуын
ынталандырады. Өйткені соның арқасында пайда және жұмыс орны көбейеді.
Протекционизм саясатының өзіндік кемшіліктері де баршылық:
1.Импорт кезіндегі жұмыс орнының қысқаруы. Импорт көлемінің өсуі
жұмыс орнын қысқартады, бірақ басқа елдерде жұмыс орны көбейеді.
2.Импорттық шектеу енгізген кезде барлық мемлекеттер
жетістіктерге жете бермейді. Бір мемелекеттің экспорты басқа мемлекет үшін
импорт, экспорт импорттан үлкен болса, ол мемлекеттің экономикасы жақсы
дамиды, ал экспорт импорттан кіші болса, онда ол мемлекет экономикасы
құлдырайды, жұмыссыздық көбейеді.
3. Баж және квотадан ауыртпашылық көрген мемлекет оған жауап
ретінде сауда бөгеттерін жоғарылатады. Соңында барлық мемлекет экономикасы
құлдырайды.
Ұзақ уақытты кері байланыс. Ұзақ уақыт жоспары бойынша экспорт
импорттан үлкен болу арқылы ішкі жұмыс орнының өсуін ынталандыру
жетістіктерге әкелмейді. Сонымен баж салымы арқылы таза экспортты өсіруге
және жұмыс орнын көбейтуге болады деген түсінікпен экономистер келіседі.
- Тұрақтылық үшін диверсификация – жоғары маманданған экономика
халықаралық нарыққа тәуелді. Соғыс, циклдық тұрақсыздық,
өндіріс жүйесінің жағымсыз өзгеруі ауырпашылықтар әкеледі.
Сондықтан өндіріс диверсификациясын ынталандыру үшін баж
салымын және квотаны енгізеді, соның нәтижесінде халықаралық
нарықтағы 1 немесе 2 тауар тәуелділігі кемиді. Ол ішкі
экономиканы халықаралық саясаттан, шетелдегі өндірістің
құлдырауынан сақтайды.
- Арзан шетелдік жұмыс күшінен қорғау – Қазақстан фирмаларын
және жұмысшыларды шетелдік арзан жұмыс күшінен қорғау керек.
Егер оларды қорғамаса, онда Қазақстан нарығында шетелдік арзан
тауарлар қаптап, ұлттық тауар мөлшері және жұмысшылар айлығы
төмендейді. Бұл әсіресе Қазақстан үшін екі жақты әсері бар.
Біріншіден, Қазақстан азаматтары білімді маман ретінде шетелде
қалып жатыр, ал бүгінде Қазақстан экономикасы күннен-күнге
дамуына байланысты жақын шетелдерден Қазақстанға да жұмыс күші
ағымы толастамауда. 1, 413 б
Бiрақ қазiргi уақытта шетелдiк инвестицияның басым көпшiлiгi
елiмiздiң шикiзаттық қорын игеруге салынып отыр. Осыған байланысты
экономикалық өсудiң өзi осы сонғы жылдарда әлемдiк рыноктарда мұнайға деген
бағаның өсуiмен байланысты болып отыр. Ал экономиканың тұрақты өсуiн
қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiң өңдеушi саласын дамыту мәселесi туындап
отыр. Ол үшiн осы салаларға инвестиция салуды ынталандыруды мемлекеттiк
тұрғыдан ынталандыруды қолға алу керек. Оның себебiн биылғы 2008 жылы
негiзгi капиталға тартылған инвестиция мөлшерiмен анық көруге болады.
(сурет 3). 12, 16 б
Сурет-3 – Елiмiзге келiп жатқан шетел инвестициясының құрылымы
Импорт көлемiн азайту экспортқа бағытталған өнiм өндiру барлық дамыған
және дамушы елдердiң басты мақсаты. Осы мақсатта өңдеушi салалардың
техникалық деңгейiн көтеруде машина жасау өнеркәсiбiн көтеруге барлық күш-
жiгер салынуы тиiс болып отыр. Себебi, көптеген кәсiпорындар техниканы,
құрал-жабдықтарды импорттауға мәжбүр. Минералды шикiзатты өндiруден өңдеуге
дейiн, тамақ, киiм, ауыл шаруашылығы, көлiк жiне құрылыстың техникасыз күнi
жоқ. Республикада машина жасаудың ең қуатты өндiрiстерi көлiк және ауыл
шаруашылығына қажеттi техника өндiруi тиiс.
Қазіргі таңда халықаралық саудада елдің экспортының негізін шикізаттық
өнімдер және астық өнімдері құрап отыр. Ал елге импортталушы тауарлардың
негізін дайын өнімдер, техника, киім-кешек және тағы басқа шикізаттық емес
өнімдер құрайды. Жалпы Қазақстан Республикасының халықаралық сауда
айналымының динамикасын келесі 8-ші суреттен көре аламыз. 13, 388 б
Суреттен көріп отырғанымыздай еліміздегі халықаралық сауда сальдосы
оң болып отыр, яғни экспорт импорттан жоғары болып келеді. Алайда осы
экспорттың 85% шамасын шикізаттық немесе дайын емес фабрикаттар құрайды.
Сондай-ақ импорттың басым бөлігін өңдеуші сала өнімдері мен дайын өнімдер
құрап отыр.
Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған,
Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп
салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi
нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн
көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң
өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын
дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық
сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз
бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек. Сонда ғана еліміз әлемдегі
алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға дайын болып, өзінің экономикасын
индустриялы-инновациялы етіп құра алады. 13
Сурет-8 – ҚР-ның халықаралық сауда айналымы
Сурет-4-ҚР сыртқы сауда айналысы
Осы жұмыстарды қаржыландыру бюджеттен бөлiнген қаражаттардан
құралатын, Даму институттары арқылы iске асырылмақ. Әрине, ол қаражаттарды
бастапқы мақсатына қарай тиiмдi пайдалану, ысырапқа жол бермеу, субъективтi
факторлардың орын алмауын қадағалауды кұшейткен жағдайда ғана оң
нәтижелерге жетуге болады.
Қазiргi таңда тағы бiр маңызды мәселелер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz