Нарық қатынастарындағы саудадағы сегмент орны, ұйымның есеп саясаты және технико-экономикалық көрсеткіштері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ ОРНЫ, ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКО.ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1 Саудадағы сегмент бойынша басқару жүйесі және оның ұйымның өндірісінің тиімділігін арттырудағы орны, бағыттары және пайдалану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Ұйымның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Ұйымның технико.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2 САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ БОЙЫНША ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
2.1 «Редут.Защита» жауапкершілік ұйымдастырып басқару мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Саудадағы сегмент бойынша есеп жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3 Саудадағы сегмент бойынша қаржылық ақпаратын орталыққа жіберу мен бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3 САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
3.1 Жауапкершілік есебін дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.2 Саудадағы сегмент бойынша стандарт.кост әдісін қолдану және ауытқуларды талдау бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды қаржы - қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Есеп қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес. Себебі даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.
Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады. Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.
Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштерімен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.
Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі , қоғамдық және жеке меншіктің мүддесін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы, оның молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.
Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (кәсіпорынмен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.
Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесін көрсету.
Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін - өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлы шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген:
1)қажетті ресурстарды кәсіпорынға немесе бірлестіктерге жарғы арқылы анықтау;
2)шаруашылық дербестік;
3)өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде жалғастыру;
4)өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;
5)өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;
6)шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.

1. Қазақстан Республикасының Атазаңы. Алматы, - 2004
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы, - 2007
3. Қазақстан Республикасы. 2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған Заң, №234 III - ҚРЗ. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы. – Алматы.
4. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, Алматы,
5. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ережесі. Қазақстан Республикасы үкіметі,20.03.2007. №225
6. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары №2. Алматы, 2007 ж.
7. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.
8. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында, статистикалық жинақтама.Алматы,2007
9. Хорнгрен Ч.Т.,Фостер Дж. Бухгалтерский учет:управленческий аспект. М.:Финансы и статистика, 2003.-416с.
10. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы, Алматы.:Lemбаспасы, 2008.-500б.
11. Назарова В.Л. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп. - Алматы: Қазақ Университеті, 2005. – 212б.
12. Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы: Экономика, 2006. – 384б.
13. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж. Бухгалтерлiк есеп. – Алматы: Экономика, 2001. - 236б.
14. Баймуханова С.Б. Бухгалтерлік есеп. – Алматы: Экономика, - 2005. – 366б.
15. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности. - Алматы: «Каржыкаражат», 1998. – 512б.
16. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 110б.
17. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами.- Алматы: Экономика, 2000. – 159б.
18. Кеулiмжаев Қ.Қ., Қаржылық есеп. Алматы: Экономика, 2001. – 323б.
19. Радостовец В.К, Габдуллин Т.Ғ. Радостовец В.В. Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Қазақстан-орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы. Алматы . – 2003. – 478б.
20. Назарова В.Л. Басқару есебі Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005. – 155б.
21. Энтон Р., Рис Дж.Учет:ситуации и примеры.М.:Финансы и статистика,2002.
22. Палий В.Ф. Международные стандарты финансовой отчетности. Москва: Юнит, 2005. – 179б.
23. Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии. Учебник. Алматы: Экономика, 2005.- 198б.
24. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Алматы 2000. – 210б.
25. Үмбеталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2009.-462б.
26. Управленческий учет 1. Учебное пособие, USAID/Pragma.2005
27. Шеремет А. Д. Управленческий учет:Учебное пособие. М.:ФБК-ПРЕСС, 1999.-33бет

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ ОРНЫ, ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ
ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1 Саудадағы сегмент бойынша басқару жүйесі және оның ұйымның
өндірісінің тиімділігін арттырудағы орны, бағыттары және пайдалану
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ұйымның есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 10
1.3 Ұйымның технико-экономикалық көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... .20
2 САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ БОЙЫНША ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
2.1 Редут-Защита жауапкершілік ұйымдастырып басқару

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Саудадағы сегмент бойынша есеп
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3 Саудадағы сегмент бойынша қаржылық ақпаратын орталыққа жіберу мен
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3 САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
3.1 Жауапкершілік есебін дамыту
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...54
3.2 Саудадағы сегмент бойынша стандарт-кост әдісін қолдану және
ауытқуларды талдау
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 70
КІРІСПЕ
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді
алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің
нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен
шикізаттарды қаржы - қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы
құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі
бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Есеп қисап жұмысының
мақсаты үкіметіміздің экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның
экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни,
қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса іске
асуы мүмкін емес. Себебі даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін
негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау
себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.
Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер
қойылады. Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық
жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап
жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын
шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың
орындалуы барысын көрсетеді.
Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау
көрсеткіштерімен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл
мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.
Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі , қоғамдық және жеке
меншіктің мүддесін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол
халқымыздың қазынасы, оның молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының
деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын
көрсетеді.
Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін
тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты
адаммен (кәсіпорынмен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-
қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.
Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын,
шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесін көрсету.
Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық
есеппен өзін - өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлы
шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін
мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген:
1)қажетті ресурстарды кәсіпорынға немесе бірлестіктерге жарғы арқылы
анықтау;
2)шаруашылық дербестік;
3)өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде
жалғастыру;
4)өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;
5)өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі
ету, экономикалық ынталандыру;
6)шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.
Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір
кәсіпорын мақсаты мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген дербес шаруашылық
орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және банктерде өзінің
есеп айырысу шоттары болады.
Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту
нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айнамалы
қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын
тиянақты есепке алу арқылы орындалады.
Бухгалтерлік есепті заңнамалық актілерге, есеп және аудит
стандарттарының талабына қарай үйлестіру қажет. Еліміздегі бухгалтерлік
есептің міндеттері келесідей түрде анықталған.
1)кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді тағы басқа
жеке субьект шаруашылығы туралы анық, толық мәліметтер мен қамтамасыз ету;
2)мемлекетіміздің тексеруші, бақылаушы кәсіпорынлерінің субьекті
шаруашылығында кәсіпкерлігінің заңдылығын бақылау үшін қажет ақпаратпен
қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық
(сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге
бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық
ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын
жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық
ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы
пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы
есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір
шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің
мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер)
кәсіпорындар, банк кәсіпорынлері, салық органдары және
тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін
қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса,
басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір
кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды
жинақтап, тіркеп, өңдеу мүмкіндігі болатын ең маңызды
әдістемелік құрал жауапкершілік бойынша есеп жүргізуді
ұйымдастыру. Бұл ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың
басты бір жолы, шаруашылық орперацияларының түгел,
уақыттылы есепке алынуының, жалпы бақылауды жүзеге
асырудың жетілдірілген жолы деп қарауымызға болады.
Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының маңыздылығын,
өзектілігін айқындайды. Ұйымды басқарудағы жауапкершілік деңгейінде есеп
жүргізу және есепті бір орталыққа жинақтау жүйесін қалыптастырудың маңызы
зор.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымда жауапкершілік бойынша есеп жүргізуді
ұйымдастыру мен саудадағы сегмент бойынша есептілік және есеп анықтау:
- Нарықтық қатынастар жағдайындағы жауапкершілік орнын қарастыру;
- Жауапкершілік ұйымдастыру мен оларда есеп жүргізу тәртібін
қарастру;
- Жауапкершілік қызметінің тиімділігін бағалау;
- Жауапкершілік есеп пен қаржылық есептің өзара байланысын
қарастыру.
Диплом жұмысы көлеміне қарай 65 бетте орындалды, оның ішінде 5 кесте,
8 сурет бар және 2 бетте қосымшалар тіркелді.
1 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ САУДАДАҒЫ СЕГМЕНТ ОРНЫ, ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ
ЖӘНЕ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

мүмкіндіктері
Ұйым негізгі жүйе ретінде екі саладан - басқару саласынан (басқару
субъектісі) және басқарылатын саладан (басқару объектісі) тұрады.
Басқарылатын салаларға: техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру;
еңбекті ұйымдастыру; ұйымның жұмыскерлерінің арасындағы өндірістік
қатынастар экономикасы; ұйымның халықаралық байланыстары; коллективтің
әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы; табиғатты пайдалану жатады.
Қаржылық механизмнің элементтерінің құрамына: - қаржылық қатынастар (еңбек
қатынастары мен еңбек ақыны төлеу, қаржыландыру (инвестициялау), кредиттеу,
салық салу, табыс, сақтандыру, т.б.), қаржылық иіндер (пайда, табыс,
қаржылық санкциялар, баға, дивиденттер, пайыздар, салық, еңбек ақы т.б.)
және қаржылық тәсілдер (қаржылық және басқару есебі, қаржылық және басқару
талдауы, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау) енеді.
Басқару - негізгі жүйеге арнайы бағытта ұдайы әсер ету процессі.
Мұндағы негізгі мақсат тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Бұл жердегі
басты негіз - ақпараттық жүйе болып табылады.
Басқару процессі адамдармен де заттармен де тығыз байланыста.
Мұндай басқаруды ресурстардың мақсатты қолданылуы мен адамдардың қызметін
атқаруын бақылайтындар жүзеге асырады. Заттарды басқаруды арнайы
қызметкерлер де іске асырады, олар жаңа техника мен технологияны енгізу,
еңбекті тиімді ұйымдастыру, материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау,
өткізу-сатуды жоспарлау, экономикалық және техникалық сипаттағы
жұмысшыларды басқаруды орындайды.
Егер басқаруды өнеркәсіптік ұйымның басқару жүйесі ретінде
қарастырсақ, онда оның ырғақтылығын, күрделілігін, ықтималдығы сияқты
сипаттамаларын байқаймыз. Басқару жүйесінде екі бөлімше бөлініп шығады,
олар өндіріс және басқару аппараты. Басқару процессі объекті, ал аппарат
басқару субъектісі болып табылады. Алдымен басқару субъектісін қарастырамыз
(сызба 1).
Басқару объектісінде барлық процесстер материалдық-заттық нәтижеге
ұмтылады, ал процесстегі ақпарат бағынышты сипатта болады. Басқару
субъектісі көбінесе ақпараттық процесспен байланыста болады, материалдық
жағы бағынышты сипатта болады. Басқару жүйесінде орын алатын процесстер
ұйымның негізгі мақсатына да осы процесстер арқылы әсер етеді. Ұйым
қызметін басқару ұйым мақсаты аясында жүзеге асырылатын өндіріс
процесстерін реттеуге бағытталған қызмет болып табылады.
Шетелдік зерттеуші ғалымдар ұйымды басқару тиімділігін арттыратын,
яғни, ұйым құрылымын, шешім қабылдау жүйелері мен процедураларын, басқару
стилін, жұмысшылар құрамын жақсартатын, ұйымның даму стратегиясы мен
басқару іс-тәжірибесін жетілдіретін бірнеше элементтерді жеке атап
көрсетуде. Бұл элементтердің жиынтығы басқарудың мәдени құндылығын
сипаттайды.
Кей әдебиеттерде басқару объектіге әсер ету жүйесі ретінде
қарастырылып, оның негізгі 5 процесстері ажыратылып көрсетіледі:
- жоспарлау, өндірістік тапсырмалардың, нормалар мен нормативтердің,
өндірістік шығындар сметасының бар болуы;
- ұйымдастыру, өндіріс процессіндегі материалдық, еңбек, қаражат,
ақпарат ресурстарының тиімді пайдаланылуына бағытталған қызмет;
- ынталандыру, ерекше еңбегі үшін, жетістіктері үшін ынталадыру
жүйесін қалыптастыру;
- координациялау, барлық жұмысшылардың мақсатқа қол жеткізу үшін
жұмылдыра еңбек етуі;
- есеп және бақылау, басқару аппаратын басқару объектісі жөніндегі
ақпаратпен қамтамасыз ету құралы.
Басқару жөнінде айтқанда басқару циклі өте маңызды мәселе. Басқару
циклі деп ақпарат алынған кезден шешім қабылданғанға дейінгі кезең аталады.
Циклдің сақталуы басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Басқарушы және
басқарылатын жүйелердің өзара байланысын №2 суреттен көре аламыз.
Басқарушы жүйе басқарылатын жүйеге басқарудың функционалдық бөлімдері
мен қызметтері арқылы әсер етеді. Басқарылатын жүйемен кері байланыс
бухгалтерлік ақпарат арқылы жүзеге асырылады, себебі бұл ақпарат
коммуникациялық каналдар арқылы басқару аппаратына жеткізіледі. Алынған
ақпарат негізінде басқарылатын жүйеге тікелей әсер ететін басқару шешімдері
қабылданады.
Қазіргі таңда кәсіпорынның қызметінің тиімділігіне байланысты көптеген
қызығушылықтар туындауда. Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз етудің ең
маңызды аспектісі кәсіпорын қызметінің залалсыздығы болып табылады, ол
бухгалтерлік, содан кейін экономикалық табыстарды алудың бірінші қадамы
болып келеді. Сол себепті біз диплом жұмысында ұйым қызметінің
залалсыздығын қамтамасыз ету мақсатында басқаруға мүмкіндік беретін шығын-
көлем-пайда арақатынасын зерттеу мен ұйымның негізгі шығын түрлеріне
қатысты ауытқуларды басқару мәселелерін зерттеуді жөн көрдік.
Басқару нысандары, әдістері, процесстері, құралдары
Басқару функциялары
Басқаруды ұйымдастыру
Коммуникациялар
Ақпарат (Бухгалтерлік, статистикалық,
оперативті есеп мәліметтері)
Басқарылатын жүйе
Процесстер: жабдықтау, өндіріс, сату;
Ресурстар: материалдық, еңбек, қаражат;
Көрсеткіштер: өндіріс көлемі, өнім
ассортименті, өзіндік құн, материал
сыйымдылығы, т.б.
Сурет 2. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің өзара байланысы
Есепті орталықтандыруда ұйым басқарушысына лимитті бөлу құқығы
қалдырылады, яғни тауарды түсіру және қызмет көрсетуге келісім шарт жасау,
жұмысты орындауға еңбек келісімдері, шаруашылық және басқада
жетіспеушілікке байланысты аванстарды белгіленген уақытында алу және өз
жұмысшыларына авансты беруді шешу, лимит арқылы шығындарды төлеуді шешу,
ұйымның жетіспеушілігі тағам өнімдері және басқада материалдық
бағалылықтар, түгендеу құжаттары және басқалары.
Орталықтандырылған бухгалтерияда басқарылатын ұйымдардағы
басқарушыларына сметалық шығындардың уақытында төленуі, осы ұйымдардағы
басшылардың келісімімен орталық бухгалтерияда бас бухгалтерді бекітіледі.
Саудадағы сегмент бойынша жүйенің кемшіліктері де жоқ емес. Мұндай
кемшіліктер ретінде келесілерді атауға болады.
1.Бөлімше үшін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі болғанымен, жалпы
ұйым үшін тиімсіз болуы мүмкін. Оған жалпы ұйымның, құрылымдық
бөлімшелердің, жеке менеджерлердің бірлесе, өзара келісе отырып мақсатты
айқындамағандығы және менеджердің қабылдаған шешімінің өзге бөлімшелер
қызметіне қалай әсер ететіндігі жөнінде ақпарат беретін кері байланыстың
болмауы себеп болады. Бөлімшелер арасында жабдықтаушыларға немесе сатып
алушыларға деген таластан туындайтын бәсекелестік, сонымен қатар барлық
бөлімшелер бір технологиялық процеспен өзара байланысты болса, онда бөлімше
менеджерінің өз бетімен шешім қабылдауы жалпы ұйым үшін қауіпті болуы
мүмкін.
2.Қызметтердің қайталануы. Мысалға, есеп және заң қызметтері
қайталанып кетуі мүмкін.
3.Ұйымға қызмет ету дәрежесінің төмендеуі. Менеджерлер ішкі
байланыстыруға қарағанда сыртқы байланыстарға көбірек көңіл бөлуі және өзге
бөлімшелердің жағдайына деген немқұрайдылығы мен оларға көмек бермеуі орын
алуы мүмкін.
Осы саудадағы сегмент бойынша жүйе артықшылықтары мен кемшіліктерін
жоғарыда жазылған жағдайлары бойынша жинақтап келесі кесте түрінде
көрсетуге болады.(кесте 1)
Кесте 1. Саудадағы сегмент бойынша жүйенің артықшылықтары мен
кемшіліктері*
Саудадағы сегмент бойынша жүйе
Артықшылықтары: Кемшіліктері:
1.Бөлімше менеджері ақпаратпен толық 1.Бөлімше үшін тиімді шешім қабылдау
қамтамасыз етілген, ол нақты жағдайдымүмкіндігі болғанымен, жалпы ұйым
біледі. үшін тиімсіз болуы мүмкін.
2.Бөлімше менеджерінің уақыттылы
шешім қабылдау мүмкіндігі жоғары
3.Менеджер өз ынтасымен шешім 2.Қызметтердің қайталануы. Мысалға,
қабылдау қызығушылығы болады, себебі есеп және заң қызметтері қайталанып
өз бетімен шешім қабылдауы табыс кетуі мүмкін.
алудың басты шарты болуы мүмкін.
4.Жауапкершілікті жүктеу менеджердің
барлық қабілеттерінің ашылуына
мүмкіндік береді.
5.Бөлімшелердің де ұсақтап 3.Ұйымға қызмет ету дәрежесінің
бөлшектенуі жұмыс істеу қабілеті төмендеуі. Менеджерлер ішкі
жоғары еңбек ұжымын қалыптастырады. байланыстыраға қарағанда сыртқы
байланыстарға көбірек көңіл бөлуі
және өзге бөлімшелердің жағдайына
деген немқұрайдылығы мен оларға көмек
бермеуі орын алуы мүмкін.
6.Күнделікті басшылыққа ақпарат
беруден босатылған бас менеджерлер өз
уақытын бүкіл ұйым қызметінің
стратегиялық жоспарлануына бөле
алады.
*Дерек көзі: Хорнгрен Ч.Т.,Фостер Дж. Бухгалтерский
учет:управленческий аспект. М.:Финансы и статистика, 2003.-416с.
Көптеген ұйымдарда бөлімшелердің өз бетімен жұмыс істеуіне, оның
ішінде ұйымның өз ішінде бар болса да сырттан құрастырушы бөлшектерді сатып
алуына шектеулер қойылады. Мұндай саясат жүргізудің келесідей
артықшылықтары бар:
- Ұзақ мерзімді байланыстарды орнату, оның ішінде бөлімшелердің
болашаққа деген үлкен сеніммен бюджеттеуді жүзеге асыруына және
жедел шешім қабылдауына жағдай жасауға тырысу;
- Жеткізушілермен ұзақ мерзімге байланыс орнату немесе қорлардың
орташа мөлшерін азайту;
- Бөлімшелерді жаңадан құру және оларға жағдай жасау;
- Ішкі өнім сапасына деген сенімділіктің қалыптасуы.
1.2 Ұйымның есеп саясатын талдау
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының
түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады. Елімізде көптеген типтегі
ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр
түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыған байланысты әр бір ұйым өзінің
алға қойған мақсат мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің
технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің
түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі,
ақпараттарды өңдеу және тағы басқа да ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның
барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшелігіне байланысты ұйымдарда есеп
саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін
қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі
есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең
тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен
әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін,
мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері
жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен
жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен, есеп саясаты деп – ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-
тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен
жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын
айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі
талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және
тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қортынды есеп
жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер,
сондай ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету
үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.[10]
Немесе, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы заңында берілген анықтамаға сәйкес, есеп саясаты
дегеніміз ол - жеке кәсіпкердің немесе кәсіпорындардың атқаратын
қызметтеріне байланысты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай
бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті Қазақстан
Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына
немесе ұлттық стандарттарға, сонымен қатар бухгалтерлік есептің типтік
шоттар жоспарына сәйкес жүргізілген нақты принциптер, нақты негіздер,
нақты ережелер және практиканың жиынтығын құрайды.[3]
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда:
Біріншісі – ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Екіншісі – және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты болып
ажыратылады;
Ендігі жерде біз зерттеліп отырған ұйымның белгіленген есеп саясатын
қарастырамыз. Біз зерттеп отырған кәсіпорын: Іле Алатау ұлттық табиғи
бағы кәсіпорын ерекше қорғаудағы аумақтарды құру және мемлекет
байлықтарының сақталуын, қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорын
өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан
Республикасының Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің
актілеріне, басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Кәсіпорын заңды тұлға болып табылады, тілде кәсіпорынның атауы көрсетілген
мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қаржы министірлігінің қазынашылық кәсіпорыннде есеп шоты
бар. Кәсіпорын өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Кәсіпорын мемлекет атынан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес осыған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы
болуға құқылы. Кәсіпорынның ережесі, құрылымы, штат санының лимиті әкімдік
қаулысымен бекітіледі. Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Қазақстан
Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы ауылы, Жандосов
көшесі, 1 үй.
Саудадағы кәсіпорындардың бухгалтерлік қызметтің міндетіне келесілер
жатады:
- Құжаттардың уақытылы, дұрыс толтырылуын және болып жатқан
операциялардың заңды екенін алдын ала тексеріп отыру.
Қаржылық план бойынша міндеттемелердің негізінде берілген
рұқсат шеңберінде міндеттемені қабылдауды бақылау.
- Ақша қаражатының, есептесулердің, материалдық құндылықтардың
түгендеуін жүргізіп қатысу және түгендеудің нәтижесін уақтылы
әрі дұрыс есепте көрсету.
- Бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытта құрып, көрсету.
- Активтердің, құндылығы аз және тез тозатын заттар мен басқада
материалдық құндылықтардың бақылауын және бүтіндігін
сақталынатын немесе қолданылатын жерінде қадағалау.
- Алғашқы құжатты, бухгалтерлік есептің регистрларын
(электронды немесе парақтағы түрін), есептіліктің, есеп
саясатының, есептік көрсеткіштердің электронды өңдеу
программасын және оған тиісті есептілікті, сонымен қатар
басқа құұжаттарды сақтау және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес мағлұматқа жапсыру.
Кәсіпорын басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін қажетті
жағдайлар жасауы тиіс. Құжаттар мен мәліметтерді тапсырып дайындау үшін бас
бухгалтердің қойған талаптарын барлық бөлімшелер мен қызметкерлер бұлжытпай
орындайтынын қамтамасыз ету. Бас бухгалтерді жұмыс орнына тағайындауды және
жұмыс орнынан босатуды кәсіпорын басшысы жүзеге асырады. Бас бухгалтер
тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. кәсіпорынға бас бухгалтер болып
арнайы білімі бар тұлға тағайындалады. кәсіпорынның бас бухгалтері
бухгалтерлік есептің шоттарына жүргізілген барлық шаруашылық операцияларды
еңгізуді, оперативті ақпаратты көрсетуді, белгіленген уақытта бухгалтерлік
есептілікті құрастыруды қамтамасыз етеді. Бас бухгалтерлер кәсіпорын
басшысымен банктік құжаттарға және ақша қаражатына, тауарлы материалдық
құндылықтарға негіз болатын құжаттарға және қаржылық міндеттемелер мен
шаруашылық келісімдерге қол қояды.
Кәсіпорын басшысы банктік құжат пен бухгалтерлік құжатқа қол қоюды бас
бухгалтер ұсынған уәкілетті адамға құқық бере алады. Осы уәкілеттік тек
кәсіпорын басшысының бұйрығы негізінде беріледі.
Бас бухгалтердің қолы жоқ құжаттар нақты емес болып саналады және
орындалуға қабылданбайды. Материалды жауапты тұлғалардың орындарынан ауысуы
және жұмыс орнынан босатылуы бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде бас бухгалтер қызметкерлердің
қызметтік міндеттерін бекітуі керек (әр қызметкер өз міндеттерін біліп, өз
жұмысына жауапты болуын қамтамасыз ету негізінде). кәсіпорынға кіретін
барлық бөлімшелер бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен құжаттарды
бухгалтерлік қызметке уақытында тапсыруы тиіс.
Бас бухгалтердің бухгалтерлік қызметке берілетін қажетті құжаттар мен
мәліметтерді даярлау реті туралы талаптары барлық кәсіпорын бөлімшелерінің
қызметкерлеріне міндетті болып келеді, ал орталықтандырылған есепте барлық
қызмет көрсетілетін кәсіпорынлерге міндетті болып табылады.
Бас бухгалтер орнынан босатылған жағдайда (жұмыстан босату, басқа
жұмыс орнына тағайындалуы, жұмыс орнын ауыстыру) заңнамаға сәйкес
тағайындалған бас бухгалтерге барлық істі тапсыру жүргізіледі, ал орнынан
босатылған бухгалтердің орнына адам жоқ болған жағдайда, кәсіпорын басшысы
тағайындаған қызметкерге істің барлығы тапсырылады.
Тапсырушы бас бухгалтердің (одан әрі тапсырушы) қабылдаушы тұлғаға
(одан әрі қабылдаушы) істі тапсыру, кәсіпорын басшысының бұйрығы негізінде
жүргізіледі. Бұйрықта істі тапсыру-қабылдау мерзімдері көрсетіледі, бірақ
бұл мерзім екі жұмадан аспауы тиіс. Істі тапсырып қабылдау барысындағы
қабылдаушы тұлға мен тапсырушы тұлғаның еңбек ақылары және сол мерзімде
құжаттарға қол қою құқы кімге берілетіні бұйрықта көрсетілуі тиіс. Істі
тапсыру барысында сол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жағдайы және
есептілік көрсеткіштің шынайлығы анықталып, сәйкесінше қабылдап-тапсыру
Актісі толтырылады. Бұл акт қабылдаушы мен тапсырушының жауапкершіліктерін
бөледі. Бухгалтерлік қызметтегі істі тапсыру соңғы көрсетілген (даярланған)
баланс негізінде жүргізіледі. Актте істі тапсырудың мерзімі міндетті түрде
көрсетілуі тиіс.
Істі қабылдап тапсырудың барысында кассаның жағдайы (қабылдау-тапсыру
мезетіндегі) тексеріледі (ақшаның сақталуына тиісті жағдайлары жасалынды
ма; кассалық кітаптағы жазулардың жағдайы; кассада сақталатын басқа
құндылықтардың жағдайы және олардың бухгалтерлік жазулармен сәйкес келуі;
чектік кітапшалардың бар болуын тексеру; қолданылмаған чектердің номерін
тексеру). Кассаны тексеру актына тапсырушы және қабылдаушы тұлғалармен
қатар кассир немесе кассаны жүргізуге жауапты тұлға қолдарын қояды.
Істі қабылдап тапсыру барысында ақша есебінің жағдайы, есеп айырысу
операцияларының есебі, баланстың есеп айырысу баптарын (дебеторлық және
кредиторлық қарыздардың шындығы; өндіріп алынатын өтірік қарыздың бар
болуын тексеру және оған кіналі адамды көрсету; өзара есепайырысудың
салыстыру актысының бар болуы; бюджетке уақытылы аударылмаған соммалардың
бар болуын) тексеру және кәсіпорынның есептілігін құрастыру (есептілік
тәртіптің орындалуы, көрсетілетін есептіліктің сапасы).
Сонымен қатар актта келесілер көрсетіледі:
- Бухгалтерлік қызметтегі есептің ұйымдастырылу жағдайы, (штат,
штаттың толықтығы-жабдықталуы; міндеттердің бөлінуі;
қызметтік нұсқаулық; бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша
нұсқаулық материалдардың бар болуы; бухгалтерлік кітаппен,
есеп және есептілік бланктармен қамтылуы;) есеп жүйесінің
құрылуы;
- Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің
жағдайлары;
- Қаржылық бақылау мен есептің ұйымдастырылуына қажетті
талаптар;
- Құжаттардың дұрыс сақталуы мен даярлануы, мұрағаттың жағдайы;
кәсіпорынның есебі мен есептілігінің жағдайын тексергеннен кейінгі
құралған актыға тапсырушы мен қабылдаушы қолдарын қояды, ал кәсіпорын
басшысы актыны бекітеді. Егер қабылдаушы актыдағы кей бір жағдайлармен
келіспесе, актыға қол қойған кезде қабылдаушы өзінің келіспеушілігін
растайтын сөздер жазуға құқығы бар. Акт екі данада құрастырылады, бір
данасы тапсырушы тұлғада қалады. Актқа қол қойылған соң істі тапсырушы бас
бухгалтер бухгалтерлік қызметтің жетекшілігінен (басшылығынан) босатылады.
Бухгалтерлік есеп регистрларына жазуларды еңгізудің негізіне, дұрыс
құрастырылған алғашқы құжаттар жатады. Бұл құжаттар операцияның немесе
болған жағдайдың нақ болғанын бекітеді. Алғашқы құжаттар операцияның немесе
жағдайдың болған уақытында құрастырылуы тиіс, ал егер ондай мүмкіншілік
болмаған жағдайда, операция немесе болған жағдай бітесалысымен құрастырылуы
керек. Құжаттың уақтылы және сапалы толтырылуына, сонымен қатар,
бекітілген уақытта бухгалтерлік есептілікте көрсету үшін және құжаттағы
мәлімет мағұлматының шынайы екендігіне құжатты жасаған және құжатқа қол
қойған тұлғалар жауапты болады. Алғашқы құжаттар келесідей міндетті
реквизиттерден тұруы керек:
- Құжаттың атауы (формасы);
- Толтырылған күні;
- Кәсіпорынның атауы немесе құжат кімнің атынан толтырылған
(сол тұлғаның аты жөні);
- Операцияның және болған жағдайдың мазмұны;
- Операция өлшемінің өлшем бірлігі (сандық немесе құндық
көрсеткіштер);
- Операцияның болғанына, дұрыстығына жауапты тұлғалардың жұмыс
қызметтерінің атаулары, аты жөні тегі және қолдары;
- Салық төлеушінің тіркеулік номері;
Электронды алғашқы құжаттың бейнесі қағазда рәсімделген алғашқы
құжаттың күші сияқты күшке ие. Электронды қол қоюды қолданатын кәсіпорынлер
қажетті қауіпсіздік (электронды қол қоюды қолдану және оған қол жеткізу
құқы туралы) шараларды қолдану керек.
Бухгалтерлік есеп регистрларындағы алғашқы құжатты электронды түрде
жүргізуді қолданатын кәсіпорынлер бұл құжаттардың қағазда рәсімделген
көшірмесін операцияға қатысушы басқа да тұлғалардың талаптарымен және
Қазақстан Республикасының заңымен мұндай құқық берілген органдардың
талаптарымен құжат көшірмесі шығарылып берілуі тиіс.
Кей бір қажетті жағдайлада алғашқы құжаттарда қосымша реквизиттер
көрсетілуі мүмкін. Олар:
- кәсіпорынның атауы мен адресы;
- операцияның жүргізілуіне негіз болатын жағдай;
- құжатпен бекітілген басқа да реквизиттер (құжатталатын
операцияның мінездемесімен анықталады);
- басқа да қосымша реквизиттер
Материалдық құндылықтарды сатып алуға сәйкес құжаттарда материалды
жауыпты тұлғалардың, алынатын құндылықты алуы туралы қолхат жазылады. Ал
орындалған жұмыс туралы құжатта белгіленген тұлғалардың жұмысты қабылдауын
негіздейтін жазу немесе қолхат алынады. Алғашқы құжаттың тексттік және
сандық бөліктерінде келісілмеген түзетулер жіберілмейді. Алғашқы құжаттарда
жіберілген қателерді, қате соммаларды немесе жазуды жіңішке сызықпен сызу
арқылы және сызылған сомманың немесе тексттің үстіне түзетілген сомма
немесе текст жазу арқылы түзетіледі. Түзетілген текст немесе сомманың
жанына түзетілді деген сөз жазылып, құжатқа қол қойған тұлғалардың
қолымен негізделіп, түзету жасалған уақыт жазылады. Банктік немесе кассалық
алғашқы құжаттарға түзетулер жасауға болмайды.
Есеп регистрларындағы жазуларға негіз болатын құжаттар бухгалтерлік
қызметке бас бухгалтер белгілеп, кәсіпорын басшысы бекіткен мерзімде
көрсетілуі керек.
Материалды жауапты тұлғалар тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі
мен шығысы бойынша алғашқы құжаттарды 442-ші формадағы тапсыру реестырында
көрсетеді. Бұл құжат (442-ші формадағы) екі экземплярда құрастырылады.
Материалды жауапты тұлғалардың қатысуымен тексеріс жүргізілгеннен кейін
(берілген алғашқы құжаттардың дұрыстығы туралы тексеріс) реестрдың бір
данасы (бухгалтерлік қызметкерлердің қолымен) материалды жауапты тұлғаға
қайтарылып беріледі, ал екінші данасы бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.
Тауарлы-материалдық құндылықтың, ақша-қаражаттың сақтығына жауапты
тұлғалармен (бекітілген тәртіппен) толық материалды жауапкершілік туралы
жазбаша келісім жасалады.
Бас бухгалтерлер алғашқы құжаттың, бухгалтерлік есеп регистрлардың,
есептіліктің және баланстың сақтығын, дұрыс толтырып дайындалуын және
мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп
регистрлары есептіліктер мен баланстар мұрағатқа берілгенге дейін
бухгалтерияда сақталынады. Аталған құжаттардың сақталуына бухгалтерияда
арнайы бөлмелер немесе жабылатын шкафтар қарастырылуы керек. Мұндағы
құжаттардың сақтығына жауапты тұлғаны бас бухгалтер тағайындайды. Саудадағы
кәсіпорындардың құжаттар бухгалтерлік мұрағатта белгіленген мерзім ішінде
сақталады. Мерзім өткен соң істер белгіленген тәртіппен белгіленген
мұрағатқа тапсырылады. Істердің мұрағатқа тапсырылғандығы туралы құжат
үнемі бухгалтерлік қызметте сақталады.
Саудадағы кәсіпорындардың алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп
регистрларын, есептіліктерді тек прокуратура, алдын ала тергеу, тергеу
жүргізу органдарымен, сот және салық органдарының қызметімен қолданудан
қалдыруға (изъятие) (Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық және
салықтық заңдарына сәйкес) болады. Қолданудан қалдыруды жүзеге асыратын
органдардың келісімімен, қатысуымен кәсіпорынның белгіленген қызметтік
тұлғалар алынатын құжаттардың көшірмесін жасай алады (көшірмені алғанда
көшірмені алған күн мен негіздеме жазылады). Егерде толығымен толтырылмаған
құжаттар алынатын болса, ондай құжаттарды (алуды жүргізіп жатқан органдар
өкілдерінің қатысуымен) кәсіпорынның белгіленген қызметтік тұлғалары
толтыруға құқығы бар.
Алғашқы құжаттар жоғалған жағдайда кәсіпорынның басшысының бұйрығымен
құжаттар жоғалуын немесе жойылуын анықтайтын қызметтік тергеу жүргізетін
комиссия құрылады. Керек болған жағдайда комиссия жұмысына қатысатын
өртті қадағалау органны және тергеу органының өкілдері шақырылады.
Комиссия жұмысының нәтижесі актпен бекітіледі. Бұл актқа комиссия
мүшелері қол қояды да, кәсіпорын басшысы бекітеді.
Кәсіпорын өзінің шаруашылық операцияларын көрсету барысында қолданатын
есеп регистрларының жиынтығы бухгалтерлік есептің нысандарын пайда
болдырады. Кәзіргі кездегі бухгалтерлік есеп нысандары бір-бірінен
регистрлар жиынтығымен сонымен қатар олардың өзара араласу жүйесімен
ерекшеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп нысандарының бір бірімен
бірігуі немесе ұқсастығы олардың барлығында шаруашылық операциялар бастапқы
құжаттармен негізделіп есеп регистрларында бухгалтерлік есеп шоттарында
(шот жоспарына сәйкес) көрсетіледі. [13]
Бухгалтерлік есеп нысаны – бұл ақпараттық жүйенің ұйымдастырылуы. Бұл
жүйе синтетикалық және аналитикаклық есептерді, сонымен қатар хронологиялық
және жүйелік жазуларды белгілі бір реттілікпен өзара байланыстырады., ал
бұл байланыс ағымдағы шаруашылық өмірдің фактілерін жүзеге асыруға және
есептілікті құрастыруға негіз болады. Бухгалтерлік есеп нысандарының төрт
түрін анықтауға болады: мемориалдық-ордерлік; журнал-ордерлік;
жеңілдетілген; автоматтандырылған;
Енді аталып өткен нысандардың әрбіреуіне қысқаша тоқталып кетейік.
Сонымен, мемориалдық-ордерлік нысан – тіркеу журналын (мемориалдық-
ордерлік) жүргізуді қарастырады, ал ол журналда бухгалтерлік проводкалар
хронологиялық тәртіппен тіркеледі.
Мемориалдық-ордерлердегі проводкалар Бас кітап шоттары бойынша
жатқызылып, бұл жүйелік есептің синтетикалық регистры болып табылады және
аналитикалық есеп карточкаларда жүргізіледі. Ондағы жазулар алғашқы немесе
жиынтық есеп құжаттар негізінде жасалады.
Журнал-ордерлік нысан есеп мәліметтерін арнайы регистрларда (журнал-
ордерлік) жүйелендіруді қарастырады, олар бухгалтерлік есеп шоттарының
кредитында және оларға қосалқы ведомостьтардың дебетында жүргізіледі. Есеп
нысанының бұл түрі жазудың бірнеше рет жазылуын жоққа шағакрып,
синтетикалық және аналитикалық есептерді біріктіреді. Автоматтандырылған
бухгалтерлік есеп нысаны электронды-есептеуіш машинаны қолдануды
қарастырады.
Бухгалтерлік есептің жеңілдетілген нысаны есептің екі түрін
қарастырады:
1) Жай түрі – кішкентай кәсіпорын мүліктерінің есеп регистрлары
қолданылмайды. Нысанның бұл түрі келесі жағдайда
қолданылады, егер:
• Кәсіпорында шамалы аз ғана шаруашылық операциялар жүргізілсе.
• Шаруашылық қызметтің құрамында материалдық өндіріс сферасы жоқ
болса.
2) Жеңілдетілген түрі. Нысанның бұл түрі ведомостьты
кәсіпорынның мүлік есебіне қолданғанда қарастырады. Әрбір
ведомость қолданыстағы шоттардың біреуі бойынша операциялар
есебі үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп нысанын таңдау әр түрлі жағдайларға, мысалы,
кәсіпорын қызметінің аумағына, есеп процессының автоматтандырылу деңгейіне
және тағы басқаларға байланысты болып әр кәсіпорынның есеп саясатында
бекітілуі тиіс.
Бюджеттік кәсіпорынлердегі бухгалтерлік есептің нысаны, ал саудадағы
кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулықта бюджеттік
кәсіпорынлердегі қаржылық жоспарды орындаудағы бухгалтерлік есеп
мемориалдық-ордерлік нұсқау бойынша жүргізіледі. Осыған толығырақ тоқталып
өтейік.
Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар міндетті түрде түріне
(алғашқы құжатты толтырудағы толықтылық пен дұрыстық және реквизиттардың
толтырылуы), және мазмұнына (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жеке
көрсеткіштердің логикалық ілесуі) қарай тексеріледі.
Тексерілген және еспке қабылданған құжаттар операцияның болған
мерзіміне қарай (хронологиялық ретпен) жүйелендіріледі және мемориалды-
ордермен жинақ ведомостьтарына рәсімделеді. Оларға келесідей номерлер
беріледі:
Мемориалдық-ордер 1 – кассалық операциялар бойынша жинақ ведомость 381-
ші форма
Мемориалдық-ордер 2 – Бюджеттік шоттардағы құралдардың қозғалысы
бойынша жинақ ведомость 381-ші форма
Мемориалдық ордер 3 – ақылы қызмет; спонсорлық, қайырымдылық көмек,
заңды және жеке тұлғалардың уақытша ақша қаражаттарының уақытша шет ел
валюта шотында және сыртқы заемдар мен гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық арнайы шоттарда орналастырылуы 381-ші форма.
Мемориалдық ордер 5 – еңбекақы және стипендия бойынша (405-ші форма)
есеп айырысатын ведомостьтардың жинағы.
Мемориалдық ордер 6 – кәсіпорынлер мен есеп айырысу бойынша жинақ
ведомость (408-ші форма)
Мемориалдық ордер 7 – аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысудың
жинақ ведомость (408-ші форма)
Мемориалдық ордер 8 – есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша
жинақ ведомость (386-шы форма)
Мемориалдық ордер 9 – активтардың орын алмасуы және есептеп шығуы
бойынша жинақ ведомость (438-ші форма)
Мемориалдық ордер 10 – құны аз және тез ескіретін заттардың орын
алмасуы және есептен шығуы бойынша жинақ ведомость (438-ші форма)
Мемориалдық ордер 11 – азық түліктің кірістелуі бойынша жинақ
ведомостьтардың жинағы (398-ші форма)
Мемориалдық ордер 12 – азық түліктің шығындалуы бойынша жинақ
ведомостьтардың жинағы (411-ші форма)
Мемориалдық ордер 13 – материалдың шығындалуы бойынша жинақ ведомоть
(396-шы форма)
Мемориалдық ордер 14 – жасалынған жұмыс, атқарылған қызмет, сатылған
тауар бойынша есептелген кірістердің жинақ ведомость (409-шы форма)
Мемориалдық ордер 15 – асырауында балалары бар ата-аналармен есеп
айырысулардың жинақталған ведомость
Операциялар көлемі жинақ ведомостын толтыруды қажет етпейтін бюджеттік
кәсіпорынлерде шоттар кореспонденциясы (274-ші формалы) жеке мемориалды
ордерлерде немесе штамп оттискысында (онда тікелей алғашқы құжаттарда
белгілі бір номер аталып қойылады) көрсетіледі. Штамп тура мемориалды
ордердегі реквизиттерден тұруы керек. Жеке мемориалды ордерлер операцияның
орындалуына қарай құрастырылады, бірақ келесі күннен кеш емес (алғашқы
құжатты алмас бұрын) жеке құжаттардың және біркелкі құжаттардың негізінде.
Мемориалдық ордердегі субшоттар кореспонденциясы операцияның мінездемесіне
байланысты жазылады, бір субшоттың дебеті бойынша екінші шоттың кредиты
бойынша; бір субшоттың дебеті бойынша және бірнеше субшоттың кредиты
бойынша, немесе керісінше бірнеше субшоттың дебеті бойынша және бір
субшоттың кредиті бойынша. Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның
орынбасары және орындаушы қол қояды. Барлық мемориалдық ордерлер Бас
журнал кітабында тіркеледі 308-ші форма. Бас журнал кітабында есеп
субшоттар бойынша жүргізіледі. Бас журнал кітабы өткен жылдың аяқтаушы
балансына сәйкес жыл басында қалған қалдық соммаларының жазуымен ашылады.
Ондағы жазулар мемориалдық ордерлерді құрастыру барысында жүргізіледі, ал
жинақтаушы ведомостьтың мемориалдық ордерын құрастырғанда айына бір рет
құрастырылады.
Мемориалдық ордер сомасы алдымен ордер бойынша сомма графасына
жазылып, содан соң сәйкесінше субшоттардың дебеті мен кредитіне жазылады.
Дебеттік және кредиттік субшоттар бойынша сомманың айлық айналымы
Ордер бойынша сомма графасындағы соммаға тең болуы керек. Ай бойынша
айналымнан кейін екінші жолға әр бір субшот бойынша келесі айдың басына
қалдық шығарылады.
Дәл осындай есеп есеп регистрларында (кітаптарда, карточкаларда, жинақ
ведомостьтарында және тағы басқаларда) жүргізіледі.
Бухгалтерлік кітаптарға жазу еңгізбес бұрын кітаптың барлық беттері
номерленеді де, ең соңғы бетінде бас бухгалтердің қолынан кейін келесідей
жазу жазылады: осы кітапта барлығы (___) (жақшаның ішіне барлық беттердің
саны жазылады) беттер номерленеді
КО-4 формадағы, 440-шы формадағы кассалық кітап, еңбек кітапшалар 449-
шы формадағы олардың қосымшалары (вкладыш) бланкісінің кіріс-шығыс есеп
кітабы, сонымен қатар шнурланып, мөр қойылып, беттердің саны, кәсіпорын
басшысының, бас бухгалтердің қолдарымен бекітілуі тиіс.
Әр бір кітапта кәсіпорынның және орталықтандырылған бухгалтерияның
аты және кітаптың қай жылға ашылғандығы жазылуы керек. Кітапта ашылған
субшоттардың атаулары болуы тиіс. Егер де жазу келесі бетке ауыстырылса,
сол субшоттың атауында басқа бетке ауыстырылды деп жазып, ауыстырылған
беттің номері белгіленіп жазылады.
Егер бір жыл өткен соң кітапта бос парақтар қалып қалса ондай
кітаптарды келесі жылы да қолдануға болады. Мұндай жағдайларда кітап
мұрағатқа екі жылда бір рет өткізіледі. Карточкалар (активтар бойынша
карточкалардан басқа) 279-шы формадағы карточкалар реестрында тіркеледі.
Бұл реестрды әр бір шотқа жеке жеке жүргізеді. Активтер есебінің
карточкалары ОС 10-шы формадағы актив есебі бойынша инвентарлық карточкалар
описьында тіркеледі. Карточкалар картотекада сақталады. Картотеканың ішінде
олар субшоттар бойынша орналастырылады, ал субшоттар ішінде материалды
жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияда қызмет
көрсететін кәсіпорынлер бойынша орналастырылады. Материал, құндылығы аз
және тез ескіретін заттар (тағы сол сияқты) есебінің карточкалары мұрағатқа
тігілген түрінде карточкалар реестырымен, регистырымен және басқа да
бухгалтерлік құжаттармен жыл сайын немесе екі жылда бір рет өткізіледі. Дәл
осы мерзімде жыл ішінде есептен шыққан активтер есебінің карточкалары
мұрағатқа тапсырылады.
ОС-10 формадағы активтер есебінің инвентарлық карточкаларының тізімі
мұрағатқа жіберіледі, егер онда ОС-6; 8; 9; формадағы соңғы инвентарлық
карточкада мүліктің шығынға жазылуы туралы белгі болса. Бухгалтерлік есеп
регистрларындағы жазу алғашқы құжаттардан толтырылады (құжаттар алғашқы
күннен кейінгі күннен кеш емес толтырылуы тиіс). Әр бір айдың соңында
аналитикалық есептің регистрларында соңғы айналымдар есептелініп субшоттар
бойынша қалдықтар шығарылады. Ағымдағы жылдың бухгалтерлік есеп жазуларында
табылған қателердің түзетулері келесі ретпен жүргізіледі:
a) Берілген есептік мерзім мен бухгалтерлік балансты тапсырғанға
дейінгі анықталған (мемориалдық ордердегі көрсеткіштерді өзгертуге
қажетсіз болға жағдайда) қатені жіңішке сызықшамен сызып (сызылған
қатені оқуға болатындай етіп) үстінен, түзетілген сомма немесе
текст жазылады. Сонымен бірге, осы жерде парақтың шетіне бас
бухгалтердің қолынан кейінгі белгілі бір жолдың қарама қарсысында
түзетілді деген жазу жазылады.
b) Бухгалтерлік балансты тапсырғанға дейінгі анықталған қателер егер
мемориалдық ордердегі көрсеткіштерді өзгертуге қажеттілігі болса,
онда мұндай қателерді жаңа мемориалдық ордер ашумен немесе қызыл
сторно тәсілімен түзетеді
Дәл осылай барлық жағдайларда қателер түзетіледі. Егер де олар
бухгалтерлік есептің жазуында балансты өткізіп қойғаннан соң анықталып
түзетуге жіберілген жағдайдада қателер жоғарыда айтылғандай түзетіледі.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша бухгалтерлік жазудың
дұрыстығын қадағалау үшін М14, және 285-ші мен 326-шы формалардағы айналым
ведомостьтары белгілі бір синтетикалық шоттармен біріктірілген әр бір
аналитикалық шоттардың топтары бойынша құрылады. Әр бір айналым
ведомостьтарындағы аналитикалық шоттар бойынша қалдықтар мен айналымдардың
жиыны. 308-ші формадағы Бас журнал кітабының сол субшоттарының айналымы
мен қалдығының жиынымен салыстырылады. Айналым ведомостьтар ай сайын
құрастырылады, ал активтер, тез тозатын, құндылығы аз және тез ескіретін
заттар бойынша айналым ведомостьы квартал сайын құрастырылады. 326-шы
формадағы айналым ведомостьтарындағы жазулар (керек болған жағдайда)
бірнеше жылдар ішінде жүргізілуі мүмкін.
Жаңа қаржылық жылда бухгалтерлік есеп регистрларындағы синтетикалық
және аналитикалық шоттарда жыл басындағы қалдықтар сомасы өткен жылдың
соңындағы (аяқтық) балансындағы және есеп регистрындағы соммамен толығымен
сәйкес келуі тиіс.
Әр бір есептік айдың соңында барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық
ордерлер-жинақ ведомостьтар және оларға тиісті құжаттар хронологиялық
тәртіппен іріктеп алынып брошюралануы керек. Құжаттардық көлемі азғантай-ақ
болса брошюралауды үш айда бір рет бір папкаға жасауға болады.
Брошюралардың сыртқы жағында кәсіпорынның және орталықтандырылған
бухгалтерияның атаулары; папканың атауы мен реттік номері; есептік мерзімі,
жылы, айы; мемориалдық ордердің бастапқы және соңғы номерлері; беттер
көлемі жазылады.

Редут-защита жауапкершілігі щектеулі серіктестік Қазақстан
республикасының 1992 жылы құрылған ұйымы болып табылады.
Редут-защита жауапкершілігі шектелген серіктестік коммерциялық ұйым
болып табылады, Серіктестік ірі кәсіпкерлік субъектісі, ондағы орташа
жылдық жұмысшылар саны 250 адамнан астам және бір жылдық активтерінің саны
325000 айлық есептік көрсеткіштен астам.
Серіктестіктің мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Медеу ауданы, М. Мақатаев көшесі, 41 үй.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 3408100 млн теңгені құрайды, ол
мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құралған. Серіктестік қызметінің негізгі
мақсаты тауарға деген (жұмыс, қызмет көрсету) сұранымды қанағаттандырып,
серіктестіктің өндірісінен таза пайда алу болып табылады.
Серіктестіктің мүлкін құрайтын көздер мыналар болып табылады:
- құрылтайшылардың жарғылық каиталға салымы;
- серіктестіктің алған кірістері;
- заңды әрекеттің шектелмеген басқа да көздері.
Серіктестіктің ұйымдары мыналар болып табылады:
- жоғарғы ұйымы – құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
- атқарушы ұйымы – Президент.
Серіктестіктің қатысушыларының құқықтары:
1. Серіктестіктің істерін басқаруға қатысушылар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдары мен ұйым Жарғысының
тәртібі негізінде қатысады;
2. Серіктестік қызметі жайлы ақпарат алу және оның
бухгалтерлік құжаттарымен танысу Жарғыда көрсетілген
тәртіппен жүзеге асырылады;
3. Серіктестіктің қызметінен пайда табу Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарымен, Серіктестіктің
құрылтайшы құжаттарымен және серіктестікке қатысушылардың
жалпы жиналысының шешімдерімен жүзеге асырылады;
4. Серіктестік жойылған жағдайда, несие берушілермен
есептесуден қалған серіктестік мүлкінің бөлігінің құнын
немесе, серіктестікке қатысушылардың барлығының келісімімен
осы мүліктің қолданыстағы бөлігін заттай алады;
5. Серіктестікке қатысты қызметін тоқтатқан кезде Қазақстан
Республикасының заңында қаралған тәртіппен өзінің үлесін
шығарып алады;
Серіктестікке қатысушылардың міндеті:
1. Құрылтай келісім шарты мен ұйым Жарғысының талаптарын жүзеге асыруға;
2. Серіктестіктің Жарғылық капиталына салымдарды құрылтай құжаттарында
көрсетілген тәртіппен, мөлшері мен мерзімінде салады;
3. Серіктестіктің коммерциялық құпия деп тапқан мәліметтерді жариялауға
болмайды;
4. Серіктестіктің атқарушы ұйымын мәліметтер өзгерген жағдайда жазбаша
түрде ескертеді.
Кесте 2. Редут-Защита кәсіпорын бойынша алынған табыстар үлесі*
№ Түсім баптары Сомасы, млн Үлесі, %
теңге
1 Жалпы алынған табыс 56560,9 100
2 Жабдықталған демалыс орындарын 27000 47,74
пайдаланудан
3 Қызмет көрсетулерден алынған: 29560,9 52,26
*Дерек көзі: Іле Алатау МҰТП кәсіпорын нақты мәліметтері негізінде
құрастырылды

2.1 Редут-Защита жауапкершілік ұйымдастырып басқару мүмкіндіктері
Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің
осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер
басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтың бөлімшесі үшін
анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық
бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті
түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты)
зертханасы және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
• Шығын орталығы;
• Кіріс орталығы;
• Пайда орталығы;
• Инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық
бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
Әрбір шығын орталығы – жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның
басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға
көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл
осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті
сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын ұсақтан
құралуы мүмкін. әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын,
жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз
бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді
Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу
үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда
бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған
кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті –
жауапкершілік орталығының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz