Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғалы өз тарихымыздың зерттеулер саны жыл сайын еселеніп, артып келе жатқаны анық. Осы құбылысқа қарап, сандық мәнге ие болғанымен, көп жағдайда сапалық мазмұны кем түсіп отырған зерттеулер тізбегі тарих ғылымын дамытуда деп айту негізсіз болар еді.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі - мәдениет. Осыған орай, бүгінгі таңда мәдениет саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында біраз жұмыстар да атқарылып, өз жалғасын таппақ.
Кез келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық және рухани мұралар жасау машығы, дәстүр тағылымдары - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы. Ал халық мұраларын таныстыратын, оның материалдық және рухани тарихи мұраларын жұртшылыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме - музей. Осы тұрғыда Елбасы Н. Ә. Назарбаев "… Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп оның тәжрибесінен тағлым алу - Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі…" деп, музейлерге мемлекеттік көлемде назар аударылып отырғандығы бәрімізге мәлім бұл сала бойынша атқарылып жатқан игі істерге ҚР ОММ - нің музейлік деректану және қол жазба бөлімі өз үлесін қосуда.
Бұл бөлім ҚР ОММ - нде тұңғыш рет 1999 жылы құрылып, өз қызметін жалғастыруда. Бүгінгі таңда бөлімде жеті қызметкер атап айтқанда, бөлім меңгерушісі, екі ғылыми қызметкер, екі жоғары дәрежелі қор сақтаушы, екі кітапханашы қызмет атқарады. Бөлім қызметкерлері "Қазақ тарихына байланысты архивтік деректі құжаттардың деректанулық зерттеулері" атты көп жылғы іргелі ғылыми зеттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Онда сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, нумизматика, эпиграфика, сфрагистика, геральдика, банистика салалары бойынша қордағы және шетел архив музейлеріндегі көрнектер археологиялық дерект танулық айғақтарды қарастырып, зеттеп ғылыми айналымға енгізуге ат салысуда. Осы бөлімнің қорында көп зерттеуді қажет ететін жәдігердің бірі - монеталар.
Монеталарды зерттейтін ғылым нумизматика деп аталады - (грек тілінен аударғанда nomos - "заң, құқық" numіsma - "заңды төлем құралдары немесе ақша тиын" деген мағынаны білдіреді) .
Нумизматика тарих, археология, саяси экономия, өнертану, тіл білімі мен басқа да ғылымдар проблемаларын шешу үшін маңызды материал береді.
Нумизматикадағы зерттеулердің аса маңызды методына ежелгі заманғы сауда жолдарын анықтау мақсатын көздеп, табылған көмбелер мен кейбір монеталардың топограграфиясын жасау, кейбір монета типтерінің кімге жататындығын анықтау, белгілі бір мемлекет монеталарының таралу дәрежесін анықтау, монеталардың, олардың техникалық ескерткіштерін, штемпельдерін салыстыру жолымен анықтау жатады.
Басқа ғылымдар сияқты нумизматиканың да өз терминологиясы бар: аверс - монетаның бет жағы (әдетте гербтің бейнесі немесе монетаны шығарған мемлекеттің билеушісінің портреті) ; реверс - монетаның кері жағы, гурт- өңделген шеті (қабырғасы) ; монета өңірі - монетаның бет және кері жақтарының сырты, легенда- монета үстіндегі жазу, номинал- монетаның белгіленген құны, лигатура - күміс, алтын және платина монеталарының жалпы салмағына пайыздық қатынаста алынған қымбат емес металл қоспасы, монета кірісі - монета номиналы және оны даярлап шығару құнының арасындағы айырым, монета стопасы- монетадағы металдың салмағы және сол металдың товар ретіндегі белгілі бір салмағының арасындағы қатыс (ол монеталардың номиналына және қымбат бағалы металдың товар ретіндегі құнына байланысты) ; монетаның бұзылуы - номиналы сақтала отырып монетадағы металл санынының азаюы, монета типі - монетаның сыртқы деректерінің жиынтығы.
ҚР ОММ-і Орталық Азия көлемінде ең ірі музейлердің бірі болып саналады оның қорында жалпы 250 мыңнан астам экспанаттар сақтаулы. Ондағы нумизматикалық материалдардың саны 34 мыңнан астам бірлік. Мұнда алтын, күміс, мыс, қола және қағаз ақшаның түрлі түпнұсқалары жатады. Айрықша ақшалар санатында рим, кушан, қарахандық, түргеш, ресей алтын ақшалары жатады.
ҚР ОММ-нде 2007 жылы наурыздың 30-күні "Сарайшық тиындары" атты көрменің ашылу рәсімі өтті.
Көрмеде Атырау қаласынан 50 шақырымдағы Жайық өзені бойында орналасқан Сарайшық қалашығынан жиналған тиындар қойылды. Көрмеде ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бері қала аумағында, негізінен ҚР БжҒМ Ә. Қ. Марғұлан атындағы Археология Институтының З. Самашев жетекшілік еткен Батыс-Қазақстан археологиялық экспедициясының қазба зерттеулері барысында қордаланған кұміс, мыс тиындар коллекциясы, археологиялық зат бұйымдар, фотосуреттер және т. б. 120-дан астам экспонаттар қойылған.
Сарайшықтың нумизматикалық кешені ХІІІ-XVІ ғасырлардағы Жошы ұлысының, кейін оның орнында бой көтерген әртүрлі мемлекеттердің саяси, экономикалық және тарихи-мәдени үрдістерін зерттеуде маңызды деректер. Сарайшықтың нумизматикалық кешені Жошы ұлысы және басқа да мемлекеттердің Сарай, Сарай әл-Жадид, Сарай әл-Махрус, Үкек, Гүлістан, Бұлғар, Қырым, Азақ, Сығанақ, Самарқант, Хорезм, Орды, Тебриз, Қажы Тархан, Сарайшық және т. б. 25 қаласының тиын соғатын орындарында шыққан өнімдер. Олардың ішінде, Сарайшықтың өзінде соғылып шыққан тиындары бар.
Зерттеу жұмысы. Қазақстандық нумизматика саласы бойынша кенжелеп қалғанына қарамастан, оның ғылыми негізді дамуы ХХ ғасырдың 70 жылдары қалана бастаған. Мұның себебі, Қазақстандық архиологиялық зерттеулердің қазба нәтижелеріне тікелей байланысты болып келеді. Әсіресе, Отырар, Түркістан және т. б. қалаларында жүргізілген көп жылғы археологиялық қазба зерттеулері барысында қордаланған нумизматикалық бай материалдары аталмыш ғылым саласының зерттеулерін жандандыра түсті. Осы орайда Х. Ф. Френ, А. К. Марков, М. Е. Массон, Е. А. Давидович, Г. А. Федорова - Давидова, А. Х. Марғұлан, К. М. Байпақов, В. Н. Настич, Р. З. Бурнашева, Б. Д. Кочнева, З. Самашев Н. Базылхан және т. б. ғалымдардың зерттеулерін атап өткен абзал.
Қазақстан нумизматика саласында жазылған зерттеулердің көлемі саусақпен санарлықтай, дегенмен осы салаға байланысты азда болса ғылыми жұмыстармен мақалаларды кездестіруімізге болады.
Қазақстанның әр түрлі ортағасырлық қалалары мен қоныстарынан табылған нумизматикалық материалдар көпке дейін ғылыми айналымға енгізілмей, оларды сол замандарда болған саяси -әлеуметтік, әсіресе экономикалық құбылыстарды зерттеуде маңызды деректемелер ретінде пайдалану тиісті деңгейде жүзеге асырылмай келді. Дегенмен, 2006 жылы Қазақстан нумизматикасында үлкен бір серпіліс болып, бірден үш моногафиялық еңбек жарық көрді. Соның ішінде 1989 жылдан бастап Сарайшық қаласының орнында З. Самашев басқарған Батыс-Қазақстандық археологиялық экспидициясы жүргізілген тұрақты зерттеулері нәтижесінде нумизматикалық материалдар жинақталып, оның негізгі ғылыми нәтижелері "Сарайшық тиындары" аты арнаулы монография болып жарық көрді.
Рябцевич В. Н. "О чем рассказывают монеты" деген көлемді зерттеуінде "нумизматика" ғылымының шығу тарихына тоқталып, жалпы монетаны ішкі саяси қатынастарда кеңінен пайдаланғанын нақтылап жазған. Еңбектің негізгі бөлімінде ақшаның шығуы, олардың қоғамдағы ролі, монета өндірісінің техникасының салыстыра отырып талдаған. Монеталарды қолданысына қарай, материалы, көлеміне, типіне байланысты сыныптап көрсеткен.
Фортинский С. П. "Описание советских монет" атты еңбегінде 1921 жыл мен 1952 жылдар аралығындағы совет монеталарының ерекшеліктерін сипаттап жазған. Онда монеталарды лауазымды тұлғалардың есімдері бойынша, монетаның деректердегі қолданысы, монеталардың көлемі, тарихи құжаттарға басылған монеталардың тіркелген жері, күні, анықталып, олардың ерекшеліктері қарастырылған.
Федоров - Давыдов Г. А. "Монеты рассказывают" атты еңбегінде тарихи қосалқы пәндердің даму тарихына тоқтала келіп, көптеген мөлшердегі монеталарды зеттеп, олардың бөлінуі мен таралу жолдарын, сонымен қатар нумизматикалық зерттеулердің методикасы туралы толығымен сипаттап жазады.
Спасский И. Г. "Русская монетная система" атты еңбегінде І Павел тұсында шығарылған монеталарда Росей гербі жоқ болып шыққан. Ол төрт "П" әріпінен құрастырылған крест тәрізді монограммамен алмастырылған, мұндай монеталарда портрет орнына тамплиер рыцары орденінің дивизі, библия нақыл сөзі "Не нам, не нам, а имени твоему" (да будет хвала) деген сөздер жазылғандығын айта келіп, ХІХ ғасырдағы орыс манеталарының техникалық сипаттамасы, сондай - ақ ерекше сериялар, ескерткіш сомдар, реформалар және осы уақыттың ішіндегі шығарылған басқа да ерекше (айырым белгілері) туралы жазылған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеуіміздің мақсаты монета ғылымының қалыптасу тарихын, бүгінгі күнде қазақ тарихына қатысты ҚР ОММ қорындағы монеталардың зерттелу деңгейін, және қолданыстағы орнын анықтау барысында Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің дамуы мен ақшаның пайда болуын қарасырамыз. Сондықтан да осы мәселелерді шешу барысында мынадай міндеттерді назарға алдым:
- Қазақстандағы нумизматика ғылымының қалыптасу тарихының зерттелу деңгейін анықтау;
- ҚР ОММ қорындағы монеталардың жинақталу тарихын зерттеу;
- Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің даму тарихын зерттеу;
- ҚР ОММ қорындағы монеталарды сыныптау, жүйелеу;
- Монеталардың музей экспозициясында сақталу, қорғалу деңгейін анықтау;
Тақырыптың дерек көзі. Жұмысты жазу барысында пайдаланған деректер: ҚР ОММ қорындағы монеталар, және құжаттардағы монеталардың түрлері, музейдегі түсім кітаптары, инвентарлық карточкалар, монеталар аңызы, ғылыми зерттеулер мен музей меңгеруші қызметкерлерінің жинақтары, музейдің архив материалдары, экспидиция материалдары
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиясы мен ауқымдық шеңбері б. з. І- V ғасырлар мен 1991 - бүгінге дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Музей қорында монеталар алғаш рет музей жәдігері ретінде ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып отыр. Музей қорындағы монеталар толық сипатталып, талданып, жүйеленуі мен және сыныпталуы айқындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде обьективтілік, жүйелілік принциптері, тарихилық, тарих және әлеуметтік ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамалары басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жазудың методологиялық негізі мен әдістеріне жалпы ғылыми зерттеудің музейтанулық ғылыми тәсілі басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан әрқайсысы екі тармақшадан тұратын, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі анықталып, зертеу мәселесі мен тақырыпқа байланысты деректерге шолу жасалған.
Бірінші тарауда Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің дамуы мен ақшаның пайда болуы қарастырылған.
Екінші тарауда ҚР ОММ- қорындағы монеталардың сипаттамасы қарастырылған.
Үшінші тарауда Музейдегі монеталардың сақталу деңгейі қарастырылған. Қорытындыда берілген жұмысының нәтижесі, ұсыныстар тұжырымдамалар берілген. Қосымшада монеталардың суреттері мен кестелері берілген.
Қазақстан жеріндегі монета соғу ісінің тарихы
1. 1 Ерте дәуірдегі ақша соғу ісінің дамуы
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын
көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Б. з. II-V ғасырда қаңлылар шаруашылығының өсуіне байланысты қала орталықтары қалыптасты. Осыған байланысты ішкі базардың құн төлеу қызметін атқару үшін теңгелер соғып шығара бастады. Бұған дәлел қазіргі кезде табылған салмақтары әр түрлі 1300-ден астам мыс теңгелер табылды. Негізгі үлгісі - билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Мұндай теңгелердің табылған басты аймақтары Өзбекстандағы Ташкент алқабы.
Б. з. III ғасырда қаңлылардың ыдырауына байланысты осы елдің территориясы болып қалды. Бұл дерек жөнінде В. М. Массон: «Грек - Бактрия билеушісі Евкрадиттің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен» /1, 16/.
Ерте орта ғасырларда Отырар алқабында ақша айналымы болғандығын Отырар төбе жұртын, Мардан-күйік, Құйрықтөбе қорымдарын қазғанда табылған түрлі қола теңгелер дәлелдеп отыр.
Отырар алқабында да бірнеше түрдегі қола теңгелер шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ және аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «Х» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнеленген /2, 25/.
Теңгелердің белді тайпалардың атақты адамдары шығартып оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз - ру атынан өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, қай ру екендігінен мәліметтер береді. Табылған мыс теңгенің бетінде төрт бұрыш және садақ бейнеленген ру таңбасы бар. Бұл түркі билеушісінің белгісі екендігі анықталды. Мұндай таңбалар түркеш таңбаларында кездеседі. Таңбалардың ұқсастығы Сырдариядағы түркі билеушлері мен Жетісудағы атақты адамдардың бір әулеттен тарағандығын көрсетеді.
Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған. Мұнда жүздеген теңге табылды. Ал Отырардан оншақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түркештер теңгелерінің алтауын тухустар теңгесінің төрт түрін, құны әр түрлі бір тектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен.
Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудің түркеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алғашқылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Бұдан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аумақаралық ауқымдағы ақша бөлінісі болған. Бұдан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабынан халықаралық және аумақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды.
567 жылы Иштеми-қаған сауда ісін Иранға екі рет елші жіберуі кездейсоқ емес, бірақ елшілік табысқа жеткізбеді. Осыдан кейін қаған Византияға да елшілік жіберді. Бұл елшілік сәтті аяқталды. Екі мемлекеттің арасында сауда-саттық, ел-аралық қарым-қатынастың дами бастағанын көруге болады /3, 47/.
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде жаппай өз теңгелерін соғу басталды, олардың бір бөлігі халықаралық, аймақаралық саудада қолданылса, екінші бөлігі жергілікті саудада қолданылды.
VIII ғасырдың аяғы IX ғасырдың басы Саманидтер кезіндегі теңгелер араб жазуымен ерекшеленеді. Ол теңгелердің бетінде мемлекет билеушінің мүсіні берілген. Бүл кезеңдегі нумизматикалық әдебиеттерде «Бухархудаттар» немесе «қара дирхемдер» деген атау кездеседі. Зерттеуші М. Е. Массон «қара дерхем» туралы шетел, орыс ғалымдарының пікірлеріне шолу жасай келіп оны үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңі Махди Халифтің (775-785 ж. ж. ) билік құрған жылдары.
Екінші кезеңі 792 ж. өте жоғарғы сапамен соғылған алтын металл, оның ішінде күміс дирхемдері мен алтын динарлары.
Үшінші кезеңді ұзақ уақыт мыс дирхемдердің соғылуы деп бөлді. «Қара дирхем» кезеңі XII ғасырдың ортасына дейін созылды /1, 185-187/.
Саманидтер кезеңіндегі теңгелерді зерттеуде Е. А. Давидович үлкен еңбек сіңірген.
Шу аңғарының қалаларында ақша мен сауда жасаудың дамығанын VII- VIII ғасырларда шығарылған түркеш теңгелері дәлелдейді.
Жетісу теңгелерінің диаметрі 12 мм-ден 28 мм-ге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Түркеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны оның сыртқы бетіндегі бір ғана жазу «көктегі түркеш қағанның ақшасы» деген сөз дәлел.
VIII ғасыр Навакет қаласы Түркеш қағанатының астанасы болған. Осы жерден 45 дана тиын жиынтығы табылған. Навакет қамалы (Қызылөзен қаласының жұрты) қазған кезде осындай теңге табылды: «Арслан - білге - қаған мырза. Фан (Чаглан) », - деп түсінік берілген. /5, 91-92/.
Археологиялық қазбалардың деректеріне қарай отырып Навакет қаласы сауда - саттық, ақша айналымының орталығы болғандығын көруге болады. /6, 169/.
IX -X ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде, осы аймақ Саманид империясының құрамына кіргендіктен, негізінен саманидтік әміршілердің мыс - фельстері шығарылды. Теңге сарайлары Отырарда (Фарабта) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналысында негізгі жүкті дирхемдер - мусеяби, мұхаммеди мен гитрби деген түрлері атқарды. /7, 178-179/
Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда
төлем құралы ретінде пайдалану - сол қоғамның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т. б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни формаларды да көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша.
Көптеген халықтарда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін ақша рөлін айырбас құралы ретінде белгілі бір зат атқарғандығы баршамызға аян. Белгілі миссионер, зерттеуші, археолог Н. П. Остроумов Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінде 1901 жылғы 12 наурызда оқыған «Единицы ценности у первобытных народов» атты ғылыми баяндамасында Орта Азия халықтарының арасындағы ақша айналымының тарихына байланысты маңызды мәліметтер береді. Ол ақша рөлін Африканың әр түрлі аймақтарында - тастар, тасбақа қабығы, маржан моншақтар, піл сүйектері, темір, жез, латунь кесектері, Канада аралдарында - түрлі-түсті шыны сынықтары, эмальданған моншақтар, Америка үндістері арасында - ұлу қабықтары, Диджи аралдарында - акула мен кашалот тістері атқарған деген сияқты т. б. мысалдарды ғылыми деректермен негіздей отырып, 1893 жылы қаңлы тайпаларының мекені болған Жетіасар қорғанынан табылған акула тістерін де осы жерді мекендеген ертедегі тайпалар арасында айырбас құралы болуы мүмкін деген болжам жасайды. Ежелгі дәуірлерде тиын соғылымы:
1- тиын соғып жасау әдісі: Тиын соғу қолмен атқарылатын. Әміршілер мен билік иелерінің бұйрығымен арнайы қалып ( штемпель) дайындалады. Бұл аса күрделі әрі жауапты іс. Тиын ақшалардың екі жағы болады. Яғни бет жағы және артқы жағы. Сондықтан екі қалып дайындалатын. Арнайы дайындалған осындай қалыппен алтын, күміс және мыс қоспалы металл дөңгелектерді немесе пластинкаларды соғып тиын шығарылады. Сондықтан тиын жасаушылар тиын қалыбын бірде толық, бірде жартылай соғу кемшін тұстары кездеседі.
2- тиын құйып жасау әдісі: Алтын, күміс және мыстан арнайы ерітінділер дайындалады. Оны тиын теңгенің пішіні ойылып жасалған арнайы құйма қалыпқа құю арқылы тиын жасалады.
Ақша тауар өндірісімен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталады. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама ролі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше түрі ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша ролін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар т. б) мал ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шэй, Абиссинияда - тұз атқарды.
Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым- қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша ролі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша ролін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама ролін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез - келген тауарға айырбасталды.
Қазақ жерінде байырғы заманнан бері далалық көшпелі болмысына тән мал тауар айырбастауы, сауда-ақша айналымын жүргізу секілді шаруашылық-экономикалық қарым қатынастары өзіндік ерекше бітімінде қалыптасып келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz