Қазақстан мен Монголиядағы туризмнің дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН МЕН МОНГОЛИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ

1. 1 Қазақстандық туристік бизнестің жалпы сипаттамасы

1. 2 Монголияның географиялық ерекшеліктері

1. 3 Монголиядағы туризмнің даму тарихы

2 МОНГОЛИЯДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2. 1 Табиғи рекреациялық ресурстар

2. 2 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар

2. 3 Туристік инфрақұрылым

3 ҚАЗАҚСТАН МЕН МОНГОЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ РОЛІ

3. 1 Монголия туризмін дамытуға арналған мемлекеттік іс-шаралар мен бағдарламалар

3. 2 Қазақ-Монгол туристік қатынастардың негізгі бағыттары

3. 3 Қазақстан мен Монголия арасындағы туристік байланыстардың дамуының негізгі мәселелері мен болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Туризм бұрыннан бері әлемді шаруашылықтың кірісті және қарқынды дамыған салаларының бірі ретінде қарастырылады. Оны әлемдік жалпы ұлттық табыстың 10 %-ға жуығы туризмнің үлесінде екендігі туралы факт дәлелдейді.

Үшінші мыңжылдықтың басында әлемдік экспорттың жалпы көлемінің 8 % және әлемдік қызмет көрсетуді сатудың 30-35 % халықаралық туризмнің үлесінде болады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыстары әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 12 % құрайды.

Әлеуметтік проблемаларды шешуде туризмнің дамуы маңызды рөл атқарады. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде дәл туризмнің есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың жоғары өмір сүру деңгейі сақталады, мемлекеттің төлем балансын жақсарту үшін алғышарттар жасалады. Туризм саласын дамыту қажеттілігі білім беру деңгейінің артуына, халыққа медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге, ақпарат таратудың жаңа құралдарын енгізуге және т. б. ықпал етеді.

Туризм мәдени әлеуеттің сақталуына және дамуына әсер етеді, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге әкеледі, мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне белсенді араласуға жұмылдырады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің туризм және спорт саласында өрлеу байқалады. Біздің бұл салалардағы соңғы кездері қол жеткізген жетістіктеріміз бұл сөзімізге айқын дәлел. Ендігі жерде еліміз бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Қазақстанда көркі көз сүйсіндіретін жерлер жеткілікті. Сондай орындары бар көптеген мемлекеттер бүгінде туризмді дамытып, мемлекеттік бюджетінің едәуір бөлігін аталмыш саланың арқасында толтырып отыр.

Жуық жылдары әлем елдері көп біле бермейтін жұмбақ болған Монголия елі-ешқандай бұзылмаған жабайы табиғатымен, көкпеңбек ашық аспанымен, тұп-тұнық мөлдір суымен, таза ауасымен дүниенің түкпір-түкпіріндегі елдерді өзіне қарата бастады. Сондай-ақ, Монголия осындай ерекшелігіне қарамастан ұлы державалар Ресей және Қытай мемлекттерімен шектесуі іскерлік кәсіпкерлер үшін өте қолайлы.

Монголия-Шыңғысхан тұсында астанасы болған Хархорин қаласы түріктердің мекен еткен кезіндегі Күлтегін, Білге, Тоныкөк ескерткіштері; Будда дінінің шіркеулері, ерекше табиғатты Алтай-Саян өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері сияқты ерекшелігімен әлемге аян-тарихи ел.

Монголияның табиғаты негізінен алғашқы пайда болған қалпымен сақталған елдердің біріне жатады. Себебі табиғатқа сай көшпелі мал шаруашылығын игеріп, тарихи көп жылдар бойы табиғатқа сеніп келген.

Ал тағы бір ерекшелігі өндіріс, өнеркәсіп пен техниканың өркендемеуі де әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ адам санының өте аз болуы және олардың сирек қоныстануына да байланысты.

2005 жылды Монғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз.

Кез келген табиғи байлық қоры мен тарихи-мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ.

Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы, туристік саясатты аймақтық деңгейде жүргізу мәселесін туындатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс.

Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты, тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіндіктерін анықтайды.

Туризм географиясы жағынан Монғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағына баға беру үшін, рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек.

Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауға ала алмауы және жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі.

Монғолияда туризмді дамытудың өзектілігі ұлттық, тарихи, мәдени және табиғи ерекшеліктерді есепке ала отырып, экономикалық негізгі кіріс көзі болып саналатын, бүкіл дүниені таң қалдыратын туристік ресурстардың көзін ғылыми өте жоғары деңгейде зерттеп әлемге паш ету.

Жұмыстың мақсаты. Қазақстан мен Монголия арасындағы туристік байланыстардың дамуына талдау жасау. Мақсатқа орай келесі міндеттердің шешімі туындады:

- туризм географиясын туризм дамуындағы және экономика саласындағы ғылыми әдістемелі қор ретінде негіздеу;

- аймақ бойынша мәліметтер қоры негізінде рекреациялық ресурстарға талдау жасау және бағалау;

- территориядағы туризмнің одан әрі дамуына объективті сипаттама беру;

- рекреациялық ресурстарды туризмді дамыту мақсатында қолдану деңгейі мен жағдайын анықтау;

Зерттеу объектісі. Туристік-рекреациялық ресурстарды меңгеру мен қолданудың жобасын туризмді дамыту мақсатында екі ел арасындағы рекреакциялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде болжау мен жоспарлау.

Зерттеудің әдістемелік деңгейі. Теориялық және әдістемелік зеттеуде келесі дерек көздері пайдаланылды:

- қазақстандық және ресейлік ғалымдардан: Д. Майдар, Ю. Цэдэнбал, И. И. Потемкина, А. Менделев, Н. О. Сиретенко, В. П. Максаковский, З. Қинаятұлы, Л. Н. Гумилев, Н. Я. Бичуриннің жұмыстары қаралды.

- монғолдық зерттеушілерден: Ц. Дамдинсүрэн, А. Амар, Д. Титидорж, Ш. Шагдар, Т. Х. Газар-Нутгийн, Б. Цог, А. Ж. Үндэс, Д. Магиярсүрэннің еңбектері қолданылды.

- шетелдік ағылшын тіліндегі әдебиеттерден: Д. Титидорж, М. А. Нурий кітаптары мен журналдар аудармалары енгізілді.

Тапқырлықтың кешенді сипаты қазіргі таңдағы зерттеушілердің аймаққа берген бағасы мен туризмге шақырылған жарнамалар және маршруттар кестесімен толықты. Оған интернеттегі көптеген сайттар қолданылды.

Зерттеуге жалпы ғылыми, географиялық, статистикалық, анализ, синтез, жүйелеу, салыстырмалы-географиялық, сипаттамалық, картографиялық әдістер қолданылды.

Ғылыми жаңалығы:

1. Монғолияның туристік-рекреациялық ресурстарына және туризмнің қазіргі жағдайына кешенді түрде талдау жасалды;

2. Табиғи және тарихи-мәдени рекреациялық орындарға ғылыми түрде жіктеу жасалды;

3. Монғолиядағы туризм жағдайына мемлекеттік саясат пен ғылыми деректерді негізге ала отырып болжам жасалды.

1 ҚАЗАҚСТАН МЕН МОНҒОЛИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ

  1. Қазақстандық туристік бизнестің жалпы сипаттамасы

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің туризм және спорт саласында кәдімгідей өрлеу байқалады. Біздің бұл салалардағы соңғы кездері қол жеткізген жетістіктеріміз бұл сөзімізге айқын дәлел. Ендігі жерде еліміз бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Бұл міндеттің орындалуында Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған біздің ведомство да маңызды рөл атқарады. Елбасы министрліктің алдына туризмнің инфрақұрылымын құру және спортты дамыту бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде маңызды міндет қойып отыр. Президент жүргізіп жатқан тиімді сыртқы саясаттың арқасында «Қазақстан» атты брэнд бүкіл әлемге таныла бастады. Еліміздің көптеген ықпалдастық бастамалары Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың мойындауына мүмкіндік ашты. Біздің мемлекеттегі саяси және экономикалық тұрақтылық қазақстандық туризмнің орнықты дамуының негізгі кілті болып табылады. Ал біздің елордамыз Астананың дамуы Қазақстанның маңызды табыстарының бірі. Біздің ойымызша, Астана таяу уақытта тартымды туристік орталыққа және спорттың көптеген түрлері бойынша чемпиондарды дайындайтын орталыққа айналады. Қазіргі таңда біздің ведомствоның алдына алдағы бес жылдың ішінде республика бойынша туристік индустрия мен туризм инфрақұрылымы нысандарының құрылысын салу бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндет қойылып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда туризмді дамытудың 2007-2011-ші жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Атап өтерлігі, бағдарламаға Қазақтанның туристік әлеуетіне зерттеу жүргізген халықаралық консалтигтік компаниялар сарапшыларының ұсынымдары енгізілді. Туризм индустриясын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама салааралық сипатқа ие және ол мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген мәселелерін шешуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы әлемге танымал газеттердің беттерінде мақалалар жарияланып, дүние жүзіндегі жетекші телеарналардан жарнамалық бейнероликтер берілуде. Біздер 54 мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктеріне Қазақстанның туристік әлеуетінен мағлұмат беретін туристік бағыттардың тізімдемесін, туристік анықтамалықтар, ақпарат кітапшалар және бейнефильмдер жіберілді.

Былтыр Қазақстандағы туризм саласының қалыптасуы мен даму тарихындағы жаңа кезең басталды. 2007-ші жылғы қарашаның 21-29-ы аралығында Колумбияның Картахена де Индиас қаласында өткен Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының (ЮНДТҰ) 17-ші сессиясында Қазақстан тарихта тұңғыш рет Ресей, Италия және Франция сынды елдермен қатар Атқарушы кеңестің құрамына сайланды. Бұл дегеніміз, аталмыш ұйымның барлық шешімдерінің қабылдануында алдағы 4 жылда Қазақстан толыққанды қатысады деген сөз. Бұдан бөлек тағы да бір жағымды жаңалық бар: жоғарыда айтып өткен ұйым Бас Ассамблеясының сессиясында оның кезекті 18-ші сессиясын 2009-шы жылы Астанада өткізу жөнінде бірауыздан шешім қабылданды. Сөз жоқ, бұл біздің елдегі мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы әріптестіктің шеңберін ынталандырады және кеңейтеді, қызмет көрсету саласының дамуына тың серпін береді. Біздің ел капиталды пайдалы орналастыру және инвестицияларды салу позициясы бойынша шетелден көптеген инвесторларды тартуда. Соңғы уақытта шетелдік инвесторлардың туризм секторына және туристік инфрақұрылымға, қонақүйлердің құрылысына, Іле Алатауының тау бөктерлеріндегі тау шаңғысы демалыс орындарына қаржы салуға зор қызығушылық танытып отырғанын айрықша атап өткім келеді. Қапшағай қаласында, Бурабай курортты аймағында және Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында ойын-сауық және ойын бизнесі индустриясы дамыған тартымды туристік орталықтардың құрылысын салу өз кезегінде инвесторлар үшін басымдығы бар тартымды жобалар болып табылады. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігі Түркістанда және ғарыш туризмі нақты өмірде іске асырылып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында мәдени-танымдық туризм жақсы дамыған. Каспий теңізінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иранға барып-келетін халықаралық теңіз саяхатын ұйымдастыру жоспарланып отыр .

Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті //.

Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде туристер саны - 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 2-ға дейін өсті.

Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.

Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті //.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысына сәйкес 2007 жылғы 9 айда келушілер саны 2006 жылмен салыстырғанда 26, 7%-ға өсті. Сырттан келушілер туризмі 31, 5%-ға өсті және 3996, 3 мың адамды құрады (36, 9%), сыртқа шыққан туристердің саны 2006 жылға қарағанда 22, 7%-ға өсіп, 3396, 0 мың адамды құрады немесе жалпы келушілер ағынының 31, 3% құрады және ішкі туризмнің келушілер саны 25, 5%-ға өсіп, 3449, 0 мың адамды құрады.

Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 45%-ға өсіп, 34557, 3 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалардың құны 11036, 0 млн. теңгені құрады (1, 7 есе көбейді) . 2007 жылы 904 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 46 жеке кәсіпкер 422, 6 мың келушілерге қызмет көрсетті, бұл 2006 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 101, 5 % құрады. Республикада қонақ шаруашылығының 946 кәсіпорны 1906, 9 мың адамға қызмет көрсеткен және қызмет көрсетуден 28166, 4 млн. теңге түскен. Орналастыру объектілерінде 25565 нөмір есептелді, біруақыттағы сыйымдылығы 58612 койко-орынды құрады.

Статистика агенттігінің жоспарына сәйкес туристік сала бойынша 2007 жылғы толық ақпарат 2008 жылғы 29 наурызға қарай ұсынылатын болады.
2007 жылы Қазақстан туризм елі ретінде Берлин (Германия), Сеул (Оңтүстік Корея), Токио (Жапония), Лондон (Ұлыбритания), Блэд (Словения), Шанхай (Қытай) және т. б. қалаларда өткен халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысты. Министрлік Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ЮНДТҰ) және осы халықаралық ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береді. 2007 жылғы қараша айында Картахена де Индиас қаласында (Колумбия) Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНДТҰ) Бас ассамблеясының 17-сессиясынақатысты.

Дүниежүзілік туристік ұйымның тарихында алғаш рет Қазақстан ЮНДТҰ Атқарушы кеңесіне сайланды. Сырттан келушілер туризмін дамыту және қазақстандық туристік брендті, әсіресе Қазақстанның жаңа елордасын шетелде танымал ету мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі 2009 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-сессиясын өткізуге Астананың кандидатурасын ұсынды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ЮНДТҰ Бас ассамлеяның 18-сессиясын 2009 жылы Астана қаласында өткізуге оң баға берді.

Министрлік Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ел аумағында да көптеген туристік іс-шаралар өткізді. Бүгінгі күні Іле, Шарын өзендері, Қапшағай су қоймасы және Балқаш көлдеріндегі Іле-балқаш регатасы, «Ертіс меридианы», «Жоңғария» туристік слеті, «КITF» халықаралық туристік жәрмеңкесі, «Астана Демалыс 2007» көрмесі, «Сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңкесі және т. б. танымал іс-шараларға айналды.

Қазіргі кезде туризм саласында 31 келісім (Әзірбайжан, Филиппин, Ресей, Түркия, Украина, Пәкістан, Өзбекстан, Үндістан, Грузия, Египет, Молдова ҚХР және т. б. ) қолданыста. Әкімдіктермен бірлесе емдеу-сауықтыру туризмін дамыту мәселесі бойынша, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын, Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалуындағы туристік кешенді және Маңғыстау облысындағы Кендерлі демалыс аймағын дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыс топтары құрылды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан және Отырар аудандарының әкімдіктерімен бірлесе Оңтүстік Қазақстан облысында туризм индустриясы объектілерінің құрылысы үшін қажетті жобалау-іздеу жұмыстарының тізбесі әзірленді. Туристік саланың 99 жобасын қамтитын инвестициялық жобалар бойынша бірыңғай ақпараттық база жинақталды.

Саланың нормативтік құқықтық базаларын бұдан әрі жетілдіру мақсатында 2007 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жетілдірілді.

Ойын бизнесі мәселелерін реттеу мақсатында министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
2008 жылға арналған негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасы Парламентінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет және ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінде жұмысты жалғастыру. Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау; туризм инфрақұрылымын дамыту және туризмнің қазіргі кездегі материалдық базасын жетілдіру және жаңа туристік объектілердің құрылысын жандандыруға көмек көрсету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу; Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының 18-сессиясын және Жібек жолы қалалары басшыларының конференциясын ұйымдастыру мен өткізуге дайындалу; Маңғыстау облысының туризм кластерін дамытудың шебер жоспарын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту жөнінде шаралар қабылдау; Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту (Каспий жағалауындағы елдердің (Ресей, Әзербайжан, Иран, Түркіменстан) порттарына бара отырып, Каспий теңізі бойынша халықаралық круиз дайындау және ұйымдастыру жобасын әзірлеу) ; Оңтүстік Қазақстан облысында Жібек жолы бойынша мәдени - танымдық және діни туризмді дамыту және Түркістан қаласындағы туристік инфрақұрылымының құрылысын дамыту; «Алтын-Емел», «Іле-Алатау», «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарында экологиялық туризмді (жаяу, велосипедтік, атты турлар) дамыту үшін жағдайлар жасау; туризм статистикасын жетілдіру; балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау («Менің Отаным - Қазақстан» жобасына жастарды кеңінен тарту жөнінде шаралар қабылдау) ; визалық және тіркеу рәсімдерін, шекара бақылауын оңайлату; туристік қызмет саласындағы ұлттық заңнаманы, оның ішінде сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту мәселелерін халықаралық стандарттарға үйлестіру және сәйкестендіру; қазақстандық туристік өнімді әлемдік туристік нарықа шығару; Қазақстан Республикасының белгілі халықаралық туристік көрмелерге белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету; республикада жыл сайын отандық туристік жәрмеңкелер мен халықаралық туристік көрмелер ұйымдастыру және өткізу

1. 2 Монголияның географиялық ерекшеліктері

Монголия - Орталық Азияда орналасып, батысында Монғол Алтайы тауынан, шығысында Үлкен Хинганға дейін, солтүстігінде Шығыс Саяннан, оңтүстігінде Гоби шөліне дейін созылып жатыр.

Жер көлемі 1565 мың км. кв. -ты құрап, дүние жүзінде жер көлемі жағынан 17-орында. Территориясының батысынан шығысына дейін 2392 км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1259 км.

Мемлекет негізінен екі елмен ғана шектеседі: 3400 км Ресеймен және 4758 км Қытаймен.

Халқының саны 2, 5 млн. адам. Ел территориясының адам аз қоныстанған бөлігі шығыс далалық және оңтүстік жартылай жазықты аймақ.

Монголия әкімшілік-территориялық жағынан сумындардан тұратын 20 аймаққа (облыс) бөлінеді.

Монгол елінің табиғаты негізінен бастапқы жаратылған қалпын сақтаған. Оның бірнеше себебі бар:

1) халқы табиғат ерекшелігіне сай көп жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келеді;

2) қоныстанушылардың негізгілерінің сенімі бойынша табиғатқа сиынып, оны қорғайды.

3) ғылыми-техникалық өркендеудің әсері төмен;

4) адам саны аз болғандықтан антропогендік ықпалы да аз /1/.

Монголияның шырышы бұзылмаған бұл табиғи жағдайы да туризмнің негізі болып табылады. Ел территориясын теңіз деңгейінен шамамен 1500 км биіктікте орналасқан. Республикада жазық жерлер аз, ал ойпат мүлде жоқ.

Мемлекет аймағының жер бедерінің физика-географиялық жағдайына қарай 5 үлкен бөлікке бөлуге болады: Алтай, Хангай-Хэнтэй, Үлкен көлдер қазаншұңқыры, Шығыс-Монғол және Гоби. Алтай ауданы геологилық жас, биік таулы батыс аймаққа жатады. Алтай тауының ең биік бөлігінің бірі - Таван - Богда - Улан. Оның ең биік нүктесі 4374 м. Мұнда альпинистердің қызығушылығын тудыратын мәңгі қор мен мұз жататын тыңдар бар. Әсем көркем бейнелі жақпарлы жоталар, үшкір тасты қырқалар, терең құздар, қаталдығымен ұлы пейзаж оңтүстік-шығысқа қарай бірте-бірте жұмыр шыңдарға алмасады.

Хангай-Хэнтэй ауданы орталық Монғолияның айтарлықтай бөлігін алып жатыр. Орхон-Селенга өзенінің бассейнінің аңғарын Хангай-Хэнтэй таулы жотасы үш ауданға - Хангай, Хубсугуль маңы және Хэнтэйге бөлінеді.

Вулкан әрекеті әлі сақталған негізгі Хангай жотасының 3905 м-лік шыңдарында мәңгілік қор сақталған /2/.

Шығыс Саян таулы жүйесіне кіретін Хубсугуль маңы таулы аудандарының ландшафты ерекше көркем. Терең өткел бермес құздар, тік беткейлер, жартастар. Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде хэнтэй тауы жайғасқан. Биік жоталарында тар құздар мен жалаңаш, тік беткейлер ұшырасады. Мұнда мәңгі қор болғанмен, мұздану дәуірінің ізі көрінетін көлдер мен шыңыраулар бар.

Хангай мен Хэнтэй тауларының арасындағы Селенга және Орхон өзендерінің ойысында Орхон-Селенга таулы облысы орналасақн. Бұл аймақ - Монғолияның негізгі халқы тұратын жер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монғол жеріндегі рекреациялық ресурстар
Монғолияның рекреациялық ресурстары мен сапасы
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы
Алтын Орда өркениеті
Моңғолиядағы қазақ тілді баспа сөз және Жаңа дәуір газеті
«Ұлы Жібек жолының – Қазақстан туристік экскурсияны жандандыру мен дамытудағы маңызы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz