Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.24
§1. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңдар ... ... .6
§2. ҚР заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау: түсінігі, мазмұны, ерекшелігі ... ...14
§3. Тұтынушылардың құқықтарын (мүдделерін) қорғайтын орган дар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
§4. Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы ТМД және Балтика елдеріндегі заңдарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі және нормативтік актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Жұмыс – азаматтық құқық (жалпы бөлім) пәнінің маңызды және күрделі институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, бұл құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Тұтынушылар құқықтарын қорғау ҚР Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етіледі.
Әрбір тұтынушының, атап айтқанда:
• тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға;
• тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапалы және қауіпсіз болуына;
• тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет алуға;
• тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.
Ал, осы құқықтарды бұзу және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, бір сөзбен айтқанда тұтынушылар құқығын (мүдделерін) қорғау – жұмыстың пәні болып табылады.
Зерттеудің нысаны Азаматтық құқық пәнінің заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты қатынастар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемамыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысына тиянақты түрде тоқталып талқылылап кету.
Мысалы, республикада тұтынушылардың қатысуымен қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын құрайтын ҚР-ның азаматтық құқық институтымен танысу.
1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
2. «Тұтынушылардың кұқықтарын қорғау туралы» 5 маусым 1991 жылғы №640-ХП, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы соңғы өзгерістер (26.06.1992ж. №1435-ХП енгізілген).
3. ҚР Азаматтық кодексі 27 желтоқсан 1994 жылғы №269-ХІІІ (жалпы бөлім).
4. ҚР Азаматтық кодексі 1 шілде 1999 жылғы №409-І (ерекше бөлім).
5. Ударцев С.Ф. О защите прав потребителей// ГК РК -толкование и комментирование. Общая часть. Выпуск 1. Алматы. 1996г.
6. Суханова Н.Т. «Обзор судебной практики по делам о защите прав потребителей». Гражданское законодательство РК: статьи, комментарии, практика. Выпуск 7. Алматы: ВШП «Әділет» 1999г.
7. Алешина И.В. «Поведение потребителей». Учебное пособие для вузов. М., 1999г.
8. Вахнин И.Г. «Особенности формирования обычаев делового оборота в договорной работе» Законодательство. Интернет-версия.
9. Гражданское право: В 2 т. Том 1. Учебник / Отв. ред. проф. Е.А. Суханов. М., 1998г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың
құқықтарын қорғау”

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6-24
§1. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңдар ... ... .6
§2. ҚР заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау: түсінігі,
мазмұны, ерекшелігі ... ...14
§3. Тұтынушылардың құқықтарын (мүдделерін) қорғайтын орган
дар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
§4. Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы ТМД және Балтика елдеріндегі
заңдарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі және нормативтік
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Жұмыс – азаматтық құқық (жалпы бөлім) пәнінің маңызды және күрделі
институты болып есептелетін Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша
тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының
көкейкестілігі, бұл құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми
зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Тұтынушылар құқықтарын қорғау ҚР
Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен
қамтамасыз етіледі.
Әрбір тұтынушының, атап айтқанда:
• тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт
жасасуға;
• тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапалы және қауіпсіз болуына;
• тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет алуға;
• тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.
Ал, осы құқықтарды бұзу және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, бір
сөзбен айтқанда тұтынушылар құқығын (мүдделерін) қорғау – жұмыстың пәні
болып табылады.
Зерттеудің нысаны Азаматтық құқық пәнінің заңдылығы бойынша
тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты қатынастар болып
табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемамыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысына тиянақты түрде тоқталып талқылылап кету.
Мысалы, республикада тұтынушылардың қатысуымен қатынастарды реттейтін
нормалар жиынтығын құрайтын ҚР-ның азаматтық құқық институтымен танысу.
Негізгі заң актілермен танысу, тұтынушылық қатынас түсінігін анықтау,
нарықтық қатынаста орнын белгілеу. Тұтынушы бейнесі мен оның құқықтық
мәртебесін анықтау.
Курстық жұмыстың теориялық базасын – азаматтық құқық саласындағы
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері
құрайды.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.
Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.
Басқа пәндермен ара қатынасы

- мемлекет және құқық теориясы;
- мемлекет және құқық тарихы;
- рим жеке құқығы;
- азаматтық құқық – барлық (толық) курс;
- азаматтық іс жүргізу;
- кәсіпкерлік құқық;

Негізгі бөлім
§1. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заңдар

Әр түрлі тауарлар мен қызметтерге халықтың қажеттіліктерін сауда,
өндірушілер, жұмыстар мен қызметтерді орындаушылар қамтамасыз етеді. Бірақ
тұрақты емес нарық жағдайында олар тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді
алудың өздері үшін тиімді шарттарды таңғысы келеді. Тауарлардың елеулі
бөлігінің төмен сапада болуы, ал мұның кейде адамдардың денсаулығына қауіп
төндіруі ерекше алаңдатушылықты туғызады.
Дәл осы себепті әрбір тұтынушы үшін мемлекеттік қолдау қажет.
Мемлекет кәсіпорындарды сапалы өнім шығаруға мәжбүрлей отырып,
тұтынушылардың құқықтарын заңды түрде қорғайды. Мұндай заңдар
тұтынушылардың қатысуымен болатын қатынастарды реттейді, тұтынушылардың
құқықтарын және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтайды. Оған келесі
нормативтік құқықтық актілерді жатқызуға болады:
Қазақстан Республикасының Конституциясына орай – азаматтар өмір
сүруге, қоғамдық ұйымдарға бірігуге, демалуға, денсаулығын күтуге, қолайлы
қоршаған ортада тұруға, білім алуға және т.б. құқықтары бар екені белгілі;
мұндай құқықтары бұзылған жағдайда азамат сотқа жүгіне алады.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – бұл заңның нормасына
сәйкес тұтынушыларға қызмет ететін мекемелерге, соңғылардың құқығы бұзылған
жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерін анықтайды.
ҚР қылмыстық кодексі – тұтынушыларды алдағаны үшін, тұтыну сапасына
жалған мәлімет беріп, олардың қаржылық шоттары мен тауарларына қол сұққаны
үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
ҚР азаматтық кодексі – жалпы бөлімінде кәсіпорын, заңды тұлға және
азамат мәртебелері туралы, сондай-ақ меншікке және мәмілеге қатысты жалпы
ережелер көзделсе, екінші бөлімі (ерекше) кәсіпкерлік қатынастарын,
азаматтардың мүліктік қатынастарын, сонымен қатар жеке міндеттемелік
қатынастарды реттеулері белгіленген.
ҚР тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заң – бұл келесі қатынастар
түрін реттейді, тұтынушылар мен сатушы арасындағы қатынастар,
тұтынушылардың құқықтары, олардың мүддесін қоғамдық және мемлекеттік
қорғау, құқықтық механизмдерін, сондай-ақ жауапкершілік мәселелерін
реттейді.
Жоғарыда айтылған заң актілерінен басқа тұтынушылар құқығын қорғау
саласында басқа да нормативтік актілермен реттеуін табады. Мәселен, келесі
құқықтық актілерді келтіруге болады:
- ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 18 қыркүйек 1995 жылғы № 181
бұйрығы базарда сауда жасау ережелері мен оған қатысты санитарлық
талаптары;
- ҚР Өкіметінің 24 мамыр 1996 жылғы № 649 ҚР тұтынушылық тәуелсіз
экспертизасы жөнінде типтік ережені бекіту туралы қаулысы;
- ҚР Жоғарғы Сотының 25 шілде № 7 Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
заңды соттардың тәжірибелік қолдануы туралы қаулысы;
- Дәрі-дәрмек өнімдерінің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және емдеу-
профилактикалық тағам өнімдерінің сапасын мемлекеттік бақылау туралы
ҚР МК-нің 1993 ж 2 қарашадағы № 1090 қаулысы;
- ҚР-ның базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату
құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы
Ереже;
- және тағы басқалары.

ҚР-ның тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңы баптарының (нормаларының)
аралық мазмұны
(1991жыл№640-ХП)
тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы соңғы өзгерістер: 26.06.1992ж.
№1435-ХП енгізілген.

I Бөлім. Жалпы ережелер

1 бап. Тұтынушылар күқықтарын қорғау заңын қолданудын мақсаттары мен
негізгі міндеттері
2 бап. Негізгі түсініктер
3 бап. Тұтынушылардың қүқықтарын корғау заңдылығы
4 бап. Тұтынушылар қүқықтарын қорғау туралы заңдылықты бір одақтас
республикадан екінші одақтас республикада қолдану
5 бап. Халықаралық шарттар

II Бөлім. Тұтынушылар қүқықтары және оларды қорғау

6 бап. Өнім тұтынушылардың қүқықтары
7 бап. Тұтынушының кепілдік деңгейде тұтынуға және онын экономикалық
мүддесін мемлекетпен қорғауға қүқығы
8 бап. Тұтынушының сауда және басқа да қызмет көрсету саласында қүкығы
9 бап. Тұтынушының өнімінің, жүмыстың және қызметтің сапалы болуына қүқығы
10 бап. Тұтынушының сапалы тауарға айырбас жасауға қүқығы
11 бап. Тұтынушының өнімге деген мәлімет алуға қүқығы
12 бап. Тұтынушының өмірі мен денсаулығына деген қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қүқығы
13 бап. Сотқа және басқа да мемлекеттік немесе қоғамдық органдарға жүгінуге
қүқығы
14 бап. Тауардың сапасыздығына жауапкершілік
15 бап. Сапасыз өнім келтірген зиян үшін мүліктік
жауапкершілік
16 бап. Шартта көрсетілген жүмыс немесе қызмет көрсетулерді
орындауды бүзған жағдайдағы жауапкершілік
17 бап. Тұтынушылардың қүқықтарын шектейтін шарттың жарамсыздығы
18 бап. Моральдық зиянды өтеу
19 бап. Өнімнің, жұмыстың және қызмет көрсетудің сапалығына
мемлекетпен қамсыздандыру мен бақылау жасау
20 бап. Тұтынушының құқығын сот арқылы қорғау

Ш Бөлім. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары

21 бап. Тұтынушылардың қоғамға (одақтарға) бірігулеріне құқығы
22 бап. Тұтынушылар қоғамдык ұйымдарының құқықтары
23 бап. Азаматтардың құқықтарын тұтынушылар қоғамдық ұйымдары арқылы
қорғау.
Осы заңда келесі түсініктер қолданылады:
1. Тұтынушы - жеке тұтыну немесе жеке шаруашылық қолдану мақсатында
тауарды сатып алу кезінде жұмыстар мен қызмет көрсетуді пайдаланушы
азаматты айтады.
2. Сатушы - сатып алу-сату шарты бойынша тауарларды өткізуші
кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді немесе азаматтарды айтады.
3. Өңдеуші - тауар өнімдерін өндіруші кәсіпорындарды, ұйымдарды,
мекемелерді немесе азаматтарды айтады.
4. Орындаушы - жұмысты немесе қызметті атқарушы
кәсіпорындарды, ұйымдарды немесе азаматтарды айтады.
5. Шарт - сатушы мен тұтынушы арасында тауардың
сапалылығына, мерзіміне, бағасына немесе басқа жағдайларына қатысты
жасалған ауызша немесе жазбаша келісім.
6. Өнім - тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер.
7. Нормативтік техникалық құжат - мемлекеттік стандарттар, шарттар,
құрылыс нормалары мен ережелері, мемлекеттік фармакопея және
уақытша фармакопеялық мақалалар, рецептура және басқа да құжаттар.

Қосымшалар.

15 тарау Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық
бұзушылық
159 бап. Тұтынушыларды елеусіз мөлшерде алдау
Тауардың (көрсетілген қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе
сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, адастыру немесе
жеке кәсіпкерлердің немесе сауда қызметін және қызмет көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдардың тұтынушыларды өзге де алдау, егер бұл іс әрекеттердің
жасалуы елеусіз мөлшерде залал келтірсе, -
Азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, жеке
кәсіпкерлерге немесе лауазымды адамдарға бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Айлык есептік көрсеткіштің 1\6 бөлігінен аспайтындай сомада
келтірілген зиян елеусіз мөлшердегі зиян деп танылады.

ҚР Қылмыстық кодексі.
Ескерту. Тұтынушыларға айлық есептік көрсеткіштің 16 бөлігінен
асатын сомада зиян келтірілген алдау, елеулі мөлшерден кемінде үш айлық
көрсеткіш сомасындағы алдау ірі мөлшер деп танылады.

7 тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
223 бап. Тұтынушыларды алдау

1. Меншік нысанына қарамастан , тауарлар сататын немесе халыққа
қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет
көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген кем өлшеуі, кем тартуы,
кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе
сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзге де алдауы, егер бұл
іс-әрекеттер елеулі мөлшерде жасалған болса -
бір жүзден екі жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе сотталған адамнын бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы
немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не 180 сағаттан 240
сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бір жылдан екі жылға
дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға
жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) тұтынушыларды алдаған үшін бүрын сотталған адам;
б) адамдар тобының адын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан
топ;
в) ірі мөлшерде жасаса,-
үш жылға дейінгі мерзімде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу қүқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімде
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тұтынушылардың негізгі құқықтары

15 науырыз 1962 жылы АҚШ Президенті Джон Кеннеди, осы жөнінде сөз
сөйлеген болатын, айтуына қарағанда тұтынушының негізгі 4 құқығы бар деген
екен, олар:
- таңдауға құқығы;
- қауіпсіздігіне құқығы;
- айтуын тыңдауға құқығы;
- мәліметтер алуға құқығы;
Кейін 23 жыл өткен соң, 9 сәуір 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы
тұтынушылар мүддесін қорғайтын басты принциптер (қағидалар) резолюциясын
қабылдап, тұтынушылардың 8 негізгі құқықтарын белгілеп береді, яғни
Кеннедидің айтқанына төртеуін қосады, олар: тұтынушылық білім алуына
құқығы, тауар сапалығына құқығы, зиянын өтеттіруге құқығы, тұтынушылық
ұнамдығына құқығы (тамақ, киім, тұрғын үй).

§2. ҚР заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау: түсінігі,
мазмұны, ерекшелігі

Тұтынушы құқығы және заң

80 жылдар ортасындағы экономикалық қиындықтар әсерінен тәжірибеде бір
кездері “сатып алу” сөзі лексиконда жоғалып кеткен болатын. Тұтынушы
алдында бір ғана сұрақ тұрды: қай жерден алу керек? – деген. Кейін нарықтық
нормалар дүниеге келіп, одан соң тұтынушылар мүддесін қорғайтын заңдар
шықты. Былайша қарағанда проблемалар шешілген секілді болды, енді ешкім
(сатушы тарапынан) тұтынушыларды алдай алмайтын болды. Бірақ өмірдің өзі
көрсеткендей, заң – тек қана заң жүзінде қалды, оны ешкімде қолданбады.
Тұтынушы – сатушы мамандармен салыстыруға келгенде – дилетант болып
көрінді. Оған кім кінәлі болды? Әрине, тұтынушының өзі кінәлі. Неге?
Өйткені тұтынушы өз құқықтарын әлі күнге дейін жөнді білмейді. Дәрігерлер
айтуынша: “науқас адамды, өзі жазылам деп тырыспаса – жазу мүмкін емес”.
Сондықтан тұтынушының құқықтарын да қорғау мүмкін емеске соғады. Сонымен,
тұтынушы – маман емес, оның құқықтарын – заң және мамандар қорғаулары тиіс.
Сонда да тұтынушыны “мал” деп есептеуге болмайды. Ол өз құқықтарын білу
үшін оған заңды жаттап алу қажет емес. Әрине, оның құқығы бұзылған
жағдайда, кінәлі жақ зиянды өтеуі тиіс, оны заңмен шешіп, реттеп отырады.
Сол себепті тұтынушы мүддесіне қатысты заңды толық білмегеннің өзінде
қарапайым ережелерді өмірде кездесетін жағдайларды біліп алуы қажет.
Мәселен,

Тұтынушының өзін-өзі қорғауы
Өзін-өзі қорғау – тұтынушының барлық жағдайда ойланып істеген
әрекеті.
Тұтынушы мен сатушы арасында пайда болатын қарым қатынасты шартты
түрде мынадай сатыларға бөлуге болады:
1. Алғашқы танысу;
2. Шарт жасасу;
3. Шартты орындау;
4. Конфликт.
Біздің білетінімізше тұтынушы мен сатушы арасындағы қатынас шарт
негізінде пайда болуын табады. Шарт дегеніміз тең құқылы келісім, мұнда
тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері көрсетіледі. Шарт
нысанына байланысты ауызша да, жазбаша да жасалады.
Шарт жасасу кезінде тұтынушы келесі ережелерді ұстануы тиіс:
1. Шарт жасасу алдында, шартқа қойылатын талаптар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау”
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Мәмілелер жайында
Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі
Алматы облыстық мемлекеттік соттар мұрағаты
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтары
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғымы
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тарихы
Пәндер