Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Реферат

Тақырыбы: Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талдау.

Дайындаған: Ашықбаева Шаттық

3 курс студенті.

Тексерген: Қабылғазина К.

Алматы, 2012.

Мазмұны

Кіріспе

«Қазақ радиосы»-дәуір үні.

Негізгі бөлім

«Ұлағат» бағдарламасын талдау.

«Парыз» бағдарламасы.

Қорытынды

Пайдаланылған мәліметтер

Қазақ радиосы. 26 қаңтардағы «Ұлағат» бағдарламасы.

26 қаңтардағы «Парыз бен қарыз» бағдарламасы.

http://kazradio. kaztrk. kz

«Қазақ радиосы»-дәуір үні.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі жүйесі болып табылады. Біздің Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыстанның шекаралық аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі парақшамыз арқылы Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.

Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.

Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Тәуелсіз мемлекеттің жаңа бейнесін жасау - Қазақ радиосының негізгі міндетіне жатады. Біздің арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр. Сол сияқты көпшіліктің ой-пікірлері мен ұсыныстарын билік басындағы құрылымдарға батыл жеткізу де жұмысымыздың негізгі арқауына айналған.

Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты әңгімеленеді.

Біздің радиомыздан қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.

Электронды БАҚ арнасынан Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Біз әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөлеміз. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен жорналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция болып отырғаны радиотыңдаушы қауымға белгілі. Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және Қазақстандық музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын /рок, кантри, джаз, хит және т. б. / сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.

Мерзімді баспасөз беттерінде шетел әлеуметтанушылары жазғанындай, газеттер мен журналдардың, тіпті, ең тәуір деген телеарналардың таралымынан радиостанциялардың таралуы жоғары болғандықтан, радиожарнаманың артықшылықтары айқын көрініп тұрады.

Ғасырға таяу тарихы бар Қазақ радиосы талай-талай кезеңдердің куәсі болды: ашаршылық жылдары, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары, тың игеру, тоқырау, қайта құру дәуірі, желтоқсан оқиғасы . . . Соңғы 20 жыл Қазақстанның Тәуелсіздігімен, Тәуелсіздік жылдары атқарылған жасампаз жетістіктерімен тікелей байланысты.

Иә, Қазақ радиосы ең алдымен дәуір үні. Жылнамаға XX ғасырда іліккен ұлттық арна тарихын екі кезеңге бөліп қарастырған жөн. 1921 -1991 жылдары еліміздің қалыптасуы мен дамуының талай шырғалаң өткелдерінен, ақтаңдақтары мен зобалаң сындарынан өтсе де ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтай білген Қазақтың радиосы 1991-2011 жылдары Тәуелсіз Қазақстанның әрбір жеңісті қадамын ұлықтаудың жаршысына, жанашырына айналды, мемлекетімізді айбынды елге, қуатты ұлтқа айналдыруға өлшеусіз үлес қосты.

Өткен ғасырдың 40-50 жылдарында Қазақ радиосында алғашқы өнер ұжымдарының (симфониялық, ұлт аспаптар оркестрінің) іргетасын қалағандар: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Бақытжан Байқадамов, Ұялбай Нүсіпов, Кеңес Дүйсекеев, Мұрат Серкебаев, т. б. болатын.

Әншілер: Суат Әбусейітов, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева, Лариса Политиди және бүгінде арамызда жүрген ағаларымыз, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Лаки Кесоглу, т. б.

Кешегі әйгілі дикторлар Әнуарбек Байжанбаев, Мырзабек Қуатбеков, ақын Мұқағали Мақатаев, Омархан Қалмырзаев, бүгінде Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы т. б.

Ел ықыласына бөленген ардақты ардагер журналист аға-апаларымыз Мақсұтбек Майшекин, Абай Өтегенов, Мадрид Рысбеков, Кенжебек Есімов, Нәзила Баймұратова, Сәркен Оспанов, Мария Лебедева, Өмірбек Байділдаев, Мансұр Сағатов, Ілия Жақанов, Игорь Бобряшов, Оразбек Бодықов, Дүйсенбек Қанатбаев, Дінәш Нұрмұхаммед, Махмет Түменбаев, Анатолий Солдатенко, Жолымбет Кейкелов, Александр Немчин, Әбдіхалық Досмағамбетов, сондай-ақ, Қуаныш Орманов, Төлепберген Тобағабылов, Қасымхан Ерсарин, Евгений Рябов, Руслана Құдайбергенова, Юрий Девяткин, Үмітжан Балтаева, Құсман Игісінов, Светлана Мусина, Таңат Доспаев, Юрий Филипов, Раушан Айтжанова, Рыс Нүсіпова, Шолпан Шәкірова, Мұқай Байсейітов және тағы да басқа аға-апалардың отандық радионың дамуына сіңірген еңбегі ерекше.

Қазақ радиосы арқылы таратылған бағдарламаларымен танымал болған Марат Низамиев, Балзия Мирфаизова, Бағдат Мүптеке, Иманбай Жұбай, Лариса Коковинец, Игорь Денисов сынды орта буын журналистика өкілдерінің де қолтаңбалары айрықша.

Қазақ радиосы тарихында кең байтақ еліміздің әр өңірінен тез әрі жылдам жаңалықтар жеткізіп, оқиға тамырын дөп басқан меншікті тілшілердің атқарған ролі ерекше. Кәрім Бахретдиновтың, Валерий Розенберг, Ғалия Балтабаеваның, Сәбит Сүлейменовтың, Жарасбай Сүлейменнің, Юрий Ченченко, Сағидолла Маштақовтың, Ахат Жанаевтың, Геннадий Побежимов, Жұмағазы Игісіновтің, Қалыбек Атжанның және тағы басқа тілшілердің еңбектері де Қазақ радиосының мәртебесі мен танымдылығының артуына аз ықпал жасаған жоқ.

Еркіндіктің таңы атып, еңселі ел атанған соң Қазақ радиосы елі үшін аянбай еңбек ететін, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жайында көл-көсір әңгіме айта алатын нағыз ұлтжанды ақпарат құралына айналды.

Бүгінде Қазақ радиосының бағдарламалары еліміздің барлық түкпір-түкпіріне естіліп, өз тыңдармандарымен тамырластығын нығайта түскен. Сондай-ақ, www. kazradio. kaztrk. kz сайтынан да тікелей эфирде (онлайн-режимінде) әлемнің кез-келген нүктесінен тыңдауға мүмкіндік бар. Біле-білген адамға бұл үлкен күш, ауқымды техникалық мүмкіндік. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, елдіктің сөзін сөйлеу, ұлттың абыройын асқақтату, халықты ұлы мұраттарға жетелеу - әрқашан да Қазақ радиосының басты мақсаты болып қала бермек.

Ұлы даланың үніне айналған Қазақ радиосы ұлттық руханияттың, қазақ өнері мен мәдениетінің қарашаңырағы. Салиқалы ойдың өрелі орамдары да, әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесі де осында. Сөз сәні мен тіл тәлімі де, ән әрі мен саз сыры да осында . . .

Қорытынды

Қазақ радиосының жүйесінде бүгінде республикалық үш ірі радиоарна бар. «Бірінші бағдарлама»- Қазақ радиосының ұлттық арна ретіндегі басты мақсаты - мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыру. Қазақ радиосы бүгінгі таңда тәулігіне 24 сағат бойы 150 хабар таратады. Мұндағы хабарлар эфирге негізінен қазақ тілінде, сосын орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілдерінде тарап отыр.

Ал «Шалқар» радиосы -Қазақ радиосының қазақ тілінде хабар тарататын құрылымдық бөлімшесі. Бұл радионың құрылғанына 40 жылдан асты. Бүгінде ол тәулігіне 18 сағат хабар таратады. Қазақ халқының рухани мұрасын сақтау және дамытуды басты мақсат ретінде ұстанған.

«Астана» радиосы - Қазақ радиосының жастарға арналған танымдық, ақпаратты-музыкалық хабар тарататын құрылымдық бөлімшесі. Әуе толқынына 1999 жылдан шығып келеді. «Ақ ниетпен әр үйге» ұранымен жұмыс істейтін радионың тәуліктік шығарылымы қазір 19 сағат.

Қазақ радиосының баға жетпес асыл қазынасы «Алтын қор». Бүгінде мұнда жалпы көлемі 10 259 сағатты құрайтын 100 мыңнан аса жазбалар сақталған. Арасында 1948 жылдан бері тарихи жәдігер, құнды хабарлар, небір асыл тұлғалардың дауыстары бар. Қазақстан композиторларының әндері мен шығармаларының ноталық үлгілері де көздің қарашығындай сақтаулы тұр. Партитуралар саны 3085 дана болса, клавирлер шамамен 5-6 шығармадан 126 қорапта сақтаулы. Бұл дүниелердің құндылығы авторлардың музыкалық шығармаларды өз қолымен жазғандығында және қолтаңбаларының түпнұсқа күйінде қалғандығы. Қазір «Алтын қордағы» мұрағатты сантаңбалық форматқа көшіру қолға алынды.

Алда жаңа талаптар, жаңа мақсаттар күтіп тұр. Ресей, Белоруссиямен Кедендік одақ құрылуына байланысты отанымыздың кәсіпорындары, бизнесі, жалпы барлық сала өз өнімін аталған елдермен бәсекелестікте көрсете білуі қажет. Бұл 90-ға толған Қазақ радиосын да айналып өтпейді. Мысалы: Ресейдің «Голос России» радиосы орыс тілінен бөлек күн сайын қысқа, орташа және спутниктік желімен 38 тілде тәулігіне 151 сағат хабар таратады. Интернеттегі сайты 33 тілде жұмыс істейді. 150-ден астам бөлімі бар сайттың әлемнің 140 елінде оқырманы бар. Бізге осындай радиолармен бәсекелестікке түсетін заман туып тұр. Бұған дейін қазақ экономикасы мен саясатындағы жетістіктер өз ортамызда ғана айтылса, енді әуе толқындары арқылы алыс-жақын шет елдерге де тарататындай мүмкіндік туары сөзсіз. Бұл ретте «Қазақстан» Басқарма төрағасы Н. Мұхамеджанованың біздің алдымызға қойған мақсатты жоспарлары соған үндейді. Бірнеше жылдар әлемдік аренадағы радио және телевизия мэтрлерімен әріптес, қызметтес болған, танымал халықаралық компанияны басқарған Нұржан Жалауқызы Қазақ радиосының да дүниежүзілік стандартта халыққа қызмет көрсетуінің бағыт-бағдарын белгілеп отыр.

Қазақ тілі, қазақ үні, қазақ әні - төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне қазақ рухын паш етуі - басты мемлекеттік мүдде.

«Ұлағат» бағдарламасын талдау.

Ерболат Айтбайұлы. Қазақ радиосының әлеуметтік бағдарламалар редакциясының редактор-жүргізушісі.

Бiрi-жаман тоңмойындық, құлықсыз, Бiрi-жаман сөзбен лағу кұрықсыз. Тағы бiрi-ең жарамсыз, надандық, Үшеуi де-надан iсi қараңдық. Мiнез-құлық болса ұшқалақ - жер етер, Барлық iсi құт болса да кер етер. Ашық көнiл құтқа бейiм жанасар, Салмақтылық бiлiмдарға жарасар. Iзгi мiнез көрсетедi келiстi ер, Оның iсi күнде жанып өрiстер! / Жүсіп Баласағұн /

Қазақ халқының дүние танымы мен салт-дәстүрі бойынша белгілі бір тақырыпты сөз ету. Сонымен қатар, көтерген тақырып төңірегінде мамандар мен тыңдармандардың пікірін беру.

Редакциясы: Әлеуметтік бағдарламалар

Жанры: танымдық

Форматы: тікелей

Жетекші: Мұрат Мұқаш

Редактор-жүргізуші: Ерболат Айтбайұлы

Эфирге шығатын уақыты: жұма, 22:00

Ұзақтығы: 60 минут

Жиілігі: әр жұма сайын

Қыркүйектің 14-дегі бағдарлама.

Эфирдің тақырыбы: «Баланы бастан, келінді жастан». Тікелей эфирде тыңдармандар байланыс нөмірлеріне хабарласып, өз пікірлерін білдіре алады. Жүргізуші сәлемдесіп алған соң, Мұхит Қасқырбаевтың сөзіне жазылған «Билейік достар» әнімен бағдарлама басталып кетті. Шымкент өңірінен Бақдәулет, Толғанай есімді тыңдармандар хабарласып, жүргізушімен өз отбасыларындағы тәрбие туралы әңгімелесті. Бағдарлама барысында сонымен қатар, Гаухар Әлімбекованың «Келінге өсиет» т. б. әндері қойылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда сонны ілерсің» демекші, үлкен кісілер қоңырау шалып, жастарға өз өсиеттерін, ақыл-кеңестерін жеткізді.

Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала - болашақ иесі. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу - елдік мәселе. Сәби өмірге келгенге дейінгі қамқорлықтың өзі үлкен сын, ауыр сынақ боларын білгеніміз жөн. Ұрпақ өсіру жолында қазақ халқында қалыптасқан небір тамаша салт-дәстүрі бары да сондықтан. Құрсақ тойынан басталған рәсімнің, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен астасуында да мән бар.

25 қаңтар 2012ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Радио, хабар, радиохабар туралы
Экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеудегі кәсіби біліктілік пен шығармашылық шеберлік
Радиожурналистика
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Би-би-си телерадиокорпорациясы
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz