Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты туралы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


1 ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Инфляция және оған әсер етушi факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк.экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Ұлттық экономикадағы инфляциялық көріністер және инфляция деңгейі, оған қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқынын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4 2007.2010 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты және инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..25


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция сондай-ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады, сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда болу көздерін, оның пайда болуындағы сан алуан себептерді, оның шаруашылыққа тигізер салдарларын және инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолдануын анықтауды қажет етеді.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келедi. Сондықтан инфляцияға қарсы саясатты тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының негізі болып табылады. Инфляцияға қарсы саясат өз кезегінде ақша-несие саясатының аясында іске асады. Ал ақша-несие саясатын жүргізетін елімізде Ұлттық банк болып табылады. Осы аталған инфляцияға қарсы саясат инфляцияны таргеттеу деп аталады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат” деп алынды. Бұл тақырыптың өзектiлiгi инфляцияның экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, ұлттық экономикада инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы тигізер салдарын, оның пайда болу себептерін қарастырып, елiмiздiң экономикасының тұрақты және отандық өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны реттеу саясаттарын қарастыру болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму жоспарымызға орай келесiдей мiндетер қарастырылады:
1) Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып көрсету;
2) Инфляцияның елдiң әлеуметтiк-экономикалық салаларға тигiзер әсерлерiн, одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу шараларын;
3) Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын қарастыру;
4) 2005-2008 жылдардағы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер салдарларын қарастыру мен талдау;
5) Бүгiнде елiмiз экономикасының қаржы саласы және мемлекеттiк деңгейде инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын, олардың iшiнде ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты тиiмдiлерiн ұсыну;
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б.Мақыш / Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-шi басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
5. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
6. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
7. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
8. Д.А.Федотов “Причины инфляции и пути борьбы с ней” // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1, - 2004 г.
9. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2006 г. 2-4 стр.
10. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
11. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2008 г. 2-7 стр.
12. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2007 г. 56-61 стр.
13. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
14. Вестник Национального банка РК , 2009 ж. №1,2.
15. «Текущее состояние банковского сектора на 1 июля 2008 года» // Банки Казахстана, №8, 2008 г.
16. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г.- 446 с.
17. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2008г. №7. 89стр
18. Национальный Банк Республики Казахстан Пресс-релиз №33 от 7 сентября 2008 года.
19. «Перспективы перехода Казахстана на инфляционное таргетирование» // Сембиева Л.М., Банки Казахстана, №9, 2008 г.
20. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
21. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
22. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
23. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
24. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Инфляция және оған әсер етушi факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..5
2. Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк-
экономикалық салдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ
САЯСАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық
процесс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 12
2. Ұлттық экономикадағы инфляциялық көріністер және инфляция деңгейі,
оған қарсы саясат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...17
2.3 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқынын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .21
2.4 2007-2010 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты және инфляцияны
таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КIРIСПЕ

Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол
қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция сондай-
ақ көптеген макроэкономикалық көрсеткіштермен тікелей байланыста болады,
сондықтан осы инфляцияны тиімді реттеу саясатын жүргізу арқылы барлық
шаруашылықтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ол үшін
экономиканың құбылысы ретінде инфляцияның пайда болу көздерін, оның пайда
болуындағы сан алуан себептерді, оның шаруашылыққа тигізер салдарларын және
инфляцияға қарсы саясаттың негізгі түрлері мен олардың қолдануын анықтауды
қажет етеді.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының
дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келедi. Сондықтан инфляцияға қарсы
саясатты тиімді жүргізу елдің тұрақты дамуының негізі болып табылады.
Инфляцияға қарсы саясат өз кезегінде ақша-несие саясатының аясында іске
асады. Ал ақша-несие саясатын жүргізетін елімізде Ұлттық банк болып
табылады. Осы аталған инфляцияға қарсы саясат инфляцияны таргеттеу деп
аталады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Инфляция және Қазақстандағы
инфляцияға қарсы саясат” деп алынды. Бұл тақырыптың өзектiлiгi инфляцияның
экономикалық құбылыс ретiнде жан-жақты қарастырып, ұлттық экономикада
инфляцияның экономикалық тиімді дамудағы тигізер салдарын, оның пайда болу
себептерін қарастырып, елiмiздiң экономикасының тұрақты және отандық
өндiрiстiң қарқынды дамуы үшiн инфляциялық процессетрдiң алдын алу және оны
реттеу саясаттарын қарастыру болып табылады.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, елiмiздегi инфляцияның қазiргi
жағдайын, туындап отырған мәселелердi және болашақтағы экономикалық даму
жоспарымызға орай келесiдей мiндетер қарастырылады:
1) Инфляцияның жаратылысын, оның түрлерiн, оған әсер етушi факторларды
қаарстыру және оның ұлттық экономикамыздағы ерекшелiктерiн ашып
көрсету;
2) Инфляцияның елдiң әлеуметтiк-экономикалық салаларға тигiзер әсерлерiн,
одан болатын экономика және қоғам дамуындағы зардаптардың алдын алу
шараларын;
3) Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi инфляциялық жағдайын, олардың
пайда болу себептерiн және олардың зардаптарын шешу жолдарын
қарастыру;
4) 2005-2008 жылдардағы инфляцияның жоспарланған шегінен асып кету
қаупінің себептері мен экономикаға және әлеуметтік қоғамға тигізер
салдарларын қарастыру мен талдау;
5) Бүгiнде елiмiз экономикасының қаржы саласы және мемлекеттiк деңгейде
инфляцияға қарсы саясатын және оның негiзгi бағыттарын, олардың iшiнде
ұлттық экономика ерекшелiгiне байланысты тиiмдiлерiн ұсыну;
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде жалпы инфляцияның
экономикалық мәнін ашу, оның түрлеріне тоқталу және инфляцияның әлеуметтік-
экономикалық салдарларына тоқталу болса, ал екінші бөлімде еліміздегі
инфляциялық процестерді талдау және инфляцияға қарсы саясаттың экономика
үшін маңыздылығын анықтау қарастырылды. Сондай-ақ екінші бөлімде
инфляцияның қазіргі уақыттағы жоғарғы қарқынының пайда болу себептері мен
статистикалық шамаларға тоқталдым.
Курстық жұмысымды орындау барысындағы қолданылған әдебиеттерге шолу
жасасақ: С.Б. Мақыш, О.И Лаврушина, Ғ. С. Сейiтқасымов және
Баян Көшеновалардың ғылыми еңбектерін, Сайденов А.Г., Досниязова А.К.,
Кинасова О. және т.б. авторлардың еңбектері жазылған экономикалық
журналдарды, сонымен қатар статистикалық мәліметтерді пайдаландым.

1 ИНФЛЯЦИЯ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ

1.1 Инфляция түсiнiгi және оған әсер етушi факторлар

Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар
айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде –
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға
жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң
алшақтықтарына және артық ақшалардың айналыста болуына және шығарылуына
байланысты ақша айналысының заңы бұзылғандығының нәтижесі болып табылады.
Инфляция терминi (латынның. inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы –
“қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда
болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляия ұғымы
бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл
бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның
сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi.

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар
– ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы
ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар
айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден,
бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша
айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына
формуламен өрнектеледi: [1,б. 227]
M = P * Y V (1)
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының
дағдарысты жағдайын көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар
негізгі себепшi болады:
• Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
• Қолайсыз төлем балансы;
• Үкiметке және экономикалық тұрақтылыққа сенiмнiң жоғалуы.
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей: [2,б. 239]
1. ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының
төмендеуi;
2. тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес
өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабiлетiнiң
төмендеуiне алып келедi;
3. ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны монетарлық құбылыс деп санап отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп
келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуiнде көрiнгенмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға
болмайды. Бұл рыноктық шаруашылықтың түрлi сфераларындағы ұдайы өндiрiстiң
сәйкессiздiгiнен туатын күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс болып
табылады. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканың қазiргi
дамуының ең өткiр мәселелерiнiң бiрi болып есептеледi.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
1. Инфляциялық процестiң сипатына қарай:
1) ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергi болмайды, оның еркiн
өсуi байқалады;
2) жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң
бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi. [3,б. 149]
2. Бағаның өсу қарқынына байланысты:
1) баяу инфляция – баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ға өседi;
2) орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейiн өседi,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға
шалдықтырады;
3) ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейiн және одан жоғары
қарқынмен өседi. Инфляцияның бұл түрi ақша жүйсiнiң құлдырауына әкелiп
соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта
бастайды.
3. Таралу орнына қарай:
1) локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;
2) дүниежүзiлiк инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.
Қазақстан Республикасында бағаның өсуiне қарай қазiргi кезде бiрiншi
түрiне жатады. Елiмiздiң 1992-1993 жылдардағы ұшқыр инфляциядан соңғы
жылдардан бастап баяу инфляцияға өтуi қажырлы еңбектiң жемiсi болып
табылады. Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткiш – тұтыну бағаларының
индексi (ТБИ) көмегiмен анықталады. [4,б. 84]
Тұтыну бағаларының индексi (ТБИ) тауарлар мен қызметтердiң түрлерiн
қамтитын тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады. Оны есептеуде келесi формула
қолданылады:
ТБИ = Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасын бөлемiз Базалық жылдағы
тұтыну қоржынының бағасы, одан шыққан санды 100-ге көбейтемiз

Тұтыну бағаларының индексiнiң үш сандық мәнi болуы мүмкiн:
1. баға индексi 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
2. баға индексi 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы
жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша
инфляциялық құнсызданды;
3. баға индексi 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы
жылдағы бағабазалыққа қарағанда 20%-ға. [5,б. 210]
Қазiргi кездегi экономикалық қатынастардың күрделенген кезiндегi
инфляция келесiдей факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс
аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының
артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өдiрiстегi теңсiздiкке,
шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық
саясатына, оның iшiнде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы
экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. [3,б. 239]
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi
факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды
бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң
бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше
жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының
дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы
нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көпфакторлы процесс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы
алшақтықтың көрiнiсi.
Жоғарыдағы инфляция факторларының ерекшелiгiне байланысты инфляцияның
екi түрi болады: сұраныс және шығын ( ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
1) әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық
болып қалады;
2) мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни
мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен
бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;
3) несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiнiң коммерциялық
банктер мен үкiметкенесие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын
сипаттайды;
4) ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау;
5) импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы.
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн
мынадай факторлардың болуымен сипатталады: [4,б. 83]
1) еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;
2) көрсетiлетiн қызметтiн маңызының артуы;
3) бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе
жалақының өсуi;
4) энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар келесi құн формаларына қатысты
құнсызданады:
1) алтын мен күмiске;
2) тауарларға;
3) шетел валютасына.
Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны
артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. Үшiншi жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.
Егер тұтыну бағасының индексі өзгермейтін тауар жиынтығын есептейтін
индекс Ласпейрес индексі ал өзгеретін тауар жиынын Пааше индексі
көрсетеді. Ласпейрес индексі – PL.
PL = Σ Pti * Q0i Σ P0i * Q0i
Мұндағы: Pti және Q0i - і игіліктің бағалары ( 0 – базистік жыл,
ал t – ағымдағы жыл), Q0i – 0 базистік жылдағы і игіліктің көлемі.
Пааше индексі - Pp
Pp = Σ Pti*Qti Σ P0i*Qti : Qti - (t – ағымдағы жылдағы өнім көлемі)
Фишер индексі – Pf индексі жоғарыдағы екі индекстерінің қосындысын
түбір астынан алып шыққандағыға тен.
Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір
деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр
түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Пааше
индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар
жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан
тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Керісінше, Пааше
индексінде тауардың бір-бірін алмастыру есепке алынады. Бірақ мұнда әл-
ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді.
Осымен бірінші бөлімде инфляцияның экономикалық табиғаты мен
маңыздылығын, оның көріну нысандарын, оған әсер етуші факторларды және
инфляцияның түрлері бойынша жіктелуді қарастырып өттік. Ал ендігі екінші
бөлімде инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарларына тоқталып өтейік.

1.2 Инфляцияның макроэкономикалық көрсеткіш ретінде әлеуметтiк-
экономикалық салдары

Инфляцияның қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық салдарлары әр алуан,
өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады.
Бiрiншiден, ифляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлi
топтарымен, экономикалық және әлеуметтiк институттар арасында қалай болса
солай және болжамсыз қайта бөлiнуiне мәжбүр етедi.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлiнедi. Инфляция
факторының бiреуi болып табылатын мемлект бюджетiнiң тапшылығы, инфляциялық
салықпен өтеледi. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары
төлейдi. Ол өзiмен-өзi автоматты түрде төленедi, өйткенi инфляция кезiнде
ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының
төмендегенiн көрсетедi.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудiң келесi жолы, ол – ақша басып
шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып
шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған
шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттiң басып шығарған
ақша үшiн алатын нақты ресурстарының санына тең болады.
Екiншiден, инфляцияның жоғарғы деңгейi және баға құрылымының күрт
өзгеруi кәсiпорындар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседi.
Нәтижесiнде бизнес жүргiзуде болжамсыздық пен қатер-қауiп өсе түседi.
Осының төлемi ретiнде пайыз қойылымы мен пайда өсе бастайды. Ал
инвестициялар қысқа мерзiмдiк сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы
көлемiнде күрделi құрылыстың, маңызды өнеркәсiп салаларының үлес салмағы
төмендейдi және спекулятивтiк операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.
Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын , әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын
төмендетедi;
Үшiншiден, қоғамның саяси тұратылығы төмендейдi, әлеуметтiк шиеленiс
өседi. Яғни, елде ұрлық-қарлық, тонаушылық, адамдарға сенiмсiздiк және т.б.
келеңсiз әлеуметтiк жағдайлар орын алады.
Төртiншiден, экономиканың “ашық” секторындағы бағаның өсуiнiң шамамен
жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелiк қабiлетiн төмендетедi.
Бұның нәтижесiнде импорт өседi, экспорт төмендейдi, жұмыссыздық көбейедi
және тауар өндiрушiлер банкротқа ұшырай бастайды.
Бесiншiден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өсеi. Осыдан
барып ұлттық капиталдың шетелге кетуi өседi, валюта нарығында спекуляция
үдей бастайды. Осылар қосылып бағаның одан әрi өсуiн жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейдi,
нақты активтерге сұраныс өседi. Бұның нәтижесiнде осы тауарлардың бағасы,
бағаның жалпы дәрежесiнiң өзгеруiнен шапшаң өсiп отырады. Инфляцияның
жылдам жүруi экномикадағы сұраныстың өсуiне дем бередi, ақшадан “қашуға”
себеп болады. Фирмалар мен үй шаруашылығы инфляцияға төтеп беру мақсатында
нақты активтердi сатып алу үшiн ұосымша шығындарға ұшырайды.
Жетiншiден, мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы өзгередi және оның нақты
табыстары төмендейдi. Мемлекеттiң экспансионистiк фискалдық және
монетарлық саясат жүргiзуге мүмкiндiгi шектеледi. Бюджеттiк тапшылық және
мемлекеттiң қарыздары өседi.
Сегiзiншiден, жұмыспен толық қамтамасыз етiлмеген жағдайда қызмет
ететiн экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы
төмендетiп, халықтың көбiрек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуiн талап
етедi. Нәтижесiнде жылжымалы инфляция бiр мезгiлде экономикалық өсудiң
төлемi және оның стимулы болып та табылады. Дефляция, керiсiнше, жұмыспен
қамтуды және өндiрiстiк қуаттарын пайдалануын төмендетедi.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесi үлкен
жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулi инфлиция жұмыспен қамтуды өсiруге мүмкiндiк
бермейдi. Бiрақ, инфляциямен бiр жақтан өндiрiс көлемi және жұмыссыздықтың,
екiншi жақтан, арасында тiкелей өзара байланыс болмайды. [1,б. 238]
Оныншыдан, әр түрлi тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың
өндiрiсiнiң көлемi ұқсас емес бағытта жылжып отырады. Ұзақ мерзiмдi уақыт
интервалында “инфляцияның шапшаңдауы” теориясы бойынша, жылдан-жылға
инфляцияның қарқынының өсуi, өндiрiстiң нақты көлемiн, оның өзiнiң табиғи
дәрежесiнен жоғары ұстап отыруға көмек бередi.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керiсiнше байланыс неше түрлi
сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағай еңбек рыногының бейiмдiлiгiмен
дәлелденедi. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары,
ораласқан орны т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген жекелеген
рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледi: еңбек рыногының кейбiр
сегментiнде экономика бiрте-бiрте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда,
жұмыссыздық практика жүзiнде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының
басқа сегменттерiнде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда
шығындардың көбеюiне және бағаның өсуiне әкелетiн жалақының өсуi жалғаса
бередi. Осы процестiң макроэкономикалық нәтижесi – инфляцияның қарқынының
өсуiмен сипатталады.
Инфляция өз кезегiнде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әср етедi.
1958 жылы ағылшын экономисi А.Филлипс оның ықпалын көрсететiн “сұраныс
инфляция” деген үлгiнi ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының
арасында тәуелдiлiк бар екенiне назар аударған. Оның қорытындысы бойынша,
жұмыссыздықтың кейбiр дәрежесiне (6-7%) жалақының дәрежесi тұрақты және
оның өсiмi нөлге тең болады. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса,
онда жалақының өсiмi шапшаңдайды және керiсiнше. Соңынан жалақы мен бағаның
өсуiнiң өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық
жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта
өзгертiлдi. Филипстiң қисық сызығын келесi суреттен көре аламыз:
XX ғасырдың 50-60 жылдардағы дамыған елдердiң статистикалық
көрсеткiштерiн зерттеудiң қорытындысы Филипс қисық сызығын толық растады.
Сол жылары көптеген елдердiң экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге
асырылды. Өндiрiстi одан әрi өсiруге және жұмыссыздықты қысқартуға
мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуiн шапшандатты және керiсiнше
– инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түстi.

W, P

W2

W1

U1 U2 U

1 сурет – Филипс қисық сызығы [1,б. 238]

мұндағы,
W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;
Р – инфляция дәрежесi;
U – жұмыссыздық дәрежесi, %;
Суреттен көрiп отырғанымыздай филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен
инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керiсiнше байланыс бар
екенiн көрсетедi. Осыны кейнсшiлердiң инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы
ғана дәрежесiнде жоғары болуы мүмкiн және керiсiнше деген де дәлелдейдi.
Экономикада практика жүзiнде бағаларды өсiрмейтiн жұмыспен қамту дәрежесi
болады.
Филипс қисық сызығының басқа да дәлелi бойынша, өндiрушiлер мен
еңбекшiлерге экономиканың өсу кезеңiнде баға мен жалақының өсуiн талап ету
жеңiл түседi. Жоғары дәрежедегi жұмыссыздық жалданып жұмыс iстеушiлердi
төмен жалақыға келiсуге мәжбүр етедi.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

2.1 Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық
процесс

Қазақстан экономикасының дамуы оның негізінен егемендік алған
жылдарынан, яғни 1991 жылдан басталады. Өзіміз білетіндей Қазақстан
Кеңестік экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында 1991-1995 жылдар
аралығында экономиканың құлдырауы, қаржы саласының нарықтық сипатта
қалыптаса алмауы негізінде инфляциялық процестің қарқынды орын алуына жол
ашты.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында
инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары
гиперинфляция болды. [7,б. 44]
Алайда 2005 жылы инфлиция деңгейі межелеген 5-7% шамадан асып кетті.
Оның жалпы шамасы 8% мөлшерінде белгіленіп келеді. Ал 2006 жылы инфляция
деңгейі 6-7% аралығында болады деп жоспарланса, ал инфляцияның нақты
деңгейі 8,5% болды. Бұл инфляциялық шағын толқудың басты себептеріне
мамандар келесідей талдау жасап отыр: [9,б. 33]
Біріншіден, елімізде халықтың табысының жаппай өсуі, бұл өз кезегінде
экономиканы қыздыруда;
Екіншіден, әлемдегі рынокта шикізаттық ресурстарға бағаның өсуі,
әсіресе мұнай бағасының рекордтық 80 долларға дейін жетуі. Яғни, еліміз
ішінде де соңғы бірнеше айда мұнай өнімдеріне, әсіресе жанар-жағармайға
бағаның күрт жоғарлауы, экономиканың басқа да салаларының бағаларының
өсуіне алып келді.
Үшіншіден, 2007 жылдың соңғы айларындағы инфляцияның жоғарғы
қарқынының орын алуы негізінен астық өнімдері, осының негізінде орын алған
тағам өнімдерінің күрт қымбаттауы, энергия мен коммуналды қызметке деген
бағалардың жоғарлауы. [10,б. 24]
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша
2007 жылы қаңтар-тамыз инфляция деңгейі 6,3% болды, ал өткен 2006 жылы осы
мезгіл аралығында бұл шама 5,3% болған. Әсіресе инфляция деңгейі осы кезде
тағам өнімдерінің бағасының өсіп кетуі негізінде көрініс табуда. Жалпы
тағам өнімдері қаңтар-тамыз айларында 7,6% ( 2006 жылы 4,6%), осы аралықта
ет және ет өнімдері 12,6%, нан өнімдеріне деген бағаның өсуі 8,8% болды.[
11, б.2]
Сонымен осы агенттіктің болжам мәліметтері бойынша 2007 жылы
инфляцияның жылдық пайыз мөлшері 9,4% шамасында болады деп зерттелуде. Ал
еліміздегі тәуелсіз зерттеу агенттіктерінің мәліметтері бойынша 2007 жылы
инфляция деңгейі аз дегенде 15% шамасында болады деп қарастырылуда.
Енді келесі суреттен еліміздегі 2007 жыл мен 2006 жылдардың қаңтар-
тамыз айларындағы экономиканың негізгі инфляциялық салаларының инфляция
өсуі деңгейінің айырмашылығын көре аламыз. [11,б. 2]




















2 сурет – 2008-2009 жылдар қаңтар-тамыз айлары аралығындағы инфляция
деңгейі [17,б. 89]

2008 жылдың тоғызыншы айынан басталған инфляцияның кең ауқымды орын
алуы негізінен экономиканың келесі салаларында орын алды: астық өнімдері,
яғни астыққа деген шетелдік сатып алушылардың жоғарғы сұранысы, нан және
жалпы тағам өнімдерінің қымбаттауы, жанар-жағармайдың үздіксіз өсіп келе
жатқандығы, елде энергия және газ бағасы тарифтерінің күрт өсуі, осының
салдарынан барлық өндірістердің шығындары көбейіп, жалпы өндіріс пен
өнеркәсіп бағалары өсуде.
ҚР-ғы 2000-2008 жылдардағы инфляцияның жылдық көрсеткіштерін келесі
суреттен көре аламыз.














6 сурет – 2000-2008 жылдардағы ЖIӨ көлемiнiң көрiнiсi [14,б. 13]

Жоғарыдағы суреттен көретініміз еліміздің экономикалық өсуінде 2007
жылға дейін ЖІӨ көлемінің өсу динамикасы жоғарғы 8-11% деңгейінде болып
келсе, ал биылғы 2008 жылы орын алған әлемдік дағдарыс салдарының ұлттық
экономикамызға әсер етуінен отандық ғалымдарымыздың болжауынша 2008 жылы
Қазақстан экономикасының өсуі 5-6% шамасында болады деп айтылуда.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып
отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен
бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық
мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi
дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық
құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және
өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы
дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн
индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн
2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды [15,б. 9]

2.3 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі
инфляцияның даму қарқынын талдау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген
мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми
деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 2008 жылдың қаңтар-
тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда
белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген
баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.
2008 жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш
–75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі
–5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады.
Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі
Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляция жайлы
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Пәндер