Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ТІНТУ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Тінту тергеу әрекетінің түсінігі және оның маңызы . . . 6
  2. Тінту жүргізудің процессуалдық тәртібі, негізі,

объектілері және түрлері . . . 14

ІІ. ТІНТУ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

2. 1 Тінту объектілері туралы бағдарламалық ақпараттарды жинау . . . 23

2. 2 Тінту жүргізу барысында сезікті мен айыпталушының

жеке басын зерттеу . . . 29

  1. Тінту жүргізу үшін жедел-тергеу тобын құру . . . 32

ІІІ ТАРАУ. ТІНТУДІҢ ТАКТИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Тінтудің тактикалық әдістері . . . 37
  2. Тінтудің психологиялық аспектілері . . . 50
  3. Тінтудің барысы мен нәтижесін бекіту . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 60

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен адамзаттың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекіткен олардың мемлекетпен кез келген қол сұғушылықтан қорғалатындығына кепілдік береді. Сол құқықтардың бірі ретінде әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына өзінің жеке отбасының құпиясы болуына, абыройы мен ар намысының қорғалу құқығы, сондай-ақ жазылған хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің почта, телеграф арқылы және почта жолымен алынған хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар делінген [1, 18 б. ] . Алайда заңмен белгіленген ерекше жағдайларда бұл құқықтар белгілі бір шекте шектелу мүмкіндігі де қарастырылып Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен осы құқықтарды шектеу мөлшерімен жағдайлары реттетіліп, нақты ашылып көрсетілген.

Зерттеу барысында қылмыстарды тергеу барысында қолданылатын тінту тергеу әрекетінің ұғымы айқындалып, жүргізу тактикасының ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Тінту тергеу әрекетінің өзге тергеу әрекеттерінен, әсіресе алу тергеу әрекетінен айырмашылығына, тінтудің жеке түрлерінінің тактикасына, процессуалдық ерекшеліктеріне көңіл бөлінді.

Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің қоғамымыздағы мемлекетіміз бен қоғамдық өмірдің құқықтық жағдайын күшейтуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау мен дамуға байланысты қолданылатын шаралар құқық қорғау органдарының қызметін жақсартумен тікелей байланысты. Қылмыстылықпен күрес кезінде процессуалдық мәжбірлеу шараларын оңтайлы, дұрыс қолдана білу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оларды сотөндірісінде дер кезінде әрі негізді қолдану кез келген қылмысты ашуға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік берер еді. Мәжбүрлеу шараларынның тиімділігін арттыру қылмыстылықпен күрестің қарқынды нәтижелі тәсіліне жатады. Мәжбірлеу сипатындағы шараларды қолдану бір жағынан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектесе, екінші жағынан көп жағдайда мәжбірлеу шараларын қолданбай қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асыру мүмкін емес.

Менің тақырыбымда тінтуге арналған қылмыстық іс жүргізу бойынша анықтама, алдын ала тергеу жүргізілетін болғандықтан тінту тергеу әрекетінің алатын орны маңызды. Бұл тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық іс бойынша қажеті дәлелдемелерді, іздеу және қылмыскерлерді, мәйіттердің бөліктерін табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыстық іс дәлелдемелерінің 30-40 пайызға жуығы осы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында анықталды. Сол себепті менің диплом жұмысының тақырыбы өзінің өзектілігін байқатады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қылмыстарды тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттері әркезде ғалымдардың назарында болып отырған. Тінту тергеу әрекетіне байланысты белгілі бір тәжірибе мен ғылыми білім жинақталған. Тінту тергеу әрекеті кешенді, негізді түрде қазақстан ғалымдары Е. Ғ. Жәкішев, В. И. Попов, А. Я. Гинзбург, С. Е. Еркенов т. б. және кеңес дәуірінде А. Н. Васильев, А. В. Дулов, А. И. Михайлов, Г. С. Юрин сияқты т. б. авторлардың еңбектерінде зерттелген.

Диплом жұмысының мақсаты тінту тергеу әрекетінің тактикасын егжей-тегжейлі қарастыру болып табылады. Қылмыскер қылмысқа қаншалықты тыңғылықты, ойластырып, ізін жасыруға әрекеттер жасап дайындалса да, көп жағдайда қалатын іздерін алдын ала білуі, болжауы мүмкін емес. Сондықтан алдын ала дайындалған, ойластырылып жоспарланған тінту әрекеті тергеушіге қылмыскерді әшкерелеуге және қылмысты ашуға көмектесетін құнды айғақты заттар мен дәлелдемелерді алуға мүмкіндік береді. Тінту дәледемелерді алудың процессуалды қайнар көзі болып келеді. Тінту кезінде қойылатын басты талаптардың біріне айғақты заттарды қылмыстық іске дұрыс рәсімдей болып табылады. Сезіктіні жеке қарау кезінде табылған заттар, құжаттар қылмыстық істі қозғауға себептің біріне жатады. Сезіктіде (айыпталушыда) тінту жүргізгенде тергеуші ізделінетін объектілермен қатар, оның жеке басы туралы, қылмыстық ортамен байланысы анықталынады. Тінту кезінде алынған мәліметтер қылмыстық істі саралауға және оның нәтижесіне ықпал тигізуі мүмкін. Дипломның тақырыбын таңдай себебім болашақ заңгер ретінде тергеу қызметінде қылмыстық-процессуалдық заң нормаларын дұрыс қолдана білу және әр тергеу әрекеттін жүргізу барысы мен нәтижесінде мүмкіндігінше толық ақпарат ала білу.

Диплом жұмысының міндеті - сотөндірісі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативті-құқықтық актілерді, сот анықтамасы мен қаулыларын, осы тақырып бойынша ғылыми еңбектерді, монографияларды зерттеудің нәтижесін жалпылай келе тәжірибе материалдарын талдау арқылы жалпы заңдылықтарды анықтау болып келеді.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын құқықтық және тергеу барысындағы құбылыстарды ғылыми танудың диалектикалық әдісі және одан туындайтын жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістер құрайды. Сонымен қатар, таным теориясының жалпы заңдары мен категориялары, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды тану процестеріне диалектикалық-материалистік көзқарас болып табылады. Дипломдық жұмыста модельдеу, формализациялау, ситуациялық талдау, идентификациялық және диагностикалық зерттеу әдістері мен басқа да жеке ғылыми әдістер қолданылды.

Зерттеудің объектісіне - тінту тергеу әрекетін жүргізуге байланысты қылмыстық-процессуалдық нормаларды қолдану аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеудің пәні болып отандық және шет мемлекеттерінің тінту терегу әрекетін зерттейтін, осы тергеу әрекетін жүргізуге қатысты сұрақтарды қамтитын теориялық көзқарастар, авторлық жұмыстар, нормативті-актілер және сот-тергеу тәжірибесінің материалдары құрайды.

Жұмыстың практикалық маңызы құқық қорғау органдарының алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге, яғни қылмыстылықпен күреске, қылмыстарды жан-жақты, толық, объективті тергеуге бағытталғандығымен анықталады.

Жұмыстың құрылымы бірініші тарауда тінту тергеу әрекетінің түсінігі, маңызы, мәні, мақсаты, түрлері, тінту жүргізудің тәртібі, өзге тергеу әрекеттерінен айырмашылығы, ақпараттық негізі, тінтуді ұйымдастырып жүргізудің психологиялық негізі, тінту жүргізу кезінде криминалистикалық маңызы бар ақпараттарды алудың тактикасы, тінтудің тактикасы мен технологиясы, тінтудің нәтижесін бекіту мәселелері қарастырылған.

І ТАРАУ. ТІНТУ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

  1. Тінту тергеу әрекетінің түсінігі және оның маңызы

Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техникалық жаңа жетістіктері іздестірілді, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде құқық қорғау жүйесі қызметкерлерімен криминалистика жетістіктерінің қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді. Қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін, қылмыстың сөзсіз куәларын тез тауып сөйлете білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден бір ғылым ол криминалистика. 1998 жылдың қаңтар айынан қолданысқа енген қылмыстық іс жүргізу кодексінің басты мақсаттарының бірі қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің тиімділігін қамтамасыз ету. Бұл үрдісте тергеушілер, анықтаушылар, соттық сарапшылар, жедел қызметкерлер, маман криминалистер ерекше орын алады. Қылмыстық іс бойынша жүргізілетін барлық әрекеттер процесуалдық болады, өйткені олар қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген. Осыған орай қылмыстық іс бойынша тергеушінің жүргізетін барлық процесуалдық әрекеттерін тергеу әрекеттері деуге болмайды. Тергеу әрекеттері бұл қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға, яғни оларды табуға, алуға және бекітуге бағытталған әрекеттер. Тергеу әрекеттерін басқа процесуалдық әрекеттерден айырмашылығы осыда. Ал, процесуалдық әрекеттері, жоғарыда айтылғандай тек қана тергеу әрекеттерін кіргізіп қана қоймай, басқа да іс бойынша қабылдаған шешімдерді және жүргізілген әрекеттерді білдіреді.

Тергеу әрекеттері тергеушінің маңызды процессуалды әрекеті болып табылады. Криминалист ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді: А. С. Шейфер бойынша тергеу әрекеті дегеніміз дәлелдемелер табу мен бекіту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін іс әрекет (немесе қызмет түрі) [2, 128 б. ] . И. Ф. Герасимов басқаша береді: «Тергеу әрекеті - заңмен қарастырылған тергеушінің (немесе анықтама жүргізетін тұлғаның) қылмыстық сот өндірісі міндеттерін орындауға бағытталған немесе осыған жағдай туғызатын көбіне алдын ала тергеу сатысында жүзеге асырылатын процессуалды іс әрекеттері» [3, 105 б. ] .

Тергеу әрекетінің тиімділігі деп тергеушінің (анықтамашының) күш, уақыт және жабдықтарды барынша аз жұмсайтын, берілген тергеу әрекетінің мақсаты болып табылатын оңтайлы нәтижеге жетуі қарастырылады [4, 141 б. ] .

Тергеу әрекеттері дәлелдеме көзі болып табылатын танымдық та, нормативті, сондай-ақ куәлендіру жақтарынан да сипатталады.

Тергеу әрекетінің танымдық жағы - іс жүргізу нәтижесінде тергеушінің шынайы нәтижелер, іс бойынша дәлелдеуді қажет ететін жағдайлар туралы мәліметтер алуы болып табылады. Заңды жолмен алынған және заңмен қарастырылған формада бекітілген бұл мәліметтер дәлелдемелер болады. Бұндай көзқараста тергеу әрекеті дәлелдемелер жинау тәсілін көрсетеді.

Шындығында дәлелдеменің қалыптасу процесі едәуір күрделірек. Дәлелдеудің бастапқы кезінде тергеушінің танымдық қызметінің пәні дәлелдемелер емес, қоршаған орта заттарында және адамдар санасында қалдырылған белгілі бір оқиға іздері. Тергеу әрекетін жүргізе отырып тергеуші осы іздерді табады, олардан іске қатысты ақпаратты бөліп алады (іске байланыссыздарына көңіл бөлмейді) және оны процесс акттерінде бекітеді.

Бейнелеу - бұл әрқашан бейненің өзгеруі, олай болса, дәлелдеме де жауап алу, қарау, кез келген басқа да тергеу әрекеті кезінде жасалатын белгілі бір іздер өзгерісінің нәтижесі. Кейіннен заттай дәлелдемеге немесе құжатқа айналатын материалды заттар да бұдан тыс қалмайды. Қарау, тінту, алу кезінде олар қоршаған ортадан бөлінеді, ал осы жағдаймен дәлелдемелік мәні бар заттардың байланысы істің материалдарында өздерінің алғашқы нысанында емес, сипаттама түрінде, фотобейне түрінде қайта жаңғыртылады.

Ал енді жалпы криминалистиканың тактикалық мағынасын айтатын болсақ немесе ашатын болсақ, тактика - деп белгіленген мақсатқа жету үшін қажет әдістер мен тәсілдер жиынтығын түсіну керек. Тәжірибе барысында осы тергеу әрекеті өз дәрежесінде дер кезінде жүргізбегендіктің салдарынан көптеген қылмыстық іс өз шешімдерін таппай жатады. Оған себеп, анықтаушының немесе тергеушінің тінту тергеу әрекеттерін сауатсыз жүргізу, өз уақытынан кешіктіруі болып табылады. Қорытындасында қылмыстық іс бойынша көптеген дәлелдемелер жоғалып кетеді. Бұл аталып көрсетілгендер тақырып бойынша тінту тергеу әрекетінің өзектілігін жоғарылата түседі.

Тактикалық тәсілдердің заңдылығы туралы айтқанда, келесіні ескерген жөн, кейбір тәсілдер қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген және оларды қолдану белгілі бұйрық түрінде көзделгендігін ескерген жөн. Мәселен, танылатын субъектіге сонымен бірге тануға ұсынылытан азаматтар арасынан өз еркі бойынша кез келген орында таңдап алу құқығын беру қажеттілігі көзделген. Тінту нәтижелерінің объекттілігі мен шындығылығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл талап мүмкінсіз орындалып, өзінің дәлелдемелік күшін жоймауы тиіс. Бірақ заң талабынан болатын тактикалық тәсілдер өте аз. Олардың көбін заң шығарушы көздемеген, сондықтан олар тергеушінің еркі бойынша қолданылады. Тактикалық тәсілдерді қолданылуы - өнегелік нормаларына сай заңға қайшы келмейтіндей болуы керек.

Тактикалық тәсілді қолдану ешқандай жағдайда тергеу әрекетіне қатысушылардың қадір-қасиетін ешкімнің қорланбауы керек, олардың өмірлеріне, денсаулығына қауіп келтірмеуі және өмірлерінің сырларын жарияламауы қажет. Қылмысты тергеу оғиға орнының, уақытының, қоршаған ортасының нақты жағдайларда, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы тұлғалардың тәртібі мен нақты өмірдің басқа да процестерімен өзара байланыста жүзеге асады. Тергеудің нәтижелілігіне тергеушіге белгісіз басқа да факторлар өз әсерін тигізеді. Ақырында бұл күрделі жүйе тергеуші әрекет жасайтын нақты жағдайды құрайды.

Қылмыскер өзінің және қылмысқа қатысушылардың әшкереленбеуі үшін қылмыс құралдарын, қаруларын, қылмысты айқындайтын іздерді, құжаттарды және қылмыстық жолмен табылған заттарды мұқият жасыруға тырысады. Ал бұл заттардың толық және дер кезінде табылуы қылмыстық іс бойынша дұрыс, яғни әділ шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Тінту тек қана жеткілікті негіздер болған жағдайда ғана прокурормен санкцияланған тергеуші немесе анықтама жүргізуші тұлғаның шығарған қаулысы бойынша жүргізіледі. Жеткілікті негіздер деп тергеу кезінде анықталған немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде алынып, кейін процессуальдық жолмен тексерілген мәліметтерді айтамыз, яғни бір адамда немесе бір жерде қылмыс қарулары мен құралдары, құжаттар, заттар мен бағалы заттар және басқа да іс бойынша маңызы бар объектілер болуы мүмкін деп ойлайтындай мәліметтер жеткілікті көлемде болғанда ғана жүргізіледі.

ҚІЖК-нің 29-тарауының 230-бабында: «Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немес құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгілі бір үй жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады» деп көрсетілген [5, 490 б. ] .

Кеңес одағының алғашқы криминалистика оқулығында тінту тергеу әрекетінің түсінігі бөлек ашылып көрсетілмеді. Тінтуді өзге тергеу әрекеттерінен, әсіресе қарау тергеу әрекетінен ажырату қиынға соқтырды. Оқулықта: «Тергелетін іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттар белгілі бір тұлғада немесе ғимаратта болуы мүмкіндігі туралы жорамалға негізді себептер болған жағдайда ғана тергеуші тінтуге кірісе алады» - деп көрсетілген [6, 541 б. ] . 1938 жылы шыққан оқулық та осындай анықтамамен шектелді [7, 92 б. ] . Кейінірек келе 60 жылдары тінту тергеу әрекетіне толықтай анықтама беріліп оның өзге тергеу әрекеттерінен айырмашылығы, ерекше белгілері сипатталып, бұл қателіктер жөнделді [8, 224 б. ] .

Тінту тергеу әрекеті өте күрделі, қиын, тыңғылықты дайындықты қажет ететін, көбінесе қайшылықты жағдайларда жүргізілетін тергеу әрекеті. Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін - деп көрсетілген Е. Жәкішевтің «Криминалистикалық тактика» - деген оқулығында. Профессор Е. Ғ. Жәкішев өзінің «Криминалистік тактика» атты оқу құралында «Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел іздестіру шаралары деп санауға болмайды. Жедел іздестіру шаралары тінту үстінде де, ал кей жағдайда тінту басталғанға дейін де жүргізіледі» - деп көрсете отырып тінту түсінігіне мынандай анықтама берген «Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті» [7, 39 б. ] .

Қандай қылмыс жасаса да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына оның ізің жасыруға әр турлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізің суытып, айғақ заттарды тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті - қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада тауып алу. Осындай айғақ заттарды тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі - тінту. Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Жанында егер істің мән жайына байланысты айғақ заттарды қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатынасы бар айғақ заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті. Кейбір авторлар қандай обьектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы: қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, тағы басқа, бұлардың бәрін іске керекті айғақ заттар деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы - осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір обьект не пәтер қаралып, айғақ заттар ізделеді.

Тінту - тергеу әрекеті болып табылады және ғимараттарды, басқа да нысандарды еріксіз түрде тексеру екендігімен, оны іске асыру барысында қылмыс құралы болып табылатын немесе қылмыстық нысан ретіндегілерді алу екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, тінтудің мақсаты, заттық дәлелдерді, мәйіттерді, тергеу мен соттан жасырынып жүрген тұлғаларды тауып және алу болып табылады.

Тінтудің көптеген басқа тергеу әрекеттерінен өзіне тән айырмашылығы, оның еріксіз жүргізу сипаты. Қажет болған жағдайда - ғимараттарға еріксіз кіру; іске мәні бар дәлелдік заттарды еріксіз тексеру және алу. Бұл әрекеттердің барлығы азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтіреді, себебі тінтілушінің жеке мүддесіне қол сұғумен байланысты болып отыр. Тағы бір ерекшелігіне: тінту тергеу әрекетін жүргізуде тінтілетін тұлға тергеушінің осы тергеу әрекетін жүргізуін қаламайды, тіпті қарсылық көрсетеді. Ал қарау кезінде жәбірленуші арыз беріп, оқиға болған жерге шақырып өз көмегін көрсетеді [10, 112 б. ] .

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке өміріне және тұрғын үйіне қол сұқпауды, хат жазысу, телефонмен сөйлесу мен телеграфтық хабарлардың қүпиялылығының сақталуын қамтамасыз етеді. Тұлғаның тұрғын үйіне оның еркінсіз ешкімнің кіруіне хақысы жоқ.

Тінту барысында қылмыстың материалдық іздерін анықтауға болады. И. М. Якимовтың көрсетуі бойынша, «интеллектуалды сипаттағы» қылмыстарды ашу барысында тінту мен тәркілеу маңызды рол атқарады, себебі тек солардың көмегімен ғана түрлі адамдар мен түрлі орындарда жатқан іске қатысты айғақтар тергеушінің қолында жинақтала алады [11, 420б. ] . Өзінің криминалистік мәніне қарай, олар кідірусіз тергеу әрекеттері болып табылады.

Тінту барысында болашақ тінтудің негізі мен қосымша мақсаттарын ұғыну, оның өткізілуінің материалдық және процессуалдық негіздерін бағалау, жоспарланған тінту жүргізілетін объект пен тұлғалар жөнінде барынша мүмкін мәліметтерді жинап алу қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, болжаулар оқиға орнын қарау нәтижелерінің; заттарды, киімдерді, құжаттарды қараудың; мәйітті қараудың; жәбірленушіні, сезіктіні, айыпталушыны куәландырудың; сарапшылар қорытындысының; жәбірленуші, куәгерлер, сезікті, айыпталушы көрсетулерінің; ресми тұлғалардың мәлімдемелерінің; жедел-іздестіру шараларының негізінде қалыптастырылады [10, 67 б. ] .

Сөйтіп, тінтуді жүргізу үшін, заттай айғақтардың нақты орында жатқандығы жөнінде тінтудің қажеттілігін дәлелдей алатын негіздер болуы тиіс.

Тінту ерекшеліктері тінту барысындағы болжаулардың біртипті болуында қамтылады, айырмашылық тек тінту барысында қандай нақты заттай айғақтардың табылуы мүмкіндігінде ғана болады;

  • мәйіт немесе мәйіт бөлшектері;
  • іздеудегі қылмыскер;
  • қылмыс құралы;
  • жәбірленушінің киімі, аяқ-киімі, құжаттары;
  • қылмыскердің киімі, аяқ-киімі;
  • ұрланған заттар мен киімдер;
  • қылмыс құрал-жабдықтары;
  • құжат түрлері (айыпкер қолжазбасының еркін үлгілері, талан-таражға салу туралы жазбалар, қылмысқа бірге қатысушыға жазған жазулары және т. б. ) ;
  • қылмыс іздері бар заттар;
  • азаматтық айналымнан алынған заттар (есірткі, психотропты, радиоактивті заттар, улы химикаттар, атыс қарулары, қару-жарақтар, суық қарулар, жарылғыш заттар мен қондырғылар және т. б. ) ;
  • құндылықтар, валюта, асыл металдар, минералдар және т. б.

Тінту барысында ізделетін нысаналардың аясы алуан түрлі және өте кең. Бұл нысаналардың сипаты қылмыс түрімен, оның жасалу тәсілімен, мақсаттарымен, қылмыс уәжімен, қылмыскердің жеке тұлғалық ерекшеліктерімен және басқа да факторлармен анықталады.

Тергеуші болжауын заттай айғақтарды анықтау арқылы жүзеге асырудың келесі салдары бар:

- сәйкестендіру сараптамасын белгілеу арқылы болжамдық болжаудың оқиғаға қатыстылығын тексеру үшін;

- тінтілетін тұлғаның іске қатыстылығын көрсетеді (мысалы, жәбірленушінің жеке заттарының немесе ұрланған заттардың және т. б. табылуы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі материалдарды табу
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Тінтудің міндеттері
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Тергеу барысындағы тергеушінің кәсіби шеберлігі
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Тергеушінің жедел - іздестіру органының қызметін пайдалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz