Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

1. 1. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия
саласының қазіргі жай-күйін талдау

Қазiргі уақытта Қазақстанның көмірсутек шикiзатын қайта өңдеу, негізінен мұнай-химиялық шикізатты онан әрi тиiмдi қолданусыз, мұнай мен газды айырумен шектеледі. Қазақстанның мұнай-химиялық және тұтыну рыногына жұмыс жасайтын солармен шектес химиялық өндiрiстерiнiң үлесі 15%-дан төмен, экономикалық дамыған елдерде бұл көрсеткiш 50-60%-ке жетедi.
Дүниежүзілік тәжiрибеден, көмірсутекті шикiзатының елеулi бөлiгіне ие елдер (AҚШ, Иран, Сауд Аравиясы, Кувейт) бiрiншi кезекте, олардың экспортына бағдар жасай отырып, базалық және негізгі мұнай-химия өндiрiстерiн игеретінi белгiлi. Мұнай-химиялық қорлары жоқ мемлекеттер басқа жақтан әкелiнген шикiзат пен жартылай өнiмдердің (Германия, Жапония) базасында мұнай-химия өнімдерiнің кең гаммасы өндірістерін дамыту жолы бойынша жүредi.
Қазақстан Республикасы көмірсутек шикiзатының зор қорларына ие бола тұра, оларды өңдеу бойынша жеткілiктi қуаттары жоқ, сондықтан өнеркәсіптің мұнай-химия салалары үшiн өз шикізаттық қорларымен өзін жеткілікті көлемде қамтамасыз ете алатын жағдайда емес.
Дүниежүзiлiк тәжірибе, көмiрсутек шикiзатын өндiру мен тасымалдаудан бастап жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдердiң шығарылуымен оны тереңдетіп және кешенді өңдеуге дейiнгі қызметті жүзеге асыратын, сатылас интеграцияланған құрылымдар жасау тиімді екенін көpceтті.
Интеграция, өндірістерді құрамалау, ағымдарды оңтайландыру, инфрақұрылым объектілерiн қолданудың арқасында оң нәтиже бередi. Мұнай-химиялық қондырғылар шикізатты төмен бағалармен ала алады және масштаб пен арзан шикiзатты құрамалаудың тиімділiгі есебiнен өнiм бәсекеге қабілеттi болады.
Осындай ipі мұнай-химия орталықтары Қытайда және Иранда құрылған. Мысалы, Қытайда Шанхайда және Янцзыда әлемдегі ең ірі мұнай-химия орталығының құрылысы басталып кетті. Мұнай алыптары BP және Sinopec Corp (50% үлесiмен) қытай компаниясы 2005 жылы іске қосу мерзімімен құны 2, 7 млрд. доллар тұратын іpi мұнай-химия кешенінің негізiн салды. Жылына 900, 0 мың тонна этилен шығару жоспарланды.
BASF - YPC Соmраnу Ltd - BASF немiс компаниясы мен қытайлық Petroleum & Сhеm Corp. (50%-де 50% үлеспен) бiрлескен кәсіпорны Янзцы провинциясында интеграцияланған мұнай-химиялық кешенді іске қосуға әзірленуде. Кешеннiң негізінде жылына 600, 0 мың тонна этилен өнімдiлігімен булы крекинг қондырғысы бар, ол тоғыз зауытты жабдықтайтын болады. Жобаға салынатын жалпы инвестиция 2, 65 млрд. долларды құрайды.
Бұдан басқа, Petro Сhinа (2004 жылы) жылына 800, 0 мың тонна қуаттылығымен полиэтилентерефталата шығару жөнiндегi зауытты салып жатыр. BASF политетрагидрофурана шығаруымен айналысатын зауыт құрылысына рұқсат алды. Бұл - толығымен BASF жататын Қытайдағы бiріншi кәсiпорын.
Иранда салынып жатқан тоғыз мұнай-химиялық кәсіпорындар 70-90% даярлық сатысында тұр, 2004 жылы қатарға қосылатын болады. Жалпы өнiмдiлiк жылына 2, 75 млрд. доллар сомасына 6 млн тонна. 2005 жылдан 2013 жылға дейiн Иран мұнай-химия саласына 7, 5 млрд. доллар (олефин, хош иiстi заттар, метанол бойынша 4 зауыт) салынатын болады.
Бағдарламаны icкe асырудың бiрiншi кезеңiнде мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық шикiзат ресурсын жасау мәселесiн шешу қажет. "(2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру" туралы Мемлекеттiк Бағдарламада (бұдан әрi - КТҚС) және салалық "Қазақстан Республикасында газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында" көмiрсутек шикiзатын өңдейтiн, өндiрiстiк қуаттар құру жөнiндегi iс-шаралар көзделген, бұл өнеркәсiптiң мұнай-газ саласы үшiн шикiзат базасын құру үшiн қажет болады.
Бұл бағдарламаларда көмiрсутектер ресурстарын игеру бойынша инфражүйе өнеркәсiптерiнiң аймақтарына жақын маңда бiрнеше мұнай-химия кешендерiн салудың бiрнеше инвестициялық жобаларын iске
асыру көзделген. Шикiзат базасы тiкелей өндiрiске жақын маңда болатындықтан, инфрақұрылымдарға жақын маңда құрылыстар салу, көмiрсутектерi шикiзатын негiзгi көлемiн игеру нұсқасы экономикалық жағынан тиiмдi болғандықтан, ТМД-ның, алыс шетелдердiң қазiргi бар мұнай-химия кешендерiне қарағанда энергия сыйымдылықтарының, шикiзат құнының, көлiктiк шығыстардың өзiндiк құны және соның салдары ретiнде өнiмнiң босату бағасы анағұрлым төмендейтiн болады.
Бұдан басқа, мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық ресурстардың болмауына қарамастан, қазiргi уақытта мұнай-химия кәсiпорындарының жұмысы қайта қалпына келуде. Өндiрiс қуаттарының 20-30%-ке жүктелуi кезiнде кәсiпорын сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығарып отыр. Кәсiпорындардың толық емес өндiрiс қуаттарымен жұмыс iстеуi кезiндегi саладағы жұмыс жасаушылардың саны 5000-ға жуық адамды құрайды.
Осылайша, мұнай- және газхимиялық кешендерiн салу мен iске қосу, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ өңдеу зауыттарын жаңғырту және технологиялық жаңарту:
- Қазақстан Республикасында мұнай мен газ өндiру және тазартудан бастап көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп өңдеу және жоғары қосылған құнмен тауарлық мұнай-химия өнiмдерiн шығару бойынша жұмыс iстейтiн технологиялар мен өндiрiстер құруға дейiнгi қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн сатылас-интеграцияланған кешендер қалыптастыру үшiн негiз жасайды;
- көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөнiндегi құрылымдарды, отандық мұнай-химия саласын дамыту базалары ретiнде құруға кiрiсуге мүмкiндiк бередi, бұл жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдерi рыногының жасалуы туралы айтуға мүмкiндiк бередi;
- Қазақстан экономикасының мұнай мен газға Дүниежүзiлiк бағалардың конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайтады, iшкi рынокты отандық мұнай-химия өнiмдерiмен толықтыруды қамтамасыз етедi

2. 2. Республиканың мұнай-химия саласының шикiзат
көздерiнiң жай-күйiн талдау - Қазақстанда мұнай-газ өңдеу

Қазақстанда үш мұнай өңдейтiн зауыт (МӨЗ) және үш газ өңдейтiн зауыт (ГӨЗ) бар. Барлық мұнай-газ өңдейтiн зауыттар iске қосылған, бiрақ отындық нұсқа бойынша жұмыс iстейдi. Iс жүзiнде барлық МӨЗ және ГӨЗ зауыттары өңдеген барлық өнiм көлемiнiң бiр де бiр тоннасы өнеркәсiптiң мұнай-химия салалары үшiн шығарылмайды, сондықтан кәсiпорын шикiзатты Ресей Федерациясынан импорттайды.
Мұнай өңдейтiн зауыттар: 1 "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ (АМӨЗ) ; 2) "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖАҚ (ПМХЗ) ; 3) "Петро Казахстан Ойл Продакс" ААҚ (ПКОП), өндiрiстiк қуаттардың толық жүктелмеуiнен және шикiзатты терең өңдеудiң төмендiгiнен республиканың мұнай өнiмдерiне деген сұранымын қамтамасыз етпейдi. Өндiрiстiк қуаттар жылына 18, 6 млн. тонна құрайды, бұл ретте МӨЗ-ның орташа жүктемесi (шамамен 40%) жабдықтардың жұмысы мен шикiзаттың терең өңделуiне терiс әсер етедi.
2002 жылы Қазақстанның МӨЗ-да 7802, 0 мың тонна (2001 жылы 102, 5%) мұнай өңделген, соның iшiнде АМӨЗ-да - 2182, 2 мың тонна, ПМХЗ-да - 2040, 7 мың тонна, ПКОП - 3497, 2 мың тонна мұнай өңделдi.
2002 жылы МӨЗ-да мынадай мұнай өнiмдерi өңделдi: автобензин - 1689, 8 мың тонна; авиакеросин - 245, 4 мың тонна; дизель отыны - 2289, 4 мың тонна; мазут - 2427, 1 мың тонна; сұйытылған газ - 941, 7 мың тонна, кокс - 65, 7 мың тонна; битум - 54, 4 мың тонна. Мұнай өңдеу көлемдерiнiң 5 жылға болжамдық бағалануы 3. 1. 1-кестеде көрсетiлген.

1. 1-кесте

Жылдары 2003 2004 2005 2006 2007

Мұнай өңдеу 8500 8900 9580 11400 12000

Соның ішiнде:

"ПМХЗ" ЖАҚ 2420 2540 2760 3200 3500

"ПКОП" ААҚ 3520 3690 3820 4100 4300

"АМПЗ" ААҚ 2560 2670 3000 4100 4200

АМӨЗ 1945 жылы салынған болатын. Зауыттың өндiрiстiк қуаты жылына 5 млн. тонна мұнайды құрайды, құрамында парафинi бар ауыр мұнайды өңдеу тереңдiгi 2002 жылы 63, 96 %, мөлдiр фракцияларды таңдап алу 41, 1 % құрады. AMӨЗ мұнай өңдеушi кәсiпорындармен тұрба құбырлары жүйесi арқылы байланысады, технологиялық және негізгі жабдықтар табиғи және моральдық жағынан тозған. 2003 жылға дейiн АМӨЗ-ты сұйытылған газ, автобензин, дизельдік отын, мазут, авиакеросин, майлар, пештік отын, кокс, уайт-спирит, битум шығарды. Мұнай өнімдерiнің өзіндік құны ресейліктердің осы тақылеттес өнiмiнен жоғары және ПКОП пен ПМХЗ-ың мұнай өңдеу шығындары 2 есе дерлік жоғары.
Қазiргі уақытта АМӨЗ-да, бекiтiлген TЭH бойынша 2005 жылы аяқталатын, жаңғырту мен қайта құру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
ПМХЗ - 1978 жылы пайдалануға берiлген. Зауыттың техникалық жай-күйi мұнай өнiмдерінің мынадай кең ассортиментiн шығаруға мүмкіндік бередi: автобензин, керосин, дизельдік отын, мазут, қазандық отын, битум, сұйытылған газ, күкiрт, кокс, жанама өнiм түрінде - пропан - пропилен фракциясы (зауыттың толық қуатты жұмысы кезiнде), соның iшiнде пропилен, бутан - бутилен фракциясы, соның ішінде изобутилен, н- бутилендер. "Жанама" өнiмдер тұрмыстық отын ретiнде пайдаланылады. Жарық мұнай өнімдерінiң үлесi жақсы деген кездерде өнiмнiң жалпы көлемiнде 36%-ғa жеткен. Зауытты барынша жүктеу кезiнде Қазақстанда мұнай өнiмдерi өндірісінің жалпы көлемiнен бензин мен керосин бойынша оның үлесi 50%, ал дизельдiк отын бойынша - 40% болуы мүмкiн. ПМӨЗ-ның жобалық қуаты жылына 7, 5 млн. тонна мұнай. Соңғы жылдар бойында оны өңдеу көлемдерi жылына 3 млн. тоннадан асқан жоқ. Осы уақыттағы өңдеу тереңдiгі 76% жуықты құрайды.
ПКОП - жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаны құрайды. Өңдеуге мұнай мұнай өңдейтiн кәсiпорындардың оңтүстік тобынан түседі: "Харрикейн Құмкөль Мұнай", "Құмкөл Лукойл", "Қазгермұнай" және т. б. Шикiзат өңдеу тереңдігі шамамен 51%-ын құрастырады. ПКОП (бұрынғы - ШНОС) пайдалануға 1985 жылы енгiзiлген болатын. Қазiргi уақытта ПКОП-ың тауарлық өнiмдер ассортиментiнде әртүрлi маркалы бензин, дизельдiк отын, керосин, сұйытылған газ, мазут бар. Жұмыс iстеп тұрған өндірiстерді жаңғырту есебiнен шығарылатын өнімнің ассортиментi кеңейдi. Бензиннiң АИ-85, АИ-93, АИ-95, РТ авиациялық керосин сияқты негiзгі түрлерi игерiлген, сондай-ақ АИ-92, АИ-96 маркалы бензин шығаруға дайындық үстiнде.
Yш газ өңдеу (ГПЗ) зауыты - Теңiз, Қазақ және Жаңажолда жылына 6, 25 млрд. текше м. жалпы жобалық өңдеу қуаты бар. (3. 1. 2-кесте) .

2. . 2-кесте

_NЖаңғыртылғаннан
р/с ГӨЗ Пайдалануға Жобалық қуаты Өндірілді кейiнгi күтiле-
беру тін қуаты

Табиғи Сұйы- ТабиғиСұйы-ТабиғиСұйы-
газ, млнтылған газ, тылғ. газ, тылғ.
текше мгаз, млн. ан млн. ан
мың. т. текше газ, текше газ,
м. мың. т м. мың. т

1 Қазақ 1973 жыл - 2900 80, 0 1337 50 Өңдеу қуатын
МӨЗ 1-кезек кеңейтусiз
1997 жыл - зауытты техноло.
2-кезек гиялық жаңғырту
көзделген

2 Теңiз 1995-1999 2550 1-желi- 2500 648 5000 1000-
ГӨЗ жылдары кез. де 90, 0 про. дейін пропан,
ең кезеңмен пропан пан. бутан
үш техноло.
гиялық желi.
лер (КТЛ)

3 Жаңа. 1984 жыл-2 800 - 320 - 3400 150
жол -желi 2000

Қазақ газ өңдеу зауыты (әГӨЗ) - Маңғыстау облысында (Жаңа Өзен қаласы) орналасқан. Маңғышлақ кен орындарындағы iлеспе газды кәдеге жарату және Ақтау қаласындағы пластмасса зауытын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн салынды. Бiрiншi кезегi 1973 жылы салынған болатын. Газ өңдеу жөнiндегi қуаты жылына 1, 5 млрд. текше м. және жылына 600 000 тонна сұйық мұнай өнiмдерiн өндiретiн зауыт құрылысы
1979 жылы аяқталды. Зауытты пайдалануға енгiзу осы өңiрдегi iлеспе газды кәдеге жарату деңгейiн 60%-ке жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Жаңажол газ өңдеу зауыты (ЖГӨЗ) - "CNPS - Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның құрамына енедi, жылына 0, 7 млрд. текше м. газды өңдеу қуаты бар. Жаңғыртудан соң зауыттың қуаты жылына 0. 8 млрд. текше м. газ өңдеуге дейiн кеңейтiлдi. 2003 жылдың қыркүйегiнде табиғи газ өңдеу өндiрiстiк қуаты жылына 1. 4 млрд. текше м. екiншi Жаңажол ГӨЗ iске қосылды. 2004 жылы 2005 жылы iске қосылатын үшiншi зауыттың құрылысы жоспарланып отыр.
Теңiз газ өңдеу зауыты (ТГӨЗ) - "Теңiзшевройл" БК әзiрлеп жатқан Атырау облысының Теңiз кен орнында орналасқан. Қайта құрылғаннан және кеңейтiлгеннен кейiн зауыт жылына 6, 0 млрд. текше м. газ бен млн. тонна сұйытылған газ өңдеуге қабiлеттi.
Қолда бар көмiрсутек шикiзатын өндiру және өңдеу жөнiндегi инфрақұрылымды ескере отырып, қазiргi уақытта Қазақстанда iлеспе газдың үлкен көлемдері алауларда жағылады, бұл ретте мұнай-химия саласы үшін арналған бағалы шикiзат қайтарымсыз жоғалады, сондай-ақ Қуенi ластайтын заттардың елеулi мөлшерi тасталады. Мысалы, "Тенгиз" және "Королевское" мұнай кәсiпшiлiктерiнде 2003 жылдың 8 айында 800 млн. текше. газдың, соның iшiнде 6 млн. текше м. күкiрт қосындыларынан алдын ала тазаланусыз тiкелей жағылуға жол берiлген. Алдын ала есептеулер көрсеткендей зиянды заттардың атмосфераға шығарындылары 27 млн. шартты тоннаны құрайды.
Болжамдық бағалау бойынша Қазақстан Республикасында iлеспе газ шығару: 2005 жылы - 30, 0 млрд текше м., 2010 жылы - 61, 1 млрд. текше м., 2015 жылы - 80, 9 млрд. текше м. (жалпы өнiм) құрайды.
Ресейде iлеспе мұнай газы ресурстарын қолдану деңгейi сала бойынша, тұтастай алғанда, 80% құрайды, қалғандары алауларда жағылады. "Сургутнефть" ААҚ-да, "Лукойл - Пермь" ЖАҚ-да, "ЛангесапНГ" ТПП-да осы газды қолдану коэффициентi 95% құрайды.
Өнеркәсiптiң мұнай-химия саласының өндiрiсi техникалық жетiлген салаға жатады, бұл көмiрсутек шикiзатының бiрлiктерiн өңдеу кезiнде мақсатты өнiмдердiң жоғары алынуына қол жеткiзуден көрiнедi. Газды тереңдетiп өңдеу негiзiнде кәдеге жарату газдың артық көлемiн азайтуға және оның құнын едҚуiр арттыруға мүмкiндiк бередi (1-схема) .
Мұнай-химиялық жартылай өнiмдер мен өнiмдерiнiң бiр тоннасына 1, 5 тоннадан 4, 0 тоннаға дейiн шикiзат жұмсалады. Мысалы, Теңiз кен орындарының 1 млн. текше м. iлеспе газынан пиролиз әдiсiмен шамамен 200 тонна этан алуға болады. Этанның көрсетiлген көлемiнен керi сутексiздеу жолымен 130 тонна этилен алуға болады, бұл тиiсiнше 85 тонна және 60 тонна көлемдерде полиэтилен мен полистироль пластиктерiн өндiру үшiн бастапқы шикiзат болып табылады. 1 млн. текше м. газ өндiруден алынатын тауарлық өнiм көлемi шамамен 110 мың долларды құрайды. Газдың осы көлемiн отын ретiнде пайдалану кезiнде жеткiзушi 18-20 мың долларға ие болады. Бұл газды тереңдетiп өңдеудiң экономикалық мақсатқа сай келетiнiн растайды.
Қазақстанда iлеспе газ көп жағдайда алауларда жағылады. Мұнай өңдеу кезiндегi құрғақ газдардың құрамында негiзiнен метан болады және отыннан басқа арзан сутегi мен олефиндердiң көзi ретiнде (этилен, пропилен және т. б. ) пайдаланылуы мүмкiн. Мұнай өңдеу кезiндегi майлы газдардың құрамында оның негiзiнде жай мономерлер алу мен онан арғы әрi синтездеу үшiн бағалы мұнай-химия шикiзаты С 1 - С 2 көмiрсутектерi болады. Бұдан басқа майлы фракциялардың құрамында 7%-ға дейiн олефин болады, бұл онан арғы синтездер үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Бiрiншi кезекте бұл олефиндер бутан бутилен қоспасынан жоғары октанды бензин алуымен алкилдеу үшiн қолданыла алады. Мұнай өңдеу кезiндегi майлы газдар шикiзат ретiнде этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа қосылыстарды алу үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылады.
Бұдан басқа Қазақстанда өнеркәсiп ең қымбат бағалы мұнай өнiмдерi, мысалы, Қазақстанда өндiрiсi жоқ жағар майлар, нақ осыдан алына тұра, ЖЭС-да мазутты отын ретiнде қолдануды жалғастыруда. Мұнайдың осы бөлiгiнен, үкiметтiң басым мiндеттерiнiң бiрі болып жарияланған жол құрылысы үшiн бүгiнде өте қажет битум алу үшiн шикiзат болатын - гудрон алынады.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы мұнай- және газ өңдейтiн қуаттардың жай-күйiнiң талдауынан көрініп тұрғандай, алынатын көмірсутек шикiзаты терең өңдеусіз едҚуiр мөлшерде Қазақстаннан шетелге экспортқа шығарылады, ал табиғи (iшiнара) және iлеспе газдар (толық) Қазақстан экономикасы салаларында мардымсыз қолданылады.
Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласын өндiрілетін көмiрсутек шикiзатының базасында дамыту үшін сценарийдің 3 нұсқасын әзiрлеу қажет:
1. Пессимистiк - көмiрсутек шикізатын терең тазалауды қамтамасыз ету үшiн қазіргі бар мұнай-газ өңдеушi қуаттарды (6 зауытты) сауықтыру мен жаңғырту және жұмыс істеп тұрған мұнай-химия кәсiпорындарының қызметін қамтамасыз ету үшiн табиғи және iлеспе газды iшінара кәдеге жарату.
2. Реалистік - Қазақстанда мұнай және газ өндiрудiң өсiп келе жатқан көлемін ескере отырып қажеттi шикiзаттық peсуpcтap және жұмысы iстеп тұрған және жаңадан құрылған мұнай-химия өндiрiстерiнің жұмысы үшін жағдай жасау мақсатымен көмiрсутек шикізатын, соның iшiнде iлеспе газды көбiрек көлемде тереңдетіп тазарту мен өңдеу үшiн пессимистiк сценарий шараларының iске асырылуымен бiр мезгiлде қосылған өндiрiстік қуаттар жасау. Мұнай-химия кәсiпорындарының барлық кешендерiнің қызметі Қазақстанның iшкі рыногында мұнай-химия өнiмдерiнiң негiзгi импорт алмастыру көлемiн қамтамасыз етедi.
3. Оптимистік - қазiргі жоғары техникалық өндiрiстердiң негізінде құрылымдық қалыптасуы көмiрсутек шикізатының, соның iшiнде ілеспе газдардың қажеттi көлемін өндiру, тазарту және өңдеуден бастап iс-шаралар кешенiн жүзеге асыратын сатылас интеграцияланған өндiрiстер құру. Бұл көмірсутек шикiзатының аяқтау сатысы бойынша өңiрлiк және әлемдік рынокқа қосылған құн тiзбегі бойынша мұнай-химия өнімдерiнiң кең гаммасын шығарумен бәсекеге қабiлетті, экспортқа бағытталған мұнай-химия өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз етедi.
Бiріншi сценарий бойынша мұнай-химия саласын дамыту, қайта құру және жұмыс iстеп тұрған мұнай- және газ өңдейтін зауыттарды технологиялық қайта жарақтауды қамтитын қолда бар құрылымдардың мүмкiншiлiктерiн оңтайландыруға бағытталған. Қосарлай алғанда, республиканың iшкі рыногы қажеттiлiктерiне барабар импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнiмдердi шығару жөніндегi әлемдік ғылым жетiстіктерi мен практика жетістіктерін, озық технологияларды қолданумен мұнай-химия кәсіпорындарының өндірістiк қызметін дамыту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн аяқтау және жүзеге асыру қажет.
Бiрiнші сценарийдiң iс-шаралары республикадағы өсiп келе жатқан көмiрсутек шикізатын шығару көлемдерiне бiрдей әсер етпейдi, тек сыртқы және iшкi рыноктардың мұнай-химия өнiмiне деген қажеттілiгiнiң белгiлi бiр көлемiн ғана жабады және қолда бар өндiрiстiк қуаттарды толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Дамытудың екiншi сценарийi мұнай-химия саласын тұтастай және перспективалы дамыту үшiн белгiлi бiр базаны жаңғыртуды жүзеге асыруға мүмкіндiк бередi.
Екiншi сценарий бойынша жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi сыртқы және iшкi рыноктарының мұнай-химия өнiмiне деген қажеттiлiктерге барабар бәсекеге қабiлеттi мұнай-химия өнiмдерiн импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнiмдер шығару жөнiндегi Дүниежүзiлiк ғылым мен тәжiрибенiң ең жаңа жетiстiктерiн, алдыңғы қатарлы техника мен технологияны пайдаланумен қайта құрылымдау және техникалық қайта жарақтаудан тыс олардың базасында жаңа қосылған қуаттар салу қажет. Осы сценарийдi iске асыру көмiрсутегiнiң өсiп келе жатқан көлемiн iшiнара ғана ескередi, жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнiмдерiнiң экспортына негiз жасайды және iшкi рыноктың проблемаларын толығымен шешедi.
Үшiншi сценарийдi iске асыру инвестициялардың елеулi бөлiгiн игеруге бағытталған. Үшiншi сценаридiң түпкiлiктi мақсаты - республиканың өндiруден, тазартудан және өңдеуден бастап бәсекеге жарамды, экспортқа бағытталған мұнай-химия өнiмдерiн шығаруға дейiнгi көмiрсутегiн өңдеудiң аяқталу сатысы бойынша аймақтық және Дүниежүзiлiк рынокқа жоғары қосылған құнды мұнай-химия өнiмдерiнiң кең гаммасын шығарумен бiрге барлық жұмыстарды жүзеге асыруға қабілеттi сатылас интеграцияланған құрылым түрiндегi мұнай-химия кешенiн құру.
Үшiншi сценарийдiң iс-шаралары көмiрсутектерiнiң өсiп келе жатқан көлемiн шынайы бағалауға және пайдалануға мүмкiндiк бередi, ал мұндай кешеннiң құрылуы мен жұмыс iстеуi көмiрсутектерiне әлемдiк бағаның кез келген ауытқуын барабар сезiнуiн қамтамасыз етедi.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - ЭMPM) және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚМГ" ЖАҚ) екiншi және үшiншi сценарийлер бойынша iс-шараларды iске асыруды жүзеге асырады:
- көмiрсутек шикiзатын өңдеу өндiрiсiн қайта жаңғырту, жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу. 2005 жылдың аяғына қарай АМӨЗ жаңғыртылуы аяқталады, 2003 жылдың қыркүйегiнде ЖГӨЗ екiншi кезегi iске қосылады және аяқталуы 2005 жылға жоспарланған үшiншi кезектiң құрылысы басталды;
- мұнай-химия кәсiпорындарының қызметi жаңғыртылады: 2001 жылдан бастап әртүрлi маркалы стиролдардың өндiрiсi бойынша кәсiпорындардың қызметi қалпына келтiрiлдi, iске қосылған қуаттарға
сәйкес резеңке-техникалық бұйымдардың өндiрiсi өсудiң тұрақты серпiнiне ие. Шина өнiмдерiнiң өндiрiсi (2002 жылдың желтоқсаны) және полипропилен (2002 ж. ) бойынша мұнай кәсiпорындарының сынамалық iске қосулары өткiзiлдi. Полипропилен өндiрiсiн жаңғыртудан кейiн iске қосу 2004 жылға жоспарланып отыр. Мұнай-химия кәсiпорындары қосылған қуаттарды салу бойынша инвестициялық жобалар мен өндiрiстi жаңарту жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленген (толығырақ - 3. 3. бөлiмде) .

3. 3. Қазақстан Республикасындағы полистирол пластиктерi өндiрiсiнiң сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері
Қазақстанның экономикалық аудандары
Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Қазақстанның химия өнеркәсібі
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Германияның химиялық парктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz