Ислам дінінің түсу мақсаты


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. Ислам дінінің түсу мақсаты . . . 5

1. 1 Ислам сөзінің мағынасы . . . 5

1. 2 Ислам дінінің таралуы . . . 6

ІІ -тарау. Ислам және Бейбітшілік . . . 14

2. 1 Ислам қылыштың күшімен таралды ма? . . . 14

2. 2 Ислам қылыштың күшімен таралды дегендерге мәшһүр адамдардың қарсы жауаптары . . . 19

ІІІ - тарау. Ислам діні мен мәдениеті лаңкестік пен экстремизмге қарсы . . . 25

3. 1 Исламда жизийа не үшін төленеді? . . . 25

3. 2 Исламның экстремизм мен тероризімге көз қарасы қандай? . . . 27

Қорытынды . . . 37

Пайдаланған әдебиеттер . . . 38


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . Еліміз егемендік алғаннан бері халқымыз өзінің бұрынғы тарихына, дініне, әдет-ғұрпына қайтадан көңіл аудара бастады. Кеңестік тоталитарлық жүйенің құрсауында болған олар өздерінің дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен мүлде айырылуға шақ қалған еді. Кеңестік жүйе Коммунизм, атеизм, дарвинизм сияқты идеялармен адамдардың санасын улап, дінінен айыру үшін бар білгендерін істеп бақты. Соның салдарынан елімізде Кеңес үкіметіне дейінгі медреселер, діни оқу орындары жабылып, діни әдебиеттер жойылды.

Қазіргі таңда қазақ халқы тәуелсіздік алып, өзінің діни құндылықтарына қайтадан ден қойды. Елімізде мешіттер салынып, медреселер ашылып, діндар, намазхан адамдардың саны көбейе бастағанда, көралмаушылар осы Ислам дінін адамдарға жеккөрінішті етіп көрсетіп жүр.

Бұл күндері дін тақырыбына арналған жиындар көбейді. Көпшілігін америкалықтар, ағылшын тілділер, ең жоқ дегенде ресейліктер өткізеді. Бәрінің тақырыбы егіз қозыдай ұқсас: «Ислам және экстремизм» немесе «Ислам және терроризм» сияқты болып келеді. Мұның себебі неде? Шынында да сондай қауіп бар ма, әлде, мақсаттары-Исламды қорқынышты етіп көрсету ме?

Қараңызшы, қарапайым азаматтар теледидарды қосса бітті, көретіні «әл-қағида» ұйымының көсемі Үсәмә Ладин ұлы. Келесі арнаға ауыстырсаңыз Саддам Хұсайынның қатігездігі туралы хабар тартып жатады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл хабарларда осы адамдар арқылы мұсылмандыққа да күйе жағуға, ең болмағанда Ислам дінін кінәлауға тырысатындарын байқау қыйын емес.

Американың бағзы басшылары әлемдік терроризм мен Ислам дінін қоса атауды үрдіске айналдырды.

Ислам не екенін толықтай түсіну үшін осы сөзбен түбірлес сөздердің мағыналарын әбден біліп алған жөн. Сонда, Исламның тек сенім мен ахлақи (этикалық) құндылықтардан ғана құралмағаны, Батыс ұғымындағы «религия» сөзінің Исламды түсіндіруде жеткіліксіз болатыны анық болмақ.

Исламның бірегей әлемдік дін болғанын көре алмаушы кейбір күншілдердің «Ислам әскермен келді», «Ислам қылышпен келді», «Басқа діндер бейбіт жолмен келген еді» деп айтушылар көбейді. Олардың көпшілігі бұлай емес екенін өздері де, көзі ашық адамдар да жақсы біледі. Қанша дегенмен тарих алдымызда, шындықтар әшкере тұрғанда олардың бұл хасатына кім сенбек? Хақ дін Исламның бейбіт таралғанын, мұсылмандардың бағынышты халықтарға әділетті болғанын Т. Карлайл, Гұстав ле Бон, Томас Арнолд және А. Тойнби (Arnold Toynbee, 1889-1975) секілді ынсабын жоғалтпаған батыс авторлары да мойындаған.

Шыншыл оқымыстылар Исламның дүние жүзіндегі татулықтың, бейбітшіліктің кепілі болғанын һәм екенін әр мұрсатта қайталап жүр. Бұрын солардың дауысын есту мүмкіндігі болмады. Бірақ, бұл күндері, Аллаһ Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, еліміз тәуелсіз, дербес мемлекет болған кез; халықаралық байланыс жасауға жол ашық, жағдай бар. Интернет, э-почта, факс т. с. арқылы әлемнің кез келген нүктесіне шығуға болады; әлем оқымыстыларының еңбектерімен танысуға, олардың еліміздің тарихы туралы, хақ дін туралы жазған ойларын білуге болады ғой.

Бағзі бір мұсташриқтер мен олардың біздегі екінші баспа әріптестері Ислам дінін жете зерттемей, рухын, қағидаларын жете түсінбей тұжырым жасап, осы ұлы діннің жер-жиханға жайылуында күштеп инандыру маңызды рөл атқарды дейді. Бұған Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) кезінде және Одан кейін болған соғыстарды мысалға келтіреді.

Шынында бұл қалай болды? Деген сұрақтың жауабын берейік:

Зерттеу нысанасы . Ислам дінінің таралуы және оған қатысты Құран мен Сүннетттен дәлелдер.

Зерттеу мақсаты . Ислам дінінің бейбіт жолмен таралуына Құраннан және Пайғамбарымыз (с. ғ. с) өмірбаянынан дәлелдер.

Зерттеу жаңалығы . Ислам дінінің бейбіт таралуы және оның фанатизм мен терроризмге үндемейтіні туралы бұдан бұрын М. Бұлытай, Т. Карлайл, Гұстав ле Бон, Томас Арнолд, А. Тойнби және Махмұд Хамди Зақзұқ кітабтарында зерттеліп, мұсылман қауымға ұсынылды. Бірақ елімізде Ислам дінінің дамуы, халықтың діни сауатының көтерілуі деңгейіне сәйкес бұл тақырыпқа қайта-қайта оралып, әр ретте бұрынғыдан да тереңірек, ауқымдырақ, зерттеулер жүргізу қажет болады.

Зерттеу материалдары . Біздің зерттеуіміздің негізгі материалдары болып Ас-Сиратул Ан-Набауйя (Пайғамбар өмір баяны) кітаптары, Құран, Хадис т. б. кітаптары саналады.

Зерттеу әдістері . Жұмыста салыстырмалы, сипаттама әдістері қолданылады.

Жұмыстың теориялық құндылығы . Қазақ тілінде жарық көретін бұл еңбегім таза да, пәк құрметті Пайғамбарымыз (с. ғ. с) Ислам дінін тек бейбітшілікпен жайғанын және терроризмге қарсы екеніне көптеген дәлеледер мен дәйектер қосып, халыққа жан-жақты түсіндіруге үлес қосады.

Жұмыстың практикалық мәні . Жұмыста айтылған материалдарды медреселерде, діни дәрістерде, дағуат сабағында, Ислам дінінің таралуы туралы сабақтарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі жазылыды.


І -Тарау. Ислам дінінің түсу мақсаты

1. 1 Ислам сөзінің мағынасы

Жаратушы ұлық тәңір Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды білдіретін нағыз біртәңәрлі (монотеист) тәухид нанымы негізінде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдуллаһұлы (с. а. у. 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсіндірілген әлемдік дін. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманға жіберілген дін. Ислам-ақыл иелері мен күллі махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдретіне тәсілім болуының, мойынсұнуының және дүниедегі өмірді белгілі бір тәртіпке келтіретін құдайы жүйенің, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. «Ислам» және «бейбітшілік» сөздерінің арасында толық үйлесімдік бар. Себебі бұл екі сөз бір түбірден тарайды. «Ислам» және «бейбітшілік» сөзінің түбірі арабшадағы « سلم » «сәлимә», « سلم » «силм» етістігі. Бұлар және осы түбірден жасалған « سلم » «сәлм» , « سلام » «сәләм» , « السلام » «әссләм», « الإسلام » «Ислам» сөздері сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсұну, тәсілім болу, берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда, « سلم » «сәлимә» етістігі бейбітшілікті қалайтын бір биік күшке, билікке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июді, тыныштық һәм амандыққа берілуді және осы мәртебені жалғастыру үшін қажетті істерді жүзеге асыруды білдіреді. Мұсылмандардың қасиетті Құран Кәрімде жаннат туралы « دار السلام » «дар әс-сәләм» , яғни «тыныштық өлкесі» делінген.

« وَاللّهُ يَدْعُو إِلَى دَارِ السَّلاَمِ وَيَهْدِي مَن يَشَاءُ إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ »

«Аллаһ есендік жұртына (жаннатқа) шақырады да, қалаған құлын тұп-тура жолға салады» [1] . Себебі, мұсылман ұғымындағы жәннат әр-түрлі қауіп қатерден ада, толық бақытпен қуаныштың мекені. Құран Кәрімдегі Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі « السلام » «әл-Сәләм» , яғни әр-түрлі кемшіліктерден ада, толық бейбітшілікті ұсынушы һәм өзіне мойынсұнылатын дегенді білдіреді.

Ислам не екенін толықтай түсіну үшін осы сөзбен түбірлес сөздердің мағналарын әбден біліп алған жөн. Сонда, Исламның тек сенім мен ахлақи (этикалық) құндылықтардан ғана құралмағаны, Батыс ұғымындағы «религия» сөзінің Исламды түсіндіруде жеткіліксіз болатыны анық болмақ. Ислам сөзі сеніммен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, жүгіну мен тепетеңдікті, әсіл, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. Ислам Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарға жіберілген иләһи (тәңірлік, құдайы) діндердің ортақ аты. Себебі, тәңірлік уахидың (Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение) бастаушысы һәм әлемдердің жаратушысы бір Аллаһ ғана. Сондықтан Аллаһ Тағала тарапынан « الإسلام » «Ислам» деп аталған бұл дін пайғамбарлар арқылы түрлі ғасырларда түрлі қауымдарға баян етілген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с. ғ. с) білдірілген. Құранның білдіруінше, Аллаһ Тағаланың алдындағы бірегей хақ дін Ислам ғана:

" إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللّهِ الإِسْلاَمُ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوْتُواْ الْكِتَابَ إِلاَّ مِن بَعْدِ مَا جَاءهُمُ الْعِلْمُ بَغْياً بَيْنَهُمْ وَمَن يَكْفُرْ " بِآيَاتِ اللّهِ فَإِنَّ اللّهِ سَرِيعُ الْحِسَابِ

«Аллаһтың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Аллаһ тез есеп беруші» [2] . Және бұл дінге сенушілерге «муслим» (мұсылман, бағынған) есімін Жаратушының өзі берген:

"وَجَاهِدُوا فِي اللَّهِ حَقَّ جِهَادِهِ هُوَ اجْتَبَاكُمْ وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ مِّلَّةَ أَبِيكُمْ إِبْرَاهِيمَ هُوَ سَمَّاكُمُ الْمُسْلِمينَ مِن قَبْلُ وَفِي هَذَا لِيَكُونَ الرَّسُولُ شَهِيداً عَلَيْكُمْ وَتَكُونُوا شُهَدَاء عَلَى النَّاسِ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَاعْتَصِمُوا بِاللَّهِ هُوَ مَوْلَاكُمْ فَنِعْمَ الْمَوْلَى وَنِعْمَ النَّصِيرُ"

«Аллаһ жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбрайым (ғ. с) ның жолы. Аллаһ бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, «Мұсылман» деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаһқа жабысыңдар. Иелерің сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!» [3] .

Мұсылмандардың « السلام » «әс-сәләм» деп сәлем берумен, амандық тілеуі мұсылмандардың өмірдегі негізгі мақсатын бейнелейді, мұсылмандардың осыны естен шығармауы жөн. Әр күнгі бес уақыт намазында да мұсылман оң жағындағы жарты әлемге, сонан соң сол жағына қарап қалған жарты әлемге тыныштық тілійді.

1. 2 Ислам дінінің таралуы

Ислам пайғамбары Әз Мұхаммед (с. ғ. с) 569 жылы шамасында Мекке қаласында дүниеге келген. Әкесі-Абдұллаһ Абдұлмұтталибұлы, шешесі-Әмина Уәһбқызы. Әкесі туар алдында, ал шешесі кішкентай кезінде қайтыс болғандықтан, немере ағасы Әбу Тәлиб Абдұлмұтталибұлының үйінде өскен. Дәстүрлі деректер бойынша Мұхаммед (с. ғ. с) өзі өскен қоғамдағы жаман әдеттерге ұрынбаған, пұттарға табынбаған. Оның адал және тура сөзді болғаны соншалық, Меккеліктер оны «Мұхаммед әл-Әмин» , яғни «Сенімді Мұхаммед» деп шақыратын.

Хазәретті Мұхаммед (с. ғ. с) қырық жасқа келгенде бойынан өзгешелік байқала бастайды. Салмақты да, ойшыл оның басқаша бір рухани күйге енгені белгілі еді. Өмір күйбеңінен безіп, ауаша тыныш өмірді ұната бастайды. Шу-шұрқаннан ұзақ елсіз тыныштыққа барып терең ойға шоматын. Рамазан айында Меккеге үш шақырым келетін елсіз, тыныш Хира тауындағы бір үңгірге, азағын алып келіп, күнін ғибадатпен кешіретін. Азығы таусылғанда Меккедегі Хадишаның жанына келіп, біраз күн қалып, қайтадан үңгіріне кететін де жан тыныштығына берілетін. Әсілінде, бұл жерде оның рухында өзгерістер болатын. Құдіретті Аллаһ оны ұлы міндетті атқаруға әзірлеп жатқан еді. Құлағына: «Сен Расұл Алласың» деген ғайыптан аян келетін болған. Осының бәріде адамдарды ұлы ақиқатқа шақыру үшін дайындалған, ол Хатмүл-Анбия (Соңғы Пайғамбар) еді. Мұхаммедға (с. ғ. с) қырық жасында Хира үңгірінде Лайлатул Қадір түнінде ен бірінші аят түсті. Сол күннен бастап Хазіретті Пайғамбар Аллаһтың әмірлерін атқара бастады. Әуел баста ардақты әйелі Хазіретті Хадиша сенімді күйеуін қостады, оның Пайғамбарлығына да алдымен сол сенген еді. Осыдан кейін Хазіретті Әли, азат құлы Зайт, Жан күйер досы Әбубәкр сияқты адамдар оған бірден иман етіп, Исламды қабылдайды. Күн өткен сайын иман етушілердің саны көбейеді. Алғашқы мұсылман болғандар арасындағы жалғыз-жарым, жоқ-жітіктер, сүенішсіздер, көп құдайшылардың қысымына ұшыраған. Ашықтыру, ұру, ыстық құмға жатқызу әдеттегі іс саналатын. Мұсылмандарға жасалған бұндай қорлық мәңгібақи тарихи масқаралық болмақ.

Құрайыш түрлі себептермен Исламмен жауласып, оның қарсысына шыққан соң, барлық өшін қорғансыз, әлсіз мұсылмандардан алды. Өйткені Мұсылман болғандар арасындағы мәртебелі, аты атақты, байлардың маңайына жолай алмайтын, қорқатын.

Өйткені олардың қорғаушылары бар еді. Әбубәкірге, Әлиге, Хамза мен Омарға кім соқтыға алсын. Меккеге құл, күң болып сырттан келгенге кім қорған болсын. Құрайыштың осындай жоқ-жітікке көрсеткен зорлық зомбылығының ауыр да аяныштылығы соншалық, бұндай жауыздық пен жабайылық дүни тарихында да аз кездеседі. Басы байлы бишараларды қанағаты мен діни сенімі үшін осынша қыйнау, қандай зұлымдық! Зәредей ұжданы бар адамның бұған қолы бармас.

Хазіретті Пайғамбар Қағбада Аллаһтың бірлігін жариялап, Аллаһу Әкбәр үнін көкте жаңғыртты. Көп құдайшылдар бұны пұттармен толтырған Қағбаға қарсы әрекет санап, Расұлұллаһқа шабуыл дайындаған. Пайғамбарымызға тәуелді болға Харис ибн Абихал бұны естіп, Пайғамбарды құтқаруға ұмтылған. Құрайыштың қанды қылышының ұшында Пайғамбар үшін жан берген. Қасиетті Қағбада қан төгу щектемесіне қарамай, осындай астамсыған әрекетті көріп отырмыз. Осылайша қан қасиетті Мекенде төгілген тұңғыш мұсылман Харис болған.

Хазіретті Пайғамбар (с. ғ. с) өскелең қасиеті үгіттеу үшін жолданған, Құран Кәрімде оның тамаша мінезге ие екені баяандалған:

"و إنك لعلى خلق عظيم"

«Ақиқатында сен (Мұхаммед с. ғ. с) ұлы бір мінезге иесің» .

Бұл өзгешелігін досы да, дұшпаны да таный білген. Шығыс танушы Сэр Уиллиям Майр «Мұхаммаедтің өмірі» атты еңбегінде былай деген:

«Хазіретті Мұхаммед жайындағы басылымыздың барлығы бір түйінге тоқталады, бұл да, оның өскелең қасиетке, тамаша мінезге ие екендігі. Бұндай өзгеше қасиет заманындағы Меккеліктерде сирек кездесетін».

Пайғамбардың алтыншы жылы еді. Хазіретті Пайғамбар Сафа Төбесінде отырғанда, жанынан өтіп бара жатқан Әбужәһілдің, оған орынсыз тіл тигізеді. Әдеп-ибаға жат мұндай көргенсіздіктен аулақ жүретін адамгершілікті Пайғамбарымыз бұған жауап қайтаруды мүнәсіп көрмеді, делдалға үнсіз қалу тіпті өнімді ғой. Әбужәһілдің Пайғамбарды балағаттағаны Хамзаға жетіп. Хамза Әбужәһілдің басын садақпен жарып, кейін Ислам дінін қабылдайды. Хамза Исламды қабылдағаннан кейін, 33 жасында Аллаһтың қалауымен Хаттабұлы Омар Исламды қабылдайды. Омардың Исламды қабылдауы оларды қуанышқа шомдырды, әсерлене шыққан Аллаһу Әкбәр үні сыңғырлап Меккенің көкжиегінен қалықтап, Сафа тауынан асып, көк жүзіне жаңғырып жатты.

Омар:

- Қатарымыз қаншаға барды?-деп сұрақ қойды.

- Қырыққа толдық.

- Ендеше неғып отырмыз, Қағбаға тартайық!-деді.

Сол күннен бастап Ислам ашық жариялана бастады.

Құрайыштың басқысы мен шектемесіне қарамай, Ислам діні күн санап нығайып, қатарын арттырып бара жатқан. Хазіретті Хамза мен Омардың Исламды қабылдауымен мәртебесі артқан еді. Нәжжаши сияқты Христиан билеушісі мұсылмандарға қамқоршы болып, Құрайыш елшісін құрқол қайтарған. Бұл жағдайлар құрайышты қатты алаңдатты. Мұсылмандарға қатаң әрекет жасайтын мезгіл жетті деп түйді. Соңында тапқан шаралары қатынасты кесіп, қысым жасау болды. Бас қосып алған қарарлары: Хашім ұлдарымен түрлі қатнасты үзу, құда болмау, сауда жасаспау, тіпті кездеспеу. Бұл антты Мансұр ибн Ікримге жаздырып, Қағбаның қабырғаларына іліп қойды. Осылайша бұл ант қасиетті саналды.

Құрайыштар осы саясатты қолданып, байланысты кесіп, аш қалдыру жолдарын сынап көрмек болды, бұның жәбір-жападанда өтімді болатынын түсінді.

Ислам тарихындағы өте аянышты, жүрек сыздатқан оқиғаның бірі Тайф сапары болған. Хазіретті Пайғамбардың (с. ғ. с) дін тарату жолында нелерге ұшырап, нелерге төтеп бергенін білеміз. Алайда бұл сапарда кезіккен жағдайы тым аянышты болған екен.

Құрайыштан мезі болғаннан соң, Тайф жұртшылығына тура жол көрсетуді ойлады. Сенімді құлы Зайдты жанына алып Тайф жолына шықты. Тайфта бірталай ықпалды басшылар, абыройлы отбасылар бар болатын. Ұмейр Руы осындағы мықты саналатын.

Бұл рудың үш басшысы бар: Әбді-Жәлал, Месұт, Хабиб ағайындылар. Хазіретті Пайғамбар (с. ғ. с) олармен кездесіп, Исламды танытты. Бұлардың жауабы басқаларына ықпалды болар еді. Өкінішке орай бұлар теріс жауап берді. Исламның қамтыған мағнасын түсіне алмады, жауаптарыда ақмақша болды. Онымен қоймай, келген қонаққа адамгерсіздік істеп, боқтық жаудырды. Содырларды айтақтап салды. Олар жолдың екі жағына жарылып тұрып Пайғамбарға тас жаудырды. Жараланған аяғынан қан сорғалап жүре алмай отырғанда, сүйрелеп тұрғызып тағы ұрған. Нұрға бөлеймін, тура жолға бастаймын деген Хақ Пайғамбарына істеген Тайыфтықтардың әрекеті өте дөрекілік болды. Меккеге қайтар жолда Аддас деген құл Ислам дінін қабылдап Тайыфтағы ең бірінші мұсылман болады.

Тайыфтықтар Хазіретті Мұхаммедті (с. ғ. с) көңілді қарсы алмаған соң Құрайыштың бейнесі тіпті нашарлады. Бірақ бұл Хазіретті Пайғамбарды Аллаһқа сенімнен жаздыра алмас еді. Меккеге келген рулар мен кездесіп, базарларды аралап кезіккендерді Исламға шақыратын. Ғұказ, Маженне, Зұлмежаз базарларына барып Арабтармен жолығатын, оларға Құран оқып беріп, дінге ұсыныс ететін. Хазіретті Пайғамбар дін тарату үшін Қажы мезгілінде Меккеге келгендермен кездесумен, базарларға барумен тынбады. Рулардың тұрған жеріне барып та кездесті.

Хазреж руынан Меккеге қажыға келгендер, әдет бойынша Хазіретті Мұхаммедпен (с. ғ. с) кездесті. Сөз арасында Мұхаммед (с. ғ. с) Исламнан сөз қозғады. Яһудилер Мединеліктермен өш болғандықтан оларға үнемі: Аллаһтың жуықта бір пайғамбар жіберетіні, бұл Пайғамбардың өздерімен бір болып, пұтқа табынушыларға қарсы келетінін; Арабтар Ад пен Ірем сияқты құритынын айтатын. Пағамбар келетінін ақсақалдардан да еститін, осылайша бұл жаңалықтан хабардар еді. Енді міне, Хазіретті Пайғамбар Исламға шақырып, жаңа бір діннен сөз қозғағанда бір-біріне қарасты да:

«Яһудилер аузынан тастамаған, ақсақалдарда айтып жүрген Пайғамбар осы болар, оған ұйып, сенім білдірейік»-десті де Исламды дереу қабылдады.

Хазіретті Пайғамбарға былай деді:

- Халқымыз ауыр күйде, бір-бірімен өш. Аллаһ Тағала бәлки сен арқылы оларды бірлестірер, өйткені, сенен жақсысын таба алмас!

Осылайша, Мединеліктерден бір тобы Ислам дінін түңғыш рет қабылдады. Олар Мединеге Исламды таратты, олар келген соң, әр отбасында Мұсылмандық жәйілді. Мүшріктер Мұсылмандарға қысым жасауын қоймаған соң мұсылмандар Мединеге көшті. Мұсылмандар еркіндік іздеуде: Діни сенім, ұждан еркіндігі. Меккеде өмір сүру хұқығына сайып емес, Меккеліктер оларды қысым астында тұншықтырғысы келеді. Оларға өмір, ұждан еркіндігін бермеді. Ал олар үшін Иман мен діни сенім барлығынан қасиетті еді. Дін жолында бәрінен де уаз кешті. Еркін көкжиекке бет алғанда, қолбасшысы иман нұры болғандықтан, жүздерінде үміт нұры ойнап, қуанышпен аттанған еді.

Хазіретті Пайғамбар, Меккеден айрыларда мынадай сөздер сөйледі:

- «Ей, Мекке, Дүниедегі ең ұнатқаным сенің топрақтарың! Бірақ, сенің ұрпақтарың бұнда еркін жасауыма мүмкіндік бермеді» .

Меккеліктер Пайғамбар көшкен уақыттада тыным бермей: Кім Мұхаммедті өлі-тірі тауып келсе соған жүз түй береміз деді. Бұл үлкен сауға өзіне сенгендер оның ізіне түсті. Палуан жігіт Сұрақа ибн Жошұм Пайғамбардың соңына түсті. Оларды тынығып жатқан жерінде қуып жетіп, атына қамшыны баса түсті, болдырған ат сүрініп кетті де Сұрақа аттан ұшып түсті. Атының аяғы құмға кіріп, бата берді. Сұрақа, бір жасырын күштің тартып жатқанын сезгендей болды. Сұрақа Пайғамбарды Біреу қорғап тұрғанын сезіп, істегендеріне өкінді. Сонымен Пайғамбарға келіп: мен сізге Зарар келтірмеймін деп, кешірім сұрап Ислам дінін қабылдайды.

Адамзатқа нұр мен иман әкелген ұлы Пайғамбар маңдайына жазылған жолмен Мединаға тарта берді, күндіз-түн демеді.

Меккеден Мединеге кетерде мына аят түсті:

«Саған Құранды жіберіп онымен міндетті қылған Аллаһ, сені Меккеге сөзсіз қайтарады» [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суфизм (сопылық)
Тасаууф ілімі
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі. Христиан және будда діндеріне сипаттама
Сопылық
Діни басқармаға филиал
ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ, ӘДЕТ - ҒҰРПЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ИСЛАМ
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
«Сопылық» («суфизм»)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz