Витаминдер жайлы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Витаминдер

Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Тағамдардың химиялық құрамы.
  2. Суда еритін витаминіБиотинИнозит
  3. Майда еритін витаминдер

1. 3. 1Ретинол

1. 3. 2. Ғ витамині

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Кейінгі кездегі әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндірді. Бұл дұрыс емес.

Витаминедер деп химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттарды атайды. Витамин латынша vita -өмір, тіршілік; vitamin- тіршілік амины деген мағынанаы білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, оләртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тамақтар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:

  1. алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы)
  2. алициклдіы витаминдер қатары;
  3. ароматикалық витаминдер қатары;
  4. гетероциклды витаминдер қатары

Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланып, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.

Витаминдер

Тағамның химиялық қрамының әртүрлілігі адам денсаулығының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді заттармен (витаминдермен ) А, С, Д, Е, В 1 , В 2 , В 6 , В 5 , В 6 , В 12 , В 15 , инозин, холин, параминобензой қышқылы (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді.

Адамның тез қартаюы адам ағзасын тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуне байланысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу өтеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ішкі физиологиялық -биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.

Тағам құрамында минарлды элементтер аз болса, олардың ішінде йод жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда шитовит безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.

Сондықтан да тағамның химиялықт құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:

Натрий- оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты (диетаны) дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұзсыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қысымын реттеп тұрады.

Калий -Нерв жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картоп арқылы келеді. Сондай-ақ калий жеміс -жидек пен көкеністердің химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да, әртүрлі тамақтар ішкен жөн.

Кальций . Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцийді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да, оларға қүрамында кальциі көп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте, сүттен жасалған тағамдарда өте көп болады.

Фосфор . Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай-ақ, бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген көкөністерде фосфор өте көп болады.

Темір . Адам ағзасына ол қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі -эрритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатнрлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішу қажет. Темір сиыр, жылқы, қой еттерінде және алма, алмұрт, шие және т. б. көкөністер мен жемістерде өте көп. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Қаназ ауыруымен негізінде қыз балалар көп ауырады.

Йод . Ең қажет ететін орган щитовит безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Бұл ауру түрін дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Адам тез арада айығып кетеді. Химиялық құрамында йод бар азық-түлікті пайдалану керек. Йод теңіз капустасының құрамында көп болады. Алматыда ол көп сатылады. Онша қымбатемес. Теңіз капустасында (ламиария) деп аталатын балдыр өсімдігінде, теңіз балықтарында йод көп кездеседі. Әдетте ас тұзына қосып береді. Арал тұзын сатып алған аадам байқайды (сол йодированная ) деген жазу болады. Мұндай тұзды көпшілік халық қолданады. Зобпен ауыратын адамдардың саны күрт азаяды.

Фтор . Тістің эмаьын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылыпқалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін . Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын . Тіс жолақ-жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегеннен тістерде кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерледе тұратын халықтар арасында тістерінде кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдегенде балалардың тістері тез жазылып кетеді. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фторы аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттардыберіп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.

Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланып, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік.

Суда еритін витаминдерге :тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т. б. (В 1 , В 2 , В 3 , В 5 , В 6 , В 12 , В 15 , РР, С, Н, Р және т. б. ) енеді.

Майда еритін витаминдерге :летинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е, К және т. б. ) кіреді.

Қазіргі кезде 30дан астам витаминдер түрлері ашылды.

Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді. Сөйтіп олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Суда жақсы еритінвитаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдер адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше болады.

Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминол құбылысының тууына әкеледі. Тмақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін витаминдер түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.

Суда еритін витаминдер .

Тиамин ( В1 витамині, аневрин) . Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішек трактасының қызметі бүлінеді, ал қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда болады.

Азия және оңтүстік америка материктерінде тұратын халықтардың арсында «бери-бери» ауруы ерте заманнан -ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Еуропа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тамағы күріш емес, олар қара нан, әртүрлі тағамдар мен көкөністер жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда « бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал әртүрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ХХ ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің көбігінде көп кездесетін В 1 витаминінң (тиамин) жетіспеушілігінен екені анықталған.

Организмде В 1 витаминінң жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні -бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат деген зат түзеді.

В 1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте өажет. Өйткені ол процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді.

В 1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полинврит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери»ауруының негізгі себебі де осында.

«Бери-бери» ауруымен ауырғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреу байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В 1 витамині қауызынан тазалмаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді.

Никотин қышқылы 5 витамині немесе РР никотинамид, пеллаграга қарсы)

РР витаминінің аты «Pellagra prevebtig» /пеллагра ауруына қарсы/ -деген ағылшын сөздернің бас әріптерінен құралған. Тағамда В 5 витамині болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адам терісі (дерматит) ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тілі (глоссит) сияқты дертпен ауырады. Терінің күн тиетін жақтары түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлуін реттеуде, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне эритроциттердің түзілуіне және т. б. толып жатқан функцияларға әсерін тигізеді. Никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда болады.

Аскорбин қышқылы. (С витамині, цингага қарсы)

1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетін, тері экземасы пайда болатынын, оргазмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп, тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен әсіресе жауынгерлер, жиханкездер, ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Партугалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Индияға бірінші саяхатында 100 адамның, ал бір жылдан кейін екінші саяхатында 160 теңізшінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.

ХVI ғасырдың басында атақты Христофор Колумб Жаңа жерге бара жатқан сапарында белгісіз аурумен ауырып, хал үстінде жатқан бірнеше теңізшісін кездескен бір аралда қалдырып кетеді. Бірнеше айдан кейін қайтып оралып келе жатқан жаңағы « адам болмас»деп, күдер үзіп қалдырып кеткен жолдстарының дендері сау, күліп-ойнап алдарынан шыққанда таңғалып, тамашаласқан екен. Сұрай келе олардың жаңағы аралда жеуге жарайтын түрлі жас өсімдіктер мен олардың жеміс-жидектерін жеп айыққандары мәлім болды.

Адам тарихындағы ең бірінші дүние жүзілік саяхат кешкен Магеланның үш кеме толы теңізшілерінен Отаны Испанияға орлғанда небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны белгілі. Соның көпшіліг жолшыбай осы құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Россия ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясын басқарған Витус Берингте осы құрқұлақтан қаза тапты.

Бұдан бізге ХХ ғасырдың (цинга) ауруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі организмде С витаминнің жеткіліксіз екені анықталды.

1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан овощтары жоқ -диетикалық тағамдармен қоректендіру арқылы жоғарыда ауруды туғызып байқады.

1921 жылы Н. Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие және цингадан қорғайтын препарат алды.

1927-1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы (С витамині) деп атады.

Р витамині (флавон, цитрин, рутин)

1936 жылы венгр оқымыстыс Сент-Дьердьи зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам организмдегі ұқсас әрі өте жіңішке қан тамырлары -капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылуы байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрышты экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштік қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.

Биотин (Н витаминш)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар
Витаминдер жайлы жалпы түсініктеме
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Витаминдер туралы түсінік. Гипо және гипервитаминоз
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі туралы ақпарат
Мал азықтық өсімдіктердің химиялық құрамы
Витаминдер. Аскорбин қышқылының адам организміне тигізетін әсері
Белоктар мен витаминдер
Азықтық - ақуыз алудың технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz