Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
Ахмедов А. Д.
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу.
Ғылыми жетекші: з. ғ. д., профессор Ибраева А. С.
Қорғауға руқсат
“” “” 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі
з. ғ. д., профессор Ибраева А. С.
Алматы 2007
Реферат
Бітіру жұмысы құқықтық мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтарын шектеу деген тақырыбына арналған. Бітіру жұмысы кіріспе, төрт тарау, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттылықтарға талдау жасалынып, оның қазіргі кезеңдегі теориялық аспектілері көрсетіледі. Екінші тарауда құқықтық мемлекеттегі адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің түсінігі және мақсаттары туралы қазіргі ойлардың маңыздылығы қарастырылады. Үшінші тарауда кейбір мемлекеттердің заңнамасы мен практикасында және халықаралық-құқықтық практикада адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуінің негізгі тетіктері қарастырылады. Төртінші тарауда құқықтық мемлекеттегі адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің қағидаттары қарастырылады
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің қағидалары мен шектерін анықтау және тұлғаның құқықтар мен міндеттерін қарастыру. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы адамның құқықтары мен бостандықтарын белгілеу саласында адамзат жинақтаған тәжірибе мен адамның негізгі құқықтары тұжырымдамасының негізгі ережелерін айқындаудан, олардың тиімді іске асуының тетіктерін қарастырудан құралады.
Бітіру жұмысында бірнеше арнайы заң терминдері қолданылды: «құқық», «заң», «конституциялық міндеттер», «субъективтік құқықтар» «азаматтық құқықтар», «бостандық», «табиғи құқықтар» т. б.
Қазіргі таңда теориялық тұрғыдан адамның табиғи құқықтар концепциясын, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, оларды шынайы тұрғыдан қорғалуына берілетін кепілдіктерді нығайту мәселелерін зерттеп, қарастыру ерекше маңыздылыққа ие.
Жаңа демократиялық мемлекеттердің алдында адам құқықтары мен бостандықтары жүйесін дамыту, оның мазмұнын толықтырыру сияқы мақсаттар пайда болды. Осыған орай, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің шарттары мен механизмін жетілдіру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттылығы ….
- Құқықтық мемлекеттегі адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің түсінігі және мақсаттары . ……… . . .
- Кейбір мемлекеттердің заңнамасы мен практикасында және халықаралық-құқықтық практикада адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуі
- Құқықтық мемлекетте адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің қағидаттары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамның құқықтары мен бостандықтары аса маңызды гуманитарлық құндылық. Адам құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің басым артықшылықтары айдан анық. Мемлекеттік-құқықтық дамудың осы заманғы кезеңінде гуманитарлық құндылықтардың сөзсіз апологеттеріне қарсы елеулі уәждер ұсыну үрдісі байқалады. Батыстың демократиялық қоғамдарындағы құқықтар мен бостандықтарды асыра пайдалану мысалдары және оның барған сайын жаппай сипат алып бара жатқаны осыған дәлел бола алады.
Адамның абсолютті табиғи құқықтарын, заңның шеңберінде болса да, адамның шексіз бостандығы ретінде біржақты түсінудің, сондай-ақ адамның қоғамдағы абсолютті дербестігінің салдарынан экологиялық проблемалар туындап, қоршаған дүниеге, табиғатқа тұтынушы ретінде қарау пайда болды. Осыған байланысты бүгінгі күні адамның абсолютті табиғи құқықтары мен индивидуализм доктринасын қайтадан ой елегінен өткізіп алу қажет болып отыр. Индивидуализм мен ынтымақтастық қағидаты арасындағы келісімді іздестіру адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мұндай шектеулердің заңдылық шарттарын іздестіру, әр индивидтің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру проблемасын, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің өзара шарттастығы проблемасын, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге бағытталған саяси-құқықтық құралдарды әзірлеу пробемасын күн тәртібіне қойды. Сондықтан да көптеген егеменді мемлекеттерде, ең алдымен, «жас демократия» елдерінде құрылып жатқан мемлекеттілік үлгісі адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын пайдалану тетігін құқықтар мен міндеттердің өзара байланысын күшейтіп, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу жағына қарай оңтайландыру стратегиясына байланысты болып отыр.
Міне осылайша, адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуі проблемасын біз қоғамдық және жеке мүдделердің арасында келісім іздестіру проблемасын ой елегінен өткізу шеңберінде қарастырып отырмыз.
Зерттеудің объектісі құқықтық мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретіндегі адамның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру шектері, сондай-ақ құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында осы шектеулердің заңдылық шарттары мен қағидаттары зерттеудің нысаны етіп алынды.
Жұмыстың мақсаты құқықтық мемлекетте адамның құқықтары мен бостандықтарының шектелуін кешенді түрде зерттеу, сондай-ақ осындай шектеулердің шарттары мен қағидаттарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу ұғымын әзірлеу, шектеулердің мақсаттарын анықтап, түрлерін белгілеу;
- жекелеген мемлекеттерде адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан реттеу және шектеу практикасын және халықаралық-құқықтық практиканы зерттеу;
- Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негізгі қағидаттарын анықтау.
- Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттылығы
Сонымен, мұның алдындағы бөлімдерде біз адамзаттың, адамзат қоғамының эволюциялық үдерісіне көпшілік және жеке мүдделердің күресі мен өзара іс-қимылы айтарлықтай ықпал еткенін, мұның өзі қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінің жалпыға бірдей заңдылығының көрінісі болып табылатынын негіздеген болатынбыз. Осыған байланысты адамның бойындағы табиғи қайшылықтары адам құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеп отыру қажеттігінің тереңде жатқан себебі ретінде көрінеді, бір жағынан, адам қоғамдық тұлға болғандықтан, қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ету үшін оның көпшілік алдындағы мүддесін қамтамасыз етіп отыру маңызды, екінші жағынан, адамның жеке қасиеттерінің көрінуі үшін оның құқықтары мен бостандықтарын, оның меншікті кеңістігінің саласын қамтамасыз етіп отыру маңызды. Осы орайда И. А. Ледяхтың: адамның негізгі құқықтарының шеттетілмейтіні жеке және көпшілік мүдделердің, әртүрлі индивидтердің сәйкеспейтін құқықтары мен мүдделерінің қақтығысынан туындайды деп жазуы тегін емес [1, 123-бет] .
Бұл проблемадан шығатын жол қайда деген сұрақ туады. “Бұл дилеммадан шығудың жолы мынау ғана, - деп есептейді белгілі неміс заңгері Клаус Штерн, - негізгі құқықтардың қорғалуы саласы мен олардың шектелуін нәзік түрде ажырата білу керек” [2, 185-бет] .
Бұл пікірмен келісе отырып, мынаны атап өту жөн: адамның құқықтары мен бостандықтарын құқықтық тұрғыдан шектеу мен оның мемлекет тарапынан бұзылуының ара жігін ажыратуды тек конституциялық деңгейде ғана жүзеге асыруға болады. Жоғары заңи күші бар нормативтік-құқықтық акт ретінде мемлекеттің конституциясында адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің жіті негіздері белгіленуі тиіс.
Заманауи кезеңде адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеп отыру қажеттігі әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар факторларға байланысты.
Адамның құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан шектеудің экономикалық факторлары ретінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру қажеттігін алуға болады. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет деп жариялады, ол директивалық-бөліністік экономикамен сыйыса алмайды. Нарық экономиканың еркін әрі ұтымды дамуына барынша жәрдемдесетінін адамзат дамуының тарихы көрсетіп отыр. Нарықтық экономиканың құрылуы индивидтің дербестігі мен оның еркіндік кеңістігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда қоғам неғұрлым ашық бола түсіп, азаматтық қоғамға айналады. Мұндай еркіндікті қамтамасыз етудің қажетті тәсілі жеке меншік болатынын адамзат қоғамының даму тарихы дәлелдеп отыр. Ол жекелеген адамның қоғамнан аулақтанып, тек өмір сүруге ғана емес, сонымен бірге еркіндікке, белгілі бір дербестікке, өз қабілетін іске асыруға ұмтылыс жасауына мүмкіндік береді. Ал өздері мен мемлекет арасында құқықтық сипаттағы өзара қарым-қатынастар болуына мүдделі, еркін (билікке тәуелсіз) меншік иелері жоқ қоғамда құқық қоғамның өмірінен тыс қалады. Шын мәніндегі құқықтық тәртіпті жоғарыдан мемлекет белгілемейді, ол өз бостандығының, қауіпсіздігі мен меншігінің кепілді болуына мүдделі азаматтық қоғамның қойнауынан өсіп шығады. Мемлекеттің құқықты шектеуі, егер сол құқықтың артында соны туындатқан әрі соны жақтай алатын азаматтық қоғам тұрмаса, еш уақытта аяғына дейін дәйекті әрі сөзсіз бола алмайды. Азаматтық қоғам - қоғамдық өзін өзі басқару институттары арасында пайда болатын қатынастардың жиынтығы. Егер ол әлеуметтік тұрғыдан белсенді, ықпалды, өз құқықтарын қорғап қалуға қабілетті болса, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарын “тәртіпке шақырып” отыруға, оларды азаматтар мен салық төлеушілердің мемлекеттік және муниципалдық қаражатын ұтымды да ұқыпты жұмсауға мәжбүрлеуге қабілетті болса, онда ол демократиялық дамудың белсенді факторына айналады. Мұндай қоғамның санасына теңдікті, тәуелсіздікті, билік орындарын утилитарлық байсалдылықпен қабылдауды дәріптеу тән болып келеді. Және де, ең бастысы, мұндай қоғамда адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады.
Бұрынғы КСРО елдері егеменді дамудың бастапқы кезеңінде либералдық мемлекет қалыптастыруға бағыт алды. Саяси-идеологиялық тұрғыдан алғанда бұл тұжырымдама жоспарлы, орталықтанған экономикадан орталықтанбаған, нарықтық экономикаға көшу кезінде ең бір келешегі бар бағыт деп танылады. Соның өзінде қоғамдық дамудың либералдық-демократиялық бағыт ұстануы халыққа қызмет көрсету бірте-бірте мемлекеттің басты әлеуметтік айналуында маңызды рөл атқарды [3, 118-бет] .
ТМД елдерінде жүзеге асырылған экономикалық және саяси реформаларды бірнеше кезеңге бөлуге болар еді. 90-шы жылдарға келетін бастапқы кезеңді, әдетте, антистатистік деп атайды. Бұл кезеңде реформалау саясаты мемлекетті ең алдымен экономикалық саладан ысырып шығарып, өздігінен дамитын нарықты қалыптастыруға бағытталды. Жалпы алғанда реформалардың өздігінен дамитын нарықты қалыптастыруға бағыт ұстағанына қарамастан, бұрынғы КСРО-ның әр мемлекеті экономикалық және саяси реформалардың өзіндік жолдарын таңдады. Мысалы, Өзбекстанда реформаларды жүргізудің түйінді бес қағидаты белгіленді, олар экономиканың саясаттан басымдығы, мемлекеттің реформалаудағы шешуші рөлі, заңның бәрінен жоғары тұруы және заңға бағыну, күшті әлеуметтік саясат, нарықтық экономикаға кезең-кезеңдеп көшу. Осы арқылы Өзбекстан, монетарлық идеология саясаты үстем болып отырған Халықаралық валюта қорымен және Бүкіл дүние жүзілік банкпен тығыз ынтымақта болғанына қарамастан, экономика саласында “есеңгірететін терпия” әдісінен бас тартты. Экономика саласында жүргізілген реформалардың тәжірибесі мұнда жекешелендіруге, экономикада, әлеуметтік салада құрылымдық реформаларға барынша сақтықпен қарағанын көрсетіп отыр. “Есеңгірететін терапия” әдісіне бұлайша сақтықпен қарау көбіне халықтың тығыз орналасуына байланысты болып келеді. Кез келген экономикалық сілкініс терең әлеуметтік жарылыстарға апарып соқтыруы әбден мүмкін. Нақ сондықтан да мұнда нарықтық экономикада мемлекеттің рөлі барынша жоғары болатын аралас экономика үлгісі қолданылуда.
Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей бір мезгілде либералдық нарықтық экономика және либералдық демократиялық саяси жүйе қалыптастыру бағытын таңдады. Жеке меншікті, кәсіпкерлікті дамыту, осыған байланысты жекешелендіруді жүргізу, бағаны ырықтандыру, экономиканы жоспарлы түрде реттеу институттарын таратып, нарықтық экономика институттарын (биржалар, коммерциялық банктер және басқалары) құру нарықтық қатынастар қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Осының бәрі мемлекетке тәуелсіз шаруашылық жүргізу субъектілерін, азаматтық қоғамның негізін құрайтын орташа тапты қалыптастыруы тиіс болды. Мемлекеттің қарауында әлеуметтік сала (білім беруді, медицина қолдап отыру, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмыссыздарға көмектесу) ғана қалды.
Басқа да ТМД елдеріндегі секілді, Қазақстанда да нарықтың қалыптасуы стихиялы түрде жүрді. Тәуелсіз жаңа ТМД мемлекеттерінің бастапқы даму кезеңінде экономикада, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың басқа да салаларында ырықтандыру саясаты жүзеге асырылды. Алайда бұл саясат теріс зардаптарға ұрындырды. Жекешелендіру нәтижесінде көзделгендей тың ынталылықтар құрылмады, өндіріс құлдырады не бір орында тұралап қалды. Сондықтан бұл жерде оң жайлармен қатар толып жатқан теріс көріністер де байқалып қалды, олар жинақтала келе әлеуметтік-экономикалық жағдаяттың жақсаруы орнына, дағдарыстың тереңдей түскенін көрсетіп берді. Соңғысы мемлекеттің әлеуметтік ала-құлалық күрт өсіп кеткен қоғамды жинақтауға қабілетсіздігінен; өндірістің құлдырауынан; тұрмыс деңгейінің күрт төмендеуінен; “номенклатуралық-қылмыстық” капитализмнің пайда болуынан; мемлекеттің өзінің аса маңызды әлеуметтік міндеттерін орындауға қабілетсіздігінен, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі дағдарыстан; құқық қорғау органдарының етек алған қылмысты ауыздықтай алмауынан; мемлекеттік жоғарғы билік органдарының перманенттік дағдарысқа ұшырауынан; әлеуметтік-саяси қарсы тұрулар мен ұлттық қақтығыстардың шиеленісуінен көрініс тапты.
Бүгінгі күні кәсіпкерліктің дамуы заңнамалық тұрғыдан танылып, жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу жүргізілді, солай бола тұрса да орташа таптың қалыптасуы туралы айтуға әлі ерте. Мұндай жағдай не себептен қалыптасып отыр? Біздіңше, оның себебі - меншіктің биліктен нақты оқшаулануы әлі де болған жоқ. Мемлекеттік институттар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін директивалық басқарудан және тікелей бақылап отырудан бас тартқанымен, мемлекет меншігін жекешелендіру үдерісіне белсене ықпал етіп бақты. Ақырында, бастапқы капиталдың заңсыз, «тұрпайы» түрде жинақталуы үшін жағдай жасалды. Мемлекеттік бюрократияның қалыптаса бастаған жеке меншік иелері табымен ауыз жаласып кетуі, сыбайлас жемқорлықтың етек алуы, қолдарынан келсе мемлекеттің өзін де жекешелендіріп алып, оны өз мүдделеріне бағынышты етуге ұмтылған «номенклатуралық алпауыт кландардың» пайда болуы аталған үдерістердің негізгі теріс салдары еді.
Атап айтқанда, экономикалық реформалар мен жекешелендіруді тар номенклатуралық алпауыттар жария етпей, көпшілік нарық құралдарынсыз (қор нарығы, құнды қағаздар нарығы және басқалары) жүргізді. Құны жоқ жекешелендіру-инвестициялау және тұрғын үй купондары нысанында басталған «халықтық жекешелендіру» әбден сәтсіз болып шықты. Социализм ізіндегі осы заманғы жағдайларда мемлекеттік билік бастапқы капитал жинақтаудың басты құралына айналып, жекешелендіру шенеуніктердің жеке басының баюына қызмет етті. Осының бәрі орташа таптың орнына, ат төбеліндей алпауыттардың әлеуметтік тобының құрылуына алып келді, ал халықтың негізгі тобыры түксіз қалды.
Қорытындысында жеке меншік танылды, бірақ бұл меншік иелері мемлекеттен азат бола алмады. Осы жерде К. Маркстің «жаңа туған капиталдың басынан бақайшағына дейін барлық жерінен қан мен лас-қоқыс тамып тұрады» деген сөздерін қалай еске алмассың [4, 770-бет) .
Сөйтіп, 90-жылдардағы радикалды реформалардың күйреуінің себебі - мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлінің нақты кемуі болмай қалды, мемлекеттің экономикалық үдерістерге жасайтын ықпалының сипаты мен тәсілдері ғана өзгерді, соның салдарынан нарық басқарылмай, стихиялы түрде өрістеді.
АҚШ-та әлеуметтік құқықтар американ азаматтарының табиғи құқықтары деп танылған, шеттетілмейтін және де Конституцияның тікелей әрекет етуі негізінде сот арқылы қорғалатын «іргелі» құқықтары секілді негізгі конституциялық құқықтарға енгізілмейді [5, 93-бет] .
Алайда тағы да алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, мынадай тұжырым жасаған жөн: нарық өзіне саналылық пен стихиялық элементтерін міндетті түрде ұштастыруы тиіс, ал мемлекеттің және құқықтың рөлі нарық жағдайында еш төмендемеуі жөн. Осы заманғы алдыңғы қатарлы елдердің ішінде барынша либералдық экономика негізінен АҚШ-қа тән болып келеді. Десе де мұнда да елдің экономикасы мемлекеттің рөлін күшейтудің арқасында ғана дағдарыстан шыға алған кезеңдер болған. Рузвельттің жаңа бағыты бұған айқын мысал бола алады.
Еуропа елдерінің экономикасында да мемлекеттің рөлі айтарлықтай. Швеция осының жарқын мысалы. Мұнда экономикаға мемлекеттік-құқықтық тұтқалар арқылы ықпал етіліп отырады.
Мысалы, Оңтүстік Кореяның экономикалық кереметі көбіне-көп экономиканың жоспарлы жүргізілуі, мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздеріне бесжылдық жоспарлар белгілеуі арқасында мүмкін болды. Үкімет өз өндірісін дамыту (ынталандыру) мақсатында импортты ығыстырып шығаруға (шектеуге) стратегиялық бағыт ұстады. [6] .
Нарықты реттеп отыруда экономикалық жоспарлау министрлігіне едәуір рөл берілді. Әрине, экономиканы реттеу бұйрықтар, директивалар, арқылы, яғни әкімшілік әдістермен емес, экономикалық әдістердің көмегімен жүзеге асырылды. Осы орайда академик О. Боголюбовтың «жапондар мен Азияның жаңа индустриялы елдерінің соғыстан кейінгі жетістіктері көбіне-көп мемлекеттің нарықтық қатынастарға бағыт беруші ықпалымен байланысты» деген пікірі әділетті [7] .
Нарық жағдайында экономикаға мемлекеттік-құқықтық ықпал етудің маңызды мақсаты, директикалық-бөлініс экономикасындағыдай емес, «жалпыға бірдей әл-ауқат мемлекетің», яғни әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру болып табылады. Жалпыға бірдей әл-ауқат мемлекеті нарықтық күштер ойынының жұмсаруын және жұрттың бәрінің ең аз нақты табыспен қамтамасыз етілуін білдіреді. Бұл идея бүгінгі таңда дамыған елдердің көпшілігінде әртүрлі нұсқаларда жүзеге асырылып жатыр.
Дегенмен стратегиялық мақсаттары мен мән-мазмұны бірдей бола тұра, «жалпыға бірдей әл-ауқат мемлекеті» мен әлеуметтік мемлекеттің бастапқы шарттарында айтарлықтай айырмашылық бар. Егерде біріншісі әлеуметтік теңсіздіктің жігін жатқызу үшін мемлекеттің қажеттігін тануды негізе алатын болса және өзі де билік басындағы үкіметке тәуелді болса, екіншісі адамның және азаматтың, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық салада конституцияда не халықаралқ құжаттарда бекіндірілген құқықтық мәртебесін жүзеге асыруға бағытталған. Соңғы жағдайда көрсетілетін көмектің көлемі ғана мемлекеттің күш-жігеріне тәуелді болады да, әлеуметтік қызмет оның міндетіне айналады.
Жиырмасыншы ғасыр адамзат өркениетінің тарихында айта қаларлықтай ғасыр болды. Екі дүние жүзілік соғыс, социалистік жүйенің құрылуы мен ыдырауы, ғылыми-техникалық саладағы ғаламат сапалық секірістер, ғарыштық дәуірдің басталуы - бұлар қайшылықты ізденістер мен ұмтылыстар ғасырының неғұрлым жарқын фактілері. Ғаламдық жаңғырыстар адам өмірінің барлық салаларын қамтыды, олар қоғамдық қатынастар жүйесін де айналып өткен жоқ. Өткен жүзжылдық күні бүгінге дейін жалғасып жатқан жалпыға бірдей әлеуметтік төңкерістер дәуірі болды. Оның көріністері тарихтың ең жаңа кезеңіне тән, баламалы даму жолын табуға ұмтылған қоғамдық қобалжуларда, адамдардың елден елге және тіпті құрылықтан құрылыққа жаппай қоныс аударуында, адамзаттың үлкен бөлігінің тұрмыс сипатында төңкеріс жасаған ғылыми-техникалық прогресте және көптеген басқаларында байқалуда.
Дүниетанымның өзгеруі жеке тұлғаның қажеттіктері мен мүдделерінің өсуіне әсер етті. Кей-кейде алуан түрге ене отырып, олар белігілі мағынада қоғамдық қатынастарды қайта құрылымдаудың детонаторына айналды. Оларды өз қалауын қанағаттандыру үшін пайдалану мүмкіндігінің кеңеюіне байланысты әр адамның өз табысын арттыруға деген құлшынысы күрт өсті. Тұрмыстың жайлы болуын қамтамасыз ету, автомобильдер, саяхаттар және өзге де қажеттіктер қоғамды тұншықтыруға айналды. Алайда нарықтық экономика жолы болғыш, дені сау әрі жұмысқа қабілетті адамдарды бай жасайды да, жолы болмайтын және сырқаты бар адамдарды кедей жасайды. Соның өзінде әл-ауқат деңгейі әртүрлі болғанына қарамастан, қай-қайсысының да қалауы бар. Қоғамның осы қарама-қарсы полюстері арасында орын алып отырған қайшылықтарды қайтіп жымдастыруға болады? Әлеуметтік әділеттілікке қайтіп қол жеткізуге болады? Әрбір индивидтің лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін қоғам не істеуі керек?
Көптеген ғалымдар мәселенің шешімінің қайнар көзі мемлекеттің тұрақтандырушы, ықпалдастырушы және жасамдық рөлінде деп білді. Халықтың білім деңгейінің артуы, жалпыға бірдей сайлау құқығы, жеке тұлғаның құндылық бағыт-бағдарының өзгеруі, оның құқықтық мәртебесінің орнығып, кеңейе түсуі мемлекет пен индивидтің қарым-қатынас құрылымын айтарлықтай өзгертті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz