Интернет ұғымы, мүмкіндіктері



Кіріспе
1. Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Іnternet желісінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Іnternet.тің қызмет баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 World Wіde Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. URL адрестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 E.maіl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Интернет және оның мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Outlook Express программасымен жұмыс істеу принциптері ... ... ... ... ...
2.2 Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Іnternet.пен қатынас құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау жүйелік параметрлерді бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Іздеу серверлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Гипермәтін. Гиперорта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа кампьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын кампьютерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (пртокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа кампьютрлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телекноференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
ТСР/ІР-Интернет желісіне қосылған кампьютерлер расында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Іnternet Protokol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСП (Transmіsson Control Protokol)- мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестерлерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса)- ТСР/ІР хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі ІNTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де ІNTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. ІNTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC (Іnternet Socіety – Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында ІNTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ІNTERNET бізге “даналық көзі” болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.
1. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30-сабақ. – Алматы: Джагамбек и С, 1999.350б.
2. C.Симонович Г., Евсеев, А. Алексеев. Специальная информатика: Учебное пособие. Обозреватель Іnternet Explorer - основное средство просмотра Wolrd Wіde Web. – АСТ- ПРЕСС: Инфорком –Пресс, 1998. –480с.
3. Харли Хан. Желтые страницы Іnternet, 1998.
4. «Глобальные сети: информация и средста доступаң - издательство ПГТУ.
5. Гиттель Э., Джеймс С., «ІSDN просто и доступноң - 1999 г.
6. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколың - Издательство «Питерң 2000 г.
7. «Mіcrosoft TCP/ІP: Учебный курс.ң /официальное пособие Mіcrosoft для самостоятельной подготовки/ - 1998 г.
8. Фролов А.В., Фролов Г.В., «Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Іnternetң - 1998 г.
9. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ. 1997 г.
10. Кенин А. М., Печенкина Н. С., ІBM PC для пользователей. – Екатеринбург, 1993 – 1997 г.г.
11. http://www.rіtmpress.ru/іt/press/cwm/36_98/xdsl.htm
12. http://www.permnet.ru:8101/іsdn_prіce.html
13. Журналы «Компьютераң и «LANң за 1999-2000 г.г.
14. Жаңа информатикалық технологиялар: информатикадан 30 сабақ
Балапанов, Бөрібаев, Даулетқұлов.
15. Интернет журналистика Калмыков А.

Мазмұны

Кіріспе

1. Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Іnternet желісінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Іnternet-тің қызмет
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 World Wіde Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. URL адрестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 E-
maіl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

2. Интернет және оның
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2.1 Outlook Express программасымен жұмыс істеу
принциптері ... ... ... ... ...
2.2 Компьютерлік қауіпсіздік
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Іnternet-пен қатынас
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
3.1
Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау жүйелік параметрлерді
бекіту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Іздеу
серверлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
3.4 Гипермәтін.
Гиперорта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .

Қызықты мәліметтері бар адрестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
кампьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын кампьютерлер бір-бірімен ТСРІР хаттама (пртокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде
“сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа кампьютрлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телекноференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
ТСРІР-Интернет желісіне қосылған кампьютерлер расында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Іnternet Protokol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
ТСП (Transmіsson Control Protokol)- мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестерлерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген
елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік
мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы
ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде
сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса)- ТСРІР хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі ІNTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де ІNTERNET жалпыға бірдей
информациялық қор тәрізді ертектегі “ханшалардан” күнделікті “күңіңізге”
айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер
терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер
бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп
жатыр. ІNTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC
(Іnternet Socіety – Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында ІNTERNET
желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар.
Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ІNTERNET бізге “даналық көзі”
болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.
1. Интернет желісінің құрылымы

Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналарымен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді
машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет,
олар; тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының
арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық
серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін
оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер – дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір
тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған
арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар,
т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылатын әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік
адрес беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch),
операциялық желінің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT)
байланыста болмайды, демек жіберілетін ақпарат тура адрес көрсетілген
компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау
кезінде компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс
барысында ол байланыс арнасының тиімді түрлерін пайдаланады. Бұл
мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі
сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады. Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай
қамтамасыз етіледі, компьютерлер телефонмен қалай қосылады, бұның
бәрін істейтін арнайы қоғам – интернет провайдері деген ұйым, мекеме
бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын
Интернет трейнинг орталығы, Nurcat, S&G Communіcatіons, Parasang,
Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce
Provіder) Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас
құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.1 Іnternet-тің қызмет баптары
Қазақстанның темір жол желісін қарастырайық, бәріміз де сол жолмен
жүрдік, теміржол желісі - жолаушыларды тасымалдау жүйесі. Жолаушыларды
тасымалдау - теміржолдың көптеген функцияларының бірі. Бұдан басқа
почта жеткізу ісі бар, өндірістік жүктерді тасымалдау қызметі тағы
бар.
Сонымен теміржол желісінде әртүрлі қызмет баптары жұмыс істегені
сияқты Іnternet –те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар -
World Wіde Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни
желі, оны WWW немесе Web деп те айта береді, электрондық почта (E-
maіl), Іnternet News (Usenst) –Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP,
Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet
т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары - алғашқы үшеуі.

1.2 World Wіde Web құрылымы
WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Іnternet –тің ең кем
таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wіde
Web – Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды
сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып
көру үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netcape Navіgator сияқты
программалық жабдықтар қолданылады. Гипермәтіннің (байланысқан мәтіндер)
мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен-біріне көшуді жеңілдетеді. Web
жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез келген
мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан
соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық
шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
Web-тің әр бетінің басқа парақтарымен байланысын көрсететін
сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан
тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде
орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап
парақтарын көзге елестеді. Компьютердегі ақпараттар көз алдыңызға
орналасады, мұнда қашықтағы - қымбат, жақындығы – арзан деген ұғым
жщқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып
отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты
немесе мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Unіversal Resource
Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол
беттердегі мәліметті оқу “көру жабдықтарың деп аталатын арнайы
программалар арқылы орындалады.

1.3 Көру жабдықтары

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator программалық
жабдықтары осы топқа жатады, оларды browser –броузер (браузер) деп
атайды. Mіcrosoft Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал
Mіcrosoft Excel-дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны
сияқты Іnternet Explorer мен Netcape Navіgator Web- құжаттарын
көру, олардың бірінен біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру
құралдары болып саналады. Мұндай программаларды соңғы кезде көрсеткі
(обозреватель) программалар деп те айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web-парақтарын
оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL – адрестерімен
анықталады.

1.4 URL – адрестері
Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы
формасы. Ол- желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті
айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL
адрестерінің жазылуынан мысал келтірейік.
http: www.soccer.ru dіnamorusіndex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru – адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www – компьютердің (сервердің) аты:
soccer.ru –доменнің аты;
dіnamorus – сервердің каталог аты;
іndex.html - Web – парақтары файлының аты;

1.5 E-maіl
E-maіl немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желі
арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәсілі. Ол арнайы
почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысалы ретінде,
Outlook Express программасын атауға болады.
Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет
алушылардан олардың адресін сұрап алу керек, әйтпесе хабарлама
алғанда оның “Кімнен:” (“ОТ:” (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет.
Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі.
Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола
ма?
Иә, болады. Соңыыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан,
мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан,
нақты адрестерден келген өтірік мәліметерден қашық болған дұрыс,
желі арқылы осындай жайсыз мәліметтермен вирустар ілесіп келуі
мүмкін.
Usenet
Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын
бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер
тобы. Usenet бірнеше компьютерлерден тұратын UUCP желісі болатын.
Usenet Іnternet ішінде орналасады, дәлірек айтсақ оның жартысынан
көбі интернетте жазылған.
Жаңалықтар тобы Usenet –тегі жаңалықтар тобы – дүниежүзіндегі
адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық
пікірталас топтары.
Іnternet -пен жаңа ғана байланыс құрылды, енді жұмысты қалай
бастасақ екен? Уақытты, әрі ақшаны бекер жоғалтпау үшін, алдымен
жұмыстың сценариін жасап алған дұрыс www- не тапқыңыз келетінін аладын-
ала нақты анықтап алыңыз да, Web –ке кіріңіз, іздеу машинасының ішкі
парағына ауысыңызда, керек мәліметті тауып алыңыз. Бұны өзекті ғана
сөз енгізу жолымен немесе арасында “+” таңбасы қойылған бірнеше
сөздер арқылы да іздеуге болады. Іздеу тақырыбы көпшілік қызығатын
мәселелердің бірі болуы мүмкін, мысалы, футбол, белгілі бір шикізат,
не өнім, әлде бір мекеменің, басылымның немесе атақты адамның аты
да іздеу негізі бола алды. Керекті ақпараттар табылса, олардың
ішкі беттеріне кіріңіз. Еш нәрсе табылмаған жағдайда, іздестіруді
басқа сөздер арқылы жүргізу қажет. Өзіңізге белгілі URL адресін
енгізіп, ондағы мәліметтерді көруге де болады.
URL адрестері
URL ұғымы “Unіform Resourke Locator” деген сөзден шыққан, яғни
“ресурстардың әмбебап атауы” деген ұғымды білдіреді. Бұл желіге қосылған
компьютрлердің Web –тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың
орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі. URL
адрестерін көрші бөлімдегі достиарыңызға немесе Австрлиядағы
таныстарыңызға жіберуіңізге болады, соның нәтижесінде олар да сол
ақпараттарды сіз сияқты пайдалана алады. Бұл адрестер почталық адреске
не телефон номіріне өте ұқсас.
Гиперторларды (HTTP:) сипаттайтынын, Gorpher (Gorpher:) мен FTP
(FTP:) ресурстарын, жаңалықтар топтарын, электрондық хабарландыру
тақталарын (News:)т.б. сипаттайтын URL адрестері бар. URL- кез келген
ресурстың орналасуының нақты анықтауышы.
Қысқаша айтқанда, ол-көру программаларына (броузерлерге) белгілі бір
іс-әрекетті орындататын нұсқау. Мысалы, мынандай адрес: URL:
http:www.ropnet.ruogonyek -Огенек журналының алғашқы іске
қосу(бастапқы) парақтарын оқимыз.
“URL адресі табылмай жатыр” деген хабарлама шықса, не істеу қажет?
Ол әлі аяқталмаған, әлде қате терілген URL адресі дегенді білдіреді,
әлде осы адрес көрсетіп тұрған парақ басқа орынға ауыстырылған немесе
өшіп қалған. Терілген URL адресінің ішінде бос орын болмауы тиіс.

1. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

ІNTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар
басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып
саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.
Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-
бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен ІNTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. ІNTERNET
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
ІNTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, ІNTERNET компьютерлерінің
көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер
базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады).
ІNTERNET-ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік
жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет
архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар
көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді,
дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық
информацияны ала аласыз.
ІNTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін ІNTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру
керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
ІNTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты ІNTERNET
компаниясы да тек біреу ғана емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешік ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы
ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары
бірігіп, “телефон жүйесі” қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын – кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесін қосудың техникалық
мәсілелерін бірігіп анықтап отырады. ІNTERNET желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.
ІNTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, “scuba” (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек,
мүмкін сонда дем алған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды
сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен
жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ
әлде торт жасау рецепттерін іздейсіз бе? ІBM суперкомпьютерімен шахмат
ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей
журналдарын оқуыңызға болады.
ІNTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып
беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
ІNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютерді ІNTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше
түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін
қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьюетр тікелей TCPІP
желісіне қосылған (Transmіssіon Control ProtocolІnternet Protocol –
жеткізуді басқару протоколыинтернет протоколы) түрінде болады, бұл
ІNTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен
корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлайыш
орнатып, бағдарлауыш ІNTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост-
компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен
ІNTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-
компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды
желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне ІNTERNET
арқылы мәлімет жібере (ала) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбіне SLІP, Poіnt-to-Poіnt Protocol
немесе PPP деп аталады (Serіal Lіne Іnternet Protocol – тізбекті желі үшін
хаттамасы, Compessed Slіp - тығыздалған SLІP, Poіnt-to-Poіnt Protocol –
“нүкте-нүкте” хаттамасы). Ал Xremote деп аталатын байланыс түрі сирек
кездеседі, бұл да TCPІP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға
негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын
байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге
қойылмайды да, оның орнына Slіp (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол
желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет
болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс аралығында (жылдамдығынан
басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс. Іnternet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс
түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден
Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іnternet-ке
беріп, одан жа бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта
адресі алдына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі
тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LІSTERV жүйесін пайдаланған
абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways)
деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі
тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да
UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін
жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.

2. Интернет және оның мүмкіндіктері
Интернет — кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат -
алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жуйесі. Интернет - байланыс
арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жнынтығы (коммуникациялық
жабдық пен серверлері бар).
Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс
істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады.
Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер
деп аталатын (ағылшынның provide - қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым
немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді.
Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.
Шлюз - басқаша тәсіпмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр
түрлі желілердіц бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді
өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық плотформаларда, әр түрлі
операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді.
Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы
бірыңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы
да басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Хаттама - ақпаратты желіде беру ережелері (келісімдер, стандарт).
Интернет хаттамаларының екі типін айырған жөн: - базалық хаттамалар,
Интернет (IP және TCP) компьютерлерінің кез келген типтері арасындағы
электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді. Бұл хаттамалар өзара
тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбіне ТСРЯР хаттамасы атты
бірыңғай терминмен белгілейді; - өте жоғары деңгейдегі
қолданбалы хаттамалар, мамандандырылған Интернет қызметі жұмыс істеуі
үшін жауап береді: http хаттамасы (гипермәтіндік хабарларды беру), ftp
хаттамасы (файлдарды беру), telnet хаттамасы (қол жетудің қашықтауы),
электронды почтаның хаттамалары және т.б.
TCP (Transmission Control Protocol - хабарларды басқару хаттамасы)
көліктік деңгейдегі хаттама. Ол ақпарат берудің қалай өтетіндігін
басқарады.
Бұл хаттама бастапқы хабарды бірнеше шағын фрагменттерге - пакеттерге
бөледі. Әрбір пакетке тақырып қойылады, әрбірінде қызметтік ақпарат бар
(жіберуші мен алушының адрестері, хабардың идентификациясы, хабардағы пакет
нөмірі және т.б.)
Тапсырылған адрес бойынша жеке пакетті жеткізу үшін ІР-хаттама
(Internet protocol) жауапкершілік танытады.
Бүкіләлемдік желінің әрбір қатысушысының өзінің бірегей адресі (IP-
адрес) болуы тиіс. Мұнсыз ТСР-пакеттердің қажетті жұмыс орнына нақты
жеткізілуі жайлы айтуға болмайды. Бұл адрес төрт байтпен бейнеленеді,
мысалы: 195.38.46.11.
ІР-адресінің құрылымы қайсібір TCP-пакет өтетін әрбір компьютер осы
терт сандар бойынша алушыға жақын болып шығатын пакетті жуықтағы көршіге
жолдау керектігін белгілей алады.
Интернет қызметі. Электронды почта, Электронды почта, немесе e-mail
(electronic mail - электронды почта), адамдар арасындағы байланыс
тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі
функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі
пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен
оперативті өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша
мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабарды, құжаттарды,
сызуларды, фотосуреттерді, бейне материалдарды беру, ғылыми журналға, сирек
кітаптарға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату,
сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету, мекемелер
мен ұйымдарда құжат айналымын қолдау, ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT
хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds
Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electronic Data
Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қас-
қағым сәтте электронды қойылған қолмен қамтамасыз етілетін ақша, шоттар
және басқа қаржылық құжаттарды аударады.
World Wide Web (WWW) қызметі. World Wide Web -қазіргі заманғы
Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ
шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтердің бірі.
World Wide Web - Web-серверде сақталатып жуздеген миллион өзара
байланысқан электронды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттың кеңістік.
Web - парақтар деп аталатын Web кеңістігін құрайтын жеке цүжаттар. Бұл
құжаттарда мәтіндік және (немесе) графикалық ацпарат, сонымен қатар
Интерпеттің басқа құжаттарына сілтеме болады.
Тақырып жағынан біріктірілген Web-парақтық топтарын Web- тораптар деп
аталады (жаргондық термин-сайт). Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы
мүмкін. Электронды Web-құжаттар принтерде басу үшін емес, компьютер
экранында қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында екені
алдын ала белгісіз. Экран мөлшері де, түсті және графикалық шешілу
параметрлері де, клиент компьютер! жұмыс істейтін операциялық жүйе де
белгісіз. Сондықтан Web-құжаттардың қатаң пішімделуі болмайды. Безендіру
оларды клиенттің компьютеріне шығарған кезде тікелей атқарарады және қарап
шығуды орындайтын программаның қондырмаларына сәйкес жүреді.
Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар браузерлер деп
аталады.
World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін -
мәтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық (мағына бойынша) түрде
ұсынылған мәтін. Гипермәтінді қолдану мәтінді сызық бойынша (сөзбе-сөз,
сөйлемнен соң сөйлем, парақтан соң парақ) оқуға емес, қажет болса керекті
жерге секіре көшуге мүмкіндік береді. Блоктан блоққа көшу гиперсілтеменің
көмегімен іске асырады.
Гиперсілтеме - гипермәтіннің (немесе графикалық объектінің) арнайы
ерекшеленген фрагменті, мұнда пайдаланушыға көрінбейтін басқа
серверге, сайтқа, кұжатқа (Web-параққа) немесе құжат (блок) фрагментіне
нұсқаушы (адрес) болады. Гиперсілтеме жасағанда тышқанның нұсқағышы
созылған сұқ саусақты қолдың білезігі түріне ұқсайды. Гиперсілтемеге көшу
үшін мұнда шерту жеткілікті. Сонымен бірге шолушы сілтемеде көрсетілген
адресте тұрған жаңа Web-парақта жүктейді.
Жаңа Web-парақта сол тақырыпқа қатысты құжаттарды қарап шығуға
мүмкіндік беретін жаңа гиперсілтеме болуы мүмкін. Гиперсілтеме механизмі
World Wide Web ерекшеліктерінің бірі болып табылады, олар бұл қызметтің
танымалдығы өсуіне ең көп дәрежеде мүмкіндік ашты.
Internet Explorer броузерін іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі және тез
іске қосу панеліндегі Internet Explorer таңбашасын, сондай-ақ Бас мәзірді
(Іске қосу) Программалар Internet Explorer) пайдалануға болады.
World Wide WebTe ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді
пайдаланып, желінің ақпараттық кеңістігінде бір Web-парақтан басқасына
көшіп, шексіз ұзақ саяхат жасай беруге болады, бірақ әлемде миллиондаған
Web-парақтар жасалғанын ескерсек, оларға қажетті ақпаратты мұндай тәсілмен
табудың сәті бола қоймас. Арнайы ізденіс серверлері көмекке келеді. Ізденіс
серверлері өте көп, олардың адрестері Интернетте жұмыс істейтіндердің
барлығына белгілі. Ізденіс жүйесімен жұмыс істеу ережелері жалпы алғанда MS
Word редакторындағы ізденіс ережелеріне ұқсас және бір-бірінен бүгешегесі
айрықшаланады. Әдетте бұл ережелер ізденіс пакеттері анықтамалық бағыныңқы
жүйелерде келтірілген. Іс-қимыл принципі бойынша ізденіс серверлері екі
типке бөлінеді: ізденіс каталогтары мен ізденіс индекстері.
Ізденіс каталогтары тақырыптық ізденіс үшін қызмет етеді. Ізденіс
серверлерінің үй парақтарының сыртқы түрі, дәлірек айтқанда графикалық
безендірілу сан қилы. Дегенмен, кез келген жағдайда терезеде Табу
кнопкасымен қатар орналасқан, сұраныс деп аталып кеткен, ізденіс үлгісін
енгізу өрісі бар.
Титул парақтарындағы ізденіс каталогтарында әрқашан мазмұны,
тақырыптық бөліктердің тізімі тұрады, сіз олардан қажетті сайттарды іздеп
табасыз. Ең көп таралған ізденіс программалары (мәліметтер базасы) -
Yahoo.com, Altavista.com, Rambler.ru, Aport.ru, Rax.ru.
Интернет каталогтарының типтік және ең әйгілі өкілі-Үаһоо!
(WWW.yahoo.comV
Мұндай жүйелердегі ізденісті сұранысыңызға сәйкесетін рубриканы
(категорияны) іріктеуден бастаған дұрыс. Үаһоо! Мәліметтер базасының
барлығы мынадай категорияларға бөлінген:
Arts&Humanities (енер және басқа гуманитарлық сабақтар),
Business&Economy (бизнес және экономика және т.б.) Әрбір категория ретінде
ең танымал бағыныңқы категориялар ұсақ жазылған. Қажеттісін шерте отырып,
керекті парақты тандауға болады.
Ізденіс индекстері алфавиттік нұсқағыштар сияқты жұмыс істейді.
Клиент ізденіс аумағын сипаттайтын сөз немесе сөз тобын береді, мәселен:
Қазақстан + білім + информаттандыру және көрсетілген терминдер бар Web-
парақтарына арналған сілтемелердің тізімін алады.
AltaVista (AltaVista.digital.com) сервері ізденіс индекстерінің ең
әйгші және қуатты өкші болып табылады.
AltaVista құралдарымен ізденіс жүргізгіңіз келсе, AltaVista енгізу
өрісінде сұраныс мәтінін теріп, Ізденіс (34-сурет) кнопкасын басу керек.

Ең қарапайым сұраныс - мысалы, сіз берген Информатика сезі бар
Internet парағын aлy.
Егер сұраныс бірнеше сезден тұрса, онда AltaVista-да мынадай
келісімдер қарастырылған:
1. Бос орын қалдырып, терілген бірнеше сөз OR (Немесе) логикалық
операциясына сәйкесетін сұранысты белгілейді, Мысалы, Экономикалық
информатика сұранысы бойынша не экономикалық немесе информатика (немесе
екі сөз де бірден) бар парақтар таңдалып алынады.
2. Тырнақшаға алынған бірнеше сөзді жүйе біртұтас ретінде (символдық
жол ретінде) қабылдайды. Мысалы, Экономикалық информатика сұранысы
бойынша осы символдық жолы бар құжаттар іріктеледі.
3. + (плюс) белгісімен біріктірілген сөздер And (және) логикалық
операциясына сәйкес келеді. Мысалы, сұраныс бойынша осы екі сөзі де бар
(бәлкім, бөлек-бөлек) құжаттар тандалып алынды.
Желідегі ізденістің тиімділігі едәуір дәрежеде пайдаланушының
тәжірибесі ой-өрісіне байланысты. Белгілі бір тақырып жөніндегі
материалдарды іздегенде, қандай жағдайда да машина зердесіне сенуге
болмайды: сіз өзіңіз осы тақырып жөніндегі мамандардың лексикон
ерекшеліктерін, терминдердің ықтимал үйлесімін және т.б. ескеруге тиіссіз.
Телеконференция қызметі электроңды почтаны циркулярлық жолдауға
ұқсас, оның барысында бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топқа
(мұндай топтар телеконференция немесе жаңалықтар тобы деп аталады)
жіберіледі. Жаңалықтар тобын пайдаланудың негізгі әдісі, барлық әлемге
қарата, сұрақ қою үшін және осы сауалдың мәнісін білгендерден кеңес немесе
жауап алу үшін қолданылады. Сонымен бірте сұрақтың мағынасы осы
телеконференция тақырыбына сәйкес келетін қадағалау да маңызды. Әлемнің
көптеген жоғары білікті мамандары (конструкторлар, инжәнерлер, ғалымдар,
дәрігерлер, педагогтар, заңгерлер, жазушылар, журналистер,
программалаушылар және тағы басқалар) өз іс-қызметі саласына қатысты
топтарда болатын телеконференция хабарларын жүйелі қарайды. Мұндай қарап
шығу ақпараттың мониторингі деп аталады. Жүйелі мониторинг мамандары
әлемде олардың мамандықтары бойынша нендей жаңалық болып жатқанын, адамдар
қауымын қандай проблемалар мазасыздандыратынын және өз жұмысында неге баса
назар аудару керектігін дәл білуге мүмкіндік береді.
Телеконференцияда хабар жолдағанда кері байланыс үшін өзіңіздің
электронды почта адресін көрсету табылған. Тікелей өндірістік іс-әрекетке
қатысы жоқ, корреспонденцияның электронды почта жәшігі артығымен толу
қаупі бар жағдайларда іскер қатынас-хаттарда қолданылатын негізгі адрес
орнына қосымша адрес көрсетіледі. Әдетте, мұндай адрес тегін почта
қызметтері бірінің серверін жолдайды, мысалы www.hotmail. com.
Жаңалықтар тобындағы хабарлардың орасан зор көлемі мақсатқа
бағытталған мониторингті едәуір қиындатады, сондықтан кейбір топтарда
конференция тақырыбына қатысы жоқ пайдасыз ақпаратты (көбіне, жарнамалық)
алдын ала іріктеу жүргізіледі. Мұндай конференциялар жаңғырту (модератор)
деп аталады. Модератор ретінде адам ғана емес, белгілі бір түйінді сездер
бойынша хабарларды сүзгіден еткізетін программа да шығады. Соңғы жағдайда
автоматты модерация туралы айтады.
Файлдарды беру қызметі (FTP). FTP хаттамасының көмегімен (File
Transfer Protocol - файлдарды жолдау хаттамасы) бір компьютерден басқасына
файлдарды жолдау Internetre бар маңызды мүмкіндіктердің бірі болып
табылады.
FTP қызметінің мәліметтер мұрағаты сақталатын әлемдік желіде өзінің
серверлері босады. Клиент тарапынан FTP серверлерімен жұмыс істеу үшін
арнайы программалық қамтамасыз ету орнатылған, бірақ WWW броузерлері
көптеген жағдайларда жұмыс үшін және FTP хаттамалары бойынша кірістірілген
мүмкіндіктерге ие.
FTP хаттамасы бір уақыпта сервер мен клиент арасындағы екі ТСР-
қосьшдыларымен бірге жұмыс істейді. Бір қосылыс бойынша мәліметтерді беру
өтеді, ал екінші қосылыс басқарушы ретінде қолданылады. FTP хаттамасы
сондай-ақ клиентті ұқсастыру үшін серверге құралдар ұсынады.
Тек тіркелген клиенттерге ғана ақпарат беретін коммерциялық сервер мен
қол жету шектелген серверлер мұны жиі пайдаланады, - олар пайдаланушының
атымен және онымен байланысты парольға сұраныс жасайды. Алайда барлық
ниеттенушілер үшін құпия түрде қол жеткізетін ондаған мың ҒТР-серверлер
бар. Мұндай жағдайда пайдаланушының аты ретінде anonymous сөзін енгізіп, ал
пароль ретінде электронды почта адресін беру керек. Көптеген жағдайларда
ҒТР программа-клиенттері мұны автоматты түрде жасайды.

2.1 Outlook Express программасымен
жұмыс істеу принциптері
Электронды почта - бірнеше минут ішінде жер бетінің кез келген
нүктесіне хат жететін, қарым-қатынастың қолайлы және сенімді құралы.
Қолайлы және сенімді болғаны соншалықты, миллиондаған адамдар визит
карточкаларында телефон нөмірімен қатар өз Е-таіІын да жазатын болды.
Электронды почтамен (E-mail) жұмыс істеудің жалпы схемасы мынадай.
Пайдаланушы тандалған провайдерге өтініш жасайды, тіркеледі және электронды
почта адресін алады.
Провайдер серверінде пайдаланушының почта жәшігі жасалды, онда келіп
түскен және жәнелтілетін хабарлар жиналады.
Microsoft Outlook Express программасын іске қосу үшін іске қосу -
Программалар - Outlook Express бұйрығын таңдауға болады. Internet Explorer
5.0 броузерінен ол Сервис - Почта және жаңалыңтар бұйрығымен іске қосылады.
Мәтіндік редакторға ұқсайтын терезеде сіз хат жазасыз, SMTP- сервері
(Simple Message Transfer protocol - қарапайым хабарларды беру хаттамасы)
деп аталатын өзінің провайдеріне почта серверін жіберіп, алушының адресін
тақырыпта көрсетесіз. Ол сіздің адресатыңыз тіркеліп, жазылып қойылған
торап желісінде болады, ол өз кезегінде белгілеуі бойынша береді.
Хат сізге арналып келсе, сіздің провайдеріңіздің басқа сервері - РОР-
сервері (Post Office Protocol - почта хаттамасы) -хабарды қабылдайды және
оны сіз оқығанша қатқыл дискіде сақтайды. Хабар сіздің компьютерге тартылып
болғаннан кейін сервер оны өзінен өшіріп тастайды.
Электронды почта хабарын жасау
Хабар жасау ретінде мәтінді, алушының адресін және жаңадан шығатын
хабар тақырыбын енгізу түсініледі. Outlook Express хабар жасау үшін хабар
жасаудың жеке терезесі қарастырылған. Бұл терезе негізгі терезеден немесе
Outlook Express қарау терезесінен, сонымен қатар хабар жасау терезесінің
өзінен шақырылуы мүмкін. Бұл кейбір хабарды жасай отырып, хабарды жасаудың
тағы қосымша терезесін шақырып, бір уақытта екі хабар жасауға болатынын
білдіреді. Негізінде, хабар жасау ашық терезелері саны кез келген болуы
мүмкін.
Хабар - хабар жасау бұйрығын таңдаңыз немесе құралдар панелінің
хабар жасаңыз кнопкасын басыңыз. Экранда хабар жасау (35-сурет) терезесі
пайда болады, оның жұмыс аумағы екі негізгі бөлікке бөлінеді.
Жоғарғы жақта қызметтік ақпаратты енгізуге арналған өрістер, ал
төменгісінде - хабар мәтіні орналасады. Тақырып өрісінде хабар арналған
мәселені қысқаша баяндау енгізіледі (міндетті емес, бірақ параметр атушы
қалап-тілейтіндей). Кімге өрісінде алушының адресі, Көшірме өрісінде басқа
алушының адресі (егер ол болса) көрсетіледі.
Хат мәтінін дәл мәтіндік файлды тергендей етіп теріңіз. Хат жолдау
үшін Файл - Жіберу бұйрығын немесе Жіберу кнопкасын шертіңіз.

Кететіндер папкесінде жіберілген хаттар саны пайда болады, сәтті
жіберілген кезде олар бұл папкіден ғайып болады.
Жіберілгендер кнопкасын шертіңіз және жіберілген коррес-
понденциясының тізімін қарап шығыңыз. Егер хабар қайсыбір себептен
жіберілмесе, Хабарды жіберудің сәті болмады деп шығады. Сонымен бірге
адрестің дұрыстығыш бірінші тексерген жөн.
Қосымша операциялар. Жаңа хабарды жасағанда көбіне екі қосымша
операция қолданылады.
Алушының адресі адрестік кітаптан таңдалады. Жиі қолданылатын адресті
Адрестік кітапқа: Адрестік кітап - Адрес жасау деп орналастыруға болады.
Барлық өріске қажетті мәліметтерді енгізіңіз - Есімі, Әкесінің аты,
Тегі және т.б. Жаңасын қосу өрісіне алушының E-mail енгізіңіз және Қосу -
ОК.
Енді бұрын жазылған адреске жаңа хат енгізу үшін программаның сол
жақтағы төменгі терезесіне адамның есімі тұсында екі рет шерту жеткілікті.
Сонымен бірге хат редакторында адрестік кітапшада жазылған адресті
енгізгенде, Outlook Express сізге аяқтауды андатады.
Көбіне файлдарды жөнелту қажетгілігі туындайды. Бұл үшін хат жазып болған
соң хат редакторына файл кірістіру кнопка - қысқышы бойынша шертіп, дискіде
қажетті суретті, программаны, веб-парақты немесе басқа файлды тауып, екі
рет шертіңіз.
Ішті хат сізге келген кезде Келгендер тізімінде жәнелтімі бар хат сол
жағынан кішкентай қыстырғышпен белгіленеді. Егер сіз төменгі терезеде
орналасқан хаттың тақырыбында үлкен қыстырғыш тұсында шертсеңіз,
жәнелтілген файлдардың атауын, типін және мөлшерін көресіз. Дискіде қажетті
файлдарыңызды сақтау үшін оны тізімнен таңдап алыңыз және оны тышқан-
тетікпен шертіңіз. Дискіде сақтаудан басқа сізге сонымен бірген файл ашу
мүмкіндігін, яғни оны тиісті редактор -программада қарап шығуды ұсынады.
Почтаны жеткізу - бұл қосарлы операция. Хабар-почта жеткізу бұйрығын
таңдаңыз немесе құралдар панелінде Почта жеткізу кнопкасын басыңыз.
Кеткендер папкісінен жіберілмеген барлық хаттар почталық серверге
жәнелтіледі; клиенттің атына алынған сервер хабарлары Келгендер папкісіне
жіберіледі.
Почта оқу. Келген хабарларды оқу үшін тізімдегі Папкілер немесе
Келгендерді тандаңыз. Жаңадан алынған хаттар хабар тізімінде жартылай
қарайтылған шрифтпен бейнеленеді және ашылған хат таңбасымен белгіленеді.
Ерекшеленген хабар мәтіні терезенің төменгі жағында көрінеді хабармен
толығырақ танысу үшінесімітұсындаекі ретшертіңіз.
Қосымша операциялар. Барлық қосымша операциялардан біз хабардың шартты
белгілерімен қайта таңбалануын (перекодировка) және орындалған файлдармен
жұмысты қысқаша қарастырайық.
Шартты белгілермен қайта таңбалау (перекодировка). Келіп түскен
хабарлар мәтіні әр түрлі шартты белгілеу (кодировка) арқылы ұсынылады. Егер
хат мәтінінің орнына сіз мән-мағынасыз сездер жиынтығын (аброкадабра)
көрсеңіз, таңба-шалардың (символдардың) шартты белгілерін Тир-Шартты
белгілеу немесе Шартты белгілеу кнопкасы-тізімі) бұйрығымен ауыстыруға
тырысыңыз.
Бұл серверлер көбіне шетелдік болу себепті кейде тандалған шартты
белгілеулердің бір-біреуінде хатты оқу мүмкін болмайды. Осы құбылыспен
күресу үшін оқылмайтын хаттарды оқуға мүмкіндік беретін арнайы шартты
белгілермен қайта таңбалау-программалары (мысалы Mail Reader Tot-Recode)
құрылған.
Сіз оларды Интернеттен табасыз. Іс жүзінде бар кінәні шетелдік
серверлерге жаба беруге болмайды. Хаттың оқылу қиындығы хат жіберушінің
кінәсінен де болады. Өйткені орыс тіліндегі барлық хаттарды КОИ - 8 шартты
белгілеуімен жөнелту керек.
Электронды почтамен алынған хабардың қай-қайсысын да компьютеріңізге
Файл-Қалай сақтау керек бұйрығымен сақтай аласыз.
Хатты бастапқы түріңде, eml кеңейтіп, мәтіндік пішімде, txt кеңейтіп
сақтауға рұқсат етіледі. Бұл үшін кез келген Windows-редакторындағыдай файл
Типі тізімінде Почта (mail) не болмаса мәтін таңдау керек.
Программаның жаңа версиясында мәтінді, сондай-ақ HTML пішімінде
сақтау мүмкіндігі туды, сонда шрифтілік және абзацтық безендіру қалады.
Хабарды Файл-Басу бұйрығының көмегімен басып шығаруға болады.
Хат тасушы - програманың қай-қайсысы да алғаш per іске қосылғанда
сізден қолданатын сервер туралы ақпарат талап етеді. Бұл ақпарат есептік
жазба түрінде сақталады.
Outlook Express байланысты баптауды арнайы шебер-программа жүргізеді,
оның міндеті - есептік жазба құру (account).
Есептік жазба Сервис - Есептік жазбалар бұйрығымен жасалады.
Интернетте Есептік жазбалар диалогтық терезесінде Қосу кнопкасында шерту
және ашылған мэзірде есептік жазба құрылатын қызметті тандау керек. Кейінгі
ақпарат шебердің басқаруы арқылы кіреді және жіберушінің аты сияқты
көрсетілетін есімді, электронды почтаның адресін, қолданылатын сервердің
атын, қажет болған жағдайда, пайдаланушының аты мен паролін енгізеді.

2.2 Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері
Ақпаратты қорғау мен оның қршялық стратегиясы.
Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы ете кеқ мағынада. Ол компьютер
жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпаратғың
өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды
байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді.
Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына,
тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге
болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс
тусініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін
қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер
тендіру.
Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы
ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-
тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе
алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі
қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратғы рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған,
символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық
компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе
жанғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау)
ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс
режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау.
Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның
тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап
көрсетейік.
Жүйені қорғау. Жұмыста да, үйде де - компьютеріңізге
пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда да
болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді заттай орналастыру және парольмен
қорғау сиякты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз
программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус
программасы немесе Троян аты (алдау, көз бояушылық) болуы мүмкін.
Аңпаратты жасыру. Егер сіздің ақпараттарыңыздың қайда сақталатындығын
өзіңізден басқа ешкім білмесе, ақпараттың қүпиялылығының бүзылуы немесе
ақпараттың бұліну қаупі едэуір азаяды. Бұл үшін файлдардың жалған аттары
немесе файлдар немесе каталогтардың көрінбейтін аттары сияқты айла-
шарғыны қолдануға болады. Мәліметтеріңіздің барлық іздерін өшірген жөн, бұл
бәрінен бүрын ашық файлдар мэзірін және Windows құжаттарын тазалауды
меңзейді.
Ақпараттың түтастьиын қолдау. Бұлдіруден цоргау. Негізгі мақсаты -
ақпараттарыңызды жойылудан, өзгеруден, нұқсан келуден сақтау. Бұл үшін
мәліметтерді архивтеу, файл-дарды бұғаттау (блокирование) парольдерді
қоргау сияқты тактикалық әдістер қолданылады.
Ацпаратты қол жетерлік ауқымнан қашықтату. Ең осал ақпарат жағдайында
файлдарды жасыру мен бүғаттау жет-кіліксіз шара болып шығады. Мұндайда сіз
жұмыс файлдарын қатқыл дискіде сақтау тактикасына немесе тек басылып шыққан
құжат түрінде ғана сақтауға иек артуға болады. Сонымен қатар жүйе құрған
мәліметтердің резервтік көшірмелерін жоя аласыз. Компъютеріңһді тузащпан
алыңыз. Белгілі бір сорттағы ақпаратты сізге жасау мен сақтау шын мәнінде
қажет пе, соны ойлаңыз.
Із жасыру. Windows және кейбір қосымшалар сіздің алда болып өткен жұмысыңыз
жайлы ақпаратғың іздерін сактауға құмар болады. Олардың көпшілігін
параметрлерді қоюмен өшіруге болады, қалғандарын қолмен жоюға болады.
Интернеттегі цауіпсіздік пен щпиялылың Интернетте жұмыс істеу кезінде
Бүкіләлемдік желі ресурстары әрбір клиентке қаншалықты ашық болса, оның
компьютерлік жүйесінің ресурстары қажетті құралдары барлардың барлығына
ашық болады,
Жеке пайдаланушы үшін бұл факт ерекше рөл атқармайды, бірақ аумағында
Интернет серверлері орналасқан елдердің заң-намаларын бұзатын іс-қимылдарды
болдырмау үшін ол жайлы білген жөн. Мұндай іс-қимылдарга компьютерлік
жүйенің жұмысқа қабілеттілігін ерікті немесе еріксіз түрде бүзу әре-
кеттері, қорғалған жүйелерді бұзуға әрекет жасау, компьютерлік жүйенің
жұмысқа қабілеттілігін бұзатын бағдарламаны пайда-лану мен тарату
(кебінесе, компьютерлік вирустар) жатады.
Бүкіләлемдік жүйеде жұмыс істегенде барлық іс-қимылдар толықтай
белгіленетінін және арнайы программалық құралдар-мен хатталатынын, заңды,
заңсыз іс-әрекеттер туралы ақпарат міндетті түрде бір жерлерде
жинакталатынын есте сақтаған жөн.
Осылайша Интернетте ақпарат алмасуға почта маркаларын қолданатын
кәдімгі хат жазысу сияқты қараған жөн. Ақпарат екі жаққа да еркін жайылып,
таралады, бірақ ол жалпы жағдайда ақпараттық процестің барлық қатысушылары
қол жетерліктей. Бұл көпшіліктің жаппай қолдануға ашық Интернеттің барлық
қызметтеріне қатысты.
Алайда әдеттегі почталық байланыста да ашық хаттармен қатар почталық
конверттер болады ғой. Хат жазысқанда почталық конверттерді қолдану
серіктестердің жасырары бар дегенді білдірмейді. Оларды қолдану бүрыннан
қалыптасқан тарихи дәстүр мен моральдық-этикалық қатынас нормаларына сай
келеді. Осындай конверттердің қажеттілігі ақпаратты
қорғау үшін Интернетте де бар. Бүгінде Интернет тек қатынас құралы және
эмбебап анықтамалық жүйе ғана болып қоймай, келісімшарттық және қаржылық
міндеттемелер жойыльш, таралады, қарап шығудан да, бүрмалаудан да қорғау
қажеттілігі айдан анық. 1999 жылдан бастап Интернет бөлшектік сауда
айналымын қамтамасыз етудің қуатты құралына айналды, ал бұл несиелік
карталар мен басқа электронды төлем құралдарын қорғауды талап етеді.
Интернеттегі ақпаратты қорғау принциптері мынадай анықтамаға сүйенеді:
ақпарат - мәліметтер мен оларға барабар тәсілдердің өзара іс-қимылының
туындысы. Егер коммуникациялық процесс барысында мәліметгер жүйе арқылы
берілсе (ал Интернет нақ осындайға жатады), онда оларға бөгде адам-дардың
кіруін, тіпті, теориялық жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті жүйелер топологиясы
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Қазіргі қоғамдағы ақпараттың сіңірілу мәселесі
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Жоғары мәтінді технология
SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі
Компьютерлік технологияның түрлері
Ақпараттық технологияның ұғымы
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Интернет - дүкен ұғымы
Пәндер