Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі, дамуы



Кіріспе бөлім:
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы
бөлімдерінің физиологиясы

Негізгі бөлім:
а) Вегатативтік (автономиялы) нерв жүйесі
б) Үлкен ми сыңарларының қыртысы функцияларының
фиологенетикалық дамуы

Қорытынды бөлім:
Қыртыстың алғашқы
ОНЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий көпірі), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипотоламуд), алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриаполлидарлық жүйесі және ми сыңарларының қыртысы) жатады.
XIX ғасырдың басынан бері Француз физиологі М. Бишаның ұсынысы бойынша организмдегі функцияларды анимальдық (жануарлық), немесе соматикалық және вегетативтік (өсімдік) деп бөледі. Соматикалық функцияларға сыртқы әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялар жатады. Ал вегетативтік функцияларға бүкіл организмдегі зат алмасуды іске асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу, сыртқа шығару, т.с.с.), сондай-ақ өсу мен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын фармакологы Дж Ленгли вегетативтік нерв жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905).
Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардьщ орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдардың, тамырлардың, бездерінің кызметін және каңқа бұлшықеттерінің, рецепторлардың нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. Әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан келетін талшықтар арасында синапстық байланыс болады. Танглий нейроңдарының аксондары тиісті ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды).
1. Төленбек «Адам және жануарлар физиологиясы».
2. Дүйсенбин «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы».
3. Рақышев «Адам анатомиясы».

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Орталық нерв жүйесі жеке бөлімдерінің құрылысы мен
қызметі, дамуы

Орындаған: Асанова Н.
Математика І гр. 1 курс
Тексерген: Құлжанова Д.

Алматы 2006
Жоспар:

Кіріспе бөлім:
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы
бөлімдерінің физиологиясы

Негізгі бөлім:
а) Вегатативтік (автономиялы) нерв жүйесі
б) Үлкен ми сыңарларының қыртысы функцияларының
фиологенетикалық дамуы

Қорытынды бөлім:
Қыртыстың алғашқы
кіріспе
Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жеке бөлімдерінің физиологиясы
ОНЖ-ның бөлімдеріне: жұлын, артқы ми (сопақша ми мен варолий
көпірі), ортаңғы ми, мишық, аралық ми (таламус және гипотоламуд),
алдыңғы ми (қыртысасты ядроларының стриаполлидарлық жүйесі және ми
сыңарларының қыртысы) жатады (1-сурет).

1-сурет. Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлімдері (сызбанұсқа)

Вегетативтік (автономиялы) нерв жүйесі

XIX ғасырдың басынан бері Француз физиологі М. Бишаның ұсынысы бойынша
организмдегі функцияларды анимальдық (жануарлық), немесе соматикалық және
вегетативтік (өсімдік) деп бөледі. Соматикалық функцияларға сыртқы
әсерлерді қабылдау және қаңқа бұлшықеттері іске асыратын қозғалу реакциялар
жатады. Ал вегетативтік функцияларға бүкіл организмдегі зат алмасуды іске
асыратын жүйелер қызметін (ас қорыту, қан-айналу, тыныс алу, сыртқа шығару,
т.с.с.), сондай-ақ өсу мен көбеюді жатқызады. Функцияларды осылай бөлуге
орай оларды реттеуді іске асыратын арнайы соматикалық және вегетативтік
нерв жүйелерін ажыратады. (Ағылшын фармакологы Дж Ленгли вегетативтік нерв
жүйесін автономды жүйе деп атауды ұсынған, 1905).
Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық
функциялардьщ орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі
органдардың, тамырлардың, бездерінің кызметін және каңқа бұлшықеттерінің,
рецепторлардың нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын қамтамасыз
етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық
ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде
орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың
шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуында сегментарлық болмайды. Әр талшық
диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің
талшықтары мидан ішкі мүшелерге қарай бағытталған жолында міндетті түрде
үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын орындарды шеткі вегетативтік
ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан келетін талшықтар
арасында синапстық байланыс болады. Танглий нейроңдарының аксондары тиісті
ішкі мүшелерге жетіп, оларды жабдықтайды (иннервациялайды).
Ганглийлер түрлі мүшелер мен ұлпаларға орталық нерв жүйесінің
импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефлекторлық оралықтар да
болып есептеледі. Сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ-нен, тәуелсіз түрде, өз
шеңберінде, ганлийлерде тұйықталатын рефлекторлық доға арқылы әр түрлі
рефлекстерді іске асырып, ішкі мүшелер функцияларын реттей алады.
Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық (грекше Sympathes – сезімге
ортақтасу) және парасимпатикалық (грекше раrа – маңы, қасында) бөлімдерден
тұрады.

1-сурет. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі (сызбанұсқасы)
Тұтас сызықтар – преганглийлық талшықтар; Үзік сызықтар –
постганглийліктер. Бөліп көрсетілгендер жұлыннын тораколюмбальды бөлімі
(мойынның VII сегментентінен бастап III – бел сегментіне дейін). Бұлардан
преганглийлық симпатикалық талшықтар басталады
Симпатикалық нерв жүйесінің (1-сурет) орталықтары жұлынның жоғарғы
кеуде (1) сегменті мен II-ІV-інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір
мүйіздерінде орналасады (тораколюмбальдық орталықтар). Бұлардан
басталатын прегенглионарлық (ганглийге дейінгі) деп аталатын талшықтар
жұлыннан алдыңғы түбірлердегі соматиқалық талшықтармен бірге шығады. Одан
әрі шекаралық симпатиқалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлеріндегі
нейрондардан постганглионарлық (ганглийден кейінгі) талшықтар шығады. Бұлар
организмнің барлық ішкі мүшелердің, сондай-ақ қан тамырларын жабдықтау
арқылы қаңқа бұлшықеттерін, теріні, миды, т.б. инвервациялайды. Бірақ
преганглионарлық симпатикалық талшыктар шекаралық бағана ганглийлерінен
үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде (сәуле тәрізді шажырқай түйіндерінде)
аяқталады. Бұлардағы нейрондардан шығатын постганглионарлық талшыкгар өз
тарапынан құрсақ бөліміндегі мүшелерге бағытталады.

2-сурет. Нейрон жүйесінің парасимпатикалық бөлімі (сызбанұсқасы).
Бөліп көрсетілгендер көз қозғағыш нерв (ІІІ) құрамында парасимпатикалық
талшық басталатын ортаңғы ми; бас нервінің (VІІ), жұтқыншақ нервінің (IX)
және кезеген нервінің (Х) құрамында болатын парасимпатикалық талшықтар
басты латын сопақша ми жамбас нерв басталатын жұлынның сегізкөз бөлігі.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің (2-сурет) орталық бөлімдері ортаңғы
мида (мезэнцефальдық орталықтар), мида (бульбарлық орталықтар) және
жұлынның сегізкөз сегментттерінде (сакральдық орталықтар) орналасады. Көз
қозғалтатын нервтің, бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің
құрамына кіретін преганглионарлы парасимпатикалық талшықтар өздері
жабдықтайтын мүшелердегі интрамуральдық ганглийлерде немесе оларға жақын
маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлі талшықтар шығатын
нейрондар орналасады.
Көңіл аударатын бір жайт, симпатиқалық нерв талшықтары
парасимпатикалыққа қарағанда организмде өлде қайда кен тараған. Егер
симпатиқалық нервтер барлық дерлік мүшелер мен ұлпаларды жабдықтаса,
парасимпатикалық нервтер қаңқа бұлшықеттерін, ОНЖ-ін, қан тамырларының
басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды (иннервацияламайды). Олар тек ішкі
мүшелерді және бас мүшелерін жабдықтайды.
Вегетативтіқ нерв жүйесі иннервациялайтын қөпшілік мүшелерге,
симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді.
Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы
сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын
жиілетеді; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей бездеріндегі, жыныс
мүшелердегі қан тамырларды кеңейтеді, симпатикалықтар – оларды
тарылтады; парасимпатикалық нервтер қарашықты кішірейтсе, симпатикалық
симпатикалық – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса
симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің
қызметін, ішектің жиырылып-босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер
оларды тежейді, т.с.с. Тұтас организмде бұл жүйелердің қызметтері өзара
келіскен, теңдестірілген қүйде іске асады. Нақты жағдайда, организм
кажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі (тонусы)
күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше.
Бірақ кейде бір жүйе тонусының жоғарылауынан белгілі бір дәрежеде
екіншінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге мәселен, сілекей
безінің қызметін симпатикалық та, парасимпатикалықта әсерлер күшейте алады.
Организмдегі барлық мүшелер мен ұлпалардың бұл нервтермен жабдықталуы ылғи
да қосарланбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.
Вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида (гипоталамус
пен жолақ денеде) орналасқан жоғары вегетативтік орталықтарға бағынады. Бұл
орталықтар организмдегі көптеген мүшелер мен жүйлердің функцияларын
үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми
қыртысы соматикалық және вегетативтіқ функцияларды біріктіріп, бірыңғай іс-
әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын
қамтамасыз етеді.
Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының
соматикалық құрамдас бөліктері вегетативтіктерден өзгеше адам еркіне
тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып, күшейтуге
немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар ылғи да сана бақылауында
болады. Вегетативтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Жүйке жүйесінің құрылымы
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Ми туралы
Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері
Рецепторлар
Пәндер