Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
- Бюджет түсінігі, түрлері және оның экономикалық мазмұны . . . 6
1. 2 Бюджетті басқару, жоспарлау және оның қызмет ету принциптері . . . 24
2 Қазақстан Республикасының бюджетін қалыптастырудың заңдық құқықтық мәселелері
2. 1 Қазақстан Республикасының бюджеттік үдерісі . . . 42
2. 2 Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеті . . . 48
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56
Кіріспе
Кез-келген мемлекеттің қаржылық жүйесінің орталық буыны оның бюджет жүйесі болып табылады. Бұл бітіру жұмысымның өзектілігі: мемлекеттің негізгі қаржылық құжаты болып табылатын Республикалық бюджетті қалыптастыру, бақылау, бағалау, жоспарлау және қызмет етуін қадағалау бекіту. Ағымдағы бюджет бөлімдерін талдау негізінде заңдық-құқықтық аспектілерін анықтап, қажетті теориялық практикалық ұсыныстар енгізу.
Экономикалық дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық несиелік бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі және т. б.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптық, теориялық-әдістемелік негізі қаланып, мақсаты мен міндеттері айқындалған.
Бірінші бөлімде бюджет түсінігі, түрлері және бюджеттік жүйенің экономикалық мазмұны жан-жақты қарастырылған. Сонымен бірге бюджеттік үдерісті басқару, жоспарлау және оның қызметі мәселелері нақты зерттелген.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджетін қалыптастырудың заңдық-құқықтық мәселелері аясында мемлекеттік бюджет үдерісі 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет негізінде сарапталып, оны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасалған. Айта кету керек, республика тәжірибесінде алғашқы рет қолға алынған үш жылдық бюджеттің қалыптасу мәселелері кәсіби деңгейде қарастырылған.
Сонымен қатар, екінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджетін қалыптастырудың заңдық құқықтық мәселелері Қазақстан Республикасы бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы- бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы- ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде 2009-2011 жылдарға арналған Бюджет кодксі нормалары әзірленді.
Жаңа үш жылдық бюджеттік кодкстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық-қатынаспен жалпы бюджеттік саясаттық даму жағдайын көрсетеді.
Жаңа Бюджет кодексінің негізгі мақсаты - мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу, ал ол қазір әлемде кеңінен қолданылатын жүйе. Бюджеттік үдерістің: жоспарлау, қарастыру, бекіту, анықтау, қолдану және орындалуын бақылау Сонымен қатар, ол бюджет қаражатын әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдыктарына сәйкес қоғамдық маңызы бар нәтижелерге жұмсауға бағытталған.
Бюджеттің басты мәселелері: мемлекеттік қаражаттарды икемді әрі тиімді пайдалануға, жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар үш жылдық бюджеттің арқасында мемлекет бұрынғыға қарағанда теңгерімдірек экономикалық және әлеуметтік саясат жүргізе алады, мұның өзі елдің экономикалық дами түсуі мен Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсара түсуіне мүмкіндік береді.
Бюджеттің тағы бір артықшылығы, ол мемлекеттік органдардың бюджеттің ағымдағы жылғы міндеттемелерін бекітуіне және тіркетуіне жағдай жасайды. Ол әсіресе технологиялық жағынан дайындалу мерзімі бір жылдан асатын және қызмет көрсету мерзімі бір жыл шеңберінен шығып кететін тауарлар сатып алуға негізделген инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысты. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың келесі бір ерекшелігі - ол ұзақ мерзімді міндеттемелер қабылдау мүмкіндігі, жыл сайын шарттарды қайта жасау мен тендерлер өткізу қажеттігі жойылатындықтан, оның өзі бюджет қаражатының игерілу деңгейіне оң әсер ететін болады.
Дегенмен, осы бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіреді. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді: «Бюджет жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады».
Өз зерттеулерінде В. Н. Радионова бюджет жүйесін «Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы» - деп атап көрсетеді. [4] А. Худяков заңды тұрғыдан бюджет жүйесін - берілген мемлекет аумағында қызмет ететін, әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады. [5]
Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осыған келіп саяды. Атап айтсақ, А. Б. Зейнелгабдиннің ғылыми зерттеулерінде қарастырылып отырған түсінікке келесідей анықтама беріледі: «Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді. Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесінің қондырмасы бюджет түрлерін басқарудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің құрылуын, қарастырылуын, бекітілуін жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады». [6]
Экономикалық сонымен қатар қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып,
В. Д. Мельников өз еңбектерінде «Бюджет жүйесі - бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы» деп қарастырады. [7]
Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулерді саралау негізінде келесідей тұжырым жасауға болады «Кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымның сәйкес түріне негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады».
Сонымен, бюджеттің санқырлы маңызын ескере отырып және осы саладағы белгілі ғалымдардың зерттеулерін тұжырымдай отырып, өз тарапымыздан аталмыш ұғымға келесідей анықтама береміз: «Бюджет жүйесі мемлекеттегі биліктің түрлі деңгейлері бойынша өздерінің негізгі функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған қатынастардың жиынтығы».
Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның негізінде елдің мемлекеттік құрылымы жатыр.
1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
1. 1 Бюджет түсінігі, түрлері және оның экономикалық мазмұны
Бюджет-ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа денгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізгі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым -қатынас, заңнамалық белсендіруі заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалы, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмасада мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізгі бар өндірістік қарым - қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. [1]
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол бақарушылық жоспар ; бюджет - ол заңнамалық құжат ; бюджет ол - комуникация құралы ; бюджет ол - бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуы мен фискадық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштері мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол, өз алдында жеке бір экономикалық категория ;
- ол, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол, экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы) ;
- ол, мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ;
- ол, барлық бюджеттік қарым - қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым - қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алдына бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджетті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар
(білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады :
1. Бөлулік қарым - қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған ;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс- әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған ;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық - ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады ;
1. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады ;
2. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектері мен өз ара тығыз байланыста, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттары мен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды - құндылық түрі бар, бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапынан, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір құралын құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстар мен (қажетті ақша қаражаттары мен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс - жалпы мемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсінуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалары актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары. [2]
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым - қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам - жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам - жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады.
Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілері) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік - салық саясатында қаржылық жоспар - бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік - салық саясаты - ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат - еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы мен оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады.
Сонымен қатар, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті :
- Ұлттық табысты қайта бөлу;
- Әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету ;
- Экономиканы реттеу мен ынталандыру ;
- Ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір біріне бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бірде бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтк-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпы мемлекеттік қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуымен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеніне пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz