Қазақстан Республикасындағы туризм саласы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. …… 3

.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫТуристік бизнестің жалпы сипаттамасы . . . 5Туристік рекреациялық ресурстар . . . 7Туризм инфрақұрылымы . . . 11
  2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм

саласын талдау. 14

2. 2 Қазақстанның шет елдермен туристік

қарым-қатынасы . . . 17

2. 3 Қазақстандағы туризм дамуының

негізгі бағыттары . . . 19

  1. АСТАНА ҚАЛАСЫ - ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕБас қаланың құрылу тарихы. 22

3. 2 Астана қаласының туристік статистика басқармасы…. 25

3. 3 Астана қаласының негізгі туристік обьектілеріне

жалпы сипаттама……… . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ. . 40

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

КІРІСПЕ

"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Курстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттерін талдау. Міндеті - Қазақстан Республикасындағы туризм саласының қазіргі жағдайын, дамытуға арналған үкімет шараларын және мәселелері мен болашағын көрсету. Өзектілігі - туризмді дамытуды тежейтін факторларды шешу жорлдарын қарастыру.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2, 5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары) бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризмді дамытудың мақсаты Астана қаласының тартымды туристік бет-бейнесін, елорданың бәсекеге қабілетті туристік-рекреациялық саласын қалыптастыру болып табылады. 2000 жылдан 2005 жылдар кезеңінде Астана қаласына келу туризмінің көрсеткіштері 14, 1-ден 31, 9 мың адамға дейін, шығу туризмі - 6, 9-дан 31, 8 мың адамға дейін, ішкі туризм - 71, 2-ден 187, 7 мың адамға өсті. Туристік фирмалардың саны 2000 - 2005 жылдар бойы - 7-ден 54-ке дейін ұлғайды. Сонымен бірге басқа өңірлерден туристік фирмалардың 9 филиалы мен өкілдігі жұмыс істейді. Ұсынылған жұмыстар мен туристік қызметтердің көлемі 2000 жылы 1, 9 млрд. теңгеден 2005 жылы 4, 5 млрд. теңгеге ұлғайды. 2005 жылы туристік ұйымдардың қызметінен алынған кірістер 1, 7 млрд. теңгені құрады. «Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы кезеңінде қонақүйлер саны 28-ден 63-ке дейін ұлғайды. Олардың 80%-дан астамын қосымша демалыс орындары мен сервис және тамақтандыру объектілері (мейрамханалар, дәмханалар) қамтиды. Астананың қонақүй кешенінің бір мезгілде 2, 5 мың адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Астана қаласында бос уақыт өткізетін, демалатын және туристер баратын объектілердің желісі кеңеюде.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫ

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  1. Туристік бизнестің жалпы сипаты

Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру Министрлік Қазақстанның әлемдік туристік нарықтағы тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған бағдарлама әзірледі.

Бағдарлама халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрмелер, жәрмеңкелер өткізуді, CNN, BBC және EuroNews сияқты әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтер көрсетуді, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізуді және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды көздейді. Мемлекеттің имиджін арттыруда Қазақстанды 2007 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) Атқарушылық Кеңесіне шығару және 2009 жылы ДТҰ-ның кезекті Бас Ассамблеясын Астана қаласында өткізу маңызды рөл атқарады.

Өткен жылдардағы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:

- Сырттан келушілер туризмі 8%-ға өсіп, 4 млн. 706 мың адамды құрады;

- Ішкі туризм 7 %-ға өсіп, 3 млн. 495 мың адамды құрады;

- Шығу туризмі 23%-ға өсіп, 3 млн. 687 мың адамды құрады.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында (553), Қарағанды облысында (56), Астана қаласында (48) және Шығыс Қазақстан облысында (42) орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86 пайызына қызмет көрсетті.

Ірі кәсіпорындар санының үлесі артқанымен де, олардың қызмет көрсеткен туристер саны азайып келеді.

Ірі фирмалардың есептік жылдағы негізгі атқарған қызметі- алыс және таяу шетелдерге шығу визасын дайындау болды.

Қазақстан Республикасының туристік фирмалар мен агенттіктер қызметінен түскен табысы 2000 жылы 1340, 3 млн. теңгені және 277000 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі мен салыстырғанда сәйкесінше 1, 4 және 2, 9 есеге аз.

Қазақстандағы туристік фирмалардың өндірілге өнім көлемі 2006 жылы 5330, 4 млн теңгеі құрады. Ал, түске табыс көлемі 7097, 5 млн теңге, шығы 5327, 3 млн теңге. 2004 жылмен салыстыратын болсақ табыс көзі екі еседей артқан [Кесте 1] .

Туристік фирмалар қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 2004 ж - 17533 млн. теңге; 2005 ж - 22418 млн. теңге; 2006 ж - 27649 млн. теңге.

Туристік фирмалардағы қызметкерлер саны 2004 ж- 3 мың; 2005 ж -3, 1 мың; 2006 ж - 3, 3 мың.

Кесте 1. -Туристік фирмалардың өндірістік - қаржы қызметі ( млн. теңге) [3] .

:
2004 ж: 2004 ж
2005 ж: 2005 ж
2006 ж: 2006 ж
: Өндірілген өнім көлемі
2004 ж: 3204
2005 ж: 5028
2006 ж: 5330, 4
: Өнімді өткізуден түскен табыс
2004 ж: 4427, 8
2005 ж: 6307, 9
2006 ж: 7097, 5
: Шығыстар:
2004 ж: 4159, 1
2005 ж: 5999, 9
2006 ж: 5327, 3
: Салықтар мен басқа да төлемдер
2004 ж: 170, 4
2005 ж: 656, 4
2006 ж: 823, 6

Қазіргі таңда жақсы қарқынмен жұмыс істейтін туристік фирмалар сипаты:

“Гулнар тур” - 1997 ж ашылған. Бірінші күндері фирма шоп-туризммен айналысты. Ал, қазіргі таңда Турция, Кипр, Египет, БАЭ, Таиланд, Малайзия мемлекеттеріне чартерлік рейстті ұйымдастырады. Компания арқылы тез арада қонақ үйлердегі нөмерлерді, билеттерді брондауға болады.

“Дафне тур” - 29. 03. 2004 ж ашылды, 206 ж IATA және KITF көрмелеріне қосылды. Танымдық, тарихи, білім бері, көңіл көтері, экскурсиялық және т. б. мақсаттағы турларды ұйымдастырады. Сонымен қатар, “NUKA TRAVEL” туристік фирмасы “COMPLETE SERVICE” халықаралық туристік компаниясы, “Робинзон” туристік агентствосы, “SILK ROAD KAZAKHSTAN +” туристік агентствосы, “Саят” туристік фирмасы

“SKY EAGLE” жалпы туристік серіктестік фирмасы және т. б. жұмыс істейді.

Қазақстандағы туризмнің дамуының ұйымдылығы:

  1. Географиялық жағынан оңтайлы орналасқан (Азияның негізгі

рыноктарына басқалардан гөрі жақындығы)

  1. Жерінің кеңдігі және ландшафтардың алуан түрлігі
  2. Мәдени - тарихи мұраға байлығы, оған Ұлы Жібек жолын да қосу керек
  3. дәстүрлердің біршама сақталғандығы
  4. Жарқын қонақжайлылық
  5. Ас - ауқаттық түрлігі
  6. Базалық инфрақұрылым
  7. Еңбек ресурстарының салыстырмалы түрде арзандығы.

Орындалуға тиіс міндеттер:

  1. Туризмнің басымдығын мойындау
  2. Ведомство оралық үйлестіру
  3. Қауіпсіздікті тоқтату
  4. Инфрақұрылым мен транспорттың байланыстарын дамыту
  5. Қағазбастылықты азайту
  6. Имидж бен маркетинг
  7. Әлемдік рынокқа қажетті өнімдер мен қызметтер
  8. Жаңа технология, оның ішінде интернетте
  9. Бәсекелемтерден үйрену керек.

1. 2 Туристік рекреациялық ресурстар

Оңтүстік Қазақстан облысы

Көлсай көлдері - Алматы облысы, Райымбек ауданы, Күнгей алатауында жатыр. Құрметі және саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзен суынан пайда болған үш көл. Жоғары Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м, орта Көлсай (Қайыңды) 2600м, Төменгі Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларынан үлкен. Табиғаты әсем тау шатқалында орналасқан. Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың т. б. тау ағаштары өоршап жатыр.

«Әнші құм» - Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан тауларының етегінда жатыр. Құмды төбе. Биіктігі 150 м, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын жел үнемі бағытын өзгертіп тұратындықтан құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналды. Құм суынып, жел әсерінен қозғалысқа келген кезде одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады. Қатты жел кезінде ұшақ дыбысын естуге болады. Алтын емел ұлттық саябағының құрамында

Тамшыбұлақ - Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал аулында орналасқан. Шипалы су көзі. Бұлақ туралы алғашқы деректерді Ш. Уәлиханов 1859-65 жылдары жазған. Бұлақ суы көне заманнан бері көз, асқазан, сүйек, сүйек, буын, жүйке және т. б. ауруларға ем. Жылдың төрт мезгілінде бұлақ көзінен су тамшылап тұрады.

Айша Бибі кесенесі - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тараз қалсында жатыр. Қарахан ханның жары Айша бибіге арналып салынған кесене. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7, 6-7, 6 м, бұрыштары баған тіреу арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас орналасқан. Батыс қабырғасы оюлы ұсақ плиткалармен қапталған, қаьырға ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Ұсақ плиткалардың шырмауық өрнегіне алпыс түрлі әшекей қолданылған.

Арыстан Баб кесенесі - Һижра бойынша 1327 жылы, XX ғасыр басында реконструкцияланды. Қожа Ахмет Яссауидің он екі ғасырда өмір сүрген діндар ұстазы Арыстан Бабаға арналып Әмір Темір салдырған мазары. Дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты бөлмелерден тұрады. Ауданы 35*12 м, биіктігі 12 м. Бұрын Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Дәліз қақпа маңдайшасында мәрмәр тақта қаланып, бетіне соғ, ы құрылыс жүрген уақыт жазылған. Мемлекет қоғауындағы мемлекет.

Алтынемел ұлттық табиғи саябағы - Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. 1996 жыл ауданы 460 мыңга. Арxеологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбаларға, суреттерге бай. Ш. Уәлиханов мемориалдық мұражайы бар. Өсімдіктің 1800, құстардың 15түрі бар. Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Үлкен және Кіші Қалқан, Ақтау таулары, «Әншә құм» бар.

Ақсу Жабағылы қорығы - 1926 жылы ОҚО мен Жамбыл облысы шекарасында ашылды. Ауданы 3072 га. Өсімдіктің 520 түрі, сүтқоректінің 42 түрі, құстардығ 238түрі, баурымен жорғалаушылардың 9 түрі кездеседі. 1952 Жылы бірнеше марал түрін шығарды. ЮНЕСКО қорғауындағы қорық.

Шығыс Қазақстан экономикалық аудан

Рахман қайнары- Қатонқарағай ауданында, Оңтүстік Алтай, Арасан көлі жағасында орналасқан. Шипалы жылы су көзі. Теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Су граниттегі терең тектоникалық жарықтан шығады. Температурасы 35-42. 1925-36 жылдары курорт болған, 1960 жылы қайта ашылды. Бұлақ көмір қышқылын, родон молдығында. Суы тұщы, минералды 200мг/л, құрамында гидрокарбонаттар, натрий, кальций т. б. элементтер бар. Суы асқазан, ревматизм, гинеколог, жүйке жүйесі, тыныс жолдары және т. б. әртүрлі улану мен жараларға емдейді.

Батыс Алтай қорығы - 1992 ж Батыс Алтай тау жотасында ашылды. Б. Алтайдың таулы орманды, альпі, субальпілік шалғындардың табиғат байлықтарын қорғау мақсатында құрылған. Ауданы 56 мың га. Ақ Оба, Қара Оба, Үлкен Тұрғысын өзендері ағып өтеді. Өсімдіктің 288 түрі бар, оның ішінде алын тамыр, марал тамыр сынды дәрілік шөптер бар. Балықтан таймен өсіріледі. Құстың 127 түрі, сүтқоректілердің 52 түрі бар. Жануарлары Қызыл Кітапқа енгізілген.

Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы - 21/04/1998 ШҚО мен Алматы облысы шекарасында ашылды. Ауданы 20700 га. Екі аймақтан тұрады: Тентек өзені және Алакөл.

Балтабек қажы кесенесі - XX ғасыр басы. Таскескен аулынан оңтүстік батыста 33 км қашықтықта Ай өзенінің оң жағалауында Балтабек қажы елге белгілі бай адам болған. Кеңес Үкіметі органдарымен 1920 жылы атылған. Кесене шикі кірпіштен салынған. Диаметрі 9, 30 м, биіктігі 16, 1 м, бір бөлмелі, күмбезі алты қатар ағаш таяқшалармен өрілген.

Алтайдың «алтын адамы» - Б. з. б. 5-4 ғасыр. Сақ дәуірінің ескерткіші 1997 жылы Алтай өңірінің Локоть ауданының территориясынан Ресей ҒА қызметкері П. Шульга тапты деген дерек бар. Есіктен табылған алтын адамға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. Алтын әшекей бұйымдар саны 1800 астам, салмағы 1 кг.

Батыс Қазақстан экономикалық аудан

Жем - Сағыз ескерткіші - Ерғали кесенесі 1874 ж БҚО алты бұрышты, ай күмбезі конус тәріздес. Кіре берісі оңтүстікке бағытталған, Арқа пішімінде салынған. Айқын геометриялық формалары, дәо түзелер.

Бейсенбай қорымы - 19 ғ аяғы Маңғыстау обл, форт-Шевченко қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазақстан қалпына келтіру және жобалау мекемесінің экспедициясы зерттеген. Ірі құрылыстар мен шағын белгітастардан тұрады. Бұрыштары биіктеліп қаланған, ақ түсті өрнектермен безендірілген.

Бекет - Ата ескерткіштері - 19 ғ Маңғыстау облысы Маңғыстау, Жем, Үстірт бойларындағы Бекет ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Эверсман және Дюгамель ғалымдар мәліметтерді жинаған. Бұндай ескерткіштер 4 жерде салынған.

Алып ана қорымы - 19 ғ 2 жарт Ақтөбе және Атырау шекарасы Бұл жәерде алып батыр әйел жерленген. Сәулет өнер ескерткіші. Сәулет күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және әртүлі қалыптағы құлпытастар кездеседі. Онда әйелдің бұйымдары мен киімдері бейнелеген.

Үстірт қорығы - 1984 ж 12 маусым Батыс қ-да, Маңғыстау обл, Ералиев ауданы Мемлекеттік қорық. Абсолюттік биіктігі 50-300м. Ескерткіштер саны көп, өсімдіктің 600 түрі бар. Гепарт, бауырмен жорғалаушы, құстар және т. б. қызыл кітапқа енгізілген. Кирасанов мемлекеттік қорықша Жайық өзенінің аңғарында. Мемлекеттік қорықша, ағаштары- ақ терек, емен. 160- сүтқоректілер, 60-құс, 5- қосмекенділер, 6- бауырмен жорғалаушылар.

Қонақүйлер - “Виктория” отелі - Ақтау қаласында орналасқан. Жағажайға жақын орналасқан. 5 қабатты үй, 17 орыны бар. Бағасы 60-100 дол құрайды. Жыл бойы жұмыс істейді. 1-3 орындық бөлмелерден тұрады. Теледидар, телефон, балкон және т. б. бар. “Рахат “ қонақ үйі Ақтау қаласында “манила” деп аталатын жағажай маңына жақын орналасқан. “Скорпион” деген спорттық кешені бар. 3 қабатты ғимарат. 30-орны бар, 3-ші қабатында мейрамхана орналасқан. Жыл бойы жұмыс істейді. Бағасы 40-80 дол. “Марко-Поло” қонақ үйі Орал қаласы. 4 жұлдызды қ/ү. Бағасы 90-160 дол. Қала орталығында орналасқан. Континентальдық тамақтандыру қызметі жүргізіледі. “Ақ-Жайық” қонақ үйі Атырау қаласы. 3-жұлдызды. Бағасы 30-80 евроға дейін. Қала орталығында орналасқан. Казино, сауна, бильярд орындары бар. “Альбион” қонақ үйі Ақтөбе қаласы. Қала оралығынан 5 км, аэропорттан 7 км алыс жатыр. Спорттық алаң, казино, фитнес, сауна мейрамхана және т. б. бар. Бағасы 180-270 евро. Жыл бойы жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан

Наурызым мемлекеттік қорығы - Қостанай облысы Көлемі 88 мың га. Ақсуат, Шошқалы, Сарымойын т. б. көлдері бар. Көлдері аса терең емес, жағалауларында қуалап қамыс өскен. Суы ащы, кейде тұщы соған байланысты жануарлар мен өсімдіктер түрлері кейде көп, кейде аз болады. Өсімдіктің 700 түрі бар. Жануарлары, қасқыр, түлкі, қарсақ; құстары дуадақ, бозторғай. Өзен мен көлде аққу, үйрек, қарашақаз қаптап жүреді. Наурызым арнайы жасалған табиғи музей деседе болады.

Қорғалжын қорығы - 1958 ж Ақмола облысы. Қорықты дала зонасы ландшафты табиғи күйінде сақтаған. Көлемі 237 мың га. Ақмола, Қарағанды облыстарының аумағына кіреді. Қорықта ағаш жоқ. Теңіз көлінде қоқиқаз мекендейді. Суы тұщы, жағалауында қалын қамыс өскен. Қорықтың қорында өсімдіктін 240 түрі бар. Қорықты су құстары өте көп. Аққу, қара ала қаз, сара ала қаз, қоңыр үйрек. Құстардың 12 түрі “Қызыл кітабқа” енгізілген. ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген қорық.

Баянауыл ұлттық табиғи саябағы - 1985 ж Павлодар обл Баянауыл ауданында Тұңғыш ұлттық саябағы. Аумағы 50 мың га. 1994 ж “Қызылтау” зоологиялық қорықшасы қосылды. Тау етегінде көптеген бұлақтар мен су көздері бар. 20-дан астам археологиялық ескерткіштер, қорғандар, тастағы жазулар мен бейнелер, үңгірлер бар. Өсімдіктің 400 түрі “қарағай, қайың, қандыағаш) ; сүтқоректілердің 40-тан астамы (арқар, қасқыр, түлкі, елік т. б. )

“Түркістан” қонақ үйі - Астана қаласы қонақ үй категориясы 3 жұлдызды. Әр түрлі категориядағы номерлер түрі бар: стандартты бөлме, стандартты люкс, екі бөлмелі люкс, люкс. Бір күндік нөмір бағасы 80-160 дол. Қонақ үй құрамында мейрамхана, кафе-бар, спорттық кешен, сауна, көңіл көтеру орталығы және т. б. бар. Әр бөлмеде міндетті түрде, теледидар, телефон, душ, минихолодильник және т. б.

Астана-Бәйтерек - 2003 ж Астана қаласы. Архитекторы Т. Рүстембеков. Монумент мұнарасы - ағаштың үстінде Қыран құс ұясының ішінде болашақ ұрпақ бейнесін береді. Ол қазақ елінің тәуелсіздігін бейнелейді.

Орталық Қазақстан экономикалық аудан

Сарыарқа - Көп бөлігі орталық қазақстан облысына кіреді. Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстікке Балқаш көліне дейінгі аралықты алып жатыр. Теңіз деңгейінен биіктіг 250-400 м. Солтүстіктен оңтүстікке батысында 900 км, шығысында 400 м. Жер бедері алуан түрлі. “Қазақстанның ұсақ шоқысы” деп атайды(Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау) . Үлкен-кішілі көптеген үңгірлер бар. Климаты қатаң континентті. Өсімдіктері-бетеге, селеу, қайын ағашы. Жануарлары- бөкен, сарышұнақ, қасқыр, түлкі, бқғы, елік.

Бектауата үңгірі - Бектауата тауының оңт-батысында Жалпы ұзындығы 45 -48 м. Үңгірдің ауызы тау етегінен 80-100 м биіктікте орналасқан. Кірер беріс жерінің ұзындығы 3 м, ені 1, 5 м. Суы мөлдір, өте салқын, түбі лай. Ауруы бар адамдар, бала көтермейтін әйелдер емделуге осында келіп, түнеген. Қазіргі таңда туристер үшін қызықты аймақ болып саналады.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - “Қарқаралы” деп аталу себебі, қыздың бас киімі қарқары болған. Ең биік шыңы “Комсомол”-1400м. Бұл жер өзінің тамаша табиғатымен, өсімдіктер түрлілігімен, жануарлар әлемімен туристерді қызықтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАЛДАНУЫ
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz