Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: тенденциясы мен нәтижелері
Кіріспе
1. Инвестиция түсінігі, маңызы, түрлері.
2. Қазақстанның инвестициялық саясатының тенденциялары.
3. Нәтижелері.
Қорытынды.

Қазакстанның инвестициалық саясаты шетелдік , сондай-ақ отандық инвестицианы тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында инвестициялық басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылды. Әйтсе де, мемлекеттің инвестициясын ынталандыруға бағытталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті .
Осыдан келіп мынандай сұрақ туады : шетел инвестициясын тарту мен пайдалану бағытында жүргізіліп жатқан қазіргі саясаттың нәтижесіздігінің себебі неде? Сондықтан біз аталмыш сұраққа өткен кезеңдегі шетел инвестициясын пайдаланудың нәтижелеріне жасалған талдауларға және төмендегідей негізгі параметрлер:
1) Сыртан тартылған инвестицияның көлемі.
2) Шетел инвестициясының пішіні мен құрылымы .
3) Салалық бағыттылығы бойынша жасалған бағалауға сүйене отырып жауап беруге талпындық.
Қазақстан өз егемендігін алған күнінен 1997 ж соңына дейінгі аралықта сыртан 6,4 млрд . доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд. доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі әр түрлі қарыздар.
1997 ж Қазақстан шетел инвестициясының көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халықтың саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, 1. орынды иеленсе ,Венгриядан, Польшадан кейінгі 3 – орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд долларды құраған. Десек те осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларының шеше алады деп айту қиын.
Жүйелеп айтсақ, пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық және қаржылық емес активтерге салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті.
Экономикалық жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы қарызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестицияның тиімсіз жағы, инвестордың мүддесі қажет еткен сала ескерусіз қалады

1. «Қазақстан жоғары мектебі» 2003 ж №1 161-166 бет. С.Мороз.
Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы.
2. «Егемен Қазақстан» 2003 ж. 6 маусым. Инвестициялық ахуалды жетілдіру - өскелең талап.
3. «Жаршы» 2002 ж. №3 7-9 бет. Инвестиция тиімділігін бағалау методологиясы. Жұманов Б.К.
4. «Зерде» 2001 ж. №89 26-27 бет. Батпан құйрық шетелдік инвестициялар бізді жарылқай ма? Амангелді Ә.
5. «Саясат» 2001 ж. №3 Ел экономикасына инвестиция тартудағы кейбір кедергілер. Әшімахун А.Ә.
6. «Республика»(Нұр) 2001 ж. 3 мамыр. Пайдасы, әлде залалы инвестициялық градация ненің нышаны? Көшкенова А.
7. «Заң» 2001 ж. 14 ақпан. Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шетел инвестициялары. Шакенов Қ.
8. «Жетісу» 2000 ж. 20 сәуір. Шетелдік инвестициялар – экономикалық дамудың негізгі көздерінің бірі. Адасбаев Е.
9. «Егемен Қазақстан» 2000 ж. 9 желтоқсан. Н.Назарбаев: Инвесторлар мүддесінің оқтайлы арақатынасы қамтамасыз етіледі.
10. «Ақиқат» 2000 ж. №3 72-75 бет. Басты мақсат – шетел инвестициясын тиімді пайдалану. Сараев А.
11. «Түркістан» 2000 ж. 28 қаңтар. Қазақстандағыдай жағдайды инвесторларға ешкім де жасамайды, жасай алмайды. Тәжуітов А.
12. «Заман – Қазақстан» 1999 ж. 2 маусым. Шетелдік қаржылар қайда жұмсалуда?
13. «Қазақ әдебиеті» 1997 ж. 20 мамыр. Инвесторлар өзімізден шықса игі.
14. «Қаржы-қаражат» 2002 ж. №4. Экономикалық аймаққа шетел капиталын тартуды ынталандырудың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алғы шарттары. 60 бет.
15. «Экономика және Қазақстан құқығы» 2003 ж. №24

Қазакстанның инвестициалық саясаты шетелдік , сондай-ақ отандық
инвестицианы тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде
инвестициялық қызмет жүргізу барысында инвестициялық басты әрі нақты
көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша
назар аударылды. Әйтсе де, мемлекеттің инвестициясын ынталандыруға
бағытталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне
қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан,
қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады.
Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен
қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты
атасақ та жеткілікті .
Осыдан келіп мынандай сұрақ туады : шетел инвестициясын тарту мен
пайдалану бағытында жүргізіліп жатқан қазіргі саясаттың нәтижесіздігінің
себебі неде? Сондықтан біз аталмыш сұраққа өткен кезеңдегі шетел
инвестициясын пайдаланудың нәтижелеріне жасалған талдауларға және
төмендегідей негізгі параметрлер:
Сыртан тартылған инвестицияның көлемі.
Шетел инвестициясының пішіні мен құрылымы .
Салалық бағыттылығы бойынша жасалған бағалауға сүйене отырып жауап
беруге талпындық.
Қазақстан өз егемендігін алған күнінен 1997 ж соңына дейінгі аралықта
сыртан 6,4 млрд . доллар алды. Оның ішінде 3,2 млрд. доллар тікелей
инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі әр түрлі қарыздар.
1997 ж Қазақстан шетел инвестициясының көлемі жағынан таяу шетелдер
арасында, тіпті халықтың саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап
алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, 1. орынды иеленсе ,Венгриядан,
Польшадан кейінгі 3 – орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан
Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың
болжауынша ол 50 млрд долларды құраған. Десек те осында келтірілген
мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күйіндегі шетел
инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларының
шеше алады деп айту қиын.
Жүйелеп айтсақ, пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық
және қаржылық емес активтерге салынған барлық шетел капиталдары екі
үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді.
Қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер
Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып
отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті.
Экономикалық жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде
тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы қарызын көбейтеді, оның өтемі
елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей
инвестицияның тиімсіз жағы, инвестордың мүддесі қажет еткен сала
ескерусіз қалады
Үкімет кепілдігімен сырттан тартылған займдар мен кредиттердің
экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік секторын инвестициямен
қамтамасыз ету мақсатында алынғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай
бұл шара экономиканың тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оны дамытуға тиіс
еді.
Алайда іс жүзінде бәрі де басқаша болып шықты. Үкімет кепілдігімен
тартылған займдар мен кредиттер негізінен, бюджет тапшылығы мен тұтыну
саласынның қажеттіліктерін қаржыландыруға пайдалануда. Республикалық
бюджет есебінен тапшылығын сырттан алынған қарыздар есебінен
қаржыландыру 1994 жылы 5,4 %, 1995 жылы 53,5 %, 1996 жылы 72,5 %, 1997
жылы 78,9 % құраған.
Әйтсе де бүгінгі таңда Қазақстанда сырттан несие алудың жай-күйін
салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде деуге болады,біртіндеп борыштарды
өтеу жұмыстарын жүргізілуде. Сондықтан ахуалды қалыпты деп айта аламыз.
Осылайша кредит пен займ түріндегі шетелдік инвестицияны экономиканың
нақты секторларын дамыту бағытында пайдалану,кез келген елде өзінің оңды
нәтижелерін береді жане экономикалық дамуды қамтамасыз етеді деп айтуға
толық ғылыми негіз бар. Біз қазірше шетелдік инвестицияның қандай түрін
болмасын қабылдап отырмыз. Тіпті, өте қымбаттығына қарамастан экспорттық
кредитті де алудамыз. Оның үстіне нысанды мақсатта пайдаланылмауда.
Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, сырттан қарыз алудың
өркениетті түрі мемлекеттік құнды қағазды орналастыру болып саналады.
Бұл орайда Қазақстан белгілі бір дәрежеде біршама жетістіктерге жетті.
1996 жылы желтоқсанда 200 миллион доллар көлемінде 3 жылдық айналым
мерзімімен шығарылған тұңғыш қазақстандық евронот сыртқы қаржы нарығына
орналастырды. 40%-ке жұық евронот АҚШ инвестициясына өткізілсе, 40 %-і
және 20 %-і Еуропа мен Азия инвесторлардың үлесіне тиді. 1997 жылы 350
миллион доллар көлемінде 5 жыл мерзімге екінші рет шығарылған евронотты
бірқатар тиімді шарттармен халықаралық нарықтарға орналастырдың
республикалың экономикалық ахуалын түзеуге оң ықпалы болды. Жалпы
алғанда Қазақстан Республикасының инвестициялық құрылымында халықаралық
қаржылық ұйымдардың займы 72 %, кредиттік қархысы28 %, шетелдік
тікелей инвестиция 49, 2%, портфелдік инвестиция 1% құрады.
Сонымен шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты
атқарылған істерді зерттеудің нәтижесінде , бұрынғы инвестициялау моделі
тиімсіз болуының себептерін айта кеткен жөн. Яғни, олар:
шетел инвестициясының экономикалық нақты секторына аз бөлінуі.
инвестициялық ресурстың жарымжан құрылымы.
сырттан алынған несиелердің өндірістік емес мақсатқа, яғни, бюджет
тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұмсалуы.
тікелей шетел инвестициясының экономикалық нақты секторынан гөрі, қызмет
көрсету, сауда-саттық саласына пайдалануы.
шетелдік инвестициясын барынша өндіруші салаға жұмылдыру тенденциясының
өсуі, соның салдарынан экономиканың өзге секторының қағажу көріп,
тұрақсыздыққа ұшырауы.
сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі
Жоғарыда тізіліп өткен кемшіліктер инвестициялық саясатты қайта қарап,
оны жағдайға сай түбегейлі өзгертудың қажеттілігінің көрсетеді.
Қазақстан инвестордан зәрүлік көрген жоқ. Кей жылдары инвестиция
тартудан Қазақстанның алдына бұрынғы кеңістіктегі елдердің ешқайсысы
түсе алған жоқ. Шынында да бұл көрсеткіш нарыққа енді көшкен елдер үшін
басты барометр болғаны рас. Өйткені, елге инвестиция тезірек және
көбірек келген сайын экономиканы сауықтыру соғурлым сәтті де болатынына
көңілі ояу, көзі қарақты кез келген адамның түйсігі әбден жетеді.
Кен орындары болсын, тоқтап қалған кәсіпорындар болсын, шетелдік
басқарушыларға кезінде арзан сатылып кетті. Көптеген қателіктер жіберіп
алды.
Бүгінгі Қазақстанның жөні бөлек, тәжірибесі жылдармен жинақталды. Енді
жәй инвестиция бізді қанағаттырмайды. Қазір Қазақстан тек тікелей
инвестицияны қолдайды. Өйткені, мұндай инвесторлар біздерге бұрыннан
белгілі міндеттемелерді айтпағанның өзінде Қазақстан Үкіметінің әр түрлі
экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруға араласады.
Біріншіден, олар жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы Үкіметтің
жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламасының орындалуына ат салысады.
Екіншіден, Үкіметтің импортты алмастыру жөніндегі бағдарламаларына
сәйкес ірі кәсіпорындар мен кеніштерді салуға келген тікелей инвесторлар
баяғыдай керек жарағының барлығын мұхиттың арғы жағынан танымайды.
Барынша Қазақстандық тауар өндірушілерге тапсырыс береді. Мұның өзі
қаржының Қазақстанда қалуының бірден-бір факторы болып табылады.
Үшіншіден, тікелей инвесторлар жергілікті жерлердегі әлеуметтік
нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне және жаңадан осындай нысандарды
салуға тартыла бастады.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып
табылады. Сондықтанда оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау
және қосымша көздерін ашу-еліміздің казіргі даму сатысындағы басты
міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген
инвестициялық саясат жүзеге асырылуы тиіс . Ол халық шаруашылығының
әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал
қорын жасауға бағытталғаны жөн. Инвестициялық саясат негізделген
болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте
тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын қатесіз анықтау керек.
Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, шыққан әрбір теңгеге
келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық
саясаттың негізі болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану, оны
молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың
өнімдерін пайдаланатын салалар аралығында ғылыми негізделген
арақатынас болуы шарт.
Инвестициялық саясат экономиканың даму дәрежесіне байланысты
өзгеріп отырады . Ол сонымен қатар өндірістің техникалық
дәрежесіне де байланысты. Қазіргі кезде инвестицияны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан
жарақтандыруға , реконструкциялауға бағытталған тиімді.
Болашақта өндірістік салаға жұмсалатын инвестицияның ара
салмағын өсіре беру орынды . Нарықты экономикаға көшу
кезінде инвестициялық саясат машина жасау өнеркәсібін
дамытуға, халықтың тұтыну бұйымдарын көбірек өндіруге,
сұранысты отандық тауарлар есебінен қанағаттандыруға бағытталуы
тиіс. Нарықтық қатынастарға өткен кезде аймақты инвестициялаудың
көздері, әдістері және де өзгешеліктері де өзгереді. Сонымен қатар
сұраныс пен ұсыныс заңдарының есебінен бөлініп отыратын
қатынастарға инвестициялың әсерінің күшеюімен байланысты
күтілген үміттер ақталмады.
1. Инвестиция түсінігі, маңызы, түрлері.
Энциклопедиялық сөздікте инвестиция ұғымы мемлекет ішінде және шетелде
экономика саласына салынатын ұзақ мерзімді капитал деп түсіндіріледі.
Инвестицияны екіге бөлуге болады: қаржылы (бағалы қағаздарды сатып алу)
және нақты (капиталды өндіріске, ауыл шаруашылығына,құрылысқа және т.б.
салу).
Бірнеше авторлар инвестиция ұғымын көзделген әлеуметтік-экономикалық
нәтиже алу мақсатымен қаржылы және материалдық-техникалық ресурстар
салымы деп түсіндіреді.
Нарықтық қатынастарға өту салдарынан инвестиция түсінігінің
көзқарастар мен ыңғайын өзгертті . Егер әкімшілік экономика
жағдайында капитал салуда негізгі қорлар ұдайы өзгерісте кеткен бір
жолғы шығындар деп қарастырылатын болса,нарықтық экономикада және
басқа да қызмет түрлерінің обьектілеріне салудың меншіктік
интеллектуалдық бағалықтардың барлық түрі болып табылады .
Инвестиция түсінігі Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары
туралы заңына нақты көлемді қарастырылған инвестициялар-табыс табу
мақсаты мен инвесторлардың өндірістік қызметтің обьектілеріне
салынатын мүліктің бағалықтар мен интеллектуалдық меншік
құқықтардың барлық түрі болып табылады .
Өз кезегінде инвестициялық қызмет мағынасын табыс табу немесе
әлеуметтік салдар алу мақсатында кәсіпкерлік және тағы басқа қызмет
обьектілеріне салынған мүліктік құндылықтар салу процесі деп түсінуге
болады .Жалпы инвестицияны тарту негізінен өзгеріске қандай да бір
өнім немесе бір ел ішінде кәсіпорынның акцияларын шешуге салынған
капитал салымы болып табылады. Егер өнім өндірісі жүзеге асырылып,
шетелдік демеуші өз капиталын өндірістің кеңеюіне және технологиясына
салса немесе жергілікті кәсіпкерлердің қаттысуымен кәсіпорын
ашса,онда ол бірлескен кәсіпорын немесе шетелдік инвесторы бар кәсіпорын
болып табылады. Бұл жағдайда шетелдер өндіріске өздігінен тура әрекет
етеді және сол себептен тура немесе нақты деп аталады. Егер сол елдегі
қызмет етіп жатқан кәсіпорын акцияларына ие болса,олар портрельді
инвестиция болады. Инвестиция - сатуды қосқанда белгілі бір өнім
өндірісіне кәсіпорынның қорын құру мен кеңейтуге салынған ұзақ
мерзімді капитал салымы , сонымен қатар компания кеңеюімен оның заңды
формасынан тәуелсіз компания үстінен бақылау орнатумен байланысты
барлық басқа операцияларға салым болып табылады.
Инвестициялар не үшін керек деп сұрауыңыз мүмкін. Көптеген ұйымдар
инвестиция арқылы өздерінің айналымдағы капиталын көбейткісі келеді.
Инвестордың өзі инвестицияның қауіптілігін, табысын алдын-ала беру үшін
мына шарт орындалуы тиіс:
Инвестиция көлемі- суммасы;
Инвестицияның функционалдық мерзімі - бұл мөлшері, яғни инвестиция қай
уақытқа дейін табыс әкеледі
Инвестиция атылымы (окупаемость) - көрсеткіш, бұл көрсеткіш қай
мезгілде инвестиция сатылғандығын көрсетеді.
Инвестицияны қай салаға жұмсаған қолайлы? Әрине инвестицияның біраз
бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және өндіріске енгізуге
жұмсалуы тиіс.
Алайда экономиканың қай саласы болсын қаржысыз өркендей алмайды.
Қаржыны қайдан алу керек деген сұрақ туындайды. Қаржы қорын құрудың
түрлері өте көп. Олардың қорына ішкі капитал мен халықтың жинақ
салымдары ,өндіріс орындарының қаржылары, экспорт, шетелдік
инвестициялар, бюджет жатады. Осылардың әрқайсысының
мүмкіндіктерін толықтай зерттеп, шаруашылық салаларын дамытуға
жұмылдырылған жөн. Алдымен әңгіме халықтың жинақ салымдарын
пайдалану жөнінде.
Инвестицияға байланысты негізгі түсініктерге тоқталайын.
Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субьектілер жүзеге
асыртын табыс табу немесе меншікті капиталын өсіру мақсатындағы
қаражат жасалымы.
Инвестор – инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлға.
Ұлттық инвесторлар- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел
мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені
бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар
тіркелген жағдайда.
Шетел инвесторлары-шетел инвесторы жүзеге асырған инвестициялар
өзіне мынадай элементтерді қосады: негізгі капиталға инвестициялар
күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар, материалдық айналым қаражаты
қорын толықтыруға инвестициялар,өндірілмеген материалдық немесе
материалдық емес активтерге инвестициялар және басқа да қаржылық
емес активтерге инвестициялар.
Негізгі капиталға инвестициялар( үйлер , ғимараттар, машиналар мен
жабдықтар, мал,екпе ағаштар, пайдалы қазбаларды барлау, компьютерлік
және бағдарламалық қамтамасыз ету; әдеби және көркем шығармалардың
түп нұсқалары; өндірісте қолданылуы. Бірліктермен шектелетін жаңа
ақпараттар, арнаулы білімдер) басқа да өндірілген активтерге
инвестициялар.
Инвестицияның көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек . Оның
жетілдіруі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымның өндірістік дамыту өнімді өсіруге мүмкіндік береді.
Сондықтанда инвестицияны сауда-саттықтан гөрі өндірістік салаға
молырақ бөлетін уақыт жетті.
Алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден -бір жолы - отандық өндірісті
дамыту. Егер ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама –шарқымыз жетпейтін
болса, онда шағын және орташа өнеркәсіпті дамытуды жолға қою кезекті
міндетіміз.
1998ж. 27 сәуірде Республика Президентінің шағын және орташа
кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездескенде осы мәселе ерекше әңгіме
болды .Бұл бағытта дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық
инвестицияның жетіспейтіндігі бәрімізге белгілі . Сондықтанда ол
шетелден түсіп жатыр. Шетелдіктер өз инвестициясын босқа жібермейді. Жыл
сайын 13 млрд. доллар шетел инвестициясын пайдаланамыз. Оларды өсіммен
пайдалану оңай емес.Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қате көп
.Бұдан былай отандық инвестицияға көңіл бөліп, қор нарығын
жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен өндіруші еңбекке
ауысқаны тиімді. Осылай болса жұмыссыздар азаяр еді. Қазір 6 мыңнан
астам өндіріс орны шығынмен жұмыс істейді, 500 кәсіпорын мүлдем қарап
қалған.
Бірақ қазіргі таңда кәсіпорынның көпшілігі іске қосыла бастады.
Бірқатар кәсіпорындарда өнімнің жаңа түрлерін шығыру жолға қойылып
жаңа технологиялар енгізілді. Мәселен, Алматыда қазір электроника және
байланыс жөніндегі ұлттық орталық жұмыс істейді. Елуге тарта адам еңбек
ететін бұл кәсіпорында Simmens маркалы жеке компьютерде
құрастырылған өндірістік жүйе іске қосылған. Кәсіпорынның жылына 10000
компьютер шығаруға қуаты жетеді. Осындай кәсіпорындар қатарына
полиграфиялық өнім шығаратын Прининг Хаус Групп бірлескен
кәсіпорынды жатқызуға болады. Жақын және алыс шетелдердің тәжірибесі
көрсеткендей инвесторлар өтпелі кезеңде нарықтық экономиканың қалыптасу
мен дамудың маңызды факторы болып табылады , сонымен қатар өндірістік
аппаратты жаңартып қайта құрып, жаңа өндіріспен кәсіпорындардың құрылуын
қамтамасыз етеді. Сол себепті мемлекеттік экономикалық аймақтарына
шетел капиталын ынталандыру және қолдану қазіргі кезеңнің
инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады .
Нәтижесінде шетел инвестициясының мақсатты бағытталған жері Қазақстанда
құрылымдық саясат экономикалық энергетикалық және азық-түлік саясатын
қамтамасыз етуге , сонымен қатар бай минералды- шикізат ресурстарын
пайдаланумен байланысты тау-кен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды
саласының жылдам дамуына бағытталды. Бай минералды- шикізат ресурстарын
қолданумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы дамып жақсарды .
Өнеркәсіптің салалық құрылымы базалық салалардың - мұнай-химиялы
өнеркәсіптің басымдылық дамуының есебінен жақсарды .
Тікелей шетел инвестицияларын тиімді ,соңғы пайдалану нәтижесіннің
жарқын үлесіне Галахер, Филипп Моррис темекі фабрикаларының
салынуы , шарап суының құю тізбегі; АҚ Өскемен титан-магний
комбинаты титандық шлагтарды өндіру бойынша іске қосу кешені
енгізілген; Испат-Кармет АҚ-да металлургиялық зауытты қайта құру іске
асырылып жатыр және сыра дайындау зауытының құрылысы жатады. Шетел
инвестициясының есебінен Семей қаласында Ертіс өзені көпірінің салынуы
, Ақтаудың теңіз сауда портының қайта құрылуы мен кеңейілуі .
Инвестициялық басымдылықтың өзгерісі аймақтардың дамуында қайта
бөлулерге әкеп соқты. Отандық және шетелдік инвесторлардың
республиканың батыс аймағында орналасқан кәсіпорындардың өндіріс
саласында көрсеткен қызығушылықтарының арқасында Батыс Қазақстан және
Атырау облыстарында инвестиция саласының тұрақталуы байқалды.
Осылайша Қазақстан Республиксында шетел капиталын тартуды
ынталандырудың ары қарай дамуына қолайлы жағдайлар мен алғы шарттар
жасалуда . Мемлекет аймақтарына шетел инвестициясын тартудың нәтижелігін
көтеру үшін экономикалық аймақтардың талаптарын қамтамасыз ететін
шетел инвестициясын тартуды ынталандыру керек. Әсіресе, актуалды
болып ең алдымен жеке кәсіпкерлікті оның ынталандыру ролін күшейтуге
бағытталған салық жүйесін меңгеру болып табылады. Жоғары ставкалардың
есебінен табыстылығының жұмыс істеп тұрған механизмі кәсіпкерлік
қызметте үлкен нәтижелерге жетуге ынталандырмайды. Республиканың
экономикасына өз қаражатарын салып жатқан кіші және үлкен шетел
инвесторларының қызығушылығын көтеру үшін оларға мемлекеттік
кепілдік принципін жариялау, менің ойымша, пайдалы болар еді .
Қазақстанда инвестицияны ынталандырудың маңызды мәселесіне ұласу
процесін қамтамасыз ету , банктерді басқару ұйымдары, өндірістік,
аграрлық және басқа да қаражат жағынан қиындық шегіп жатқан өндірістер
негізіндегі өндірістік және банктік капитал интегрциясы жатады.
Сырттан қаржы ресурстарын тарту макроэкономикалық тұрақтану кезіндеде
мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді.
Өйткені ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігі әлде де болса еліміздің
экономикасының өзіндік ерекше сипаты болып табылады . Сондықтанда
үкіметіміздің жаңағыдай ел экономикасын дамыту кепілдіктерін
іздестіруді және соларды іске қосуға талпыныс жасауы уақыт талабынан
туындаған заңды құбылыс саналса керек.
Қаржы қорларын тартуда реттілікті заңдылықты жолға қоятын заңдар
қабылданды . Олар мысалы: Шетел инвестициялары туралы, Шеттен несие
тарту және сырттан алған қарыздарды жұмсау туралы, Тікелей
инвестициялар туралы т.б.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы
бойынша 1993жылдан бері Сырттан несие енгізу жөніндегі комитет жұмыс
істеп келеді. Оның атқаратын қызметтері мыналар: сырттан несие тарту,
осы аса маңызды істі ұйымдастыру, оның қалай жүзеге асырылып
жатқандығына бақылау жасау , сол сырттан түскен қаржылардың қалай және
қаншалықты көлемде түсіп, іске асып жатқандығына хал-хадерлерінше
көмектесу
Қазіргі уақытта шеттен несиелер және тікелей несиелер тарту процесіне
қатысты мәселелерде заңдылық және атқарушы үкіметтердің өкілеттіктері
белгіленді. Осы орайда несиені тартудың түрлері жайында айта кетуге
болады.
Несие тартудың негізгі екі түрі бар.
І түрі. Мемлекеттік сыртқы несиелер. Қазақстан Республикасынының Үкіметі
бекіткен несие тарту көлемінің және инвестициялық жобалардың негізінде
Қаржы министрлігінің Сырттан несие еңгізу жөніндегі комитеті
қаржыландыру көздерін іздестіру жұмыстарын жүзеге асырады. Әдетте олар
Бүкіләлемдік Банк, Азиялық Даму банкісі, Ислам Даму банкісі, Европалық
қайта құру және Даму Банкісі, Жапонияның Шетелдермен экономикалық
ынтымақтастық Қоры сияқты ірі халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар
болып табылады.
ІІ түрі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бойынша
тартылатын мемлекеттік емес сыртқы несиелер. Республика Үкіметі беіткен
несие тарту көлемдерінің және инвестициялық жобалар тізбесінің негізінде
Қаржы министрлігінің Сырттан несие тарту жөніндегі комитеті қаржыландыру
көздерін іздестіруге кіріседі. Әдетте бұлардың қатарына АҚШ-тың
Экспорт-импорт банкісі, Креди Лионе, Барклайз Банк және көптеген басқа
шетелдік ірі коммерциялық банктер болады.
Жалпы шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың
қай саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы
капиталды пайланған үшін өсім төлейтін болғандықтан оны қай салаға
жұмсауды шетелдіктер емес, өзіміз шешуіміз керек. Қазіргі кезде
шетелдіктер өз инвестицияларын еліміздің шикізатын игеруге көптеп
жұмсап, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерін дамытуға мән бергісі
келмейді.
Сол сияқты шетел инвестицияларын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін
көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға жаңа технологияны
еңгізуге жұмсаған тиімді. Тәжірибеден байқалып отырғандай, инвестицияны
ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп
тасымалдайынан бәсекелестік кең өріс алған салаларды жұмсау самарқаулау.
Сондықтан да мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар
өндірушілерден қорғауы тиіс. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты
шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда
пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық
кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұдан жол бермес үшін валюта курсын
өзімізге қай өндіріс салаларын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп
отыруы тиіс.
Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан үшін маңызы зор. Шетелдік
инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті қажеттілік.
Ол, ел экономикасын халықтың еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып
мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Егер біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz