Қытайдың шет елдермен қарым-қатынасы


Жоспар
- Қытайдың шет елдермен қарым-қатынасы
- Айгун келісім-шартының алғышарттары
А) Айгун келісімінің шығу себептері
Б) Айгун келісімі
- Қорытынды
Кяхтинск мерзімі (1689-1842 жж) өте ұзак уақытты қамтиды. Бұл уақытта Кяхтинск саудасы маңызды рөл атқарады. Ресейдің әскери күші Цин әскери күшінен басым болғанына қарамастан, Ресей өзінің саяси талаптарын орындай алмады: Нерчинск келісім шарты Цин империясына ыңғайлы жағдай жасады. Біріншіден, керуен саудасы Ресейге ықпал етудің басты құралына айналды. Екіншіден, Амурда буферлік зонаның пайда болуы Цин империясының ішкі провинцияларына қосымша қоргау болды.
Кяхтинск уақыты-Цин мен Ресей арасындағы бейбіт қарым-қатынастың кезені. Бұл кезең, сонымен қатар, тұрақты әри пайдалы орыс-қытай саудасымен сипатталады.
Петр I жіберген Избрант Идестың миссиясы Нерчинскідегі келісім боиынша қабылданған сауда мәселесін дәлелдеді. Сөйтіп 1693 ж. Ресейдін бірінші керуен жіберіледі. Алғашқыда керуендегі жеке меншік тауарлар саны мемлекеттік тауарлар санынанан асып тұрды. Бірақ 1699 ж. мемлекет барлық сауданы өз қолына алады.
Мемлекеттің сауданы қадағалауы қазынаның баюын тездетті. Бірақ орыс-қытай саудасының көлеміне кері жер етті. Бұның себебі, Қытайдан әкелінетін. Ал бұл тауарлар Сіьір, Ресей, Монғол елінің қажеттіліктерінін қанағаттандырмады.
Жалпы 1693 ж. мен 1719 ж. аралығында Ресейден Қытайға 10 керуен жіберіледі. 1719 жылдан 1724 жылға дейін Ресеймен Цин арасындағы саяси мәселер есесінен керуен саудасы біраз тоқтайды. 1724 ж. бастап керуен саудасы қайта жаңарып 1756 жылға дейін жалғасады. 1756 ж. Пекинге жіберілетін керуен саудасы тоқтайды.
Ресей үкіметі орыс қытай саудасын өз қолына алғандықтан, орыс-цин қарым-қатынастары қиындай түседі. Ресей үкіметі Пекин рыногынан ығыстырған жеке саудагерлердің тауарлары шекаралас Халха-Монғолиядан сұраныс табады. Кейбір мәліметтер бойынша Ургада жүргізілген сауда көлемі орыс қытай саудасының көлемінен әлдекайда басым болды. Бұл жерде мынандай мәселеге назар аудару керек: көшпелілер өздерінің малын кәсіпкер елдердің тауарларына айрбастап отырды. Себебі, көшпелілерде малшаруашылығынан басқа ешбір кәсіп дамыған жоқ. Сондықтан, көшпелі ел кәсіпкер елдің базарына тәуелді болып отырды. Осылайша, Солтүстік Монголия жерінде сауда жасаған орыс көпестері Халха көшпелелерін Ресей рыногіне тәуелді қылыпқойды.
1691 ж. өздеріне Халха-Монголияны қосып алған Цин империясына ресейліктердің бұл аймақта күшейіп жатқан ықпалына наразы болды. Себебі, бұл біріншіден Маньчжурлықтардың Солтүстік Монголиядағы беделін түсірді. Екіншіден, бұл аумақта Жоңғарияға енгізілетін армия орналасты. 1714-1715жж. Хами мен Турфан үшін Цин және Жоңғария әскерлері арасында қақтығыстар өтеді. Циндықтар Жоңғарларды Тибеттен ығыстырып, Тибетке өз биліктерін орнатаы. Әрине, Цин империясы Ресеймен шекаралас өз иеліктері үшін сескенді. Егер де Ресей Жоңғар хандығының жағына шығып, циндардың қорғалмаған жеріне шабуыл жасағанда қытайлықтар Халхадан айырылатын еді. Яғни, Цин үкіметі мен Жоңғарияда соғысып жатқан әскер арасындағы байланыс үзіліп, олар соғыста жеңілетін еді.
Орыс-Жоңғар одағының мүмкіндіктері күнінен-күнге ұлғая берді: 1716 ж. Жоңғария Ресеймен келіссөз жүргүзіді бастап, Ресеймен одақ құрұға талпынады. Дегенмен, Орыс-Жоңғар одағын құру әрекеттері іске аспай қалды. Себебі, орыс-қытай саудасын жүргізіп отырған Ресей Цин үкіметімен қарым-қатынасты қиындатқысы келмеді.
Цин империясы Ресейдің Халхаға енүін болдырмау үшін белгілі шаралар қолданды, біріншіден, Ресей көпестерін ығыстыру мақсатымен Солтүстік Монголияға Қытай саудагерлері жіберіледі. Екіншіден, Нерчинск келісімі бойынша Монголдарға орыстармен сауда жасауға тиым салынды. Бірақ бұл шарт орындалмады: орыс-монголия контрабандалық сауда көлемі ұрпайып отырды. Бірақ бұл шаралардың жеткіліксіздігі және Жоңғар хандығымен күрделенген қарым-қатынастар Цин императоры Кансиді бұдан да нәтижелі шара қолданұға итермеледі: Цин орыс керуендеріне Пекинге келуге рұқсат бермейді. Орыс-Қытай саудасын жаңарту масқсатымен 1727ж Пекинге Л. Измайловтың миссиясы келеді. Бұл кезде Мәскеудің позициясы Солтүстік Монголиядағы ықпалын кенейту және Қытаймен сауда жасау болды. Нерчинск келісіміне дейінгі кездегідегі, Ресей өз талаптарынан бас тартқысы келмеді. Ресей елімен сауданы мүлдем тоқтату- Цин дипломатиясының ең үлкен қателігі болды. Бұл Цин империясына жағымсыз нәтижелерге әкелді: орыс-цин керуен саудасы тоқтағандықтан Ресей бұл аумақта сабырлы саясат жүргізүге міндетті емес еді. Ресейде өзінше әрекеттер жасап жатты. 1722 ж. Жонғар хандағына Унковскийдің миссиясы барады, Унковский Жоңғарияның Ресей қоластына өту мәселесін қарастыру керек еді. Әрине, Петр I орыс-жоңғар одағының құрылуы орыс-қытай қарым-қатынастарының күрделенуіне немесе орыс-цин соғысына соқтыратынын түсінді. Бірак Ресей өзкүшіне нық сенді.
Алайда император Кансийдің өлуі Жоңгария мен Ресей арасындағы одақтың құрылуына кедергі болды. Нәтижесінде Ресей Жоңғариямен де, Цин империясыменде қарым-қатынастарын бұзып алды. Цин елімен байланысты қайта орнату, орыс-қытай саудасын жаңарту, циндықтардың өз шекарасын қорғау 1725 ж. Қытайға С. Рагузинскийдің елшілігінің келүімен аяқталды. Ұзақ келіс-сөздерден кейін Буринск трактаты (20 тамыз 1727 ж), одан соң Кяхтинск келісім-шарты (21 қазан 1727 ж) қабылданды.
Кяхтинск келісім шарты 1689 ж. Нерчинск келісімінің оқиғасын қайталады. Кяхтинскиде тек әскери қақтығыс болған жоқ. Кяхтинск трактаты нәтижесінде Ресей Цин империясында Урянхой өнірін, Косогол және Далай-Нор көлдерінінң өнірін берді. Цин империясы орыс-қытай саудасын қалпына келтірді. Бірақ керуендер 3 жыл ішінде 1 рет келүге және керуеншілер саны 200 адамнан тұруға тиіс болды. Яғни, осылайша, орыс және жоңғар керуендері тенелетін болды.
Сонымен қатар, Цин үкіметі Қытай көпестеріне орыс-халха шекарасының екі пунктінде сауда жасауға рұқсат берді: Кяхтада және Цирхайтуда (Mаймайчене) яғни орыс-қытай және орыс-монгол саудасы шекараға шықты. Осылайша Цин орыстарды Монголиядан еш шығынсыз шығарып тастады: Ресеймен жүргізілген барлық сауда енді Цин империясының мемлекеттік органдарымен қадағаланып отырды. Бұл империяның Ресейді, шыгыс және орта азиялық елдердегі саясатқа ықпал етуіне жол ашып берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz