Нашақорлық-қоғам дерті жайлы ақпарат


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Нашақорлық-қоғам дерті
- Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
- Нашақорлық қоғам көзімен
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Нашалар (грек тілінде - кісенделу деген түсінікті білдіреді) - бұлар синтетикалық немесе табиғи заттар түрінде алынады, олар көбінесе жүйке жүйесіне әсер етіп, көңілдену, жаныңа жақсы сезім ұялатқандай, барлығыда жақсы болып кеткендей өтірік сезімге бөлейді. Жақсы тыныққандай немесе тыныштығыңды арттырып қозу жағдайын тудырады. Кейбір нашалар иллюзия мен галлюцинацияны тудырады, бұл дегеніміз құлағыңа бір дауыстар естіліп немесе көз алдыңа бір бейнелер көрінгендей қалыпқа түсу. Үлкен мөлшердегі наша адамды мас етп, құлағын бітеп, нашалық ұйқыға душар етумен қатар жеңіл түрде улайды.
Опиаттар - бұл нашалар, адамды тыныштандыратын және барлық сезімді тежейтін әсер етеді. Бұл дәрілер морфинге ұқсас құрамдары бар синтетикалық немесе табиғи заттар тобына жатады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Барлық апиын тектес нашалық заттар мактан алынады. Опиаттар зат алмасу процесімен әрекеттескеннен кейін күшті психикалық және физикалық бағынышты болып қалу жағдайын тудырады. Соңында адамның денесін улап, нашақорлық ауруға душар етеді.
Қалақай заттары (каннабиноидтар) : марихуана, гашиш. Қалақай заттарын қолданда адам оған тәуелді болып қалады. Қалақайды тартқан кезде адам қанағаттанбайды да таға тартуға мәжбүр болады. Сондықтан тез арада қалақайды тартудан «кайф» болмаған соң, қосымша арақ ішеді немесе одан да күштірек нашаны қолданады. Қалақай заттарын қолдану бронхит, эмфизема, өкпе қатерлі ісігін тудырады. Иммунитет төмендеп, дұрыс жүре алмайтын болады. Уақыт өткен сайын мінез-құлқы өзгереді, есте сақтау қабілеті төмендейді, көңіл бөлуді жоғалтып, сонымен қатар зеректіктен айырылады.
Амфетаминдер - бұл нашалардың қоздыру әсері бар. Бұл заттарды эфедрин қоспасы бар дәрілерден алады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Бұл заттарды жасөспірім кезде қолдану өте қауіпті, себебі психиканы бұзу әсері тез және терең болады.
Экстаздар - бұл синтетикалық нашалар-стимуляторлар тобының жалпы атауы (МОМА - «Адам», МЕОА - «Ева») . Кейбір экстаздар галлюциналық құбылыс тудырады. Жанурларға жасалынған тәжірибеде, азғана мөлшерде қолданылған экстаздар, мидағы көңіл-күйді қадағалайтын серотонин жасайтын жасушаны өлтіріп жіберетінін анықтаған. Бұл заттарды түнгі клубтар мен дискотекаларда таратады. Сондықтан тез үйреніп кетеді. Экстаздарды қолдну физикалық және жүйкелік ауруларға шалдықтырады. Ұзақ уақыт қолданса ішкі дене мүшелері мен ағзаларды аздырады да келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады.
Галлюциногендер. Бұған: ЛСД - синтетикалық наша, түссіз ұнтақ, иісі жоқ немесе түссіз сұйықтық; псилоцин және псилоцибин - галлюциногендік қасиеті бар нашалық заттар жатады. Дұрыс жүруі бұзылады. Өзін-өзі қадағалауды жоғалтады. Бас мида қайта қалпына келтіруге болмайтын өзгерістер пайда болады. Писхикасы бұзылады да адамдық қалыптан мүлде айырылады. ЛСД-ны бір рет қолданудың өзі де келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады да бас мида қайтадан емдеп жазуға болмайтын өзгеру пайда болады.
Күшті есірткілер бірнеше аптаның өзінде-ақ, адамның рухын бой ұсындырып, бірнеше жыл ішінде адам өмірін бұзып, адам бұл жаман әдетсіз тұра алмайтын, қорқақ, ешкімге керексіз жанға айналуы мүмкін.
Нашақорлықты емдеу-қоғамның басты проблемасы болып, адамдарға оның не екендігін және оған қарсы қалай күресу керек екендігі жайлы үнемі айтып отыру керек. Әсіресе нашақорлықтың зияны туралы жастарымызға көп насихат айту олардың бұл жаман әдетке деген жиіркеніштілігін тудырады. Қазіргі күнде есірткінің зияндылығы, адамдардың оған неліктен құмартатындығы және соңында оған қалай тәуелді болып қалғанын да білмейтіндігі, тағы басқа туралы бүгінде кітапшаларда, баспасөз беттерінде аз жазылып жүрген жоқ.
Есірткі -адамның миын улайды, рухани аздырады. Оған қосылған кейбір қосындының кесірінен организм оған тез үйреніп қалады. Сондықтан салауатты өмір салтын барынша насихаттауымыз керек. Балалардың жаман әдетке бой ұрып, араласатын ортасына ата-аналар аса мән беруі қажет. Балаға жастайынан тәлім-тәрбие беріп, жат қылықтардан аулақ болуын қадағалау керек. Сол себептен де, тәрбие мықты, жанұя беріктігі мұнда аса маңызды рөл атқарады.
II. 1) Нашақорлық-қоғам дерті
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.
Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.
2) Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.
Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.
Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді: ПБЗ-ны теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет.
Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.
Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыптағы тұрақты теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.
Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар мен студенттердің "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" атты бүкіл қазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар, дискотекалар, плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналарды және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс-шараларды өткізуді көздеу қажет.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасын негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес бұл жұмысқа салауатты өмір салты, отбасын жоспарлау орталықтарын және әлеуметтік саладағы басқа да агенттерді тарта отырып, әйелдердің, әсіресе фертилді жастағылардың, есірткі қабылдамауға деген тұрақтылыққа бағытталған толық ауқымды үгіт саясатын жүргізу қажет.
Бұдан басқа, есірткіге иммунитетті қоғамның өзі қалыптастыруы тиіс. Мемлекет нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, түрлі қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді түрде тарту, қызметі ПБЗ-ға тәуелділіктің бастапқы алдын алуға бағытталған қазіргі қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру және жаңаларын құруға барынша жәрдемдесу, осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізу қажет.
Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының есірткіні қабылдамауын орнықты қалыптастыру бойынша діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру қажет.
Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс.
Аталған іс-шаралар кешені есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға және қоғамның есірткіге бейімделуінің әлеуметтік-мәдени факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
3) Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.
Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ, нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда. Күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарынан есiрткi тасумен қолға түскен азаматтар туралы. есiрткi пайдаланудың керi әсерi жайында ақпараттар берiлiп жатады. Бiрақ, өз басына түспеген соң басқамыз бұған көңiл аудармай, бей-жай қараудамыз. Ақша табудың оңай жолын тауып алғандар болса бұл кәсiбiн тыяр емес.
Дәрiгерлердiң айтуынша, нашақорлар Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, барлығы қалада ресми мәлiмет бойынша 3 жарым мың адам тiркеуде тұр. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отырады дейдi дәрiгер. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар, гигиеналық тазалықтың сақталмауынан оңайдан жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi.
Дәрiгерлердiң пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi . . . Яғни, мөлшерiн асырып тұтынған адам өлiмi, ерте жаста мүгедек болу немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.
Нашақорлардың басым бөлiгi қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болар. Бiр-екi баласына барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе қаланың баласы есiрткiге құмар болады. Олардың ойы зерек, айналадағы түрлi ақпараттардан хабардар. Сондықтан елiктеушiлiк те басым болып келедi дейдi сарапшылар. Есiрткi қазақ жастарының iшiне дендеп енiп барады деуге болады. Қыз-ұл деп бөлмейтiн бұл зауал кең тарап жатыр. Бұрынырақта есiрткiнiң таралуы тек қалаларда кездессе, қазiр түкпiрдегi қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға да жеттi. Мысалы Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы ауылдарынан қалаға келiп емделушiлер көп.
Айтып айтпай не керек, өзiмнiң туған ауылымдағы бiрге өскен замандастарымның арасынан да қарасора жинап, шегетiнiн бiлетiнмiн. Көп жастардың аузынан: «Бұл жай ғана шөп. Аздап басың айналады. Ертесiне басыңның ауырғаны болмаса, ешқандай тәуелдiлiк жоқ» деген сөздердi жиi естимiн. Демек, олар бұны уақытша ермек деп түсiнедi. Оның артында не тұрғанын естiгенмен, мән бере қоймайды. Мамандардың мәлiмдеуiнше, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер күштiсiн - героиндi пайдаланады.
Полиция өкiлдерi осы ауыр есiрткiнiң көбеюiнен қауiптенiп отыр. Нарколог дәрiгерлердiң мәлiмдеуiнше, бiр грамм героин 8 нашақорға бiр мәрте егуге жетедi. Қазiргi таңда iрi қалаларда түрлi ойын-сауық орындары жетерлiк. Ол жердi, әрине, жастар жайлайды. Iшкi iстер министрлiгi өкiлдерiнiң айтуынша, есiрткi тарату қылмысы осындай жерде басым. Полиция күшiмен Қазақстанда мыңға жуық көңiл көтеру мекемелерi тексерiлген. Олардың бiразында есiрткi тұтынған адамдар анықталды. Бiрақ, заңдардағы олқылықтың кесiрiнен клуб иелерiн жауапқа тарта алмаймыз дейдi полиция өкiлдерi. Әкiмшiлiк кодекстiң 319-бабымен жауапқа тартуға болады. Бiрақ, онда осы басшылар нашақорлықтың барлығын бiле тұра шара қолданбаса ғана жауапқа тартылады делiнген. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүрлi есiрткi алынады. Ресми көрсеткiштердi тек он еселегенде ғана нашақорлар санының нақты көрсеткiшiн елестете аламыз, дейдi мамандар.
Вера ЧЕГЛАКОВА,
Алматыдағы токсикология орталығының дәрiгер-психологы :
- Бұқаралық ақпарат құралдары құзырлы мекемелерде тiркелгендер санына сүйенедi, негiзiнде ешбiр жерде есепте жоқ есiрткiге әуестенушiлер легi әлдеқайда жоғары деңгейде. Бұл проблемаға бiржақты қарауға болмайды. Оның себеп-салдары да сан қилы. Өз басым мұның басты себебiн сенiмнiң жоқтығынан деп бiлемiн. Бiздiң жасөспiрiмдер, жастар не Құдайға, не Үкiметке, не партияға сенбейдi. Адам бойында сенiмнiң болмауынан адасу, өзiне де, өзгеге де сенбеушiлiк пайда болады. Мұндай адам елiктегiш келедi, өмiрiнде кездескен қиындыққа шыдас бере алмайды. Психология ғылымында өзiндiк өзектiлiк мәселесi деген түсiнiк бар. Адам баласы соны жүзеге асыру кезiнде жақсылыққа да, жамандыққа да кезiгедi.
Асыл НҰРБОЛАТОВ,
зейнеткер:
- Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана осы күнi баласымен тек материалдық тұрғыда ғана әңгiмелесумен шектеледi. Қарның тоқ па, көйлегiң көк пе дегендей. Баланы не толғандырып жүр, оның ортасы қандай, бос уақытын қалай өткiзедi? Бұдан мүлдем бейхабар ата-аналар бар. Баламен әңгiмелесуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Осының арты да өкiнiштi жағдайлармен аяқталып жатады. Көптеген ата-ана бала тәрбиесiн мектепке қарай ысырып қойған. Әрқайсысы баласының тәрбиесiн отбасынан бастағаны жөн. Дұрысы мен бұрысын бiлiп өскен бала нашақорлыққа арандамайды деп ойлаймын.
Еркеқыз ӘЛIМБАЕВА,
студент:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz