Әкімшілік құқық туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе . . . 1

ІІ. Негізгі бөлім . . . 2

1. Әкімшілік құқық ғылымы өткен және қазіргі кезеңдерде. . . . 2

2. Отандық әкімшілік құқық ғылымының даму тарихы. . . . 4

ІІІ. Қорытынды . . . 7

І. Кіріспе.

Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның мұндай орын алатын себебі «әкімшіліктің» әрқашан да және қзір де сөзсіз үлкен қоғамдық, тіиті өмірлік зор мағынасы бар деуге болады.

Қазіргі кезде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік биліктің салаларының ( тармақтарының) бірі - атқарушы биліктің механизмі болып табылады. Бұл механизм бүкіл Республика көлемінде атқарушы билік нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік .

Мемлекеттік әкімшілік - мемлекеттік машинаның нағыз көп, нағыз күшті бөлігі. Ол елдің орасан зор бюджет, табиғат және өзге ресурстарына тікелей билік етеді.

Басқару біздің қоғамның заң сыйлайтын барлық мүшелерінің күнделікті өмірлік мүдделеріне бәрінен де гөрі жиірек ықпал етеін болғандықтан, сондай-ақ мұндайықпалдың өркениетті, яғни қолданылып жүрген заңнамаларды қатал сақтауға негізделген, сипаты болуы үшін, басқарушылық қызметке заңдық нысан беру талабы обьективті болып табылады. Нақ осындай нысан әкімшілік құқық болып табылады. Не себептен? Біріншіден, «әкімшілікә», «басқарушылықпен» барабар. Екіншіден, атқарушы билік органдарының және оның өкілдерінің-лауазымды адамдарының қызметінің мазмұны тап сол мемлекеттік немесе жариялы басқару болып табылады.

Демакратиялық қағида негізінде ұйымдастырылған мемлекеттің әкімшңлңк құру және оның атқаратын қызметі құқықпен анық әрі толық реттелуі тиіс. Бұл жерде қай мемлекеттің бомасын құқығының іргелі саласы--әкімшілік құқық негізгі рөл атқарады. Оның Қазақстанда ерекше маңызы бар, өйткені біздің елдің үлкен аумағы, бай табиғыи ресурстары, халқының көпұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері сияқты факторлар мемлекеттік әкімшіліктің айрықша маңызды болуына себеп болып отыр. Осы үшін біз әкімшілік құқығын ғылыми тұрғыдан жетілдіруіміз керек ол үшін оның ғылыми тұрғыдан дамуын жете білуіміз керек. Біз бұл мәселені осы рефератың төмендегі бөлімдерінде толықтай ашамыз. Алдымен әкімшілік құқық ғылымы деген не міне осы түсінікті біліп алуым керек.

Әкімшілік құқық ғылымы дегеніміз әкімшілік құқық нормаларын зерттейді, оларды топтастырады әрі жүйелейді, құқықтық институттарға біріктіреді және белгілі бір жүйеге келтіреді.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Әкімшілік құқық ғылымы өткен және қазіргі кезеңдерде.

Құқықтың аса іргелі-Конституциялық (мемлекеттік), азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық салаларын зерделейтін заң ғылымдарының ішіндегі ең жасы әкімшілік құқық ғылымы. Оның даму процесі үш жүз жыл шамасы бұрын «Полиция ғылымы» немесе «Полиця құқығы» деген атпен басталып, ХІХ-ХХ ғғ аралығында әкімшілік құқық деп аталатын дербес ғылымға айналумен аяқталды. Оның алғашқы қадамы ХІV- Людовик кезіндегі Францияға, ІІ-Фридрих, тұсындағы Пруссияға және І- Александрдың Россиясына тура келеді. Барлық аталған Монархиялар сыртқы саяси аренаға күшті флот пен армия, ал ішкі өмірге қатаң тәртіпке жақсы үйретілген полициялық аппарат қоя алатын күшті әкімшіл-әміршіл мемлекеттер болды. Бұл елдердің полиция қызметін реттеу туралы шығарған нормативтік актілері полициялық заңнамаларға біріктірілді.

Практика теория туғызуға себеп болды. Осы заңнамалардың негізінде Француздық Н. Деламараның «Тоактат о пилиции» деген бірінші ғылыми еңбегі 1705 жылы пайда болды. Ол полиция қызметімен мемлекеттік басқаруға қатыстының бәріне ғылыми тұрғыдан баяндама беріп, полиция құқығы ғылымы негізінің алғашқы ірге тасын қалады.

Деламаранның бастаған ісін ХVІІІ-ХІХ ғғ. неміс ғалымдары Юсти, М. Зоннненфельс, Р. Моль, Л. Штейн, ал Россияда -И. Н. Платонов, Н. Ф. Рождественский, В. Н. Лешков, И. Е. Андреевский, тб. жалғастырды. Полициейс- ғалымдар өздерінің жұмыстарында қоғамдық тәртіпті қорғауды, азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі полиция рөлінің маңыздылығын дәлелдеуді негізгі міндет етіп қойды.

Полиция ғылымының дамуында және оның әкімшілік құқық ғылымына ауысуында ХІХ-ғғ . Көрнекті неміс ғалымдары Р. Моль мен Л. Штейн ерекше орын алады. Олардың ғылыми қызметі Батыс еуропада абсалюттік (шексіз билік) мемлекеттердің буржуазиялық-құқықтық мемлекттерге айналуы, билікті бөлу негізінде атқарушы биліктің бөлінуі және осы себепті мемлекеттік басқарудың күрделенуі жағдайында өтті.

Р. Мольдің «Наука полиции как учение о првово государстве» (1832 ) және Л. Штейннің « Учение об упарвлении» (1867) бірнеше рет басылып шығуға жараған және әсіресе Россия оқушыларының қана қабылдаған жұмыстарында төмендегідей ой -тұжырымдар негізделген болатын:

1. Полициялық қызмет азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған және солай болғасын құқықтық мемлекет ұғымымен тығыз байланысты:

2. Мелекеттік басқару ХІХ ғ. полициялық қзметпен ғана шектелмей, әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларын (қаржыны, экономиканы, қоғанысты ) қамтиды, сондықтанда полициялық құқық басқарушылық қатынастарды регламенттеу үшін құқық саласы ретінде тарлық жасайтын болды. Осыдан полициялық құқық ұғымын мемлекеттік- басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар туралы білімді де сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау аясындағы полициялық қатынастарды реттейтін нормалар туралы білімді де жақындық белгілері бар және біртұтастыққа біріктіре алатын әкімшілік құқық ұғымымен ауыстыру пайдалы деген қорытынды жасалынды.

Полициялық құқық ғылымын реформалауды аяқтауға және оны әкімшілік құқық ғылымына ауыстыруға ХІХ -ХХ ғғ. аралығындағы заңға тәуелді басқарудың либеральдық (ымырашылылдық) мектебінің көрнекті өкілі неміс әкімшілік құқығының маманы О. Майер үлкен үлес қосты. Ол өзінің «немецкое админитративное прово» (1895) деген негізгі жұмысында полициялық құқықтың ғылым аренасынан толық ығыстырылғанын және әкімшілік құқықтың салтанат құрғанын жария етті. Оның пікірі бойынша әкімшілік құқық ғылымының міндеті қызмет атқарып отырған мемлекттік басқару органдарының заңдық мәнін зерттеу, олардың қызметінің нысандарын жүйелеп баяндау және, ең маңыздысы олардың азаматтармен қарым-қатынасын, осыған байланысты пайда болатын даулы жағдайларды және оларды жоюдың механизмдерін көрсету болып табылады.

Әкімшілік құық ғылымының қалыптасуында ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Француздық әкімшілік ғалымдардың де Жерандо, А Батби, Г. Бартелеми, М. Ориу жұмыстарының айтарлықтай маңызы боды. Бірақ Францияның әкімшілік құқық теориясы өз бастамасын Деламардың «Трактат о полиции» -еңбегінен емес, ХІХ ғ бірінші ширегінде Францияда, Бірінші империя мен Реставрацияның дәуірінде, әкімшілік сот пайда болған және әкімшілік әділет даму ала бастаған кезде орныққан әкімшілік тәртіптен алады. Францияның әкімшілік құқық ғылымының өткен жүз жылдығы дамуын қорытындалаған Париж университетінің профессоры Г. Бартилемидің « Элементарный трактат об административном прове» деген жұмысында әкімшілік құқықтың жүйесі тұтастай алғанда үш бөлікке бөлінген :

Біріншісінде басқару органдары, екіншісінде -олардың қызметінің әдістері мен нысандары, үшіншісінде-әкімшілік соттар және сотқа берілетін талап арыздар бойынша процедура сараланған.

Неміс және франция әкімшілік құқығының демакратиялары (ғылыми теориялары) тікелей және жанама түрде орыс әкімшілік құқығы ғылымының дамуына әсер етті, оның ХІХ ғ. аяғындағы ХХ ғ- басындағы көрнекті өкілдері И. Т. Тарасов, В. Ф Дерюжинский, В. В. Ивановский. Н. И. Лазаревский, Э. Н. Берендтс. және басқа құқық ғылымдары болды.

И. Т. Тарасов пен В. В. Ивановский атқарушы биліктің және оның құрамдас бөлігі-мемлекеттік қызметтің проблемаларын зерттеуге көп еңбек сіңірген ғалымдар. И. Т. Тарасов «Админисртативное (полицейское) право» деген жұмысында атқарушы билікті заңды орныдау үшін басқару актілерін шығару құқығы және бойсұнбаған жағдайда полициялық мәжбүрлеу қолдану құқығы берілген заңға тәуелді ретінде қараған. В. В. ивановский « Мемлекеттік қызмет» (1898) деген еңбегінде Россиядағы мемлекеттік қызметтің тарихын, оған кірудің шарттардың және оны өткерудің тәртібін зерттеген.

Кеңес өкіметі кезіндегі әкімшілік құқық ғылымының тарихы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші большевиктердің 1917 ж. қазанда өкіметті тартып алғаннан 30 жж. Бірінші жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Екінші 30 жж. соңынан басталып, 90-жылдардың басында аяқталды.

Бірінші кезеңде ғылыми ойлауға біршама еркіншілік болған НЭП жылдары едәуір нәтижелі болды.

Әкімшілік құқық ғылымының тарихында екінші кезең екі кезден тұрады: бірінші кез қатал 40-50 жж. тура келеді, екніші кез, КПСС-тің ХХ сьезінен (1956) кейін «жылымықтан» басталған, 60-70 жж. қамтиды.

40-50 жж. ғылыми зерттеулердің бірнеше бағыттарда жүргізілгендігін көруге болады.

Мемлекеттік қызмет туралы Ресей мен Қазақстанда 1993, 1995 жж. қабылданған және Россияның мемлекеттік қызметін реформалауды бастауға негіз болған РФ Президентінің 1993 ж. 2-желтоқсандағы Жарлығы мен қабылданған заңнамалық актілер әкімшілік құқықтың бұл аумағындағы зерттеулерге қозғау салды. Мемлекеттік қызметінің келелі мәселелері В. М. Манохинның, Ю. Н Стариловтың, Д. М. Овсянконның, А. А. Гришковцаның, А. Ф. Ноздрачевтың және басқалардың мақалалары мен монографияларының жан-жақты зерттелінді.

РФ Конституциясы сияқты ҚР-ның Конституциясы да азаматтардың өзге құқықтардың өзге құқықтары мен және бостандықтарымен қатар мемлекеттік органдарға өтініш жасау құқығын бекітті . РФ Конституциясында азаматтардың халықаралық деңгейдегі инстанцияларға да өтініш бере алатыны заңдастырылған.

90 жж. әкімшілік құқық бойынша бірнеше оқулықтар мен лекциялар курстардың жарыққа шығуымен есте қалады, олардың авторлары Д. Н. Бахрах, Ю. М. Казлов, А. П. Алехин, А. П. Коренов және басқа ғалымдар. Ғылыми материялды құру жөнінде шығарылған жұмыстар дағды бойынша Жалпы және Ерекше бөліктерге бөлінеді, ал Жалпы бөлікті талдау схемасы әкімшілік құқық теориясына, атқарушы билік органдарына мемлекеттік қызметке, басқару актілеріне және мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз етуге арналған бөлімдерден тұрады.

Ресейдің, Қазастанның әкімшілік құқық ғылымдарының соңғы жылдардағы оқулықтары, монографиялары, мақалалары көптеген ғылыми күрделі мәселелерді дұрыс шешуге кедергі болған идеологиялық догматтар мен императивтерден отандық әкімшілік құқық ғылымының арылғандығы туралы айғақтайды.

2. Отандық әкімшілік құқық ғылымының даму тарихы.

Кеңес өкіметінен кейінгі тәуелсіз мемлекеттерде әкімшілік құқық ғылымының даму тарихы ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап жүргізілген саяси және эканомикалық реформалардан басталады. Қазақстанда 1993 және 1995 жылдары жаңа Констиуциялар қабылдау, әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық эканомикаға көшу, жеке меншік пен кәсіпкерлік қызметті заңдастыру және саяси аяда азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде маңызды жаңа құбылыстардың пайда болуына себеп болды. Бұлар өз кезегінде әкімшілік құқық пен осы құқық саласы ғылымының алдына бірнеше жаңа міндеттер қоюға келтірді.

Бұл міндеттердің көпшілігі ҚР-сы Президентінің 2002 ж. 20-қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған, іске асырылуы 2010 ж. Дейін есептелген, «ҚР-ның құқықтық саясат Тұжырымдамасында» көрініс тапқан.

Мұнымен қатар Әкімшілік-құқық ғылымының зерттеумен айналысатын келелі мәселелері Мемлекет басшысының 2006 ж. 24- наурыздағы Демакратиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында сөйлеген сөзінен және онда ұсынған саяси жүйені демакратияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нақты бағыт-міндеттерінен туындайды.

Бұл Бағдарламаны 2006 ж-дан 2011 -ға дейінгі екі кезеңде жүзеге асыру мерзімі белгіленген. Бағдарламада басқа аса маңызды саяси мәселелермен қатар атқарушы билік органдары жұмысшының тиімдігін арттыру жөнінде іске асырылуға жататын бірнеше нақты мәселелер мен міндеттер ерекше атап көрсетілген.

Атқарушы билік органдарының көпқырлы жұмыстарының басты мақсаты қазақстанның мемлекеттігін нығайту болып табылады. Нақ осы жәйт реформаны одан әрі жалғастырудың, дағдарыстан шығудың, эканомикалық құрылысын қайта құрудың, эканомикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтандыру үшін жағдайлар жасаудың негізіне жатады.

Мемлекетті нығайту жөнінде әкімшілік құқық үлкен рөл атқарады. Құқықтың басқа құқық салаларынан үлкен салмақ күші бар. Заң шығарушы және атқарушы билік органдарының көлемі жағынан орасан зор нормалар шығару қызметі жүзеге асырылуда. Жаңа нормативтік нормалар шығарылып жатыр, ал олардың қолданыстағылары әрдайым өзгертіліп, толықтырылуда. Бұл жерде ең маңыздысы, заңнамалық актілер көлемі күрт көбейе түсуде, олар барған сайын көбінесе тікелей қолданылтын актілергеайналуда, ал заңға тәуелді актілердің үлес алмағы азая түсуде. Сондықтан атқарушы билік органдары заңнамалық актілердің жобаларын дайындаған кезде олардың міндеті-бұл жұмысты мүмкін болғанынша сапалы етіп орындау. Әрбір нақты жағдайда заңды орындау механизмін-нақты орындаушыларды, оларды қолданудың нысандары, әдістері мен мерзімдерін, жауапкершіліктің түрлерін, сондай-ақ орындауды бақылау мен тексеруді айқындау қажет. Заң шығарушы мен құқық қорғау ресурс жағынан қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызды. Мақсат-заңдарды толықтыратын немесе нақтылайтын заңға тәуелді актілер шығарудың қажеттілігі мүмкіндігін азйту, өйткенібұл әрқашанда заңдылықты бұзуға қаіп туғызады.

Әкімшілік құқықтың міндеті-нарықтық эканомиканң заңымен өмір сүретін қоғам мен мемлекеттің қалыпты қызет атқаруы үшін жағдай жасау. Мемлекеттік аппараттың бүкіл қызметінің өзге халық шаруашылығын қатал, императивтік (бұйрықты) басқару емес, қайта әртүрлі ынталандырулар арқылы реттеу, атқарушы билік органдарында кадрларды біліктілік пен таңдау және орналастыру, лауазымды адамдарға бақылау жасау болуға айналуда.

Қазақстанның жаңа ілеуметтік-эканомикалық формацияға және жаңа саяси жүйеге өту кезіңінде әкімшілік құқық бұрын белгісіз, көп жаңа субьектілер пайда болды. Олардың ішінде-жаңа қоғамдық ұйымдар, акционерлік қоғамдар, холдинктер, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банкілер, кәсіпкерлер, қазыналық кәсіпорындар, әртүрлі үйлестіруші органдар олардыың ішінде, ТМД шеңберінде және басқалар. Әрине, олардың жалпы құқық субьектілері және оның ішінде әкімшілік құқық субьектісі ретінде, құқықтың жағдайын айқындаудың қажеттігі пайда болады.

ҚР-ның атқарушы билігі және оны ұйымдастыру туралы әзірге арнайы заң жоқ. Ол дайындалу үстінде. Сондықтан парктикада оның органдарының міндеттері мен функцияларына, олардың қызметінің жағымсыз салдарлары үшін жауапкершіліктің шегіне, сондай-ақ Президенпен атқарушы билік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының арақатынасына байланысты көп мәселелер туындайды.

Жоғарыда аталған Елбасының Жолдауда мемлекеттік органдардың стратегиялық, әкмшілік-атқарушы және бақылау-қадағалау міндеттерінің бөлінісі лайықты тиянағын тиіс деген міндет қойылған. Осыған орай өте маңызды проблема-нарықтық қатынастар кең өріс алған жағдайда министрліктердің, агенттіктердің, комиететтердің алатын орнын, рөлі мен құзыретін дұрыс айқындау.

ҚР-сы Президенінің 2004 ж 29-қыркүйекте жоғарыда аталған жарлығында министрліктерге тиісті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар бекітілуге тиіс деп белгіленген. Олар негізінен «Бұйрықтық» емес, эканомикалық және құқықтық актілерді қолдануға тиіс. Басқарудың жаңа әдістері барған сайын көбірек кредиттің, салық салудың, тауарларды сертификаттаудың көмегімен, баға саясаты, кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, рынокта жекеленген кәсіпкерлердің, монополиялық жағдайына және теріс пиғылды бәсекеге жол бермеу (шектеу) арқылы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қадағалау жүйесін шындығында жаңадан құруды қажет етеді. Бақылаудың бұрынғы жүйесі жойылды, ал жаңасы әзірге құрылу үстінде. Бұл-құқықтық шектен шыққвн деген атақ алған құбылыстың негізгі себептерінің бірі. Эканомикалық мемлекеттік емес секторына қатысты, әсіресе еңбек туралы заңнамалардың сақталуына, мұнда көптеген құқық бұзушылықтарға жол беріледі, бақылау өкілеттіктері көлемін едәуір кеңйту шұғыл қажет болып отыр. Бұл жөнінде Президенттің атына, Үкіметке, барлық деңгейдегі соттара түсіп жатқан хаттар мен шағымдардың сандарымен сипаттары бойынша ой түюге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық заңнама туралы
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz