Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың тақырыбы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Жұмыста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалыптасуы мен дамуы жалпылама түрде толық қамтылды. Университеттің иммиджінің қалыптасуындағы отандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар зерттеліп, таразыланды. Оқу орда түлектерінің университет жайлы айтқан бағалы пікірлері ескерілді.

Жұмыстың өзектілігі: Қабырғасы қаланып қаланып, ел білімі мен ғылымының, мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан Қазақ ұлттық университетінің айтылмай қалған, бірі білсе де көпшіліке жете бермеген жаңалықтары мен жетістіктері көрсетіледі. ҚазҰУ-дың шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы, әлемдік университеттер арасындағы, шетелдік әріптестер көзқарасындағы орны мен беделі зерттелді. Ғасырға жуық уақыт аралығында ауыр да, қиын кезеңдерді басынан өткерсе де қазақстандық элита қалыптастыруға аянбас тер төгіп келе жатқан ұстаз еңбектері жайында айтылады. Бәсекеге қабіліттілікті арттыруда қосып келе жатқан ерен еңбектері мен университет ұжымының даралық, ерекшелік қасиеттері сараланды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Зерттеу нысаны етіп алынған ҚазҰУ иммиджінің қалыптасу және терең мағынасын ашу. Қазақ университетінде дәріс берген, білім алған студенттердің қасиетін айқындау. Осы мақсаттарға сай мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажет деп ойлаймын:

  1. ҚазҰУ-дың елдік білімге қосқан үлесін көрсету.
  2. Ел тәуелсіздігінің нығайуына қосар үлесін айқындау.
  3. Бәсекеге қабілетті маман кадрлерді даярлайтын университет екендігін дәлелдеу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны. Бүгінде 75 жылдық сүбелі жетісіктерді бағындырып, тарихтың төрінен орын алған оқу ордасы сапалы маман кадрларды дайындауда ерекше құрметке ие. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен университетке “ұлттық” деген ерекше мәртебе берілген болатын. Ұлттық университет өз жұмысын дарынды ғалым-ұйымдастырушы, 1970-1986 жылдары университеттің ректоры болған, ҚазҰУ қалашығының негізін қалаушы Ө. Жолдасбековтың есімін мәңгі есте қалдырудан бастады. Бұл туралы ғылыми кеңеске ұсыныс жасалынып, Студенттер сарайына ұлағатты тұлғаның аты берілді. Бұл қадам әрбір жеке тұлғаның сіңірген еңбегі мен қосқан үлесін лайықты бағалаудың үздік көрінісі мен ұжымдық бірліктің бастамасы еді. Екіншіден, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дәстүрлі құрылымдармен қатар (14 факультет, 102 кафедра) еншілес мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ие, қаржыландырудың түбегейлі жаңа тетігі бар 7 ғылыми зерттеу институты, технопарк және 15 ғылыми орталықтың желісі құрылған еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны. Бұл әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми білім беру саласында инновациялық кластерлердің нақты пайда болуының айқын көрінісі.

Үшіншіден, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан мен Орта Азия елдерінің жоғары оқу орындары тарихында алғашқы болып 2003 жылы Италияның Болонье қаласында университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, бұл Орталық Азия аймағының әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашты. Қазіргі таңда серіктес шетелдік жоғары оқу орындарының саны 400-ден асты.

Төртіншіден, қасиетті қарашаңырақ 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығының лауреаты атанды. Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды еліміздің жоғары оқу орындарының Бас рейтингісінде бірінші орынды тұрақты иеленіп келе жатқандығын да мақтанышпен айта аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында: “әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы”, - деп атап өтіп, ең үздік студенттерімізге 100 Президенттік шәкіртақы тағайындауының өзі білімді жастарға зор демеу болды. Оқу үдерісімен қатар, қара шаңырақтағы тағы бір маңызды мәселе - қазіргі заман талаптарына сай студенттердің лайықты тұрмысы мен демалысын, тамақтануын және спортпен айналысуын қамтамасыз етіп, рухани дамуы мен шығармашылық қызметіне жағдай жасау. Бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» байқауын өткізуде. ҚР БжҒМ байқау комиссиясының шешімімен 2005 жылы - 26, 2006 жылы - 35, 2007 жылы - 38 профессорлар мен доценттер «Жоғары оқу орнының ең үздік оқытушысы» Мемлекеттік гранттың иегерлері аттанды. 2007 жылы 200 грант иегерлері - республикамыздың 140 ЖОО өкілдері болса, оның 38 біздің университетіміздің доцентері мен профессорлары. Өткен жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші рет «2008 жылғы ҚазҰУ-дың ең үздік оқытушысы» университет ішінде байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде ҚазҰУ-дың 95 оқытушысы үздік атанды. Байқауды өткізу барысында оқытушылардың қызметін жан-жақты бағалау үшін: оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары қарастырылды. Талаптардың (критерий) ең басты бағасы «Оқытушы студенттің көзқарасымен» сауалнамасы болды. Факультеттер комиссиясының байқау қорытындысы бойынша ҚазҰУ-дың 115 оқытушысы ең үздік атанды.

Бұл дегеніміз жоғары кәсібилікті көрсетеді. Қазақстандық білім берудің жетекшісі-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы-профессорлар құрамы жемісті еңбек етуі үшін барлық жағдайлар жасалынған. Бүгiнде ЖОО рейтингтерiн анықтау әлемнiң 30 елiнде жүргiзiлiп келедi. Халықаралық сарапшылардың сараптамасында Қазақстан 2007 жылдан берi ЖОО рейтингтiк көрсеткiшiн анықтайтын ел ретiнде көрсетiлдi.

Айта кетерлiгi, рейтингтен орын алған 60 ЖОО-ның iшiнде бiрiншi тұғырға - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi лайық деп табылған. ҚазҰУ-дiң ректоры Бақытжан Жұмағұлов: "ЖОО рейтингтiк нәтижесiн сараптау үшiн эксперттер сырттан алынған. Әрине, бiзге жеңiс бiлiктi, бiлiмдi мамандар мен оқытушылардың еңбегiнiң арқасында келдi. Бүгiнде ЖОО арасында iргелi ғылыми зерттеулердiң 50 пайызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң еншiсiне тиесiлi. ЖОО рейтингiн анықтап отыру - бiлiм саласындағы бәсекелестiктi арттырады. Әр ЖОО өз орнын бiлу керек. Сапалы бiлiм берiп, сапалы маман дайындау жағына көңiл бөлсе құба-құп. ЖОО рейтингi жоғары болса, жастар да осында оқуға ұмтылады. Келешекте елiмiздегi ЖОО жұмысының нәтижесiн әлемдегi белгiлi университеттермен салыстыру, ТМД, Шанхай, Еуропа ЖОО рейтингiне қатысу мәселесi қарастырылуда" дегендi айтты.
Республикадағы іргелі жоғары оқу орны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД елдерінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының "Ғылым және білім" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сез реті келгенде атап айтарлығы, ҚазҰУ өзірге мұндай жоғары марапатқа ие болған еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны. Жетекші университет мұндай жоғары мәртебеге ғылым мен білім беру сапасы және сапаны басқарудың қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерін енгізгені үшін қол жеткізіп отыр.

Бұл жөнінде Мәскеуде биылғы жылдың сәуір айының басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің "Сапалы өнімдер мен қызмет саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының 2007 жылы лауреаттары мен дипломанттарын марапаттауға арналған ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілісінде айтылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын тапсыру салтанаты биыл тұнғыш рет өткізіліп отыр.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында жинақтау, жүйелеу, қорыту, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ҚазҰУ жайлы мақалаларға талдау жасау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

Негізгі бөлім

І тарау ҚазҰУ кеше және бүгін

  1. ҚазҰУ-дың тарихы жайлы

Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы жетекші жоғары оқу ордасы. Қарашаңырақтың іргетасы 1934 жылы қаланды. Бүгінде университетте 13 факультет бар.

  1. Химия факультеті 1934 жыл
  2. Биология факультеті 1934 жыл
  3. Физика факультеті 1934 жыл
  4. Журналистика факультеті 1934 жыл
  5. Филология факультеті 1937 жыл
  6. Экономика және бизнес факультеті 1949 жыл
  7. Тарих факультеті 1948 жыл
  8. География факукльтеті 1949 жыл
  9. Заң факультеті 1955 жыл
  10. Халыкаралық қатынастар факультеті 1955 жыл
  11. Механика-математика факультеті 1959 жыл
  12. Шығыстану факукльтеті 1989 жыл
  13. Философия және саясаттану факультеті (1947) 1997 жыл

Бүгінде атаулы университет 75 жасқа келді. Осы уақыт аралағында атаулы білім ордасы отандық ғылым мен білімнің, техника, мәдениет, білім саласында салмақты да күрделі жолдардан өтті. Осы уақыт арлығында ҚазҰУ-ға басшылық еткен ректорлардың саны 12-ні құрайды. Олар:

  1. 1934 жыл - Ф. Т. Оликов
  2. 1940 жыл -И. К. Лукянец
  3. 1947 жыл -Т. Т. Тәжібаев
  4. 1953 жыл - А. А. Закарин
  5. 1955 жыл - Т. Б. Дарханбаев
  6. 1962 жыл - А. А. Закарин
  7. 1970 жыл - Ө. А. Жолдасбеков
  8. 1986 жыл - Е. Е. Ерғожин
  9. 1988 жыл - М. М. Әбділдин
  10. 1991 жыл - К. Н. Нәрібаев
  11. 2001 жыл - Т. Ә. Қожамқұлов
  12. 2008 жыл - Б. Т. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен университетке “ұлттық” деген ерекше мәртебе берілген болатын. ҚазҰУ: базалық жоғары білім (бакалавриат), арнайы жоғары білім, магистратура, докторантура саласы бойынша білім береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны. Осы орайда университет ұжымына қарата айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің: “Сіздер университет қабырғасында тек білікті маман ғана емес, уақыт талабына жауап беретін тұлға дайындауларыңыз қажет” деген тұжырымды пікірін атап өтуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кабис бағдарламасы
ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Әскери оқу орындары
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz