Маркетингтік басқару


Маркетингтің ұйымдық құрылымы.
Маркетинг кез келген өндіріс немесе тауар өткізу процестерін тікелей ұйымдастырмайды. Соған қарамастан өндіріс, тауар өткізу проблемаларының оңды шешімін табуға айтарлықтай көмектеседі. Маркетингке ден қойған кәсіпорындар оған жұмсалатын қаражаттың келешекте қайтарымы болатынын ескере отырып, оның ұйымдық құрылымы мен нақты функцияларын айқындайды.
Ондай кәсіпорындардың әкімшілік-басқару құрамдарының қатарына маркентингтік қызмет бөлімі немесе маркетингтік басқарма да енеді. Олар, әдетте, өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай: функционалдық және тауарлық деп, екіге бөлінеді. Маркетингтің тауарлық принципі бойынша (ағаш, металл, мұнай өнімдері бойынша басқару) құрылып, тауар көлеміне қарай кейде мұндай бөлімдер өз кезеңінде бірнеше функционалдық секторларға бөлінуі мүмкін.
Фирманың тауар өткізуіне қолайлы болуй үшін маркетингтік қызмет аймақтар және тауар тұтынушылардың кейбір ірі топтары бойынша да ұйымдастырылады.
Фирма шаруашылығының өндіретін өнімдерінің немесе көрсететін қызметтерінің нарық сегменттерінің өзгешеліктеріне қарай, маркетингтік қызмет құрылымдарының қосылып түрлері араласып және қосылып кетуі мүмкін. Нарықты сенгменттеу, сұранысты қалыптастыру, бәсекеге төзімділікті нығайту мақсатымен өндірілетін тауарлардың сапасын арттыру, бағасын төмендету, тауар қозғалысын ұйымдастыру және оны өткізуге байланысты шараларды үйлестіру, жарнама, насихаттау, хабарландыру т. б. көптеген инновациялық, коммуникациялық шараларды жүргізу нәтижесінде- тауарға сұранысты қамтамасыз етіп, жоғары пайда алуға қол жеткізу үшін маркетинг ұызметінің бөлімдері бірін-бірі толықтырып отырады. Маркетингтік қызметінің тауар түрлері бойынша ұйымдастырылуы кең таралған. Бұл фирмаларының тауарлық-салалық принципте жұмыс атқаратынына байланысты. Сонда ғана фирмалардың әрбір жеке немесе біртекті тауар топтары бойынша нарық талаптарына бейімделуіне мүмкіндік туып, маркетинг қызметтерін де үйлесімді ұйымдастыруға жол ашады.
Кәсіпорындағы маркетинг бөлімдерінің қызметтері бойынша ұйымдастырылуы олардың белгілі бір немесе біренеше функцияларды атқарылуына байланысты. Әдетте, ондай жағдайлар санаулы ғана тауар ассортиментімен ұлттық нарықта, оның сегменттерінде жұмыс істейтін шағын фирмаларда кездеседі. Жаңа тауар саясатын жасау және оны нарыққа ендірудің қиындығы көп. Сондықтан кішігірім фирмаларда инновациялық шараларды жүзеге асыру баяу жүреді.
Маркетинг жұмыстарының аймақтық принципте ұйымдастырылуы фирма тауарларын белгілі бір аймақтардағы нарықтарда өткізуге бейімдейді. Аймақтық құрылым кешенді және әр түрлі нарық саясатын жүргізуге қолайлы. Нақты нарықтардың ақырғы тұтынушыларының талаптары мен тауар өндіру процестерінің тәуелділігін қамтамасыз етеді. Аймақтағы әр түрлі сегменттердегі тұтынушылардың біркелкі талаптарын біртекті тауарлармен қамтамасыз ету қарастырылады.
Маркетинг құрамындағы аймақтарда тұтынушылардың белгілі бір топтарына қарай ұйымдастырылған құрылымдар ерекше орын алады. Мұнда фирманың барлық шаруашылық қызметін тауардың ақырғы тұтынушыардың ынтасына қарай ұйымдастыруға және соның негізінде олардың әрбір тобына арналған кешенді нарық саясатын өндірістің барлық процесінде жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Тауар өндіруші немесе оны сатушы фирмалардың өз кезіндегі нақты қалыптасқан жағдайларына байланысты маркетингті қолданудың немесе маркетинг өзінің мол мүмкіндіктерін жүзеге асырудың басқа да әдістерін немесе жаңа ұйымдық құрылымдарды ұсынуы мүмкін. Соған қарай, маркетингтік саясатта өзгеретін болады.
Тауар өндірісі үнемі жаңарып, жетілдіріп отыратыны белгілі. Сондықтан оған қатысты қызмет көрсету түрлері де ақыт талабына сай бейімделеді. Олар, атап айтқанда, мына ыңғайда ұйымдастырылуы тиіс:
- икемді, жинақты және тәжірибелі болуға күш салады;
- құрамының қарапйымдылығы;
- тауар сату көлемі мен өнімдерінің ассортименттік ерекшеліктеріне және олардың тиімділік деңгейіне сәйкес келуі;
- тауар өткізу нарығының санымен көлеміне есептеліп атқарылуы;
- кәсіпорындардың жоғары басқару деңгейіне маркетингті арнайы бөлімдерде шоғырландырудың қажеттігі.
Маркетинг фирмаға қызмет ететіндіктен, оның іс-әрекеті фирма шұғылданатын шаруаға тікелей қатысты. Міне, дәл осы тәрізді талаптар ассортименттік ерекшеліктер мен нарық санына және көлеміне қарай маркетингтік құрылымға және жұмыс бағытының бейімделу жағына қойылады. Ал кәсіпорын басқару орталығы деңгейіне көтеру - атқарылатын жұмыс көлемі мен өндірілетін тауардың нарықтық маңыздылығына қарай шешілуі мүмкін.
Маркетингтік басқару
Маркетингті басқару жалпы басқару жійесінің нарықтық қатынаста өндіріс тауар ткізу және тұтыну процестері мен ғылыми - техникалық іс-қимылды жүзеге асыру жөніндегі арнаулы концепция бағыты ретінде қарастырылады.
Коммерциялық әрекеттер тек тауар өткізу жағын ғана көздеп, сатушының мұқтажына бейімделгендіктен, қалай да тауарды ақшаңа айналдыруға жұмылдырылады. Ал маркетинг болса, бұған керісінше, тұтынушылар мұқтажын қанағаттандыруға қамқорлық жасауға баса көңіл аударып, оған тауар жеткізу, т. б. шаралар арқылы қызмет көрсетуге икемді келеді.
Коммерциялық тұрғыдан басқару мәселесінде: өндіріс пен тауарды жетілдіру, коммерциялық әрекеттерді жеделдетуге, маркетинг және әлеуметтңк -этикалық маркетингке назар аударылады.
Тауар өндіруді жетілдіру концепциясы түтынушылардың кеңінене тараған және бағасы үйлесімді тауарға деген ынта -ықыласын ескере отырып, өндірісті технологиялық, ал тауарды сапа жағынан жетілдіруге түсуге барынша күш салады. Жетілдіру шаралары ең алдымен, нарық коньюктурасына қарай атқарылвп, тауар сұранысы ұсыныстан үстем келген жағдайда тауар өндіру көбейту шаралары іздестіріледі. Ал тауардың өзіндік құны аса жоғары болса оны төмендету жағын ойластыратын болады.
Қазіргі өндіріс технологиясының үздіксіз ілгерілеуі гәтижесінде тауардың сұраныстьан артық өндірілуі де байқалуда. Бұл әрине тауар өткізу проблемасын күрделендіре түседі. Осылайша тұтынушы үшін бәсекелестік күрестің өрши түсуі және тауар насихаты мен жарнама құралдарының жиі пайдаланылуы, дер кезінде сатылмай қалған тауарды сақтау, капитал айналымы бәсеңдеуі себепті банк несиесіне үстеме төлеудің көбеюі - тауар бағасының көтерілуіне әкеліп соқтырады. Бұған қоса, өндіріс процестерінде шикізат пен отын энергетиканы пайдалану жыл сайын қымбаттап келеді. Міне, осының бәрі сұраныстың төлеу қабілетіне кері әсерін тигізіп, маркетингтің басқару міндетін күрделендіре түседі. Сол үшін бұл жағдайда тауар өткізуді коммерциялық тұрғыдан ынталандыру сияқты әдіс тәсілдер іздестіріледі.
Маркетингті басқарудың жаңа бағыты мына- әлеуметтік -этикалық маркетинг.
Оның іс әрекетімен ұйымдастыру жағы, шын мәнінде тұтынушылармен жарқын келешек үшін қызмет етуіне тікелей байланысты.
Қазіргі ғылыми-техникалық, жоғары технологиялық жетістіктер табиғи байлықты игеру мен оны пайдалану процестерін жеделдете түсуде. Ал табиғи байлық қоры азайып барады. Оның үстіне, өндіріс салалары ортаның бүлінуіне себеп болуда. Қорыта айтқанда, адам қажеттілігі мен мұқтажының, яғни тұтыну денгейінің жоғарылауы оны келешекте шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін. Міне, осыы қарама-қайшылық маркетингтік зерттеудің қосымша тақырыптарының бірі.
Маркетингті басқару мәселелерінің шешімін табу ең бастан мына үлгідегі бірқатар процестерді жүзеге асыруды ұсынады:
- нарықтың мүмкіндіктерін талдау
- мақсатқа сай нарықты таңдап алу
- маркетинг кешенін жасау
- маркетингтік шараларды өмірге енгізу.
Нарық ммүмкіндіктерін үнемі қадағалап отыру тауар өндіруші фирмалардың күнделікті жұмысына айналуы керек. Өндіріліп және стаылып жүрген үйреншікті тауардың нарық сұранысында көпке дейін бірқалыпты тұруына тым сенім артып, әрекетсіз қалу күтпеген жағдайға соқтыруы мүмкін. Өмір ағымына қарай тауар сұранысының да өзгеріп тұруы, ескі тауар кетіп, оның орнына жаңа түрлерінің пайда болуы заңды.
Тауар өткізуідің бәсекелік жағдайында кәсіпорындардың жаңа идея және жаңа тауар үлгілерін ойлап табуға ұмтылуы, басқа нарық іздестіруі өндірістің бәсекеге төзімділігін арттырады.
Фирмалар үйреншікті нарықта тұрақтау, онда тауар сатуды көбейту мақсатымен тауарды кеңінен жарнамалауға, оның сырт көрінісін тартымды етуге тырыса отырып, бағасын төмендетуге дейін барады. Фирма нарықтан кетпеуді көздеген жағдайда, жаңа тауар өндіру үшін өзінің бұрынғы кәсіби бағдарын өзгертуі де мүмкін. Ал жаңа нарық қажет еткен жағдайда фирма тұтынушыларды демографиялық. Географиялық тұрғыдан айқындай отырып, ұжымды, қоғамды және әр түрлі ұйымдардағы нарықтарды зерттеуге кіріседі де, кезінде сол нарықтардың фирмаға бәсекелестік үстемдікті қамтамасыз ету мүмкіндетерін анықтайды.
Мақсатқа сай келетіннарықтарды таңдау - көптеген идеялардың ішінен фирма мақсатына және оның қаржы мүмкіндіктеріне аса қолайлысын ғана тандап алу деген сөз. Ол мынадай төрт кезеңнен тұрады: сұраныс мөлшерін болжау, нарықты сегменттеу, нарықтың мүддеге сай сегменттерін таңдап алу және тауарды нарықта көрсете білу.
Фирма нарыққа енудің алғашқы сатысында қазіргі және келешек жағдайын дәл бағалай білуі керек. Фирма нарықтың қазіргі көлемін білу үшін барлық сатылатын тауарлардың түр-түрін айқындайды.
Қандай да бір тауар түрі болсын, ол - тұтынушы қажет ететін қасиет пен сапаға ие болуы керек. Міне, тап сол қасиеттерді қажет сінетін, яғни, оны басқамен ауыстыруды қаламайтын тұтынушысын дер кезінде іздестіріп, таба білу маркетингтің нағыз сәтті атқарған қызметі және тауар құндылығын көрсете алғандық деуге болады.
Тауардың тұтынушылық қасиеті оның пайдаланылатын бағыттарын белгілейді. Сол бағыттардың ең тиімдісін тандап алып, сонымен қатар, мұқтаждықты қанағаттандыру жағынан тұтынушы қауымның ойнын шығу- маркетингті басқарудың негізін қалайды.
Маркетингті басқару тұжырымдамасынынң маңызды бір міндеті маркетингтік кешенді ұйымдастыру және оның элементтерінің өзара байланыстарын нығайту. Тауар сұранысының өсуіне ықпалын тигізе алатын барлық факторлар маркетингтік кешенді құрайды. Олар фирмалар тарапынан көзделген нарықтан күтілген нәтиже алу мақсатында іске қосылатын болады. Фирма тауардың қажетті құндылығын арттырудың жалғасы ретінде маркетинг кешенін бірітіндеп қалыптастыру арқылы жоспарлау жұмысына кіріседі.
Басқару тұжырымдамасының соңғы нысанасы енді маркетингтік шараларды жүзеге асыру. Бұл, дәлірек айтқанда, алдағы процестердің қорытындысы маркетинг тұрңысынан пайдалана отырып, сатылы басқару жүйесінің қосалқы қызметтерін іске қосу деген сөз. Міне, соған сәйкес маркетингтің қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүйелері қатыстыру атқарылып, олардың әрқайсысының маркетингті басқарудағы орны айқындалады.
Фирма өз жұмысын бетімен жібермеу және келешегін байыптап отыру мақсатымен стратегиялық және маркетингтік жоспарлау жүйелерін қолданады. Ал маркетингтік қызметі ұйымдастыруға қатысты оның: функционалдық, географиялық, тауарлық- бәсекелік және тауарлық-нарықтық принциптері қарастырылатын болады. Маркетингтік бақылау - жылдық жоспардың орындалуы мен пайдалылық дәрежесін және стратегиялық нұсқауды бақылаудан тұрады.
Басқару ауқымдылығы атқарылатын істерді өзара байланысты процестер ретінде кешенді түрде жүзеге асырып, біртұтас үйлесімде көздеген мақсатқа қол жеткізумен айқындалады.
Басқарудың жалпы тәсілдері.
Басқару мүдде бірлігі негізінде басқарылатын белгілі бір объект, кешен немесе жүйені көздеген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылуын, даму, жетіілу жолын ұстанатын шешуші бағыт ретінде қарастырылады. Егер басқару жүйесі болмаса, жаналық атаулының адам игілігіне айналуы неғайбыл.
Басқару әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қоғамның бағытына қарай: саяси-әкімшілік басқару және экономикалық басқаруға бөлінеді. Өйткені, басқарудың мақсаты мен әдіс-тәсілдері және межелері нақты қоғам құрылысының экономикалық және саяси негізін сипаттайды.
Социализм өндіріс құралдарына жалпы мемлекеттік меншік негізінде біртұтас жоспарлау мен монополдық саяси-әкімшілік басқаруды орнықтырып, экономиканы құлдыратып, ақырында ауыр дағдарысқа душар етті.
Экономикалық басқару, жалпы даму барысына мемлекет тарапынан белсенді әсер етуге сүйене отырып, жаратылыстың табиғи сұрыптау заңы адамның ақыл- ой қабілетімен үйлесім табуын басшылыққа алады және сол арқылы экономиканың түйінде мәселелеріне күш салады, қоғамдық жетілу тағдырын орнықты да ұтымды жолға салуды көздейді. Бұл тұрғыдан озық экономикалық елдердің бай тәжірибесін пайдаланып, ішкі мүмкіндіктердің көзін тауып, оларды тиісті жүйеге салып, қоғам мүддесіне оынды жұмсай білу қажет.
Қандай да бір мемлекет, қоғамдық орта болсын, ол тек біртұтас жүйе ретінді ғана өмір сүре алады. Сондықтан келешегінен үміт күтетін қоғам материалдық ынталылық жағынан бір жүйе, бір мақсат төңірегінде тығыз байланысқан біртұтас тұлға болуы тиіс.
Экономикалық реттеудегі қиынға соғатын жайттың бірі: қазіргі қалыптасқан сауда- тауар өндірушінің саудасы, яғни тұтынушыны өз ырқына бағындыру саудасы екендігі. Оның түпкі себептері тым әріде, сауда жүйесі мүмкіндігінен тысқары жататындықтан, бұл жағдайды сауда процесі жеке-дара өзгерте алмайды. Бұл мәселені шешу тек ұсынысты сұраныс дәрежесіне жеткізуге байланысты болады.
Материалдық өндіріс- басқарылатын жүйеге жатқанымен, оның нәтижесі- тауар саудасы нарықтық қатынаста басқаруға келмейді. Бұған керісінше, экономикалық басқару өз әрекетінде сол тауар саудасының бағытын басшылыққа алып отыруы керек. Өйткені шынайы ерікті қатынаста басқарылатын сауда-сауда болмайды, күштеген сұраныс - сұранысқа жатпайды, жоспарлы баға- баға болып есептелмейді.
Материалдық өндірісті экономикалық заңдылыққа бейімдеу бүкіл қоғамның шаруашылық проблемаларды шешудің кілті деу артық айтқандық емес. Мұның себебі жоғарыда айтылғандай, экономика әлемінің барлық ауыртпалығы материалдық өндірістің міндетіне жатады.
Экономикалық басқару қарым-қатынастағы ұйымдық компоненттерді жеке объект, яғни кәсіпорын немесе бүтін бір жүйе шеңберінде қарастыруы мүмкін. Ал жүйе дегеніміз- кәсіби бағдары мен өндірістік технологиясы немесе атқаратын қызметтері біртекті сәйкес құрамдар болып табылады.
Басқару жүйесі: басқарылатын объект және басқаратын субъектіге бөлінеді. Сонымен бірге қарастырылатын әрекеттердің бағытына қарай, олар бір-бірімен орын алмастырып тұруы да мүмкін.
Э номикалық басқару меншік иесіне ерекше функция болып есептеледі.
Нарық механизмін колдануыдың нақты ерекшеліктерінің бірі - мемлекеттің жалпы меншікті іріктеп жекешелендіре отырып, өз билігінде қалған түйінді экономикалық басқарудың орталығына айналуы.
Экономикалық басқару басқарылатын объектілерді өзіне тән қасиеттері және оларға қатысты факторлардың ішкі және сыртқы байланыстары бойьшша біріктіріп, бір жүйеге келтіріп, қойылған мақсатқа бағыттап, жұмылдырып отырады.
Экономиқалық басқарудың бірінші кезекте мән беретіні - басқарылатын жуйенік көптеген элементтерден құралған біртұтас объект ретінде қаралуы. Әр түрлі объект өзін құрайтын элементтердің бір-бірімен өзара байланыста ретке келтірілуін қалайды. Ал мұндай объектіні басқару үшін оның элементтерін жай ғана ретке келтірумен ғана шектелмей, олардың белгілі бір тәртіппен орналастырылуы және бұл көздеген мақсаттың нәтижесі болуы көзделеді. Тек сонда ғана ол объектіге айналыи, өз жұмысын ұйымдастыру алатын болады.
Осылайша ішкі ұйымдық қарым - қатынас объект үшін қажеттілікке айналып, оны басқару - субъект ісінің қажеттігі туындайды.
Субъектінің негізгі міндеті - ұйымдастырылған объектіге әсер ету. Ол үшін объект, өз кезегінде күтілген нәтижеге жету жолында жүзеге асырылатын әрекеттердің әсеріне тиісті дайындықта болуы керек.
Объект экономикалық бөлшек ретінде ішкі ұйымдастырылуға қоса, өзінің тіршілігіне байланысты сыртқы қарым - қатынасқа да мұқтаж болады. Сондықтан субъект міндеті (функциясына) басқа да қажетті қызмет орталарымен байланыс орнату жатқызылады.
Сонымен, ықпалды қоғамдастық байланыстар көлемінің, кеңеюі нәтижесінде субъектінің әрекеті белгілі бір объект шеңберінен шығып, іріленген концерн, корпорация немесе аймақтық кейде, тіпті, мемлекеттік дәрежеде жүзеге асырылуы мүмкін.
Баскару жұмысына қатысты түбірлі өзгерісті нарықтық. экономикалық қатынастын жекеменшік жүйелері енгізеді, ал кейбірінің мақсаты өмірдегі қажеттіліқ арқылы реттеліп отырылады.
Ал маркетинг тұжырымдамасында нарықтың қатынастағы экономикалық басқаруды жеке объект шеңберінде жүргізудің ұтымдылығы көрсетіліп, сұраныс пен ұсынысты зерттеу және қалыптастыру әрдайым тауардың нарықтың конъюнктурасын талдай отырып қарастырылады.
Маркетинг қызметі, бір жағынан, тұтынушылар мұқтаждарын және сұраныстың даму тендендияларын айқындаса, екінші жағынан, өндірісті жоспарлау мен дайындауға белсене қатысу арқылы тұтынушылардың талаптарына сәйкес тауар өндіруді басқаруды өз міндетіне алады.
Нарықтық сауда - өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы экономикалық қатынастар. Мысалы, өндіріс өнімді сату үшін шығарады, ал өнім қоғамның белгілі бір тұтыну мұқтажын қанағаттандырады да, содан барып, тауардың салалық нарықтық саудасы дүниеге келеді Ол өз кезегінде, аймақтық сауда орындарына да белінуі мүмкін. Салалық нарықтық саудада сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп тұратын, өзара байланысты белгілі бір процестер орын алады.
Тауарлардың салалық нарықтық саудасында мынандай екі жағдай болуы мүмкін. Біргіншісі - сатушылардың нарықтықсаудасы, яғни ұсыныстың сұраныстан басым түсуі; екіншісі оған керісінше, - сатып алушының ңарықтық саудасы, яғни сұраныстың ұсыныстан асып түсуі. Тұтынушылық - тіршілік иесінің басты мүддесі екені рас онысыз алға басу түгілі, өмір сүру екіталай. Тұтыну заманына сай өзгереді, дамиды, ал қанағаттандырылған сұраныс өскелен талаптар аркылы қайтадан пайда болып, бұл зандылық осылайша жалғаса береді
Модельдеуге қосымша әдістің бірі - желлік әдіс . Онық құрамы қандай мақсатқа арналғандығына және қарастырылатын объектінің ерекшелігіне байланысты болады. Оны қолдануда модель жасайтын әр түрлі процес бір-бірімен өзара байланыстырылып, хабар-мағлұматтар жинау мен жасалатын модельдерге неғурлым айқын талаптар қойылады. Мысалы, модельдерге қайылатын талаптарда қолда бар материалдық игіліктерді ең қолайлы және барынша ұтымды тәсілмен бөлуге көңіл аударуға мүмкіндік болады. Сонымен бірге онда математикалық тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік мол, бірақ олардың абстрақтылық жағы басым, экономикалық маныздылығы жеткіліксіз математикалық шектіліктен арыла алмайтыны рас. Соған байланысты олардың мағлұмат-деректері тереқ және жан-жақты талқылауды қажет етеді Сол үшін құрылған модельдердің математикалық ұғымнан экономикалық ынғайда сипатталғаны тәуір.
Басқаруда шаруашылық құрылымындағы әрбір жеке элементке мән беріп, қойылған мақсатқа жұмылдыруда, былайша айтқанда, басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге әсер етуінде бұдан басқа бірқатар әдіс-тәсілдер де қолданылуы мүмкін.
Солардыңбірі - жуйелік әдіс. Бұл әдісті қолдану басқарудың ғылыми дәрежесін байқататын аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оны қолдануда басқарылатын объект - біртұтас жүйе, ал онық құрамына енетін элементтердің жиынтығы - біртұтас кешен ретінде қарастырылады. Оның атқаратын қызметтері мен алдына қойылатын мақсаттарын бөлу арқылы элементтердің өзара байланыстары айқындалады.
Жүйелік әдіс басқарылатын объектінің барлық құрамдас бөліктерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Олардың өзара қайшылықтарын және қарама-қарсылықтарын жоюға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісте басқарылатын объектінің даму жолындағы негізгі міндеттерді дұрыс анықтау мен алдын ала болжауға және көздеген мақсаттарға жетудің әр түрлі жолдарын іздестіруге жағдай жасалатын болады. Мұндай әдісте әртүрлі шаруашылық қызметтіқ ұтымдылығы онық көздеген мақсатына бөлінген материалдарды барынша орынды пайдалану жағдайында дәл белгіленген мерзімде қол жеткізуімен сипатталады
Материалдық өндірісті басқару жұмысын жетілдіріу принциптерін жузеге асыру мақсатында және өндіріс-шаруашылық концерндерді ұйымдастыру, одан әрмен қарай дамыту мәселелерін шешуде кешенді жүйелік әдіс қолданылады.
Тұжырымдау процесі ретінде түсіндіріледі. Мұнда басқару жүйесін құру немесе жетілдіру: ең алдымен белгілі бір оз кезегімен орындалатын процестердіқ, атқарылатын қызметтерліқ, әрскет түрлерінің және операциялардық жиынтығын талдауға негізделеді.
Атқарылатын міндеттерге кешенді көзқарас алдын ала берілген жүйелік максатқа негізделген қорытынды функционалдық модель құруға және оны жетілдіру стратегиясын белгілеуге мүмкіндік береді.
Басқарудық функционалдық моделі оның әр түрлі дәрежедегі және бір дәреже шеңберіндегі құрамдас бөліктері арасында функциаларды және кейбір іс түрлерін айқын бөлуге нақты жағдай туғызады. Патшылық кешенді басқару жүйесі бес топқа біріктіріледі. Олар: 1 басқарушылардың, дайындаушылардың атқарушылардық, басылаушылардық және кызмет көрсетушілердіқ аткдратын функциялары. Осы аталып өткен функциялық топтар - топтама (блок) деп аталады.
Баскарушы блоктың, міндеттері: ең. алдымен шешім қабылдау - мен сол шешімдерді орындау жолындағы жұмыстарды кешен шеқберінде ұйымдастыру және оларды қорытып, бакылау жүргізу арқалы кешендік сыртқы қарым-қатынасын ұйымдастыруға байланысты болады.
Дайындаушы топтаманың. міндеттері мына төмендегі шаруашылық кешенніқ стратегиялық дамуын: басқару ісіне қажет хабар-мәліметтерді жинау және өндеу; өнімдердіқ сапасын, еқбек өнімділігін, материалдарды пайдалануды, нарыктық коньюнктураны және сонын, негізінде өндірістіқ номенклатурасы мен құрамын жоспарлауды, өндірісті шоғырландыру және мамандандыру, өнімдерді стандарттау және оларды біркелкі қалыптастыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz