Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3

1 ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

1. 1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы . . . 4

1. 2 Мемлекеттің даму институттары . . . 8

2 Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау

2. 1 ҚР индустриалды-инновациялық саясаты - экономикалық өсудің негізгі

шарттарының бірі. 11

2. 2 Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістердің даму тенденциясы. . 16

2. 3 Индустриялық-инновациялық бағдарламанының бағыттары мен тетіктері және отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

КIРIСПЕ

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7- наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.

"Қазақстан-2030" стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуметін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады. Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы, өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi. Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.
Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерiмен - өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.

Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және түзетiлетiн болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - инновацияның және еліміздегі инновациялық үрдістердің қалыптасуы мен дамуын теориялық, тәжірибелік және аналитикалық тұрғыда талдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелері негізінде нақты ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

1) Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

2) иновацияның мәнін, түрлерін, инфрақұрылымын айқындап, оларға түсініктіме беру;

3) Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

4) Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістердің даму тенденциясына баға беру;

5) Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін талдау;

6) инновациялық қызметтің шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;

7) Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдарын ұсыну.

8) Осы мәселелерді қарастырған авторлар: К. Нарибаев, С. Жумамбаев, А. Нусупова, Ә. Сапарбаев т. б.

1 ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

1. 1 Инновацияның экономикалық мәні, түрлері, инфрақұрылымы

Инновация ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30- жылдарында И. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде инновацияға әртүрлі анықтамалар берілген:

1) инновация дегеніміз- жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;

2) инновация- практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс;

3) инновация-әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл.

Жалпы алғанда инновация дегеніміз- әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Шет елдік зерттеушілер Э. Дж. Долан, Я. Корани, П. Хейне, П. Ф. Друкер, Н. Г. Менкью, Г. Хоскинг, Й. Шумпетер, В. Леонтьев және т. б. өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты.

Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық сипатта жазылған немесе мәселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі уақытта инновациялық өнім ді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Ал, бұл өзіне тән арнайы мамандырылған қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық инновациялық потенциалының дамуын талап етеді. Индустриалды-инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттырудың пәрменді тәсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мәселелеріне дұрыс қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мәселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай-ақ дәстүрлі салалық талдауды жалпыұлттық және аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі. Шағын инновациялық бизнес мәселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тәжірибені қазақстандық болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет елдегідей тез және оң нәтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми-зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кәсіпкерліктің

айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажет.

Экономикалық әдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық және технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Әлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен әдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық процестерді әзірлеу мен енгізу болып табылады. Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем әртүрлі ұғым. Жаңалық- бұл тек идея немесе жаңа технологиялық процесс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе процеске айналады. [1-4 б]

Ч. Фрименнің жіктеуінше технологиялық инновациялар өнімдік және процестік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз-жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу болып табылады. Ал процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т. б. ) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

Сонымен қатар, инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кәсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді. Салаарлық ішіндегі инновация - екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нәтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация - белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кәсіпорын ішіндегі инновация- кәсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кәсіпорын жұмысының сапасына тиімді әсер ететін фактор. Атақты экономист Г. Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:

1) Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын

болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді және аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.

2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге

бағытталған.

3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар әлемдік тәжірибеден өткен

және екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.

4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді. [1-4 б]

Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бәсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз - түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:

1) жаңа (қайта енгізілген) - радикалдық өнімдік инновация;

2) жетілдірілген бұйымдар;

3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған

бұйымдар- өзге де инновациялық өнімдер. [2-7-53б]

Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» процесін 7 элементке жіктеп көрсетеді:

1) Инновациялық идеяның тууы.

2) Жаңа өнімді шығару.

3) Өнімді өткізу нарығын анықтау.

4) Сұранысты анықтау.

5) Өнімді жарнамалау.

6) Сату процесін ұйымдастыру.

7) Өнімді өткізу.

Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тәсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.

Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар және инновациялық орталықтар.

Технопарктер дегеніміз - ғылымды, білімді және өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың және жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған және білікті кадрлар жоғары дәрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық және өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады. Технологиялық - инкубатор ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары және шағын кәсіпкерлік субъект белгілерінің әлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.

Инновациялық орталық-конструкторлық- технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді және жоғары технологияларды әзірлеу кезінде инновациялық кәсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға және бұл құрылымдардың ғылыми- техникалық әзірленімдерді және маркетингті, жарнамалық және көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті және шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар. [3-110-114б]

Сонымен инновация - инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық, консалтингтік, әлеуметтік және басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің нәтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық және ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тәжірибелік меңгеру сферасы.

Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды. Инновациялық жүйе әр алуан қатынастардың - фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық және аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі.

Осы орайда зерттеудің негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында жаңа заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға, оларды халық тұтынатын жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге түрлендіруге қатысушы экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың күрделі жүйесі ретінде инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде К. Фридманды айтуға болады. Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына сәйкес инновациялар дегеніміз- бір-бірімен көптеген күрделі байланыстар арқылы біріккен жүйе болып табылады.

Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен институционалдық формаларды әзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау Қазақстанның әлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР-ның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде жұмыстарын атқармайтыны және Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр. [4-5-6]

Технополис бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар және құрылымдар кешені. Яғни, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған және сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді.

ҚР-ны Индустриялық-инновациялық стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі берілген:

1) ұлттық технологиялық парктер;

2) аймақтық технологиялық парктер;

3) технологиялық бизнес-инкубаторлар;

4) ғылыми қалашықтар.

Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады. Олардың ең маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып табылады. Өз алдына қаржы инфрақұрылымы келесі элементтерден тұрады:

1) мемлекеттік даму институттары;

2) венчурлық қорлар;

3) кәсіпорындар;

4) жеке кәсіпкерлер;

5) екінші деңгейдегі банктер

Инновациялық инфрақұрылымның құрылымы келесідей:

1) инновациялық дамудың мемлекеттік институттары;

2) технологиялық бизнес-инкубаторлар;

3) ғылыми қалашықтар;

4) инновациялық-технологиялық қалашықтар;

5) технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оқу орындары, салалық ғылыми-зерттеу институттары, оқу орталықтары, мамандандырылған консалтингтік кәсіпорындар) ;

6) инновациялық кәсіпорындар;

7) инновациялық қызметпен айналысаиын жеке кәсіпкерлер;

8) венчурлық қорлар;

9) инновациялық жобаларды қаржыландыратын банктер;

10) ақпараттық инфрақұрылым;

11) мамандандырылған көрмелер.

1. 2 Мемлекеттің даму институттары

Саясаттың маңызды мiндеттерiнiң бiрi мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды iске асыру, инвестициялық белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды қажет етедi. Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк даму институттарын құру және қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның инвестициялық қорын, Қазақстан Даму Банкiн, Инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру корпорациясын нығайту қажет. Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.

Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын қолдау (қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы және ақпараттық ресурстарды бiр ғана даму институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi.

1) шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
2) бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау көрсету кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;

3) жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкiндiгi сақталады.

Мамандану қағидаты даму институттарының қызметтiң белгiлi бiр операцияларына және немесе түрлерiне мамандануын бiлдiредi. Мысалы, Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк бақылаусыз қатысу арқылы; Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестiк қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде операциялармен және қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын басқа операцияларды да (қызмет түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет түрлерiн жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi. Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың көпшiлiгiнiң дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық институттарға елiктеуге бейiлдi екенiмен байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып, әуел бастан олардың қызметiн нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты қандай да бiр институттың қызметi нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк бередi. Ашықтық қағидаты менеджерлердiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесiн құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының алдына қойылған мiндеттердi тиiсiнше iске асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру үшiн тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк жоғарғы бiлiктi менеджерлердi тарта отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады. ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады. Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен мемлекеттiк қаржы институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады. Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру қажеттiгiн көрсететiн болса, онда барлық қажеттi негiзгi өндiрiстi құру көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады. Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың шикiзат секторына жатпайтын жеке сектордың барлық бастамалары болуы тиiс. Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн, жеке секторда қаражат жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып алуда) бақылау пакетiн алмай қатысу арқылы бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады. Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде нақты ереже белгiленуi тиiс. Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын дамытуда да ықпал ету мүмкiндiгiн бередi. ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл екi институт банк желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру және капиталды бастапқы орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы тиiс. Таяу және орта мерзiмдi перспективада шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына қатысу бағытында да жүзеге асырылатын болады. Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қазақстан Республикасында инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс.

Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс. Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк серiктестермен бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлiк қорларды құратын болады. Инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың құралуы және өсуi бойынша еншiлес жобаларды қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз белсендiлiгiн инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға бағыттайтын болады.

Инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын және т. б) құруға қатысу;
1) отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды құру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Инновацияның арттыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің даму
Еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Инновациялық менеджмент
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz