Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері


РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Уақыт/время/time концептілерінің ассоциативтік ерекшеліктері
Диплом жұмысының көлемі: 71 бет.
Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 63.
Диплом жұмысында пайдаланылған тірек сөздер: Когнитивті лингвистика, концепт, концептуалдық талдау, ұлттық дүниетаным, ассоциация, ассоциативтік эксперимент және т. б.
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда әртүрлі халықтар арасында қарым-қатынас орнату үшін ұлттық таным-түсініктің өзіне тән арнайы ерекшеліктерін білу айрықша маңызды, ал ұлтаралық қарым-қатынас қандай да бір ұлтқа тән маңызды концептілерді тану қажеттігін айқындап береді.
Диплом жұмысының нысаны: Қазақ, орыс және ағылшын тіл иелері санасындағы уақыт/время/time концептілері.
Диплом жұмысының пәні: Уақыт/время/time концептілерінің вербалдық сипаттамасы.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі уақыт/время/time концептілерін танытатын тілдік бірліктерді кешенді зерттеу.
Диплом жұмысының міндеттері: Негізгі ұғымдардың мәнін теориялық тұрғыдан сипаттап, жинақтау, уақыт/время/time концептілерінің мәні мен орнын белгілеу; лексикографиялық дефиницияларды талдау және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі уақыт/время/time лексемаларының семантикалық көлемін және олардың өзгеріс қарқынын айқындау; уақыт/время/time концептілерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «уақыт», «время», «time» сөздерінің вербалданған эквиваленттеріне салғастырмалы талдау жүргізіп, ұлттық мәдени және танымдық сипатын ашу; уақыт/время/time ұғымының ассоциативтік көрінісін сипаттап, олардың ассоциативтік сәйкестілік-сәйкессіздігін және ерекшелігін анықтау.
Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста салғастырмалы, сипаттау, концептуалдық талдау қолданылды. Іс жүзіндегі материалды жинақтауда жаппай сұрыптау тәсілі де қолданылды. Материалды концептуалдық талдау уақыт/время/time тілдік бірліктерінің семантикалық көлемін айқындауға мүмкіндік берді. Бұған қоса қазақ, орыс және ағылшын тіл иелерінің тілдік мәдениетінің уақыт/время/time концептілерін қабылдау ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін ассоциативті эксперимент жүргізілді.
Диплом жұмысының мазмұны: Кіріспе бөлімінде жұмыс жайлы жалпы мәліметтер қамтылды (жұмыстың нысаны мен пәні, өзектілігі, мақсаты, міндеттері, материалдары, дереккөздері және т. б. ) .
Диплом жұмысы екі тарауға бөлінген: 1 - тарауда концептологияның теориялық-әдіснамалық негізін ашуға арналған. 2 - тарауда ассоциативтік эксперимент жайлы мәлімет беріліп, уақыт/время/time концептілеріне жеке-жеке ассоциативтік талдау жүргізілді.
Қорытындыда жалпы жұмыс туралы тұжырымдамалар қамтылды.
Соңында жұмыс барысында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ КОНЦЕПТОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
- Концепт ұғымы және оның тіл білімінде зерттелуі
- Уақыт/время/timeлексемаларының лексикографиялық көрінісі
- Уақыт/время/timeконцептілерінің ұлттық-мәдени және танымдық сипаты
ІІ ТАРАУ Ассоциативтік эксперимент және уақыт/время/TIME концептілері
- Уақытконцептісіне ассоциативтік талдау
- Времяконцептісіне ассоциативтік талдау
- Timeконцептісіне ассоциативтік талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жаңа дәуір - ХХІ ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, бет-бағдарын абсолюттік шындыққа, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы - тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр. Жаратылыс шындығы мен ақиқат дүние, табиғи болмыс пен сана-сезім адам баласы үшін тек тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, этностардың мәдени-танымдық үрдісі, қоршаған әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауы тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Адам баласының өзіндік субьективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас ғылыми танымдық үрдіс арқылы ғана дүние сырын жете ұғынуға мүмкіндік алады.
Өткен мыңжылдықтың соңғы кезеңдерінде дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам - әлем - тіл», «адам - тіл - мәдениет» және «адам - тіл - ойлау» триадасына сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің салааралық тығыз қарым-қатынасына жол ашты. Адамзат өркениетінің жетістігі болып табылатын «әлемнің тілдік бейнесі» антропологиялық, антропоцентристік бағыттағы тіл білімінің түрлі салаларын қалыптастырды. Әсіресе жаһандандыру саясаты бағытындағы ауқымды өзгерістерді алға тартып келе жатқан ұлтаралық қарым-қатынастар әртүрлі ұлт тілдерін салыстыра зерттеудің ғылыми қажеттілігін жұртшылық назарына ұсынып отыр.
Жер бетіндегі түрлі этностар мен олардың әлемге көзқарасының, салт-сананың, дүниетанымының көрсеткіші болып табылатын құндылықтар дүниесіне қатысты ұғымдар когнитивтік, семантикалық, тақырыптық және семиотикалық тұрғыдан көп аспектілі мәселе. Ол - ойлау мен танымның, сананың образды, эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктерінен тұратын, тілдік құбылыстардың ішіндегі номинациялық және семиотикалық модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер арқылы көрініс тапты. Осындай тіл қазынасындағы халықтың жаратылыс құбылыстарын бағалауға бағытталған уақыт/время/ time концептілерінің мағыналық құрылымындағы, семантикалық тұлғасындағы кодталған әртүрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.
Ұсынылып отырған бітіру жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде уақыт/время/time лексемаларымен берілетін уақыт концептісінің құрылымы мен мазмұнын сипаттауға және осы концептілердің вербалдық сипаттамаларын қазақ, орыс және ағылшын дүниетаным ерекшелігімен, мәдени айырмашылықтармен айқындалатын уақыт/время/ time концептілерінің ортақ және айрықша құрылу модельдерін айқындау мақсатында лингвомәдени және танымдық тұрғыдан салғастыруға арналған.
Жұмыстың өзектілігі . Тіл мен мәдениеттің өзара байланысына қатысты мәселелер тіл білімінде әртүрлі бағыттарда зерттеліп, қазіргі уақытта белсенді зерттеу нысанына айналып отырғаны белгілі. Тіл мен мәдениет өзара абсолютті байланыста өмір сүреді, оның нәтижесінде тілдік фактілер, «мәдениет тілі» арқылы мәдени-ұлттық көзқарасты, тілдік стереотиптерді тану және халықтың тілдік санасының көрінісін тіл арқылы оның мәдени-антропологиялық бейнесін тануға болады.
Бүгінгі таңда әртүрлі халықтар арасында қарым-қатынас орнату үшін ұлттық таным-түсініктің өзіне тән арнайы ерекшеліктерін білу айрықша маңызды, ал ұлтаралық қарым-қатынас қандай да бір ұлтқа тән маңызды концептілерді тану қажеттігін айқындап береді.
Уақыт/время/ time концептілері халықтың таным дүниесімен тығыз байланысты, сондықтан ұлт мәдениеті мен тілінің кеңдігін, тереңдігін танытуда аталмыш концептілерді лингвомәдени және танымдық бағытта зерттеудің қажеттілігі байқалады. Концептіні түсінудің лингвокогнитивтік және лингвомәдени бағыттары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады, себебі бір психоменталдық үдерістің екі фазасын бейнелейтін сол бір құбылыстың екі жағы: сөздің және оның мағыналарының қосылуы; сөздің мәдени контеске енгізілуі. Оның үстіне тіл - мәдениет қабаттарындағы тылсым құбылыс, ерекше коммуникативтік құрал, мәдениеттің, ұлттық менталитет, ұлттық ойлау мен сананың санқырлы қасиеттерінің көрінетін тұсы.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастардың ұлғайып, халықаралық саяси, мәдени, экономикалық байланыстардың нығайып-дамуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, әлеуметтік қызмет өрісінің жанданып-жаңғыруы ана тілімізді өзге тілдермен салғастыра зерттеуді өзекті мәселелер қатарына шығарды. Қазіргі компаративтік лингвистикада қазақ тілін славян тілдерімен (орыс) салғастыра зерттеген ғылыми еңбектердің саны да, сапасы да өсуде. Аталған екі тілмен қатар ағылшын тілімен де салғастырамыз. Осыған орай, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі уақыт/время/time концептілерін салғастыра зерттеу тақырып өзектілігінің тағы бір қыры болып табылады.
Қазақ, орыс және ағылшын телдеріндегі уақыт/время/time концептілерін салғастыра талдау олардың өзіндік ерекшелігін кеңінен танытып қана қоймай, ұлттық әлем бейнесінің белгілі бір фрагментін жаңғыртып, олардың қайталанбас қасиеттерін айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі уақыт/ время/time концептілерін танытатын тілдік бірліктерді кешенді зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды:
- Негізгі ұғымдардың мәнін теориялық тұрғыдан сипаттап, жинақтау, уақыт/время/ timeконцептілерінің мәні мен орнын белгілеу;
- Лексикографиялық дефиницияларды талдау және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегіуақыт/ время/timeлексемаларының семантикалық көлемін және олардың өзгеріс қарқынын айқындау;
- Уақыт/время/ timeконцептілерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеуақыт/ время/timeсөздерінің вербалданған эквиваленттеріне салғастырмалы талдау жүргізіп, ұлттық мәдени және танымдық сипатын ашу;
- Уақыт/время/ timeұғымының ассоциативтік көрінісін сипаттап, олардың ассоциативтік сәйкестілік-сәйкессіздігін және ерекшелігін анықтау.
Зерттеу нысаны - қазақ, орыс және ағылшын тіл иелері санасындағы уақыт/время/time концептілері.
Зерттеудің пәні - уақыт/время/time концептілерінің вербалдық сипаттамасы.
Зерттеудің дереккөздері: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі поэтикалық мәтіндер, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер, фразеологизмдер; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Даль В. И. Толковый словарь русского языка», «Толковый словарь русского языка / Под ред. Д. Н. Ушакова», «Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка», «Shorter Oxford dictionary», «The American heritage dictionary of the English language», «Oxford advanced learner’s dictionary of current English», «Macmillan Essential Dictionary», «І. К. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Фразеологический словарь русского языка», «Қазақ мақал-мәтелдері», «Русские пословицы», «English idioms» және XIX ғасырдың көркем шығармалары М. Әуезов «Абай жолы», Л. Толстой «Война и мир» романы, О. Уайльд «The picture of Dorian Gray».
Зерттеу материалы. Жұмыста 50 қазақ, 50 орыс және 50 ағылшын тілдеріндегі сауалнама деректері бар еркін ассоциативтік эксперимент нәтижелері қолданылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Жұмыста салғастырмалы, сипаттау, концептуалдық талдау қолданылды. Іс жүзіндегі материалды жинақтауда жаппай сұрыптау тәсілі де қолданылды. Материалды концептуалдық талдау уақыт/время/ time тілдік бірліктерінің семантикалық көлемін айқындауға мүмкіндік берді. Бұған қоса қазақ, орыс және ағылшын тіл иелерінің тілдік мәдениетінің уақыт/время/ time концептілерін қабылдау ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін ассоциативтік эксперимент жүргізілді.
Зерттеудің теориялық базасы ретінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, фразеология, этнолигвистика, философия, психология және психолингвистика салаларындағы шетелдік Ю. Д. Апресян, А. Вежбицкая, С. Г. Воркачев, В. В. Воробьев, А. А. Залевская, В. В. Колесова, В. В. Красных, В. А. Маслова, Ю. С. Степанов, В. Н. Телия, Е. В. Черникова, және отандық Э. Д. Сүлейменова, Р. А. Авакова, А. Ислам, Ә. Қайдар, Ш. К. Жарқынбекова, Б. С. Жұмағұлова, Ж. К. Өміралиева, А. Ж. Шалабаева және т. б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Адамның рухани саласының көрінуінің негізгі аспектілерінің бірі ретіндегі уақыт/время/time концептілерін салғастырмалы зерттеу қазақ, орыс және ағылшын менталдылығындағы олардың пайда болуы мен көрінісінің бейнелік типологиясы мен арнайы ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ, орыс және ағылшын ұлттық әлем бейнелерідегі уақыт/время/time концептілерін зерттеуге назар аудару теориялық тұрғыдан маңызды болу себебі олардың ең алдымен қазақ, орыс және ағылшын тіл иелерінің санасы мен өзіндік санасының көріну формаларының бірі болып саналатындығында. Уақыт/время/time концептілерінің жүзеге асырылу ерекшеліктерінде қазақ, орыс және ағылшын халықтарының рухани және мәдени өмірінің әртүрлі формаларының этникалық өзгешелігі көрініс тапты.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың теориясы мен практикасында, аударма теориясы мен практикасының негіздері, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, тіл және этнос, мәдениетаралық қарым-қатынас теориясына кіріспе арнайы курстарында, лексикографияда, соынмен қатар лингвоелтанымдық ізденістерде қолданыла алады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ КОНЦЕПТОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 2 Концепт ұғымы және оның тіл білімінде зерттелуі
Тіл адамдарға ғана тән, табиғаты жағынан әлеуметтік, жалпылаушы ойлау құралы. Тіл танымның рационалды баспалдағының қалыптасу тәсілі және де адамның әлеуметтік тірі жан ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін құрал ретінде туады және дамиды.
Сөйлеу әрекетінде тілдің практикалық және коммуникативті қызметінің типтік жүйесімен бірге сөйлеушінің ішкі дүниесінің жинақталуының типтік жүйесі де ескеріледі. Осыдан коммуникативтік көзқарас когнитивті көзқараспен астасып жатуы тиіс деген пікірлер де бар.
Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеті туып отыр. Ал танымдық ғылымның бастауы ертеден тамыр тартатыны мәлім. Астрономия, физика, химия, биология сияқты ғылымдардың дамуы барысында адам танымын түсінуге XIX ғасырдың аяғына дейін ешбір ғылыми әдіс арнайы қолданылмады. Философиялық, тіл философиясы төңірегіндегі зерттеулерде әртүрлі ұшқындар ғана байқалып отырды. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, Әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлер кездеседі. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне соңғы жылдары шетелдік, отандық ғалымдар мен зерттеушілер баса назар аударып отыр. Когнитивті ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, оның бағыттары мен ұғымдарына алғаш көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Когнитивті лингвистика тіл жүйесінің заңдылықтарын онтологиялық жағдайдың когнитивтік амалмен мағына беруін, тілдің лексико-фразеологиялық және синтаксистік жүйесінің ішкі бірлігін көрсетіп, әлемдік көзқарас пен мәдени факторлар позициясы арқылы анықтауға мүмкіндік беретін бағыт ретінде қалыптасуда. Тіл бірліктерін семантика-прагматикалық зерттеу XX ғасырдың екінші жартысында жаңа деңгейге қадам басты. Шетелдік лингвистиканың ішінде когнитивистиканың қатарына жататын А. Вежбицкаяның семантикалық примиттер концепциясын (1999), М. Минскийдің фреймдер теориясын (1979), Э. Роштың прототип теориясын (1973, 1977), Р. Лангакердің кеңістік (когнитивтік) грамматикасын (1992), Ч. Филлмордың септік грамматикасын (1999), Дж. Р. Лакоффтың когнитивтік метафора теориясын (1988, 1990), Т. А. ван Дейктің дискурс теориясын (1989) және басқа да жаңа бағыттарын атап өткен жөн. Ал орыс лингвистикасындағы жаңа бағыттарға жатқызылатындары: лексиканың когнитивті аспектілері (Баранов және Добровольский 1997; Беляевская 2000а, 2000б; Бодырев 1999, 2000; Бабушкин 1996; Чернейко 1995, 1997; Яковлева 1994 және басқалар), сөзжасам (Араева, Бакланская 2002; Араева, Малахова 2002; Катышев 1997), грамматика (Арутюнова 1999; Булыгина және Шмелев 1997; Рахилина 2000; Шатуновский 1996 және басқалар) . Гарвард университетінде профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірлесіп когнитивтік зерттеу орталығын ашқан болатын. Бұл орталықтың жұмысы когнитивті лингвитикаға ғылымның негізгі қалануына біршама үлес қосты деуге болады .
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында нақты лингвокогнитивтік нысаналары белгіленіп арнайы зерттеле бастады. Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелрі қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов сияқты ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болмағанымен, тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы мәселелердің орын алғандығын көруге болады [1, 13 б. ] .
Э. Оразалиеваның зерттеулеріне жалпы қазақ когнитивтік лингвистикасының қалыптасуы мен дамуын тұтастықта ала отырып, оның диахрондық және синхрондық сипатына талдау жасап, хронологиялық тұрғыдан арнайы көрсеткіші ғылыми тұрғыда беріледі. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік теорияның дамуы, тілтаным теориясының әдіснамалық негіздері, тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты бағытындағы жүйелі талдаулар мен тұжырымдар ғалым зерттеуінде теориялық тұрғыдан талданады. Ғалымның зерделенуінде, қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдері негізгі бес парадигмаға бөлініп, оның хронологиялық дамуына сипаттама беріледі:
1-кезең: «тілтану» парадигмасының қалыптасуы - ХХ ғасырдың 20-45 жж. Негізгі өкілдері: А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов т. б.
2-кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы - ХХ ғасырдың 45-70 жж. Негізгі өкілдері: Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, І. Кеңесбаев және т. б.
3-кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы - ХХ ғасырдың 65-85 жж. Негізгі өкілдері: К. Аханов, Т. Қордабаев, Ә. Хасенов және т. б.
4-кезең: тілтанымдық этюдтер парадигмасы - ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені; Негізгі өкілдері: Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Ә. Болғанбаев, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақ, С. Исаев, Ө. Айтбаев, М. Серғалиев, Ж. Манкеев және т. б.
5-кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер [2, 17 б] .
Жалпы алғанда адам танымына деген қызығушылық ертеден-ақ басталған. Когнитивті зерттеулерде басты мәселе сол тілде сөйлеушілердің өмірлік тәжірибесі, рухани, мәдени білімі тұтас түрде әлемдік тілдік бейне ретінде көрініс беретіндігі айқындалды. Когнитивті лингвистика адам мен адам танымын құрастыратын тілді зерттеуді мақсат етумен қатар лингвистикалық (этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика) және мәдениеттану, философия, математика, психология пәндерімен ұштасады. Бұл пәндермен бірге когнитивті лингвистиканың зерттеу әдістері мен ортақ зерттеу нысанына тілдің қызметі жатады. Тіл мен танымның сабақтасқан бірлігі адамның психофизиологиялық қабілетіне және одан туындайтын әрекетіне қатысы сұрыпталады. Психология мен когнитивті лингвистика сөйлеуші адам психикасындағы өтілетін процесті, тіл мен мидың арақатынасын қарастырады. Тілдік таным жад, ойлау, қабылдау сияқты психологиялық ұғымдарға тікелей қатысты. Тілдің санада құрылуы семантикалық жақтан оның ақпарат сақтау мүмкіндігіне тәуелді. XIX ғасырдағы классиктер А. А. Потебня, Г. Штайнталь, В. Вундт және тағы басқа да есімдер тіл ғылымындағы психологизм мәселесімен қатар меңгеріледі.
Ф. де Соссюр тіл тарихы мен ұлт тарихының байланысын байқап, бұл екеуінің сабақтастығы тілде бейнеленетінін, ал тіл ұлтты байланыстыратынын көрсетіп, тілдің әлеуметтік, психологиялық табиғатын дұрыс таныған. «В языке народ выражает себя полнее и многостороннее, чем в чем-либо другом - не только в последнем своем положении, но и исторически. Все, что есть у народа в его быте и понятиях, и все, что народ хочет сохранить в своей памяти, выражает и сохраняет языком» [3, 573 б. ] - деп мәдениеттанушы ғалымдар мәдениеттің тіл әлеміндегі көрінісін бағалайды. Осыған ұқсас қазақтың тілші-ғалымы Ә. Қайдар өзінің этнолингвистикалық зерттеулерінде «этнос» пен «тілді» «этнос болмысы» және «тіл әлемі» деген атауды ұсынып, этнолингвистиканы этнос тілінде қалыптасқан деректер арқылы паш етуге мүдделі екендігін айтады. «Адамтану», «Қоғамтану», «Табиғаттану» деп аталатын ғылым салаларының қалыптасуна негіз болатын осы тіл әлемі [4, 9-11 бб. ] .
Когнитивті жүйелер және олардың рөлі жайлы айтысты ұйымдастыруда орыс тілінің мамандары соңғы жылдары едәуір табыстарға қол жеткізді. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистиканың мәселелер Е. С. Яковлева, Ю. А. Сорокин, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия, А. П. Бабушкин, А. Н. Баранов, А. В. Маслова және басқа да зерттеушілердің еңбектерінен табылды. Мұнда когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі сөз болады. Ресейде «Новое в зарубежной лингвистике» журналының XXIII томында тілдің когнитивті аспектісі туралы мақала жарық көреді, ал 1995 жылы «Язык и интеллект» атты когнитивтік лингвистикаға қатысты жинақ жарық көрді.
Қазақ когнитивтік лингвистикасының мәселелерімен айналысып жүрген белгілі ғалым Ж. Манкеева тілдің когнитивтік негіздеріне қатысты мынадай үш ұстанымды ерешке атап көрсетеді:
- Қоғамдық тәжірибеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы танымның қазыналық сипаты.
- Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі - ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіндік жасау. Осыған қатысты мына пікірдің мәні ерекше: «Лексема, вопреки принятому мнению, не передает информаций как таковой, она лишь актуализирует, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся у него лексические понятия и тем самым создает базу для передачи информации». Басқаша айтқанда - тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі обьективті шындықты субьективті түрде, яғни символдар арқылы беру.
- Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни, ол - таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz