Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

Жұмыссыздық ұғымы және түрлері еңбек нарығы ... ... ... ... ... ...7
Жұмыссыздық көрсеткіші және Оукен заңы ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... 13

2. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.1 . Болашақ мамандарды жұмыспен қамту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Қазақ халқының табысы мен жұмысбастылық арасындағы өзара байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қазақстанда экономикалық реформалар басталған кезде, демографиялық үдерістердің еңбекке жарамды жасқа кіретін, және ол жастан шығатын адамдардың ара салмағының ықпал етуімен, еңбек рыногында құрылымдық терең өзгерістер жүрді. 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы республикада жалпы халық санының 9,5% - ға азаю кезінде, экономикалық белсенді халықтың саны 13,1% -ға кеміді. Бұл орайда жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық белсенді халықтың 95,8% құраса, 2002жылы осы көрсеткіш 54,5%ға дейін азайды. Сонымен бірге еңбек ресурстары құрылымында өздігінен жұмыспен қамтылған халықтың және жұмыссыздардың үлесі өсті. Жалпы жұмыспен қамтылудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретіндегі өздігінен жұмыспен қамтылу 1991жылмен салыстырғанда 10 есеге өсті және 2,7млн. адамға жетті немесе 2002 жылғы экономикалық белсенді халықтың 39,9% құрады. Статистикалық органдардың деректері бойынша 2002 жылы жұмыссыздар саны 690,7 мың адам болды, немесе ол экономикалық белсенді халықтың 9,3% құрады.
Өнеркәсіп және ауылшаруашылық обьектілерінің аймақтық әркелкі орналасулары, бірқатар аймақтарда халықтың ықшам қоныстанулары еңбек ресурстарына әртүрлі қажеттіліктерді туындатады. Қазақстан халқын жұмыспен қамту мынадай ерекшеліктермен сипатталады халықтың ұдайы өсіп өнуі негізінен ауылдық жерлерде шоғырланған әсіресе еліміздің оңтүстік аймақтарында, ал қажеттілік қалалар мен өнеркәсіп инфрақұрылымы дамыған аймақтарда жоғары. Кейбір аймақтардың еңбек ресурстары төменгі деңгейде өзара жұмылдырылуымен ерекшеленеді.Бұл сол аймақтардағы жұмыссыздық деңғейіне өз әсерін тигізіп, адамдарды аймақтар мен экономикалық өсу орындарына тартуға кедергі жасайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың салалық құрылымында да айтарлықтай елеулі өзгерістер байқалуда. Мәселен, жыл сайын елімізде мың. маман иесі қайта даярлаудан өткізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәлімдеуінше жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының нәтижесінде 2007 жылдың соңында экономикалық белсенді топтың арасында жұмыссыздар санын 7% кемітуді жоспарлауда. Былтырғы жылы Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 8,1 % құраған болатын. Жыл сайын елімізде 200 мың жұмыс орындары ашылып, олардың жартысы ауылдық жерлердің халқына өз үлестерін алып келуде. 2005 жылы еңбекпен қамту мекемелеріне шағымданған 200 мың адамның 180 мыңы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Өзін өзі жұмыспен қамту жүйесінде адамдардың жалақысы тұрақсыз және жоғары болмауы мемлекеттегі аз қамтылған топтардың санын көбейтуге алып келуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанда 15,2 млн. Адам тұрмыс кешуде , бұл көрсеткіштің 7883,5 мың адамы экономикалық белсенді топ қатарын құрайды. 2007 жылыдың маусым айының соңында тіркелген жұмыссыздар саны 74,4 мың. адамды құраса , ол өткен жылғы көрсеткіштен 25,7 мың. адамға кеміген. Тірекуге алынған адамдар санының жартысын әйелдер құрап отыр -51,7 мың. адам. Маусым айында тіркелген жұмыссыздар санында экономикалық белсенді топ 0,9% құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш – 1,3% құраған болатын.
1. БҰҰДБ. 1996 жылғы адам дамуы туралы баяндама - Нью-Йорк, Оксфорд: Юниверсити Пресс, 1996
2. Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңы/ Казахстанская правда. 05.01.1999
3. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі. Адам құқықтары, 2000
4. Гриффин К. Қазақстандағы экономикалық өтпелі кезеңдегі жұмыспен қамтылу және әлеуметтік қорғау.
5. Қазақстан Республикасы: Адам дамуы туралы Есеп 2003
6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиеасындағы еңбек туралы» Заңы Казахстанская правда. 24.12.1999
7. Никифорова А.А Еңбек нарығы: жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық . Москва-1991
8. Мелдеханова М.К Халықтың жұмыспен қамтылуы және экономикалық өсу: әдіснамасы, стратегия және реттеу механизмі. –Алматы, 1999.

9. Сілтеме: [1] Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Заңы/ Казахстанская правда. 05.01.1999
[2]Заславский И. К. К новой парадигме рынка труда. Вопросы экономики 1998. 8p-91 б7
[3] Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ .Редакцияны басқарған Қ. С. Әбдиев 2004 ж.
10. [4] Адам дамуы туралы есеп 2006

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5

1. Жұмыссыздық экономикалық категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

Жұмыссыздық ұғымы және түрлері еңбек нарығы ... ... ... ... ... ...7
Жұмыссыздық көрсеткіші және Оукен заңы ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... 1 3

2. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

1. . Болашақ мамандарды жұмыспен
қамту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
2.2. Қазақ халқының табысы мен жұмысбастылық арасындағы өзара
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
4

Кіріспе

Қазақстанда экономикалық реформалар басталған кезде,
демографиялық үдерістердің еңбекке жарамды жасқа кіретін, және ол жастан
шығатын адамдардың ара салмағының ықпал етуімен, еңбек рыногында құрылымдық
терең өзгерістер жүрді. 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы республикада
жалпы халық санының 9,5% - ға азаю кезінде, экономикалық белсенді халықтың
саны 13,1% -ға кеміді. Бұл орайда жалдамалы жұмыскерлердің саны
экономикалық белсенді халықтың 95,8% құраса, 2002жылы осы көрсеткіш
54,5%ға дейін азайды. Сонымен бірге еңбек ресурстары құрылымында өздігінен
жұмыспен қамтылған халықтың және жұмыссыздардың үлесі өсті. Жалпы жұмыспен
қамтылудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретіндегі өздігінен жұмыспен
қамтылу 1991жылмен салыстырғанда 10 есеге өсті және 2,7млн. адамға жетті
немесе 2002 жылғы экономикалық белсенді халықтың 39,9% құрады.
Статистикалық органдардың деректері бойынша 2002 жылы жұмыссыздар саны
690,7 мың адам болды, немесе ол экономикалық белсенді халықтың 9,3%
құрады.
Өнеркәсіп және ауылшаруашылық обьектілерінің аймақтық әркелкі
орналасулары, бірқатар аймақтарда халықтың ықшам қоныстанулары еңбек
ресурстарына әртүрлі қажеттіліктерді туындатады. Қазақстан халқын жұмыспен
қамту мынадай ерекшеліктермен сипатталады халықтың ұдайы өсіп өнуі
негізінен ауылдық жерлерде шоғырланған әсіресе еліміздің оңтүстік
аймақтарында, ал қажеттілік қалалар мен өнеркәсіп инфрақұрылымы дамыған
аймақтарда жоғары. Кейбір аймақтардың еңбек ресурстары төменгі деңгейде
өзара жұмылдырылуымен ерекшеленеді.Бұл сол аймақтардағы жұмыссыздық
деңғейіне өз әсерін тигізіп, адамдарды аймақтар мен экономикалық өсу
орындарына тартуға кедергі жасайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың салалық құрылымында да айтарлықтай
елеулі өзгерістер байқалуда. Мәселен, жыл сайын елімізде мың. маман иесі
қайта даярлаудан өткізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру
министрлігінің мәлімдеуінше жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының
нәтижесінде 2007 жылдың соңында экономикалық белсенді топтың арасында
жұмыссыздар санын 7% кемітуді жоспарлауда. Былтырғы жылы Қазақстанда
жұмыссыздық көрсеткіші 8,1 % құраған болатын. Жыл сайын елімізде 200 мың
жұмыс орындары ашылып, олардың жартысы ауылдық жерлердің халқына өз
үлестерін алып келуде. 2005 жылы еңбекпен қамту мекемелеріне шағымданған
200 мың адамның 180 мыңы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Өзін өзі жұмыспен қамту жүйесінде адамдардың жалақысы тұрақсыз және жоғары
болмауы мемлекеттегі аз қамтылған топтардың санын көбейтуге алып келуі
мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанда 15,2 млн. Адам тұрмыс кешуде , бұл
көрсеткіштің 7883,5 мың адамы экономикалық белсенді топ қатарын құрайды.
2007 жылыдың маусым айының соңында тіркелген жұмыссыздар саны 74,4 мың.
адамды құраса , ол өткен жылғы көрсеткіштен 25,7 мың. адамға кеміген.
Тірекуге алынған адамдар санының жартысын әйелдер құрап отыр -51,7 мың.
адам. Маусым айында тіркелген жұмыссыздар санында экономикалық белсенді
топ 0,9% құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш – 1,3% құраған болатын.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмысты жазудағы негізгі
мақсатымыз қазіргі таңда дүние жүзі бойынша ауқымды мәселеге айналып
отырған жұмыссыздық мәселесін жан-жақты және терең зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік
дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, оқырман қауымға жеткізе
білу.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмысты біз екі тарауға бөліп
қарастырдық. Бірінші тарауда жалпы жұмыссыздық мәселесіне тоқталып, онда
жұмыссыздықтың жалпы түсінігі мен жұмыссыздықты топқа бөліп қарастырдық
және циклдік және құрылымдық жұмыссыздыққа тоқталдық. Демек, жұмыссыздық
дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан босаған немесе алғаш
рет жұмыс іздеу барысында сәтсіздіктерге ұшыраған тұлғалар. Жұмыссыздықтың
себептері әр түрлі болып, ол негізінен жұмысшылардың нәсіліне, жасына және
жынысына қарай топтар арасында әр түрлі болып келеді. Әсіресе түрлі түсті
нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ақ түсті нәсілдер арасындағы
жұмыссыздық көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
Курстық жұмыстың екінші тарауында экономикадағы толық жұмылдыру
мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздық дәрежесіне баға бердік және де оны
анықтаушы жакторларға жан-жақты тоқталдық. Сонымен қатар жұмыссыздық
дәрежесін төмендету мен жұмыссыздық бойынша көмек ақы мәселелерін
қарастырдық. Экономиканың қандай кезде толық жұмылдыру жағдайында
болатындығын анықтау экономикалық саясаттың шешуші мәселелері болып
табылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін анықтаушы факторлар
жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі болып келеді. Жұмыссыздық дәрежесін
түсіру жолында дүние жүзі бойынша маңызды шаралар жүзеге асырылуда.
Солардың бірі жастардың жұмыссыздығымен күресу. Сонымен қатар жұмыссыздарға
көмек ақы төлеу шаралары да алып барылады.

1. Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде.

Экономикалық өсу адам потенциалын дамыту және адам бойындағы таңдау
қабілетін ұлғайту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Осы потенциалды іске асыру
мақсаттарында адамдар анағұрлым тиянақты таңдау жасай білулері үшін бойдағы
мүмкіндіктерді ұдайы кеңейтіп отырулары тиіс. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ету экономикалық өсу мен адам дамуына мүмкіндіктер жасау арасындағы негізгі
байланыстырушы буын болып табылады.
Барлық экономикалық мүмкіндіктердің ішіндегі ең маңыздысы жұмыспен
қамтылу немесе жұмыс істеу, лайықты тұрмыс деңгейңіне жету үшін талап
етілетін бірқатар тауарлар мен қызмет көрсетулерді иеленуге жағдай жасайтын
табыстармен адамды қамтамасыз етеді. Бұл орайда жұмыспен қамтылу тек ақылы
жұмысты ғана емес, сонымен бірге тіршілікке қажет қаражаттар табудың барлық
тәсілдерін ұйғарады.
Адамдар өз жұмысын ақшалай сыйақылар әкелуден бөлек көптеген өзге де
себептер бойынша да бағалай біледі. Жұмыс қоғам өміріне адамның белгілі бір
үлес қосуына және шығармашылық потенцалын іске асыруға мүмкіндік туғызады.
Жұмыс адамның өзін-өзі сыйлау сезімін және жеке басының қадір-қасиетін
нығайтуға сеп болатын сый құрметке жеткізеді. Жұмыс істеу сондай-ақ адамның
ұжымдық шешімдер қабылдауына, қатысуына және адамдармен қарым-қатынас
жасауына ұйытқы болады.
Жұмыс тұрмыс салтымен біте қайнасады, өйткені адам еңбек қызметінің
қай түрін таңдауына байланысты өзінің өмір жолын белгілейді. Жұмыстың түрін
дұрыс таңдау адамның тек экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік
және саяси потенциалын арттырып, өірге кең мүмкіндіктер ашып береді.
Экономикалық ұстаным көзқарасы тұрғысынан жұмыспен қамтылу – еңбекке
қабілетті халықтың қоғамдық өнім жасау жөніндегі әрекеті.
Жалпы экономикалық санат ретінде жұмыспен қамылуды анықтаудың үш
тәсілі бар:
Жұмыспен қамтылу жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы баланстылығының
көрінісі болып табылады; жұмыс орындары мен қызметкерлердің саны бойынша
да, сондай-ақ сапасы бойынша да;
Жұмыспен қамтылу еңбек ету үдерісі, немесе жеке адамдарға табыс
әкелетін әрекет. Бұл ретте осы әрекеттің заңға қайшы келмеуін атап
көрсеткен аса маңызды;
Жұмыспен қамтылу әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-еңбек
қатынастарының жиынтығы іспеттес, оларды қалыптастыру мен реттеу заңнамалық
және құқықтық нормаларға, еңбек келісімдеріне негізделеді.
Жұмысен қамтылу дегеніміз – Конституцияға және ҚР өзге де нормативтік
актілеріне қайшы келмейтін, азаматтардың жеке және қоғамдық ажеттіліктерін
қанағаттандыруларыеа байланысты және оларға жалақы немесе табыс әкелетін
әрекет. [1]
Әр түрлі түсіндірмелерді ескеру арқылы жұмыспен қамтылудың толық
анықтамасы бойынша былайша болуы мүмкін: жұмыспен қамтылу – нақты
адамдардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен
байланыстызаңға қайшы келмейтін әрекеті, ол жұмыс істейтіндерге жалақы
немесе еңбек табысын әкеледі, сондай–ақ ол еңбек рыногындағы жұмыс күшінің
сұранысы мен ұсынысының сандық және сапалық теңдік дәрежесінің көрінісі
ретінде пайда болатын әлеуметтік–экономикалық қатынастар.
Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарға сәйкес елдегі халықтың
барлығы экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес топқа
бөлінеді.
Экономикалық белсенді халық – статистикалық бақылаудың есепті
мерзімінде материалдық құндылықтар мен қызмет көрсетулерді өндіру үшін
өздерінің еңбектерін ұсынатын адамдар. Осындай халықтың қатарына қатардағы
халық, сонымен қатар қарулы күштерде қызмет атқарып жатқан адамдар да
кіреді және ол екі құрамдас бөліктен тұрады: жұмыспен қамтылғандар мен
жұмыссыздар.
Экономикалық белсенді емес халыққа жасына қатыссыз жұмыспен
қамтылғандардың және жұмыссыздардың санына кірмейтін барлық адамдар жатады:
үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер, еңбекке қабілетті
жастағы оқушылар мен студенттер, жұмыс істемейтін жне жұмыс іздемейтіндер,
жұмыс істемейтін зейнеткерлер, рантье және өзгелері.
Жұмыспен қамтылған халыққа, ХЕҰ стандарттары бойынша, еңбекке жарамды
жасқа жеткен және одан ересек, жалданып жұмыс істейтін және өздерін
өздігінен жұмыспен қамтитын адамдардың барлығы жатады. Олар – кәсіпкерлер,
өздерінің есебінен жұмыс істейтіндер, өндірістік коопретивтердің мүшелері,
көмектесуші отбасы мүшелері, сыйақыны ақшалай немесе заттай алатын
оқушылар, жалға ішінара жұмыс істеген студенттер, үй шаруасындаңы әйелдер
және өздігінен жұмыспен қамтылғандар, тұрақты немесе мерзімді әскери
қызметкерлер. Жұмыспен қамтылуды өнімді, әлеуметтік пайдалы, толық және
толық емес деп жіктейді.
Өнімді жұмыспен қамтылу – халықтың қоғамдық өндірісте жұмыс істеулері.
Әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамтылу тек қоғамдық өндірісте жұмыс
істейтін адамдардың ғана емес, сонымен бірге әскери қызметкерлердің,
еңбекке жарамды жастағы оқушылардың, үй шаруашылығын жүргізумен
айналысушылардың, балаларға қаайтындардың санымен анықталады.
Жұмыспен толық қамтылу – қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы
бар, кезеңдік жұмыссыздық орын алмайтын қоғамның келбеті. Бұл орайда
уақытша және құрылымдық жұмыссыздықпен анықталатын жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі сқталады.
Жұмыспен толық қамтылмаудың екі түрі бар: көзге көрінетін және
жасырын. Біріншісі толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін адамдар
санымен есептеледі. Екінші түрі не еңбек ресурстарын дұрыс бөлмеуді немесе
еңбек пен өндірістің өзге фкторларының арасындағы баланстың бұзылуын
көрсететін талдамалық ұғымды білдіреді. Жасырын толық емес жұмыспен
қамтылудың өзіндік белгілеріне төмен табыс, төмен еңбек өніділігі, жұмыс
істейтіндердің біліктіліктерін толық пайдаланбау жатады. Еңбек рыногын
реттеу үшін икемді жұмыспен қамтылудың түрлі нысандары қолданылады, олар:
толық емес жұмыс уақытының түрлі режимдерінде жұмыспен қамтылу,
қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесіме байланысты жұмыспен қамтылу,
стандартты емес жұмыс орындарындағы жұмыспен қамтылу: стандартты емес
ұйымдық нысандар бойынша жұмыспен қамтылу. Жұмыспен икемді қамтылу
нысандары толық жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық арасындағы аралық аймақ
құрады.

Жұмыссыздық түрлері және еңбек нарығы.

Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
проблемелары өткір қозғалады.
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік–экономикалық құбылыс, осы құбылыс
кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не
тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздық түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:

Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша
жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ
жұмысты өз ерітерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде
болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми–техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа
салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен
туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс
арасында сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар
кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар
саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына (ЭЫДҰ-ОЭСР) кіретін елдердің барлығыда дерлік өсу үстінде. Тіпті
экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген даушы елдердің көпшілігі
халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен
жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Европа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен
қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен, мемлекеттік
секторды қайта құру мен жеке секторды жұмыс орындарын баяу қарқындары
себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу
проблемесын бастан кешірді. Экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы
деңгейінің төмендеуі байқалады.
Еңбек нарығын қалыптастыруда экономиканың ресми емес секторының ролі
өсіп келеді. Еңбектік қызметтің стандартты емес формаларының дамуы орын
алуда, атап айтқанда халықтың өзін–өзі жұмыспен қамтуы.
Стандартты деп - әдетте, тікелей жұмыс берушінің немесе ол сайлаған
менеджердің басшылығымен кәсіпорында немесе ұйымда мерзімі шексіз еңбек
келісім–шарты негізінде толық емес жұмыс күні режимінде жалдану
негізіндегі жұмыстылық есептелінеді. Көптеген дамыған мемлекеттерде бұндай
стандарт заңмен бекітілген.
Стандартты емес - жұмыстылық формалары көптүрлі және оған жататындар:
Тұрақты емес уақытша жұмыстылық. Тұрақты еес жұмысбасты адам деп еңбек
келісім–шартын белгілі бір мерзімге немесе нақты бір жұмыс көлемін
орындауға, сондай–ақ маусымдық кездейсоқтық немесе біржолғы жұмысты істеуге
деп бекіткен кезді айтамыз;
Аяқсыз жұмыстылық. Бұл категорияға жұмыс берушінің ықпалымен,
қысқартылған жұмыс кестесіне мәжбүрлі түрде көшу, клиенттердің немесе
тапсырыстардың жоқтығы және т.б. сияқты уақытша жұмыс орнында болмайтын
жұмысшылар жатады;
Үстеме жұмыстылық. Үстеме жұмыстылықтағы жұмысшылар деп жұмыс уақыты
белгілі шектік мөлшерден көп болған кезде айтамыз;
Өзін–өзі жұмыспен қамту, оған жұмыс берушілер, өндірістік
кооперативтердің мүшелері және тар мағынадағы өз бетінше жұмыспен
қамтылғандар жатады;
Ресми емес жұмыстылық. Бұған кіретіндер: а) жеке кәсіпкерлігі бар; ә)
жеке тұлғаларда жалданушылар; б) халықтың үй шаруашылығындағы жұмыстылық;
в) ауызша келісім–шарт негізіндегі ресми сектордағы жұмысбастылар;
Халықтың үй шаруасындағы жұмыстылық. Бұл категория тауарлар мен
қызметтерді үй жағдайында рынокта сату үшін немесе өзі тұтыну үшін
өндіретін жұмысшыларды қамтиды. Көптеген елдерде өнімдерді өзі тұтыну үшін
өндіретіндерді жұмысбасты деп қарамайды және де олар экономикалық белсенді
емес халық тобына жатқызылады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі
бір бөлігін экономикалық әрекет жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден
айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден,
жұмыссыздық әсіресе, ұзақ мерзімді еңек дағдыларын жоғалтуға, яғни
жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам
дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың
ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға,
мемлекеттердің жұмыспен қамту жөнідегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға
байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам
дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан
оқшауландырады.
Сонымен жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғарғы шығындарды,
адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралаудың күшеюін, жастар
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Ел экономикасы нарықтық сипат алған кезеңнен бері адамдар Үкіметке
жалтақтамай, өз қабілетін дамытып, кәсіпкерлікпен айналысып табыс көздерін
іздеуде. Өзін–өзі жұмыспен қамтуда экономикалық категория ретінде
әлеуметтік–экономикалық жүйедегі орнын көрсету, басқа да объективті
экономикалық заңдылықтармен байланыстылығы, әсіресе нарықтық экономика
заңдылықтарымен өзара әрекетін көрсету, теориялық методологиялық өлшемдерін
табу. Нақты нарықтық ортада адамдардың өзін жұмыспен қамту механизмін
зерттеу қажет.
Экономика дамуының әрбір сатысына, өзінің сипаттамасы мен қоғамдық
процестердің мәнін ашатын белгілі бір жұмыстылық моделі сәйкес келеді.
Мемлекеттің ролі барлығы үшін өздерінің қабілеттерін жүзеге асыруда оларға
теңдей құқықтық жағдайлар туғызуында жатыр. Жұмыстылыққа жәрдемдесетін
мемлекеттік саясат қоғамдағы барлық азаматтарға, жынысына, діни сенім–
нанымына, жасына, саяси ұстанымына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына
байланыссыз еңбектегі құқығын жүзеге асыруға және қабілеті мен кәсіби
даярлығына сәйкес жұмыс түрін таңдаудағы еркіндігін, жеке өз мүдделері мен
қоғамдық қажеттіліктерді ескере қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық интеграция тұсында мемлекеттердің өзара ортақ нарықтарын
құру жалпы әлемдік үрдіске айналып отыр. Мемлекеттер өздерінің нарықтарын
біріктіре отырып нарықтағы тауарларға сұраныстың ұлғаюын және халықтың
жұмыстылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. ТМД аясындағы елдердің ортақ
экономикалық кеңістік қалыптастыру мақсатындағы Кедендік одақты құруында,
одаққа мүше мемлекеттердің көздегені ортақ еңбек нарығын құру,
әлеуметтік–еңбектік қатынастар саласында келісімді ортақ саясат жүргізу,
еңбек жағдайын жасау және еңбекті қорғау, сондай–ақ жұмысшы күшінің
көші–қонын реттеуде жатыр.
Жалпы экономиканың гүлденуі, қоғамдық байлықтың өсуі сайып келгенде
жұмысшылардың өздерінің еңбегінің нәтижесіне деген мүдделігіне, еңбекке
деген өздерінің қабілеттіліктерін пайдалануына және оны дамытуға
байланысты болады.
Жұмыстылық қатынастары экономикалық, демографиялық және әлеуметтік
процестермен байланысты. Жұмыстылықтың экономикалық мазмұны жұмысшы үшін өз
еңбегі мен өзіне лайықты өмір сүруін қамсыздандырудан және қоғамдық
өндірістің тиімділігінің өсуіне әсер етуінен, демографиялық–жұмыстылықтағы
халықтың жас жыныстық сипаттамасының өзара байланысынан, оның құрылымынан
және т.б., әлеуметтік–жеке тұлғаны қалыптастырудан және оны дамытудан
көрінеді.
Республикадағы жүргізіліп жатқан экономикалық бетбұрыстар
әлеуметтік–еңбек аясын да қата құрған. Ұлттық еңбек нарығының
көрсеткіштерінің экономикалық, демографиялық, әлеуметтік зерттеулері оның
дамуына, немесе керісінше оның дағдарысына әкелетін белгілі бір үрдістердің
қалыптсуын көрсетіп отыр. Ол үрдістер төмендегідей:
Меншік формасының өзгеруімен байланысты жаңа еңбек қатынастарының
қалыптасуы;
Экономиканың қайта құрылуы;
Жұмысшы кадрлардың көп бөлігінің материалдық өндірістен қызмет көрсету
саласына өтуі;
Қосымша еңбек саласы ретіндегі жеке секторлардың пайда болуы;
Шетелдік жұмысшы күшін тарту;
Әртүрлі екі кадрлық құрамның құрылуы: бұрын да болған дәстүрлі
мамандықтағы жұмысшылар, және де соңғы кезде пайда болған айрықша нарықтық
кәсіптегі жұмысшылар брокерлер, дилерлер, маклерлер, аудиторлар,
менеджерлер және т.б;
Экономиканың жекелеген салаларындағы еңбек сипатының өзгеруі сауда,
тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.;
Қосымша жұмыс істеу, үйде отырып жұмыс істеу, қосымша табыс көздерін
жасау және іздеу;
Жұмыстылыққа кепілдік беру, еңбек ақысын төлеу, еңбек жағдайын жасау
және режимі жөніндегі мәселелерді шешудегі әлеуметтік
серіктестік–жұмысшылар, жұмыс берушілер, мемлекет жүйесін құру.
Сонымен қатар жұмыстылық аясындағы өзгерістер ұлттық еңбек нарығында
келесідей кері үрдістердің де пайда болуына әкелді:
Жабық жұмыссыздықтың өсуі;
Жұмысшының кәсібилік деңгейі мен табысы арасындағы нақты
байланыстардың жоқтығы;
Жалақыны төлеудегі кешіктірулер;
Кәсіби аурулардың және зақымданулардың өсуі, рухани ескірген жұмыс
орындарының көбеюі;
Білікті мамандардың тапшылығы, сондай–ақ оларды қажетті мамандықтар
бойынша тез арада қайта даярлаудың мүмкіндігінің жоқтығы;
Жұмысбасты халықтың жұмыс уақытын толық пайдаланбауы, ол білікті
жұмысшылардың еңбек потенциалын жоғалтуына әкеледі;
Жастар, әйелдер, мүгедектер, әскери міндетін атқарып келген әскери
қызметкерлер, сондай–ақ бұрын жұмыс орындарын талап етпеген зейнеткерлер
мен жасөспірімдер сынды халықтың әлеуметтік–демографиялық топтарының
жұмысқа тұруындағы проблемалардың қауырттығы.
Жаңа заманғы жағдайлрда еңбек нарығының үш үлгісі танымал: жапондық,
АҚШ және шведтік үлгілер.
Жапондық үлгі. Ұйымдасқан ішкі еңбек нарығының классикалық үлгісі.
Еңбек қатынастарының жүйесі фирмада шектеулі 55-60 жасқа келгенге дейінгі
жұмыспен қамтылу кепілдігін көздейтін ғұмырлық қағидатқа негізделеді. Осы
жүйе компаияларға фирма ішіндегі деңгейде біліктілікке толық жасақтауға,
жұмыс орындарының құрылымымен кадрлар құрамын жедел жүргізуге мүмкіндік
туғызады.
АҚШ үлгісі. Осы үлгі үшін еңбек нарығын орталықсыздандыру әрекеті тән.
АҚШ–тың әр штатында жұмыспен қамту және жұмыссыздарға көмек көрсету туралы
өз заңнамасы, жұмыссыздық бойынша өз сақтандыру қорлары бар. Конъюнктура
өзгерген және өндіріс көлемі азайған жағдайларда американдық фирмалар
жұмыскерлерді жұмыстан босатады. АҚШ үлгісі үшін кәсіптік жұмылдыру немесе
сыртқы еңбек рыногының ерекшеліктері тән.
Швед үлгісі халықты жұмыспен қамтудың белсенді саясатымен
ерекшеленеді. Үлгінің негізгі элементтері: еңбек биржасының тиімді жұмыс
істеуі; жұмыссыздық бойынша сақтандыру; тұрғын үй кепілдігі; жұмыс күші
жұмылдырғыштығының жалпы экономикалық алғы шарты ретінде жалақыны
бірдейлендіру саясаты; аймақаралық айырмашылықтарды деңгейлестіруге
бағытталған аймақтық саясат. Осы саясат жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысқа
орналастыру, кадрларды қайта даярлау, жастар мен мүгедектерді жұмысқа
орналастыру арқылы белсенді саясат жүргізуді көздейді.

Жұмыссыздық көрсеткіші және Оукен заңы.

Енді жұмыссыздықты сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге жүгінейік.
Олар жоғарыда қарастырылған жұмыссыздық теориясын және оны қысқартуға
бағытталған мемлекеттік саясаттың шаралартын бағалауға көмектеседі.
Айталық, сіз жұмысты жоғалттыңыз деп есептейік, сіздің ұзақ уақыт бойы
жұмыссыз болуыңыздың ықтималдығы қанша? Жауабы өте маңызды, өйткені ол
жұмыссыздық себептерін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын
көрсетеді. Бір жағынан, егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса, оның
уақытша және мүмкін шарасыз болуын болжауға болады. Адамдарға мамандығына
және тілегіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт
керек етеді. Басқа жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық – өзге
құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек. Ұзақ
мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады. Осыдан, жұмысыздық
ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға
ықпал етуі мүмкін.
Жоғарыда қойылған сұрақтың жауабы оңай емес. Мәліметтер бойынша, көп
адамдаға жұмыссыз отыру кезеңі ұзаққа созылмайды, алайда сол кезде
жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығына ең үлкен үлесті ұзақ бойы жұмыссыз
отырғандар қосады. Мысалы, 1974 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6% болған кезде
жұмыссыздардың 60%-ы 1 ай ішінде өздеріне жұмыс тапты. Сол жылы
жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығынан 69%-ы 2 немесе одан көп айға
созылған жұмыссыз отыру кезеңдеріне жатады. Неге осы фактілер бір–біріне
қайшы келетінін түсіну үшін, келесі мысалды қарастырайық. Айталық, 14 адам
берілген жылдың кейбір бөлігінде жұмыссыз болады. Оның ішінен 12-сі бір ай
ішінде жұмыс табады, ал екеуі жыл бойы жұмыс істемейді. Сонда, осы адамдар
жалпы қосқанда 36 ай жұмыс істемеген болып шығады. Берілген мысалда
жұмыссыздардың көп бөлігі қысқа мерзім ішінде жұмыссыз жүреді. 14 адамның
ішінде 12-сі немесе 86% үшін жұмыссыздық бір ай шамасына созылады.
Дегенмен, жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығының көп бөлігі ұзақ уақыт бойы
36 ай ішінде 24 ай жұмыс істемеген 67% жыл бойы жұмыс істемеген екі
адамға келді. Талқылау заты не болатынына қарай – жұмыссыз отырудың жеке
мерзімдері ме немесе жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығы ма, жұмыссыздық не
қысқа мерзімді, не ұзақ мерзімді болады.
Жұмыссыздықтың ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік саясатты
жетілдіру үшін маңызды мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту
болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық жалпы жұмыссыздық ұзақтылығына үлкен
әсерін тигізеді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені ұзақ
мерзім бойы жұмыссыз отыратындар барлық жұмыссыздар арасында азшылықты
құрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп бөлігі жұмысты жеткілікті түрде тез
табады.
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар? Жұмыс
істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты
жұмыстарды атқарады, ал жұмысыздар – атқармайды, осыған байланыста
жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін
тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз
тәуелділік, бірінші болып тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің
есімімен Оукен заңы деген ат алды.

11 -
10 - ●1951
9 -●
8 - ●
7 - ●1984
6 -
5 - ●
4 -
3 - ●
2 -
1 -
0

-1 -
● 1975
-2 -
-3 - ●
1982

0 -2 -1 0 1 2
3

Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы

Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось
бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось
бойынша – нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көсетілген. Әрбір
нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс
тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ
көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді. Суретте Оукен заңы
АҚШ деректері бойынша көрсетіледі. Суре пиктограмма болып табылады, ондағы
әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады (бұл жағдайда – белгілі
бір жыл бойынша). Горизонталь ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ
көлемінің өсім қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі
нақты ЖҰӨ клемімен тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылықты басқару
Еңбек түбі зейнет
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы. Филлипс қисығы
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы
Еңбек нарығындағы жұмыс күші
Отандық ғалымдардың кедейлік мәселесін зерттеуі
Жуалы ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік-бағдарламалар бөлімінің жалпы сипаттамасы
Пәндер