Қаржы және инфляция туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ... 5

1.1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8



2 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.1 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Қазақстандағы инфляциялық процесс және оны реттеу саясаттары ... ... ..15



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Осындай экономика дамуы үшiн жағымсыз ортаны қалыптастыратын инфляцияны шешудiң бiрден-бiр жолы оның қарқынының өсуiнiң себептерiн айқындау арқылы алдын алу болып табылады. Ал ол үшiн ең алдымен инфляция теориясын, оның пайда болуына әсер ететiн факторларды, инфляцияның түрлерiн және оның ерекшелiктерiн сондай-ақ әр формадағы инфляцияның қоғамға, әлеуметтiк-экономикалық салаға тигiзер әсерлерiнiң деңгейiн бiлу қажет болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қаржы және инфляция” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi және менiң оны таңдаудағы мақсатым қаржы мен инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, қаржы мен инфляцияның өзара байланысын, инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы тигізер салдарын, оның пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң экономикасының тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны реттеу саясаттарын қарастыру негізінде бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасы үшін инфляциялық таргеттеудің маңызы мен жүргізілу барысын талдау болып табылады.
1. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005 – 553 бет.
2. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
3. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
4. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
5. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. Д.А.Федотов “Причины инфляции и пути борьбы с ней” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1, - 2004 г.
8. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2005 г. 2-4 стр.
9. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
10. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2007 г. 2-3 стр.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.- 446 с.
12. Национальный Банк Республики Казахстан Пресс-релиз №33 от 7 сентября 2007 года.
13. «Перспективы перехода Казахстана на инфляционное таргетирование» // Сембиева Л.М., Банки Казахстана, №9, 2007 г.
14. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2008г. №1. 89стр

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ... 5

1.1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.1 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Қазақстандағы инфляциялық процесс және оны реттеу саясаттары
... ... ..15

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк
жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi
экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы,
кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны,
халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және
экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей
байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның
даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн
айтуға болады.

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет
етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге
болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс
сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы
және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның
өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде
қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның
шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Осындай экономика дамуы үшiн жағымсыз ортаны қалыптастыратын
инфляцияны шешудiң бiрден-бiр жолы оның қарқынының өсуiнiң себептерiн
айқындау арқылы алдын алу болып табылады. Ал ол үшiн ең алдымен инфляция
теориясын, оның пайда болуына әсер ететiн факторларды, инфляцияның түрлерiн
және оның ерекшелiктерiн сондай-ақ әр формадағы инфляцияның қоғамға,
әлеуметтiк-экономикалық салаға тигiзер әсерлерiнiң деңгейiн бiлу қажет
болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қаржы және инфляция” деп
алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi және менiң оны таңдаудағы мақсатым қаржы мен
инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, қаржы мен
инфляцияның өзара байланысын, инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы
тигізер салдарын, оның пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң
экономикасының тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн
инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны реттеу саясаттарын қарастыру
негізінде бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасы үшін инфляциялық
таргеттеудің маңызы мен жүргізілу барысын талдау болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында келесiдей мiндетердi алдыға
қойдым:
1. Қаржының экономикалық категория ретiнде оның экономикалық мәнi мен
қызметтерiн анықтау;
2. Инфляцияның табиғи жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi
факторларды қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн
ашып көрсету;
3. Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың
пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын
қарастыру;
4. 2003-2007 жылдардағы инфляцияны төмендету жағдайын талдау мен
инфляциялық таргеттеу саясатын қарастыру.
5. Елiмiз экономикасының қаржы саласы және мемлекеттiк деңгейде
инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын, олардың iшiнде
ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты тиiмдiлерiн ұсыну;

1 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы

“Қаржы” бұл қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр
сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк
қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады
және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк
ролiмен айшықталады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.
Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның
экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге
болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер
тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы
қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi
тұжырымдамасы қалыптасып отыр.
Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi
стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда
болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн
көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет
орындайды: бөлу және бақылау.
Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның
аса маңызды бөлiгi – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн
бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада
сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және
оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының
бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы
қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша
ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен
бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға,
өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының
экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр
бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша
қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдынғы орынды
алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның
рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент болып
бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып
саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім –
қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалатындықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық
өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің
барлық нысандарынының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және
өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан
қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
ақша қаражататрын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді
алумен байланысты, басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық
төлейді. өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа
мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа
жататын сауда орталықтарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін
кәсіпорындар мен ұйымдарда тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға
байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып
табылады.

1.2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi.
Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз
байланысты деп саналады.

Инфляция терминi ( латынның. Inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда
болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляия ұғымы
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл
бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып
алу қабiлетiнiң төмендеуi.
Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң
алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша
айналысының заңы бұзылады.
Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны
жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы
несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар
– ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi:

M = P * Y V
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
себепшi болады:
• айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• қолайсыз төлем балансы;
• үкiметке сенiмнiң жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. Әлi
де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы
деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының
өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды.
Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi.
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей:
• тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi;
• ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып алу қабiлетiнiң
құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге елдiң экономикалық дамуының жалпы
қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу
сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс процесiнiң қарама-
қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел бастағы себебi – ұлттық
шаруашылықтың түрлi салаларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар екенi белгiлi.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi
құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының
артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық
саясатына, оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды
бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң
бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының
дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы
нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көпфакторлы процесс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы
алшақтықтың көрiнiсi.
Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны
артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. Үшiншi жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
1) Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
• ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергi болмайды, оның еркiн
өсуi байқалады;
• жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
• инфляциялық шок, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.
2) Таралу орнына қарай:
• локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
• дүниежүзiлiк инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
3) Бағаның өсу қарқынына байланысты:
• баяу инфляция – баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ға өседi;
• орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейiн өседi,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
• ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Инфляцияның бұл түрi ақша жүйсiнiң құлдырауына әкелiп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуiне қарай қазiргi кезде бiрiншi
түрiне жатады. Елiмiздiң 1992-1993 жылдардағы ұшқыр инфляциядан соңғы
жылдардан бастап баяу инфляцияға өтуi қажырлы еңбектiң жемiсi болып
табылады.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткiш – тұтыну бағаларының индексi
көмегiмен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексi тауарлар мен қызметтердiң түрлерiн қамтитын
тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады. Оны есептеуде келесi формула
қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлемiз Базалық жылдағы
тұтыну қоржынының бағасы, одан шыққан санды 100-ге көбейтемiз

2 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі

Экономиканың екі категориясы болып табылатын қаржы мен инфляция бір-
бірімен өзара байланысты. Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен
байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық
факторларға тәуелді болып келеді:
• Белгілі бір сандық нысандар мен әдістерді қолдану;
• Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
• Мемлекетік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
• Мемлекеттің берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен салық
түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа
созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір
бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның
көтерілуінін басты себебі болып табылады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгертуге ұшыратады. Біріншіден,
инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет
шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштын өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғары қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір кездері арқылы
түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас
мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тартау
үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз
деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады.

Ү
Й
Л
Е
С
І
М
С
І
З
Д
І
К

Сурет-1 – Қаржы мен инфляцияның өзара үйлесімі

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз
сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай тбыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестицияға деген экономикалық ынтаның төмендеуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы.
Қаржы инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша
бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және
шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық
болып қалады;
• мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
• несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiнiң коммерциялық
банктер мен үкiметкенесие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын
сипаттайды;
• ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн
мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;
• көрсетiлетiн қызметтiн маңызының артуы;
• бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе
жалақының өсуi;
• энергетикалық дағдарыс.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі
салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл өз кезегінде
инфляциялық шиыршық дегенді тудырады. Бұл кезде өндірістің тұтынылатын
компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың
көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну
жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың
қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.
Нарықтық экономика механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның
төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуғ, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен
қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта
қалуға тырысалы және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Бұл процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне
мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені
өндіруші кәсіпорынның шикізаты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау
бұйымдарын, жабдықтарды жеткізулерді таңдай алмайды. Ол жеткізулер
тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарлатылған
бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар ары қарай технологиялық
өзгертіп жасау бойынша түпкілікті тұтынушыға – халыққа аударып салады.

2. Қазақстандағы инфляциялық процесс және оны реттеу саясаттары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең
бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қорларының жиынтығы
Қаржы және инфляция туралы түсінік
Қазақстандағы қаржы жүйесі
Қаржы және инфляия туралы түсінік
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Қаржы және инфляция
Нарық жүйесіндегі қаржы
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Пәндер