Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Халықаралық валюталық . қаржылық қатынастардың мәні.
1.1. Халықаралық валюталық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы ... ... ... ... ... .6
1.3. Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4. Дамыған елдердің валюталық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта қатынастардың даму жүйесі
2.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүйесінің мақсаттары мен міндеттері
3.1 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2 Валюталық операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
4. Құқықтық.нормативтік актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар еддері үшін диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шаруашылықгың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық валюта-кредиттік жене қаржылық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Ол кезең қажетті алғышартгар жасалып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған уақыттар еді.
Қазіргі Қазақстан тәуелсіз, егемен ел ретінде дүниежүзілік шаруашылықка интеграцияланып, үйлесім табуға бет алды. Бұл бағытта толымды, жетістіктер де жоқ емес. Еліміздің халыкаралық валюта-кредиттік және қаржылық институттарымен мейлінше тығыз байланыстар қалып-тастырып, халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты мүшесі болуға ұмтылысы бұл бағыттағы маңызды үрдіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар қозғалысының халыкаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономика мен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағынының тасқынды келуі үшін оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар заңдарды, нормативтік-құқықгық келісімдерді (актілерді) айқындап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен преференциялардың (артықшылықтардың) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Алматы экономикалық және қазіргі технологиялар колледжі

Семестірлік жұмыс

Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі

Орындаған:Нурманова Д
Тексерген:Авганбаева Н

Алматы 2007 жыл
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Халықаралық валюталық – қаржылық қатынастардың мәні.
1. Халықаралық валюталық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Халықаралық валюталық жүйенің даму
эволюциясы ... ... ... ... ... .6
3. Валюталық саясаттың түрлері және
құрамдары ... ... ... ... ... ... .. ...11
4. Дамыған елдердің валюталық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта қатынастардың даму
жүйесі
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің түсінігі мен
белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .16
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі
принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21
3. Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүйесінің
мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу
ережелері және реттеу
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
.31
2. Валюталық операцияларды жүргізетін маманданған ұйымдар және
олардың міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..35
3. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .40
4. Құқықтық-нормативтік
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар еддері үшін
диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы саяси-экономикалық жаңғыру
жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шаруашылықгың нығая түсіп
интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық
экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды
арналарының пайда болуын жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық
валюта-кредиттік жене қаржылық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Ол
кезең қажетті алғышартгар жасалып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған
уақыттар еді.
Қазіргі Қазақстан тәуелсіз, егемен ел ретінде дүниежүзілік
шаруашылықка интеграцияланып, үйлесім табуға бет алды. Бұл бағытта толымды,
жетістіктер де жоқ емес. Еліміздің халыкаралық валюта-кредиттік және
қаржылық институттарымен мейлінше тығыз байланыстар қалып-тастырып,
халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты мүшесі болуға ұмтылысы
бұл бағыттағы маңызды үрдіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық
Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға
мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде
орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті
қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық
еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал
келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар
қозғалысының халыкаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл
процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономика
мен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағынының тасқынды келуі үшін оған қолайлы
инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар
заңдарды, нормативтік-құқықгық келісімдерді (актілерді) айқындап, шетелдік
инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық
жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл
табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен преференциялардың
(артықшылықтардың) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек
күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.
Қазақстан валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының құрамдас
және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық-құқықтық
аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын
оқып, үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.

1І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ ЖҮЙЕСІ

2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің түсінігі мен
белгілері
Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және
даму дәуірін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, оның негізгі тенденциялары мен
пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға толық болады. Біздің мемлекет
дүниежүзілік шаруашылықка интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15
шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кірді.
Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің кұрылымдық
принциптеріне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазіргі
валюталық жүйесі мен оның негізгі элементтерін (белгілерін) мұқият
қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - ұлттық заңдармен немесе
мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды
ұйымдастыру мен реттеу нысаны (формасы). Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық,
аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсаты мен аткаратын рөліне
сәйкес ажыратуға болады.
Тарихи тұрғыдан алып карағанда, ең алдымен ұлттық зандармен
бекітілген, халыкаралық құқық нормаларына сәйкестендірілген ұлтгық валюта
жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі елдің ақша жүйесінің кұрамдас
бөлігі болып саналады. Дегенмен, оның салыстырмалы түрде дербестігі және
ұлт шекарасынан шығу мүмкіндіктері бар екендігі де белгілі. Оның
ерекшеліктерін елдің экономикалық жағдайы мен сыртқы экономикалық
байланыстары ашып, анықтайды.
Ұлттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта жүйесімен байланысы сыртқы
экономикалық әрекетгерге қызмет көрсетуші ұлттық банктер арқылы жүзеге
асады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің өзара байланысы олардың
ұқсастығын емес, керісінше ерекшеліктерінің айғағын паш етеді. Олардың
мақсаты, қызмет ету жағдайлары мен реттелуі, жекелеген елдер экономикасы
мен дүниежүзілік шаруашылыкқа әсері әртүрлі деңгейлі екендігін күнделікті
практика көрсетіп отыр.
Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің байланысы мен
ерекшеліктері олардың элементтерін карастырған шақта белгілі болады.
Қазақстан Республикасы ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне
мыналар жатады:
1. Ұлттық валюта бірлігі;
2. Ұлттық валютаның еркін ауысуы, айырбасталу мүмкіндігі
(конвертируемость);
3. Ұлттық валютаның паритеті.Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне
сәйкес арақатысы. Ұлттық валюта бағамының (курсының) режимі;
4. Валюталық шектеулердің деңгейі және валюталық бақылау;
5. Валюта өтімділігін (ликвидность) ұлттық (мемлекеттік) тұрғыдан реттеу;
6. Халықаралық кредит кзражаттары айналымын реттеу;
7. Еддің халықаралық есептеулерін реттеу;
8. Ұлттық валюта рыногы мен бағалы металдар рыногының тәртібін қадағалау;
9. Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші органдары
(мекемелері).
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген
ақша бірлігі құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12
қарашасындағы "Қазақстан ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлығы негізінде
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға енгізілді. Сөйтіп, Қазақстанның
ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бұрынғы КСРО республикаларының ақшасы
мен валюталық жүйесінен дараланды.
Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлтгық валюта) болып теңге
бекітілді. Ол 100 тиыннан тұрады. Казақстанның айналымдағы ақша белгілері
банкноттар мен монеталардан құралады.
Казақстан Республикасы Ұлттық банкінің айналымға шығарған банкноттары
мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін,
есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, аккредитивтерге айналдыру
үшін ешбір шектеусіз қабылданады.
Ақша қаражаттарын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және
айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады.
Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, оларды өндіруді
қамтамасыз етуші және сактаушы да Ұлттық банк болып табылады.
Теңгенің баға масштабы ҚР-да орнықтырылмаған және дүниежүзілік
тәжірибеге сәйкес теңгенің алтын құрамы белгіленбеген. 1976 жылы
Халықаралық валюта қорының Кингстондағы (Ямайка) кезекті кеңесінде валюта
жүйесінің жаңа негіздері қаланғаны белгілі. Аталған кеңестің шешімдеріне
сәйкес алтынның күн өлшемі ретіндегі және валюта бағамда-рын анықтаушы
қызметі жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі
тауарға айналды.
Сонымен қатар, қаражатпен кдмтамасыз ету кұралы ретінде банкноттар мен
монеталар Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелеріне жатады және оның барлық
активтерімен камтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бұқаралық ақпарат құралдарында
теңгенің алтын-валюта резервтерімен қамтамасыз етілуі туралы оқтын-оқтын
жариялап тұрады. Бұл хабарламалардың сыртқы экономикалық қатынастардағы
маңызы жоғары, ал ішкі айналымдағы ақша бірлігі көрсетілген құнына сәйкес
қабылдау барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Казақстан Республикасындағы бірден-бір төлем құралы қазақстандық
теңге. Қазақстан аумағындағы жеке және занды тұлғалардың ішкі есептесулер
үшін теңгеден басқа төлем құралдарын пайдалануға кұқықтары жоқ. Ондай кұқық
Ұлттық банктың арнаулы лицензиясы бар тұлғаларға ғана беріледі.
КР-дағы ақша айналымы тауарлар айналымы процесін, қызмет көрсетулерді
және әртүрлі төлемдер үшін пайдаланылатын қолма-қол және қолма-қол емес
ақша қозғалысынан түрады.
Жалған банкноттар, монеталар жасаған адамдар заңмен қудаланады.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның
халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын
талап етеді. Бұл қатынастардың толықканды мүшесі болу үшін Қазақстанға
біркатар проблемаларды шешуге тура келді.
Негізгі валюталық саясаттың бірі - теңге құнының тұрақтылығын
орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше
ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан, теңдестірілген (балансталған), екінші
жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын
талап етеді. Теңгені еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы бағамының
(курсының) орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокка
шығудың тиімді жолы.
Қазақстанда казірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына
(внутренняя конвертируемость) іс жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін
ауысу дегеніміз - теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға
өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық
ауысу мүмкіндігіне (полная конвертируемость) жетуі үшін елдің саяси
экономикалық және қаржы-каражат тұрақталығы, алтын-валюта резервтерінің
қорлануы, шетелдермен валюталық, ынтымақтастық механизмінің калыптасуы
қажет.
1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы
"Валюталық реттеу туралы" Заңының 3-бабында былай делінген:
1) халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және төтенше
жағдайлар туындаған реттерде ҚР-сы Президенті кез келген валюталық
операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдауға құқылы;
2) ҚР-сы Ұлттық банкі резиденттердің экспортгық операцияларды
валютамен төлеуіне шектеулер қоюға және экспорттан түскен валюталық
түсімдерді сатуға міндеттеуге кұқылы.
Болашақга Қазақстан МВФ-тың мүшесі ретінде МВФ жарғысының VIII бабына
сәйкес төлем балансының ағымдағы операциялары үшін валюталық шектеулерді
алып тастау мақсатын көздеуде.
Теңгенің бағамы қандай бір болмасын батыс елдерінің валютасына немесе
валюталық қоржынына ресми түрде байланған жоқ. Қазақстанда валюта бағамының
калықтау (плавающий) тәртібі енгізілген. Мұның өзі елдегі валюта биржалар
анықтайтын сұраныс пен ұсыныс арақатысына тәуелді. Теңгенің бағамы ең
алдымен каржылық инструменттердің (тетіктердің) Алматы биржасы (АҒІNЕХ) мен
банкаралық валюта операцияларын өткізу Орталығындағы сұраныс пен ұсынысқа
байланысты калықтайды. Бұл мекемелерде шетелдік Республикасы Ұлттық
банкінің алтын, валюта резервтері елдегі ақша-несие саясатын жүргізетін,
Қазақстан теңгесінің ауысу қабілетін тұрақтандыратын және өтімді валюта
рыногы-ның қызметін орнықгыратын, сондай-ақ ішкі және сыртқы теңге қүнын
қамтамасыз ететін ең басты күралдарының бірі екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алтын — валюта резервтері
мыналардан құралады:
а) монета түріндегі алтын, күміс, платина және платина тобына жататын
басқа металдар;
б) еркін ауысатын шетелдік валюталар;
в) еркін ауысатын валюта түріндел дебиторлардьш Ұлттық банк алдындағы
міндеттемелері.
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мынадай жолдармен жинақталады:
а) монета түріндегі алтынды, күмісті, платиналық топқа жататын
металдарды сатып алу;
б) Қазақстан Республикасы резидентгері мен резидентгері еместерден
шетелдік валютаны теңгеге сатып алу;
в) Ұлттық банк берген несиелерден, депозитгік, дилинггік
операциялардан проценттер алу;
г) Ұлттық банк жүзеге асырған сатулар, депонирлеу және басқа да монета
түріндегі алтын, күміс операциялары және т.б.
д) халыкаралық кдржы ұйымдарынан, банктерден алынған процентгер;
г) Ұлттық банктің консультациялық, ақпараттық-баспагерлік т.с.с.
қызметтері үшін алынған төлемдер.
Ұлттық банк алтын, валюта резервтерді мынадай мақсаттарға жұмсайды:
- жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде айырбас курсы саясатын жүргізу
үшін, ішкі валюталық рыноктага шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс
арақатысы мен теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шетел валютасын сату. Бұл
операцияны валюталық интервенция деп те атайды.
- Қазақстан Республикасы үкіметінің және Ұлтгық банктің өзінің
теңгелік қажеттіктерін атқару мақсатында шетелдік валютаны теңгеге
айырбастау;
- белгілі бір мемлекеттің валютасын сатып алуды басқа бір мемлекеттің
валютасын сату арқылы жузеге асыру;
- мемлекеттік қарыздың, пайыздарды комиссиондық төлемдердің негізгі
сомаларының қайтарылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы банк жүйесін бұдан былайғы реформалау Ұлттық
Банктің бағдарламасына сәйкес валюталық рыноктың банкіаралық рыногын
тереңдету, форвардтық валюта келісімдерін кеңейту мен валюта рыногын
хеджирлеу аспаптарын дамыту бағытында өрістемек. Мұның өзі шетелдік
инвесторлардың мүддесін қорғау және олар үшін қолайлы ахуал орнықтыру
ісінде маңызды қадам болары даусыз.
Қолма-қол шетел валютасы саудаланатын ішкі рыноктың дамуы банктен тыс
айырбастау пунктерінің әрекетіне бақылауды күшейту бағытында жүргізіледі.
Ұлттық Банктің интервенциялары валюта бағамының қысқа мерзімді
шайкдлуларын тоқгатумен шектеліп, ақша базасының яегізгі параметрлерін
сақтау қажеггіктері шеңберінен шықпайтын болады. Сонымен қатар, айырбас
бағамына қатысты саясат бесекелікті арттыру бағытында, экспортты мейлінше
дамыту және елдің импортты алмастыратын салаларын ынталандыру мақсатында
өрбиді.
Қымбат бағалы металдар рыногы Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 20 шілдедегі заң күші бар "Қымбат бағалы металдар мен асыл
тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Жарлығына
сәйкес әрекет етуде. Бұл Жарлық қымбат бағалы металдар саласындағы
мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге өтуді заңдастырды.
Аталған жарлық қымбат бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты
мынадай әрекет турлерін реттейді:
1) қымбат бағалы металдар мен асыл тастардың барлануын, өңделуін,
құрамында қымбат бағалы металдар бар қалдықтарды дайындап қайта өңдеуді; 2)
қымбат бағалы металдарды аффинаждауға байланысты сақтау мен меншік
құқығының өзгеруін (сатып алу-сату және банктік операциялар); 3) зергерлік
бұйымдар жасауды.
Бұл әрекеттердің барлығы лицензиялауға жатады. Қазақстан аумағында
қазып алынған шикізатты аффиниждаудан түскен қымбат бағалы металдар алғашқы
саудада өткізіледі, ал шетелдік инвесторлардың үлесі ҚР-ның үкіметі
белгілеген тәртіп бойынша сыртқа шығарылады.
Аффинаждалған қымбат бағалы металдарды сыртқы рынокта сату Қазақстан
Республикасының валюта заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Казақстан үкіметі аффинаждалған қымбат бағалы метал-дардың ішкі және
сыртқы рыноктағы операцияларын Каржы министрлігінің казначейлігі мен Ұлттық
банк арқылы жүргізеді.
Сонымен, бұл Жарлықгы кабылдаудағы мақсат - аффинаждалған қымбат
бағалы металдар рыногын түпкілікті ырықтандыруға қол жеткізілді.
Ұлттық банк өзінің негізгі сатып алушы ролін сақтап калды, тек қана
бұрын Қаржы министрлігі төлеген 20 проценттік қосылған құнға салық Ұлттық
банктің шығындарына жатқызылды. Мұның өзі, әрине, Ұлттық банктің ішкі
рыноктағы әрекеттеріне біркдтар кедергі жасайтыны да рас еді.
Қымбат бағалы металдар рыногы әрекетінің күткен деңгейден көрінбеуі ең
алдымен алтын өндіретін саланіяң іс жүзінде басқарусыз қалуында болып отыр.
Күні бүгінге дейін сенімді басқару мен жер қойнауын пайдаланудың типтелген
ереже-шарты қалыптаса қойған жоқ. Алтын кдзба баилықтарын барлауға, кдзуға
және өндіруге берліген лицензиялардың кдбылданған міндеттемелерге сәйкес
орындалуын бақылау мен тексеру өз шешімін күтіп отырған меселелер.
Қазіргі кезде аффинаждалған қымбат бағалы металдармен жұмыс істейтін
екінші деңгейдегі банктер шеңбері кеңейе түсті. Олардың барлығы Ұлттық
банктің нормативтік-құқықтық кесімдерінен туындайтын лицензиялық
талаптарына сәйкес өз қызметтерін жүргізуде.
Ұлттық банктің лицензиялары Халықтық банкке, Туранелем банкіне,
Казкоммерцбанкіне, Центркредит банкіне берілген. Лицензия алуға дәмесі бар
бірқатар коммерциялық бангтердің өтініші қарастырылу үстінде.
Белгілі экономистер мен кұқықганушылардың пікірінше, Ұлттық банктің
алтын, валюта қорын толықгыру жолында қымбат бағалы металдарды сатып алуға
мемлекеттік тапсырыс жүйесін жандандыра түсу кажет. Мұндай төжірибе
өнеркөсібі дамыған еддерде бұрыннан қолға алынып, қазір әбден қалыптасқан,
солардың ішінде АҚШ, Германия сияқты елдерде кымбат бағалы металдарға
мемлекеттік тапсырыс жүйесі өте тиімді әрекет етіп отыр. Қазақстанда дербес
қызмет атқаратьш аффинаждалған қымбат бағалы металдар биржасының қызметі
қалыптастырылып, соған сәйкес басқа да инфракұры-лымдарды дамыту ісі өз
кезегін күтіп тұрған жайы бар.

2.2. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі
принциптері

Валюталық бақылау дегеніміз шетелдік валютаның қолда бар көлемін және
оның басқа валюталарга айырбастау бағамын реттеу.
Егер валюталық құқық пәніне сейкестендіре анықтайтын болсақ, онда
валюталық бақылау - бұл Қазақстан Республикасының валюталық реттеу
жөніндегі зандарын мүқият орындау мақсатындағы ұйымдық-құқықтық шаралар
жүйесі.
1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған "Валюталық реттеу туралы"
Казақстан Республикасының заңының 6-шы бабында "Казақстан Республикасындағы
валюталық бакылауды валюталық бақылау органдары мен агентгері жүзеге
асырады.
ҚР-сының зандарына сәйкес валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға
құқылы мемлекеттік оргаңдар Қазақстан Республикасындағы валюталық органдар
болып табылады. Алған лицензияларға сәйкес өздері операциялар жүргізген
кезде валюта заңдарына бақылау міндеті жүктелген өкілеттік берілген банктер
мен өкілетгік берілген, бірақ банкгік емес қаржы мекемелері валюталық
бакялау агенттері болып табылады. Валюталық бақылау органдары өз
қызметтерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін тартуға және
оларды міндетгі түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқылы"
делінген.
2001 жылғы 20 қыркүйекте кабылданған "Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы" нұсқауының КР-да
тауарды экспорттаудан шетел валютасымен және теңгемен түсімнің толық және
уақытылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражатын
тауарды импорттау мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негізділігіне
экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Экспорт-импорт валюта бақылауының мақсаты мен бағыттарына мыналар
жатады:
1.Валюта бақылауының мақсаты экспорттық түсімнің толық және
уақытылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгеменқ қаражатты
импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығын және негізділігін қамтамасыз ету
болып табылады.
2. Валюта бақылауының негізгі бағыттары:
а) жүргізілетін экспорт-импорт валюта операцияларының заңға сәйкес
келуін немесе кажет болған жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкінің тиісті
лицензияларын немесе тіркеу куәліктерінің болуын анықгау;
б) төлемдердің негізділігін тексеру;
в) экспорт-импорт валюта операциялары жөніндегі есептің толық жене
дұрыс болуын тексеру.
3. Егер ҚР-сы Ұлттық банкінің лицензиясында өзге мерзім белгіленбеген
болса, экспортер экспорт түсімін тауар экспортталған күннен бастап 120
күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ҚР-ның уәкілетті банктеріндегі өзінің
есеп шоттарында аударуға, ал экспорт түсімін алу мүмкін болмаған жағдайда
бұрын зкспортталған тауарды қайтаруға міндетті.
ҚР-сы Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болса, экспорт түсімін
экспортердің шетел банктері жене басқа да қаржы иңституттары тіркелген
мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар мекемелердің есепшотына
аударуға болады.
4. Импортер ҚР-на қуны тауарға төленген ақша сомасына тең келетін
тауарды әкелуге барлық шараларды қоддануға міндетгі, ал ол тауар
әкелінбеген жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкі берген лицензияда өзгеше
көзделмеген болса, бұрын аударылған ақшаны келісім-шартга белгіленген
мерзімде, бірақ аударылған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен
кешіктірмей уәкілетті банктегі өзінің есепшотына қайтаруы керек.
Тауар белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда импортер ҚР-сының
зандарына сәйкес КР-сы Ұлттық банкінің лицензиясын алу үшін шара қолдануға
міндетті.
5. Резидент импорт бойынша тауарға төленетін ақшаны импорт күнінен
бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзім-де аударған жағдайда импортер
ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-сы Ұлттық банкінің тіркеу куәлігін алуға
міндетті.
Резидент пен резидент емес арасында шетел валютасымен және теңгемен
жүргізілетін операциялар бойынша жасалған төлемдер мен ақша аударымы тек
олардың банктік есеп-шоттары арқылы жүзеге асырылады.
6.Сыртқы экономикалық келісім шарттың әрқайсысы бойынша резиденттің
есепшотын жүргізіп отыратын бір банк қол қоятын бір мәміле паспорты
рөсімделеді, оған кейінен экспорт түсімі түсіп отыруға, не импорт бойынша
төлем жасалып отыруға тиіс.
7. Резидент-субъектілердің экспорт-импорт операциялары бойынша сыртқы
экономикалық қызметін ҚР-сының заңдарына сәйкес салық және кеден органдары,
ҚР-сының Ұлттық банкі тексеріп отырады.
Валюталық бақылау органдары мен агенттері өздерінің уәкілеттігі және
қызмет бабы шектерінде валюталық операцияларға бақылауды жүзеге асыруға
міңдетті.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері жүргізіп
жатқан валюталық операцияларының қолданыстағы заңдарға, лицензия шарттарына
және тіркеу куәліктеріне сәйкестігін тексеру валюталық бақылау агенттерінің
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз қызмет бабының шектерінде нормативтік
актілер шығарады, аныкталған заңды бұзу фактілерін жоюды талап етеді,
сондай-ақ ҚР-сының резиденттері мен резидент еместеріне міндетті заңдардың
орындалуын қадағалайды.
Валюталық бақылау органдары өз қызметі бабында валюталық бақылау
агенттерін жекелеген тапсырмаларды орындауға жұмылдырып отыруға құқылы.
Соңғылары болса өз кезегінде мұндай тапсырмаларды орындауға міндетті.
Валюталық бақылау агенттері құқық қорғау органдары мен Қазақстанның
Ұлттық банкіне өздеріне белгілі болған валюталық зандарды бұзу фактілерін
хабарлап отыруға міндетті.
Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз қызмет-терін аткдру
барысында мәлім болған резиденттер мен резидент еместердің коммерциялық
критияларын сақгауға міндетті. Бақылауды жүзеге асырушы адамдар тапсырылған
міндеттемелерді кажетті деңгейде атқара алмағаны үшін ҚР-сының зандарына
сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Казақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізуші резиденттер
мен резидент еместердің:
-валюталық бақылау органдары мен агенттерінің тексерістері актілерімен
танысуға;
-ҚР-сының заңдары бекіткен тәртіпке сәйкес валюталық бақьшау органдары
мен агенттерінің іс-қимылдарына шағымдануға;
-ҚР-сының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген
басқа да шараларды жұзеге асыруға күқықтары бар.
Резиденттер мен резидент еместердің міндеттері:
- валюталық бақылау органдары мен агентгеріне өздері жүзеге асырған
валюталық операциялар жөніндегі талап етілген құжаттар мен ақпараттарды дер
кезінде және толықтай беруге тиіс;
- тексеру жүріп жатканда, сондай-ақ олардың нетижесі бойынша органдар
мен агенттерге түсініктеме беруге міндетті;
- тексеру актісінде келтірілген фактілермен келіспеген жағдайда
оның себебін жазбаша түрде көрсетіп, тапсыруға міндетті;
- валюталық бақылау органдары ашқан заңды бұзу фактілерін заң талабына
сәйкес жоюға міндетті.
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен бақылауды жүзеге
асыратын бірден-бір орган ҚР-сының Ұлттық банкі. Ол өз функцияларын ҚР-сы
Президентінің заң күші бар "Ұлттық Банк туралы" жарлығына, оның 56-бабына
сәйкес атқарады. Ұлттық банк республика аумағында орналасқан банктердің
және олардың филиалдарының қаржылық-шаруашылық қызметтерін тексереді,
лицензия беруді, бақылауды жүзеге асырады.
Банктердің каржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың
депозитшілерінің (салымшыларының) мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ ҚР-
сының кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау шеңберінде Ұлттық банк
төмендегідей реттеу қызметтерін жүзеге асырады:
- пруденциалдық нормативтерді және банктер үшін міндетті басқа да лимиттер
нормаларын бекітеді;
- банктер үшін орындалуы міндетті инструкцияларды және басқа да
нормативтік актілерді дайындап, шығарады;
- банктердің қызметін тексереді;
- банктерді қаржылық жағынан сауықтыру мақсатында нұсқаулар береді;
- банктерге шектеулі шаралар қолданады;
- банктерге санкциялар жариялап, оны қолданады.
Валюталық бақылаудың маңызды органдарының біріне ҚР-сы Қаржы
министрлігінің Кдржылық бақылау комитеті жатады. Бұл орган Қазақстан
Үкіметінің 1997 жылғы 4 шілдесіндегі Қаулысымен кұрылып, бекітілген.
ҚР-сы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті - мемлекеттік
орган болып есептеледі және ол мемлекеттік меншіктің мемлекеттің
кепілдігімен келтірілген сыртқы каржылық займдардың, мемлекеттің бюджеттен
тыс қор қаражаттарының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын бақылауды
жүзеге асырады.
Өз қызметін атқаруда Комитет Конституцияны, КР-сы зандарын, Президент
пен Үкімет акгілерін, басқа да нормативті актілерді басшылыққа алады.
Комитеттің негізгі аткэратын қызметтеріне валюталық операцияларды
жүзеге асыруда заңдылытардың орындалуын қадағалау; бюджеттік кзражаттар
есебінен қаржыландырыла-тын министрліктердің, мемлекеггік комитеттердің,
мекемелердің, сондай-ақ басқа да орталық және жергілікті атқарушы
органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік және
мемлекеттік емес сыртқы займдарды мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау
және т.б. жатады.
Алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Комитетке және оның
жергілікті органдарына мынадай функциялар жүктелген:
- меншіктің барлық түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экспорттық-импорттық операцияларына бақылауды жүзеге асыру;
- жарғылық қорында 50 проценттен кем емес мемлекетгік меншіктің үлесі
бар занды тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметін оқтын-оқтын тексеруді
ұйымдастыру және т.б.;
ҚР-сындағы экспорт пен импортқа валюталық бақылауды ұйым-дастыру ісі
ҚР-сы Ұлттық банкінің басқармасы 2001 жылғы 20 қыркүйектегі бекіткен
"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру
туралы" Нұскаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық бақылау органдары мен агенттігі" ҚР-дағы валюталық бақылауды
өз құзыреті шегінде КР-сының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұттық Банкі:
1) ҚР-сының Мемлекетгік кіріс министрлігінен (қазір Қаржы
министрлігінің құрамында) және уәкілетті банктерден алынған мәліметтер
негізінде экспорт-импорт валюталық бақылауының нәтижелері туралы
ақпараттарды жинақтайды және талдайды.
2) уәкілетті банктерге есеп беру айынан кейінгі айдың 5-нен
кешіктірмей тауарлардың ҚР-сының кеден шекарасы арқылы нақты орын
ауыстыруы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
3) валюталық түсімнің немесе тауардың ҚР-ның аумағына
уақытылы түсуін қамтамасыз етпеген экспортерлер-импортерлер жөнінде ҚР-ның
кіріс министрлігіне келісілген тәртіппен ақпарат береді.
4) барлық банктер мен олардың филиалдарының толық почта мекен-
жайларын, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге кез келген өзгерістерді
көрсете отырып, ҚР-ның кіріс министрлігіне банктер мен олардың
филиалдарының тізімдерін келісілген тәртіппен ай сайын жіберіп отырады.
5) банктердің валюталық бақылау бойынша бағдарламалық қамтамасыз
етілуіне техникалық талаптарды белгілеуге кұқылы.
Мәміле паспортын рөсімдеу барысында экспортер неме-се импортер келісім-
шарт жасалғаннан кейін, күні бұрын тараптардың кез келгені (Резидент немесе
резидент емес) келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кіріскенге
дейін кеден органында және банкте меміле паспортын рәсімдеуге мщдетгі.
Экспортер-импортер кеден органына мәміле паспортының үш данасын береді.
Сонымен бірге, экспортер-импортер экспорт жөніндегі меміле паспортымен қоса
кеден органына экспорт жөніндегі мәміле паспортын жасауға негіз болған
келісім-шарттың түпнұсқасын және оның нотариат куәландырған көшірмесін және
МП электронды көшірмесін беруге міндетті. Экспорт-импорт бойынша құжаттар
жасау үшін кеден органының жауапты адамы әзірлеген келісім-шарттың
түпнүсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшірмесімен бірге
"көшірмені растаймын" деген жазумен және жеке нөмірлі мөрмен расталған
көшірмесін пайдаланады.
Резидент еместермен факс бойынша келісім-шарт жасас-каннан кейін
экспортер-импортер мәміле паспортын рәсімдеген күннен бастап бір айдың
ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не нотариат куөландырған көшірмесін
беруді міңдеттей отырып, оның факсимильді көшірмесін кеден органына беруге
құқылы. Экспортер-импортер келісім-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат
куәландырған көшірмесін бергеннен кейін кеден органының жауапты адамы
экспорт-импорт бойынша мәміле паспорты жөніндегі істі жасау кезінде бүрын
қабылданған факсимильді көшірмесімен салыстырып тексереді және бірдей
болған жағдайда факсимильді келісім-шартты "көшірмесін растаймын" деген
жазуымен және тиісті мөрмен растайды. Келісім-шарттың түпнұсқасы мен оның
факсимильді көшірмесінің мөтіндері сәйкес келмеген жағдайда кеден органы
қүқық қорғау органдарына осы факт бойынша ақпарат жібереді.
Кеден органының жауапты адамы құжатты өткізген күнді есептемегенде екі
жұмыс күні ішінде берілген құжаттарды қарайды, мәміле паспорты деректерінің
келісім-шарт талаптарына сәйкес келуін тексереді және мәміле паспортын
рәсімдеуден бас тартуға негіз болмаса, экспортер-импортер берген мәміле
паспортының даналарына қол қояды.
Уәкілетті банк экспортердің банктік есепшотына экспорт түсімін
есептеуді және импорт мақсатына төлемдер жасауды мәміле паспортын
рәсімдегеннен кейін ғана жүзеге асырады.
Уәкілетті банктің нақгы түскен ақшаны мөміле паспор-тына енгізуі үшін
банкаралық құжатта кажетті деректер бол-маған жағдайда, уәкілетгі банк
оларды экспортердің-импор-тердің банктік есепшотына аударады және сонымен
қатар бірегейлендіруге болмайтын осындай түсімдер туралы оған хабарлайды.
Экспортер-импортер уөкілетті банктің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін,
уәкілетті банкке келісім-шарт деректемелері мен мөміле паспортының нөмірін
көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабарлауға, ал егер
осы келісім-шарт бойынша ақша баскд банюсе түссе, басқа банкке де уәкілетті
банктегі өзінің банктік есепшотына түскен ақшаны толық сомада аударуға
тапсырма беруге міндетті. Экспортер-импортер тапсырмамен қоса баска банк
үшін аударымды жүзеге асыруға негіздеме болатын аударым өтінішімен бірге
мәміле паспортының уәкілетгі банк куәландырған данасын береді.
Егер келісім-шарт бойынша валюта коды валюта төлемінің кодымен сәйкес
келмесе, уәкілетті банк экспортер-импортердің келісімімен оның банктік
есепшотына түскен ақшаны экспортер-импортермен келісілген бағам" бойьшша
келісім-шарт талаптарында көзделген валютаға айырбастайды. Экспортер-
импортер көрсетілген айырбастаудан бас тартқан жағдайда экспортер-импортер
экспорт-импорт жөніндегі мәміле паспортына қосымша парақ рәсімдеуге және
төлем валютасына тиісті түсініктемелермен бірге келісім-шарт бойынша валюта
бағамының есебін кеден органына ұсынуға міндетгі. Кеден органы көрсетілген
есепті келісім-шарт талаптарында және есептеуде пайдаланылатын нақты
бағамға сәйкес келу тұрғысынан қарағанда және есеп негізделіп саналған
жағдайда кейінен ақшаның, тауардың жаңа валютамен іүсуін, қайтарылуын
есепке алады. Есептеу шетел валютасының ҚР-ның Ұлттық банкі белгілейтін
ресми бағамы арқылы, не төлем жасалатын күні шетел валютасының теңгеге
кросс бағамы арқылы жүзеге асырылады.
ҚР-сының Ұлттық банкі ресми бағамын белгілемейтін валютамен келісім-
шарт жасаған жағдайда, қайта есептеу уәкілетті банктің экспортерге-
импортерге хабарлайтьпс осы валютаның АКДІ долларына ағымдағы рыноктық
багамы бойынша жұзеге асырылады. Мұнан кейін теңгемен кдйта есептеу ҚР-
сының Ұлттық банкі белгілеген теңгенің АКДІ долларына ресми бағамы бойынша
жүзеге асырылады.
ҚР - да экспорт-импорт валюталық операцияларын жүзеге асыратын
экспортерлер мен импортерлерінің кұқықтары:
1) валюталық бақылау органдары жүргізген тексеру материалдарымен
танысуға;
2) кеден органдары мен уәкілетті банктер тарапынан негізсіз бас
тарту болған жағдайда немесе мәміле паспорты уақытылы рәсімделмеген
жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне шағым беруге;
3) ҚР-сының заңдарында белгіленген тәртіппен валюталық бақылау
органдары мен агенттерінің іс-әрекетіне шағым
4) ҚР-сының басқа нормативтік-құқықтық актілерімен қөзделген басқа
да іс-әрекет жасауға құқылы.
Міндеттері: 1) ҚР-сы Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болған
жағдайда уәкілетті банктегі өз есепшотына немесе шетелдік банкте ашылған
есепшотқа келісім-шарт бойынша экспорттық түсімнің толық көлемде және ҚР-
сының заңдарында белгіленген мерзімде есептелуін, ал экспортгық түсімді алу
мүмкін болмаған жағдайда шетелдік тарапқа бұрын жіберілген тауарды
қайтаруды қамтамасыз етуге;
2) импортталатын тауардың толық көлемде және келісім-шартта
белгіленген мерзімде алынуын, ал тауарларды жеткізу мүмкін болмаған
жағдайда уекілетгі банктегі импортердің есепшотына бұрын шетелдік тарапқа
аударылған аванс төлемінің сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге;
3) олардың бар болуы туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкінің лицензиясын және тіркеу куәлігін
алу үшін барлық қажеггі шараларды қолдануға;
4) валюталық бақылау органдары мен агенттеріне экспорт-импорт
операцияларын жүзеге асырылғандығы туралы барлық сұралған құжаттар мен
ақпараттард беруге;
5) валюталық бақылау органдарының қызметкерлерін экспорт-импорт
операцияларын жузеге асыруға байланысты кез келген қужаттарды тексеруге
жіберуге;
6) валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргізуі барысында,
сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша түсініктемелер беруге;
7) өздері жүргізген экспорт-импорт операциялары бойынша олардың
келісім-шарттың қолданылу мерзімі ішіңде, бірақ кеміңде бес жыл сақталуын
қамтамасыз ете отырып, есепсе алуға және есеп беріп отыруға;
8) валюталық бақылау органдарының анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою
жөніндегі талаптарын, нұсқауларын, ұйғарымдарын орындауға;
9) ҚР-сының заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді орындауға
міндетті.
Валюталық реттеу туралы заңның алдында жеке және заңды тұлғалар
әкімшілік, азаматгық-кұқықтық және қымыстық жауапкершілікте болады.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңының 14-ші
бабына сәйкес - заңды тұлғалар:
осы заң нормаларын бұзатын валюталық операцияларды жүзеге асырғаны
үшін – мәміле жасалған соманың 10 проценті мөлшерінде, бірақ 1 миллион
теңгеден аспайтын айып-пұл төлеу турінде;
бухгалтерлік есепте олардың тиісті нәтижелері көрсетілмеген валюталық
операциялар жүргізгені үшін - сол есепке алынбаған соманың мөлшеріндей
айыппұл төлеу түрінде;
есеп жүргізу және есеп берудің тәртібі мен белгіленген нысандарын бұзу
арқылы валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізгені үшін -
тиісті түрде есепке алынбаған соманың 5 проценті мөлшерінде айыппұл төлеу
түрінде жауапты болады;
айыппұл сомаларын өндіріп алуды валюталық бақылау органдары, соның
ішінде валюталық бақылау агенттерінің ұсынысы бойынша сот тәртібімен
жүргізеді.
Валюталық заңдарды бұзғаны үшін кінөлі лауазымды адамдар, сондай-ақ
жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы-ның заңцарына сәйкес жауапты болады.
Республикамыздағы банк жүйесі қалыптасу кезеңінен әлдеқашан өтіп
кетті. Қазіргі қызмет көрсету қарқыны әлемдік аренаға көтерілу шегіндегі іс-
шаралар жиынтығы екені белгілі.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу
ережелері және реттеу органдары
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін
2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлтгық Банкі бекіткен "Казақстан Республикасында
валюта операцияларын жүргізу ережесі" реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер
жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік
нормативтік-құқықгық актіле-рінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын уөкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидентгер мен
резидент еместер уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарды Ұлттық Банктің
нормативті-құкықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және
жабады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған
кезде, уәкілетті банкке Казақстан Республикасының валюталық заңнамасына
сейкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде
және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды
бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге
асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап
етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған
кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензияның және тіркеу куөлігінің
түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Берілген кұжаттар тексерілгеннен кейін, олардың көшірмелері уөкілетті
банкте калады, ал түпнұсқалары резидентке кайтарылады.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша
резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын немесе
тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің
банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резидентке мұндай құжаттарды
ұсыну кажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс. Казақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылатын
төлемдерді қоспағанда, уөкілетті банкке талап етілген құжаттарды бергенге
дейін резиденттің төлемдерді немесе ақша аударуды жұзеге асыру үшін, мұндай
ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын немесе
тіркеу куөлігін бермеген жағдайда оның банктік есепшотына ақша аударылған
күннен бастап, 30 кун-тізбелік күн өткеннен кейін уәкілетті банк мұңдай
фактілер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті. Ұлттық Банк лицензиясы
болуы талап етілетін капитал қозғалысымен баланысты операциялар бойынша,
төлемдер мен ақша аударым-дары тиісті түрде валюталық бақылау жасау міндеті
жүктелетін бір уәкілетгі банк арқылы өткізілуге тиіс. Уәкілетті банк
өзгерген жағдайда, резидент мөмілені орындауға және валюталық бақылауға
кабылдаған бұрынғы банкке бұл жөнінде хабарлауға міндетті. Мәмілені
орындауға және валюталық бақылауға кабылдаған бұрынғы уәкілетті банк
мәмілені орындауды жене валюталық бақылауды баскд уөкілетгі банкке бергені
туралы лицензияның, түпнұсқасына тиісті жазбалар жасауға, сонымен бірге
оның толық атауын көрсетуге міндетті. Мұндайда валюталық бақылауды басқа
банкке берген уәкілетті банк сонымен бір уақытта осы банкке бұрынғы
жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары және тауар жеткізу, жұмыс,
қызмет көрсету туралы мәліметтер жіберуге міндетті.
Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдермен ақша
аударымдары валюта операцияларын жүргізу Ережесінде, Ұлттық Банктің басқа
да нормативтік-құқықтық актілерінде, салық және кеден заңнамасында
көзделген жағдайларды қоспағанда, Казақстан Республикасының ұлттық
валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және
резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік
қызметке ақылы тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел
валютасымен алады. Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның
ішінде банктік қызмет керсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық
ойынпұлдары (өсімпүлдары) Ұлттық валютамен төленеді.
Уәкілетті банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге немесе
резидент еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредитгер беру
үшін кепілдік ретінде қабылдай алады. Ұлттық банк Казақстан Республикасы
Үкіметінің ұсынысы бойынша шетелдік инвестор және мемлекет уәкілеттігі
берген заңды тұлға немесе мемлекеттік орган құрған резиденттерге - заңды
тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру үшін баламасы 100 миллион ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
ҚР-да валюта-қаржы механизмі
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Валюта жүйесі жайлы
Валюта туралы жалпы түсінік
Валюталық саясат
Әлемдік валюта жүйесінің даму тенденциясы
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Пәндер