Түйе сүтінің поллютанттары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Түйе сүтінің поллютанттары

Орындаған:

4 курс студенті Абайлдаев Ә. О.

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші:

PhD Конуспаева Г. С.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы

ассистент Оразова С. Б.

(қолы, күні)

Кафедра меңгеруші Карпенюк Т. А.

б. ғ. д., профессор (қолы, күні)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
5
МАЗМҰНЫ: 1
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
6
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Қазақстандағы түйе шаруашылығы (таралуы, саны, маңызы)
6
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Қазақстанның экологиялық жағдайы
9
МАЗМҰНЫ: 1. 2. 1
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы
12
МАЗМҰНЫ: 1. 2. 2
Батыс Қазақстан облысы
15
МАЗМҰНЫ: 1. 3
Сүт және сүт өнімдерінің ауыр металдармен ластануы
15
МАЗМҰНЫ: 1. 4
Ауыр металдар
17
МАЗМҰНЫ: 1. 4. 1
Мырыш
17
МАЗМҰНЫ: 1. 4. 2
Кадмий
18
МАЗМҰНЫ: 1. 4. 3
Қорғасын
18
МАЗМҰНЫ: 2
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
20
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Зерттеу объектілері
20
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Зерттеу әдісі
20
МАЗМҰНЫ: 3
Зерттеу НӘТИЖЕЛЕРі ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
22
МАЗМҰНЫ: 3. 1
Түйе сүтіндегі қорғасын мен мырыштың микроорганизмдермен өзара әрекеттесу нәтижесінде сүт фазаларындағы таралуы
22
МАЗМҰНЫ: 3. 1. 1
Түйе сүтіндегі микроорганизмдердің сүт фазаларындағы таралуы
23
МАЗМҰНЫ: 3. 2
Шұбаттағы қорғасын мен мырыштың микроорганизмдермен өзара әрекеттесу нәтижесінде сүт фазаларындағы таралуы
24
МАЗМҰНЫ: 3. 2. 1
Шұбаттағы микроорганизмдердің сүт фазаларындағы таралуы
28
МАЗМҰНЫ:
ҚОРЫТЫНДЫ
31
МАЗМҰНЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
32
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

РЕФЕРАТ

Есеп 35 беттен, 24 кестеден, 37 әдеби көзден тұрады.

Кілтті сөздер : қорғасын, мырыш, түйе сүті, шұбат.

Жұмыстың мақсаты:

Түйе сүті мен шұбатта, субфракцияларында қорғасын мен мырыштың сүтқышқылды бактериялармен өзара әрекеттесуін зерттеу.

Жұмыстың міндеті:

1 Түйе сүтіндегі микроорганизмдердің сүт фазаларындағы таралуы

2 Түйе сүтіндегі қорғасын мен мырыштың микроорганизмдермен өзара әрекеттесу нәтижесінде сүт фазаларындағы таралуы

3 Шұбаттағы микроорганизмдердің сүт фазаларындағы таралуы

4 Шұбаттағы қорғасын мен мырыштың микроорганизмдермен өзара әрекеттесу нәтижесінде сүт фазаларындағы таралуы

Қысқартылған сөздер

АЛИ - атмосфераның ластану индексі

ПДК - шекті контентрация мөлшері

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ДСП - тәуліктік тұтыну шегі

ДСД -тәуліктік мөлшер шегі

FAO - Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы

WHO - Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы

АҚШ - Америка құрама штаттары

СТ - стандартты технология

ТУ -техникалық жағдайы

КІРІСПЕ

Түйе ― төрт түлік малдың бірі, бұл түлікті өсіру қазақ халқы өмірінде дәстүрлі және ертеден қалыптасқан сала. Түйе шаруашылығының дамуына Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында өсетін, басқа түлік түрлеріне азық бола алмайтын тікенек шөптерді түйе малы қорек ете беретіні, климаты қолайлы жағдай туғызады.

Қазақстан территориясында өткен ғасырдан бастап кен орындары ашылып, өндірістік өнеркәсіп жұмыс істей бастаған. Қазақстан бүгінгі күнде аграрлық елден түрлі өнеркәсібі дамыған елге айналды.

Өндірістің дамуы химиялық заттардың қолдану аясының кеңеюіне тығыз байланысты [1] . Поллютанттардың қолданылу мөлшерінің көбеюі мал шаруашылығы процесстеріне, оның ішінде түйе шаруашылығына да әсер етеді.

Бұдан ондаған жылдар бұрын өндірістің химиялық қалдықтары қоршаған ортаға жай шығарыла салатын, ал пестицидтер мен тыңайтқыштар үлкен аумақтарды өңдеу үшін көп мөлшерде қолданылды. Ал пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдану - олардың келтіретін зиянымен салыстырғанда ауыл және орман шаруашылығында еселеген эканомикалық эффект береді.

1962 жылдың өзінде жазушы Рашель Карсон “Молчаливая весна” кітабында пестицидтерді бақылаусыз қолданудан құстар мен балықтардың жаппай қырылуы суреттеледі [1] .

Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында түйе түлігі өсіріледі, бұл аймақтарда экологиялық жағдай нашар.

Қоршаған ортаның ластануы табиғи заттармен (мұнай, ауыр металдар, радионуклидтермен т. б. ) қатар, синтетикалық қосындылармен (ксенобиотиктермен, пестицидтермен, химиялық реагенттермен (өндірістік), әр түрлі пластиктермен қатар) жүреді. Ластану жылдан - жылға тіршілік үшін қауіпті болып барады [1] .

Биология факультетінің биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасында түйе сүті мен шұбатындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау жұмысы орындалуда. Оның ішінде Алматы облысы мен Атырау облысындағы түйе шаруашылықтарынан алынған түйе сүті мен шұбаты құрамындағы қорғасынның, мырыштың және сүтқышқылды бактериялардың сарысу және кказеин комплекстеріндегі мөлшерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Қазақстанда Семей қаласының өндірістік орындарға жақын жердегі топырақтағы ауыр металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш - 7, 4; қорғасын - 9, 9; мыс - 3, 8; кадмий - 13, 3; марганец - 1, 3; кобальт - 2, 4 есеге жоғарылаған. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері тақау маңындағы өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктері мен бау - бақша өсімдіктерін бақылағанда 2 - 2, 5 есе жоғарылаған [2] .

Осындай жолмен түскен ауыр металл иондары адам ағзасында әртүрлі аурулардың қозуы мен пайда болуының басты себебі. Техногенді ластанған аудандарда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелерінің аурулары екінші орында, ал қан айналу жүйелерінің аурулары үшінші орында тұр [3] . Жалпы ластаушы заттардың адам организміне қоректік тізбек арқылы жүзеге асады, яғни атмосферадан → өсімдікке → жануарға → адамға.

Қазіргі таңда түйе шаруашылығына көп көңіл бөлуде. Себебі түйе сүті өзінің құрамы жағынан шипалық әрі пайдалы екені белгілі [4] .

1. 1 Қазақстандағы түйе шаруашылығы

Түйе шөлейт пен жартылай шөлейттерге төзімді жануардың бірі. Үй жануарларының ішінде түйе ғана ет, сүт, жүн беріп және көлік ретінде қолданылады. Түйе шаруашылығының өркендеуіне республикадағы жайылымдық жерлердің ерекшелігі де септігін тигізеді. Республиканың 179, 8 млн. га жайылымдық жерінің 80 млн гектары шөл, 36 млн гектары шөлейт жер. Ол жалпы жайылымдық жердің 64, 5% - ын құрайды. Өнімділігі нашар осындай жайылымдық жерлерді толығырақ және тиімді пайдалану үшін қой, жылқы шаруашылығымен қатар түйе шаруашылығын да дамыту қажет.

Өткен ғасырдың 30 - жылдарында республиканың барлық шаруашылықтарында 1 миллион 200 мың түйе болса, қазіргі кезде бар болғаны 120 мыңдай мал қалған, не болмаса 10 есе, ал 1991 жылмен салыстырғанда 22, 8 % кеміген.

Қазіргі уақытта түйе санының өсуіне, оның ары қарай өсіп - жетілуіне баса назар аударып, одан алынатын өнімдердің саны мен сапасын жақсарту қажеттілігі туындап отыр.

Республикамыздың түйе шаруашылықтары жақсы жұмыс істеген кезінде 5 - 6 мың тонна түйе еті, 5 мың тонна шұбат және 700 - 800 тонна түйе жүнін өткізіліп келді. Ендігі уақытта да осы көрсеткішпен де мол өнім алу жөнінде жұмыстар жүргізілуі қажет. Түйенің еті мен майының құнарлылығы өзге малдың еті мен майынан кем түспейді. Әрбір қоңды түйе 61 - 65 пайызға дейін таза ет береді. Түйе сүтінен алынатын шұбат әрі тағам, әрі сусын екендігі ежелден мәлім. Оның бұл қасиеттерімен қатар кейбір дертке шипа, әсіресе тубекулез, асқазан ауруына қарсы емдік қасиеті бар екендігі анықталған. Түйенің еті мен сүтінен басқа, жүні де өте сапалы екендігі белгілі, өйткені ол технологиялық қасиеті жағынан әрі жеңіл, әрі жылы, әрі мықты келеді. [4] .

Түйенiң систематикасы

Тип Chordata - Хордалылар

Тип тармағы Vertebrata - Бас сүйектілер

Бөлім Gnatostomata - Жақтылар

Класс үсті Tetrapoda - Төрт аяқтылар

Класс Mammalia - Сүтқоректілер

Отряд Artiodactyla - Жұп тұяқтылар

Тобы Ruminantia - Күйіс қайтаратындар/тіс, ай тәрізділер

Тұқымдас Camelidae - Түйелер

Түйелердің түрлері

Дүние жүзіндегі түйелердің 12 миллионы Африкада, ал қалған 4, 9 миллионы Азияда шоғырланған. Сол түйелердің бір өркешті - дромедар, қос өркешті - бактриан түрлері және олардың гибридтері, жабайы түрлерi таралған.

- Дромедарлар

Дромедарлар Солтүстік Африкада, Аравияда, Иран, Иракта, Ауғаныстанда, Үндістанда, Пакистанда, Түркменiстанда таралған.

Орта Азия шөлейттерінде дромедарлардың аруана типі таралған. Бұл Түркменiстанда және Қазақстан жерлерінде кең тараған, сонымен қатар Өзбекстанның Арал аймақтарында кездеседi [5] . Қазақстанда бір өркешті түйелерден - Түркмен «Аруанасы» таралған. Бұлардың сүт өнімділігі бактриандарға қарағанда бірнеше рет жоғары болып келеді. Бірақ бұлардың ұстау жағдайлары мен жемге деген сұранысы жоғары. Осыған орай, түйелердің сүттілігін көтеру және олардың жемге деген сұранысын есте сақтай отырып, селекциялық жұмыстар жүргізілуде [5] .

- Бактриандар

Бактриандар - Алтайда, Монголияда, Қытайда, Ресейдiң Оңтүстiгiнде таралған. Бактриандардың қалмақ, қазақ, моңғол және қытай тұқымы бар. Бұлардың ішіндегі ең ірісі және өнімділік қасиеттері бойынша ең жақсысы қалмақ тұқымы сонымен қатар осы тұқымдағы түйелер құрғақ және континентальды шөлейт аймақтарға өте жақсы бейімделген; орташасы - қазақ, ал моңғол - ең кіші болып табылады. Бактриандардың ірілігінің кішірейюі климаттық және қоректену жағдайларына байланысты. Орта Азияның ішкі аймақтарына қарай, яғни батыстан шығысқа қарай осы жағдайлар қатая түседі [5] . Қазақстан Республикасындағы бактриандар өзара үш типіне бөлiнедi - Оңтүстік Қазақстан типі, Қызылорда типі және Орал - Бөкей типі. Орал - Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында шоғырланған. Ал Қызылорда типтегі түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шоғырланған. Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі.

- Гибридтер

Көне заманнан Орта Азияда екi түрлi түйелердi өзара шағылыстырған. Гетерозис негiзiнде бактриан және дромедарлардың сүт, ет және жүн өнiмдiлiгiн көбейту үшiн F1, F2, F3 гибридтерiн шығарады. Гибридтердi атау үшiн Лакозаның ұсынған терминалогиясын қолданылады.

Бiрiншi ұрпақтағы гибридтердi өзара шығылыстыру нәтижесiнде алынған Ғ2 гибридтердi жарбай деп атайды.

Схема 1. Кез-нар және Күрт-нар түйелерінің гибридтерін алу жолдары.

Р ♀ Ғ1 х ♂ бактриан Р ♀Ғ1 х ♂ дромедарҒ2 ♀Қоспақх ♂ дромедар Ғ2 ♀Күртх ♂бактрианҒ3Кез-нарҒ3Күрт-нар:

Р ♀ Ғ1 х ♂ бактриан Р ♀Ғ1 х ♂ дромедар

Ғ2 ♀ Қоспақ х ♂ дромедар Ғ2 ♀ Күрт х ♂бактриан

Ғ3 Кез-нар Ғ3 Күрт-нар

Басқа дүние жүзiндегi елдермен салыстырғанда тек біздің елімізде ғана бактриандар, дромедарлар және олардың әртүрлi гибридтері бiр шаруашылықтарда бiрге өсiрiледi [5] .

Қазақстан түйе шаруашылығы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтардың экономикасында маңызы зор. Технологияның дамуына байланысты түйелердің көлiк ретінде пайдалануы төмендеп, сәйкесінше түйелердің өндірістік бағытта қолдануы біршама жоғарылады.

Осы саланың дамуы бір қатар факторларға байланысты: қысқы мезгілде биік емес қар жабыны бар ауданы үлкен табиғи жайылымдар (құрғақ далалы, шөлейтті және жартылай шөлейтті), шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктерді талғамай жеуіне байланысты және ауыл шаруашылықтағы жануарлардың басқа түрлеріне зақым келтірмей, жыл бойы түйелердің жайылуын қамтамасыз етеді [5] .

Қазақстанда 2005 жылы 26 асылды түйе тұқымды шаруашылықтар, яғни 8458 мал басы негізгі таза генофонтты құрайды.

«Түйе шаруашылығы» деген программаға сай, қой шаруашылығының Ғылыми Зерттеу Институтының ғалымдары қазақ тұқымымен түркімен «Аруанасының» селекциясы бойынша зерттеулер жүргізіледі. Бұл жұмыс еліміздегі ірі асыл тұқымды шаруашылықтарда олардың өнімділігін көтеруге, сонымен қатар, сауын машиналары, жерге құлатпай қырқу технологиялық процесстердің элементтері енгізілуде. Қызылорда облысы, Арал ауданындағы ААҚ «Құланды» шаруашылығындағы 250 бастық селекциялық топта аналық түйелердің орташа тірі салмағы 670 кг, 6 ай лактация ішінде 650 - 700 литр сүт, жүні - 6, 3 - 6, 5 кг-ға дейін өсті.

Болашақта түйе шаруашылығының өнімділігінің дамуы ірі ауылшаруашылық құрылымдардың құрылуыменен байланысты, бұған республиканың әртүрлі аймақтарында орналасқан ірі агроқұрылымдардың сәтті жұмыстары дәлел бола алады. Олар: Қызылорда облысындағы ААҚ «Құланды», Маңғыстау облысындағы ЖШС «Таушық ауыл шаруашылығы» және Алматы облысындағы «Агромеркур» шаруашылығы. Қазіргі кезде технологияның дамуына байланысты түйе шаруашылығындағы алынатын әртүрлі сүт өнімдерінің маңызы зор.

1. 2 Қазақстанның экологиялық жағдайы

Атмосфераның ластануы антропогенді факторлардың әсерінен болады. Қазақстанда атмосфераның ластануы 1 кестеде келтірілген.

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының қалаларындағы атмосферасының ластану индексі (АЛИ) 1997-2001 жылдары [6] .

Қала аттары
АЛИ
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары
1997
2000
2001
Қала аттары: 1
АЛИ: 2
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 3
4
5
Қала аттары: Ақтау
АЛИ: 6, 6
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 4, 6
4, 4
Химия.
Қала аттары: Ақтөбе
АЛИ: 12, 8
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 10, 0
8, 5
Қара металлургия, химия.
Қала аттары: Атырау
АЛИ: 2, 7
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 2, 5
1, 8
Мұнай өндіру.
Қала аттары: Алматы
АЛИ: 11, 6
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 9, 9
13, 1
Энергетика, автокөлік транспорты.
Қала аттары: Астана
АЛИ: 1, 5
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 2, 7
1, 3
Энергетика, автокөлік транспорты.
Қала аттары: Балқаш
АЛИ: 3, 0
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 3, 3
2, 2
Түрлі-түсті металлургия, энергетика.
Қала аттары: Глубокое аудан (Маңғыстау обл)
АЛИ:
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 14, 4
10, 2
Түрлі-түсті металлургия.
Қала аттары: Жезқазған
АЛИ: 4, 4
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 7, 5
7, 9
Түрлі-түсті металлургия, энергетика.
Қала аттары: Қарағанды
АЛИ: 1, 3
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 4, 6
4, 6
Энергетика, көмір өндіру, автокөлік транспорты.
Қала аттары: Қостанай
АЛИ: 3, 8
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 2, 9
3, 2
Энергетика.
Қала аттары: Лениногорск
АЛИ: 9, 2
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 10, 0
10, 3
Түрлі-түсті металлургия, энергетика.
Қала аттары: Орал
АЛИ: 2, 2
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 1, 4
1, 2
Энергетика.
Қала аттары: Өскемен
АЛИ: 14, 3
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 17, 8
14, 2
Түрлі-түсті металлургия, энергетика.
Қала аттары: Павлодар
АЛИ: 2, 3
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 2, 3
Мұнай өндіру, энергетика.
Қала аттары: 1
АЛИ: 2
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 3
4
5
Қала аттары: Петропавловск
АЛИ: 5, 7
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 6, 8
5, 1
Энергетика, приборостроение.
Қала аттары: Семей
АЛИ: 5, 5
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 4, 0
3, 3
Энергетика, құрылыстық материалдар.
Қала аттары: Тараз
АЛИ: 6, 6
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 7, 8
6, 7
Химия.
Қала аттары: Шымкент
АЛИ: 6, 9
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 10, 0
11, 8
Түрлі-түсті металлургия, химия, мұнай өндіру
Қала аттары: Экібастұз
АЛИ: 1, 1
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 1, 7
1, 4
Энергетика, көмір өндіру.
Қала аттары: Қалалар бойынша орташа мөлшері
АЛИ: 5, 78
Ауа атмосферасын ластаушы өндіріс орындары: 6, 53
`6, 1

Қазақстанда атмосфераның жоғары мөлшерде ластану деңгейі Өскеменде (АЛИ-17. 8), Лениногорск, Шымкент, Ақтөбе (АЛИ-10, 0), Алматыда (АЛИ-9, 9) құрайды. Ал 2003 жылғы зерттеулер бойынша атмосфераның ластану деңгейі Шымкентте 13, 6; Қарағанды - 11, 8; Алматы 11, 3; Ақтөбе - 9; Өскеменде - 8, 9; Теміртау - 7, 3 және Таразда - 7, 2. Атмосферадағы шаңның жоғары концентрациялары мына қалаларда Жезқазғанда - 4, 7 ПДК, Шымкент - 2, 7 ПДК және Ақтауда - 2, 7 ПДК, ал Атырау, Алматы, Балқаш, Семей, Теміртау және Өскемен қалаларында орташа концентрацияны - 1-2 ПДК-ны құрайды.

Кесте 2 - 2000 - ші жылы Қазақстан қалаларының ауа бассейіннің ластануы [6]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті
Алматы облысындағы түйе сүтiнiң физико-химиялық қасиеттерi
Асқазан және ішек жолдарына пробиотиктердің әсері
Пребиотиктермен байытылған жаңа сүт тағамын алу
Түйе сүтінің биохимиялық қасиеттері
Түйе сүтінің витамин құрамыбай
Әртүрлі қаймақты өндіру технологиясы
Түйе сүтінің құрамы мен қасиеті
Түйе сүтінің сарысу белоктарының қасиеттері
Түйе сүті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz