Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасу мәселесі



I Кіріспе
Нарықтың әлеуметтік.экономикалық мәні, қызметтері және ерекшеліктері.

1.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түрлері.

2.1 Нарықтың құрылымы.
2.2 Нарық инфрақұрылымының түрлері.

III Қорытынды
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасуы.
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілідік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс тәсілдері шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды. Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады. Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілідік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады. Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: ” неге мүмкіндігіміз бар, соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал ”. Орталықтан бекітілген қорлар бойынша жоспарлап, бөлу экономика моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ, шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорнына, жоғары органдарға жеткенше, одан шешімін тауып қайта келгенше, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ендіруге, ресурсты үнемді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау-қоғамдық өндрістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің құлдырауына әкеп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын-ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру, кім үшін өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасу
мәселесі ”.

Жоспар:
I Кіріспе
Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мәні, қызметтері және ерекшеліктері.

1.1 Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түрлері.

2.1 Нарықтың құрылымы.
2.2 Нарық инфрақұрылымының түрлері.

III Қорытынды
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасуы.

Кіріспе

Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі
негізгі әдістері белгілі: әміршілідік және нарықтық. Шаруашылықты
басқарудың бұл әдістері бір өндіріс тәсілдері шеңберінде бірге өмір сүре
алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол
орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау
нарықты қабылдамайды. Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі
деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады. Бұл әлі аз
зерттелген, дегенмен әкімшілідік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын
жеңілдету деп есептеуге болады. Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен
ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине,
нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
шаруашылық байланыстар органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік
әдісте барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар
өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай
бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады.
Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: ” неге мүмкіндігіміз бар,
соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал ”. Орталықтан бекітілген қорлар
бойынша жоспарлап, бөлу экономика моделінің негізі болып табылады.
Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар.
Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық
шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты
әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ,
шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорнына, жоғары органдарға жеткенше,
одан шешімін тауып қайта келгенше, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол
проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге
бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
ендіруге, ресурсты үнемді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға,
өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар
өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау-қоғамдық
өндрістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің
құлдырауына әкеп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда
шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын-ала,
саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде
шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп
өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске
негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы
экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру, кім үшін өндіру
керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бұл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды
сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі
бір тауарлар түрін сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар
өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай
экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен
тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі,
бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным
артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және
керісінше, сұраным азайып баға төмендесе, оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын
күресімен анықталады. Тауар өндірушілеп үшін бір-ақ жол бар, ло белгілі бір
баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу.Ол
үшін аз шығынды қажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай
өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТП
элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар
кәсіпкерлерде болады. Қысқасы, нарық ҒТП жетістіктерін ендіруді, тұтынушыға
қажетті өнімөндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін өндіру керек? Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара
қатынасына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы,
олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың сұрақтары барлық
экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар
әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандарды пікірінше экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік
немесе нарықтық әдістері таза күйінде өмір сүрмейді. Олардың
тұжырымдауынша, нарықты экономикасы дамыған елдерде экономиканы
ұйымдастырудың аралас моделі қалыптасқан, онда жеке және қоғамдық
институттар экономикалық бақылау жасайды: жеке жүйе көрінбейтін қолмен
нарықтық механизмге бағыт-бағдар беріп отырады, ал қоғамдық институттар
әкімшілдік жолмен реттеу және салық стимулдары арқылы.

1. Нарық механизмі

1.1.Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың
тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен, электроникамен және адамзаттың басқа да
ұжымдық даналығының щыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі
кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайыша өмір сүре алмайды. Ал бұл
меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиіиді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі
қайшылықтары бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге,
әсіресе, банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы
жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын
табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді.
Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экономикалық жағдайда өмір
сүру құқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асырауы қажет.
Реттелмеген таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты әлеуметтік құқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар
мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны
реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының
есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және
халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын
жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-
әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық
бұрын-соңды біздің терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну
қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне
негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми
зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әмірщіл-әкімшіл жүйенің
идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың
маңызы мен орны туралы даурықпалы көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және
Қазақстанның ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір
жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұлөндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлегі
немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконмикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасында тауаржәне қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық – тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ проблеманың бір жағын қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып
алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбаспен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек,
себебі тек осы жерде ғана өнім жасалды және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін эконмикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең
аз шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты
маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар
айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән
қайтарымдылық, эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық
өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар
өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас ғана емес, сонымен
қатар өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың өздері арасындағы
байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен
байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті обьективті түрде алдын-ала
анықтайды, яғни шаруашылық серіктестіктерінің қатынас субъектісі ретіндегі
тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің
варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңтаудағы, табыстарды иемденудегі
дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың
шүбәсіз салдары – бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де
болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі
нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен
әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде,
өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық
бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан тиімділігі жоғары және болашағы
зоршаруашылық субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай
түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

1.2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы
ашылады.Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық
игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын
буын ретінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты
қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың
қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың
реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына)
процентік нарқының (ставка) т.б.үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге
жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық қажетті сапа және
ассортименттуралы обьективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызмет атқарады – бәсеке
күресінің жәрдеміменқоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазартады және керісінше олардың дамуына жағдай жасайды.
Бізді нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру
міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда
тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді
түрде айналысуға мүдделі болады.
Осыламен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін
нарықтың атқаратын қызметіне мыналар жатады: Тауардың қоғамдық
мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық
ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан
қамтамасыз ету.
Нарық күрделі экономикалык категория ретінлде өз бетінше емес,
әртүрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-эконмикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай
жағдайлар мен шарттар орындалған жағдайда ғана тиімді қалыптасатынын және
өмір сүруін дәлелдеп берді.
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары; өндіріс қуатының белгілі
бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы ;
- нарық инфрақұрылымын жасау ;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы ;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы ;
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен
тәуелсіздігі, олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан
табыстарына иелік етуге құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы
(нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40
проценттен асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең құқылығы.
Меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс
қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне,
бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына
жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін
қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде
өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-
публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен
алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше бұл ұшқары
пікір. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір
кездегі жаппай национализациялау (өндіріс құрал-жабдықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру iсiнiң дамуы
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымы
Халықаралық экономикалық интеграция
Шағын және орта бизнесті дамыту
Қазақстандағы қайырымдылық негіздері
Сақтандырудың нарықтық экономикалық орны
Пәндер