Қазақстандық қаржы нарығы


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1 Қазқстан Республикасының қаржы нарығы . . . 4
1. 1 Қазақстан Республикасындағы қаржылық делдардар және олардың нарықтық экономикадағы рөлі . . . 4
1. 2 Қазақстандағы қаржы нарығы . . . 9
2 Қазақстандық қаржы нарығын толғататын проблемалар мен қаржы нарығының мүмкіндіктері . . . ……… . . .
2. 1 Қазақстандық қаржы нарығын толғататын проблемалары мен мүмкіндіктері . . . 18
2. 2 Қазақстан Республикасының қаржылық делдардың нарықтағы ахуалы және оларды шешу . . . 22
Қорытынды . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор роль атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының экономикалық - әлеуметтік мәнін түсіне білудің, оның іс- әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы ақша - тауар қатынастарды, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты және функциялары туралы ілімге негізделеді. Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымының мән - мағынасы болып табылады. Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды.
Қазақстанның орталықтандырылған жоспары экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдділігінің дәрежесі. Қаржы - несие институаттар демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т. с. с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Бұл курстық жұмыста дамыған қаржы нарығы жағдайында және қазіргі кездегі Қазақстанның қаржы нарығы, оның қалыптасу тарихи мен құрылымы қарастырылады. Бастапқы кездегі қаржы нарығы қазіргі кезеңдегі қаржы нарығымен салыстыруларына, әсіресе қаржы нарығының бағалы қағаздар нарығына көп көңіл бөлдім. Бізге қаржы нарығын қалыптастыруда батыл қадамдар жасау міндетті, яғни бағалы қағаздар нарығын құру, несие жүйелерін коммерциялық және кәсіпкерлік негізге көшіру, сондай - ақ қаржы инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы нарығындағы, яғни бағалы қағаздар нарығында алдыңғы орындағы корпоративтік облигациялардың ролі қандай, акциялар, облигацялар мен РЕПО операцияларының нарықтарындағы қазіргі жағдайларын ашып көрсетіледі. Сонымен бірге Қазақстанның қаржы нарығының дамуына кедергі ететін проблеммаларды курстық жұмысымда ашып және тоқталып кеті
1 Қазқстан Республикасының қаржы нарығы.
1. 1 Қаржы нарығының ұғымы және оның қалыптасуы.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және т. б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын нарықтармен байланысты.
Сурет 1 − Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы [1, б. 293] .
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлы тиімді пайдаланудың, ұлттық шрауашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай - ақ несие нарығы түрінде де әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, несие, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіреді. Бұл қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты, өйткені экономиканың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдарының қабылдаған қаржылық есеп беру бойынша қаржы нарығының құрылымы келесігідей көрсетілген
Сурет 2 - Қаржы нарығының құрылымы [1, б. 295] .
Ақша нарығы дегеніміз - қолма - қол ақша ғана емес, сондай−ақ қолма - қол емес төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Несие нарығы - бантердің орташа және ұзақ мерзімді несие бойынша банктік несие операцияларымен байланысты.
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысын ақызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Валюта нарығы валюталардың арасындағы қаржылық операциялық айналыстан туындайтын.
Қаржы нарығында саптып алу - сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздарыдың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. « Қор нарығы » термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты.
Нарықтың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын анықтайды. Оған мыналар жатады:
- Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері және арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе−теңдігі;
- Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қол емес ақша айналым эмиссиясына ға бақылау жасау жатады;
- Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттелінеді.
Қаржы нарғының болуы иинфляцияны тежейді, өткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыныммен анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының қалыптасып жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын жүргізетін және оның инфляциясымен қосарласатын қарама - қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді [2, б. 533] .
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Ақша қаражаттарының тапшылыға қысқа мерзімді несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшердемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесі бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуіне әсер теуші маңызды факторы сонымен қатар саяси ұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады. Және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін бұл сегмент жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлеуетті тежеді.
Сонымен, қаржы нарығының негізгі элеметті немесе қаржы нарығының дамуына әсер ететін қаржылық сектор ол бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Ал осы бағалы қағаздар нарығы Қазақстан Республикасындағы құрылымына және қалыптасуына тоқтала кетсек.
Бағалы қағаздар - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар. Бағалы қағазадар құжатсыз бағалы қағаздар мен қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздардың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді [4, б. 448] .
Сурет 3 − Бағалы қағаздар түрлері [2, б. 539] .
Нарықтық қатынастардың серпімді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995жылдан басталады. Осы жылда Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша - несие саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда қаржы нарығын құқық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өту шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітіледі. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіліктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
2003 жылы шілдеде «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы нарық
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығы:
Бастапқы орналастыру секторы;
Сатып алу - сату секторы.
Корпорациялық облигациялар нарығы
Акциялар нарығы:
МЕБҚ-мен жасалатын репо операциялар секторы
МБҚ секторы:
МБҚ-ны сатып алу - сату секторы;
МБҚ-мен жасалатын репооперациялар секторы
Қайталама нарық
Қор биржасы
Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы
Басқада сауда - саттықты ұйымдастырушы.
Бағалы қағаздардың бастапқы нарығы көбінее МБҚ шығарылуымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлтық жинақ облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарыламы басталды [5, б. 537] .
1. 2 Қазақстандағы қаржы нарығы.
Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер - МЕККАМ болды. Алғшқы алты айда олар бойынша аукциондар өзкізудің мерзімдері тұрақсыз, шамаммен айына бір рет болды, жыл соңына қарай олар апта сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өзкізіледі. 1998 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесе бойынша бюджет тапшылығын жабуға Үкіметке Ұлттық банк беретін несиелер доғарылған болатын және Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық облигацияларға МЕККАМ - ға рәсімделді. 1999 жылы сәуірде теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режиміне көшуі инвесторлардың МБҚ - ға деген ынтасын төмендетті. 1999 жылы МЕККАМ - ның эмиссиясы 38, 5 млн. тенгені құрады, бұл 1998 жылға қарағанда 1, 8 есе төмен болды. МБҚ нарығын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай - ақ арнаулы валюталық облигацияларды - АВМЕКАМ - ды шығаруды жүзеге асырды [3, б. 114] .
МБҚ нарығының дамуы сандық өсумен ғана емес, сонымен бірге терең сапалы өзгерістерге ұшырады. МБҚ спектерінің кеңейюі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің артуымен де қосарланып отырды. 1994-1995 жылдары тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12, айлық бағалы қағаздар шығарылды, 1997 жылдан бастап орта мерзімді купондық және инфляция бойынша немесе айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарылды.
Кесте 1- Бағалы қағаздардың түрлнрі [3, б. 114] .
Акциялар нарығы.
2009 жылғы KASE - тегі АҚОАСА дағы мәліметтерді қоса алғанда, алғашқы 7 айдың ішінде акцияларды сатып алу - сату операциялардың көлемі 1024, 2млн. доллар немесе 148, 9 млрд. тенге эквивалентін құрады және өткен жылмен сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ долларлық тұлғалауда 48, 2% немесе тенгелік тұлғалауда 37, 5% -ға өскен [6, б. 48] .
Кесте 2 - 2009 жыл қаңтар-шілдедегі биржадағы акциялардың айналымының нарығы, млн. доллар [6, б. 48] .
Сурет 4 − Қайталама нарығындағы сатып алу-сату операциялары.
Түсініктеме: [6, б. 48] мәліметтер бойынша автор құрастырған.
2008 жылдың алғашқы 7айды қамтитын периодымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңгелік тұлғалауда 49, 9%-ға және долларлық тұлғалауда 58, 5%-ға төмендеді.
2009 жылы шілде айында, АҚОАСА - дағы мәмілелерді қоса алғанда, барлық нарық секторындағы акциялар бойынша 40, 5 млн. доллар суммасына 935 мәмілелер тіркелген. Көрсетілген сумма KASE- те МЕБҚ нарығының айлық айналымынан 12, 0% және барлық биржадағы айлық айналымынан 0, 2% құрады. Жалпы алғанда шілде нәтижелері бойынша KASE-те орташасалмақталған күндізгі бағалар өсімі мәмілеге тартылған атаулы акциялар 41%, төмендеуі -36%, өзгермес бағам -23% көрсетті. Шілде айының нәтижелері бойынша келесідей акциялардың максималды трендтерін көрсеті: ASND 112, 8% -ға өсті, KMSO 50, 0% -ға төмендеді. 2009 жылдың маусым айында KMSO 100, 0%-ға өсті, ал ASFI 85, 1%-ға төмендеді Дүние жүзілік аймақта талдап отырған ай Қазақстандық бағалы қағаздарының үлесі KASE саудаласатын компаниялардың, ғаламдық депозиталық қолхаттардың төмендеуімен көрініс тапты. Шілде айының нәтижесі бойынша Лондондық қор биржасында «Қазақстанның халықтық жинақ банкісінің» ғаламдық дерозитарлық қолхаттардың жай акцияларға бағасы 25, 3%-ға өссе, маусым айында -11, 7%- төмендеген, АҚ «Казкоммерцбанктің» - 2, 5%-ға (12, 1%), АҚ «Разведка Добыча «КазМұнайГаз» - 13, 4%-ға ( - 13, 6% ), KAZAKHMYS PLC-36, 0%-ға (-8, 8%), ENRC- 27, 6%-ға (+4, 3%) .
KASE-те 2009 жылы қаңтар-шілде айларындағы биржа нарығындағы жетекші операторларын анықтады. KASE-те барлық жасалған акцияларды сатып алу - сату мәмілелердің қараша айында 50 компания қатысты. 2009 жылдың алғашқы 7 ай секторындағы KASE- тің барынша «А», «Р» және «Н» категориялардың барынша белсенді мүшелері төмендегі кестеде келтірілген. «Ең жақсы ондық» үлесіне KASE- тегі акцияларды сатып алу- сату мәмілелерінің брутто - айналымындағы 24, 81 % тиді [7, б. 49] .
кесте 3 − 2009 жылдың қаңтар-шілде айындағы акциялардың биржалық нарығының жетекші операторлары [7, б. 49] .
Облигациялар нарығы.
2009 жылғы KASE - тегі АҚОАСА дағы мәліметтерді қоса алғанда, алғашқы 7 айдың ішінде облигацияларды сатып алу - сату операциялардың көлемі 1873, 7 млн. доллар немесе 271, 3 млрд. тенге эквивалентін құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ көлемі долларлық тұлғалануында 7, 8% немесе тенгелік тұлғалануында 29, 7% бағаланды.
2008 жылдың алғашқы 7айды қамтитын периодымен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңгелік тұлғалауда 19, 7%-ға және долларлық тұлғалауда 33, 4%-ға төмендеді.
Кесте 4 -2009 жыл қаңтар-шілде айларындағы биржадағы облигациялар айналымының нарығы, млн. доллар [6, б. 50] .
Сурет 5 −2008 жыл қаңтар-шілдедегі биржалық айналымының нарығы млн. доллар
Түсініктеме: [6, б. 48] мәліметтер бойынша автор құрастырған.
.
2009 жылдың шілде айында KASE - те корпорациялық облигацияларды сату - сатып алу мәмілелерінің көлемі 297, 3 млн. доллар немесе 44, 8 млрд. тенге эквивалентіне бағаланды.
2009 жылдың шілде айында KASE - те, АҚОАСА қаса алғанда, нарықтық барлық секторында корпорациялық облигациялар байынша мәміле жасалған күнгі ағымдағы бағамымен есептегенде, 44, 8 млрд. тенге немесе 297, 3млн. долларға, 644 мәмілелер тіркелген. Көрсетілген сумма МЕБҚ - дың нарықтағы айлық айналымының 1, 8% ( 2008 жылдың шілде айында 3, 4% ) және барлық биржаның айлық айналымының 88, 0% (шілде айында 43, 3% ) құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz