Кәсіпорынның инвестициялық қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестиция және кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні, маңызы және экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұйымдық.құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 ҚР кәсіпорындарының инвестициялық қызметіне сипаттама беру ... .12
2.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік қолдау ... ... ... ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi. Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясатының орны айтарлықтай болып табылады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптiк кәсіпорындарды қайта құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiлiгiн анықтау; инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн факторларды қарастыру; осы инвестициялық саясатты iске асырудағы кәсіпорындардың инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету; шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері, елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi бағыттарын ұсыну болып табылады. Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму барысына тоқталу болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi отандық кәсіпорындардың өз инвестициялық қызметтері мен саясаттарын тиiмдi жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер едi.
Курстық жұмысты орындау барысындағы басты мақсатым қаржы саласындағы кәсіпорындардың қаржысының маңызын ашып, ондағы инвестициялық саясаттың және инвестициялық қызметтің іске асуын жан-жақты талдау болып табылады.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің мәні, маңызы және экономикадағы ролі мен ұйымдық-құқықтық негізі қарастырылады. Ал 2-ші бөлімде Қазақстадық кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне сипаттама беріледі және кәсіпорындардың инвестициялық қызметін мемлекеттік тарапынан қолдау қарастырылады.
Бұл жұмысты Ресей авторларының, Қазақстан авторларының еңбектері негізінде жәнеде елбасымыздың даму стратегиялары, газет-журналдар және интернет желісі негізінде жазылған.
1. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. “Экономика предприятия”. М: Банки и биржи, 1996г.
2. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
3. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. “Кәсiпорын экономикасы”: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
4. Инвестициялар туралы 2003жылы 8-қаңтардағы №373-II-Заңы
5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
6. www.kegoc.kz
7. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
8. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г. №7.
9. Әлжанов Н.Е. “Инвестициялық жобалау” Алматы: Қазақ университеті, 2003ж
10. www.goodle.kz
11. www.e.gov.kz
12. www.government.kz
13. www.kazyna.kz
14. www.kdb.kz
15. www.inf.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестиция және кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні, маңызы
және экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұйымдық-құқықтық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 ҚР кәсіпорындарының инвестициялық қызметіне сипаттама беру ... .12

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік
қолдау ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

КІРІСПЕ

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi. Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты
экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен
стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық
саясаттардың iшiнде инвестициялық саясатының орны айтарлықтай болып
табылады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар
көзi болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптiк
кәсіпорындарды қайта құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама
индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген
мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге
көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге
қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi
дамуындағы қажеттiлiгiн анықтау; инвестициялық саясаттың iске асу
заңдылықтарын және оған әсер ететiн факторларды қарастыру; осы
инвестициялық саясатты iске асырудағы кәсіпорындардың инвестициялық iс-
әрекетiнiң маңыздылығын көрсету; шетелдік инвестицияларды ұлттық
экономикада тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын анықтау
қажеттіліктері, елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған
корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi
бағыттарын ұсыну болып табылады. Қазақстандағы қазіргі инвестициялық
жағдайдың мәселелері мен даму барысына тоқталу болып табылады. Сонымен
қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң
өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда,
шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық
саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Кәсіпорындардың
инвестициялық қызметі” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi отандық кәсіпорындардың өз инвестициялық
қызметтері мен саясаттарын тиiмдi жүргiзiп оны экономикада iске асыра
бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп,
дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер едi.
Курстық жұмысты орындау барысындағы басты мақсатым қаржы саласындағы
кәсіпорындардың қаржысының маңызын ашып, ондағы инвестициялық саясаттың
және инвестициялық қызметтің іске асуын жан-жақты талдау болып табылады.

Сонымен қатар, бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде
кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің мәні, маңызы және экономикадағы
ролі мен ұйымдық-құқықтық негізі қарастырылады. Ал 2-ші бөлімде Қазақстадық
кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне сипаттама беріледі және
кәсіпорындардың инвестициялық қызметін мемлекеттік тарапынан қолдау
қарастырылады.

Бұл жұмысты Ресей авторларының, Қазақстан авторларының еңбектері
негізінде жәнеде елбасымыздың даму стратегиялары, газет-журналдар және
интернет желісі негізінде жазылған.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инвестиция және кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні, маңызы және
экономикадағы ролі

Инвестиция дегенiмiз - табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке
салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін
пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз
алу болып табылады.
Коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге
болады:
• Физикалық активтегi инвестициялар;
• Ақшалай активтегi инвестициялар;
• Материалдық емес активтегi инвестициялар.
Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi
инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк
кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да
бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.
Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып
табылады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға (құрылыс, машина
әне құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық салымдар.
Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.
Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып
бөлiнедi:
Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту
және қызметкрлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын
инвестициялар.
Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру
мақсатында салынған инвестициялар.
Инвестициялық жобалау – бұл техникалық комплекстегi документтердi
талдау, яғни техника-экономикалық негiздегi (сызбалар, түсiндiрме жазбалар,
инвестициялық жобаның және т.б. материалдардың бизнес-планы). Инвестициялық
жобалаудың негiзгi бөлiгi инвестициялық жобаның құнын анықтайтын смета құру
болып табылады. Кәсiпорын жобасы техникалық, құрылыстық және экономикалық
бөлiмдерден тұрады.
Инвестициялық саясат немесе инвестициялық жоба ұғымы екi мағынада
қолнылады:
• Бiрiншi – белгiлi бiр нәтижелерге жету мақсатында және қандай да бiр
қызметтi iске асыруға бағытталған iс-шаралар, әрекеттер жиынтығы;
• Екiншi – қандай да бiр қызметтi iске асыруға негiзделген ұйымдық-
құқықтық және қаржы-есептiк документтер жүйесi.
Жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың кезеңдерi:
• Инвестициялық ойды қалыптастыру;
• Инвестициялық мүмкiншiлiктердi зерттеу мен талдау;
• Құрылыстың, реконструкцияның, объектiнiң техникалық қайта
жабдықталуының техника-экономикалық негiздемесi;
• Келiсiм-шарт документтерiн дайындау;
• Жобалық документтердi дайындау;
• Құрылыстық-монтаждық жұмыстар;
• Объектiнi эксплуатациялау, экономикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзу.
Инвестициялық саясатты құра бастау мен оны iске асыру мерзiмiн
инвестициялық цикл деп атайды. Инвестициялық цикл үш кезеңнен тұрады:
• Инвестициялауға дейiнгi кезең – алдын ала зерттеулер мен инвестициялық
жобаны қолдануға шешiм қабылдағанға дейiнгi мерзiм;
• Инвестициялық кезең – нақты түрде өндiрiске немесе қызмет көрсету
саласына, құрылысқа инвестиция жұмсау;
• Өндiрiстiк кезең – кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ұдайы өндiрiс
мерзiм уақыты аралығы.
Осы кезеңдердiң әрқайсысының периодтары мен жекелеген мақсаттары бар.
Инвестициялау алдындағы кезеңде инвестор және инвестиция тартушы
кәсiпорындар алдын ала әр түрлi зерттеулер жүргiзiп, тиiмдi варианттарды
қарастырады.
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.1
Инвестиция негiзiнен экономика дамуына жақсы орай. Ол арқылы тек қана
ақша ғана келмейдi, сонымен қатар технологиялар, инновациялар,
менеджменттер, жақсы нарықтар келедi. Бiрақ экономика дамуының сапалылығы
сол инвестициялардың қалай жұмсалғандығына байланысты.
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек.7

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұйымдық-құқықтық негізі

Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды
реттеу, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық
негіздерін айқындау, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге
асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру үшін,
инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын
дауларды шешу тәртібін белгілеу мақсатында 2003 жылы 8-қаңтарда
Инвестициялар туралы №373-II Заңы қабылданды.
 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі
заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық
капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған
тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген
активтерді ұлғайту;
2) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін
пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі;

3) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық
жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;
4) инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын
кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені;
5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты
инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден
туындайтын дау;
6) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жузеге асырушы жеке
және заңды тұлғалар;
 

Инвесторлардың қызметін инвестициялардың құқықтық режимі арқылы
реттеледі.

Инвестициялардың құқықтық режимі

4-бап. Қазақстан Республикасының аумағына инвесторлар қызметін құқықтық
қорғау кепілдіктері
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың
өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шарттармен камтамасыз етіледі.
2. Инвестордың мемлекеттік органдардыц Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы
органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің)
салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар.
3. Шарттарға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін
жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар
талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұл кепілдіктер:
1) импорттың, өндірістің, акцизделетін тауарлар өткізудің тәртібі мен
талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерістерге
және (немесе) Казақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшіне
енгізуге және (немесе) олардың өзгерістеріне;
2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен имандылықты
камтамасыз ету мақсатында Казақстан Республикасының заң актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.

5-бап. Кірістерді пайдалану кепілдіктері
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салыктарды және бюджетке
төленетін баска да міндетті төлемдерді телегеннен кейін өзінің қызметінен
алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Кдзақстан
Республикасының банктік және валюталық зандарына сәйкес ұлттық валютамен
және (немесе) шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы.

Сонымен қатар кәсіпорындардың инвестициялық қызметін мемлекет
тарапынан қолдау керек.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау

Инвестицияны мемлекеттік қолдау мақсаты экономиканың дамуына және
инвестицияларды ынталандыруға қолайлы инвестициялық климатты жасау,
қолданыстағы өндірістерді заманауи технологиялармен жабдықтап жаңарту және
кеңейту, Қазақстан кадрларының біліктілігін арттыру және қоршаған ортаны
қорғау. Инвестицияларды мемлекеттік қолдауы инвестициялық преференцияларды
беруде тұрады.
Инвестициялық преференциялар мынадай жағдайларда беріледі:
• тиісті инвестициялық қызметтің Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының
(ЭҚЖК) , 4-т белгі дәрежесінде бекітілген қызметтердің басыңқы
түрлерінің тізбесіне сәйкестігі;
• жаңаны құру, қолданыстағы кәсіпорындарды заманауи технологиялармен
жабдықтап жаңарту және кеңейту үшін Қазақстан Республикасы заңды
тұлғасының тіркелген активтеріне инвестиция беру;
• Инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім берген, Қазақстан
Республикасы заңды тұлғасының Инвестиция туралы Заңының , 19 бабында
тізілген қаржылай, техникалық және ұйымдастыру мүмкіндіктерінің барын
растайтын қажетті құжаттарды беру.
Инвестициялық салық преференциялары
Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығына, мүлік
және жер салығына Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде (138-140
баптың 5 бөлімі) анықталған тәртіп бойынша беріледі.
а) корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар:
• жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту
мақсатында тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық
төлеушілердің, 10 жылдан аспайтын мерзімге тіркелген активтерін
пайдалануға енгізу бағаларының жылдық жиынтық табысынан қосымша
шегерімдер жасауға құқығын береді;
• бір ғана (жалғыз) қызмет түрінің шеңберінде инвестициялық жобаларды
іске асырушы жаңа кәсіпорындарға - 10 жылға дейінгі мерзімге алынған
инвестициялық қызметтерден алынған табыстан босатылуын ұсынады.
(айтылған норма Салық кодексіне)толықтырулар енгізу жолымен 2005
жылдың 1 қаңтарында орнатылды).
Анықтама: Қолданыста заңға сәйкес түзетулер есебімен салық төлеушінің
табысына салық салынуы (заңды тұлғалардың), шығындар сомасына кемітілген
30% мөлшерде (корпорациялық табыс салығына)салық салынуына
тиісті.(корпорациялық табыс салығына). б) мүлікке салық бойынша
преференциялары 5 жылдық мерзімге дейінгі инвестициялық жоба шеңберінде
жаңадан іске қосылатын тіркелген активтері бойынша салық төлеушіге мүлік
салығынан босатылуына мүмкіндік береді;
в) жер салығы бойынша преференциялар салық төлеушіні жер учаскелеріне жер
салығын төлеуден босатады, егерде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін
алынған жер учаскесі 5 жылдық мерзімге болса.
Преференцияларды қолдану мерзімі тіркелген активтерге инвестициялардың
көлеміне қарай әрбір жекелеген жағдайда айқындалады.
Инвестициялық салық преференцияларын бастапқы қолдану уақыты, инвестициялық
преференцияларды беру туралы келісім-шартта Қазақстан Республикасы Салық
кодексінің 139 бабына сәйкес белгіленеді:
• келісім-шарт жасау кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асырушы салық
төлеушілерге - тіркелген активтер іске қосылған жылдан кейінгі жылдың
1 қаңтарынан бастап;
• жаңа кәсіпорындар үшін - өндіріске бағытталған обьектілерді
пайдалануға мемлкеттік қабылдау комиссиясы қабылдаған күннен бастап.
Инвестициялық салық преференциялары:
• қызметтеріне, арнайы салық тәртібі қолданылатын;
• келісім-шарт бойынша қызметтері жер қойнауы байлықтарын пайдалануға;
• заттай гранттар тұрғысында берілген тіркелген активтеріне қатысты
берілмейді.
Баж салығын салудан босату
Инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізетін құралдардың импорты
жағдайында және оның жинақтаушыларына баж салығын салудан босату беріледі.
Баж салығын салудан босату келісім-шарттың мерзімі біткенше беріледі,
бірақ, келісім-шартты тіркеу күнінен 5 жылдан көп емес.
Баж салығын салудан босату және оның мерзімін ұзарту шешімін инвестиция
жөніндегі өкілетті орган қабылдайды.
Қолданыстағы заңға сәйкес баж салығын салу ақысы, жалпы кеден - тарифтік
саясаты шегінде анықталады және КС кодификациясына сәйкес орнатылады.
Импортты баж салығы салынатын тауарлардың және салық салу мөлшерлері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж.14.11. №1389 Әкілінетін
тауарларға баж салығының мөлшері туралы қаулысында белгіленген тізімде
келтірілген.
Мемлекеттік заттай гранттар
Мемлекеттік заттай гранттар дегеніміз – бұл заңды тұлғаға инвестициялық
жобаны іске асыру үшін қолдануға немесе жер ресурстарын уақытша өтеусіз
пайдалануға, келісім-шарттағы инвестициялық міндеттерді орындаған жағдайда,
заттай гранттарды кейіннен жекеменшікке беретін республикалық және
коммуналдық жекеменшіктегі мүлік.
Мемлекеттік заттай гранттары жер учаскелері, ғимарат, құрылыс
орындары, қөлік және құралдар, санақ техникасы, өлшеуіш және реттеуші
заттар, көлік құралдары, (жеңіл автокөлігінен басқа) өнеркәсіптік және
шаруашылық құрал-саймандары ретінде беріледі.
Мемлекеттік заттай грантының ең үлкен мөлшері, (инвестиция жобасының
мөлшері) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы тіркелген активтерінің
инвестиция мөлшерінің отыз пайызынан көп болмауы қажет.
Егерде сұраған мемлекеттік заттай гранттың мөлшері талап етілгеннен
көп болса, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мемлекеттік заттай
грантының ең көп мөлшерін бағалаған құннынң айырмасын төлеп сұраған мүлікті
алуға құқығы бар. 4

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 ҚР кәсіпорындарының инвестициялық қызметіне сипаттама беру
"KEGOC" “Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы
(Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ-ның құрылтайшысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік активтерді
басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы АҚ-ның жайғастырылатын акцияларын
төлеуге тапсырылады. Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр
энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы болып мынадай қызмет түрлерін
жүзеге асырады: 1) шартқа сәйкес электр
энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу жөніндегі электр
энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету, оның техникалық
қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау;
2) шартқа
сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің
жұмыс режимдеріне орталықтан оралымдық-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра,
нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік
кестесін құруды қоса отырып, техникалық диспетчерлеу жөніндегі электр
энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету;
3) Қазақстан
Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмыс сенімділігін
қамтамасыз ету;
4) электр энергиясының көтерме рынок
субъектілеріне электр энергиясын реттеу және резервілеу, электр
энергиясының өндіру-тұтынуылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі
қызметтер көрсету; 5) электр
энергиясының көтерме рынок субъектілеріне электр энергиясының
теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтер көрсету;
6) электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі
қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген ретпен
жүзеге асыру; 7) электр қуатының оралымды резервтерінің
қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және
реактивтік қуатты реттеу үшін, энергожүйесін қорексіз күйінен іске қосу
бойынша электр энергиясының көтерме рынок субъектілерінен қосалқы
қызметтерді сатып алу; 8) электр энергиясының
теңгермелі рыногының шынайы уақыт түзімінде атқарымдануын және жүйелік пен
қосалқы ісметтер рыногын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
9) қатарлас
жұмыс түзімдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету жөнінде шектес
мемлекеттердің энергожүйелерімен өзара іс-қимыл жасау; 10) біртұтас
ақпараттық жүйені, электр энергиясының автоматттандырылған коммерциялық
есеп жүйесін, электр энергиясының барлық көтерме рынок субъектілеріндегі
реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру
жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

11) электр энергиясының көтерме рыногы
субъектілерін ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз
ету; 12) Қазақстан Республикасы
электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және
өзгедей заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын
ақпаратпен қамтамасыз ету; 13) электр
станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр
жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика
құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және
олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді мақұлдастыру;

14) гидроэлектр станцияларының жұмыс түзімдерін олардың су-
шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр
энергетикалық жүйе жұмысының түзімдерін ескере отырып жасақтауға қатысу;

15) электр энергиясының теңгерімдерін ұзақ
мерзімдік болжаудың жасақталуын жүзеге асыру;
16) Қазақстан
Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйесінде нормативтік
электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес
мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету
үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын
теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға
арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
Қазіргі уақытта Компания ірі стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды
жүзеге асыруда:
1. “Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту”;

2. “Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр
жеткізу желісінің құрылысы”.
I. “Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту” жобасы
2006 жылы KEGOC АҚ Қазақстанның ҰЭТ жаңғырту жобасы бойынша қарыз берген
Халықаралық және Еуропа Қайта құру және Даму Банктерімен (ХҚДБ және ЕҚДБ)
ынтымақтастықты жалғастырып келеді. ХҚДБ және ЕҚДБ бақылау миссияларының
нәтижелері бойынша 2006 жылы жобаны іске асыруға тұтастай алғанда,
қанағаттанғандық деген баға берді және релелік қорғау және қосалқы
станцияларды автоматтандыру (РҚА) сияқты осындай күрделі бөлікті іске
асыруда айтарлықтай алға жылжудың бар екенін атап өтті. Жаңғырту жобасының
шеңберінде КЕGОС АҚ Siemens, ABB, AREVA, Marubeni, Siemens AG Osterreih,
ELIOP Ltd., Advantec Inc сияқты жетекші компаниялармен жоғары вольтты
жабдықтарды, телекоммуникация және ақпараттық технология жабдықтарын
жеткізуге арнап келісім-шарттар жасасты. 2006 жылы КЕGОС АҚ-ның қосалқы
станцияларында жоғары вольтты жабдықтарды жаңғырту толығымен аяқталды. Жоба
бойынша барлығы KEGOC АҚ-ның 54 қосалқы станциясына кернеуі 110, 220 и
500 кВ 5213 бірлік жоғары вольтты жабдықтар, оның ішінде: ажыратқыштар –
519 бірлік; айырғыштар – 2968 бірлік; кернеу трансформаторлары – 460
бірлік; ток трансформаторлары – 606 бірлік; асқын кернеуді шектеуіштер –
660 бірлік жеткізілді. Жеткізілген жабдықтардан тоғыз ЖЭТ-тің 41 қосалқы
станцияларында 4932 жабдық бірлігі орнатылды. Қалған жабдық (281 бірлік) 9
қосалқы станцияда авариялық қор ретінде және Қазақстанның Солтүстік-
Оңтүстік транзитінің 500 кВ желісі құрылысының жобасы бойынша салуға және
кеңейтілуге жатқызылған Шу және ОҚМАЭС қосалқы станцияларында орнату үшін
жеткізілді. 2006 жылы жоба шеңберінде телекоммуникациялық жүйелерді
жаңғырту аяқталды. АВВ, Siemens AG Osterreiсh и Advantek International Inc
компанияларымен жасалған келісім-шарттарға сәйкес КЕGОС қосалқы
станцияларында 152 ЖЖ байланыс жабдықтарының жинағы мен 121 радиорелелік
байланыс станциясы орнатылды. Спутниктік байланыс жүйесі бойынша
жабдықтарды жеткізу мен монтаждауды келісім-шартқа сәйкес TNS-плюс
компаниясы орындады. 63 жер үсті станциялары орнатылды. 2006 жылы желілерді
кепілдікпен пайдалану әзірлігінің (ЖКПӘ) 1080 сағаттық сынағы өткізілгеннен
кейін жүйе пайдалануға қабылданды. Релелік қорғауды жаңғырту және қосалқы
станцияларды автоматтандыруды Siemens компаниясы жүзеге асыруда. 2006 жылы
жаңғыртуға жоспарланған үлгі жобалар мен қосалқы станциялардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестициялау объектілері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Кәсіпорынға қарағандағы ақша
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Инвестициялық саясат және инвестициялық қызметті басқару
Пәндер