Контрабанданың түсінігі, түрлері


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . 3

1 Контрабанданың түсінігі, түрлері

1. 1 Контрабанданың түсінігі және қоғамдық қауіптілігі . . . 6

1. 2 Контрабанданың түрлері . . . 14

2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың сипаттамасы

2. 1 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объектісі . . . 17

2. 2 Контрабандамен байланысты қылмыстардың объективтік жағы . . . 36

2. 3 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъектісі . . . 39

2. 4 Контрабандамен байланысты қылмыстардың субъективтік жағы . . . 44

2. 5 Контрабандамен байланысты қылмыстардың ауырлатылған құрамдары . . . 46

Қорытынды . . . 49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57

КІРІСПЕ

Біздің еліміздің тарихында, әлеуметтік, экономикалық саясатында саяси контрабанда қаупі маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік территориясының қалыптасуы, кедендік тәртіп пен бағалы заттарды тағы да басқа шекарадан өтуіне әсер етті.

Контрабанда басқа қоғамдық құбылыс сияқты эканомикалық және әлеуметтік алғы шарттардан тұрады:

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетер шекарасының кеңдігі;
  2. Мемлекеттің сыртқы сауда монополдиясынан бас тартуы
  3. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы
  4. ТМД елдері арасындағы мемлекет аралық кеден ісінің заң базасының дәрменсіздігі.
  5. Билік және басқароушы органдардағы коорупцмя және құқықт қорғаушы, бақылаушы органдардың қылмыстық топтармен байланысының қарқынды дамуы, оның ішінде контрабандамен байланысы.

Контрабандалық қылмысты тергеу ісінде құқықтық механизмнің болмауы.

Егерде кінәлі адам ұсталса, ҚР қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекетке ерекше үлкен мөлшерде залал келсе, қосымша саралануы туралы белгілерді, біздің пікірімізше 209, 250-баптарға толықтырулар керек. Нәтижесінде экономикалық контрабандалық қылмыстар жауапкершіліктер күшейтіледі.

Қорыта келгенде, контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі қатысады.

Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек. Бұлар мемлекеттік қазынаға қосымша ақша түсуіне мүмкіндік береді. Әзірше көлеңкелі экономика ғана байып отыр.

Қазақстандық контрабандалық шолу шет елдік ұжымдармен байланысын кеңейітті, бақылау жасалынатын тұрақтар қатары өсті. Нәтижесінде Бразилиядан Алматыға және Ресейдің басқада қалаларына героин мен какоин тасымалдау ісіне тосқауыл жасалынды.

Қазіргі кезде ТМД елдерінің аймақтық кеден қызметінің бірлестігі контрабандалық есірткі туралы ақпарат алмасу ісі бойынша орталықта Москва офистерімен және ТМД елдеріндегі офистермен табысты түрде жұмыс жасауда. Қазақстан ТМД елдерімен есірткіке бақылау жасау ісі бойынша халықаралық комитет құру жобасын жасауда.

Осылайша құқық қорғау органдары арасындағы байланыс контрабандамен және басқада қылмыс түрлерімен күрес жүргізуде оңтайлы нәтиже бермек.

Соңғы жылдары контрабандалық қылмыстың өскенін көреміз. Егер 1998 жылы құқық қорғау органдары мен 157 контрабандалық факт тіркелсе, ал экономикалық контрабандаға байланысты 1999 жылы 215 факт тіркелінді.

ҚазКСР Қылмыстық кодексінде контрабандалық әрекеттер тек қана бір ғана қылмыс құрамы ретінде сараланатын. Тек 1997 жылы қабылданып, 1998 жылдық 1 қаңтарынан бастап күшінде болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі контрабандалық әрекеттерді екі дербес қылмыс құрамы ретінде бөлді. Бұлайша бөлуге негізгі себеп қылмыс затына байланысты олардың объектісінің, яғни зардап келтіретін құндылығының оқшаулығы. Айталық экономикалық контрабанда жасау барысында қылмыс затттарын пайдалануға, иеленуге т. б. заңды әрекеттер жасауға тым салынбаса да, кеден бақылауынан жеткілікті деңгейдегі механизмдер арқылы өтпегендіктен мемлекеттік баж төленбей қалады, сол себепті мемлекеттік бюджет қоры толықпайды, демек экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатнастар зардап шегеді. Егер де контрабандалық әрекеттер арқылы азаматтық айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттар шекарадан өтетін болса, онда зардап шегетін мемлекеттік экономикалық мүддесі емес, қоғамдық қауіпсіздік.

Қорыта айтар болсақ, ҚР жаңа ҚК-сі контрабанданы екі дербес қылмыс құрамдарына бөлу арқылы дұрыс қадап жасап отыр.

Осыған орай, өзалдына дербес және белгілі бір деңгейде жаңа болып табылатын қылмыс құрамдарын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Бұл мәселемен тікелей айналысқан авторлар қатарына К. Г. Байсаковты, А. Н. Ералинді, Г. Б. Саматованы, Б. С. Сәрсековты, Д. Р. Хазиахметованы т. б. атауға болады.

Дегенмен, бұл мәселемен тікелей айналыспаса да аталған тақырыптың теориялық негізін құрай алатын ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады, олардың қатарына мына авторлар жатады: Ағыбаев А. Н., Антонян Ю. М. , Бородин С. В. Дворкин А. И. , Сафин Р. М., Бабаян Э. Л., Бабланов Т. К., Брайнин Я. М., Васильев А. Н., Гаухман Л. Д., Глистин В. К., Карпец И. И. , И. Н. Кудрявцев, Иващенко А. Е., Марченко А. И., Каиржанов Е., Канатов А. К., Коржанский Н. И., Мирошниченко Н. А., Наумов А. В., Никифоров Б. С., Трайнин А. Н., Федоров М. И., Феткулов Г. Х., Интыкбаев М. К т. б.

Диплом жұмысының объектісі - экономикалық қызмет саласындағы және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Диплом жұмысының нақты затын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ішіндегі экономикалық контрабанда және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың ішінде айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы құрайды.

Диплом жұмысының мақсаты контрабандалық әрекеттің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын беру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыс мынандай міндеттер қояды:

  • контрабанданың түсінігін беру, қоғамдық қауіптілігін айқындау;
  • контрабанданың түрлеріне жеке - жеке тоқталу;
  • экономикалық контрабанда қылмысының құрамын сипаттау;
  • айналыстан алынған не айналысы шектелген контрабанда қылмысынына қылмыстық-құқықтық сипаттама беру;
  • контрабанда туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты жекелеген ұсыныстар белдіру.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы жеті тарауды біріктіретін екі бөлімнен тұрады.

1 Контрабанданың түсінігі, түрлері

1. 1 Контрабанданың түсінігі және қоғамдық қауіптілігі

Контрабанда сөзі италян тілінен аударғанда contro- қарсы bando- үкімет жарлығы деген сөзден шыққан. Сөзбе сөз алғанда контрабанда «үкімет жарлығына қарсы» дегенді білдіреді1.

Қазіргі түсінікте контрабанда кез келген заңсыз жолмен тауарларды және өзге де заттарды кеден шекарасынан алып өту .

Соңғы жылдарда бұл қылмыс ұйымдасқан және көлемді түрде болуына байланысты өсуде және қоғам мүддесіне зор шығын әкеліп, қылмыстың азаюна еш шара әсер етпеуде. 1988 ж. республика тергеу органдарында 1 ғана қылмыстық іс қозғалса, 1989 ж -12, 1991 ж- 21, 1993 ж- 40, ал 1995 жылы сотқа 117 іс түссе, 1996 ж- 142 болды. Бұған қарап контрабандалық қылмыстың 1997-2000 ж. ж қарқынды өсуін байқауға болады2.

Бұл жағдайда ерекше теориялық және практикалық мүдделікті кантрабандамен күреске бағытталған шаралар көрсетеді, өйткені олар біздің еліміздегі шынайы құқықтық мемлекет ретіндегі эканомикалық, әлеуметтік және рұхани құрылыстың аспектілерімен тығыз байланысты, қоғам мен жеке тұлғаның мүддесін қорғайды.

Кеден және басқада органдардың толық бақылау жасамауының нәтижесінде елімізден кедергісіз шикізат өнімдері, металл түрлері шет елдерге шығарылса, заңсыз спирт, темекі өнімдері және сапасыз азық түлік түрлері енгізілуде, сонымен қатар тарихи мәдени құндылығы зор заттарды да сату істеріде көптеп кездеседі. Аталмыш қылмыстың өсуі аса ірі көлемдегі өнімдер мен тауарлардың, шикізаттардың тоналуымен салық төлеуден қашу және қызметтік қылмыс сияқты істермен тығыз байланысты болуымен түсіндіруге болады.

Контрабандамен байланысты қылмыстың құрылымы әртүрлі дәрежеде өтеді: тауарларды тасымалдау ірі жүкті авто көліктермен, теміржол вагондарымен, транспорттық самолеттармен жүргізіледі және де кедендік бақылаудан жалған құжат сияқты айла шаралар арқылы өтіп кетеді3.

Республикамызда аса қауіпті қылмыс түрі есірткілік және психотроптық заттардың контрабандасы болып табылады. ҚР президенті Н. Ә Назарбаевтың жыл сайынғы «Елдегі жаңа 100 жылдықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік» деп аталатын халыққа жолдауында ескергендей Қазақстан ірі есірткілік тасымалдаудың өткелінде тұр. Қазақстан географиялық орналасуының қолайлығына байланысты халықаралық наркобизнестің мүдде сферасына ұшырап отыр. Мәселенің географиялық және эканомикалық маныздылық дәрежесін ескере отырып, нашақорлық пен наркобизнеспен күрестің қазақстандықтардың қолдауынсыз мүмкін еместігін атап өткеніміз жөн. Мемлекет ғана емес жалпы қоғам мәселесінің көлемділігін айқын сезінуі керек. Бүгінде Қазақстан арқылы «Алтын жарты ай», «Алтын үшбұрыш» аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Балтық елдеріне, Шығыс және Батыс Еуропаға көп мөлшерде опиум, героин, канабис тасымалданады. Осылайша еліміз европалық елдермен Америка үшін Оңтүстік - шығыс және Оңтүстік - батыс Азияда өндірілетін есірткілік затардың өткеліне айналды. БҰҰ -ның халықаралық бағдарламасының есірткіге бақылау штаб квартирасы «Ауғаныстан айналасында қауіпсіздік белдеуін құру» жобасын жасауда, мақсаты Ауғаныстан сыртқы шекаралары мен көршілес елдерге есірткілік өнімдерді өткізбеуге қатаң бақылау жасау. Қазіргі кезде Ауғаныстанның Иран мен шекарасының бекінуіне байланысты есірткі өз қозғалысын Европалық континент арқылы батыстан солтүстікке қарай, солтүстіктен батысқа қарай орталық азияның оңтүстік шекаралары арқылы қазақстанды қосып қозғалысын өзгертті. Қазақстанның бұл жобаға араласуы контрабандалық есірткілердің ағысын толастатар еді.

Ресей мен Қазақстан шекаралық облыстарындағы ресейлік және қазақстандық т. б елдердің азаматтардан құрылған қылмыстық топтардың қылмыстық істерін тергеу ерекше қиындық туғызады. Географиялық тарихи жағдайға байланысты Қазақстан тек Ресей федерациясының оншақты облысымен шекараласады. Бір ғана батыс Қазақтан Ресейдің Астрахань, Волгаград, Орынбор, Самар және Саратов облыстары мен шекараласады. Темір жолдарынан басқа оның шекарасынан 7 тас жол және 39 құм тасты жол таулы жолдарды айытпағанда өтеді. Шекараның ұзындығы 1232, 2 км құрайды, бұл жағдай кедендік орындар мен кедергілерге қарамастан іс жүзінде қылмыстық элементтер үшін оңтайлы болып табылады. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының арнаулы аймақтармен бірлесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасау эканомикалық және саяси байланыстардан еш кемсіз манызды.

Минстік конвенция жетекшілері БҚО ІІБ - сымен Ресей құқық қорғау орган басшыларымен кездесу өткізіп, шекаралық территориялаврда қылмыстық тергеу шараларын өткізу кезінде туындайтын біршама сұрақтарды қарап, нәтижесінде 1998 жылы БҚО - ның ішкі істер басқармасы көлемінде Ресейдің 3 Волгаград, Саратов, Орынбор ішкі істер басқармасымен одақтасу келісім шарты жасалынды. Дәл осы жағдай бірікккен «шекара» операциясын табысты өткізуге мүмкіндік берді, яғни оның барысында1998 ж 6 күн ішінде 213 қылмыс ашылып, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ істері тоқтатылды, оның 4 халықаралық қылмыстық топ болатын. 45 поезд, 1136 жүк вагондары тексеріліп, 234 қару жарақ, 5 автокөлік, 3 млн 234 мың тенгеге контрабандалық тауар тартып алынды. Пайдаланылған тәжірбие жедел тергеу қызметкерлерінің жұмысын тездетті. Құқық қорғау органдарының бірлесуі соңғы кезде шекаралық аудандарда аса көп өсе бастаған мал ұрлау ісіне мықты соққы берді4.

Қазақстан мен Ресей арасындағы құқық қорғау органдарының бірлесу келісім шарт жасауы контрабандалық күреске қарқынды күш береді.

1998 ж қазанда Қазақстан республикасымен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр комплексі территориясында тәртіп сақтауды қамтамассыз ету туралы құқық қорғау органдары арасында бірлестік» туралы келісім шарт жасалынды. Құжат ұйымдасқан қылмыс пен бірлесіп күресуге мүмкіндік берді. Мысалы, Қызылорда облысының ҰҚК мен РФ ФҚҚ мен бірігіп Байқоңыр қаласында аса ірі көлемдегі есірткімен қару жарақ контрабандасымен айналысатын халықаралық қылмыстық топ іс шараларын ашты5.

Болашақта тұрақты мемлекет аралық контрабанда ісімен айналысатын жедел тергеу тобын құрса дұрыс болар еді.

Қазақстандық контрабандалық шолу шет елдік ұжымдастармен байланысын кеңейітті, бақылау жасалынатын тұрақтар қатары өсті. Нәтижесінде Бразилиядан Алматыға және Ресейдің басқада қалаларына героин мен какоин тасымалдау ісіне тосқауыл жасалынды.

Қазіргі кезде ТМД елдерінің аймақтық кеден қызметінің бірлестігі контрабандалық есірткі туралы ақпарат алмасу ісі бойынша орталықта Москва офистерімен және ТМД елдеріндегі офистермен табысты түрде жұмыс жасауда. Қазақстан ТМД елдерімен есірткіге бақылау жасау ісі бойынша халықаралық комитет құру жобасын жасауда.

Осылайша құқық қорғау органдары арасындағы байланыс контрабандамен және басқада қылмыс түрлерімен күрес жүргізуде оңтайлы нәтиже бермек6.

Мәлім болғандай контрабанда басқа қоғамдық құбылыс сияқты эканомикалық және әлеуметтік алғы шарттардан тұрады:

  1. Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетер шекарасының кеңдігі;
  2. Мемлекеттің сыртқы сауда монополдиясынан бас тартуы
  3. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы
  4. ТМД елдері арасындағы мемлекет аралық кеден ісінің заң базасының дәрменсіздігі.
  5. Билік және басқарушы органдардағы коорупция және құқық қорғаушы, бақылаушы органдардың қылмыстық топтармен байланысының қарқынды дамуы, оның ішінде контрабандамен байланысы.
  6. Контрабандалық қылмысты тергеу ісінде құқықтық механизмнің болмауы.

Баж салағымен салықтың ақталмас жоғары көрсеткіште болуы, халықаралық мәселесінде ТМД елдерінің бақылаусыздығы және қожайынсыздығы, Қазақстандағы және көрші мемлекеттерлегі эканомикалық жағдай контробанданың өтуіне негіз болып отыр. Мысалы: доллардың жаңаруынан кейін және Ресей федерациясындағы эканомикалық дағдарыстан кейін, қазақстанға көптеген тауаплары әкеліне бастады, басым бөлігі контробанлық жолмен алып келді, бұл еліміздің басшыоарына ішкі нарықты қорғауда белгілі емес шараларды қолдануға және шет елден келетін тауарларды шектеуге тура келді. Енді осыдан келіп салық мен кедендік салықтың сәйкес келмеуі пайда болды. Бұл мәселені біздің елмен көрші елдердің жоғары басшылары шешуі тиіс. ҚР қаржы министрлігі кедендік баж салығымен жай салық мәселесін шешуге тырысуда, 1- кезекте Ресей мемлекетімен бірақ обьективті себептерге байланысты екі ел арасындағы келісім шарт әрқашан бұзылуда. Бұл мәселедегі ең күрделісі екі елгеде салық төлеу, дүние жүзілік іс тәжірбиеге қарамастан Ресей салықты тауар өндірілетін елден алуды шешті. Ресей тауарларынан екі рет салық алмау үшін Қазақстанда Ресейлік жүйеге көшті. 2-мысал Өзбекстанннан келетін контрабандалық тауарлар, баж салығының жай салықтың Қазақстаннан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ Өзбекстанда ұлттық валютаның ресми бағасымен нарықтық бағасының айырмашылығы бар болғандықтан мынандай жағдай қалыптасты: таяу шет елдерден тауарларды Өзбекстанға алып келу эканомикалық жағынан тиімді болды, ал сол жақтан контрабандалық жолмен тауарлар келе бастады. Бұл мәселені шешуге үкіметтің де шамасы келмей отыр. Бұл мәселе көрші мемлекеттің ішкі экономикалық саясаты және басқа да мәселедегі Қазақстандағы контрабандалық тауарлардың өсуіне жол берілуі джәне көрсетілген мемлекеттердің өз тауар шығарушыларына деген саясаты ірі заводтар «пепси-кола», «уз-дет авто» Өзбекстандағы «кока-кола», Қырғызстандағы өз елдер тұсынан протексияға ұшырауда, сондықтан олар өз тауарларын Қазақстанға алып келуде. Бұдан басқа жәй салықпен баж салығының жоғары болуы шағын және орта бизнаспен айналысатын азаматтарды контрабандистер болуға итермелеуде. Келесі мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығы және бірінші кезекте кеден қызметкерлерінің жемқорлығы өсуіде. Сондықтан құқық қорғау және бақылау функцияларын бір мекемеден екінші мекемеге ауыстыру жиі болып тұрады. Экономикалық контрабандистермен күресті ҰОҚ ІІМ айналысуда. Соңғы кезекте азаматтардың төменгі деңгейде өмір сүруі көп мәселеге себеп болуда. Өйткені азаматтар патриоттық сезімнен көрі нан табу үшін күреседіү осындай жағдай бұрынңы кеңес елдерінде де болып отырған. Жүздеген адамдар контрабандалық заңсыз бизнестермен айналысты. Атап айтқанда, бұл мәселеде контрабанда патшалары жеңіске жетуде. Контрабанда қоғамға өме қауіпті, өйткені мемелкетке айтарлықтай экономикалық нұқсан келтіреді, бұларды мынадан көруше болады:

Ішкі нарықтық тұрақсыздығы экономикалық реформаларды жүргізуге алып келеді;

Бюджетте заң түрінде көрсетілген салық түрі түспейді;

Кеден арқылы алып келген, тиым салынған тауарлар өтеді;

Контрабанда негізінде үлкен көлемде талан-таражға байланысты салық төленбейді;

Мемлекеттік қылмыс салықтарына байланысты жұмыс аз істелуде.

- Ол басқару, билік органдарында және қүқық қорғау органдарында көп кездеседі.

- Контрабандалық тауар ішкі саудадан мемлекеттік тауарды ығыстырып, кәсіпкерлерді банкротқа әкеп соқтырады.

Сонымен қоса, контрабанда өзінің ұйымшылдық формасымен және проффесионалдық эрекеттерімен түрақты топпен ұйымдары контрабандалық каналдарының болуы, агентураның байланысы, боевик, халық аралық байланысы және т. б. бүкіл елде мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар қатаң тэртіппен сфералардың айырмашылығы, белгілі бір специализациялардың көмегімен жасалады. Мысалыға, контрабандалық табакты шығаратың Въетнамдық ұйымдасқан топ, спиртті-Итальяндық, есірткіні- Колумбия мен Нигерия, және т. б. 7

Ірі қылмысты топтар өзінің тауарларын легелды жолмен жасағандай етіп бетін жауып, әр түрлі фондтар, ассосациялар, біріккен кэсіпорындар, кішігірім жекеменшік кәсіпорындар мен біріккен үйымдар шектеулі жауаптылықпен, сонымен қоса подакциздік тауарды мемлекеттік льготамен корумпирдік байланысты қолданып подакциздік тауарды мемлекетке кіргізу мен шығаруға бағытталған контрабандамен байланысты қылмыстар структурасы барлық денгейде оның бастамасынан сонына дейін өзгерістер болады. Мұндай жағдайда техникалық талғамдығы мен көлікпен өзгеру жағдайы ескеріледі.

Сараптаманың қорытындысы бойынща оперативті берілген белгілер бойынша, қылмыстық істер бойынша материалдары мен ғылымдар зерттеуі бойынша контрабанданың келесі улгілері көрсетілген.

- ұйымдастырылған консперативті сипатдеме контрабандаға қойылған меанизмнің функциаларының бөлігі (оның ішінде, қылмыстық структураның үйымдастырушысы мен орындаушысының амандығын тілейтін(безопасность), көліктердің апарып- экелуі, байланыс, контрабанданың заттарын өткізіп жүзеге асыру;

- Белгіленген сақтау орнында контрабанданың жасырын орнын ашу;

Кедендік күжаттарды немесе кез-келген документтерді жалған пайдалану, декларативті тауар аттарын өзгерту, саның жасыру және бағасын төмендету;

- Заңсыз ұйымдастырылған жүмыстары үшін ұсталған контрабандалык топтың істерін ашу;

- Жалған экспорт және реэкспорт мемлекеттік арқылы жалған күжаттау;

- өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адам;

эрқашанда өзінің жоспарларын іс- эрекеттерін пайда табу мен жоспарлау;

- мемлектаралық және халықаралық партнерларының болуы және олармен сөз байласуы8;

Аталғанның барлығы контрабандамен күресу жайында іздестіру шараларымен іс қағаздарын жүргізу ішкі істердің жедел аппараттары күресу қажет.

Осы сияқты контрабанда халықаралық және мемлекетаралық сипаты бар, экімшілік-территориялык бірлігі, аудандардың, облыстардың және мемлекеттердің шегінен шығады. Олардың консперациялық бастамасы бар, сонымен қоса, олардың ұйымдастырушылары катысушыларының саның азайтпақ ойы бар. Олардың аз да болса мэлэметтер бар, өздерінің қызметтерін жүзеге асыруы үшін.

Топтың мүшелері қатаң тәртіппен және консперациясымен сақталады. Оны бұзса ол сол қателігі үшін физикалық жауап береді. Кейде олар үшін третейский соты кұрылады. Контрабанданың топты білдіртпеу үшін жұмысшыларға қүқық қорғау органның контразведва тағайындалады. Оған жіберілген адамдарға импорттық автокөлікпен ұялы телефонымен жабдықталады. Телефон жалған атпен регистрациядан өтеді. Оған қару-жарақ беріледі. Олар қылмыстық топтың мүшелелерінің ізіне түскен жедел іздестіру қызметкерлері анықтайды. Олардың ізіне түседі және олардың жқмыстары туралы мэлэметтер жинайды немесе немесе оны сатып алады.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары әдетте оқ қағушылары болады, олардың көбі спортсмен, аморальдықсипаты үшін шығарып тасталғандар, қылмыскерлер, белгіленген ақыға қызметке келіскендер.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мемлекет аралық халықаралық байланысы бар. Көбіне жұмыс істемейтіндер немесе шекарадан онай шығьш кете алатындар. Негізі қулы, инициативті, қылмыстық ойлары кең және бай адамдар. Кез- келген қажетті тұлғамен сөз табыса алады, керекті танысуларды орната алатын, адамның сеніміне кіре алатын. өзіне кез- келген адамды, мемлекеттік қызмет адамдарын, құқық қорғау органдарының адамдарын өзіне бағындыра алатын.

Контрабанданы тауып ашу-өте ауыр процесс. Сондықтан да контрабанданы алдын ала ескеру ұйымдастырылуы өздерінің құқық қорғау органның контрабандамен күресу терең білімділікті талап етеді.

Егер, қолданған тәсілдерге қарамастан, кез- келген адам коррупцияға жол берсе не оған қатысса. онда оған контрабанданы қүруға дайындалуға жол бермеуіміз керек.

Контрабандаға жол бермеу үшін жедел-іздестіру оларды іздестіруге салады, олардың ойластырылған немесе дайындалып жатқанбіліп оларға жол бермеу шаралары көмектеседі. Қылмыстың қай сатыда болып жатқанына карамастан, контрабандамен байланысты оның ұйымдастырушыларымен қоса ұстау.

Қылмысты алдын алу үшін оның жағдайын біліп алған жөн. Бұл жағдай қылмыскерлерге қолайсыз жадай ма, әлде керісінше қылмыстық ойларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай ма. Егер контрабанданың эрекеттері өзінен өзі қоғамға кауіпті болса, олардың жолын кесу тұлғалардың келесі жауаптылыққа тартылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
Контрабанданың түрлері
Контрабанда
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Экономикалық контрабанданың түсінігі
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Экономикалық контрабанда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz