Мұздықтар


Жоспар:

Мұздықтар санның өзгеруі

Мұздықтар ауданының өзгеруі

Мұздықтар ұзындығының

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық жүйесінің эволіоциясын болжау тәжірибесі

Мұздықтар санның өзгеруі

Мұздықтар санының өзгеруі төмедегілердің нәтижесінде жүреді: 1) мұздықтардың толық еруін; 2) Ірі мұздықтардың кіші-гірім мұздқтарға бөлінуі және 3) салалардың тілімденуінен.

Жотаның солтүстік беткейінде 1955-1990 ж. ж. аралығында 56 мұздық еріді, яғни 1955 жылдағы олардың санының 18%, жалпы ауданы 2, 57км 2 (кесте) .

Барлық еріген мұздықтар абсолюттік биіктігі мен мұздықтардың вертикальді диапазоны аз жотаның сілемдеріне орналасқан еді. Олардың барлығы беткйлік мұздықтар тобына жатқзылған, көбінесе - аспалы, тек біреуі - карлық-аспалы (Есік өзені алабында) және біреуі - карлық (Түрген өзені алабыда) . Еріген мұздықтардың көбісі (60% дейін) . Талғар және Есік өзені алаптарында тиесілі. Қарғалы және Кіші Алматы алаптарында бірде-бір мұздық еріген жоқ.

Мұздықтар санының өсуі олардың ыдырауынан және салалардың тілімденуінен, сонымен қатар «жаңа мұздықтардың табылуы нәтижесінде іске асады. Қарғалы және Проходой өзендері алаптарыда 1990 ж. ӘФТ дешифрлеу нәтижесінде 3 «жаңа» ұсақ мұздықтар бар екені анықталды. Осы мұздықтар 1987 жылғы картада дақ ретінде белгіленген. Бұл кішкентай мұздықтардың орташа ауданы - 0, 02 км 2 , ал жалпы ауданы - 0, 048 км 2 .

Аймақтағы дегляция процесі 80-ші жылдары кіші-гірім мұздықтардың толық еруімен бірге, орташа көлемдегі мұздықтардың бөлінуімен, ыдырауымен сипатталады (кесте) .

Жиі көп камералы цирктерде жайғасатын, макробеткейдің орталық бөлігіндегі мұздықтармен қатар, ұзындығынан екі үлкен мұзыдықтар (шлейфтік, карлық) ыдырауға неғұрлым қарқынды ұшырады. Барлығы 35 жылдың ішінде 131 мұздықты құрайтын 57 мұздық бөлінген.

Мұздықтардың бөліну есебінен және жаңа түрлерінің табылуынан олардың барлық саны 1979-90 ж. ж. аралығында 63-ке өсті ( кесте)

Ауданы > 0, 1 км 2 -лі мұздықтар саны 35 жылдың ішінде 31-ге қысқарды (яғни 12%), бірақ олардың тек қана 11-і еріп кетті, ал қалғандары ауданы кішкентай мұздықтар қатарына «ауысты». Олардың ауданы ‹ 0, 1 км 2 . Осындай кішкентай мұздықтардың саны 1979 ж. салыстырғанда 1990 ж. 6 есе өсті.

Макробеткей бойынша жалпы мұздықтар саны 1990 ж. 330-ға жетті, ол 1955 ж. олардың санының 107% және 1979 ж. - 124%. Бұл жағдай мұздықтар бөлшектерінің ұлғаюына аз ықпалын тигізді, мұздықтардың орташа ауданы оның қосымша көрсеткіші болып табылады. Осы көрсеткіштер «реперлі» жылдар бойынша төмендегідей өзгереді: 1955ж. - 0, 94 км 2 , 1979ж. - 0, 86 км 2 және 1990 ж. - 0, 62км 2 . Сонымен мұздықтың орташа мөлшері 35 жыл ішінде 0, 32 км 2 қысқарды немесе 34%-ға.

Алдағы жылдары және онжылдықтарда мұздықтардың деградациясына байланысты процесстер (мұздықтардың еруі, олардың бөлінуі т. б. ) қарқынды түрде жалғаса береді. Мұздықтардың жалпы саны, олардың көпшілігінің еруіне байланысты ұлғая береді, ал олардың орташа ауданы кеми түседі.

3. 2 Мұздықтар ауданының өзгеруі

Шамалған және Қарғалы өзендрі алаптарындағы мұздықтардың қысқаруға ең бейім екендігін кестедегі мәліметтерден көре аламыз. Қаскелең және Ақсай өзендері алаптарыдағы, жиі терең және көлеңкелі «түпкірлі» бедерлерге сәйкес жайғасқан мұздықтары қысқаруға төзімді келеді. Абсолюттік биіктігі 5 км-ге жақын, Оратлық Талғар өзеі алабындағы мұздықтар ауданының 20% -ғана жойылады.

Мұздықтардың 35 жыл ішіндегі орташа қысқару жылдамдығы 2, 4 км 2 /ж. құрады, және осы уақыт аралығында мұздану ауданы 29, 2%-ға қысқарады, яғи 0, 8%/жылына.

Көрсеткіштері 2-3км 2 болатын мұздықтардың ауданы қысқаруға көп ұшыраған. Сонымен қатар кіші-гірім мұздықтарда өз ауданын қарқынды түрде жоғалтқан, тіпті олардың көбі жоғалып кеткен. Ірі мұздықтардың арасында, қарастырылған кезең ішінде аудандары тұрақты немесе аз шамада қысқарғандары бар. Яғни бұл мұздықтардың соңдары өте жоғарыда жатады немесе олар мореналық қабатпен көмкерілген. Ауданның қысқаруы динамикалық белсенділікке де байланысты. Жалпы кезең ішінде бірде бір мұздықтың ауданы ұлғайған, жоқ. Мұзданудың қысқару ауданы 1990 ж., - 83, 76км 2 -ге тең, 45, 22 км 2 (54%) аңғарлық мұздықтарға тиесілі, 37, 47 км 2 (45%) - беткейлік мұздықтарға (шлейфтік, карлық, аспалы) және 1, 07 км 2 (1%) - жайпақ шыңдық мұздықтарға тиесілі. Бірақ беткейлік мұздықтар 1955ж. бастапқы аудандардан 36% жоғалтса ол аңғарлық мұздықтар - 25% ғана, яғни 11% аз. Сондықтан да негізінен деградацияға беткейлік мұздықтар ұшыраған. Мұндай мысалға Қаскелен өзені алабындағы өте қарқынды қысқаруға ұшырап жатқан №29 карлы аспалы мұздықты келтіруге болады. Оның ауданы 37, 5 есе кішірейді - 0, 30-дан 0, 008 км 2 -қа дейін, қазіргі таңда бұл мұздық жоқ болуыда мүмкін.

Аңғарлық мұздықтар ауданының қысқаруының орташа шамасы 35 жыл ішінде 0, 65 км 2 құрайды (0, 018 км 2 /ж. ), беткейлік мұздықтарда 0, 16 км 2 дейін қысқарады. Орташа алғанда жотаның солтүстік беткейінің әрбір мұздығы жылына 0, 008 км 2 -ден айырылады.

Максимальді биік гипсометриялық деңгейде орналасқан осы топтағы кейбір мұздықтар өзінің ауданын 1955 жылдан өзгеріссіз сақталады деуге болады. Мысалы, осындай мұздықтарға №109 аспалы мұздық К. Алматы өзені бастауындағы Партизан мұздығы жатқызылады. Ол тек 0, 01 км 2 -қа ғана қысқарады, 3880-4383 м биіктіктер аралығында жайғасқан.

Ендік немесе субендіктік бағытта созылған мұздықтардың (мысалы, №147-Северцов) оңтүстікке қараған алаптарында мұз ауданының кішірейуі анық байқалады.

Соңында қазіргі кезеңдегі мұздықтардағы деградацияның тағы да бір ерекшелігін атап өтейік. Мұз ауданының кішірейуі тек қана мұздықтардың фронты және бүйірлері (борт) бойынша жүрмейді, сонымен қатар қалыңдығы минимальді, «жалатылған» деп аталатын мұздықтардың биік учаскелері де (4000-4500 м) қарқынды кішірейюге бейім болады. Сонымен мұздықтарда фронтальді деградациямен бірге ареалды деградацияда байқалады. «Облицовканың» қарқынды еруі Кавказ үшін В. В. Поповнин мен В. В. Пановта, ГиссароАлая мен Памир үшін А. С. Щетинниковта айтылған.

Дегенмен мұздану ауданының ең көп қысқаруы мұздықтың тілдік бөлігіне, ал ең азы - қоректену облысына тиесілі. Мұздану ауданы беткей бойынша тек 1979-90 ж. ж. аралығында 3300-3400 м биіктік зонасында 76% қысқарады, 3400-3500м зонада - 50%, 3500-3600м зонада - 36%, 3600-3700м зонада - 10%, 3800-4200 м биіктік аралығында -6%, 4200-4400м биіктіктерде - 2%.

3. 3 Мұздықтар ұзындығының

Аймақта мұзданудың жалпы деградациясы мұздық ұзындығының қысқаруынан да байқалады. ( кесте) .

Мұздық жүйесі бойнша мұздықтың жалпы орташа ұзындығы 35 жыл ішінде 480м-ге қысқарады, немесе 1/3-ге, 1979-90ж. ж. ұзындықтың қысқаруы 1955-79ж. ж. қарағанда 1, 7 есе көп. Шамалған алабынан басқа, қалған барлық алаптардағы мұздықтардың орташа ұзындығы 1955 ж. >1км болған, ал 1990 ж. мұндай ұзындық тек үш бассейінде - Талғар, Есік, Ақсай сақталды, ал қалған мұздықтарда <1км.

Мұздықтардың ауытқуын зерттегенде және олардың мониторингін өткізгенде мұздықтың жалпы ұзындығының өзгерісін емес, ең маңыздысы олардың соңдары шегінісінің шамасы мен жылдамдығын білу қажет. Сондықтан да 1990ж. түсірім бойынша мұздықтардың пішінін картографиялық өңдеу кезінде мұздық соңдарының шегіну көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінді. ( кесте)

Әрине, көптеген факторларға және жағдайларға байланысты шегіну шамасы әрбір алапқа, әсіресе әр бір мұздыққа жеке өзіндік сипаттамасы болып табылады. Тек 1979-90ж. ж. аралығында бірқатар мұздықтар (Қаскелең өзені алабындағы - №33, 36В, Үлкен Алматы алабындағы -№ 96, Талғар алабындағы -№166 және т. б. ) 400-500м-ге шегінді, яғни 45м/ж жылдамдықпен, Қаскелен алабындағы №29 және К. Алматы алабындағы №104 мұздықтар 600-670 м шегінді, яғни 60м/ж; Сол Талғар алабындағы -№139-оң Тоғызақ мұздығы 1000м шегінді, яғни 100м/ж.

Аймақтағы көптеген мұздықтың ішінде тек төртеуі (№36-Қаскелен алабында, Ақсай алабындағы -№53, Ч. Алматы алабындағы №93 және Есіктегі -№214) тілдерінің соңдарының станционарлық күйін сақтап қалды. Алайда бұл мұздықтар ауданы бойынша кішірейді, сондықтан да нақты стационарлы, яғни ауданы және де ұзындығы бойынша өзгермеген деп санауға болмайды.

Іле Алатауы солтүстік беткейінде алға жылжыған 2 мұздықтың бар екені анықталды. Мұндай мұздықтарға алға жылжудың анық белгілері бар №65 -ші және №79-ші мұздықтар жатады. Олар Ч. Алматы өзені бастауында жайғасқан. Оны мұздықтардың біріншісі он бір жыл ішінде 30м-ге (орташа алғанда 2, 7м/ж), ал екіншісі 100м-ге (9м/ж) жылжыған. Бұл мұздықтардың феномені былай түсіндіріледі: қалың мореналық қабаттың астында және ауырлық күшінің әсерінен ақырындап төмен жылжыған, броньдалған (сақталған) мұздықтар қатарына жатады.

Тілдер соңдарының шегінуінің орташа көрсеткіштері мұздықтардың барлық морфологиялық типтеріне бірдей. Мұздық ұзындығының өзгерісі 35 жыл ішінде жалпы 480м-ді құрады, оның -і (300м) олардың соңдарының шегінуіне байланысты. Мұздықтардың шегінуінің орташа жылдамдығы 1955-79ж. ж. -6, 7м/ж тең, 1979-90 ж. ж. -12, 6 м/ж, ал 35 жыл ішінде 8, 5м/ж тең.

Бұндай болжамға 1898 жылдан бері АҚШ-тағы Скалистые тауларындағы Грасхоппер мұздығының тербелісін зерттеген Дж. Ферриньо (Ferringo, 1986) де келді. Ол мұздықтың масса баланысының көтерілу кезеңін көрсетті, бірақ соңғы жылдары оның динамикасының азаюында байқалады. 1898 жылдан бері мұздықтың ауданы 50 % - ке, ал көлемі -90 % - ке азайды. Граспоххер мұздығының көлемінің қысқаруы Скалистые тауларының жалпы мұздану деградациясын сипаттайды. Болашақта, бұл процесс қазіргі кездегі артқа жылжу жылдамдығын сақтаса, XXI ғасырдың ортасында бұл мұздықтар жойылып кетеді.

Сонымен, осы уақыттағы мұздықтардың жағдайының болашақтағы бағытын қысқа шолудың өзі геологиялық болжам мәселесіне зерттеушілердің аса зор сала ретінде құрайтындығын көрсетеді. Оны шешуде әр түрлі тәсілдерді қолданады; бұл әдістер кейде мүлдем күтпеген нәтиже беруі де мүмкін, ал кейде қарама-қарсы нәтижелерге де алып келеді. Сондықтан гляциологиялық болжамдар гляциологиялық объектілер мен жүйелердің ерекшеліктерімен өзіндік қасиеттеріне сүйенуі керек. Гляциологиядағы болжамның дамуы үшін табиғат пен объектілердің динамикасын тереңірек түсінуі керек екені сөзсіз. Сонымен катар, болжамды-гляциологиялық жұмыстар арнайы мәліметтермен камтамасыз етілу керек. Бұл салада сақталып қалған гляциологиялық стационарлардың жүйелеріндегі кейбір зерттеу материалдары бар. Осы ақпараттардың сапасын жақсарта түсу үшін мұздық жүйесін зерттеу кезінде әуе-ғарыштық әдістерді де қолданған дұрыс. Бұл жерде климаттық болжаммен қатар, гляциологиялық тәсілдерді де қолдану жолдарын қарастыру- болашақтың тұрғысынан қарағанда тиімді болып табылады.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық жүйесінің эволіоциясын болжау тәжірибесі

Қазіргі ғылымда болжаудың ондаған және жүздеген түрлі әдістерін қолданады. Болжам жасайтын мамандар барлық әдістерді үш топқа бөледі: экстраполяция, эксперттік баға беру және модельдеу. Бірақ экстраполяция әдісін модельдеу әдісіне қарсы қоюға болмайтын сияқты, себебі экстраполяция модельдеу әдісінің жеке қолдануы болып келеді.

Әдетте, болжам дегеніміз - бұрыннан қазіргі кезең арқылы болашаққа баратын экстраполяция. Хроноаналогия немесе экстраполяциялық дағды деп аталатын әдістің география болжамдарының ішіндегі ең бір жақсы тәсілі болып саналатыны кездейсоқ емес, сондықтан да бұл тәсіл климат көрсеткіштерін он жыл бұрын білу үшін қолданылады.

Бұл әдістің басты мәні - өзгеру жағдайын қайта түсірілген әуетүсірімдер және үлкен масштабты карталардағы барлық мұздық жүйесінің жағдайының өзгеруін, яғни құрамын, түрін және көлемін тіркеуде болып табылады. Содан кейін жақын он жылдыкта мониторинг пен экстраполяциясы дағдысы шығарған сызықты немесе сызықсыз өзгерістердің заңын анықтау керек. Бұндай болжамдарды жасау үшін үш қайтара әуетүсірім жасалу керек (біздің жағдайымызда - 1955, 1979 және 1990 ж. жасалтан), себебі екі түсірілу арқылы тенденцияның сызықты немесе сызықсыз екенін анықтау мүмкін емес. Экстраполяциялық әдісті мұздықты жүйенің негізгі элементінің жағдайын - абсолюттік және салыстырмалы көлемін - болжауға қолдану үшін ыңғайлы.

Жоғарыда берілген әдісті, біздер мұздықтың түгелдей қай күні еріп кететінінің нақты мезгілін болжау үшін қолдандық (Вилесов, 1977) . Сонымен, экстраполяциялық болжам болған жағдайды "киноның лентасындағыдай" қайта көрсетіп қана қоймайды (мұздықтар көлемінің XXI ғасырда қысқаруы), сонымен қатар, зертеу үшін аса қажетті, мұздың еру уақытын да береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Тау беткейлерінің мүздықтары
Мұздықтардың еруі
Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі
Қазақстан аумағындағы мұздықтар
Тау мұздықтарының типтері
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Мұздықтар және олардың геологиялық әрекеті
Мұздықтар туралы
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz