Қазақстан Республикасындағы лизинг



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.Лизингтің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Лизингтің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2 Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Қазақстан экономикасында лизингтің алатын орны ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің келешегі ... ... ... ...22

3. ЛИЗИНГТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
1. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралың Заңы. //Егемен Қазақстан 12/VІІ-2000
2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестицияхң от 28 декабря 1994 года (с изменениями)
3. Программа развития лизинга в РК на 2006-2007 годы
4. Абраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы //Аль-Пари 2006 г. № 4-5
5. Айманова Л., Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы //Аль-Пари 2006 г. № 4
6. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору //Развитие лизинговых отношений //Риск 1999 г. № 2-3
7. Лизинг: Эффективные возможности инвестирования и реструктуризации производства //Бизнес 2006 г. № 3-4
8. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ //1998 г. № 13
9. Менсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса //Финансы 2005 г. № 13
10. Сайденов А. «Операция лизингң //газета «Казахстанская правдаң № 209-210 от 28.09.2006 г. Стр. 6
11. Национальное статистическое агенство РК http://WWW.kazstat.asdc.kz
12. Национальный банк РК http://WWW.natіonalbank.kz
13. Тлеужанов Е., Киреева К. Лизинг – форма инвестиционного финансирования //Аль-Пари 2005 г. №4
14. Газман В. Д. «Лизинг: теория, практика, коментарииң 1997 г.
15. Смагулов А. Лизинг. Учебное пособие. Алматы: Балауса, 1996. 176 с.
16. Сагадиев К.А., Смагулов А.С., Мырзахметов А.И. Лизинг в Казахстане: теория и практика. Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 202 с.
17. Калдияров Д. Лизинг – как эффективный метод кредитования малых предприятий. - А.: Каржы-каражат, 1999. №12.
18. Смагулов А.С. Лизинги и рейтинг. Практикум: Учебное пособие / Под общей редакцией академика К.А. Сагадиева). Алматы: Агроунивеситет, 2000. -169 с.
19. Смагулов А.С. Лизинговый договор. Серия в помощь фермеру и предпринимателю // Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 29 с.
20. Ошакбаев Р. Как приобрести технику в лизинг? – Алматы: Агроинформ, 2002. №1. –с.3.
21. Кабдуллина Ж. Актуальные вопросы финансового лизинга // Предприниматель и право, 2003. №10.
22. Лизинг: экономические, правовые и организационные основы. Учеб. пособие для Вузов / Под ред. проф. А.М. Тавасиева, проф. Н.М. Коршунова. 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-Дана, 2004. – 320 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5
1.1.Лизингтің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Лизингтің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6

2 Тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН
КЕЛЕШЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
2.1 Лизингтік бизнестер және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
2. Қазақстан экономикасында лизингтің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің
келешегі ... ... ... ...22

3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта
ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен
өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі
меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін
дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай
әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең
алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы
мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын
жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға
мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта
бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да
өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг
шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары
кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі
экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың
базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді
тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің,
инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық
ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов,
Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой,
С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян
еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде
лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер
туралы көзқарастар біркелкі емес.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә.
Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде
инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды
өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және
тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда
болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін
талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға
біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен
қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау
бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып тақырыптың өзектілігін
дәлелдейді.
Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу
және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін,
жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде
курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
- лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
- әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін
көрсету;
- Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.
Осы курстық жұмысында лизингтің пайда болуы, табиғаты және
түрлеріне; Қазақстанның лизинг арқылы инвестициялар тарту тәжірибесіне;
республикамыздағы лизингтің нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы
және кедергі келтіруші факторларға талдау жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Лизингтің пайда болуы
1.1.Лизингтің экономикалық мәні

Лизинг сөзі to leaseң ағылшын етістігінен аударғанда жалға беруң
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екі
жақ қатысса, яғни жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте үш
қатысушы: яғни лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-
жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын өндіріске, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдаланкға беруін
қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығы келісім-шартта
келісілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавильонда жасалғаны белгілі болғанымен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компаниң деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін айта кетеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп.ң атты алғашқы
лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962
жылы Дойче лизинг ГМбХң деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфа
(Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып
келеді.
Лизинг операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті
қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз
ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция
болып табылады.
Лизингілік мәміленің мәні. Әлемдік іс-тәжірибеде лизингң термині
ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі
мәмлелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісім-шартты бекітілген
мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бөліп көрсетіледі:
1. Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) – 1 күннен 1 жылға дейін;
2. Орта мерзімді жалдау (хайринг) – 1 жылдан 3 жылға дейін;
3. Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – 3 жылдан 20 жылға дейін және одан
да ұзақ уақытқа.
Өзінің заңды формасында лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтарды
ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.
Лизингілік операцияны дәл анықтаудың іс-тәжірибеде маңызы жоғары,
өйткені оны ресімдеудің заңмен белгіленген ережесі сақталмайтын болса, ол
лизингілік мәміле ретінде танылмайды. Бұл операция қатысушылары үшін
бірқатар жағымсыз қаржылық салдарды тудырады.

1.2. Лизингтің түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-
өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Лизинг түрлері және лизингтік операцияларды жіктеу шетелдік және
отандық теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие. Лизинг түрлері оның
белгілеріне қарай бөлініп көрсетіледі. Жіктелуіне қарай:
1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша;
2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша;
3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша;
4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша;
5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша;
6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес;
7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша;
8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша.

1. Жалға берілетін мүлікке қатынасы бойынша лизинг
келесідей түрлерге бөлінеді:
-Таза, яғни мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған
шығындардың барлығын лизинг алушы өзіне алады;
-Толық, мұнда мүлікке қызмет көрсетуге жұмсалған
шығындардың барлығын лизинг беруші өзіне алады;
-Бөлшектеп (чистичный), мұнда мүлікке қызмет көрсетуге
жұмсалған шығындардың бір бөлігі ғана лизинг берушіге тиеді.

2. Лизингтік операцияларды қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей түрге
бөлінеді:
-Жедел, яғни мұнда мүлікті жалға бір-ақ рет беру орын
алады;
-Қайта бастау, яғни мұнда лизингтік келісім-шарттың бірінші
мерзімі аяқталған соң келесі кезеңге ұзартылатын жағдай орын алады. Ол үшін
белгілі-бір уақыттан соң лизинг объектілері лизинг алушының талабы бойынша
жаңа түрлерге өзгереді. Құрал-жабдықтарды өзгерткге жұмсалған барлық
шығындарды лизинг алушы өз мойнына алады. Қайта бастау лизингі бойынша
лизинг объектілерінің саны және оларды пайдалану мерзімдері екі жақпен
алдын-ала келісілмейді.
3. Лизингтік келісім-шартқа қатысушылардың құрамы бойынша лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Тікелей лизинг, мұнда мүліктің меншік иесі (жеткізуші)
лизингке объектіні дербес береді (екі жақты келісім-шарт). Негізінен бұл
келісім-шартқа лизингтік компания қатыспайтындықтан классикалық лизингтік
келісім-шарт деп атауға болмайды;
-Жанама лизинг, яғни мұнда мүлік делдал арқылы беріледі.
Бұл жағдайда келісім-шартқа жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы
қатысатындықтан классикалық лизингтік операция деп атауға болады
-Бөлінген лизинг, бұл лизинг күрделі, ірі масштабтағы
обьектілерді қаржыландыру тәсілі ретінде болады. Мұндай лизинг
жабдықтаушылардың, лизинг берушілердің және банктерден несиелік
қаражаттарды тартатын, сонымен қатар лизингтік мүшелерді сақтандыратын
бірнеше компаниялардың қатысуымен топтық немесе акционерлік деп аталынады.
Бұл лизинг түріне көп арналық қаржыландырулар қатысатындықтан күрделі болып
саналынады.
4. Лизингке берілген мүліктің түрі бойынша лизинг келесідей түрлерге
бөлінеді:
-Жылжымалы лизинг (құрал-жабдық, техника, автомобильдер,
самолеттер және тағы басқа);
-Жылжымайтын лизинг (ғимараттар, сооружения).
5. Лизингтік мүліктің өтелу деңгейі бойынша лизинг келесідей түрлерге
бөлінеді:
-Толық өтелетін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет
ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толық
төленеді;
-Толық өтелмейтін лизинг, мұнда бір келісім-шарттың әрекет
ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

6. Лизингтік мүліктің өтелу көрсеткіштеріне сәйкес лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Қаржылық лизинг (капиталдық, тікелей) – бұл өзінің әрекет
ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының толық құнын немесе оның
бір бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді
қарастыратын келісім;
-Оперативті лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне
қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық
өтемеуін сипаттайды.

7. Лизингтік операция өтетін рынок секторы бойынша лизинг келесідей
түрлерге бөлінеді:
-Ішкі лизинг – бұл келісім-шарттың барлық қатысушыларының
бір елден келуімен байланысты сипатталады;
-Сыртқы лизинг (Халықаралық лизинг) – бұл бір тарап немесе
барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг өз
кезегінде экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте
шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып
танылады.
8. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг
келесідей түрлерге бөлінеді:
-Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі ағымдарға, жеделдетілген
амортизация және тағы басқаларға салық салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;
-Жеңілдіктерді пайдаланусыз.
Лизинг операцияларының техникасы 1, 2 суреттерде әр түрлі сызба
түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай
операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші
лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен
құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2) құрал-жабдық үшін төлем;
3) құрал-жабдықты жеткізу;
4) лизингтік төлемдер.
1) Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып,
несие беріледі;
2) Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға
төлейді;
3) Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
4) Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады;
5) Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6) Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер
жүргізеді;
7) Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей
формуламен есептеледі:

ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

Мұндағы,
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге
комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызмет үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін
қосылған құнға салынатын салық.

Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:

БҚ * На
АА ( үүүү
100
Мұндағы,
БҚ – мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы (%);

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

НР * НС
НТ ( үүүүү
100

Мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:

Қб - Қа
НР ( үүүүү
2

Мұндағы,
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

НР * Кс
КТ ( үүүүү
100
Мұндағы,
Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.

Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

ҚТ ( Ші + Шқ + Шж + Шб

Мұндағы,
Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.

Лизингтік операцияның негізгі элементтері:
- келісім-шарт объектісі;
- келісім-шарт субъектісі;
- лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
- Лизингтік төлемдер;
- Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.

Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық
құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.
Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар
тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама
қатысушыларға бөлеміз.
Лизингтің келісім-шарттың тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
- лизинг формасы және компаниясы (лизинг беруші немесе
жалға беруші);
- өндірістік (өнеркәсіптік), сауда, көлік кәсіпорындары мен
халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);
Лизингтік келісім-шарттың жанама қатысушыларына мыналар жатады:
- келісім-шарттың кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг
берушілерді несиелейтін және инвестициялық банктер;
- сақтандыру компаниялары;
- брокерлік және өзге де делдалдық фирмалар.

Лизингтік келісім-шарттың мерзімі. Лизингтік келісім-шарттың әрекет
ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады.

Лизингтік төлемдер. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке
лизинг берушінің тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысын) сомасын
анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді лизингтің төлемінің
сомасы тауар нарығының конъюктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді лизингте
лизингілік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан
негізделген есеп айырысу жатады.

Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер. Лизинг әр түрлі қызмет
көрсетулермен сипатталынады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады.

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым
несиелдерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизингтің көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ
кәсіпорындарды несиелеуге болады. Ол бұлай: лизингтік келісім-шарт жасалған
мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да,
лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды
(нақтырақ айтқанда, несиелік тәекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды
жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни
кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа
құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда
табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг
бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке
салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы
салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан
(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген
құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын
ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін
комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі
операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг
беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы
арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан
өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың
белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының
сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен
лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.)
сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған
көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға
тиіс:
1. Объектісі.
2. Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншікті құқы.
5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
6. Құрал-жабдықты пайдалану.
7. Күту, жөндеу және жаңарту.
8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
9. Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісімшартты бұзу шарты.
14. Құрал-жабдықты қайтару.
15. Салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді
және т. б.)
20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
21. Тараптардың қолдары.
22. Тараптардың орналасқан жері.
23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).
24. Қалдық құнын кепілдеу.
25. Банктердің кепілдемесі.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады.
Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және Қазконтрактң
корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар
және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық
және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтік халықаралық формалар – экспорттық, импорттық және басқа да
шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы
шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар,
айталық: Қаржы лизингі туралың ҚР заңының (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді
лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме
беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді беру арқылы әр түрлі
кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және
сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге
асыруға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де,
оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

2.1 Лизингтік бизнестер және оның ерекшеліктері

Лизингтік бизнестердің ерекшелігі – құрал- жабдықтарды жалға алу және
мерзім ұзартылып сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны
пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала
белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі (көп жағдайда лизинг мерзімі
аяқталысымен) болып табылады.
Қазіргі кезде, Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі
оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды
төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты.
Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де,
жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының
жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса
тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет
атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды.
Лизингтік бизнес – қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат
шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді.
Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының
моралдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды. Кәсіпкер өзіне
қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім
қабылдауы мүмкін: біріншіден,егер құрылғыларды лизингке алу банктік несие
есебінен сатып алуға қарағнда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден,
кәсіпкердің банктен несие алу үшін сенімді несие тарихы болмаса.Осы жерде
лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған
сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуелділіктерге
бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай
лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8
жыл мерзіміне жалға береді.Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып
біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік бизнес стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай
жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар,
лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік
компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне
әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағынын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың қандай
айырмашылықтары бар?
Біріншіден, мәміле нысаны лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-
жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды.
Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-
20жыл) аз және салықтық амортизация мерзіміне (3-7жыл) жақын.
Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент
жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарту немесе қалдық құнымен сатып ала
алады.
Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме, не лизингтік
компания болып табылады.
Жылдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге
асырылады. Жыл төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер
жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары жіне құрал-жабдықтың сипаты мен
келісім шартмерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтік бизнестің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше
шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік
көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта
мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түседі. Ұзақ мерзімде ел экономикасын
мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай
экспортынан түскен табыстың көлемі 6млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор
қалыптастырады.
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан
қорғаудың тағы бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл
жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың тозғанын және алдағы бірнеше жылда
оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы
жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы-
экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін
біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар
бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен
жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі
дамуына көмектеседі,лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы
болып табылатандықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты
қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып негізгі құралдардың жаңартылуын
тездететеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік
туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық
қызметтер нарығын кеғейтеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының
жоғарлауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуге банктік несиеге балама
болып табылады. Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел
инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және
әлемдік нарықта қарыз беруші рейтінгін төмендетпейді, өйткені халықаралық
валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің
сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген
дамыған елдерде сонымен бірге, дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау
табуда.
Шетелдік саясат пен отандық тәжірибе негізгі өндірістік құралдарды
қалыптастыруда лизингтік әдістің жоғары тиімділігін көрсетеді.Дегенмен,
дамыған елдерде экономистердің есептеуінше лизинг есебінен осы
операциялардың даму деңгейіне байланысты негізгі құрал-жабдықтар
инвестициясына қажетті қаржылардың 6-20 пайызы жылдық қажеттіліктерді
қанағаттандырады.
Лизинг бойынша лизингтік компания немесе коммерциялық банк қазіргі
заманға сай жабдықтар, машиналар мен механизмдерді жалға береді. Ал олар
мүлікті пайлалануына қарай берешегін біртіндеп төлейді.
Лизингтік операциялар кәсіпорын қожалықтарының да банктің де
коммерциялық мүдделеріне сай екі жақ үшін де тиімді болып табылады. Шаруа
қожалығы келісім шарт жасаса отырып өзін бір мезгілде бірден ірі қаржылық
шығын жұмсаудан босата алады. Жалға алушы банктің лизингтік қызметін
пайдалана отырып жаңа техника алумен бірге ақпараттық, экономикалық,
конъюнктуралық,болжамдық қызметтерін де пайдалана алады. Сонымен бірге банк
шаруа қожалықтарына нарықтық бағалаумен бірге өнім өндіру, оны өндіруді
ұйымдастыру мен өткізу процестерінде басқа да қосымша қызметтер көрсетеді.
Шаруа қожалықтарына банктің ұзақ мерзімді несиесіне қарағанда лизингтің
артықшылығы мына жағдайлардан көрінеді. Біріншіден, жалға алған мүлікті
пайдаланудан түскен пайда сомасынан есептелетін лизингтік төлем және оған
аренда ақысы болғандықтан салық салынбайды. Екіншіден, жалға алушыға жалға
алу ақысын төлеу мерзімін таңдауда жеңілдіктер қаралған.
Лизингілік бизнеске қатысушылардың өз-ара іс қыймылдары және
қатынастарының нақты мазмұны олардың жеке мүдделеріне байланысты.
Лизинг берушінің мүддесі:
• лизингілік маржа және тәуекелділікке байланысты сыйақы түріндегі таза
табыс алу;
• лизинг алушының төлемдік қабілетсіздігіне байланысты тәуекелділікті
төмендету;
• лизингі операциясының қорғалу жағдайын көтеру;
• өзінің бәсекелестік қабілеттілігін көтеру;
• қызмет көрсету салаларын ұлғайту;
• несие қаржысының деңгейін көтеру;
• сырттан тартылатын ресурстық базаны кеңейту;
• банк арқылы өтетін қосымша ақша ағымдарынжинақтау.
Лизинг алушының мүддесі:
• лизинг саласына жаңа мүлік объектілерін келтіру;
• өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды, мүліктерді және қазіргі заман
технологияларын бөліктеп төлеу арқылы алып және оларды тездетіп
пайдалану;
• лизинг бойынша берілетін салық жеңілдіктеріне байланысты қаражат
жыйынтықтарын үнемдеу;
• лизингтік төлемдер механизмінің икемділігін қамтамасыз ету;
• өндірісті техникалық жарақтандыру үшін керек бастапқы капиталдың
қажеттілігін төмендету;
• пайдадан алынатын салықты және салық шығындарын төмендету;
• әкімшілік шығындарын азайту;
• негізгі құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозу қаупін лизинг
берушіге аудару;
• еңбек өнімділігін арттыру;
• өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту;
• лизинг шартын жасау тәртібін ықшамдау;
• ақша ағымдарын жоспарлауды оңтайландыру;
• ағымдағы капитал айналымын қысқарту және өндірісті кеңейтуге арналған
капитал айналымын молайту;
• экономикалық еркіндікті кеңейту.
Жеткізушінің мүддесі:
• өнімді пайдаланушылардың қатарын кеңейту және осыған сәйкес табысты
молайту;
• шығарылған өнімнің кемшіліктерін жедел табу;
• шығарылатын өнім үлгілерін тездетіп ауыстыру және оның бәсекеге
қабілеттігін арттыру;
• төлем-төлемеу қаупін дер кезінде шешу;
• лизинг алушылармен көп жылдық қарым-қатынаста болу.
Инвестордың мүддесі: несие және лизинг затының мақсатқа сай
пайдалануын қатаң қадағалауда ұстап отырып пайыздық табыс табу;
Кепіл берушінің мүддесі:
• кепіл бергені үшін сыйақы алу;
• кепілдікке байланысты тәуекелдікті азайту.
Делдал мүддесі: агенттік функцияны жасағаны үшін сыйақы алу;
Сақтандырушының мүддесі: сақтандыру тәуекелдігін неғұрлым азайту
нәтижесінде сақтандыру сыйақысын алу.
Лизинг операциясына қатысушылардығ жалпы мүддесі:
• өздерінің бәсекеге жарамдылық дәрежелерін жоғарылату;
• бизнес және капиталды пайдалану пайдалану салаларын ұлғайту;
• лизингтік бизнесте кездесетін қауып-қатерлерді неғұрлым азайту.

Сурет 1- Лизингілік операцияға қатысушылардың өз-ара іс қимылы

С ы з б а н ұ с қ а н ы ң о п е р а ц и я л ы қ м а з м ұ н ы
1. Лизинг мүлкін жеткізуге өтініш.
2. Өтініш жасаушыға берілген кепілдік шарты.
3. Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.
4. Лизинг берушінің инвесторға беретін кепілі.
5. Лизинг затын жеткізу туралы лизинг берушімен келісім шарттың
коммерциялық дайындауын жасауды делдалға тапсырған шарт.
6. Лизинг берушінің несиелендіру (қаржыландыру) шарты.
7. Мүлікті сақтандыру шарты және лизинг берушінің лизинг алушыға деген
азаматтық жауапкершілігі.
8. Жеткізуші және лизинг беруші арасындағы лизинг заты бойынша сатып алу-
сату шарты.
9. Жеткізуші, лизинг алушы және лизинг беруші қол қойған мүлікті
пайдалануға алу-тапсыру Акті.
10. Лизинг затына пайдалану кезеңінде көрсететін сервистік
қызмет жөніндегі шарт.
Сонымен лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы
ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал болып
табылады.
Әрине, лизингтік келісімнің өзіне тән кемшіліктері де бар. Жоғарыда
айтылғандай, лизинг беруші үшін мүліктердің моральдық жағынан тез тозу және
лизингтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар. Ал, лизинг алушы
үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы мүмкін.
Бірақ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі
лизингтік бизнестің тез қарқынмен өсуіне әкеледі. Міне осындай жағдайлар
лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.

2.2 Қазақстан экономикасында лизингтің алатын орны

Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму
жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты
назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның
жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан,
коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып
әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық
теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді
қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі
сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция
мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің
төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-
жабдықтардың табиғи және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Лизинг операцияларының техникасы
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны туралы
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
Пәндер