Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Алматы, 2008
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3-8
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
- Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері . . . 9-16
- Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы . . . 17-27
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ - Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы . . . 28-41Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде . . . 42-48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 55-60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т. т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті.
ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т. б. ) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді /2/. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда /1/. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.
1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т) : Белорусь пен Ресей Одағы-«екілік», Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - «төрттік», Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - «бестік», Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т. т. байланыс қатынастар орын алуда.
Осы аталған «әртүрлі өлшемдегі» және «әртүрлі қарқындағы» қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кедендік одақ кұру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді /2/. Бұл еңбектердің авторлары «Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр» деген пікірге сүйенеді /1/.
Соңғы жылдары ғалымдар ТМД елдерінің кеңестік өткен кезеңді қайта қарастыруда, оған жаңаша баға беруде көптеген қосымша зерттеулер жүргізіп, КСРО кезіндегі қалыптасқан байланыстарды - қазіргі қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы өзара қатынастарындағы қол жеткен табыстардьң объективті негізі деп алады. Мысалы, Н. Е. Бекмаханова қазақ және орыс халықтарының әлеуметтік құқьқтары үшін жүргізілген бірлескен күрестеріне, 1812 жылғы Отан соғысына бірге қатынасқандығына, екі халықтың да XIX ғасырдың көрнекті саяси және мәдени қайраткерлерінің шығармашылық байланыстарына тоқталып, одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін жаңа тақырыптар мен проблемаларды ұсынады/3/. Тақырыпты жазу барысында біз Қазақстанның интеграциялық үдерістер ауқымынан өзіндік орнын алып келе жатқанын да назардан тыс қалдырмай, осы сарында жазылған еңбектер қатарын қарыстырғанынымызды атап өткім келеді. Мысалы, Еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы ынтымақтастық пен интеграция үдерісінің тарихи аспектілеріне арналған еңбектердің үлкен қоры жинақталған /4/. Бұл еңбектердің біразында әр кезеңдердегі әртүрлі салалардағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының екі жақты қарым-қатынастары мысалы, қазақ және өзбек, казак және армян, қазақ және қырғыз әсіресе қазақ және орыс халықтарының арасындағы ұлтаралық қатынастарының сипатты белгілері, сан түрлі экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзара қатынастары көпұлтты қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы мысалында қарастырылады. Сонымен қатар Батыс пен Шығыс катынастары негізінде қазақ өркениеті дүниежүзілік тарихи тұрғыда, Түркістан халықтарының рухани байланысына ислам дінінің әсері зерттелінеді /5/. Қазақстан мен Ресей мемлекеттері қоғамдарының тарихи трансформациясы мен қазіргі үдерістеріне, соның ішінде эволюциясы мен ұлтаралық қатынастарына салыстырмалы талдау жасаудың бітіру жұмысын жазуымыз үшін көп көмегі болды. Еуразия халықтарының конструктивтік және комплиментарлық бірге өмір сүруінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін одан әрі дамыту қажеттілігі - жоғарыда аталған еңбектердің ортақ қорытындысы .
Қазіргі тарихнаманьң негізгі ғимаратын әрине посткеңестік кеңістікті дамыту проблемалары мен нақты сюжеттерге және оған кіруші елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, аймақтағы сыртқы саяси ахуалдың ерекшеліктері мәселелеріне арналған еңбектер құрайды. Көптеген зерттеулерде ТМД елдеріндегі жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер мәселелерінің кең эмпириялық материалдары салыстырмалы талдаулармен бірге беріліп, тарихи тәжірибені дұрыс түсін-діруге және ұзаққа созылған қоғамдар эволюциясының тенденцияларын ашуға бағытталған мазмұнды қорытындылар жасалған. Ғалымдардың посткеңестік елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрлерін іздестіруге қарай ұмтылысы Еуропадағы осыған ұқсас интеграциялар тәжірибесін зерттеуге деген заңды кызығушылығын туғызды.
М. В. Стрежневаның зерттеулері әлеуметтік мәдени тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ пен ТМД арасындағы салыстырмалылыққа құрылған. Автор, проблемаға тарихи-философиялык кең шолу жасай отырып, аймақтық бірлестіктердің кұрылуын, ұйымдастырушылық түрлері мен қызметін қарастырады. ТМД елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынасының келешегі, институционалдық жүйелерінің ортақ белгілері мәселелеріне тоқталады /6/. КСРО кезеңінде қалыптасқан біркелкі экономикалық біртұтастықтың ыдырауының себебінен туған дағдарыс салдарларын жою жолдары, ТМД - ның барлық елдері үшін өте маңызды болып есептелетін экономикалық ынтымақтастық проблемалары бірқатар еңбектерде жинақталған. Бұл еңбектер интеграцияның халықаралық тәжірибесін салыстырмалы түрде зерттейді .
ТМД-ның құрылуы, ұйымдастырылуы және құқықтық қалыптасуы, функциясы механизмдері мен қызметіндегі сәтсіздіктер себептері тарихына арналған қомақты еңбектер тобын атауымызға болады. Зерттеушілер негізінен Достастық елдерінің экономикалык өзара байланыстары динами-касын, саяси-құқықтық базасындағы өзгерістерді, оның дамуының ағымдағы, соның ішінде - мәдениет, әлеуметтік, қауіпсіздік салаларындағы проблемаларға назар аударады. Бұл еңбектерде Қазақстанның халықаралық байланыс үдерістеріндегі рөлі фрагментті ғана беріледі. Көптеген авторлар Достастықты бұрынғы кеңестік республикалардың «өркениетті ажырасуының» құралы ретінде ғана көріп, бұл саладағы табыстарды баяндай отырып, ТМД шеңберіндегі қалыптасқан өзара байланыстың тәжірибесін тиімсіз деген пікірге келеді /7/.
Интеграцияның әртүрлі деңгейдегі формаларын ұйымдық бекіту динамикасы ғалымдар назарын Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және Біртұтас экономикалык кеңістік (БЭК) сияқты болашағы зор ұйымдар тәжірибесін және мемлекетаралық өзара әрекеттің экономикалық аспектілерін зерттеуге қарай ауыстырады /8/. Сол сияқты ЕурАзЭҚ-ғы экономикалық әріптестіктің басты бағыттарын, Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік-Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА), Латынамерикалық жалпы рынок (МЕРКОСУР), Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақ-тастық форумы (АТМЭЫФ) т. б. осындай кооперациялар мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі интеграциялық бірлестіктердің жемісті тәжірибелерін басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алады.
Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады. Сондықтан біз бітіру жұмысымызда тараулардың басым көпшілігінде Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынастарына көбірек назар аудадық . Сол сияқты, ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күрес, өзара ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т. т. проблемалар талдауына да біраз еңбектер арналған /8/. Мысалы, С. Л. Ткаченко мен С. Петерманн КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ТМД елдері арасындағы әскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың ықпалына тоқталады. 1992 жылғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне қол қойысу тарихы мен оның, жүзеге асырылуына, Келісімнің әскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Федерациясының сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылады /9/. Мәдениетаралық өзара байланыстарды қарастыруда достастықты нығайту-дың мемлекетаралық түрлері мен құралдарына, ғылыми, шығармашылық, білім мекемелерінің мемлекеттік емес, жеке құрылымдарынан гөрі кәсіби мемлекеттік жағына ғана көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде де ең жиі зерттеу тақырыбына айналған мәселе - білім беру үдерісін дамыту саласындағы ынтымақтастық /10/.
Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады. Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А. Е Есенбаевтың, Е. Б. Жатқанбаевтың, Б. Сомжуректің, Т. А. Толеубаевтың, Н. Исингарин мен С. Масакованың, А. Иваситаның т. б. еңбектерін /12/ атауға болады. Мысалы, Т. А. Мансуров пен Қ. К. Тоқаевтың еңбектерінде әртүрлі құжаттар мен жеке дипломатиялық тәжірибелері негізінде Ресей және ТМД-ның басқа елдерімен интеграцияны дамыту мақсатындағы ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясы мен халықаралық қызметі баяндалады.
Отандық ғылым жақын арада А. Шайхутдинов пен С. Абдулпаттаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелеріне арналған Қазақстан Президенті Қоры жанындағы дүниежүзілік экономика және саясат институты даярлаған еңбекпен толықты [13] . Авторлар елдің сыртқы саяси бағыты динамикасын, проблемалық-хронологиялық және жағрафия-елдік талдауларын қоғамның жаңаруының ішкі саяси, экономикалық міндеттерімен байланысты қарастырады. Сол сияқты интеграциялық үдерістерге, Қазақстанның әсіресе ортаазиялық көршілес мемлекеттермен, Ресеймен қарым-қатынастары мәселелеріне көңіл аударады. Ғалымдардың бұл бағыттағы шынайы даму үдерісіне Астананың бастаушы болғандығы, оның заңдылығы жөніндегі пікірлерін толық қолдаймыз.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2001 жж. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, ЕурАзЭҚ т. т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.
Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.
Осы мақсат жолында автор өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
- ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
- бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы қарым-қатынасүдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері ментүрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдаужасау;
- XXI ғасырдың басындағы экономикалық байланыс тиімділігін елдің тұрақтылығы мен одан арғы прогресімақсатында пайдалану бағытындағы Қазақстан Республикасыныңқосқан үлесін және сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгіэлементтерін анықтау;
- Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси, этникалық, діни жәнемәдени үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға жәнеелдің жалпы дамуына әсерін анықтау;
- ТМД мемлекеттерінің халықаралық Қазақстан мен әртүрлі елдердің екіжақтымүдделерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысыы кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1. 1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.
КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды (мәлімет бойынша 1992-1995 жылдардағы ТМД елдеріндегі экономиканың құлдырауының үштен бірі осы байланыстардың үзілуі себебінен болды) .
Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті .
Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен де көрініп, ТМД мүшелерінің ішкі сауда айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы іс-жүзінде даму жоспарларымен келіспестен толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер де әр түрлі болды. Қара металлургия және энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып, КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды кең масштабта түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Көптеген бұрынғы кеңестік республикалар алдында (ЕО- кіруге бет алған Балтық елдерінен басқа) өзара интеграция қажеттілігі туды Басында олар бүрынғы БЭК-тің дизинтеграциялық үдерістерін әлсірету бағытындағы тәжірибеден көрінді. Әсіресе бұрынғы байланыстардың үзілген халық шаруашылығына кері әсерін тигізіп, (көлік, байланыс, энергетика т. б 1996-1997 жылдар шамасында ТМД елдерінің бір бөлігі жаңа бағдармен интеграцияға ұмтылды. Біріншіден, экономиканы синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды ұсыныстар жасалынып, ТМД құру және оның аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды.
Бұл тұста экономикалық интеграция мамандар тарапынан бірлесудің басты және практикалық тұрғыдан жалғыз жолы ретінде қарастырылды.
... жалғасыМемлекеттердің экономикадан басқа салаларында интеграция қабілетсіз екенін дәлелдеп, либералдық көзқарас тұрғысынан А. Загарский былай деді: "Мемллекеттер интеграцияланбайды тек біріге алады. Интеграцияланатын рыноктар ғана. Кеңестер Одағы тұсындағы жағдай - интеграция емес, ол үлкен мемлекеттердің экімшілік-экономикалық бірігуі болғандықтан ТМД елдерінің интеграциясының алғышарттарын элі қалыптастыру қажет. Олар осы елдердің ішкі рыногы пайда болған кезде ғана жүзеге асады . Дегенмен КСРО-да, тіпті Ресей империясы кезеңінде де пайда болған әр түрлі аймақтардың экономикалық салада тығыз байланысы бар болатын. Мұның өзі қайта құру жэне экономикалық өзара әрекет саласында одан әрі алға жылжу үшін зор мүмкіндігі бар объективті негіз болды.
Сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдерінде зерттелген табиғат байлықтарының әлемдік қорының % бөлігі және әлемдік өндіргіш күштердің 10% бар. Бірақ олар әр түрлі есеппен әлемдік ІЖӨ-нен 2 ден 3%-ға дейін, ЕО-тан шамамен 5 рет аз өндіріледі. Посткеңестік альянс елдері соңғы кездерде жылына 400 млн. т. мұнай өндіреді. Бұл оның әлемдік көлемдегі жылдық өндірісінің 12%-ын көрсетеді. ТМД елдері әлемдік электроэнер-гияньщ 11%-ын, алғашқы алюминнің 15%-ын, никелдің шамамен 30%-ын, жездің 10%-дан артығырағын, минералдық тыңайтқыштардың 11 %-ын өндіреді. Болаттың 11%-ын қорытып, әлемге болат экспортының 16%-ын шығарады. Қару-жарақ рыногының 20%-дайы ТМД елдеріне тиесілі, ал олардың зерттеу орталықтарында әлем ғалымдарының 12%-ы еңбек етеді.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99түрі бар, оның 70-і зерттелді, 60-қа жуығы пайдаланылады. Елімізде жанғыштақта тастың, тас және сұр көмірдің 102 көзі және 155 кен орны,
бассейні, мұнай мен газдың мол қоры бар. Металдық руданың 60 түрі шығарылып, марганец, хром, титан, никель, вольфрам, молибден, жез және уран рудасы, алтын, қорғасын, боксит және басқа бағалы кендер зерттеліп, өндірілу үстінде /14-18б/. Шетелдік сарапшылардың пікірінше ТМД елдері рыноғының көлемі шамамен 1600 млн. доллар құрайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz